Мемлекет бюджетінің шығыстары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4

І Тарау. Мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны
1. Мемлекеттік бюджет ұғымы және
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .5-9
1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... .9-14
1.3 Мемлекет бюджетін
жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .14 -17

ІІ Тарау. Мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірістерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .18-19
2.2. Мемлекет бюджетінің
шығыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...19-24

ІІІ Тарау. Мемлекеттік бюджеттің қаржы базасын жетілдіру
3.1. Мемлекет бюджеттің қаржысын басқару және оны жетілдіру ... ...25-
27
3.2 Мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары ... ... ... .27-
31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32-33

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

Қосымшалар

Кіріспе

Әр аймақтың экономикалық - әлеуметтік жағдайы жіті көзқараспен,
байыпты бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние. Оны өзгерту, көтеру
жолында талпынған сол аймақ ерекшеліктеріне қарап шешім қабылдамаса
болмайды. Өйткені, республика былай тұрсын, облыс аудандарының, тіпті аудан
ішіндегі әр шаруашылықтың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан еңбек ету
дәстүрі болады.
Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық
экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік-экономикалық
дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке
тиесілі.
Мемлекеттік бюджет –бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді
қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға
бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының
орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы
мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа
қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.
Қазақстанның қаржы органдарының тарихы 1920 жылдың қазан айынан
басталады, ал бақылау – тексеру қызметі 1923 жылдың соңында қаржы халық
комиссариаты жанынан ұйымдастырылды.
Бақылау басқармасының негізгі қызметтеріне бюджетті толықтыру және
мемлекеттік қаражаттың шығыс есебіне тексерулер жүргізу кірді. Қаржы
бақылау органдарының құзіреті бүгінгі күні өзгерген жоқ.
Органдардың әр кездегі әртүрлі дәрежесі тек қана қаржы – экономикалық
жағдайының нақты қажеттілігінен ғана туындаған жоқ, бақылау жұмысының
көлеміне және сипатына шектен тыс қарама – қайшы көзқарастардан туындайды.
Экономиканың ырықтандырылуы, нарық қатынастарының дамуы мемлекет үшін
ақшалай ресурстардың ағымына қатаң бақылау жүргізу қажеттілігін нақты
көрсетеді.
Қаржының айқындылығы – нақты демократияның бірден бір мәнді
көрсеткіші. Бюджет, қаржы саласындағы заң, тәртіп бұзушылықтар мен
зиянкестіктер небір хронологиялық байланысқа, ұлттық тамырларға ие емес,
себебі:
- біріншіден, әр мемлекеттің қажеттілігі оның қаржылық
мүмкіндіктерінен асады, сондықтан шенеуніктер тез арада,
заңды және Парламентті айналып өтіп, қаржыны тығыз
қажеттіліктерге бөлістіруге ұмтылады;
- екіншіден, әр қоғамда әртүрлі дәрежедегі түрлі
компаниялардың , топтардың саяси және коммерциялық мүдделері
айқындалады, аталған мүдделерді экономика саласында қорғау,
түрлі жеңілдіктер алу көзделеді.
Адамзат өзін - өзі ұйымдастырылған қоғам ретінде тани бастағаннан
бастап қазіргі күнге дейін әр мемлекет үшін мемлекет қалтасы жағдайына
жалпы, ашық бақылау жүргізу, бюджет қаражатының пайдалануына бақылау
жүйесін құру және жетілдіру мәселесі маңызды.
Курстық жұмыс жалпы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда мемлекеттік
бюджеттің экономикада алатын орны, мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы,
мемлекеттік бюджет құрамы мен құрылымы, яғни республикалық және жергілікті
бюджеттердің маңызы, мемлекеттік бюджеттің материалдық өндіріс саласындағы
рөлі және т.б. қарастырылған. Екінші тарау бойынша бюджеттің қаржы
жүйесінде алатын орны, мемлекеттік бюджеттердің кірістері мен шығыстары,
мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары, мемлекеттік қарыз,
мемлекеттік борыш және де бюджеттен тыс қорлар туралы қарастырылған.
Үшінші тарауда мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру қорлары, нысандары
қарастырылған.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып – мемлекеттік бюджеттің
экономикадағы маңызы, оның қаржы жүйесіндегі рөлі, қоғамдық өндірістегі
өмір сүруі және т.б. табылады.
Курстық жұмыс жазу барысында басты назар келесі мән – жайларға
аударылды:
- мемлекеттік бюджеттің экономидағы алатын орны;
- мемлекеттік бюджеттің құрамы және құрылымы;
- мемлекеттік бюджет кірістері мен шығыстары;
- мемлекеттік бюджет тапшылығы және жою жолдары;
- мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру қорлары және нысандары.
Бұл курстық жұмыста мемлекеттік бюджеттің мәнін, оның экономикадағы
рөлін, құрылымы мен құрамын және оның қоғам өміріндегі маңыздылығын
толықтай және де көбірек қамтыдым және де бұл курстық жұмыстың әдістемелік
нұсқамасы болып, жетекші мамандардың монографиялары, газет – журналдар,
әдебиеттер, нормативтік – құқықтық актілер және т.б. табылады.

І Тарау. Мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны

2. Мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы

Сан алуан қаржы байланыстарында жекелеген ерекшеліктері бедерленетін
айрықша салалар бар. Мемлекеттің кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен
және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнімді құндық бөлудің
айрықша саласын құрайды. Бұл қатынастарға бөлу процесінде туындайтын ортақ
белгілер тән және олар қоғамдық қажеттерді өтеуге арналған ,
орталықтандырылған қаражат қорын құрып, пайдалануға байланысты. Бұл процесс
мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы
қатынастарының бұл жиынтығы Мемлекеттік бюджет деп аталған ұғымның
экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде
объективтік сипатқа ие. Оны бөлудің дербес саласы ретінде өмір сүруін
қоғамдық өндірістің өзі айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған
ресурстарды қажет етеді. Қаражатты орталықтандыру бүкіл халық шаруашылығы
ауқымында қорлардың үздіксіз айналымын ұйымдастыру үшін, жалпы экономика
жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Арнайы бюджет саласының құндық
бөлінісі мемлекеттің табиғаты мен қызметінен туындайды. Мемлекет
қаржыландыруға бүкіл қоғам ауқымында әлеуметтік-мәдени шаралар өткізуге,
қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабуға
орталықтандырылған қаржыны қажет етеді.
Сөйтіп мемлекеттік бюджет ұдайы өндірістің қажеттіліктерінен,
мемлекеттің табиғатынан объективті қажеттілік туындайтын болып табылады.
Экономика қазіргі жағдайда орталықтандырылған қаржы ресурстары
мемлекетке қоғамдық өндіріс қарқынын қамтамасыз ететін салалық және
аумақтық құрылымдар құрып, ірі әлеуметтік өзгерістер жүргізуге мүмкіндік
береді. Орталықтан бөлінетін қаржының көмегімен қаражат экономиканың
басты учаскелерінде шоғырландырылып, мемлекеттің экономикалық және
әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтіп құндық бөліністің
айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықша қоғамдық арналымды жалпы
мемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қызмет етеді.
Нақты объективті бөліс қатынастардың формасы болғандықтан айрықша
қоғамдық арналымды орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық
категория ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетте қаржы
категориясына тән сипаттар бар: бюджет қатынастары бөлістік сипатта
мақсатты ақша қорларын құрып, пайдалану арқылы жүреді.Сонымен қатар
бюджеттік қатынастардың белгілі бір ерекшелігі болады. Бірақ ол ерекшелік
қаржыға тән сипат шегінен шықпайды. Мемлекеттік бюджет құн бөлінісінің
айрықша саласы ретінде мыналармен сипатталады:
жиынтық қоғамдық өнімнің мемлекеттің қолында жинақталып, қоғамдық
қажеттерді өтеумен байланысты бөліс қатынастарының айрықша экономикалық
формасы болып табылады;
құнды жасап, оны тұтыну процесін бедерлейтін материалдық өндіріс
қаржысы мен құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістен тыс сала қаржысынан
айырмашылығы бюджет халық шаруашылығы салалары, аумақтар, экономика
секторлары, қоғамдық қызмет салалары арасында құнды қайта бөліске салуға
арналған;
қоғамдық өнімнің тауар формасындағы қозғалысымен тікелей байланысы
жоқ құнды бөлісіп, одан алшақтау жүзеге асырылады, ал материалдық
өндірістен тыс салаларда қаржы қатынастары тауар-ақша қатынастарымен
астасып жатады.
Кез келген басқа экономикалық категория сияқты мемлекеттік бюджет
өндірістік қатынастарды бейнелеп, соған лайықты материалдық-заттай көрініс
табады. Бюджет қатынастары мемлекеттің ақшалай қатынастарының
орталықтандырылған қорында – бюджет қорында заттанады. Нәтижесінде қоғамда
жүріп жатқан нақты экономикалық бөліс процестері мемлекет жұмылдырып,
пайдаланатын қаражат тасқынынан көрінеді. Бюджет қоры- қоғамдық өнім мен
ұлттық табыстың құндық бөлінісінің тиісті кезеңдерінен өтіп, ұдайы
өндірісті ұлғайту, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс,
басқару жөнінде қажеттерді қанағаттандыру үшін мемлекет қарамағына түскен
бөлігінің объективті алғышарты бар экономикалық формасы. Бюджет қорын
қалыптастыру мен пайдалану, бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн
қозғалысының процесін білдіреді.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет қоғамдық өнім
құнының мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорын құру жолымен жоспарлы
түрде бөлу, қайта бөлу процесінде және оны ұдайы өндірісті ұлғайту,
қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен
қоғамдық өндіріске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша
қатынастарын бейнелейді].
Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқылы ықпал етеді. Мұнда
бюджеттің бүкіл экономикаға ықпал құралы ретіндегі рөлі көрінеді. Бюджет
механизмі- мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру
және пайдалану формалары мен әдістерінің жиынтығы. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған қаражат қорының көлемін белгілеу, оны құру, пайдалану
формалары мен әдістерін реттеу, бюджетті құру және орындау процесінде қаржы
ресурстарын қайта бөліске салу жолымен жүзеге асырылады.
Өндіріс құрал-жабдықтарына мемлекеттік меншіктің әзірше, басым болуы
шаруашылықты үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Мұның өзі бюджет
қатынастарының жұмыс істеуінің жоспарлы мақсатын алдын ала айқындайды.
Бюджет байланыстарының мақсатты сипаты, мемлекеттің ақшалай қаражаттарының
орталықтандырылған қоры қозғалысының осыған ұқсас формасы бюджет
байланыстарын тиісті қаржы құжаты- елдің негізгі қаржы жоспарында
бейнеленетіндігіне жеткізеді. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын
бөліс процестері қарастырылады. Кірістер мен шығыстардың баптары
мемлекеттің ақшалай қатынастарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру
көздері мен жұмсалу бағыттарын көрсетеді. Негізгі қаржы жоспары-
мемлекеттің жоспарлы қызметінің нәтижесі; онда қоғамның барлық мүшелерінің
мүдделерін бейнелейтін мемлекет еркі көрінеді. Мемлекеттің негізгі қаржы
жоспарының көрсеткіштері республика үкіметінің Мемлекеттік бюджет туралы
заңына сәйкес міндетті түрде орындалуы тиіс.
Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен,
өндірілген ұлттық табыстың, жалпы қоғамдық өнімнің бөлу және қайта бөлуінен
көрінеді. Ол қаражатты елдің халық шаруашылығы салалары, қоғамдық қызмет
саласы, өндіріс секторлары, экономикалық аудандары мен аумақтары арасында
бөледі. Бүкіл халық шаруашылығының бюджеті болғандықтан, мемлекеттік бюджет
экономикаға тұтас ықпал жасайды.
Мемлекеттік бюджет материалдық өндіріс саласында оның өсуінің
стимуляторы ретінде зор рөл атқарады. Бюджет қаржысы жеке жеке
кәсіпорындар шеңберінде және қоғамдық бүкіл халық шаруашылығы ауқымында
қорлар қозғалысын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Кәсіпорындардағы
күрделі жұмсалымдар мен айналым қаржысын бюджеттен қаржыландыру,
операциялық және басқа шығындарын жабу бюджетке жеке кәсіпорындардың
өзіндік айналым қорларына қосылып, оның іркіліссіз бірқалыпты жүруіне
мүмкіндік береді.
Мемлекеттік бюджет –бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді
қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға
бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының
орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы
мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа
қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.
Бүгінгі мемлекеттердің бюджеттері олардың көпсалалы қызметтерін
бейнелейтін құжат деуге болады. Ол мемлекеттік шығындардың және оларды
өтейтін қаржы көздерінің жылдық жоспары. Бюджеттің жобасы жыл сайын заң
шығаратын органда талқыланады және елдің, штаттың парламентінде немесе
муниципалдық жиналыста қабылданады. Қаржылық жыл біткеннен кейін атқару
үкіметінің өкілетті өкілдері, алдыңғы жылғы бюджет туралы қабылданған заң
бойынша өздерінің табыстарын жинақтау туралы және жасалған шығындар туралы
есеп береді
Орталық үкіметтің бюджеті мен жергілікті бюджеттердің арасында бюджет
табыстарының көзін бөлу туралы, ел масштабында қаражаттарды қайта бөлу
арқылы, орталық үкімет жағынан жергілікті бюджеттерді қаржыландыру туралы
жеңіл емес қатынастар пайда болады. Сондықтан мемлекеттік бюджет тек
орталық үкіметтің бюджеті емес, ол мемлекеттік әкімшілдік-территориялық
үкіметтердің барлық дәрежедегі бюджеттерінің жиынтығы болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлар мақсатты міндет атқаратын және мемлекеттік
бюджетке жатқызылмаған бюджетпен тығыз ұштасып жатады. Бюджеттен тыс
қаражаттар орталық және жергілікті үкімет қарамағында болады және олар,
әрқайсысы белгілі қажеттер үшін құрылған арнаулы қорларда жинақталады.
Мысал ретінде ҚР зейнетақы қорын атап өтуге болады. Бюджеттен тыс қорлар
арнаулы (мақсатты) салықтар, заемдар, бюджеттік субсидиялар есебінен
құрылады.
Бюджеттен тыс қорлар бюджетті, сондықтан парламенттік бақылауды
айналып үкіметтің экономикаға кірісуінің мүмкіндігін кеңейтеді.
Мемлекеттік бюджет біртұтастық, толықтық, нақтылық, жариялылық
принциптеріне негізделеді.
Біртұтастық принципі бюджет жүйесінің ұйымдық-экономикалық
орталықтандырылу дәрежесін білдіреді. Бұл принцип бұрынғы КСРО-ның бюджет
жүйесінде неғұрлым айқын аңғарылатын. Қазіргі уақытта жергілікті
органдардың дербестік алып, оларға қаржы ресурстарын пайдалану жөнінде
біршама құқықтар берілуіне байланысты әлсіреп отыр.
Біртұтастық мемлекетте біріңғай бюджет жүйесінің, елдің аумағында
әрекет ететін мемлекеттік табыстардың жалпы жүйесінің өмір сүруінде,
мемлекеттік шығындардың біркелкілігінде, қаржы құжаттарының, бюджет
жіктемесінің бірлігінде көрінеді. Бұл принцип бюджетті жоспарлаудың
әдістері мен ұйымдастырылуының бірыңғайлығын, оның әлеуметтік экономикалық
болжаммен өзара байланысын қамтамасыз етеді. Бюджеттің біртұтастығы
принципінің міндеті парламент тарапынан бюджет қаржысы қозғалысына пәрменді
бақылау орнату.
Толықтық принципі үкіметтің барлық қаржы операцияларының, барлық
жиналатын кірістер мен жұмсалатын шығындардың бюджетте шоғырландырылып,
мемлекеттің барлық түсімдері мен шығындарын әрбір бапта ескерілетінін
білдіреді. Қазіргі уақытта бұл принцип іс жүзінде қолданылмайды. Өйткені
бюджетті арнайы шығыстармен былықтыру жөнсіз деп саналады, сондықтан соңғы
кезде мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың дербес
бюджеті бөліп шығарылады.
Қаржының едәуір бөлігі арнайы бюджеттен тыс қорлар бойынша жүреді
зейнетақы, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жол, әлеуметтік сақтандыру және
т.б.. Бұдан басқа ҚР бюджет жүйесі туралы заңына сәйкес бюджетте
қарастырылмаған аса маңызды шараларды қаржыландыру үшін немесе белгілі бір
мақсаттарға қаржы жетпесе, ағымдағы бюджеттің орындалуы ескеріліп, қосымша
бюджет құрылады. Оны мемлекеттік үкімет пен басқарудың жоғары органдары
қарап, бекітеді.
Нақтылық принципі бюджет жазбаларының жалғандығын болдырмау үшін
қажет, ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының нақты көрінуін,
бекітілген сомалардың сәйкес келуін қарастырады. Мұнда нақты болу
болжамдары, бағдарламалары көрсеткіштеріне негізделіп, бюджет резервтерімен
нығайтылған барлық кірістер көздері мен шығыстар бағыттары есептеулерінің
негіздемелеріне қарай анықталады.
Жариялылық принципі бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы
мәліметтерді жұртшылыққа бюджеттің құрамы және құрылымы мен, тапшылық
көлемімен және жабудың әдістерімен шығындарды қысқарту, кірістерді
көбейту, заемдар және басқалар таныстыру үшін баспасөзде жариялау талабын
білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономиканы реттеудің ең маңызды құралы деуге
болады және тиімді де икемді жұмсай білу экономикадағы көптеген мәселелерді
шешуге көмектеседі. Ол арқылы жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді
қанағаттандыруға болады. Сонымен қатар бюджет, шаруашылық конъюнктураға
ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы
болып табылады.

1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы

Мемлекеттік бюджет құрылымы, алдымен сол елдің мемлекеттік
құрылымынан тәуелді болады. Унитарлық мемлекеттерде бюджет жүйесі екі
қабаттан тұратын құрылым түрін алады – мемлекеттік және жергілікті бюджет.
Федералдық мемлекеттік құрылымы бар елдерге (АҚШ, ФРГ) арабуын болады -
штаттардың, жерлердің және осыларға сәйкес келетін әкімшіл құрылымдардың
бюджеті.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамына мыналар кіреді:
республикалық бюджет;
жергілікті бюджеттер: облыстық, қалалық, аудандық, қалалардағы
аудандық, поселкалық, селолық және ауылдық бюджеттер.
Республикалық бюджет жалпы мемлекеттік салықтар есебінен
қалыптастырылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне
Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің
актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін белгілейтін жалпы
мемлекеттік бағдарламалар мен шараларды қаржыландыруға арналған
орталықтандырылған ақша қаражатының қоры болып табылады. Республикалық
бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
1. Республикалық бюджеттің кірістері мыналардан тұрады:
- жергілікті бюджеттердің кірістеріне есептелуге тиісті сомаларды
шегеріп тастағаннан кейінгі, жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдарды қоса
алғанда, Қазақстан Республикасының салық және кеден заңдарымен белгіленген
салық және кеден түсімдері, бұл орайда жалпы мемлекеттік салықтар бойынша
түсімдердің нормативтері мен олардың облыстар және республикалық маңызы бар
қалалар бойынша алғандағы жоғары шегі республикалық бюджет туралы заңмен
белгіленеді;
- заңдар және өзіне берілген өкілеттік шеңберінде Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейтін салықтық емес түсімдер;
- мемлекеттік капиталымен жасалатын операциялардан түсетін кірістер;
- Қазақтсан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де
түсімдер;
2. Ресми алынған трансферттер (гранттар), олар мыналардан тұрады:
- ішкі трансферттер, соның ішінде атқарушы органдардан алынатын
трансферттер;
- халықаралық ұйымдармен шет мемлекеттерден алынатын сыртқы ресми
трансферттер;
3. Республикалық бюджеттің тапшылығын жабуға қажетті ішкі және сыртқы
көздерден бюджетке түсетін түсімдерден тұратын Үкімет қарыздары;
4. Бұрын республикалық бюджеттен берілген несиелерді өтеуден түскен
түсімдер, сондай-ақ міндеттемелерді өтеу үшін мемлекеттік меншік
акцияларының мемлекеттік бумасын сатудан түскен түсімдерді
біріктіреді].
Республикалық бюджеттің жобасы Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі бекітетін бюджеттік жіктеуге сәйкес әзірленеді.
Республикалық бюджет туралы заң жобасында түсімдердің барлық түрінің
жиынтығы, ретке келтіруші жалпы мемлекеттік салықтарды бөлу нормативтері,
сондай-ақ бюджетте жіктеуге сәйкес, бюджет тапшылығының мөлшері, оны жабу
көздері атала отырып, функционалдық топтар, қызметтер, кіші қызметтер мен
мекемелер бойынша шығыстардың шекті мөлшері, сондай-ақ ресми
трансферттердің жобаланып отырған мөлшері көрсетіледі.
Жергілікті бюджеттерде жергілікті бағдарламалар мен шараларды
қаржыландыру қамтамасыз етіледі. Жергілікті қаржы қоғамдық өнімнің ақша
формасындағы бір бөлігін жергілікті басқару органдары өздеріне жүктелген
міндеттеріне сәйкес жинайды, бөледі және пайдаланады. Жергілікті қаржы-
мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны. Жергілікті қаржының құрылымы
мен бағыттарын жергілікті басқару органдары өздеріне жүктелген қызметтеріне
сәйкес анықтайды.
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
1. Жергілікті бюджеттің кірістері мыналардан тұрады:
- аймақтық әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін ескере отырып,
төменгі бюджеттерді реттеу тәртібімен жалпы мемлекеттік салықтардан
бөлінетін қаржы сомалары;
- жергілікті бюджеттерге республикалық заң актілерімен белгіленген
салықтық емес түсімдер;
2. Алынған ресми трансферттер, олар мыналардан тұрады:
- жергілікті атқарушы органдар өз бюджеттерінің теңестірілуін
қамтамасыз ету мақсатымен жоғары тұрған бюджеттен алатын ішкі ресми
трансферттер;
3. Тоқсан сайынғы кассалық үзілісті жабу үшін төменгі бюджеттердің
қарызға алған қаражатының түсімдері.
4. Бұрын берілген несиелерді өтеуден түсетін түсімдер.
Қазіргі уақытта, нарықтық қатынастың қалыптасу жағдайында жергілікті
органдардың қызмет ауқымы кеңейді, олар әлеуметтік-экономикалық,
экологиялық, демографиялық сипаттағы мәселерді шешуде дербестікке ие болды.
Жергілікті басқару органдары мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын
жүзеге асыру жөнінде маңызды міндеттер орындайды, халыққа қызмет көрсету
шараларын қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы ресурстары есебінен
жүзеге асырылады, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым салалары халыққа
қоғамдық тұтыну қорлары есебінен тегін қызмет көрсетеді, олар негізінен
бюджет қаржысы есебінен қалыптасады.
Жергілікті бюджеттердің кірістері Қазақстан Республикасы заңдарында
бекітілген көздер және жалпы мемлекеттік салықтар мен кірістер аударымдары
есебінен қалыптасады.
Жергілікті (облыс, қала, аудан) бюджеттердің шығындары, олардың
кірістік, сондай – ақ жоғары тұрған аумақтық деңгейдегі бюджеттерден
алынған демеу қаржы, субвенсиялар есебінен жүзеге асырылады.
Жергілікті басқару органдары жергілікті бюджеттердің шығыстар
бөлігінде мынадай құқықтарға ие:
қаржыны өз беттерімен пайдаланып, жұмсауға;
қолында бар қаржы шеңберінде халыққа білім беру, денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт, табиғатты қорғау,
мекемелерді ұстауға шығындар мөлшерін көбейтіп, халықтың жеке топтарына
қосымша жеңілдіктер беріп, жәрдемақы төлеу;
меншікті табыс есебінен және кірістердің шығыстардан асқан бөлігінен
резерв қорларын құру.
Республика үшін бюджетаралық қатынастарды реттеу өте көкейтесті және
күрделі проблемаға айналып отыр. Бюджетаралық қатынастардың
жетілдірілмеуіне байланысты әртүрлі деңгейлердегі билік органдарының
көптеген қаржылық мәселелері өршуде. Қаржыларды орталық бюджетке
шоғырландыру, барлық деңгейлер бюджеттері арасында қарсы қаржылық
ағындардың болуы, жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері деңгейінің
төмендігі – осылардың барлығы жергілікті билік органдарын халықтың өмірлік
маңызды проблемаларын шешу мүмкіндігіне айырады, сонымен қатар сәйкес
аумақтарда тиімді салықтық – бюджеттік саясатты жүргізуге кедергі жасайды.
Бюджеттік жүйе деңгейлері бойынша салық әлеуетін таратуды үйлестіру сияқты
бюджетаралық қатынастардың маңызды сұрағы әлі шешілген жоқ.
Реттеуші салықтардан тұрақты нормативтерді бекіту аймақтар
бюджеттерін негізді жоспарлаудың мәселелерін шешпеді. Осыған орай, 2001
жылдың аяғында Бюджет жүйесі туралы Заңға өзгерістер енгізіле бастады.
Заң жобасы орталық және аймақтар арасындағы бюджеттік қатынастардың
салықтық кірістерді қайта тарату арқылы, бюджеттік алып қоюлар және
субвенциялар көлемін қайта қарастыру жолымен түзетулер жасауға негізделді.
Саяси тұрғыдан өзгеріс кірістерді дұрыс дифференциалдап, жергілікті бюджет
тұрақтылығына әкелетін, биліктерді орталықтандырмау мәселесін шешуге
міндетті. Сонымен, 2002 жылы бюджет жобасына сәйкес үкімет бюджет жүйесіне
өзгерістер енгізген: корпоративтік табыс салығы толығымен республикалық
бюджетке беріліп, ішкі акциздер және қоршаған ортаны қорғаудан түскен
табыстар толығымен жергілікті бюджет көзі болды. Өзгеріс енгізудің негізгі
себебі, әртүрлі өзгерістерге ұшырауға икемді корпоративті табыс салығы
облыстық деңгейдегі салықтық түсімдерге кедергі жасайтындықтан, салықты
толығымен республикалық деңгейге беру жолымен салықтық түсімдердің
тұрақтылығын қамтамасыз етуге болатындығы. Ал акциз сияқты проблемалы
салықты әкімшіліктендіру жергілікті деңгейде жүргізу тиімділігінен
акциздерді толығымен жергілікті бюджетке қалдыру қажеттілігі туады.
Енгізілген өзгерістердің себептерін, олардың негізділігін
тұжырымдайтын көзқарастарды қарастыра келе, келесідей орынды қайшылықтар
туады:
1) өзгеріс орталықтандырмауды жүзеге асыру мақсатын көздеген.
Бірақ мемлекеттік басқару деңгейлері арасында функцияларды нақты шектеу,
жергілікті бюджеттің тұрақты кірістерін қамтамасыз ету, бюджеттің қаржылық
дербестігі сияқты проблемалар шешілмейінше орталықтандырмау проблемасы
шешілмейді;
2) корпоративтік табыс салығынан бөлулерден жеткілікті бюджетке
түсімдер барлық салықтық түсімдердің 13 бөлігін құрады. Бұл түсімдер
республикалық деңгейге берілсе, облыстар үкімет трансферттерін алуға
мәжбүрлі болады, сәйкесінше дербестікке қол жеткізу мүмкін болмайды;
3) толық дербестікке реттеуші салықтардан неғұрлым көп мөлшерде
бөлулер жасағанда және үкімет облыстық бюджеттер тапшылығына бақылау
жасамай олардың табыстарына түзету енгізгенде қол жеткізуге болады;
4) жергілікті бюджеттерге толығымен түсетін акциздер жергілікті
бюджеттердің кіріс базасын нығайта алмайды, өйткені бұл түсімдер
корпоративті табыс салығы мен акциздер арасындағы айырмашылықтың орнын
толтыра алмайды.
Республикалық бюджеттің атқарылуын Қазақстан Республикасының Үкіметі
ұйымдастырады.
Ұйымдар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы
қазынашылық беретін рұқсаттар негізінде бюджеттік мақсаттарға сәйкес
шығыстар жұмсайды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің тиісті
қаржы жылына арналған шығыстар сметасын тапсырмаған және бөлінген
қаржыларды мақсатқа сай емес немесе тиімсіз пайдаланған жағдайда бюджет
қаржыларын бөлмеуге, қайтарып алуға және оларды жұмсауға тыйым салуға
құқылы.
Барлық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп әзірлеуге
қажетті ақпаратты оларға белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.
Бюджеттің атқарылуы барысында бюджеттік ұйымдардың құрылымы мен
қызметтерін жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға байланысты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бөлінген қаржыға мекемелер бойынша
(бюджеттік жіктеуге сәйкес) өзгерістер енгізуге құқығы бар.
Республикалық бюджет есебінен ұсталатын ұйымдар Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің келісімімен бір бағдарламадан , кіші
бағдарламадан, айрықша саладан екіншілеріне қаржы аударуы мүмкін.
Жергілікті бюджеттердің және бюджеттен тыс мақсатты қорлардың
есебінен ұсталатын ұйымдарға, қоғамдық және шығармашылық бірлестіктер мен
ұйымдарға, сондай-ақ мемлекеттік қатысу үлесінсіз шаруашылық жүргізуші
субъектілерге республикалық бюджеттен қаржы бөлуге жол берілмеуі керек.
Егер бюджеттің атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының орталық
мемлекеттік органдарының нормативтік актілер қабылдаса, яғни құқықтық
актілер, соларға сәйкес облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар
бюджеттерінің шығыстары ұлғайса немесе кірістері азайса, олардың шығындары
республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеледі және керісінше, олардың
шығыстары азайған немесе кірістері ұлғайған жағдайда субвенциялар
азайтылады, ал субвенциялық емес салалар бойынша олар өзара есеп айырысуға
жатқызылады.
Өткен жылғы кірістерді артығымен орындау нәтижесінде қаржы жылының
басында алынған бюджет қаржыларының бос қалдықтарын, сондай-ақ ағымдағы
жылдың бюджетін атқару барысында өткен кезең ішіндегі кірістерді артығымен
орындау сомаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджетті атқару үстінде
пайда болатын қосымша шығындарды қаржыландыруға жұмсауы мүмкін.
Республикалық бюджетте алдағы қаржы жылының басындағы республикалық
бюджет бойынша қаражат қалдығының есебінен қолма – қол ақшаның айналым
резерві құрылады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржы жылы ішінде
өтімділікті басқару үшін пайдаланады.
Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік – аймақтық бөліністер
бюджеттерінің атқарылуын, бюджет қаржыларының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын
ұйымдастырады. Жергілікті бюджеттерді атқару бекітілген бюджеттердің
сомалары шегінде құралатын облыстық бюджеттердің, республикалық және
облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінің, аудан бюджеттерінің тоқсанға
бөлінген кірістері мен шығыстарының жазбасы бойынша жүзеге асырылады.
Жергілікті қаржы органдарының бөлінген бюджеттік қаржылар мақсатқа сай емес
немесе тиімсіз пайдаланылған жағдайда қаржыландыруды тоқтата тұруға немесе
қайтарып алуға құқығы бар.
Жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын ұйымдар жергілікті қаржы
органдарының келісімімен қаржыларды, бекітілген бюджетте арнайы
бөлінгендерінен басқа, бір бағдарламадан, кіші бағдарламадан және айрықша
саладан екіншісіне аударуы мүмкін.
Республиканың әлемдік экономикалық қауымдастығына тез арада кіру
мақсатында, халықаралық қаржы институттарының белгіленген ережелерін
қабылдау үшін бұл бағытта алғашқы қадамдар атқарылды, соның ішінде нақтырақ
айтқанда 2002 жылғы 19 қаңтарда Республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқарылуын бақылау туралы ҚР заңы қабылданды.
Қазіргі кезеңде қызмет атқаратын республикалық және жергілікті
бюджеттер атқарылуының бақылау жүйесі бақылаудың екі түрі қамтылған: ішкі
және сыртқы.
Сыртқы бақылау – Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджетті
орындауына бақылауды және жергілікті атқарушы органдардың – жергілікті
бюджетті орындауына бақылауды маслихаттың тексеру комиссиялары, тәуелсіз
мемлекеттік органдар жүргізеді.
Ішкі бақылау – республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын
бақылау, бақылауды ҚР Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.
Қазіргі кезеңде Заң бойынша республикалық және жергілікті
бюджеттердің орындалуына бақылау жүргізетін 5 құрылым белгіленген:
- республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті;
- ҚР Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік орган – ҚР ҚМ Қаржы
бақылау комитеті және оның жергілікті басқармалары;
- мәслихаттардың тексеру комиссиялары;
- әкімдер уәкілеттік берген мемлекеттік органдар;
- мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері.
Қазақстан Республикасының қаржы бақылау жүйесі дамуына республикалық
және жергілікті бюджеттердің атқарылуына ұлттық бақылау стандарттары
қабылданғаны маңызды қадам болып табылады.
ҚР Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын бақылау
Заңының талаптарына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің
орындалуына сыртқы және ішкі бақылау жүргізу стандарттары бақылау жүргізуге
бірыңғай талаптар белгілейтін нормативтік құжат болып табылады.
Қорытындылай келе мемлекетіміздегі бюджет жүйесі республикалық бюджет
және жергілікті бюджеттерге бөлінеді, сондай-ақ осы бюджеттер мемлекеттік
қазынаның құрамдас бөлігі болып есептелінеді және әрқайсысы өте мол ақша
қоры түрінде көрініс табады.

1.3 Мемлекет бюджетін жоспарлау

Бюджеттік жоспарлау – қаржылық жоспарлаудың құрамдас бөлігі.
Бюджеттік жоспарлаудың негізі –республиканың әлеуметтік – экономикалық
даму жоспарлары мен болжамдары және оның мақсатты бағдарламаларының
көрсеткіштері мен болжамдары.
Бюджеттік жоспарлауға тегінде оның кең мағынасында тек бюджетті
жоспарлау ғана емес, сонымен қатар оның атқарылуы да жатады. Өйткені
бюджеттің құрылуы мен орындалуы бір принципке негізделгендіктен, бірін –
бірі толықтырады, белгілі бір процестің өзара байланысты екі бұтағы.
Алдағы жылға тікелей бюджет құрау ағымдағы жылдағы орындалу барысына қарай
және шаруашылық органдарға жіберілген қаржы нормалары мен нормативтері
негізінде жүргізіледі.
Бюджеттік жоспарлауды бюджет процесінен айыра білген жөн. Бюджет
процесі – бюджеттің сан алуан жұмыстары кезеңінде құрылып, орындалу
тәртібі, бұл жұмыстың орталық пен жергілікті жерлерде ұйымдастырылуының
нақты формалары хақында, республиканың бүкіл аумағындағы мемлекеттің
шаруашылық, басқару органдары, жоспарлау – қаржы органдары, банкілері,
бірлестіктер, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер арасында бюджетті құрау мен
барлық қаржы жоспарларының теориясы және әдістемелік мәселелері енеді.
Мемлекеттік бюджетті құраудың екі кезеңі бар:
1. Жиынтық бюджеттік жоспарлау. Оның барысында жоспарлы
жұмыстың негізгі бағыттары, қаржы ресурстарын жинаудың
жолдары мен әдістері анықталып, мемлекеттің алдағы жылдағы
белгіленген кірістері мен шығыстарын байланыстыру
мүмкіндіктері іздестіріледі. Оның негізінде жиынтық қаржы
балансы жасалады. Негізінен жиынтық бюджеттік жоспарлау
мемлекеттік бюджет жобасын алдын ала әзірлеу кезеңінде
жүзеге асырылады. Жиынтық бюджеттік жоспарлау қаржы
жүйесінің орталық буынында қолданылады.
2. Екінші кезеңде бюджеттік жоспарлау нақтыланады, яғни халық
шаруашылығындағы барлық қаржы жоспарының бюджетпен нақты
байланыстары орнатылады. Содан соң қаржы міндеттемелері
формасын қабылдайды.
Бюджеттік жоспарлау мынадай принциптермен жүзеге асырылады:
- бюджеттік және халық шаруашылықтық жоспарлаудың бірлігі;
- ресурстарды салалық, ведомстволық, аумақтық жоспарлауды ұштастыру;
- еңбек, материал және қаржы ресурстары шаруашылық – мәдени
құрылысының барлық учаскелерінде пайдалану кезінде үнем тәртібін сақтау;
- халық шаруашылығы, әлеуметтік – мәдени, қорғаныс, басқару шараларын
қаржыландыру тәртібімен бюджет қаржысын мақсатты жұмсау.
Бюджеттік жоспарлауда оның кіріс және шығыс бөліктерінің нақтылық,
біртұтастық, ауқымдылық негізінде баланс әдісі кең қолданылады.
Бюджеттік жоспарлаудың міндеттері;
- өндіріс өсімі мен қаржы қорларын көбейту резервтерін ескеріп,
әрбір көзі бойынша бюджет кірістері көлемін айқындау;
- жалпы мемлекеттік мүдделерге сәйкес үнем тәртібін сақтап салалар,
ведомстволар, шығындар түрлері бойынша бюджет шығындары көлемін айқындау;
- қарастырылған шараларды уақтылы қаржыландыру мақсатымен әрбір жеке
бюджетті теңестіріп, кірістер мен шығыстарды бөлу;
- мемлекеттік бюджет жиынтығын құрау және оны әлеуметтік –
экономикалық дамудың бағдарламалары, болжамдарымен байланыстыру;
- материалдық және ақшалай – мемлекеттік резервтер құру;
- бюджет алдында міндеттемелер орындау және қаржы ресурстарын
мақсатты, ұтымды пайдалануға қаржы бақылауын жүзеге асыру.
Жиынтық бюджеттік жоспарлау – бюджеттік жоспарлаудың құрамдас бөлігі,
мемлекеттің экономиканы басқарудағы қызметінің айрықша түрі.
Жиынтық бюджеттік жоспарлау процесінде қаржы және бюджет
ресурстарының жиынтығы анықталып, халық шаруашылығындағы бөлу және қайта
бөлу процестерін реттеу, экономиканың теңдестіріле дамуын қамтамасыз ету
мақсатымен оларды пайдалану бағыттары айқындалады.
Бұл ұғым бюджетті құрау және орындау процесін білдіреді. Ол
жоспарлаудың екі кезеңінен тұрады: біріншісінде жиынтық қаржы балансы
әзірленеді, екіншісінде бюджет құрылып, орындау белгіленеді. Мұнда жиынтық
бюджеттік жоспарлау жиынтық қаржы балансынан тікелей бюджетке көшудің үздік
процесі ретінде экономиканы басқарудың барлық деңгейіне тән.
Жиынтық қаржы балансы халық шаруашылығындағы тұтас және мемлекеттік
сектордағы барлық қаржы ресурстарын ескеріп, әлеуметтік – экономикалық даму
бағдарламасының ақшалай көрінісі.
Мемлекеттік бюджет бұл бағдарламаны нақтылайды. Бұл құжаттар өзара
тығыз байланысты, бір – бірін толықтыратын бір процестің екі қыры.
Жиынтық қаржы балансында ақпарат мол. Өйткені республиканың барлық
бюджеттерінің және оның аумағындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың қаржы
ресурстарын, сондай-ақ бюджетке түсетін халықтың қаражаттарын қамтиды.
Жиынтық қаржы баланстың сызбасы бүкіл республикада және төменгі
әкімшілік-территориялдық бірлестерде кең таралып, дамуы тиіс. Нарық
қатынастары жағдайында жиынтық бюджеттік жоспарлаудың алдында қосымша
міндет пайда болады. Нарық экономикасының талаптарынан туындайтын
материялдық-қаржы теңдестіру, халықты әлеуметтік қорғау барысын қаржымен
қамтамасыз ету, басқарудың экономикалық тұтқаларын пайдалану, қаржы
саясатын әзірлеу мақсаттарымен тиісті аумақта қаржы шығындарының көлемін
анықтау.
Мемлекеттік бюджет барлық дербес бюджеттердің сомасы ретінде соңғы
кезеңде бюджеттік жоспарлау үшін экономикалық талдау мақсатымен
жинақталады. Әрбір басқару деңгейіндегі бюджеттер шынайы дербес сипат
алады.
Бюджеттік жоспарлаудың теориялық жағынан жеткіліксіз зерттелуі
еліміздің келешек бюджеттік жоспарларын құруға кедергілер келтіруде. Оның
негізгі әсерлерінің бірі – бюджеттік жоспарлауды жүргізудің тиімді
әдістерінің ғылыми жобасының жоқтығы. Бюджеттік жоспарлауға арналған
әдебиеттерде жоспарлаудың барлық тәсілдері ашылмай, тек онда баланстық
әдіске көңіл аударылады.
Жоспарлаудың нақтылығы, ақиқаттығы арнайы әдістерді қолдануды талап
етеді. Бюджеттік жоспарлаудағы қолданылатын әдістер құбылмалы болып келеді,
өйткені ол нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өткізетін нарыққа,
оның негізгі механизмдері: ақшаға, бағаға, құн заңына, сұраныс пен ұсыныс
заңына тәуелді.
Нарықтық экономика заңдарына сәйкес бюджетті жоспарлауда мынадай
әдістерді қолдаған жөн:
1) экономикалық талдау;
2) нормативтік;
3) баланстық;
4) экономика – математикалық.
Бұл әдістер бір мезгілде қолданылып, бірін - бірі толықтырып
отырады. Енді осы әдістердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, байланыстарын
ашайық.
Экономикалық талдау әдісі бюджеттік жоспарлаудың барлық сатыларында
қолданылады. Бұл әдісті есеп беру нәтижелері мен жоспардың арасындағы
ауытқуларды салыстырамыз деп қарауға болмайды. Талдау нәтижесінде
жоспарланған ақша қаражаттарының бюджетке шоғырланып, бөлінген бюджеттік
қаржыландырулардың үнемді қолданудың шектері тағайындалады.
Экономикалық әдебиеттерде экономикалық талдау әдісін бюджетті
жоспарлаудың әдісі емес, оның сатысы деп көрсетеді. Жоспарлаудың сатылары
дегеніміз жоспарды дайындаудың арнайы кезендері, олардың әрқайсысында әр
түрлі әдістер қолданылады. Бюджеттік жоспарлаудың практикасы көрсетіп
жүргендей, бюджеттік жоспарды құру үшін оның бастапқы жобасын анықтау керек
(экономикалық талдау әдісі), нақты түсімдері мен шығындарды есептеу керек
(нормативтік әдіс), ал содан кейін жеке тапсырмалар мен баптарды
біріктіріп, оларды теңестіру керек (баланстық әдіс).
Сонымен, экономикалық талдау жоспарлаудың әдісі болып табылып, оның
негізінде жоспардың алғашқы жобалары ескеріліп, жоспарланатын жылғы
бюджеттік көрсеткіштерді дайындауда кеңінен қолданылады.
Нормативтік әдіс арнайы нормалар мен нормативтерді қолдануға
негізделген. Бюджеттік нормалар ұйымдар мен мекемелердің шығындарын
жоспарлау кезінде қолданылады. Шығындарды ғылыми негізде дұрыс нормалау,
бюджеттік қаржыландырудың көлемін анықтап қана қоймай, қаражаттарды
үнемдеуге, мақсатты және тиімді қолдануға септігін тигізеді. Көбінесе,
нормативтік әдіс бюджеттік кірістердің көздерін жоспарлауға қолданылады.
Бұл кіріс көздеріне салықтың барлық түрлері мен алым – салымдар және т.б.
жатады. Нормативтік әдістерді ғылыми жетілдіру бюджеттік жоспарлаудың
деңгейін көтеріп, қаржы қызметкерлерінің жұмысына экономика – математикалық
әдістер және автоматтандырылған басқару жүйесін қолдануға жағдай жасайды.
Бюджеттік жоспарлау процесіне баланстық әдіс кеңінен қолданылады. Кез
келген әкімшілік – аймақ бюджетінің кірістері мен шығыстарын теңестіру оның
негізгі мәні болып табылады. Баланастық әдіс арқылы республикалық бюджет
пен жергілікті бюджеттер арасындағы бюджет қаражаттарының дұрыс бөлінуі
қамтамасыз етіледі. Бюджеттің кірістері мен шығыстарының теңдігі оның
тұрақтылығын анықтап, Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің табысты
орындалуына алғы шарт жасайды.
Сонымен, бюджеттік жоспарлауды жетілдіру үшін мына шараларды ескерген
жөн:
- біріншіден, кәсіпкерлікпен айналысуға тілек білдірген жеке
тұлғаларға жол ашып, патенттік форманы жетілдіру. Өйткені, патентте
салықтардың тұрақты сомасы көрсетілген, бұл салық органдарының тексеру
жүргізілуіне ғана емес, бюджет кірісін жоспарлауға да оңай;
- екіншіден, салық Кодексіне түзетулер мен өзгертулер енгізуді
салық жылының ортасында жүзеге асыруға болмайды. Бұл жоспарланған бюджеттің
орындалуына кедергілерін келтіреді;
- үшіншіден, бюджеттік мекемелердің жұмыскерлеріне бөлінетін еңбек
ақыдан салық алынбауы керек. Өйткені, мемлекет өзі бөлген қаражатының төлем
көзінен табыс салығын ұстап, салық жүгін ауырлата түседі;
- төртіншіден, шетелдік инвестицияларды ұтымды және тиімді
пайдалану керек. Алашақтың да берешегі бар демекші, инвестицияны өз
орнына жұмсамау мемлекеттік борыштың өсуіне әкеледі;
- бесіншіден, бюджеттік жоспарлауды әрі қарай жетілдіру баланстық
әдістің дамуына, экономика – математикалық әдістерді қолдануға және
автоматтандырылған басқару жүйесін құруға байланысты. Экономика –
математикалық әдістерді жоспарлауда қолдану, бюджеттік көрсеткіштерге әсер
ететін факторларға қарамастан ұтымды шешімдер қабылдауға жол ашады. Ал
есептеуіш машиналарды қолдану қабылданған шешімдерді салыстыра отырып,
жоспардың көптеген есептік жобаларын дайындауға мүмкіндік береді.
ІІ Тарау. Мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны

2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірістерін талдау

Мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасаумен
және пайдаланумен байланысты бюджеттің қызметі айрықша экономикалық
формалар арқылы – бюджеттің кірістері және шығыстары арқылы атқарылады.
Олар құндық бөліністің жеке кезеңдерін көрсетеді. Екі категория да
объективті және бюджет секілді өздерінің арнайы қоғамдық міндеттері бар:
кірістер мемлекетке қажетті қаражатпен қамтамасыз етсе, шығыстар
орталықтандырылған ресурстарды тиісті жалпы мемлекеттік қажеттерге бөледі.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты
әлеуметтік-экономикалық, тарихи жағдайда жүзеге асыратын бюджет және салық
саясатын іске асыру бағыттарына байланысты. Соның өзінде мемлекет
кірістерді қалыптастырып, шығындарды жұмсаудың нақты жағдайға сәйкес
формалары мен әдістерін пайдаланады.
Мемлекеттік бюджет кірістері біріншіден орталық және жергілікті
органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік қарыздардан, бюджеттен тыс
немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Мұндай қорлардың құрылуы
ірі қаржы ресурстарын нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық
сипаттағы мақсаттарға шоғырландыру қызметінен туады. Бұдардың қатарына
әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін
даярлау, қайта даярлау және т.б. жатады. Мемлекеттік табыстың жалпы
материалдық негізін ұлттық табыс құрайды, мұны бөлу және қайта бөлу
негізінде бірқатар шаралар жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі – салықтар болып
табылады. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90
процент. Қандай да болмасын мемлекетке салықтық қатынастарды реттеу өзекті
де маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарға қатысты
мәселелердің бірі болып табылады. Бұл қатынастар мемлекеттің салық салу
аясында туындайды және олардың басты объектісі тиісті бюджеттерге түсетін
салықтар мен басқа да міндетті төлемдер болып есептелінеді. Осы салықтар
мемлекеттің атрибуттары қатарынан көрініс табады және жалпы мемлекеттік
мұқтаждықтарды қанағаттандыру, қамтамасыз ету мақсатында заңды негізде,
заңда белгіленген мөлшерде және уақытта салық төлеушілерден мәжбүрлі түрде,
қайтарымсыз, сондай-ақ жекелей ақысыз негізде тиісті бюджетке алынатын
міндетті ақшалай төлемдер. Салықтардың экономикалық табиғатын ашып
көрсететін мына келесідей белгілері болады: салық тек мемлекеттің
тарапынан, біржақты өктем түрде белгіленетін төлем заңымен міндеттелген
төлем, мәжбүрлі төлем, құқыққа сай төлем, тұрақты төлем, қайтарымсыз
төлем, баламасыз төлем, ақшалай насындағы төлем, мөлшері анықталған төлем,
субъектісі, объектісі айқындалған төлем.
Қазақстан Республикасында салықтардан басқа міндетті төлемдер баждар,
төлемдер және алымдар алынады. Салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің
арасындағы ерекшелік салықтар баламасыз болса, алымдар мен баждар және
төлемдер біршама-баламалы (қызмет көрсетілгені немесе құқық берілгені үшін)
болып табылады.
Мемлекеттің салық қызметінің басты мақсаты – салықтың көмегімен
мемлекеттік бюджетке ақша қаражаттарын тарту арқылы әлеуметтік,
экономикалық және саяси құрылыстың мемлекеттік бағдарламаларын ақшалай
қамтамасыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттiк бюджеттің негізгі мәселелері мен шешу жолдары
Мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қоры
Мемлекеттік бюджет шығыстарын талдау, оны жоспарлау мен қаржыландырудың дұрыстығын зерттеу
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде
Ирак бюджет жүйесі
Жергілікті бюджетті басқару тиімділігін арттыру жолдары
Бюджет тапшылығын басқару
Жергілікті бюджеттердің мәні
Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары
Жергілікті бюджет. Республикалық бюджет
Пәндер