Тыныс алу және патологиясы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Жаратылыстану және жалпы педагогика факультеті
Биология және БОӘ кафедрасы
Курстық жҰмыс
Тақырыбы: Тыныс алу және патологиясы
Орындаған: БК-22 тобының студенті
Айнақұлова З.Қ.
Қабылдаған: б.ғ.к., доцент
Дүрмекбаева Ш.Н.
Көкшетау-2007
Жоспар:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Тыныс алу түсінігі.
2.2. Сыртқы тыныс алу.
2.3. Өкпенің жалпы сыйымдылығы.
2.4. Дем алу және дем шығару.
2.5. Тыныс алу механикасы.
2.6. Тыныс алу орталықтары.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
І. Тыныс алу жүйесінің маңызы.
Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, сұйық және газ
түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан
қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Адам организмінде қоректік
заттардың қоры болады, сондықтан 25-30 тәулік аштықты өлместен көтере
алады. Сусыз адам бірнеше апта өмір сүре алады, ал оттегінсіз бірнеше
минөттің ішінде өліп қалады. Олай болса, оттегі адам өмірі үшін аса
маңызды. Организмде оттегінің қоры жоқтың қасы – не бары бірнеше минөттік
қана. Сондықтан тіршіліктің сақталуы үшін оттегі үнемі денеге жеткізілуі
тиіс. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың
ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем
алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады.
Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл газының денеден сыртқа
айдалып тұруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті кеуде қуысында орналасқан
өкпе орындайды.
Оттегінің қысымының ең көбі біз дем алғанда жұтатын сыртқы ауада,
өкпе альвеолаларында төмендейді, қан тамырларында мүлде азаяды. Сондықтан
ауадағы оттегі организмге қарай диффузды түрде қозғалады, бірақ бұл өте
әлсіз қозғалыс. Бұл қозғалысты тыныс мүшелері күшейтеді.
Тыныс алу мүшелері оттегі мен көмір қышқыл газын таситын негізгі
міндеттерінен басқа да қызмет атқарады. Дем алу мен дем шығарудың ырқғақты
түрде ауысуы біздің денеміздегі барлық ішкі мүшелерге әсер етеді. Көк еттің
(диафрагманың) дем алып, дем шығарғанда көтеріліп және төмен түсуі ас
қорыту мүшелеріне қысымдық әсер етіп, ішек-қарындарға уқалау (массаж)
іспетті әсер етеді. Егер адам терең дем алса, бұл әсер күштірек болады.
Кеуде қуысындағы өкпе сығылып және босау арқылы жүрекке, қолқа, өкпе
артериялары, жоғарғы және төменгі қуыс веналарына да, ас қорыту
мүшелеріндегідей әсер етеді де, жүрек қанды сорып алуына көмектеседі.
Мұнымен қатар, дем алу ырғағы жүйке жүйесі арқылы да организмге әсер
етеді. Нәрестелерде тыныс аритмиясы деген ерекшелік болады: дем алғанда
пульс жиілеп, дем шығарғанда және пауза кезінде азаяды. Тыныс аритмиясы,
әсіресе жыныстық жетілу кезінде жақсы байқалады. Ересек адамдарда мұндай
әсер болғанымен балалардағыдай айырмашылық онша көп емес.
Тыныс ырғағының аз да болса, қанның қысымына, капиллярлық қан
айналысына да ықпалы бар. Өз еркімен тәжірибеге қатысқан студенттерде дем
шығарғанда қолдың бұлшық еттерінің күші аздап көбейгені байқалған. Тыныс
ырғағы көздің жарық сезімталдығына да аздап әсер етеді.
Тыныс ырғағы адамның миының қызметіне де, әсер ететінін білу
педагогтер үшін аса маңызды. Кейбір күнделікті бақылауда орын алатын
жағдайларды естеріңізге алыңыз: адам аса зор ықыласпен тың тыңдағанда дем
алу сәл уақытқа кідіреді. Дем шығарғанда ынта күшейеді, ал дем алған сәтте
төмендейді. Тыныс алу жиілігі жоғары болғанда, айталық, ашуланғанда адам
көңіл қойып, бар ынтасымен ойлана алмай қалады. Мұндай жағдайда ол өзін-өзі
басып, тыныштандыруы тиіс. Тыныш отырып, қалыпты ырғақпен демалғанда
адамның ойлау қабілеті жоғары болады. Сондықтан сабақ оқып жатқанда, оның
алдында баланың көңілін өзгертетін әсерлер болмауы тиіс. Осыған байланысты
гигиеналық талаптар бойынша мектепте қиын пәндердің алдына дене шынықтыру
сабағын қоюға болмайды. Кей кезде баланың сабағының нашар болуы оның мұрын
қуысында пайда болып өсіп кеткен аденоидтарға (мұрын қуысындағы бездердің
өсуі) байланысты болады. Аденоидтарды алып тастағаннан кейін басының
ауырғаны, кейбір балалардың түнде төсекке дәретке отыруы, т.б. басылады,
ұйқысы жөнднлнді, сөздері анық болып, сөйлеу қабілеті дұрыс дамиды.
ІІ. 2.1. Тыныс алу түсінігі.
Тыныс алу деп ауадан оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығаруын
қамтамасыз ететін өзара байланысты көптеген үрдістерді айтады. Оттегінің
қатысуымен организмде тотығу үрдісі өтеді. Құрамындағы органикалық
заттардың тотығуы нәтижесінде жасушалар мен тіндерде тіршілікке қажет
энергия пайда болады. Мұнымен қатар тотығу барысында көмір қышқыл газы
түзіледі. Бұл газ уақытында сыртқа шығарылып тұрмаса көптеген тіршілікке
қажет үрдістер тоқтап денеде су тұрақтылығы (изогидрия), жылу тұрақтылығы
(изотермия) бұзылады да адам өміріне қауіп туады. Демек, организм ауадан
үздіксіз оттегін алып, ұдайы көмір қышқыл газын сыртқа шығарып тұрса ғана
өмір сүре алады.
Тыныс алу негізінен бес кезеңнен тұрады:
1) сыртқы тыныс алу – ауадағы газдарды (атмосферадан) өкпеге әкеліп,
өкпеден (тотыққан) қайтадан атмосфераға шығарып тұру;
2) өкпе көпіршіктеріндегі (альвеолалардағы) газдар мен қан құрамындағы
газдардың алмасуы;
3) газдардың өкпеден тінге, тіннен өкпеге қан ағынымен тасымалдануы;
4) тін мен қан арасында газ алмасуы;
5) ішкі тыныс алу – жасуша құрамындағы органикалық заттардың тотығуы.
Бұл – биохимиялық үрдіс. Тыныс алудың алғашқы 4 кезеңін физиология,
соңғысын биохимия зерттейді.
Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшелігі. Тыныс
мүшелері мұрыннан басталады. Тыныс жолдары екіге бөлінеді: а) дем алғанда
және дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары; ә) ауа мен қанның арасында
газдардың алмасатын орыны – өкпе альвеолалары (лат. альвеолус – ойма қуыс,
науа).
Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрады. Бұл жүйенің
мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі – өкпе.
Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар – тыныс
жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, және бронхылар жатады. Дегенмен,
тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде,
кеңірдекте және бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан,
микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты
кеуіп қалмау үшін ылғалдандырлып, өкпені суық ауаның әсерінен сақтау үшін
жылытылады.
Ауа танау арқылы мұрын қуысына кіреді. Мұрын қуысы кеңсірік шеміршегі
арқылы оң және сол жақ бөліктерге бөлініп, жұп танау тесіктері арқылы
сыртқа ашылады да ішкі жағы хоан тесігі арқылы жұтқыншақпен қосылады. Мұрын
қуысы шырышты қабатпен қапталған. Мұнда ауаның құрамындағы шаң-тозаңдарды,
микроорганизмдерді ұстап, өлтіріп, сыртқа шығарылуын қамтамасыз етеін
эпителий клеткаларының түктері бар және ол өкпеге баратын ауаны жылытып,
ылғалдайтын қан тамырларына бай. Мұрын қуысы арқылы дем алу ауызбен дем
алғаннан гөрі организмге ауаны 25%-ға көбірек өткізетін көрінеді. Бұл оның
қабырғасындағы өкпенің жұмысын қоздыратын жүйке талшықтарының болуына
байланысты. Қазіргі кезде ауру тудыратын микроорганизмдердің қақпасы –
тыныс жолдары екені толық дәлелденген. Сондықтан тыныс жолдарының дұрыс
қызмет етуі организмге қажетті қорғаныш қасиеттерін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, мұрын қуысында иіс рецепторлары орналасқан, жұтқыншақ – ас
қорыту жүйесінің мүшесі, ал көмей – сөйлеу мүшесі.
Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі – өкпе. Бұл бронхылардың ұсақ
тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер
ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ, шар
тәрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады. Олардың
қабырғалары жұқа, көптеген қан тамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе
альвеолаларының жалпы ауданы 200 м2. Мұндай құрылыс альвеолалардағы ауаның
және қанның құрамындағы газдардың тез алмасуын қамтамасыз етеді.
Өкпенің дәнекер ұлпасы өте серпімді және өкпенің жиырылу күшін
қамтамасыз етеді. Ішкі күш деп аталатын өкпенің жиырылу күші дем алу мен
дем шығаруда аса маңызды.
Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және
жеке басының ерекшелігіне байланысты.
Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қан
тамырларына өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу
шағында өкпе қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезіңде барлық нәрестелер
ішпен дем алады (еркекке тән дем алу), бірақ жүре бастағанда баланың
кеудесі төмен түседі де, диафрагмалық-кеуделік дем алу пайда болады. 3-7
жаста ғана кеудемен дем алу басым болады. Дем алудың минөттік мөлшері дене
салмағымен салыстырғанда бала өсе келе азаяды: жаңа туған сәбиде – 220 см3,
6 жаста 168 см3, 14 жасқа таман 128 см3, ал ересек адамда 69 см3.
Дем алу көлемі жаңа туған сәбиде – 25 см3, 1 жаста – 80 см3-ге дейін
артады, 2 жаста – 140 см3, ересек адамда – 400 см3. Өкпесінің мөлшері жаңа
туған сәбиде – 53 см3, 1 жаста – 210 см3, 13 жаста – 707 см3, 20-25 жаста –
1680 см3, ал 30-40 жаста орта шамамен 1788 см3.
Өкпе альвеолаларының диаметрі ересек адамда 0,2 мм, ал жаңа туған
сәбиде – 0,07 мм. Олай болса өкпені жалпы көлемі жаңа туған балада – 1,167
см3, ал ересек адамда – 67,7 см3. Осы көрсеткіштерді пайдаланып ғалымдар
өкпенің шар тәрізді альвеолаларының әрқайсының көлемі жаңа туған нәрестеде
4,108 тең болатынын есептеп шығарған. Олай болса, өкпе қуыстарының жалпы
ауданы жаңа туған сәбиде – 6 м2, ересек адамда – 50 м2, яғни 8 есе артық.
Көмейдің жалғасы кеңірдектің ұзындығы балаларда – 4 см, 10 жаста – 7
см, ересек адамда – 10-12 см.
Кеуде қуысының пішіні адамның жасына және жынысына байланысты
өзгереді. Туған кезде баланың кеуде қуысы конус тәрізді болады, себебі ұрық
кезінде өкпе нашар дамыған, ал бауыры қарқынды өсіп, дамиды. Баланың кеуде
қуысы көтеріңкі болып, қабырға сүйектері ересек адамдардағыдай төмен
түспейді. Сондықтан бала терең дем алып, дем шығара алмайды да, қажетті
мөлшердегі ауа мен оттегін тынысының жиілігі арқылы қамтамасыз етеді.
Қабырға сүйектерінің қиғашталуы күшейе бастағаннан кейін терең дем алатын
мүмкіндік туғаннан соң дем алу жиілігі азаяды. Қартайғанда қабырға аралық
еттердің әлсіздігіне байланысты қабырғалардың қиғашталуы артады. Әйел
адамның кеуде қуысы ерлермен салыстырғанда қысқарырақ келеді.
2.2. Сыртқы тыныс алу.
Тыныс алу қозғалыстарының биомеханикасы. Сыртқы тыныс алу көкірек
клеткасы көлемінің және соған орай өкпе көлемінің өзгеруіне байланысты іске
асады. Тыныс алудың бір циклы екі фазадан: дем алудан (инспирация) және дем
шығарудан (экспирация) тұрады. Демалу кезінде көкірек клеткасы үлкейеді, ал
дем шығару кезінде, керісінше, кішірейеді. Осыны тыныс алу қозғалыстары деп
атайды, олар өкпе желденуін (вентиляциясын) қамтамасыз етеді.
Тыныс алу қозғалыстарына үш морфо-функционалдық құрылым қатысады. 1.
Тыныс жолдары. Бұлардың аздап созылғаштық және қысылғыштық (тарылғыштық)
қасиет бар; ауа ағынын тудырады.
2. Серпімді және созылғыш өкпе ткані.
3. Пассивті сүйек – шеміршекті қаңқадан тұратын көкірек клеткасы.
Клетканы түзетін құрылымдар бір-бірімен дәнекер тканьді байланыстармен және
тыныс алу еттері арқылы біріккен. Көкірек клеткасының қабырғалық деңгейі
қатаңдау орныққан да, диафрагмалық деңгейі жылжымалы келеді. Көкірек
клеткасының көлемін өзгертетін екі биомеханизм бар: қабырғалардың көтерілуі
мен төмен түсуі және диафрагма күмбезінің өзгерісі. Мұның екеуін де тыныс
алу еттері іске асырады. Тыныс алу еттерін инспираторлық және экспираторлық
деп бөледі.
Инспираторлық еттерге диафрагма (көк ет), сыртқы қабырғааралық және
шеміршекаралық қиғаш еттер жатады. Тыныш жағдайда көкірек клеткасының
көлемі негізінен көк ет жиырылуының есебінен іске асады: оның күмбезі
азайып, төмендейді және көбейіп, көтеріледі. Дем алу тереңдеп, күшейсе,
қосымша, көмекші еттер қатысады. Оларға сатылы ет, үлкен және кіші төс еті,
алдыңғы тісті ет, трапеция тәрізді, ромбы тәрізді, жауырынды көтеретін
еттер жатады.
Экспираторлық еттерге жататындар: ішкі қабырғааралық еттер, іш (құрсақ
қабырғасындағы еттері қиғаш, көлденең және тура орналасқан болады).
Демалған кезде ауа мұрын арқылы жұтқыншаққа, одан көмейге,
кеңірдекке, бронхыларға, бронхиолдарға, ең соңында альвеолдарға түседі (1-
сурет).
1-сурет. Адам өкпесінің құрылысы
А-ауа өтетін жлдар және өкпе; Б-өкпе альвеолдары және олардың қанмен
жабдықталуы; В-өкпе бөлігі; 1-өкае, 2-көмекей, 3-кеңірдек, 4-бронхылар, 5-
ақ бронхылар, 6-капиллярлық тор, 7-альвеолдар.
Мұрын арқылы демалудың организм үшін маңызы күшті. Себебі, мұрынға
түскен суық ауа онда қан тамырлары көп болғандықтан тез жылынады және мұрын
ішіндегі әрі-бері қозғалып тұратын эпителий мен ирелең мұрын жолдары түскен
ауаны әртүрлі шаң-тозаңдардан тазартады.
Тербелісі ауыз қуысына қарай бағытталған қозғалғыш (тербелгіш)
эпителилер кеңірдек пен бронхыларда да болады. Бұлар өз тербелістерімен
тыныс алу жолдарына түскен шаң-тозаң бөлшектерін, былжыр заттарды сыртқа
шығаруға көмектеседі.
2.3. Өкпенің жалпы сыйымдылығы.
Тыныс алу барысында ауа тыныс жолы арқылы өкпеге кіріп, оттегін берген
соң сыртқа шығып отырады. Өкпеге дейін кіріп-шығатын ауаның мөлшері демалу
мен демшығарудың тереңдігіне байланысты. Біркелкі тыныштық жағдайда демді
ішке жәй тартып сыртқа шығарса өкпеге дейін кіріп-шығатын ауаның мөлшері
адамда 500 мл-дей болады. Осы жәй дем алғанда тыныс ағзаларына еніп қайта
шығатын ауаның мөлшерін (көлемін) қалыпты тыныс ауасы (ҚТА) деп атайды. ҚТА
тұтасынан өкпе көпіршігіне барып жетпейді, оның 150 мл-і тыныс жолын
толтырады да, газ алмасу үрдісіне қатыспайды. Сондықтан тыныс жолын
толтырған ауаны өлі кеңістік ауасы деп атайды. Сөйтіп сырттан келіп
түскен ауаның 350 мл-і ғана өкпеге барып газ алмасу үрдісіне қатысады.
Демді әдеттегідей жай ғана ішке тартып қоймай, одан әрі демді әлі
келгенше тереңдете түссе, адам ҚТА-сына қосымша 1500-2000 мл ауаны жұта
алады. Осылайша қатты дем алғанда ҚТА-сына қосымша жұтылатын ауа көлемін
резервтік (қосымша) дем алу ауасы (РДАА) дейді. Сөйтіп, демді қатты ішке
тартса тыныс жолдарын толтырып өкпеге жететін ауа мөлшері ҚТА (500 мл) мен
РДАА-нан (1500-2000 мл) тұрады. Мұны дем алу мөлшері дейді. Ол 2000-2500 мл-
ге тең.
Қалыпты тыныс алу кезінде әдеттегідей дем шығарып, дем алмастан күшпен
дем шығарса, тағы да сыртқа 1000-1500 мл ауа шығаруға болады. Мүны
резервтік (қосалқы) демшығару ауасы (РДША) дейді. Бұл ауа қалыпты жағдайда
өкпеде сақталады, тек демді қатты шығарғанда сыртқа шығады, сондықтан бұл
қор ауа деп те аталады. Сонымен үш түрлі ауа – қалыпты тыныс ауасы,
резервтік демалу ауасы және резервтік демшығару ауасы бірігіп өкпені
тіршілік сыйымдылығын (ӨТС) құрады.
ӨТС = ҚТА + РДАА + РДША
ӨТС = 500 мл + 2000 мл + 1500 мл = 4000 мл.
Былайша айтқанда ӨТС дегеніміз – терең дем алып, іле-шала терең дем
шығарған кезде сыртқа шығатын ауаның көлемі. ӨТС ересек адамда 3500-5500
мл. ӨТС адамның жасына, жынысына, бойына, дене еттерінің (оның ішінде тыныс
еттерінің) күшіне (ширақтығына) байланысты болады. ӨТС қарт адамда аз, оның
қабырға шеміршектері қатайып, өкпесінің серпімді қабілеті төмендейді,
сондықтан демді ішке тартқанда кеуде қуысы онша кеңімейді, өкпесі керегінше
жазылмайды. Ер адамға қарағанда әйелдің көкірек қуысы тарлау, ал жолақ
еттері әлсіздеу келеді. Сондықтан да әйелдерде ӨТС төменірек болады.
Спортшы адамның тыныс еттері ширақ, күштірек келеді де, дем алған кезде
көкірек қаттырақ керіледі, ӨТС-ы жоғары болады.
ӨТС-ын, оның құрамындағы ауа түрлерінің көлемін спирометрмен өлшеп
немесе спирографпен жазып, олардың мөлшерін спирограмма арқылы табуға
болады.
Күш салып терең дем шығарған сәтте 1000-1500 мл ауа сыртқа шықпай
өкпеде қалып қояды. Мұндай ауа қалдық ауа (ҚА) деп аталады. Қалдық ауа мен
резервтік демшығару ауасы қалыпты дем алып, дем шығарған кезде әрдайым
өкпеде қалып отырады. Мұндай екі түрлі ауаның қосындысы функциялық қалдық
ауа (ФҚА) деп аталады.
ФҚА = ҚА + РДША
Ал қалыпты дем алған кезде функциялық қалдық ауа (ФҚА) қалыпты тыныс
ауасымен (ҚТА) араласып, әрдайым аздап жаңарып отырады. Демді мейлінше ішке
тартқан кездегі өкпені толтырған ауаның жалпы мөлшері өкпенің жалпы
сыйымдылығы (ӨЖС) деп аталады. ӨЖС өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) мен
қалдық ауадан (ҚА) тұрады.
ӨЖС = ӨТС + ҚА
Өкпедегі қалдық ауаның мөлшері жанама әдіспен (азот немесе гелий)
көлемін анықтау арқылы анықталады. Әдетте ҚА өкпенің жалпы сыйымдылығының
(ӨЖС) 20-30%-не тең. Қарт адам өкпесінің серпімді қабілеті төмендеп
шеміршегі қатайғандықтан өкпенің тіршілік сыйымдылығы азайып кетеді, ал
қалдық ауаның көлемі, керісінше, көбейе түседі.
2.4. Дем алу және дем шығару.
Дем алған кезде көкірек қуысы арттан алға қарай, екі бүйірге және
жоғарыдан төмен қарай үлкейеді. Арттан алға қарай және екі бүйірге көкірек
клеткасының ұлғаюы сыртқы қабырғааралық еттердің жиырылуынан қабырғалар мен
төс сүйегінің көтерілу нәтижесінде орындалады. Ал жоғарыдан төмен қарай
үлкеюі дем алу кезінде диафрагма жиырылып, оның іш қуысына қарай 3-4 см.
төмен түскендігінен болады
(2-сурет).
2-сурет. Көкірек клеткасының дем шығарғандағы (қою қара түс) және дем
алғандағы (бозғыл түс) пішіні
Диафрагманың 1 см-ге төмен түсуі көкірек қуысын 250-300 мл-ге
үлкейтеді, олай болса дем алу кезіндегі оның 3-4 см-ге төмен түсуі оны 1000
мл. шамасына үлкейтеді екен.
Диафрагма ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz