Шиеленістің қатысушылары


Мазмұны
Кіріспе2-3
Негізгі бөлім.
1. Шиеленістердің теориялық аспектілері. 4-11
2. Педагогикалық ұжымдағы шиеленістердін түрі. 12-19
3. Педагогикалық шиеліністерді жіктеу мәселелері. 20-25
4. Мектептегі шиеленістердің туу себептері, оларды
анықтау жолдары. 25-31
5. Мұғалімнің шиеленіс жағдайдың дұрыс шешу үшін берілетін ақыл-кенестер. 31-34
Қорытынды: 35
Қолданған әдебиеттер тізімі36
Кіріспе.
Бірде бір шиеленіс кенеттен, қапыда бірден пайда болмайды. Ауру дертіне ұқсас шиеленудің себеп -салдары бар. Ол ешқашан жалғыз жүрмейді.
Шиеленіс мәселесі көп қырлы болғандықтан, кикілжің байланыс қатысушыларының әр біреуінің өз «шыңдығы» болады.
Бүгінгі қоғамдағы әр түрлі бетбұрыстар, құбылмалы табиғат өзгерісі, адамдардың бір-біріне деген қастық көзқарастары, қаталдық пен дөрекіліктің ұдайылауына әкеліп соғады. Және де тәрбиеге деген көзқарас, тиым, тәлім -тәрбие құндылықтарындағы өзгерістер де бүгінгі жастарда теріс мінез-құлқты қалыптастырып, агрессия тудырады. Бұл мәселе мектеп іргесіне нұсқан тигізіп, ақырғы кездерде педагогикалық ұжымдағы шиеленіс жиі құбылысқа ауысып келеді. Бұл қайшылықтарға мектеп мүшелерінің социумдары да араласуы шарт: педагогтар, ата-аналар, оқушылар.
Мұндай жағдайда өңделген байланыстардың бұзылуы жиі кездеседі.
Қазірге кезде, ұжымдық жағдай ғана ғылым, техника нәтижесін анықтайтын болғандықтан, ұжымда жарасымды ахуал жасай алатын шеберлігі бар адам қажетті. Әрине, педагогикалық ұжымның мүшелерінің әр қайсысы әлеуметтік-психологиялық ахуалдың сәттілігіне ықпал ете алады да және ете алуға міндетті деп санаймын. Сонда ғана педагогикалық ұжым тұлға қалыптастырудағы зор маңызды құрал бола алады.
Шиеленістердің нұсқан келтіретін салдарын жеңе алу үшін, оны нәтижесі тыстай өте білуге үйренген дұрыс. Ал ол үшін ұжым жарасымды сәтті әлеумекттік-психологиялық ахуал мен жоғары дамыған деңгейде болу керек.
Осы тақырыпты таңдап алу көкейкестілігіне байланысты келесі болжам қойдым: педагогикалық ұжымда жарасымды сәтті әлеуметтік-психологиялық ахуал жоғары болған сайын, шиеленіс деңгейі төмендей түседі деген.
Осы болжамға байланысты зерттеу мендеттері мынадай:
Еліміздің психологтары еңбектерінде нақты мәселенің терең теориялық мазмұны қарастырылған жақсы педагогтарымыз ұжымда өмір салтын ұйымдастыра отырып әрқашан психологииялық үилесімділікте ескеріп отырған мысалы, А. С. Макаренко өзінің белсенділер мүшелерінде, адамды айыра отыру іскерлігін жоғары бағалаған В. А. Сухамлинский әрқашан, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыра отырып жекелену мен қарым-қатынас байлығын ескеруді көсеткен.
Ол үйде демалып болғаннан соң таза ауда жиналыс жүргізгенді жөн деп санаған. Жиналыс жүргізу өте тиімді, ауада, ауыр жұмыстан соң, деп санаған, және өткізудің орны - сынып немесе бау-бақша болғаны дұрыс деген. Негізгі мажарлы жағдай сипатында болу үшін А. С. Макаренко келесі белгілерді көрсеткен.
1. Ішкі сенімді байсалдық, көңілдің тұрақтылығы, әрекетке деген дайындық көрінісі. Ұжымның әрбір мүшесі өзін сыйлау сезімі болып, өзінің ұжымға деген мақтаныш тұтуы.
2. Ұжымның бірлігі, оның мүшелерінің тату-бірлестігі.
3. Ұжым мүшелерінің әр қайсысында санаы және пайдалы белсенділігі.
4. Ұжымның әрбір мүшелерінде қорғану сезімі.
5. Сөзі мен ісінде ұстамдылық іскерлігі. Осы мәселені ғылыми маңызы мен қатар зерттей отырып, практикалық та қызығушылық тудырады, яғни түбінде балаларды тиімді оқытудың ұйымдастыруға байланыстьы көптеген педагогикалық сауалдарды шешуге көзделген.
Осы нақты мәселені қарастыруда алынған нәтижелер, шиеленіс жағдаяттар туған кездерде педагогтарға анық бағыттануына көмек береді деп есептеймін.
Зерттеу мақсаты: Ұжымда шиеленістердің болу себептерін, дұрыс
Шешілу жолдарын көрсету.
Міндеттері:
- Педагогикалық шиеленістерде психологиялық көмек көрсету жолдары туралы ғылыми-теориялық әдебиеттермен танысу, саралау.
- Шиеленістердің болу себептерін анықтау.
- Педагогикалық шиеленістерде көмек көрсету жолдарын белгілеу.
Зерттеу объектісі: Педагогикалық ұжымдағы шиеленістер.
Зерттеу пәні: Шиеленістерді анықтау, көмек көрсету жолдары.
Ғылыми болжам: Педагогикалық ұжымдағы шиеленістердің дұрыс анықталып, шешілу жолдары белгіленсе. Ұжымда жақсы психологиялық ахуал тудыруға болады
Негізгі бөлім.
1. Шиеленістердің теориялық аспектілері .
Шиеленістік латын тілінен аударғанда соқтығысу деген мағынаны көрсетеді, яғни оны субъектілердің өзара байланыстары немесе оппоненттердің көзқарастарында, пікірлерінде, позицияларында, мүдделерінде және мақсаттарында келіспеушілік негізінде қарама-қайшылықтардың соқтығысуы деп түсіндіріледі. Қандай да болмасын дау- дамай негізінде себепке байланысты екі жақтың позициясын немесе жағдайын шешетін құрал не мақсаттарындағы қарама-қайшылықтар болатын жағдай болады. Сонымен, шиеленістік жағдай ол, қайшылықтар туғызатын субъектілер арасындағы объект деп те айтуға болады. Бірақ дау-дамайдың дамуы үшін бір жақ екінші жақтың мүдделерін табанға басатын оқиға (инцидент) қажет. Шиеленістерді дау-дамай жағдайдан айыру үшін мына формуланы білген дұрыс:
Шиеленістік =мәселе+дау-дамайлы жағдай+дауға қатысушылар+оқиға.
Оқиға дегеніміз дау-дамай жағдайдың қатысушыларының әрекеті немесе әрекет жиынтығы.
Дау-дамай жағдайға қатысушылар болып тікелей таласқа түсетін (топ, адам, ұжым, ұйым, мемлекет) субъктілер жатады.
Дау-дамай жағдай дегеніміз ол екі немесе бірнеше қатысушылардың жасырын немесе айқын тайталас жағыдайы, осы соқтығыстың қатысушыларының жеке басына маңызы зор, яғни әр біреуінің мәселені шешетіндей мақсаты, түрткісі, құралы немесе тісілдері болады.
Шиеленістік дегеніміз қарама-қайшылықтардың күрт асқыну процесі және оған қатысушылардың жеке бастарының мәселені шешудегі күресі.
Қазіргі психологияда шиеленстіктерді талдай отырып оның 4 категориясын көрсетеді:
1. Шиеленістің құрылымы.
Шиеленістіктің құрылымының әр қилы ұғымдары бар. Ол келесілері: Шиеленістік немесе дау-дамайға қатысушылар, оның өту жағдайы, жағдайдың бейнесі, қатысушылардың мүмкін болар әрекеттері, шиеленістік әрекеттін нәтижесі.
Шиеленістердің әрбір жақтарын қарастыра отырып оның келесі түрлерін анықтаймыз:
- тұлға қайшылығы (шиеленісі), бұл дегеніміз тұлғаның түрткілерінің, тілектерінің, мүдделерінің бір деңгейдегі күресі.
- тұлғааралық қайшылықтар ол, екі немесе бірнеше адамдардың арасындағы болатын тайталас.
- тұлға-топтық қайшылықтар-тұлғаның мінез-құлқы топтық ережеге сыймағандықтан пайда болады.
- топаралық қайшылықтар - әртүрлі топтардың арасындағы соқтығыстар.
Қандай да болмасын келісімге келмеушілік, кикілжін туғызатын сыртқы ортамен анықталады.
Шиеленістердің негізгі өту жағдайы:
- кеңістік-уақыттық. қарама-қайшылықтардың жүзеге асу орны мен мерзім уақыты;
- әлеуметтік-психологиялық: шиеленіскен топтағы ахуал және қарым-қатынас деңгейі мен түрі;
- әлеуметтік: әртүрлі топтардың (жыныстық, отбасылық, мамандық, этникалық және ұлттық) мүдделердің қарама-қайшылыққа түсуі.
Шиеленіс пәнінің сипаты:
- ол жабдықты және психологиялық болып келеді
- дауға қатысушылар үшін ол өте маңызды болады, әрине көп жағдайда оның маңыздылығы себепке байланысты
- дау пәні мінез-құлқыны анықтайтын деректің бірі болып келеді.
Шиеленістер динамикасы
Шиеленіс динамикасы немесе ол процесс ретінде жүзеге асады, оның дамуында жеті саты бар:
1. дау алды сатысы - мүдделердің соқтығысуы мүмкін жағдайдың пайда болуымен байланысты. Бұл жағдайға жатады:
а) бірінің алдында бірі жауапты емес санайтын ұжымның немесе топтың ұзақ уақыт шиелініссіз жағдайы болғанымен ертелі кеш кінәліні іздеуді тілейді.
б) тұрақты стреске қажуының негізінде жүйке тозады, ашуланшақтық және болар болмас іске теріс жауап қайтаруға әкеледі.
в) ақпараттық-сенсорлы тапшылық деп тіршілікке қажетті ақпараттардың жетіспеуі, ұзақ мерзімді қатты әсерлердің болмауы, міне осылардың негізінде күндегілік тұрмыстық жағдайда эмоциялық қажуға әкеліп соғады. Қажет ақпараттардың кемістігі әйгілі қоғамда сөз, өсек пайда боуына түрткі болады, мазасыздану туғызады (жеткіншектерде нашақорлық сияқты рок-музыкаға әуес болу) .
г) әртүрлі қабілет, мүмкіншілік, өмір жағдайы-осыларды барлығысы табысты, қабілетті адамға деген қызғаныш тудырады. Ең негізгісі, қандай да болмасын сыныпта, топта, ұжымда ешқайсысы өзін «екінші сорттағы» адам болып сезінбеуі қажет.
2 . Шиеленістің пайда болу сатысы деп әртүрлі адамдар тобының немесе жеке адамның мүдделерінің соқтығысуы. Ол үш негізгі формада болады:
а) басқа берулердің қазығушылықтарың аяққа басып қанағаттанудағы ережедегі (принципті) қақтығысу.
б) адам арасындағы қатынастарына байланысты, бірақ өмір жабдықты, рухани және тағы басқа қажеттіліктеріне жер етпейтін қақтығыс.
в) мүдделерінің соқтығысуы жайлі көрініс болғанымен, ұжым мүшелерінің, адамдардың қызуғыларына нұсқан тигізбейтін жалған қақтығыс.
3. Шиеленістіктің жетілу сатысы - мүдделерінің соқтығысуы күмәнсіз. Бұл сатыда дамып келе жатқан даудың қатысушыларында психологиялық тұрақталу қалыптасады, тікелей айтқанда, қолайсыз жағдайдың титығын шешу үшін санаға кірмейтін әрекет жасауға дайындық. Психологиялық қауырт жағдайы жағымсыз жабығу «шегінуге » немесе «шабыулға» шығуга түрткі болады. Жетіліп келе жатқан даудың боларын қатысушыларға қарағанда, қоршаған адамдар жылдам ұғады, яғни оларды тәуелсіз бақылаудан және субъективті бағалау пікірінен тәуелсіз болғандықтарына байланысты.
4. Шиеленісті түсіну сатысы - дауласқан жақтар мүдделерінің соқтығысын сезіп қана қоймай түсіне де бастайды. Бұнда бірнеше нұсқа болуы мүмкін:
- қатысушылардың екеуі де дау-дамайлы қатынастың мақсатсыз екені туралы қорытындыға келеді және бірін біріне деген наразылық білдірулерін қоядан бас тартуға дайындалады.
- қатысушының біреуі жанжалдың шарасыз болмай қалмауын ұғынады және барлық жағдайды таразылап жол беруге бел буу; екінші қатысушы әрі қарай шиеленіске түседі және басқа жағынан алсақ қарсыластарының көнулерін әлсіздік деп ұғынады.
- қатысушылардың екеуі де қарама-қайшылықтарында бір келісімге келмеушіліктері туралы қорытынды жасап, әрқайсысы өз пайдасы үшін шиеленісті шешуге күштерін жұмылдыра баспайды.
Әдетте шиеленістің екі қызметі анықталады: деструктивті және конструктивті. Шын шиеленістің қызметін анықтау үшін олардың нақты жолдарын қарастырған қажет, яғни бір жағдайда қайшылық деструктивті болса келесі жағдайда ол конструктивті болып келуі мүмкін, даму сатысындағы бір жағдайда теріс роль атқарса, нақты бір жағдайда жағымды роль атқаруы шарт.
Конструктивті шиеленіс оппоненттердің әдеп ережесінен, іскерлі қатынастардан және ақылды аргументтерден шет кетпеу жағдайында туындайды.
Деструктивті шиеленіс екі жағдайды қарастырады: бұнда бірінші жақ өздерінің талаптарынан және өздерінің позицияларынан қайтпайды өздегендеріне қатал түрде көндіру және келесі жақтың мүдделерімен, тілектерімен санаспау кіреді; бұнда бір оппонент күрес барысында серіктесіне адамгершілік титығына тиеді, қорлап басын жерге кіргізу әдістерін қолданады.
Конструктивті шиелеістің оң шешілуі, ол осыған әкеліп соққан себептерді, кемшіліктерді жою болып табылады. Ал бұл себептер объективтіге жатады (мысалы, жұмыс жағдайының сәтсіздігі. Еңбек ақы төлеу жүйесінің жетілмеуі, еңбекті ұйымдастыру тәртіпсіздігі, жұмыс ырғағының кемшіліктері, мерзімінен тым жоғары жұмыс орындау, құқығы мен міндетттерінің сәйкестілігі, еңбек тәртібінің төмен деңгейі ұйымды басқарудың толық жетілмеуін көрсетеді де, сол кедергілерді жоюы, ұйымның өзін-өзі жетілдіруі деп саналады.
Деструктивті шиеленістер жиі субъективті себептерге байланысты пайда болады, әсіресе басқарушы және қарамағындағылардың қате әрекеттері, және де болып адамдардың психолониясың үйлеспеуіліктігі жатады. Шиелеістердің типологиясы (түрлері) әдіснамалық қана емес және де тәжірибелікте роль атқарады. Қазіргі кезде шиелеістіктердің жіктеулерінің түрлерінің саны өте көп.
Соның ішінде педагогикалық шиелеістердің, педагогикалық процестегі субъектілер шиеленістерін қарастырайық :
- «нағыз, шын мәніндегі» шиеленістер - объективті мүдделерінде кайшылқтардың бар екенің қатысушылар мойындайды және қандай да болмасын жеңіл желпі өзгермелі факторға тәуелсіз;
- «кездейсоқ немесе шартты» - қатысушылар мен мойындалмайтын жағдайдың өзгерісіне тез берілетін, кездейсоқ пайда болатын кикілжін қатынас.
- «жылжытылған» - дауласу себептерін тек оның негізінде жатқан объективті себептерді жанама байланыстыра қабылдау. Бұндай кикілжін шынайы шиеленісті қатынастың көрінісі, бірақ қандайда бір символдық формада болады.
-«қате қосып жазылған» - расында болатын дау арасындағыларға емес басқа жақтарға кикілжін қатынас жазылады. Бұл шынайы қатысушылардың арасындағы дауды «» қарсыласының тобында соқтығысты ( қайшылықты) арандату мақсатымен әдемі орындалады немесе даудың болуы туралы шын мәліметтік жоқтығына байланысты алдын ала ойланбай жазылады.
- «жасырын» - объективті себептерге байланысты шиелістік қатынас орны болғанымен маңызды болып өзектелмейді.
-«жасырын»-жаңылысудың немесе жалған түсініктің нәтижесінде пайда болатын және объективті негізсіз шиеленіс.
Бұдан басқа шиеленістердің басқа да түрлері бар, ол «іскерлі» және «позициялы» болып бөлінеді.
Іскерлі шиеленіске , дауда өзара байланыстың пәндік мазмұны жатады. Позициялық шиеленісте, дау-дамайлы қатынастың қатысушыларының өзара қатынастарың өзгертуге бағытталған. Бағытына байланысты шиеленістер «көлдеңнен», «тік» және «аралас» болып жіктелелді. «Көлдеңнен» шиеленістер бір біріне бағынбайтын адамдар іске қосылады. «Тік» шиеленісте бірі екіншісіне бағынышты адамдар қатысады. Аралас шиеленісте «көлдеңнені» және «тікесі» қатысады. Ұжымдағы даулардың жалпы санынан алғанда шиеленістердің «тіке» бағыттағылары 70-80 пайыз құрайды.
Шиеленістерді болжау үшін, алдымен, қарама-қайшылықты тудыратын жағдайда мәселе бар екенін анықтау. Кейін шиеленіс жағдайдың бағытының дамуын анықтайды. Одан соң түрткі, құндылықты бағыттары, ерекше қасиеттері, мінеқұлқына әдейі назар бөліп отырып, дауға қатысушылар құрамын анықтайды. Ақырғысы, оқиға (инцидент) мазмұның талдайды.
Шиеленістерді ескеретін белгілер бар. Олардың арасындағы:
1. Дағдарыс- (дағдарыс барысында әдеттегі мінез-құлқы ережесі өз күшін жоғалтады және адам өзінің қиялында, кейде шын ісінде шектен шығуға жарамды болады) .
2. Жаңылысу - (қабылдауда бұрмалауға әкелетін қатысушының біреуінің эмоциялық қауырт-қылық (қобалжуы) қандай да бір жағдаймен байланысты пайда болады) .
3. Оқиға- (қандай да бір ұсақ-түйек уақытша тыныш кетіреді немесе жай таптырмайды бірақ ол жылдам өтеді) .
4. Кернеу- (басқа адамның қабылдауын және оның әрекетін бұрмалайтын жағдай, сезім нашар жағына өзгереді, өзара қатынастары үздіксіз алаңдатады, абыржу пайда болады.
5. Дискомфорт (ыңғайсыздық) - (сөзбен жеткізуде қиындық тудыратын көкейкөз, ішінен тынышы қашу, үрей) .
Шиеленістердің пайда болу туралы сигналдарды педагогикалық тұрғыдан қарастырған дұрыс. Әлеуметтік педагогтың тәжірибесінде оқиғаны жою емес, шиеленстік дау-дамай жағдайды талдау болып есептелінеді. Яғни оқиғаны «басу» арқылы тұншықтырсақ (тоқтатсақ) та, шиеленістік жағдай ұжым өміріне теріс ықпал етіп созылмалы формаға ауысып сақталады.
Бүгін, педегогикада шиеленістерге мағыналы құбылыс ретінде қарап және оған ерекше назар бөлген шарт. Шиеленістіктердің болуы, ережеде дамудың қөрсеткіші, онсыз ешбір ұжым, ешбір тұлға дами алмайды. Шиеленістік, тұлғаға тәрбиелік ықпал жасайтын тиімді құралы, яғни оны шиеленістік жағдайды, арнайы психологиялық-педегогикалық білімнің және сәйкес іскерліктің негізінде ғана жеңүге болады деп ғалымдар көрсетеді. Бұған қарамастан, мұғалімдердің көбі, қандай да болмасын шиеленістерді, олардың өздерінің тәрбие жұмыстарындағы сәтсіздіктің күәлігін көрсететін құбылыс деп бағалайды. Біраз педагогтар да «шиеленістер» деген сөздің өзіне абайлық қатынасы бұрынғыдай сақталған, олардың санасында, бұл ұғым, тәрбие үрдісінде, қарым-қатынастың нашарлауы, тәртіптің бұзылуы құбылысы болып ассоцияланады. Қандайда болсын шиеленістерді тұлғаның нендей де бір тәсілдермен болдырмауға тырысады.
Көптеген ғалымдардың бірі, шиеленістерді тұлғаның жалпы қабылданған ережемен соқтығысу (қайшылану) қатынасы нәтижесінде пайда болатын күрт жағдай дейді. Келесілері, шиеленітер адамдардың арасында үйлеспейтін құндылықтар мен қағидаларының қарама-қайшылықтарын жүзеге асырудағы күрес, оқушылардың, әсіресе жоғары сынып ұжымдарында күрделі психологиясық ахуал тұрғызатын құбылыс дейді, яғни ол дағдарыс жағдайға эмоционалды күйзеліс тудырумен байланысты, тура айтқанда, субъект өз өмірінің ішкі қажеттіліктерін (түрткілерін, ұмтылыстарың, құндылықтарын т. б. ) жүзеге асыра алмау жағдайының қиын шишілетін қарама-қайшылықтары; сыртқы объектілердің қарама-қайшылықтарын тудыратын ішкі күрес;
Осы көрсетілген қорытындылар негізінде ұзақ мерзім бойы шиеліністер пайда болу себептеріне және табиғатына бір келісімдегі қөзқарас болмаған; шиеленістер мен қарама-қайшылықтардың болу дерігінің өзі мойындалмаған; шиеліністің болуы, педагогикалық жүйенің ережеде қызмет етуіне кедергі ретінде және оның құрылымына нұсқан тигізетін теріс құбылыс болып қабылданған.
Мәселен, жеткіншектер арасындағы қарама - қайшылықтар әрқашан дау-дамайға әкелітіні дәлелденген. Шиеліністердің сәтті шешілуі, көп жағдайда педагогтың позициясына байланысты келеді (авторитарлы (беделді), нейтралды, қайшылықтарға мақсатты араласу, қайшылықтардан бас тарту) дегендей.
Шиеліністерді, басқару, оның дамуын болжау және шеше білу іскерлігі- педагогикалық қызметтің ерекше «қауіпсіздік техникасы».
Шиеліністерді шешу дайындығының екі жолы бар:
- алғы педагогикалық тәжірибелерді зерттеу;
- шиеліністердің даму зандылықтарың және оны алдын ала ескеру тәсілі мен жеңу жолдары жайлы білімді игеру;
В. М. Афонькованың пікірінше, оқушылардың қайшылықтарына педагогикалық араласудың нәтижелі болуы, педагогтың ұстаған орнына (позициясына) байланысты дейді. Ондай позиция кем дегенде, төртеу:
- Шиелініске беделді араласу позициясы - қайшыласу әр қашан жаман нәрсе, оны мен күресу керек деген, наныммен педагог оны басуға тырысады.
- нейтралитет позициясы - педагог тәрбиеленушілер арасындағы пайда болған соқтығыстарды елеумеге және арасына кіріспеуге тырысады.
- қайшылықтардан қашу позициясы - қайшылықтар - балалармен тәрбие жүргізу жұмысындағы сәтсіздік көрсеткіші және бұндай жағдайдан қалай шығу керектігін білмегендікпен шиеліністер пайда болады деген пікірдегі педагог.
- қайшылықтарға мақсатты араласу позициясы-педагог, тәрбиелешушілер ұжымның жақсы білгендігіне сүйене отырып, сәйкес білімі және ептілігі болып отырып қайшылықтардың пайда болуын талдайды, оны уақытында басу немесе нақты шегіне дамуына мүмкіншілік беру шиеленіс қабылдайды.
Төртінші позициядағы педагогтың әрекеті шиеленестерді бақылауға және басқаруға мүмкіндік береді. Бірақ педагогқа көп жағдайда өте жиі тәрбиеленушілермен өзара байланыс мәдениеті мен техникасы жеткіліксіз болғандықтан, бір біріне деген бөтенсу пайда болады. Қарым-қатынас техникасы жоғары адам шиеленісді дұрыс шешуге ұмтылумен және оның себептерін түсінуге тырысумен сипаттталады. Жеткіншектер арасындағы қайшылық дауды шешу үшін татуластыратың наным әдісі қолайлы келеді. Ол жеткіншектер арасындағы қайшылықтарды шешуде қолданылатын кейбір формалардың орынды емес екенің (төбелес, атаулар қою, қорқыту т. б. ) көрсетуге көмектеседі. Осымен қатар педагогтар, осы әдісті қолдана отырып әдеттегі қателіктер жібереді, жеткіншектің өзінің пікірі мен көзқарасы есепке алмай, тек өздерінің дәлелдерімен қисынына ғана бағытталады. Егерде педагог тәрбиленушісінің тәжірибесін, пікірін есепке алмаса ешбір қисын, ешбір эмоциялық мақсатына жетпейді.
Шиеленістердің психологиялық-педагогикалық теориялық талдауларында алдын ала мынадай қорытындыға әкеледі : - шиеленістердің негізінде, түсіндірілмейтін қарама-қайшылықтар болады, ал шиеленістін өзі конструктивті және деструктивті сипатта болып келеді.
- көптеген педагогтарда оқушылар арасындағы қайшылықтарға деген абай қатынас сақталып келеді.
- шиеленістерден «қорқу» керек емес, яғни ол заңдылықты құбылыс.
- шиеліністерге жиі әкелетің қарым-қатынастағы жоғары эмоциялық «қызу».
- жеткіншектер арасындағы қайшылықтар жас ерекшелігіне байланысты болғандықтан-әдеттегі кен тараған қубылыс.
- шиеліністердің себебі болып өзінің «Менің» бекіту болып жатуы мүмкін.
- қайшылықтарға педагогтың араласу мақсаты, оны жою емес, жеткіншекке өзін-өзі тануға, досын, оқу ұжымын тануға жәрдем беру үшін бөлген жөн.
- қарама-қайшылықтарға араласу алдында, оның пайда болу себебін анықтаған дұрыс, өйтпесе, басқа жағдайда араласу педагогикалық теріс сипатқа ауысады.
- педагогқа, жеткіншектер арасындағы шиеліністерді тиімді басқару үшін, терең арнайы білім қажет.
Шиеленістер объективті ғана емес, субъективті жағдайлармен де көрініс беруі мумкін. Объективті жағдайларға, көпті азды педагогикалық процестерге тәуелді емес және шиеленістерді тудыратың мүмкіншіліктер жатады. Субъективті жағдай, балалардың дамуы және тәрбиелік деңгеиі, оған қатысушылардың қайшылық жағдайды ұғыну сатысы, олардың моральдық-құндылық бағыттары құрайды.
Шиеленістердің бағыты бойынша, жоғарыда жазып кеткен түрлері жатады:
- әлеуметтік-педагогикалық
- психологиялық
- әлеуметтік
- психологиялық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz