Толымсыз теңеулер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І Шығарма тіліндегі көркемдегіш-бейнелегіш тәсілдердің қолданысы . . . 4

  1. Шығармадағы ажарлау құралдарының қолданысы . . . 4Эпитет . . . 5Теңеу . . . 12
  2. Шығармадағы құбылту тәсілдерінің қолданысы . . . 17Метонимия . . . 17Метафора . . . 21

ІІ Шығарма тіліндегі құрмалас сөйлемдердің қолданысы . . . 25

2. 1 Сабақтас құрмалас сөйлем . . . 25

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 39

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 40

Кіріспе

«Тіл-адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімінің, идеясының, дүниетанымының көрінісі. Тіл-халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениет даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу-қажеттілік. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы белгісі-тілі. Тілдің қасиетін түйсіну - ұрпаққа парыз, өйткені халықтың барлық рухани байлығы тіл арқылы көрінеді» дейді Анар Салқынбай өзінің «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбегінде.

Тіл ─ адамзаттың баға жетпес құндылықтарының бірі, асыл мұрасы. Тiл халықтың қоғамдық, әлеуметтiк өмiрiмен, саяси-экономикалық жағдайымен тығыз байланыста дамиды, кемелденедi.

Қай халықтың болса да қоғамдық өсу өркендеу жолында көтеріле алған биігі мәңгілік болып ана тілінде сақталып отырады. Сондықтан халықтың талай мұраларын жеткізуші ана тілімізді ардақтай отырып оның даму, толығу процесін жан-жақты зерттеу, танып-білу бүгінгі өмір талаптарының бірі деп санауымыз керек.

Өнерді тану мен білу туралы ғибраттарға мəн берсек, көркем əдебиет деген ұғымның сыр-сипаты образды сөз, көркем сөз атты терең түсінікке тіреледі. «Сөз - адамның ой-сезімін жеткізудегі бірден бір күшті құрал». Ал, көркем ойлау жүйесі шексіз. Көркем əдебиеттің бүкіл болмысы, шынайы табиғаты түр мен мазмұнның бірлігі арқылы жасалған. Түрдің өмір сүру заңдылығы, өзгеріп дамуы, өзінің көріну тəсілдеріне байланысты. Əдебиеттегі түрдің көріну тəсілдерінің бірі бейнелеу құралдары. «Бейнелеу құралдары - əдебиетте көбінесе бұл ұғым сөз қолдану тəсілдері, бейнелі сөздер, мысалы, жалпы түрде құбылту деп аталатын метафора, метонимия, əсерлеу, тұспалдау, астарлау, теңеу, эпитет жəне стильдік айшықтар, дыбыстық қайталамалар деген мағынада қолданылады.

Көркем шығарманы талдау, түсіну - оны түсіндіре алу деген сөз. Ал осы дүние бізге, болашақ мұғалімдерге өте керекті дағды. Мектепте сабақ беріп қана қоймай, оқырман, оқушының бойында көркем әдібиетке деген қызығушылықты арттыру бізге әдібиетші ретіндегі міндет.

Талдауға алынып отырған Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері жалпы алғанда жас оқырмандарға бағытталып, барынша қарапайым, көпшілікке түсінікті тілде жазылып, тұлғаның бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыруды мақсат тұтса да өз кезегінде ойкөркем жеткізілген. Қаншама уақыт өтсе де өз құндылығын жоймауының басты себебі - жалпақ тілмен, сонымен бір уақытта көркем жеткізілуі болса керек.

І. Шығармадағы көркемдегіш-бейнелеуіш тәсілдер

  1. Шығармадағы ажарлау құралдарының қолданысы

Әдеби тiлде қолданылатын түрлi көркемдік троптардың рөлi айрықша, эстетикалық қызметі зор. Олардың басты қыз-метi сөздің ерекше экспрессивтілік бояуға ие болуы, образ-дылық мағынаға көшуі болып табылады. Сөздің образға енуі оның әр түрлі мағыналық өзгеріске түсуі нәтижесінде анық кө-рінеді. Образдылық мәнге ие болып, экспрессивтілік бояу алған сөздердің стилистикалық әсері ерекше. Бұлар - өмiр құбы-лыстарын бейнелi түрде танытудың аса тиiмдi тәсiлдерi.

Троп (грек tropos - айналым, тіл оралымы) - ауыспалы мағынада қолданылатын атау, ойдың көркемдік-бейнелілік сипатын танытатын, әр түрлі эстетикалық мәнде жұмсалатын сөз образы. Ол бейнелілік қасиетке ие, сондықтан көбінесе көркем әдебиет стилінде, ауызша сөйлеудегі шешендік өнерде жиі жұмсалады. Демек, бір сөзде, сөз тіркесінде немесе бір сөйлем ішінде құрылымы, құрамы өзгермей-ақ, бірнеше ма-ғыналарды қамтиды. Троптың түрлеріне: метафора, метонимия, синекдоха, шендестіру, дамыту т. б. жатады. Ауызекі сөйлеу стилінде жиі қолданылған троптардың эмоциялық-экпрессивтік қуаты арта түседі. Көркем әдебиетте кейіпкерлер тілінде, сати-ралық туындыларда, сондай-ақ баспасөз тілінде де қолда-нылады, ресми іс қағаздары мен ғылыми стильдерге тән емес құралдар [1] .

  1. Эпитет

Эпитет. Лингвистикалық еңбектерде, оқулықтарда көркем образды троптың бір түрі, ойды бейнелі бояуымен жеткізетін құрал ретінде сипатталады. Қысқасы, эпитет - заттың не құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз. Эпитет, кейбір зерттеушілердің пайымдауынша, кез келген анықтауыш емес, оқушының жан дүниесін баурап алатын бей-нелі, образды сөздер мен сөз тіркестері болады. Мысалы: Бояуы көшкен қара қожалақ пеш, тісі сынған қара сандық, сөре үс-тіндегі кетік шара, аяқ-табақ бәрі де көзге жат секілді көрінді - сүреңсіз өмірден туған көңілсіз жайтты аңғартатын эпитеттер. Абайдың «жүрек» сөзімен байланысты туған қаншама эмоцио-налды эпитеттерін білеміз. Адамның портретін жағымды, жа-ғымсыз сөзбен беретін (көптеген жазушыларда) ерекше сурет-темелі эпитеттер назар аудартады: Қисық көзді келген тапал сары жігіт немесе шықшытты, қалың ерінді, ұзын мұрынды, кішкене көзді, бидай өңді жігіт еді (Б. Майлин) .

Табиғат көріністерін суреттеуде де эпитеттердің атқара-тын қызметі зор. Мысалы, Қаракөк толқындар жұтардай ұм-тылып кеп, суық құшағын ашады. Көкжал толқындар…, ұял-шақ күн, ойнақшыған күн. Эпитеттер әр түрлі сөз табынан жаса-лып, грамматикалық құрылысы да, семантикалық мағыналары да әр алуан болатындығы белгілі. Тілімізде қалыптасқан эпитет-тер бар да, қаламгердің өз қолтаңбасын танытатын әсерлі, күр-делі эпитеттер болады. «Күйші» поэмасында жалынды күй, ырғалған күй, жұбатқан күй, жорға күй, шерлі күй (І. Жансүгіров) ; Қазақтың бағы жүрсе - кәукілдеген мақтан әңгімесі, гулеген өсегі, кеңірдегін күнге, кіндігін айға ілген кер-дең жүрісі көбейіп, қараптан-қарап іші жарылып, бұтқа толы болады (Ә. Кекілбаев) .

Соңғы сөйлемдегі кеңірдегін күнге, кіндігін айға ілген кердең жүріс автордың окказионалдық қолданысы адамның мінез-құлқына байланысты пайда болып, жүріс-тұрысты бейне-леуден туған. Жазушы «шалқайып, шіреніп жүру» мағына-сындағы жүрісті суреттеу мақсатында бір-бірімен үйлеспейтін сөздерді өзара байланыстырып, окказионалдық қолданыстағы күрделі эпитет жасаған. Демек, эпитет - заттың не құбылыстың айрықша сипатын бейнелеуде жиі қолданылатын көркемдік тәсіл [1] .

Қазақ тіліндегі тұрақты эпитеттің тілдік табиғатын арнайы қарастырған Г. Ө. Мұхаметқалиеваның кандидаттық диссертациясында эпитетке былайша анықтама беріледі. ‟Эпитет дегеніміз - екі немесе одан да көп компоненттен тұратын, өзара қабыса байланысқан, көркем бейнелі, образды сөз тіркесі.

Демек, эпитет - адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету, олардың бейнесін оқушылардың көз алдына елестету, ой - қиялына әсер ету үшін қолданылатын көркем сөз образы”

Зерттеуші - ғалым К. Қ. Есіркепова ‟1960 - 1980 жылдардағы әйел - ақындар поэзиясының тілі (Ф. Оңғарсынова, М. Айтқожина, А. Бақтыгереева, К. Ахметова шығармалары негізінде) ” атты монографиялық еңбегінде эпитетке тоқталып өтеді: ‟эпитет - тіл өрнегіндегі өте жиі көрінетін әрі бояу ерекшелігі де құбыла құлпырып келетін құбылыс [2] .

Қазақ тіліндегі эпитеттер басқа тілдегі сияқты негізінен зат есімнен, сын есімнен, есімше, көсемше етістіктері арқылы жасалады.

Эпитет туралы А. Байтұрсынов өзінің ‟Әдебиет танытқыш” атты еңбегінде: ‟Бір нәрсені көптен айырып, көзге көбірек түсіретін етіп айтқымыз келгенде ол нәрсенің атына айқын көрсететіндей сөз қосып айтамыз, сондықтан айқындаудың өзге түрі көркейту деп айтылады” - деп эпитетке анықтама берді. Көркейту дегеніміз - эпитет термині ретінде алынған”.

Зерттеуші - ғалым С. Ғ. Қанапина ‟Қазақ тіліндегі мақал - мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ. Мұстафин, С. Мұқанов шығармалары негізінде) ” атты монографиялық еңбегінде эпитетке тоқталып өтеді: ‟академик М. Балақаев өз еңбегінде: ‟Суреткердің өз - өзіне тән тіл шеберлігін сөздің көркемдік қасиетін талдағанда сөз бен образ арасындағы осы бір стильдік нәзіктікті яғни жеке сөздердің қолданылуындағы ерекшеліктердің бәрі жиналып келіп тұтас контекстік мән алатындығы, ойды бейнелі, нақты, шынайы көрсету үшін эпитетсіз елестету мүмкін емес” - деп өте ұтымды тұжырым жасаған. [3]

Эпитет, айтарыңды анықтау, әрі нақтылап ерекше, айырма сипат табатын суретті сөз.

‟Халықтың жалпы тілінде болса да, өзіне дейінгі әдебиетте аз қолданылатын сөзбен сөйлемдерді орнықты, заңды, басқаша түрде әдебиетке енгізуді жаңалық деп қарауымыз керек”, - деп ғалым Қ. Жұмалиев жазады.

Эпитет жайында айтылып жүрген теориялық пайымдауларда әлі күнге дейін бірізділік жоқ сияқты. Мысалы, Л. И. Тимофеев: ‟Кең мағынада қандай болса да бір ұғымды анықтап, айқындап, сипаттап және тағы басқа тұратын әрбір сөз эпитет болады. Бізде осы уақытқа дейін эпитет - көркем анықтауыш, реңді, бейнелі және тағы сол сияқты, ал жай анықтауыш сөз болғанда мұндай көркемдік болмайды деген есеппен, эпитет деген ұғымды (көркем анықтауыш) анықтауыш сөз деген ұғымнан бөліп қарауға жиі ұмтылу бар . . . бұл бөлу бұрын ескертілгендей, поэтикалық тілді ерекше, бейнелі деп қарау талабына байланысты. Біздіңше бұл дұрыс емес”, - дейді.

Кез келген сөз жеке тұрып та не болмаса алдынан, артынан анықтайтын сөздермен келіп те бейне жасай береді. Олай болса, эпитет - бейнені айқындап, көріктеп тұратын көріктеу құралы. Р. Сыздықова: ‟Эпитет - адамның, заттың, құбылыстың, бір белгісін, сырын, сипатын, қасиетін атап көрсететін сөз, бірақ осы қызметте келетін жай анықтауыш сөзден эпитеттің айырмасы бар. Жай анықтауыш заттың, құбылыстың, адамның өзіне тән қалыпты сынын (белгісін, қасиетін, түрін, түсін т. б. ) білдірсе, эпитет өзі атайтын белгіні бейнелеп көрсетеді, өйткені бұл белгі сол заттың, адамның, құбылыстың, табиғи қалыпты белгісі емес”, - дейді” [2]

Д. Әлкебаева: «Эпитет сөз алдына келіп анықтауыш болады. Анықтауыш атқаратын мүше көбінесе бейнелі сөздің қызметін атқарады. Эпитет қай стильде кездессе де екі мақсатта қолданылады. Біріншісі - анықталатын мүше ретінде, екіншісі, көркемдік бейнелі мағынада қолданылады. Эпитеттің негізінен сын есімнен және етістік, көсемше және есімше тұлғаларынан жасалуы көнеден келе жатқан құбылыс. Публицистикалық және көркем әдебиет стилінде эпитеттің көркемдік түрлері, тұрақты авторлық қолданысы жиі кездеседі. Кез келген суреткер дәстүрлі эпитеттерді еркін пайдаланады және олардың барлығын образдылық элемент ретінде жұмсайды», - дейді

Ыбырай Алтынсариннің әңгілемеріндегі эпитеттердің қолданысы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем шығармалардағы эпитет, теңеу, метафоралардың қолданылуы, жасалу түрлеріне мысалдар
Қазақ тіліндегі теңеулердің жасалу жолдары
Э. Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!» атты романына зерттеу, талдау
Теңеулердің жасалу жолдары
Бауыржан Момышұлының Ұшқан ұя повесі тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Көнерген сөздер
Әбіш Кекілбаев Аңыздың ақыры романынның лексика-семантикалық ерекшеліктері
Бейімбет Майлин шығармалары тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың Өлгендер қайтып келмейді романының тілі
Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романының тілінің стилдік ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz