Мифологиялық ертегілер


Мазмұны
- Әңгіме жанрлары және зерттелу тарихы . . .
- Аңыз-әңгімелер халық ауыз әдебиетінің негізгі бөлімі . . .
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Еліміздің ертеңі бүгінгі жастар екені белгілі. Ал бүгінгі өскелең ұрпақ ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпынан тым алыс, батыстық үлгіге бой алдырып барады.
Халық ауыз әдебиетінің асыл мұралары болып табылатын салт-дәстүр, әдет-ғұрып, мақал-мәтел, шешендік өнер, аңыз әңгімелер, халық ауыз әдебиетін бүгінгі жастар бойына сіңіру үшін ең алдымен ана тілімізден бастаған жөн. Ана тілін білмейтін ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру әсте мүмкін емес.
“Халқым қандай десең, салтынан сынап біл” деген екен. Ұлттың салт-дәстүрі арқылы сол ұлттың менталитетінен, ақыл-зердесінен, даналығы мен даралығынан хабардар етіп тұрады.
Елбасымыз болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жастайынан имандылық пен салауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек, сонда ғана біз рухы дамыған, егеменді еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз, - деген болатын.
Жалпы жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде халық ауыз әдебиетін жүйелі пайдалана білсек, дәстүріміз жалғасып, әдет-ғұрпымыз сақталып, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуімізге әбден болады.
Қазақтың “тектілік” деген сөзінде үлкен мән-мағына, аса құнды астар жатыр. “Текті” деп білім қуып, еңбек етіп, ата-бабасының атына кір жуытпайтын, бойына ұлттық болмысымыздың бар қасиетін жинақтаған, иманды-инабатты, арлы да абыройлы азаматты айтамыз.
Ал “текті” ұрпақ тәрбиелеу үшін, отбасындағы ата-анасы беретін тәрбиемен қоса, мектеп қабырғасында берер алғашқы тәрбие бастауыш сыныптан басталады.
Білім негізі - бастауышта демекші, бастауыш сыныптағы әрбір баланың ішкі дүниесіне үңіліп, қазақи тәрбие беру негізгі міндетіміздің бірі болуы шарт. [31]
Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т. б. - бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі.
Кейбір аңыз әңгімелердің басты кейіпкері көрші елдерге де ортақ болып келеді. Мысалы, Қожанасыр қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Ол "ауылы аралас, қойы қоралас", қыз алысып, қыз берісіп құда-жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Аңыз әңгімелерде көбінесе сарандық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен ажуалап сынау арқылы жас жеткіншектерді жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады. Қожанасыр әңгімелерінде оғаш қылығы, аңғал мінезі әжуа-күлкі туғызып отырғанымен, негізі түйін ойда үлкен тәрбие-тәлім толқыны анық байқалады; оқушы оқып күле отырып шындықты түсінеді. Осындай халық арасына кең тараған күлкілі сықақ аңыз әңгімелердің бір тобы Алдар көсе атымен байланысты туған.
Көсе образы - қарапайым халықтың күлкіні сараң байларға, оның өкілдеріне қарсы жұмсау, оларды келеке-мазақ ету тілегінен туған образ. Мұны біз "Алдар көсе мен Алаша хан", "Алдар көсе мен шық бермес Шығабай", "Алдар көсе мен саудагер", т. б. аңыз әңгімелерден көреміз. Осы аттары аталған хан, бай, саудагерлерді Алдар көсе өзінің тапқырлығы, ақыл-айласының арқасында алдап соғады, ел алдында мазақ, күлкі етеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Аңыз әңгімелерді оқыту арқылы оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттыру жолдарын айқындау.
1. Аңыз әңгімелер бойынша ғылыми педагогикалық әдебиеттерге шолу, талдау жасау.
2. Аңыз әңгімелер жанры арқылы оқушылардың қабылдау белсенділігін анықтау.
3. Аңыз әңгімелердің мазмұнына байланысты сабақта қолдану жолдарын анықтау.
4. Бастауыш мектеп оқушыларының жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, аңыз-әңгімелерді қабылдау белсенділігін арттыру жолдарын айқындау.
Курстық жұмысының құрылымы: Курстық жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Орта мектепте әңгіме жанырын оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
1. 1 Әңгіме жанрлары және зерттелу тарихы
Ертегіге бай елдердің бірі-қазақ халқы. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар. ХІХ ғасырдан бастап, қазақ ертегілерінің ғажап та көркем үлгілерін В. Радол, Г. Потанин, И. Березин, А. Алекторов, П. Мелиоранский, Ш. Уәлиханов, Ә. Диваев сияқты белді де белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады. Қазақ фольклорының кейбір нұсқалары «Дала уалаяты», «Айқап», «Туркестанские ведомости», «Тургайская газета», т. б. мерзімді баспасөз бетінде жариялап келді. «Обрацы народной литературы тюркских племен» атты 10 томдық жинақтарында В. В. радлов қазақ, қырғыз, ұйғыр, өзбек, әзербайжан сияктыкөптеген түркі тайпаларының эпостық жырлары мен ертегілерін молынан жариялаған. Соныменқатар қазақ эпосы мен ертегілерін жинап, профессор Әубәкір Диваевтің еңбегі де елеулі.
Қазақ фольклоры Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, сондай-ақ М. Әуезов, С. Сейфуллин еңбектерінен де мол орын алғаны бар. Алайда 30-40 және 50-жылдары қазақ совет әдебиетінде халық мұрасынан безу, оның басым көпшілігін байлар мен үстем тап өкілдерінің ықпалынан туған шығармалар деп түсіну бел алды.
Алпысыншы жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер иниституты қазақ ертегілерінің екі томдық жинағын жарыққа шығарды. Бұл іске дайындық жұмысы 1945-1946 жылдары-ақ жасала бастағанды. Сол тұста қазақ ертегілерин құрастырушы ғалымдар құрамына менің де енгенім бар. Алайда 1947 жылғы партия қаулысына байланысты бұл игі бастама аяқсыз қалған еді.
Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін зерттеуге М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайыловтар белсене араласты. М. Ғабдуллин, Б. Кенжебаев, Х. Сүіншәлиев, С. Садырбаев, С. Қасқабасовтардың қосқан үлесі де елеулі.
Қазақ ертегілерінің қай түрі болса да замана елегінен өтіп, халық санасына сіңіп кеткен сюжеттер. Онда бір елден екінші елге ауысып, төл сюжет болып жүрген мотивобраздар да аз емес. Ертегінің тұтынушылары қоғамның түрліше тобынан шыға береді. Төменгі тап ортасынан шыққан ертегілерде сатира, демократия сарыны елеулі болатынын кезинде М. Әуезов жақсы айтқан болатын. Сонымен бірге қазақ ертегілерін тек қана феодализм дәуірімен тұйықтап, оны 1868 жылғы реформадан да кейін туғызу ертегі генезисін кенжелету ме дейміз. Шыншыл ертегілер антифеодалдық сарында болған десек, сол жеткіәлікті.
Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болакды. Олар: а) мифологиялық (қиял-ғажайып) ертегілер; ә) хайуанаттар (жан-жануарлар) жайындағы ертегілер; б) реалистік (тұрмыс-салт) ертегілері.
Мифологиялық ертегілер. Бұл ертегілер тым ерте замандарда, адам табиғат сырын толық түсініп болмаған кезде туған. Мұнда өмір көрінісі аздау болады. Мифологиялық ойлау адамдардың топ-топ болып орман, тау-тас үңгірлерін мекендеп жүрген кезеңінен бастап туса да ғажап емес. Ол дәуірдегі адамдардың нанымдары, ойлау дәрежесі өте шынайы болған. Күн, ай, от судың жойқын күштерінің сырына түсінбеген алғашқы қауым адамдары табиғатқа сиынып, табынған: бірінен қорықса бірін қастерлеген. Оларды адамша ойлап, әрекет жасайтын құбылыстар деп ұққан. Мұндай себеп мифология тарихы үнді, грек, араб елдерінде көбірек сақталған. Кейбір елдерде киелі аңдарға сиыну дәстүрі де болған. Қазақтың мифологиялық ертегілері бұдан кештеу, матриархат пен патриархат дәуірінің ауысу кезеңдерінде туса керек. Аншылық салты өмір сахнасынан шыққан кезде адамдар аң-құстардың сырын танып біліп, олар жайында сан-салалы образдар тудырған. Жалмауыз, мыстан кемпір, желтырнақтар матриархат дәуірінің ұғым -нанымдары болмақ. Аңшылық кәсіп ер адамдардың әрекетімен көбірек байланысты болғандықтан, алғашқы ру қоғамының салт-санасы қалыптасып, жұбайлы неке туады. Бұл кезеңде туцған қиял-ғажайып ертегілерінде адамға жат барлықт күштермен күресушілер-мергендер, батырлар болып көрінеді.
Патриархат дәуірінде адамды ең басты киелі күш деп ұғыну үстем болған. Табиғатынан тілсіз күштерін мифтік ойлаумен образдап, соған адам әрекетін қарсы қоятын қиял-ғажайып мертегілері осы ізде туған. Мұндай ертегілерде реалдық адам образдарыф мен мифтік образдар қаз-қатар суреттеледі. Ондай сюжеттердің қазақ ертегілеріндегі үлгілері-«Ер Төстік», «Еділ-Жайық», «Құла мерген», «Аламан мен Жоламан», «»Күн астындағы Күнікей қыз, «Алтын сақа», «Керқұла атты Кендебай», т. б.
Кейбір ертегілерде де ат иемдену, мал асыраудың іздері де айқын байқалады. Малшылық кәсіптің өзі аңшылық дәуірінен басталған еді. Ертегілерде бұрынғы магиялық ұғым, матриархат дәуірінің салт-санасына қарсы күрес бастайтын Ерназарлар емес, Ер Төстіктер. Көп жайда олардың аты да жоқ, тек «бала» деп аталады.
Қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінде адамға жамандық ойлап жүретін мифтік образдардың бірі-жалмауыз кемпір. «Еділ- Жайық» ертегісінде ол адамға үстемдік етсе «Алтын сақада» баладан жеңіліс табады. Жалмауыз кемпір табиғатының өзінде де елеулі өзгерістер бар. Мысалы: матиархат дәуірінде өндіріс күштері төменгі дәрежеде болғандықтан, адам етін жеу, алпысқа келген әкені өлтіру үрдіс болған. Оның ізі «Еділ-Жайық» ертегісінде. Ондағы жалмауыз қора-қорамалы болса да, адам етін жейді.
Кенже туған эпостық жырлар мен қазақ ертегілерінде олар жалмауыз емес, патриархат дәуірінің батыр, мергендеріне қарсы күресіп жүретін, төтелей қауіптен гөрі айла-сиқыры көп, адамды алдаусырата келіп қолға түсіретін хандардың қол шоқпары ретінде көріне бастайды. Бұл кездегі аты- мыстан. Бірақ олардың матриархат кезеңіне тән басты белгісі ұдайы сақталып отырады. Мысалы, ешбір ертегі, не эпостық жырда мыстандардың ер адамнан шыққандығы туралы дерек жоқ. Олар жұбайлы некені білмеген. Мұны олардың ерге шықпайтын, бала тумайтын қырық қызының табиғатынан да байқаймыз.
Ер Төстік, Кенде бай, Аламан, Желім батырдың өзі ең алдымен атаулық қоғамның ұйытқысы болған жұбайлы өмір, отбасы үшін күреседі. Олардың жаулары әр салалы болып, табиғат, жалмауыз кемпір, диюлер, тіпті хандар ортасынан да табылып отырады. Мысалы, Аламанның алтын шашты әйелін хан мыстанды жұмсап, қолға түсіреді. «Құла мерген» сюжетінде жұбайлы некенің ұйытқысын бұзушы дәелер болса да, мерген батырлар адамға жат барлық күштерді жеңіп отырады. Осы күресте ертегінің басты кейіпкеріне болысып, достық ықылас көрсететін жаңа мифтік образдар туады (Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусар, Жарғақ құлақ, т. б. ) . бұлар көбіне адам тұлғасында көрінетін мифтік образдар. Олар ертегінің бас қаһармандарына ұзақ сапарға шыққанда ғана қосылып, көбіне қыз ұзату үстіндегі бәйге, күресте көрінеді. Мұндай образдар орыс ертегілерінде де бар.
Адамдар әрекеті күшейген сайын оның достары құс, құмырсқадан да табыла бастайды. Адамның киелі күш екенің айту үшін ертегі күміс кездік, семсер, садақ сияқты сиқырлы құралдарды адам бойына телейді. Бұл- темір қолданудың қуатын көрсету болмақ.
Өмір ілгері басқан сайын, ит, түлікініңде қызметі жіктеле бастайды. Мысалы, «Күн астындағы Күнікей қыз » ертегісіндегі көк төбет адам жейтін болса, «Алтын сақадағы» иттер адамның досы. кейде пері қыздары өз сиқырын адам пайдасына қолданады. Оған- Күнікей қыздың ханды қасқырға, уәзірлерді түлкіге айналдыруы куә. Адам енді тілсіз күштердің түрлі түспен тұлғаға ене алатын сиқырмен де жан салып күреседі. Табиғат сырын танып білу тереңдей түседі. Мифтік ойлаудың астарында табиғат, өмір құбылыстарын адам әрекеті, еңбек үстінде танудың белгілері бар.
Сонымен, мифтік образдар табиғатында адам ойының сәби, жетілмеген кезіндегі ой-нанымдарының таңбасы басым дейміз. Оны бірде ертегі мазмұнындағы қайшылық десек, біз образдық ойдың фольклорға тән жемісі деп білеміз. М. Горький сөзімен айтар болсақ, залық қиялы сан-алуын мифтік образдарды ойлап шығарып, солар арқылы табиғат сарын, өмір мақсатын танып білуге тырысқан.
Матриархат пен патриархат арасындағы қайшылықты білдіретін қазақтың мифтік ертегілері- «Алтын сақа», «Күн астындағы Күнікей қыз», «Желден шыққан Желім батыр», «Ұшар ханның баласы», «Аламан мен Жоламан», «Керқұла атты Кеңдебай», «Ер Төстік», «Еділ- Жайық». Бұл ертегілерді тотемизм сарыны азайған.
«Алтын сақа» ертегісінен бақташылық өмір суреті көрініс тапқан. Ішінде тотемдік ұғымда бар. Мысалы, жалмауыз кемпір қуып жеткенде, екі түлкі келіп, бірі оның тісін, бірі кетпенін алып кетеді. Баланың сәлемін қарғалар емес, қарлығаш қана оның бес төбетіне жеткізеді. Бес төбет жалмауыз кемпірді де, оның артынан іздеп келген қызын да өлтіреді.
Осы сарын «Сырттандар» ертегісінге тіпті айқын. Асылы бұл ертегі бөрі, ит тотемін символды болса керек. Мұнда ертегілер қазақ фольклорында аз емес.
«Желім батыр», «Күн астындағы Күнікей қыз» ертегілерінде тартыс жұбайлы неке жолындағы күреске негізделген. Алғашқы ертегіде кемпірдің үш баласы болады. Олардың екеуі өліп, кіші баласы дәуді жеңеді. Құдыққа жауып тастаған дәумен шешесінің көңілі жарасып, содан Желім батыр туады.
Жерден шығу ертедегі Тесік тау (Отүкен) аңызын меңзейді. Түрік қағанаты кезінде Могилан өзінің алтынын киік, тай, қой, бұзау түрінде құйғызып, шатыр астындағы көгалға малшы тұрғызып қоятын болады. Күнікей ертегісіндегі алтын мүйіз киік, «Безінгендегі» басы алтын, құйрығы күміс бота Түрік қағанаты заманында туған. Мұндағы құмырсқа- тотем.
Аламан мен Жоламан, Құла мергендер ылғи дәу, мыстандармен күресежді. Осы мазмұндас мифалогиялық ертегілерде қала, қамал, құдық оқиғасы жиі кездеседі.
«Ұшар ханның үш баласы» ертегісінде айдаһар тотемінің ізі бар. Мұндай мифалогия шығыс ертегілерінде көп болса да, бұл ертегі қазақтың төл ұғымынан туған. Айдаһардан қызды арашалап қалу батырлар жырында да кездесіп қалады. Ертегідегі Жандыбатыр Күн қызын іздеп, екі айдаһарды, Көлтаусар дәуді өлтіріп, Зәузәмір дейтін пері қызын алады. Тартыс жұбайлы некенің орнығу кезеңінен хабар береді. Мұндағы балаға болысатын жұлдызшы, кітапшы, суға түскен семсерді табатын дәулер, желаяқтар сияқты адамға дос. Матриархат дәуірінің мифінен мыстан мен Сары өзенді шайқайтын дәу бар. Зәузәмір «Оғызнамадағы» Күн сұлуға ұқсас. Географиямен ұғымдар шеңбері өте кең. Айдаһар, мыстан, дәу ерте замандарға кетсе, жұлдызшы, кітапшы- Соғда. Қытай, Тибет елдерінің ұғымына бейім. Сиқырлы семсер темір қолданудың туғандығын білдіреді. Түрік қағанатында темір табу IV ғасырдан бар десек, оқиға Алтай-Қытай қарым-қатынасын меңзейді. Ұшар-бірде Сібір тайпалырының аты болса, бірде Сібір ханы- Ишбара. Жандыбатыр ылғи ғана жаяу жүреді. Оның мәнісі мал шаруашылығының туа қоймағандығыныңда болса да ғажап емес. Бұл қазақтың мифалогиялық ертегілерінің ішіндегі көкелерінің бірі.
Мифалогиялық ертегілерінің бір жағында жалмауыз кемпірлер, дәулер, түрліше тотемдер, екінші жағында солармен күреске түсіп жүретін мергендер, аты жоқ балалар, «Ирен чечен» дейтін аңыздар ерте замандардан бері бар. Алдар көсенің аты көбіне ертегіде көрінсе, Жиенше шешеннің аты шешендік сөздерде жүр. Бұл екеуінің тарихи- этногенездік белгісінен гөрі аңыздық-анекдоттық, күлдіргі сипаты басым. Алдар да, Жиренше де хандар дүниесін, феодализмді сынайды. Бұл белгі олардыҚорқыт пен Асан бейнелеріне жақындатады. Мұның өзі осы екеуі жайындағы аңыз әңгімелердің анық фольклорға жататының, сол үшін ел аузында сақталып, бүгінге жеткенін көрсетеді.
Алдар көсені Әз Жәнібек тұсында өмір сүрген дейтін жорамал берек сөз. XVI ғасырда ол жайындағы аңыздар жиі айтыла бастаса керек. Әйтпесе Алдар мен Юблар образы Сібір, Қырым татарларында X ғасырдан бері бар. Соған қарап, Алдар көсе әңгімелеріндегі шайтан, молда, қожаларды сынау ислам діні орныққан сон барып туған дейміз. Сол үшін Алдар мен Жиренше әңгімелерінің Аяз биге тартқан көрегендігі, мысқылдан зіл тудыратын шыншылдығы бар.
Асылы бұл екеуінде аңызға жатқызу қиын. Алдар мен Жиренше туралы әңгімелер XIV-XV ғасырларда туса да ғажап емес. Олай болса ертегі мен аңыздан эпостық дастан тумайды. Жаңа заман адамдары аңыз бола алмайды. Егер қазақ аңыздары осы төрт есіммен шектелер болса, бұл әрине жетімсіз. Феодализм тұсында туған аңыз жоқ.
Әрине, бұдан келіп қазақ фольклорында көне дәуір аңыздары жоқ деуге болмайды. Ежелгі көшпелі тайпалар ортасында туған аңыздар сан- салалы. Сол аңыз ертегілер кезінде жиналып, зерттелмеген. Бір ізге де сүрілмеген. Соның салдарынан Баршын, Мәді, Баба Ғұмар, Тамирис, Айсұлу сияқты көптеген аңыздардың бәрін Шығыс елдері иемделіп алған. Ендігі жерде осы аңыздардағы мифалогияға, басқа да ортақ белгілеріне ерекше мән беріп, ежелгі сақ, ғұн тайпаларының тарихымен байланыстыра зерттеу қажет. Олар неге ұқсас, сабақтас. Көшпелі тайпалар мен жатақ елдердің арасындағы тарихи байланыс қандай болған деген күрделі мәселелерге үңіліп, қазақ аңыздарының тегі мен табиғатын айқындай түскеніміз абзал. Қазақ аңыздарын бір ғана қазақ тобында сөз ету- жетімсіз Ер Төстік, оның Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусар сияқты достары жүреді. Бұлардың ғашық қыздары көбіне пері болып келеді. Кенжекей ақ қасқыр сәуегей, ол мыстан, Бекторы, Шойынқұлақ жамандығын күн бұрын сезеді. Қыз біткеннің сиқыры, олардың әлеуметтік типі көп жағдайда бұлдыр. Проблемасы тек Жанды батыр. Ер Төстіктердің төңірегіне құрылған. Ғашықтық қыздар емес ерлер бала батырлар басында.
Мифологиялық ертегілердің бас геройы-мерген балалар. Олар бірде кемпір мен шал, бірде бай, бірде хан баласы, кейде атасы жоқ, тек кемпір баласы делінеді. Кендебай, Қазанғап деген кедейдің баласы. Ол мифтік патшаға тұтқын болған Меркенбайды құтқарып, пері қызына уйленеді. оның жолындағы бөгет-жеті басты дәу, арыстан, жалмауыз кемпір, ең үлкені-перісі. Мұның бәрі де миф. Қияли ертегіде ат иемдену, мал шаруашылығы туа бастаған. Құйрығы алтын, жүні құндыз құлындар да мифтік жылқылар.
Осы мазмұндас ертегілерде хандар бейнесі де бар. Олардың өздері де көп жағдайда мифтік образдар болып келеді. Кендебай «өзімдікі »дегенді білмесе, хандар бәрін»өзімдікі »дейді. Мифтік ертегілерде реалдық өмір суреттері аз, бұлдыр.
Мифологиялық ертегілердегі жамандық пен жақсылық көбіне табиғат пен адам арасындағы тартыстарға құрылады. Түрліше төтем, миф ортасында реалдық адамдар-мергендер мен бала батырлар-арал сияқты болып көрінеді.
Ертегі сюжеттерінің локалдық шеңберде көрінуі арыда емес, қоғам бақташылық кәсіпке көшкен кезде туған сияқты. Ертедегі мифологиялық ертегілердің нананымдық- географиялық, өмірлік шеңбері кең де шексіз. Күн, жер, тұрмыс суреті, кәсіп, нанымдар қазақ ертегілеріне ғана тән емес. Оларды Қытай, Алтай - Саян, Иран, Үнді, грек, орыс мифологияларымен де ұқсатуға рет бар.
Тылсымдау, жәділеу, самұрықпен ұшу, теңіз кешу, айдаһармен алысу, жеті басты жалмауыз, адам етін жейтін кемпірлер үнді ертегілерінен алынған ба дейміз. Жамандық пен жақсылық, жеті пәле Иран елінің ұғымдарынан да көрініс тапқан. Ол замандарда политеистік наным бүкіл Азияға ортақ болған. Мысалы, »Қорқыт кітабы»сюжетіндегі Төбекөз дәу»Одессияда»Полифемге ұқсас. Скиф-сақ дәуірінен қалған Желаяқ, Көлтаусар, Таусоғар шығыс-батысқа бірдей ортақ. Жабайылық, аңшылық, бақташылық өмір сатыларын, космолгия, тотемизм, зороастрзим, дуализм, монотеизм нанымдарын басынан өткермеген елдер кемде-кем.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz