Корреспондентті шоттар - банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын банктер мен ұйымдардың банктік шоттары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

мазмұны

кіріспе . . . 3

I Ақша қаражаттарының сипатымен есеп айырысу нысандары . . . 5

II есеп айырысудан қолма-қол ақшасыз нысаны

2. 1 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу . . . 12

2. 2 Төлем талаптармен есеп айырысу . . . 14

2. 3 Есеп айырысудың акредитивтік нысаны . . . 16

  1. 2. 4 Инкассалық өкімдермен есеп айырысу . . . 182. 5 Чектермен есеп айырысу . . . 192. 6 Вексельдермен операциялар . . . … . . . 322. 7 Банктік карточкалармен есеп айырысу . . . 38III қОЛМА - ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ . . . 40

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 41

ҚОСЫМШАЛАР . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

Кіріспе

Қазіргі таңда нарықтық экономиканың кең етек алуына байланысты, экономикалық іс-шараларға көшу ретінде кәсіпорынның көптеген түрлері қалыптасуда. Мысалы: жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық бірлестіктер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және тағы басқалары. Әртүрлі кәсіпорынның түрлері өзара қарым-қатынас жасап қызметтер көрсетумен, жұмыстарды орындау міндеттерін өз жауапкершілігіне алып тұтынушылардың игілігін қамтамасыз ету үшін өнімді шығарады, сонымен қатар заңды дербестік құқығын сақтай отырып табыс табуға тырысады. Барлық шаруашылық жүргізуші субьектілерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе қызмет көрсетіп жабдықтаушы ретінде болатын болса, екішіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады. Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбіне қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Шаруашылық мекемелердің басқа суьектілерге төлемдер, әдетте есеп айырысу банктері арқылы ақша аудару жолымен жүргізіледі. Ал шаруашылық жүргізуші субьектілердің барлығы да өз қаражатын банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды.

Қатар қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы ақша аударым процесін жүргізеді. Бұл есеп айырысу түрінде колданылатын негізгі төлем құжаттарының нысандары: төлем талаптарын төлем тапсырыстары, чектер, вексельдер, акредетивтер, салық кызметінің инкоссалық нұсқаулары, кеден органдарының инкоссалық нұсқаулары.

Курстық жұмыстың мақсаты: қолма-қол. ақшасыз есеп айырысу және оның нысандары арқылы есеп айырысу жолдарын кең ауқымда, жан -жақты қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеті: қарастырылып отырған қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жайлы мәліметтерді талқылау.

I. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ СИПАТЫ ЕСЕП АЙЫРЫСУ НЫСАНДАРЫ

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі мәмлелер тұрақты түрде жасалып отырады. Есептеу 2 нысанда жүргізіледі:

1. Банк жүйесі арқылы қолма қол -ақшасыз аудару жолымен.

2. Қолма -қол ақшамен төлеу түрінде.

Қолма қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының 1998 ж. 29 маусымдағы №237-1 «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2000 ж. 25 сәуірдегі №179 «Қазақстан Республикасы территориясында төлемдік құжаттарды қолдану мен қолма қол ақшасыз төлемдер мен аударымдарды атқару ережелері» атты қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы территориясындагы банктік шот ашпай, қолма қол ақшасыз төлем мен ақша аударымдарын атқару Ережелерін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2000ж. 25 қарашадағы №433 «Клиенттер мен оған қызмет ететін банк арасында қолма қол ақшасыз төлем жүргізу Ережелерін бекіту туралы» атты қаулысына сәйкес жүзеге асады»1.

Кәсіпорын және ұйымдардың ақшалай қаражаты банкте олардың қызмет сипатына сәйкес ағымды және есеп айырысу шоттарында сақталады. Шаруашылық қызмет үрдісінде субъектілер арасында анықталған талаптар мен міндеттемелер пайда болады, оларды реттеу үшін төлем жүйесін ұйымдастыру үшін қажет. Бұл кезде төлем борышқордың өз міндеттемелерін орындау үрдісі болып табылады, ол оның соңғы кезеңі - есеп айырысу.

Банктік шот - бұл банк тәжірибесінде қалыптасқан іскерлік қатынас салтында қолданылатын заңдылықтар мен келісімшарттарда қарастырылған, клиентке банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты депозитті қабылдау және банктік операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісімшарттың қатынасты бейнелеу әдісі.

Клиенттің есеп айырысу шоты банктік шот келісіміне немесе есеп айырысу - кассалық қызмет келісімшартына сәйкес жүргізіледі. Келісім клиенттің шот ашуға жазған өтініші негізінде жасалады. Осы келісімшартқа сәйкес банк клиентке есеп айырысу және басқа да шоттарды ашады, оған түскен қаржыны есепке алады, клиенттен қолма қол ақша қабылдайды, босатады, қалдықты сақтағаны үшін пайыз төлейді және шот бойынша басқа да операцияларды жүргізеді.

Банктік келісімшарттың негізгі деректемелері келесілер: Келісім мәні; салық төлеушінің тіркеу номері көрсетілген салық қызметі органдарын. да есепке тұрғандығын куәландыратын құжат; банктегі ақшалай қаражатты қолдану тәртібі, сондай - ақ банк көрсететін қызмет пен оны төлеу тәртібі. Банктік келісімшарттың екі тарап келісетін басқа да шарттарды қарастыруы мүмкін.

Банктік шот ашу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

- клиенттің салық есебіне тұрғандығын растайтын салық қызметі берген құжаттың түпнұсқасы;

- мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын құжат көшірмесі;

- жарғының нотариалды бекітілген көшірмесі, ал оқшауланған бөлімшелер үшін - бекітілген ереженің көшірмесі;

- қол қойылып, мөр басылған карточка үлгісі.

Бұл кезде бір данасы банктің операциялық қызметтерінде, ал екінші данасы банк клиентінің іс құжатында сақталуы тиіс.

Банктер теңге және шетел валютасында шот ашуға, жүргізуге құқылы, олар:ағымды, жинақтық және байланыстырма (корреспонденттік) шоттарға бөлінеді. Ағымдық және жинақ шоттары - жеке және заңды тұлғалардың заңды тұлғалардың жекелеген бөлімшелерінің банктік шоттары. Корреспондентті шоттар - банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын банктер мен ұйымдардың банктік шоттары. Егер клиент банкте бірнеше шот ашқысы келсе және егер банктік алғашқы шот ашылған банкте немесе филиалында ашылса, сондай-ақ құжаттарының толық бар екендігі туралы бекітімі бар болса, онда банк құжаттарды қайта талап етпеуі мүмкін.

Ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарда ашқан кезде банк клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға тиісті ақша сомасын аудару (беру) туралы ұйғарымын орындауға және банктік шот шартында қарастырылған (ҚР АК 747 бап) басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді. Ағымдағы шотқа оның иесіне тиесілі төлемдерінің негізгі массасы - тауарларды қызметте көрсетулерді, материалдық құндылықтарды өткізуден түскен түсімдер, банкте несие алу және т. б. түседі.

Ағымдағы шоттан жабдықтаушылардың алынған тауарлық-материалдық қорлар үшін қойған шоттары төленеді, бюджеттен есеп айырысулар, еңбекақы, зейнетақыға, жәрдемақыға және шаруашылық қажеттіліктерге қолма-қол ақша беру жүргізіледі. Ағымдағы шотқа соманы есептеп жазу немесе есептен шығару жөніндегі операцияларды шоттың жазбаша өнімі негізінде ақшамен олардың келісімімен, шаруашылық істері жөніндегі алқаның, соттардың, салық және қаржы органдарының шешімі бойынша даусыз тәртіппен өндірілетін төлемдерден басқасы, жүргізіледі. Ағымдық шоттағы қаражат жеткіліксіз немесе мерзімінде төленбеген барлық құжаттар қаржы түскен мүмкіндігіне қалай төленеді.

Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды немесе жеке тұлғаға шот ашқан жағдайда, банк салық қызметін 3 жұмыс күні ішінде хабардар етуі тиіс. Қазіргі кезде екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік операцияларды өткізетін ұйымдар қолма -қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын клиентке банктік шот ашпастан жүргізе алады. 2000 жылы 13 қазанда қабылданған №395 Қазақстан Республикасы аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдер мен аударымдар жасау ережесінде көрсетілген, банктік шот ашпай жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдарына, ақша жіберуші мен бенефициардың банктік шоттарды қолданбай, ақша аударымы үшін қолма- қол ақша енгізіп және жіберуші көрсеткен бенефициар есебіне қолма-қол ақшасыз тәртіппен немесе банктік шотқа қатыссыз бенефициардың қолма-қол ақшаны алуы саналады.

Заңды тұлғалар мен оның бөлімшелерінің қолма-қол ақшасыз төлемі міндетті төлемдерді, сондайақ зейнетақы жарнасын төленгеннен соң жүргізіледі.

Есеп айырысу шоты арқылы жүргізілген операциялар бойынша банк клиентке шот көшірмесін ұсынады. Есеп айырысу шотынан көшірме келесі деректемелерден тұрады: клиент аты, есеп айырысу шотының нөмері, құжат нөмірі, соңғы операция датасы, корреспонденттік шот нөмері, сомасы. Көшірмеде берілген жазба бойынша тиісті құжаттар ұсынылады. Көшірме клиентке сенімхат негізінде беріледі

Банктік шот ашпастан жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлем және ақша аударымдарына, қолма-қол ақша қабылдауға негіз болатын түбіртек, қолма-қол жарнаға хабарландыру, хабарлама шоттар және басқа да құжаттар қолданылады. Аталған құжаттар төлем құжаттары немесе төлем хабарламалары болып табылады. Олар банкке банк бекіткен операциялық күн ағымында қабылданады және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген төлем хабарламасының нысаны болмаса, алушы-банк бекіткен немесе іскерлік қатынаста қалыптасқан нысанда қабылданады.

Төлем хабарламаларында міндетті түрде келесі деректемелер болуы қажет:

- төлем хабарламасының аты;

- төлем хабарламасының нөмірі, күні, айы, жылы;

- ақша жөнелтуші және бенефициар жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе ақша жөнелтуші және бенефициар заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық қоса алғандағы толық атауы;

- ақша жөнелтушің немесе бенефициардың дербес сәйкестендірілген коды. Жеке тұлғаның дербес сәйкестендірілген коды болмаған жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжат деректері, сондай-ақ пошталық мекен-жайы (елі, қаласы, индексі, көшесі, үй жән пәтер нөмері) көрсетіледі;

- банк, жөнелтуші және бенефициар банктің ұйымдастыру құқылық нысандарын қоса толық атауы, олардың сәйкестендірілген коды;

- ақша жөнелтуші коды - «Код», бенефициар коды- «КБЕ», төлем тағайындауы және оның Қазақтан Республикасының Ұлттық банкі нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген қодтық белгілеуі ;

- санмен және сөзбен көретілген төлем сомасы;

- салық төлеушінің тіркеу нөмері (СТН), егер ақша жөнелтуші немесе бенефициардың дербес сәйкестендірілген коды көрсетілместен аудару жасалатын болса;

- егер жөнелтуші заңды тұлға болса, оның қоры;

Қазақстан Республикасының заңдылығында қарастырылған басқа да деректемелер. Алушы - банк ақша жөнелтушіден төлем хабарламасын алады және оны акцептейді. Төлем хабарламасын алу кезінде алушы-банк жөнелтушіге қолма-қол ақшаны қабылдағаны туралы тиісті бекітімді береді. Төлем хабарламасын акцептей отырып, алушы- банк бенефициар есебіне ақша аударымдарын жүзеге асыруға міндеттіме қабылдайды, алушы-банк оны Қазақстан Республикасының заң актілері белгілеген мерзімде орындайды. Банктік шот ашпастан орындалған клиенттік төлемдер мен ақша аударымдары бойынша банк комиссиялық сыйақы ұстайды. Егер бұл алушы-банк пен ақша жөнелтуші арасындағы келісімде қарастырылмаса, сыйақы еш уақытта төлем сомасынан ұсталмайды.

Банк ақша жөнелтушіден келесі жағдайларда төлем хабарламаларын қабылдаудан бас тартуы мүмкін:

- төлем хабарламасы нағыз ережені және ақша аударымы келісімінің бекітілген шарттары мен талаптарынан бұрмаланып толтырылса және ұсынылса;

- аударымды жүзеге асыруға қажетті ақша сомасы жөнелтуші қолында болмаса;

- төлем хабарламасында санмен және сөзбен көрсетілген соманың банкпен сәйкессіздігі анықталса;

- Қазақстан Республикасының бекітілген ережелері және ақша аударымы туралы келісімшарттарының талаптары орындалмаған болса.

Банктік шотты ашпастан ақша аударымын жасау үшін алушы банк және жөнелтуші ақша аударымы туралы келісім жасайды. Сондықтан бір тарап (алушы банк) екінші тараптың тапсырысы бойынша (ақша жөнелтушінің) оған дербес сәскестендірілген код белгілеместен үшінші тарапқа ақша аударымын жүргізеді. Келісімде қатысушы тараптар аударымды жүзеге асыру тәртібін, соның ішінде комиссиялық сыйақы алу ретін және өз құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктекрін келісуі тиіс. Сондай ақ банк ақша жөнелтушіні төлемдерді жүзеге асыру тәртібімен және осы қызметті көрсеткені үшін алынатын өзіндік тарифтерімен таныстыруы тиіс.

Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банк шоттары бойынша шығын операциялары осындай құқыққа ие өкілетті ұйымдардың шешімі негізінде тоқтатылады.

Банктік шоттың жабылуы клиенттің шотты жабу себебін көрсеткен өтініші негізінде жүзеге асырылады. Егер банк клиенті - заңды тұлға таратылып немесе қайта құрылса, шотта бір жылдан аса мерзімде қаржысы болмаса, ал жеке тұлғаларда- үш жылдан аса, онда орындалмаған талаптар бойынша шотты жабуға тоқтау жасалады. Банк кәсіпкерлік қызметті жүргізуші заңды немесе жеке тұлғаның банктік шотының жабылғандығы туралы 10 күн мерзімде салық қызметінің тиісті органдарын жазбаша хабардар етуі тиіс.

Банк аударым операцияларының үлкен көлемін жүзеге асырады, яғни заңды және жеке тұлғалардың қаржы аударымын жүзеге асыру тапсырыстарын орындау бойынша операциялар.

Аударым операцияларын жүзеге асыру үшін банкте төлеуші мен алушы арасындағы есеп айырысудың келесі нысандары қолданылады:

1. Төлем тапсырмаларымен.

2. Чектермен

3. Вексельдермен

4. Төлемдік талап-тапсырмаларымен.

5. Аккредитивтермен.

6. Инкассолық өкімдермен.

7. Банктік карточкалармен

2. Есеп айырысудың қолма - қол ақшасыз түрі

2. 1. Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу

Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу дегеніміз - ақша жіберушінің тапсырмада көрсетілген сомада бенефициар (ақшалай қаражатты алушы) пайдасына ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы-банкке тапсырмалары.

Ақша жіберуші қызмет көрсететін алушы-банкке белгіленген формадағы бланкпен төлем тапсырмасын ұсынады.

Ақша жіберуші «төлем белгілеуі» жолында атауды, негізінде ақша аудару атқарылатын құжаттың нөмірі мен ай-күн, жылын, сондай-ақ «Төлем белгілеуінің коды» жолында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2000 ж. 16 мамырындағы №195 қаулысына сай - төлемнің кодтық белгілерін көрсетуге міндеттелінеді2.

Сонымен қатар, төлем тапсырмаларына деректемелерді толтырғанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 1999 ж. 15 қарашадағы №388 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышын - төлем белгілеудегі біріңғай сыныптауышты қолдану ережелері» атты қаулысын басшылыққа алған жөн.

Төлем белгілеудегі біріңғай жіктеуді кодтау құрылымы цифрлық және әріптік рәміздер жүйесінің көмегімен құрылған.

І-ақша жіберушінің резиденттік белгісі (резидент - Қазақстан Республикасында мекен-тұрағы бар немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңдық және жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары тұратын дипломатиялық, сауда және басқа ресми өкілдіктер, резидент емес - Қазақстан Республикасындағы немесе одан тыс жерлердегі барлық заңдық және жеке тұлғалар, сондай-ақ «резидент» түсінігінде көрсетілмеген филиалдар мен өкілдіктер) ;

ІІ-ақша жіберушінің экономика секторы;

ІІІ-бенефициардың резиденттік белгісі;

ІV-бенефициар экономикасы секторы;

V, VI, VII-валюта мен бағалы металдардың коды;

VII-операция түрлері;

VIII-төлемдерді нақтылау.

ТББС (төлем белгілерін біріңғай сыныптауыш) қойғаны үшін жауапкершілікті төлем бастаушысы көтереді.

Жоғарыда аталған құжаттарға сәйкес төлем тапсырмасында Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сай анықталған резиденттіктің белгісі көрсетіледі және мынандай тәртіппен қойылады:

«1»-резидент

«2»- резидент емес.

Сонымен қатар субъектінің ұйымдастыру түрінде (мемлекеттік, мемлекеттік емес) ; қаржыландыру көзіне (республикалық бюджет, жергілікті бюджет, өзін-өзін қаржыландыру) ; қызметтің негізгі түріне (өндірістік, қоғамдық іс-әрекет, қаржылық немесе қаржылық емес қызмет көрсету) байланысты көрсетіледі. (ҚОСЫМША А)

Валюта кодтары тек қана шетелдік валютамен ақша аудару туралы өтініште көрсетіледі және ақ шетінде халықаралық стандарттарға сәйкес «Валюта» деп қойылады (SWIFT) .

Тапсырмалар тауарлық емес есептеулер немесе көрсетілген қызметпен жұмыстарға алдын ала төлеу бойынша операциялар жүргізе алады.

Бенефициар-резидент емес пайдасына ақша аударған кезде, банк ақша жіберуші болған жағдайларды есептемегенде, ақша жіберуші қызмет көрсететін банк-алушыға белгіленген формадағы бланкпен ақша аудару туралы өтінішті ұсынады.

Мұндай өтініш қызмет көрсететін банк-алушыға ақша жіберушінің ақша аудару туралы төлем тапсырмасы болып табылады.

Төлем тапсырмасы ақша аудару өтінішті банк жазылған ай-күн, жылы, көрсетілуімен он күнтізбелік күн ішінде қабылдайды. Сонымен қатар төлем құжаттарына төлем негізділігін растайтын құжаттар тіркеледі.

2. 2. Төлем талаптарымен есеп айырысу

Төлемдік талаптар-тапсырмалармен есеп айырысуда бенефициар банкке тиелген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін төлеу туралы ақша жіберушіге талабы бар, көрсетілген талапты растайтын құжаттар негізінде ұсынылатын есептік құжат береді. Бенефициар бенефицардың банкінісіне төлем талап-тапсырмаларын және төлем талап-тапсырмалары тізілімін ұсынады, ол бенифициардың барлық деректемелерін толық толтырылуын тексеріп, оны ақша жіберушінің банкісіне жөнелтеді.

Бұл есеп айырысулар төлеушінің акцепті бойынша немесе акцепсіз атқарылады. Төлемдік талап-тапсырмасын төлеуші толығымен немесе бөліп төлеуге қарсылығын оған қызмет көрсететін банк төлемдік талап-тапсырма алғаннан бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды. Төлеуге немесе төлеуші алған төлемдік-тапсырмасын тиісті қолдар қойылған, мөр бедерлемесімен барлық данада рәсімдейді, оны қызмет көрсететін банкке тапсырады. Инкассолық өнім ақша өндіру туралы сот шешімдері, үкімдері, белгілеулері мен қаулылары немесе сот бұйрығы бойынша берілетін орындау қағазының түпнұсқаулары тіркеліп, заңнамалық актілерге қарастырылған жағдайларда, осы өндірудің негізділігін растайтын көшірмелерді қосып, сондай-ақ салық пен кеден қызметі органдарының инкассолық өкімдері, оларға растаушы құжаттар тіркелмейді, бюджеттік сыныптауыш код пен операция түрі көрсетіледі, ақша жіберушінің келісімінсіз банк шоттарынан ақы алу үшін қолданылады.

Инкассолық өнім ақша жіберушінің банкісіне үш дана болып, ал бенефициар банкіне-төрт данамен ұсынылады.

Аккредетив дегеніміз - шарт бойынша контрагенттің пайдасына клиенттің тапсырмасымен берілетін банк шартты ақшалай міндеттемесі, ол бойынша аккредитив ашқан банк көрсетілген бенефициармен төлем жасайды немесе аккредитивте көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда немесе аккредетивтің басқа шарттарын орындағанда басқа банкке мұндай төлемдерді атқаруға өкілеттілік беру.

Банк Заңды тұлғалармен келісім бойынша белгіленген мерзімде немесе күнделікті оған үзінді көшірме, яғни банк шотындағы ақшалай қаражаттардың қозғалысы жөнінде жазылған жазбалардың көшірмесін береді. Үзінді көшірмелерде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің 22. 07. 04 №102 «Клиенттің шотынан алынатын үзінді көшірменің оның банктік шоты бойынша ақша қозғалысы жайлы үзінді-көшірме мазмұнында болуға тиісті мәліметтерді белгілеу туралы» қаулысымен берілген деректемелер болуы керек. Мұнда негізіне сүйеніп, ақшалай қаражаттың есепке алынғаны немесе есептен шығарылған құжат нөмірлері көрсетіледі. Банк ақшалай - есеп қаражаттарын өзі жүргізген банк шоттары операцияарын дәлелдеу үшін үзінді көшірмеде көрсетілген сомалардың дұрыстығын тексереді және қате табылса, бұл жайында бірден банкке хабарлайды. Даулы сомаға заңдар мен банктік қызмет туралы шартпен белгіленген мерзімде наразылық білдіруге болады.

Банктік шоттардағы ақшалай қаражатты есептеу үшін субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметі шоттарының Үлгі жоспарының 4 бөлігі шоты арналған. Ағымдық шоттағы операцияны көрсету үшін 1030 «Ағымдық, корреспондеттік шоттардағы ұлттық валюта ақша» шоты қолданылады. Бұл шоттың дебеті бойынша ақшалай қаражаттың түсуі, ал кредит бойынша - азаюы көрсетіледі. Банктің ақтаушы құжаттармен тіркелген үзінді көшірмелері есеп шот бойынша жазбаға негіз болады. Үзінді көшірмелердің 1030 шот кредиті бойынша №2 журнал-ордерге 1030 шот дебеті бойынша әр түрлі журнал-ордерлерде көрсетіледі. Алайда, есептің дәл болу маңызын және бақылау қажеттілігін ескере отырып, №2 журнал-ордерге қосымша №2 тізімдеме жүргізіледі, онда 1030 дебетіне жатқызылған барлық сома есептелінеді. Банктің үзінді көшірмелері тексеріледі және өнделеді, яғни сомалармен қатар шот корреспонденциялары жасалады.

Есеп шотта деп саналатын ақшалай қаражатты сақтау мен пайдаланудан басқа заңдық тұлғалар банктерде арнайы шоттарды қаржы ұстайды. Бұл қаражатты есептеу үшін 42 «Ақша қаражаттарының банктегі арнай шоты» қарастырған. Бұл шоттың бөлімшелері - нақты ақша қаражаттарының халықтық және шетелдік ақпараттарды қамту үшін қызмет етеді.

1060 «Аккредетивті ақша»

1040 «Карт-шоттардағы ақша»

2. 3. Есеп айырысудың аккредитивтік нысаны

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептің концепциясы
Коммерциялық банктің табысы және шығысы
Валюталық шоттар
Валюталық және бағалы қағаздар операциялары жөнінде түсінік
Банкаралық корреспонденттік қатынастар
Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары
Банкаралық корреспонденттік қатынастардың мәні
Банкаралық несиелеу
Активті және пассивті шоттар
Ақшалай қаражаттар және олардың элементтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz