Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі


Мазмұны
Кіріспе 3
1. Халықаралық қордағы валюта жүйесі туралы жалпы ұғым.
1. 1 Халықаралық валюталық жүйе және оның түрлері 5
1. 2 Халықаралық қордағы валюта бірлігі және әлем елдерінің
валюта жүйесі 8
1. 3 Халықаралық валюта қоры және несие қатынастарының
қалыптасуы және дамуы 13
2. Валюта - несие қатынастары және валюталық қордың
халықаралық қатынастарда алатын орны мен қызметі.
2. 1 Халықаралық валюта қоры және несие қатынастарының
қалыптасуы мен дамуы 17
2. 2 Осы дәуірдегі валюта жүйесі және халықаралық валюталық қатынастарды реттеу 22
2. 3 Халықаралық валюталық қор және оның халықаралық қатынастарда алатын орны мен қызметі 28
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиеттер 36
Кіріспе
Экономикамызда мемлекеттің саяси деңгейінің жақсаруы және экономиканың өсуі және оның дамыған елдер қатарына қосылу үшін жасалған әрекеттері бұның барлығы мемлекеттің өркендеуін көрсетеді. Біз еліміз сонымен қатар артта қалған елдер, экономикасы нашар мемлекеттердің әл- ауқатын жағдайын жақсарту және экономикасының өсуіне көмек ретінде немесе несие ретінде халықаралық валюталық қор несие бөліп отырады. Сонымен қатар ХВҚ халықаралық деңгейде әр елге ақша қаражатын бөле отырып оларға көмек көрсетеді. ХВҚ әр елдің бір бірімен сауда-саттық жасауға, ұлттық шаруашылықтың дамуына және жекелеген елдің немесе барлық елдердің сыртқы міндеттемелерін ыңғайлы төлем құралдарымен үздіксіз төлеу мүмкіндігін жүзеге асырады.
Халықаралық валюталық қоры мемлекеттер арасындағы, валюта саясатын реттей отырып, мемлекеттер арасындағы байланысты бір жүйе ретінде біріктіруге зор үлесін қосады. Сол сиақты қазіргі таңда валюталық қордың әр мемлекеттегі үлесі, валюта бағамы, категориялары және оның халықаралық қатынастағы орны мен қызметтері қандай, ол қандай мақсатта, қандай жүйеде жүзеге асырылып жатыр яғни осы барлық сұрақтарға жауап ретінде осы мәселелерді қарастыру керек.
Халықаралық экономикалық қарым қатынастарында қолданылатын ақшалар валюта болып саналады.
Халықаралық валюталық қарым қатынасты - валютаның әлем шаруашылығында жұмыс істеу кезінде пайда болатын және ұлттық шаруашылықтардың жұмыстардың нәтижелерімен өзара айырбасына қызмет көрсететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюталық жүйесі әлемдік валюталық жүйесімен байланысты.
Әлемдік валюталық жүйесі - мемлекетаралық келісім шарттармен бекітілген, әлемдік шаруашылық негізінде құрылған халықаралық валюта қатынастарын ұйымдастыру пішіні.
Егер ұлттық валюта жүйесі - ұлттық валюта негізінде жұмыс істесе, әлемдік валюта жүйесі - бір немесе бірнеше несие резервтік валюта немесе халықаралық шот бірліктері негізінде жұмыс істейді.
Валюта - әр бір мемлекеттің қаржылық жоспарын реттеп отырады. Елдегі валюта жүйесі сонымен қатар әлемдік валюталық қатынастар және валюталық қор оның қызметі мен мақсаты, ерекшеліктерін анықтау ең маңызда мәселе болып табылады. Міне осы мәселелер бойынша шешу жолдарын қарастырамыз яғни берілген курстық жұмыстың тақырыбы бойынша біздің ұсынысымыз өзекті деп санаймын.
Курстық жұмыстың мақсаты; Халықаралық валюта қорын оның ұйымдастыру негіздерін, валюта қорының құрылымын және валюталық қордың халықаралық қатынастарда алатын орны мен ерекшелігін, қызметін зерттеу.
Курстық жұмыс бойынша бірнеше міндеттемелер туындайды.
- валюталық жүйе және оның түрлерін анықтау,
- халықаралық қордағы валюта бірлігін және оның тарихи маңыздылығын көрсету,
- валюталық жүйе эволюциясын зерттеу,
- валюталық қатынастарды реттеу,
- халықаралық қатынастарда алатын орнын бағалау, тәсілдерін табу.
Курстық жұмыстың объектісі; Әлемдегі барлық мемлекеттердің еңбекке қабілеті бар барлық жұмыс күші.
Ұлттық валюталық жүйе - ұлттық заңдармен бекітілген мемлекеттің ақша жүйесінің бөлігі болып саналатын мемлекеттегі валюталық қарым қатынастарының ұйымдастыру пішіні.
Халықаралық валюталық қорына ұлттық валюта жүйесін бір бөлімшесі ретінде қарастырамыз. Сол себептен осы валюталық жүйе бойынша Елбасымыз Н. Ә Назарбаев өзінің Қазақстан - 2030 стратегиясында Ақша - несие саясаты жайлы нұсқау берген. Осы стратегия бойынша Ақша несие жүйесінің бір бөлімі ретінде валюта қорына мынадай жолдау көрсеткен.
Алтын валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша көрсеткіштерге көшу, дамыған елдердің орталық банкілері қызметінің стандартына одан әрі дамыту қойылған міндеттердің ойдағыдай орындалуын қажетті шарттарының бірі Үкімет пен Ұлттық банк қызметін, әсіресе инфляцияның төменгі деңгейін қамтамассыз ету және қаржы рыноктарын дамыту мақсатында ақша айналымын реттеу саласында тығыз үйлестіру. {Қазақстан -2030. Ақша -несие саясаты. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы} «Алматы қаласы» (57бет)
Сонымен қатар халықаралық валюталық қоры және валюта жүйесі бойынша, бірнеше ғалымдар өз еңбектерінде қарастырады. Зерттеу деңгейі - біздің қарастырып отырған тақырыбымыз бойынша бірнеше ғалымдармен профессорлар, экономика ғылымының докторлары өз еңбектерінде жазып қалдырған. Атап айтқанда: Б. А Көшенова - «Ақша несие банктер және валюта қатынастары», Қазақстан Республикасының корреспондент мүшесі, экономика ғылымының докторы, профессор - Ғ. С Сейітқасымов, экономика ғылымының кандидаты, аға оқытушы - С. Б Мақыш, Д. Т Бохаев, М. О Алтаева, М. К Бункин - «негізгі валюта қатынастары», А. М Семенов - «валюта қатынастары».
Құрылымы. Біздің курстық жұмысымыз екі негізгі тараудан тұрады, бірінші бөлім Халықаралық қордағы валюта бірлігі туралы жалпы ұғым. Бірінші тарудың өзі үш бөлімшеден тұрады. 1. 1 бөлім - Валюталық жүйе және оның түрлері. 1. 2 бөлім - Халықаралық қордағы валюта бірлігі және әлем елдерінің валюта жүйесінің дамуы. 1. 3 Халықаралық валюталық қоры. Екінші бөлім - Валюталық эволюция және Валютаның халықаралық қатынастарда алатын орны мен қызметі. Екінші тарудың өзі үш бөлімнен тұрады. 2. 1 - Дүниежүзілік валюталық жүйе эволюциясы. 2. 2 - Валюталық қатынастарды реттеу. 2. 3 - Валюталық қор және оның халықаралық қатынсатардағы қызметі туралы баяндалады.
1. Халықаралық қордағы валюта жүйесі туралы жалпы ұғым
- Халықаралықвалюталық жүйе және оның түрлері
Халықаралық валюталық қатынастар -ұлттық шаруашылықтарының қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар жүйесі.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында ортағасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді.
Валюта -бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден шетел мемлекетінің ақша белгілері; үшіншіден халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы.
Валюталық жүйе-ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.
Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:
- Ұлттық валюталық жүйе
-Дүниежүзілік валюталық жүйе.
-Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.
Тарихта ұлттық валюталық жүйе қалыптасқан.
Ұлттық валюталық жүйе - халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс процессіне қажетті валюталық ресурстарды құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатар жиынтығын білдіреді.
Ұлттық валюталық жүйе -елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикалық және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады. Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты.
Дүниежүзілік валюталық жүйе - халықаралық несие қаржы институттары мен валюталық құралдарын қызмет етуін қамтамассыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтиды. Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырлардың ортасына таман құрылған. Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдық қағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.
Аймақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық жүйе төңірегінде құрылады. Мысалы; Еуропалық валюталық жүйе (ЕВЖ) -бұл жүйе Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу экономикалық формасындағы қатынастарды білдіреді.
Валюталық паритет-валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпке белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынасы. ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде (арнайы қарыз алу құқығы) белгіленеді. Егер де ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе -бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта -басқа елдер үшін валюталық паритет немесе валюталық бағамды анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.
Валюта бағамы, оның экономикаға әсері.
Халықаралық экономикалық операцияларды жүргізу үшін ұлттық валютаны халықаралық төлем өлшеміне айырбастауы қажет. Айырбастау процесі белгілі бір арақатынаспен жүргізіледі.
Әр түрлі мемлекеттердің ақша өлшемдерінің арақатынасы, яғни басқа елдің (немесе халықаралық ақша өлшемінде) ақша өлшемімен көрсетілген бір елдің ақша өлшемінің бағасы валюта бағамы деп аталады.
Валюта бағамы халықаралық валюталық есеп айырысу, несие қаржылық операцияларды жүргізу үшін қажет. Мысалы, экспортшы (шығарушы) шетел валютасымен түскен түсімді ұлттық валютаға айырбастайды, себебі басқа елдің валютасы бұл мемлекеттің жерінде күнбе күнгі жағдайда ақша қаражаты ретінде айналысқа түсетін құқы жоқ. Ал импортшы (әкелуші) шетелден сатып алған тауарларға төлеу үшін шетел валютасые сатып алады. Валюта бағамы қайта есептеу коэффициенті емес, ол шетел валютасымен немесе халықаралық валюталық өлшемдермен (СДР, ЭКЮ) көрсетілген осы мемлекеттің ақша өлшемінің бағасы. Валюта бағамы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы күнбе күнгі айналым процесінде валюталарды салыстыру барысында қалыптасады.
Валюта бағамының қалыптасуы -көп факторлы процесс. Валютаға сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторлар мыналар;
-инфляция қарқыны
- процент мөлшерінің деңгейі
- бағалы қағаздардың табыстылық деңгейі .
- төлем балансының деңгейі
Бұл факторлар елдің экономикалық жағдайын білдіретін факторлар. Мысалы, егер басқа факторлар кері әсер етпесе, басқа елдермен салыстырғанда елдегі инфляцияның қарқыны жоғары болған сайын, оның валютасының бағамы соғұрлым төмен болады. Елдегі ақшаның инфляциялық құнсыздануы оның сатып алу мүмкіндіктерін төмендетіп және валюта бағамының құлдырау тенденциясын тудырады. Мемлекеттік активтік төлем балансында оның валютасына шетел борышқорларының сұранысы артады. Сол кезде оның бағамының көтерілуі мүмкін. Егер басқа мемлекеттерге қарағанда елде процент мөлшері жоғары болса, онда ол шетел капиталының құйылуына, валютаға сұраныстың көтерілуіне оның бағамының жоғарлауына әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар валюта бағамына әртүрлі саяси, саудагерлік, психологиялық факторларда әсер етеді.
Әрбір мемлекет валюта бағамын реттеу әдістерінің әртүрін қолданады. Ол әдістердің негізгілері мыналар;
-валюталық интервенция (орталық банктің ұлттық валютаға шетел валютасын сатып алып-сатуы) .
-орталық банктің ашық нарықтағы операциялары (бағалы қағаздарды сатып алып, сатуы) .
-орталық банктің проценттік мөлшер деңгейін және немесе міндетті резервтер нормасын өзгертуі. Валюта бағамын белгілеу, яғни валюталарды айырбастау пропорциясын қатынасын анықтауды валюталық котировка (баға белгілеу) деп атайды. Валюта нарығында валюта бағасын белгілеудің екі әдісі бар, тікелей және жанама. Тікелей катировка деп шетел валютасының бағамын ұлттық валютамен көрсетуді айтады. Бұл әдіс көптеген мемлекеттерде қолданылады. Ал жанама котировка деген ұлттық валютаның бағамын шетел валютасының белгілі бір санының көрсетуі. Жанама котировка әдісін Ұлыбритания, ал 1987ж бастап бірен-саран АҚШ қолдануда.
Банкаралық валюта нарығының операцияларында ұлттық валюталарды АҚШ долларына қарап бағалау басымырақ, бұл доллардың халықаралық төлем және резервтік құрал ретінде ролімен түсіндіріледі. Банктер сауда - өнеркәсіп клиенттеріне валюта бағамын белгілегенде әдетте кросс-курсті негіз етіп алады.
Кросс-курс ол екі валюта бағамдарының үшінші валютаға (әдетте АҚШ долларына) қатысты арақатынасы. Мысалы, Егер Швейцария банкі Швейцарлық франкінің ГФР маркасына қатысты бағамен анықтағысы келсе, онда оны марка мен франк бағамдарын долларға алмастырумен шығарып алады.
Банктер сатушы және сатып алушы бағамдарын белгілейді. Сатушы бағамы-ол банктің валютаны белгіленген бағамен сатуға дайындығы, ал сатып алушы бағамы банктің валютаны сол бағамен сатып алуға дайындығы. Тікелей котировка бойынша сатып алушы бағамынан, сатушы бағамы әрдайым жоғары. Олардың арасындағы айырма банктің пайдасын құрайды.
Сондай-ақ ресми, банкаралық биржалық валюта котировкалары болады. Ресми валюталық катировканы орталық банк жүргізеді. Ол есеп жүргізу мақсатында кедендік төлемдерде, төлем балансын құрастырғанда қолданылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде валюталық операциялардың негізгі бөліктері биржадан тыс банкаралық валюта нарығында өтетіндіктен, бұл елдердің ішкі нарықтағы қолданатын негізгі бағамы банкаралық баға, банкаралық котировканы ірі коммерциялық банктер белгілейді.
Валюта нарығына басқа қатысушылар бакаралық бағамға бейімделеді. Ол банк клиенттері үшін баға белгілеу негізі ретінде қолданылады.
Жалпы валюта бағамының өзгеруі ел экономикасына екі жақты әсер етеді. Ұлттық валюта бағамының төмендеуі әдетте, экспортшыға тиімді, себебі ол қымбаттаған шетел валютасымен мысалы доллардан түскен түсімді арзандаған ұлттық валютаға (егер 1долларға теңгенің бағамы 20теңгеден 25-ке дейін төмендесе онда1долларға келетін үстеме 5теңгеге тең) . Айырбастаған кезде экспорттық сыйақы (үстеме) алады. Демек экспортшылар бағасы орташа әлемдік бағадан төмен тауарларды алып кетуді кеңейту.
1. 2 Халықаралық қордағы валюта бірлігі және әлем елдерінің валюта жүйесі
1976-жылы Халықаралық валюта қорының Кингстондағы кезекті кеңесінде, дүниежүзілік валюта жүйесінің жаңа негіздері қаланды. Ямайка келісімдеріне сәйкес, халықаралық валюта механизмі ендігі уақытта былайша құрылатын болды:
1. алтынның құн өлшемі ретінде және валюта құндарын анықтаушы қызметі жойылды, сөйтіп бұдан былай алтын бағасы еркін анықталатын кәдімгі тауарға айналды. Сонымен қатар, ол- ерекше өтімді тауар болып қала берді. Қажет болған жағдайда алтын сатылады және одан түскен валюта төлемдері үшін пайдаланылады;
2. СДР (special drawing right- SDR) қарыз алудың арнаулы құқығы стандартының мақсаты- оны қорлық авуар жасап, басқа резервтік валюталардың рольін төмендету;
3. әр елге ұлттық валюта құнының өздері таңдаған тәртібін орнықтыру құқығы беріледі. Мемлекетаралық валюталық қатынастар, ұлттық ақша бірліктерінің қалықтау құнына негізделеді, тербелу құны екі факторға негізделеді:
а) валютаның ішкі ұлттық нарықтағы нақты сатып алу қабілетіне;
б) халықаралық нарықтардағы ұлттық валютаға сұраныс пен ұсыныстың арақатысы байланысты болады.
90-жылдардың бас кезінде қалықтау құны факторын жүзеге асыруға байланысты, халықаралық валюта жүйесін ұйымдастырудың күрделі үлгісі пайда болды.
Ол үшін, біріншіден, жекелеген ұлттық валюталық өз құндарын анықтау үшін, валюта бірліктерін таңдап алды, екіншіден, валюта құндарының тербелу дәрежесі бірдей емес болғандықтан, тек жекелеген валюталардың құндары ғана, белгіленген диапазонда тербеледі де, басқа валюталардың құндары ғана еркін өзгере береді.
Ямайка келісімдеріне сәйкес «қарыз алудың арнайы құқығы» ұжымдық валюта бірлігі есебінде қабылданды. 1969-жылы СДР қарапайым несие құралы ретінде ғана құрылып, доллардың алтын мәніне сәйкестендірілді. 1974-жылдан бастап, валюталардың қалықтау құны енгізілуіне байланысты СДР-дың алтын мөлшері жойылды. Ендігі уақытта бұл- валюталық корзина арқылы анықталатын болды. 1981 жылдан бастап СДР бес валюталар қосындысына (американдық доллар, немістің маркасы, жапонның иенасы, француздың франкі, және ағылшынның фунт стерлингісі) суйену арқылы есептеледі.
Валюталық корзина дегеніміз-бір валютаның орташа құнын басқа валюталардың белгілі жиынтығына қатысты- өлшеу әдісі. Валюталық корзинаның мөлшері, оның құрамындағы валюталарға және олардың долларға қатысты нарықтық құнына тәуелді СДР пайыздар төлейді.
Әлем елдерінің валюта жүйесінің дамуы - бірінші дүниежүзілік валюта жүйесі алтын монеталы стандарт негізінде құрылып, 1867жылы басшы елдердің өкілдері қатысқан, Париж конференциясында мемлекетаралық келісімімен заңды түрде рәсімделді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін де кең тараған валюта дағдарысы екінші дүниежүзілік валюта жүйесінің пайда болуына әкеп соқтырады. Ол 1922 жылы Генуя халықаралық экономикалық конференциясында қатысушы мемлекеттердің келісімімен рәсімделді. Бұл Генуя валюта жүйесі конференциясында келісімге келуші, 30 елдің ақша жүйесі тәрізді, алтын девизді стандартқа негізделіп құрылды. Ол девиздің принципі бойынша, банкноттар алтынға емес, вексельге және чекке, яғни девиздерге айырбасталды. Девиз - кез-келген формадағы шетел валютасы. Екі дүниежүзілік соғыстар аралығында -Iжәне II, Бреттон-Вудс конференциясына дейін резервтік валюта статусы- айырбасталатын валюта ерекше атағы, ресми ешбір валютаға бекітілген жок. Ал, ағылшын фунт стерлингі мен американдық доллар, осы атақты бірінші болып алуға өзара шиеленіскен бәсекелесте таласып жатты.
Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі.
Өткен ғасырдың ортасына таяу, атап айтсақ, 1944-жылы 22 маусымда, АҚШ-та БҰҰ-ның Бреттон-Вудс конференциясында заңды түрде резервтік валюта статусы бекітілді. Онда алтын девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде американдық доллар мен фунт стерлинг қабылданды. Сонымен бірге, алғашқы рет резервтік валюта статусы заңды түрде осы валюталарға бекітілді. Бұл АҚШ пен Ұлыбританияның халықаралық қарызын өз ұлттық валютасымен өтеулеріне мүмкіндік туғызды. 1949 жылы өзіне капиталистік өнеркәсіп өндірісінің 54, 6 пайызын, тауар экспортының 33 пайызын ресми алтын резервінің 75пайызын щоғырландырған АҚШ-тың экономикалық басымдылығы және оның бәсекелестері екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде әлсіреуі, доллардың үстемдігін қамтамассыз етті. Батыс Еуропаның және Жапонияның аса ауыр валюта -экономикалық жағдайы, сондай-ақ бұл мемлекеттердің АҚШ-қа тәуелділігі, долларлық гегемония, олардағы доллардың өткір жетіспеушілігінде, яғни долларлық аштықта көрініс тапты. Бреттон-Вудс жүйесінің құрылымдық принциптері төмендегідей:
а) доллар мен фунт стерлингтің резервтік валюта ретіндегі статусты бекітті;
б) ХВҚ- на мүше елдердің барлығы өз валютасын басқа валюталарға алтын арқылы айырбастайды. Онда валютаның алтын паритеті және валюта бағамы бекітіледі. Валюталардың нарықтық бағамы -доллар паритетінің плюс, минус бір пайызға, Еуропа елдерінде -плюс, минус 0, 75 пайызға ауытқуы мүмкін;
в) шетел орталық банктерінің долларлық резервтері, алтынға американдық қазыналық мекемесі арқылы ресми бағамен айырбасталады. ХВҚ-ның негізгі қызметі -осы мемлекетаралық қорға мүше елдерінің валюта паритетін, бағамдарын және басқа валюталарға еркін айырбасталуын бақылауды қамтамассыз ету. Бреттон-Вудс жүйесі ширек ғасырдан астам уақыт аралығында халықаралық еңбек бөлінісінің теңдеуіне және әлемдік нарықтың қарқындап өсуіне ықпал етті. Дегенмен, бұл жүйе оған мүше елдердің барлығына бірдей тең құқық бере алмады. Долларлық стандартты бекіткен принциптерді АҚШ, басқа елдер есебіне, әлемде өз үстемдік позициясын күшейтуге пайдаланды. Бреттон-Вудс валюта жүйесінің қайшылығы, ең алдымен доллар мен фунт стерлингтің ұлттық сипаты және олардың халықаралық төлем құралы ретінде қолданылуы біртіндеп жүйені әлсірете бастады. Осы кезде Батыс Еуропа мен Жапонияның позициясы күшейді. 1971-1973 жылдары валюта дағдарысы Бреттон-Вудс жүйесінің іс-жүзінде күйреуін жеделдетті.
Төртінші (қазіргі) дүниежүзілік валюта жүйесі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz