Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея - жанның мәңгілігі


қазақстанның xx ғасырдағы мәдени өмірі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ XX ҒАСЫРДАҒЫ МӘДЕНИ ӨМІРІ 6
1. 1 Қазақтың XX ғасырдағы оқу ағарту ісімен мәдениетінің дамуы 6
1. 2 XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуы 13
2 XX ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ МӘДЕНИ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ 21
2. 1 ХХ ғасыр мәдениетіндегі қазақ ұлттық баспасөзінің даму тарихы
және ресми баспасөз құралдары 21
2. 2 ХХ ғасыр басындағы Қазақ баспасөзінің қоғамдық - саяси, әдеби
және ағартушылық қызметі 33
ҚОРЫТЫНДЫ 36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 38
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев айтқандай: «Қазір тарих бетін ақтарып қарасақ, қазақтар біздің ғасырдың 20-30 жылдарында да айдалада бостан босқа қырыла бермепті, саяси жүйеге қару алып күресіпті. Сталиннің бұғауына қарсы Қазақстанның шартарабында ашықтан ашық күреске шығыпты. Бірақ күштері тең келмепті. Титықтаған халықтың бір бөлігі амалсыз көніпті, бір бөлігі туған қонысын тастап, шетке ауып кетіпті.
Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге құштарлық қайтадан жығылған еңсені көтеріп, тәуекелге бел буғызды[1] .
Байырғы көшпелі елдің оңы-солын жаңа-жаңа танып, отырықшылық өркениетіне бет бұра бастаған тұстағы толып жатқан қиындықтармен алысып, алды-артын азамат соғысының өрт-жалыны шарпып, халық қатты күйзеліс көріп жатқан кезеңде дүниеге келген қазақ мәдениеті, ел басылымының аяқтанып кетуіне сол тұстағы “елім, жұртым, халқым” деп еңіреген ұлт зиялыларының барлығы XX ғасыр мәдениетінің дамуына ат салысқан. Қазақстандағы оқу ағарту ісінің дамуына, Ғылыми мекемелер мен қоғамдардың қызметіне, қазақ әдебиетінің дамуына Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлихановтар, Абай Құнанбаевтардың қосқан үлестерін айтып кетуге болады.
Әрине, тарих жолы ешқашан даңғыл болған емес. Әсіресе қазақ елінің тарихы қым-қуат, күрделі, кедір-бұдыры көп. Сол көп кедір-бұдырдың қайсыбір аяқты жаңылыс бастырған тұстары да жеткілікті. XX ғасыр мәдениетінде қазақ басылымдары дүниегеге келді. Дегенмен, газет, негізінен, өзінің әлгі аталы сөзіне - ел алдында берген антына барынша адалдығын бұзбауға ұмтылып отырды. Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рұсқылов, Смағұл Сәдуақасов, Ғаббас Тоқжанов, Ораз Жандосов, Ораз Исаев, Ғабит Мүсірепов, Жүсіпбек Аймаутовтардың басылымдарға басшылық жасауы сертіне деген беріктігін ел санасында шегелей түсті. Олар сол тамыры тереңде жатқан, рухы биікте қалқыған үлгі, өнеге мектебі әлі жалғасып келеді.
Зерттеу жұмысының тарихнамасы. ХХ ғасыр мәдениетіндегі қазақ баспасөзінің тарихын зерттеген ғалым Х. Бекхожин “Түркістан уәлаятының газеті” секілді мерзімді басылымдар қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік- шаруашылық және мәдени ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, патша үкіметінің отаршылдық саясатын күшейте түсу, оның бұйрық-жарлықтарын жергілікті халықтардың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындаттыру, сондай-ақ оның ресми көзқарастарын халық арасына кең таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатын көздеген; - деп түйін жасайды.
ХХ ғасыр мәдениетіндегі қазақ әдебиетінің дамуы, оқу-ағарту істері, ғылыми-қоғамдық істердің алға жылжуы. Сонымен қатар баспасөз тарихын зерттеушілер осы біртұтас дүниені қазан төңкерісіне дейін және кейін деп екі кезеңге бөліп қарастырды. “Айқап”пен“Абай”, “Шолпан”, “Таң” журналдарының сарыны бір. “Қазақ”, “Сарыарқа”, “Жас азамат”, “Бірлік туы” газеттері мен “Қазақ тілі”, “Ақ жол”, т. б. басылымдарды екі кезеңге бөліп қарастырудан ұтпаймыз, ұтыламыз. Бұлардың барлығы ұлттың жоғын жоқтады, намысын жыртты, сөзін сөйледі, күйін күйттеді. Қазақстанның және қазақ халқынын тарихы мен мәдениетін зерттеуге В. В. Радлов, Г. Н. Потанин, Ә. Диваев, Н. Я. Коншин, А. И. Добросмыслов, И. И. Крафт, Ф. К. Зобнин, И. А. Аристов, Н. Н. Пантусов және басқалар зор үлес қосты [2] .
Зерттеу жұмысының деректемесі. XX ғасыр мәдениетіндегі оқу ағарту істері, ғылыми-қоғамдық қызметтер, баспасөз газет-журналдарға үлестерін қосқан қазақ зиялы қауымы жайлы жан-жақты қарау. Әрине, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың босында Ресейдің территориялық-басшылық орындарының жанынан шығарыла бастаған ведомстволық «Дала уәлаяты» сияқты газеттер болды. Олар да біраз іс тындырып, халқымыздың сол дәуірінен біраз мәліметтер арттарына қалдырып кетті.
1907 жылы «Қазақ» газеті деген атпен шыққан газет те бір-ақ рет (бір саны ғана) шықты да тоқтап қалды. Санкт-Петербургте Мардан Қошығұлов шығара бастаған “Серке” атты журналы да тез сөнді. Ахмет Байтұрсынов Орынбор қаласында шығарған “Қазақ ” газеті (1913-1918) түбегейлі мәселелер қозғады.
Дегенмен қазақ халқының қамын ерекше ойлаған, ұлт дала төсінде зор жаңалықтың басында тұрған “Айқап” (1911-1915) журналы еді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. XX ғасырдың басындағы қазақ мәдениетінің құндылықтары, рухани, материалдық байлықтарын зерттеу. Қойылған мақсатқа негізделіп келесі міндеттер қойылды:
-ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлт зиялыларының қалыптасу тарихын бақылау;
-ХХ ғасыр мәдениетіндегі қазақ ұлттық баспасөзінің даму тарихын және ресми баспасөз құралдарын зерттеп саралау;
-ХХ ғасыр басындағы Қазақ баспасөзінің қоғамдық - саяси, әдеби және ағартушылық қызметтерін толық ашып көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қортындыдан тұрады. Жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ XX ҒАСЫРДАҒЫ МӘДЕНИ ӨМІРІ
1. 1 Қазақтың XX ғасырдағы оқу ағарту ісімен мәдениетінің дамуы
Адамзат тарихында XX ғасыр мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс соғыстарға, санқилы дағдарыстарға толы сындарлы заман болды. XX ғасыр мәдениетінің мазмұның ашып көрсетуде екі басты мәселеге баса назар аударғанды жөн көрдік. Оның біріншісі, XX ғасыр мәдениеті дамуының басты бағыттары (XX ғасыр мәдениетінің калыптасуының сабақтастығы мен дәстүрлері, қазіргі заман мәдениетінің тоқырауға ұшырауы мен одан шығу жолдары және бұл процестің түрлі мәдени концепцияларда көрініс табуы және т. б. мәселелері), екіншісі, XX ғасыр мәдениетінің жалпы адамзаттық және ұлттық сипаты (жалпы адамзат мәдениеті қалыптасуының басты себептері және оның құндылықтары, жалпы адамзаттық және ұлттық диалектика және т. б. ) .
XX ғасыр дүниежүзінде түрлі мәдениеттердің өмір сүретіндігін жоққа шығарған, бірыңғайға келтірілген «гуманистік мономәдениеттің» екі үлгісін бастан кешірді. Оның біріншісі - «дүниежүзілік» пролетарлық революция» (сталинизм) идеясы. Ол таптық құндылықтарды асыра бағалауға негізделген. Екінші модель, бір ғана ұлттық мәдениеттің, бір ғана ұлт пен мыңжылдық рейх (герман фашизмі) мемлекетінің үстемдігіне негізделді. Бұл жағдайлардың салдарынан миллиондаған адамдар қазіргі заман мәдениетінің жалпы адамзаттық сипаты туралы идеяны басқаша қабылдады. Осы себепті мәдениеттің «қарсы мәдениетке» айналуы етек алып, әлеуметтік қозғалыстың бұрмаланған түрі пайда болды. Осы орайда, жалпы адамзаттық мәдениетке апаратын қозғалыстың өте күрделі процесс екендігін ерекше атап өткен жөн. Орын алған қарама-қайшылықтарды шешуде түрлі мәдени бағыттарды, көзқарастарды, пікірлерді есепке алмасқа тағы болмайды. Жалпы адамзаттық мәдениет-жолындағы қайшылыққа толы алғашқы «Біз - Олар» жолы - өте күрделі процесс, ал бұл формулаға сүйенсек тағылық заманға қайтып оралған болар едік [3] .
Жалпы адамзаттық мәдениет - көркемдік-поэтикалық, ғылыми, өндірістік қызметтің ең жетілген түрлері, әр түрлі халықтар мен ұрпақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір мен шындықты және дүниені танып білуінің бірыңғай тәсілдері. Адамзат баласы осы қағидалардың негізінде таптық және нәсілшілдік өшпенділігіне жол бермейтін, адам мен халықтар құқы бұзылмайтын, қайыршылық пен сауатсыздық, экономикалық және мәдени отаршылдықтан біртұтас өркениет құруға бағытталуда. Мәдениеттің бұл үлгілері мәдениетті қалыптастыруда басты бағдар болып отыр. Адамзаттық мәдениеттің қалыптасуын халықаралық қауымдастық мүшелерінің құндылықтарының белгілі бір жүйесін жай ғана қабылдау деп, дәлірек айтқанда, түрлі мәдениет салаларын бірыңғайлау деп қарастыруға тағы болмайды [4] .
Ұлттық мәдениет дәстүрлерін сақтап қалу бағытының ерекше етек алып отыр-ғандығы да жоғарыда айтылған ойымызды айқындай түсетін сияқты. Әрине, қазіргі өркениетті түрлі ғаламдық өркениеттердің басын жай ғана біріктіре салу деп түсіну мүлде қате болған болар еді. Бұл процесс әрі күрделі және толып жатқан қарама-қарсылықтарға толы болып келеді. Оған дәлел ретінде, қазіргі замандағы Батыс мәдениетіне Жапония мен Таяу Шығыстың басқа да елдерінің «өндірістік мәдениетінің» зор ықпалын келтіруге болады. Шындығында да, бұл аталған елдердің мәдениетіне негізделген қызметтің өндірістік түрлерінің Батыстың дәстүрлі құндылықтарымен салыстырғанда көптеген артықшылықтары бар екендігі айқын аңғарылады. Ендеше, казіргі жалпы адамзаттық мәдениетті қалыптастырып, дамытуда мәдени құндылықтарды өзара байланыста игеру, мәдениетті дамытуды ғалымдық дәрежеге көтеру - бүгінгі таңдағы басты мәселе болмақ. Ал адамзаттың «біртұтас ғаламдық мәдениеті» мәселесінің ерекше қойылуының басты себептері қандай?
Біріншіден, адамзат тіршілігінің түрлері мен тәсілдерінің үлгілерінің терең өзгеріске ұшырауына байланысты ұлы әлеуметтік революция жүзеге асты. Оған дәлел ретінде, XX ғасырда дүниежүзілік көлемде дәстүрлі қоғамға тән «жеке еңбек етуден» жалданып еңбек етуге, коллективте (ұжымда) еңбек ету және бақылау арқылы еңбек етуге көшу жүзеге асырылды. Жаппай урбанизация жағдайында адамдардың өмірді, қоршаған ортаны қабылдау тәсілдері мен түрлері өзгерді, халықтың өмір салты адам айтқысыз өзгерістерге ұшырады. Сөзіміз дәлелді болу үшін цифрлар келтірейік. XX ғасырдың басында Батыстың ең алдыңғы қатарлы тоғыз еліндегі өнеркәсіп саласында еңбек етушілер халықтың 43%-і болса, XX ғасырдың ортасында бұл көрсеткіш, яғни жалданып жұмыс істеушілердің саны 60%-ке жетті, өз кезегінде бұл көрсеткішпен қатар мұндай мемлекеттердің саны да арта түсті. Мұндай құбылыс дамушы елдерде етек алды, тіпті жалданып жұмыс істеушілердің саны жағынан олар Батыс елдерін басып озды. XX ғасырдың басында дүниежүзіндегі қала халқы адамзат баласының небәрі 3%-ін ғана құраса, XX ғасырдың ортасында олардың үлесі 28%-ке, ал 90 жылдары 40%-тен асып кетті. Кең байтақ мегополистер пайда болды. Мысалы, АҚШ-тың солтүстік-шығысында (көлемі 100 мың шаршы км., халқы 15 млн. ), Жапонияда Хоккайдода (70- 50-700) және т. б. Қала мәдениеті жағдайында адамның мәдени жандүниесі күрделі өзгерістерге ұшырады. Қала халқының алдында өзіндік өзгеше өмірдің есігі айқара ашылды. Адам телевидение және компьютерлік жүйелер арқылы толассыз хабарлар алу мүмкіндігіне ие болды, өмір салты, еңбек ету айтарлыктай өзгерістерге ұшырады, білім берудің мазмұны мен түрлері жаңа сатыға көтерілді. Сөйтіп, ауыл-село халқының көпшілігі қалаға қоныс аударды, ал бұл жағдай түрлі ұлттардың өзара жақындасуына, мәдени байланыстарының кеңеюіне әсер ете отырып, оларды біртұтас жалпы адамзаттық мәдениет арнасында тоғыстырды.
Екіншіден, XX ғасырда адамның мәдени құндылықтарды игеру бағытында, жалпы адамзаттық біртұтас негіздердің қалыптасуында айтарлықтай өзгерістер болды, ал олар өз кезегінде жанұяға деген көзқарастың өзгеруіне, адамның жан-жақты қалыптасуына айтарлықтай әсер ететін алғашқы әлеуметтік ұжымға тікелей байланысты болды. Дәстүрлі неке институты өзгеріп, жаңа жанұя мүлде жаңаша мазмұнға ие болды. Ұлттық мінез өзгешеліктеріне, жанұяның өз ішіндегі қарым-қатынастардың өзгешеліктеріне қарамастан, өз дамуында постиндустриалдық кезеңге аяқ басқан көптеген елдерде түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды. Жанұялардың өз қажеттіліктерін қанағаттандырып табысқа қол жеткізушілік, яғни жанұя мүшелерінің өмірлерінде алға басушылық байқалды. Патриархалдық жанұя-да балалар еңбекке ерте араласты, күнкөріс қамын ересектермен бөлісті. Ал XX ғасырда балалық шақтың созылуы, оларды жанұяның басты құндылығы деп санау, оларға айрықша қамқорлықтың жасалуы жастардың дүниежүзілік мәдениетке деген құштарлығын арттырып, мүлде жаңаша адамгершілік, сезімдік және интеллектуальдық құндылықтарды өз бойларына тереңірек сіңіруіне себепкер болды. Бұл кезенде жастар жалпы адамзаттық мәдениеттің қайнар бұлағына сусындап, рухани азық алды, сөйтіп олардың бойында заман талабына сәйкес жаңа ізгі қасиеттер қалыптасты. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер өмір сүрудің жаңа түрлерін, мөдени стериотиптерді өмірге келтірді [5] .
Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қара-ды. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді.
Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі - «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол тұңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді [6] .
Екі ғасыр арасында қазақтың ұлттық санасының оянуына үлкен әсер еткен тұлғаның бірі - Әлихан Бөкейханов. Ол қазақ хандарының тікелей ұрпағы, ұлт-азаттық козғалыстың жетекшісі, қазақтың алғашқы саяси партиясының басшысы, қазақтың бірінші ұлттық үкіметі - Алашорданың көсемі еді. Әлихан Бөкейханов сан қырлы қоғамдық қызметтерімен бірге қазақтың рухани мәдениетін алғашқы зерттеушілердің қатарында танымал. Ол Абайдың шығармашылығы туралы түңғыш мақаланы жариялады, қазақ эпосы мен фольклоры жөнінде әлі күнге дейін ғалымдарды өзінің ой терендігімен таң қалдыратын еңбектер жазды. Солардың ішіндегі құндысы - 1899 жылы «Түркістан ведомое -тыларында» жарияланған «Қырғыздың «Қобыланды» аңызындағы әйел» атты еңбегі еді. Әлиханның бұл жерде көтеріп отырған мәселесі бұрынғы қазақтың рухани мәдениетінің бай мұраларына байланысты. Аталған аңызда мұсылмандық дін мен ежелгі тәңірілік түсініктердің қарым-қатынасы, көшпелілер мәдениетіне тән ана мен әйелді қастерлеу, ел намысын пендешіліктен жоғары қою т. б. мәселелері талқыланады.
Шексіз сахара қазақ мәдениетін көптеген жылдар бойы сыртқы жаулардан қорғаштап, өзіндік ерекшеліктерін сақтауға себебін тигізді. Дүлей далада тек жүз бен руға бөлінген тұтас қауым ғана өмір сүре алатын еді. Қысқаша айтқанда, Әлихан мен Міржақып, Ахмет Байтұрсынов пен Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов пен Сұлтанмахмұт Торайғыров секілді алаштың арыстары өз күресінде халқының ғасырлық мұрасынан қашанда күш-қуат алып отырды.
Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі - Шәкәрім Қүдайбердіұлы. Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да, араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан.
Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің басты шарты туған елдің бүкіл тарихи мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ-түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн, Табиғат - ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.
Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея - жанның мәңгілігі. Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи, Абай мен Мағжан жалпы Шығыс ғұламалары бойынша, адамның дүниедегі тіршілік ету мағынасы жанның мәңгілігімен айқындалады. Әйтпесе өмір мазмұны жануарлық күн көруден алыс кетпек емес. Әлем мен адамға бағыт беретін жол көрсетуші, мәңгілік пен шексіздіктің кепілі - Нұр. Оған адамның жай ақылы жетпейді, оны аңғару, түсіну, жан дүниеңмен қабылдау қажет. Өтпелі өмірден мәңгілікке (фәниден бақиға) көшу, басқа сөзбен айтқанда, бұл дүниеден кету дегеніміз адам жанының Нұрға қосылуы. «Жан, - дейді Шәкәрім, - менің айтқанымдай баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді. Құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай болса бір түрге түсіп барлықтың ішінде бар болып жүреді». Осы негізгі шығармасын Шәкәрім ұзақ дайындықтан соң жазған және ол Жаңа замандағы қазақ кәсіпқой философиясының алғашқы туындысы болып табылады. Бұл шығармада айтылған ойлардың сыры мен астарлы қатпарлары мол. Батыстағы материализм және идеализм тәрізді екі анықпен Шәкәрім шектелмей, өз жолы - үшінші анықты ұсынады:
Еңбекпенен, өрнекпенен Өнер ойға тоқылса, Жайнар көңіл, қайнар өмір ар ілімі оқылса.
Яғни, басты мәселе - ар ілімі, моральдың төңірегінде. Кәдімгі этиканы Шәкәрімнің «ар ілімі» деп атауында да үлкен мән бар. Себебі оның негізгі категориясы, мәдениеттіліктің тірегі - ұждан. Бұл категорияны түсіну үшін Шәкәрімнен үзінді келтірейік: «Әрине, жаның өлген соң тазарып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып біржола жоғалмады-ау деп өлсе керек. Және ұждан, совесть жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянат қылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай болса нанбай, ұждан, совесть құр ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деген кісіге жақсылық, қиянаттың көп айырмасы жоқ болса керек [7] .
Ізін білдірмеудің айласын тапса болғаны, себебі өлген соңғы жан өміріне нана алмай ұждан, совесть, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілдерді қорлыққа түсіріп жүрген шатақ дін, жалқаулық, әйтпесе жаратушыда білім бар, өлген соң да бір түрлі жан тіршілігі бар. Жан екі өмірде де азығы- ұждан, совесть деумен еш нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті бұл жоғарылаудың ең зор жардамы үш анық дегенім осы». Шәкәрімнің ұжданы біз жоғарыда айтқан, ежелгі гректегі «каллокагатия», И. Канттың «кесімді императив» ұғымдарымен астас. Ұждан дегеніміз - ынсап, әділет, мейірім.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz