Төлем балансының теориялары
Жоспар
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
I тарау. Төлем балансының ұғымы мен маңызы
1.1 Төлем балансының мәні, принциптері мен құрылымы. . . . . . . . . . . .
. . 5
1.2 Төлем балансының теориялары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . 8
1.3 Валюта жүйесінің түсінігі, мәні және сипаты. . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . 9
II тарау. Қазақстан Республикасының төлем балансы
2.1 Елдің төлем балансы және оның құрылымы. . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . .15
2.2 2006-2007 жылдардағы мемлекеттің төлем балансының жағдайы. . . . . 18
2.3 Қазақстан Республикасының төлем жүйелері. . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . 19
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . .25
Кіріспе
Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің
айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Төлем балансы дегеніміз –
уақыттың белгілі бір межелдемесінде бір елдің дүниежүзінің басқа елдерімен
шаруашылық операцияларды жалпы қорытып көрсететін көрсеткіштердің жүйесі.
Кез – келген елдің дүниежүзінің басқа елдерімен экономикалық байланыстары
оның төлем балансында қамтып көрсетіледі. Ол макроэкономикалық талдау мен
болжаудың негізгі инструменті болып табылады.
Шынында да төлем балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым –
қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді. Ал халықаралық
валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына – операциялар балансы мен
капитал қозғалысының балансы жатады. Елдің барлық іс - әрекеттері мен сауда
операциялары төлем балансында көрініс алады.
Елдің экспорттық операциялары (тауар экспорты, қызмет экспорты) елдің
импортынан артық болған жағдайда төлем балансын активті (оң), ал кем болған
жағдайда пассивті (теріс) сальдолы деп атаймыз. Оң төлем балансы импортқа
қажет шетел валютасымен қамтамасыз етіледі.
Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
1. Ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы,
аударымдар(мемлекеттік және жеке тұлғалардың)
2. Капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар –
тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы.
3. Тұрақтндырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы,
ХВҚ (халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да
қаржы көздері;
4. Қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының,
несиелердің өзгерісі
Төлем балансы мына бөлімдерді қамтиды:
ағымдағы шот (сауда балансы);
капиталмен және қаржылармен болатын операциялардың шоты (күрделі
шот);
резервтік активтер;
таза қателер мен рұқсатнамалар.
Ағымдағы шот мыналарды қамтып көрсетеді: тауарлармен жасалынатын
операцияларды – экспорт пен импортты; қызметтер көрсетуді – жүк, жолаушылар
тасымалы, байланыс, туризм қызметтері; техникалық көмек; қарыздардан,
кредиттерден алынатын табыстар; трансферттер; ізгілікті көмек, гранттар.
Капиталмен және қаржылармен жасалынатын операциялардың шоттары тура
шетелдік инвестицияларды тартуды немесе капиталдың шетелге қайтуын,
портфелді инвестицияларды, мигранттардың трансферттерін, коммерциялық
кредиттерді, қарыздарды, басқа инвестицияларды (депозиттерді, валютаны және
т.б.) бейнелеп көрсетеді. Ағымдағы операциялар шоты және капиталмен
жасалатын өзара байланысты: біріншінің тапшылығы сырттан капиталдың
құйылымы есебінен жабылады; ағымдағы операциялардың актив шоты жағдайы
кезінде капитал мен кредиттер жылыстайды.
Резервтік активтердің жайғасымы монетарлық алтынды, қарыз алудың
арнаулы құқықтарын, шетелдік валютадағы талаптарды қамтиды; басқа елдерге
қатысты міндеттемелерді шегергеннен кейін таза алтын резервтері жасалынады.
Бұл жайғасым екі шотты- ағымдағы операциялардың және капиталмен жасалатын
операциялардың шоттарын теңестіреді.
Қателер мен рұқсатнамалар көлеңкелі бизнесті қоса алғанда,
бейрезиденттермен жасалынатын ресми есепке алынбаған операцияларды
сипааттайды.
Төлем балансының ерекшелігі сол, онда босалқы қорлар мен қорланымдар
емес, қаражаттардың ағыны, олардың кезең ішіндегі өзгерісі қамтып
көрсетіледі. Түрлі валюталарға атауланылған операцияларды, соманы аударуды
құндық бағалау бірыңғай валютаға келтіріледі (Қазақстанда – АҚШ
долларында). Экономикалық құндылықтармен жасалатын операцияларды тіркеу,
оларды жасау, трансформациялау, айырбастау,аудару немесе өтеу, меншік
иесінің (резиденттің немесе бейрезиденттің) аусымы мезетінде жүргізіледі.
Курстық жұмыстың мақсаты: төлем балансы туралы теориялық материалды
зерттеу, құқықтық базаны қалыптастыру.
Елдегі төлем балансының мәліметтерінің толық, нақты және уақытылы
болуын зерттеу – курстық жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті: төлем балансының мәні мен мңызын ашу,
түрлері мен өзіндік ерекшеліктерін көрсету.

1. . Төлем балансының мәні, принцптері мен құрамы
Әр мемлектке өздерінің сыртқы экономикалық жағдайын білу үшін оларға
кезенді статистикалық мағлүматтар керек. Осы мағлұматтарды төлем
балансынан көруге болады. Ол - белгілі бір кезеңде сол елдің сыртқы
экономикалық іс-әрекет балансын айқындайтын статистикалық құжат.
Төлем балансында елдердің сауда-экономикалық операцияларының құрылымы
мен сипаты, сандық жэне салалық масштабтары көрінді.
Әлемдік шаруашылықтағы қатысы: осы елдің басқа елдерге шығарған барлық
төлемдері сомасының және басқа елдерден түскен түсімнің барлық сомасының
арақатынасының көрінісі.
ХВҚ анықтамасы бойынша төлем балансы дегеніміз - белгілі бір кезеңдік
статистикалық есеп беру. Ол келесі құбылыстарды көрсетеді:
а) белгілі бір елдің өзінен басқа әлем арасындағы тауарлық,
қызметтік,
табыстық операциялар;
ә) меншіктегі өзгерістер және сол елдің алтын-монетарлық
арақатынастағы арнайы ақша резерві (СДР) және басқа елдерге қарағанда, сол
елдің қаржылық талаптар және міндеттемелеріндегі өзгерістер;
б) біржақты аудармалар және орын толтырушы жазбалар.Олар өзара
шешуге келмейтін операциялар мен өзгерістерді бухгалтерлік есеп бойыша
теңестіруге қажетті.
Төлем балансының құрамының негізі болып табылатын принциптер:
Бірінші принцип - қандай да бір елдің белгілі бір кезеңдегі барлық сыртқы
экономикалық операцияларды түгелдей қамту. Сыртқы экономикалық
операцияларды ішкі экономикалық операциялардан айыра білу үшін ХВҚ ең
алдымен резиденттер мен резиденттер емес арасындағы операцияларды түсіну
қажет.
Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу және валюталық бақылау"
заңында "резиденттер":
а) Қазастан Республикасындағы тұрақты тұратындар, уақытша басқа
елдерде болушылар;
ә) Қазастан Республикасында орналасқан, оның заңдылығына сәйкес
орнатылған заңды ұйымдар;
б) Қазақстан Республикасында орналаспаған және оның заңдылығына
сәйкес емес орнатылған өндірістер, ұйымдар; олар заңды ұйым
болып табылмайды;
в) басқа елдерден Қазақстанға келген дипломатиялық және тағы басқа
арнаулы өкілдер.
Резиденттер емес":
а) Қазақстан Республикасының сыртында тұрақты тұратын
және
Қазақстан Республикасына уақытша келушілер;
ә) басқа елдің заңдары бойынша құрылған басқа елде орналасқан заңды
ұйымдар;
б) шетел заңдары бойынша құрылған Қазақстан Республикасы
сыртында орналасқан ұйымдар және кәсіпорындар;
в) Қазақстан Республикасындағы шетел дипломатиялық арнаулы
елшілер, халықаралық ұйымдар, олардың филиалдары және өкілдері;
г) Қазақстан Республикасында орналасқан а және б пунктерінде
көрсетілген резидент еместердің филиалдарды мен елшілері.
Екінші принцип - операциялардың екі қайтара бухгалтертерлік жазбасы
нәтижесінде бір баптағы статья дисбаланс келесі баппен теңеледі.
Төлем балансы төлемдік операциялардан тыс операцияларды да қамтиды.
Осындай төлемге қатысы жоқ операциялардың бірі - біржақты аудармалар
яғни, қайта төленбейтін біржақты негіздегі төлемдер;
ХВҚ -жеке мемлекеттерге арнайы ақша резерв (СДР-ге) беруі;
алтынның монетизациялануы немесе деманитизациялануы; алтынға деген
әлемдік бағаның өзгеруіне байланысты ұлттық валюта резервін қайта бағалау.
Сондықтан да төлем балансы тек төлемдер емес төлем операцияларын да
қамтиды.
Төлем балансын құру жүйесі. Сыртқы экономикалық іс-әрекеттерді есептеу
орта ғасырда пайда болған. "Төлем балансы" терминін Шотландық экономист
(XVII ғ.) Джеймс Стюард ойлап тапқан. XX ғасырдың басында төлем балансын
құру әдісі АҚШ және Англияда дами түсті. Осыған негізделе отырып, ХВҚ
барлық елдер бойынша ортақ төлем балансын құ-рудың стандарттық әдістемесін
жасаған. Төмендегі төлем балансын құру үлгісі 1977 жылғы ХВҚ-ның шешімі
бойынша жасалған. "Төлем балансына - басқарылуларға" деп аталатын 4 үлгі
ХВҚ-ның толық схемасы 112 баптан тұрады. Кеңейтілген схемасы бұл баптарды 7
топқа бөледі.
Келесі кесте төлем балансының қысқартылған схемасы болып табылады. (1-
схема.) Төлем балансы баптарының кеңейтілген классификациясы, мысалға АҚШ
1989 ж. төлем балансы млрд. Доллар.
Бұл қысқартылған схеманы үш бөлікке бөлуге болады:
1 .Күнделікті операциялар (блок А). Мұнда тауар, қызмет, капитал және
ақшалай аударылымдардан түсетін табыстың бар жоқтығын анықтайды.
2.Капитал қозғалыстары (В+С).
З.Теңестіруші операциялар (Е+Ғ+О), төлем балансының салмақтандырылатын
мемлекеттік органдарының операциялары.
Содан кейін соңғы төлем баланс сальдосы пайда болады. Ол
мемлекеттің алтын, валюта және басқа резервтері
арқылы каржыландырылады немесе бөлінеді.
Төлем балансында экспорт және импорт ФОБ бойынша анықталады, яғни
тауар бағасына сақталу және тасымалдау құны енгізілмейді. Ал сыртқы сауда
статистикасында импорт СИФ бойынша анықталады, яғни сақталу мен тасымалдау
құны есептелінеді. Күнделікті төлем балансының баптары көп. Оны негізінен
"басқа тауарлар, қызметтер және табыстар" деп атайды. Оған:
1) тауарларды жеткізу (қызметке көрсетуге өте ұқсас - тауарларды
жеткізу);
2) әр түрлі қызметтер: жүк, жолаушылар және басқа да тасымалдау;
халықаралық туризм, телекоммуникациялық қызметтер, білім деңгейлік,
қаржылық, сақталу, жұмыс түрін кәсіптік және техникалық қызметтер және
т.б.; меншік құқығын қолдануға кететін кірістер мен шығыстар
(лицензия, патент, рояльти және т.б. төлемдер мен кірістер);
3) шетелдегі жеке және мемлекеттік инвистициялардан түсетін
табыстар мен сол елдегі шетел инвестициясынан кіретін табыстар. Бұған
қайта инвестициялау табыстары жатады;
5) шетел мемлекетінің саяси және әкімшілік операцияларды (әскери
базалар, халықаралық ұйымдарға енуі және т.б.)."Жеке
біржақты
аудармалар" және "Мемлекеттік біржақты аудармалар" бабындағы трансферттер
жатады:
а) шетел жұмысшыларының, көшіп келушілерінің және т.б. аудармалары;
ә) қайтырылмайтын мемлекеттік көмектер.
Баланстың тауар қозғалысы баптарына талдау.
Тауар қозғалысы балансы В және С блоктарды қамтиды.
Блок В немесе "төте инвестиция басқалай ұзақ мерзімді капитал":
а) төте және потфельді инвестиция;
ә) басқа да ұзақ мерзімді капитал.
ұзақ мерзімді мемлекеттік және банктік несиелер;
ертеде алынған қарыздарға төленетін проценттер;
халықаралық банктер және қаржылық ұйымдардың облигацияға қол қоюы.
Блок С - қысқа мерзімді капитал. Бұған 1 жылға дейінгі инвестициялар
кіреді және қысқа мерзімді мемлекеттік құнды қағаздар мен міндеттемелер,
банктік депозиттер және қысқа мерзімдік несиеге байланысты банкаралық
міндеттемелердің қозғалысын көрсетеді.
Тауар қозғалысы балансы Д блокты қамтиды.
Д "қателер мен ұмытылып қалдырылғандар".
Мұнда күнделікті жиі кездесетін қателер, сонымен қатар, контрабанда
және капиталдың заңсыз құйылуы анықталады.
Соңғы баланс талдауында Н блоктан басқа барлық блоктар қаралады.
Блок Е - "Компенсациялаушы бап". Бұл бапта келесі өзгерістер
көрсетіледі.
а) монетизация жэне демонетизация арқылы сол елдің алтын қорындағы
және алтынға деген әлемдік бағаның өзгерісі;
ә) өз валютасының айырбас курсын өзгерту үшін оның ХВҚ-тағы
резервінің алатын орны және сол елдің үлесіндегі (СДР);
б) сол елдің валюта резерві,сырткы міндеттемелерді, айырбас курсына
байланысты ХВҚ алған қарызының өзгеруі.
Блок Ғ — "жедел қаржыландыру" ең алдымен төлем балансының
жеткіліксіздігін жеңілдету операцияларын қарастырады. Олар: ХВҚ берген
қайтарылмайтын несиелер; халықаралық қайта құру мен даму банкісінен (МБРР)
құрылымдық қайта құру үшін берілген несиелер; төлемдегі уақытты созу;
қарыздарды уақытынан бұрын қайтару; басқа мерзімге көшу және күшін жою.
Шет мемлекеттердің валюта резервінің құрамындағы міндеттемелер (Блок
С). Мұнда шетел банкілеріндегі мемлекеттік депозиттер және мемлекеттік
органдар бойынша шетел құнды қағаздарын сату және сатып алу.
1.2 Төлем балансының теориялары
Елдің төлем балансын мемлекет реттейді. Бұл ертеден келіп жатқан
теория. XIX ғасыр мен XX ғасырдың басында шотландтық Д. Юманың стандарт
шартында автоматты түрде теңестірілудің классикалық теория өте жоғары
деңгейде дамыған. Бүл теория алтын стандарт шартымен бірге қалып қойды.
Бірақ соңғы он жылдықтарда бұл теорияға қызығушылық қайта артты. Бұрынғы
жағдайда автоматтық реттегіш ретінде "Резервтерді қорытынды өзгерістері"
танылса, валюта курсының "қалқымалы" жағдайында автоматты регулятор ретінде
ұлттық валюта курсы айырбасталуының болуы саналады.
Төлем балансы оның қүлдырауына байланысты төмендейді, оның жақсаруына
байланысты жоғарылайды. Ол өздігінен автоматты түрде көптеген ағымдағы
операциялардың өзгеруіне әкеледі. Капиталдың қозғалуына ықпал етеді.
Бұдан кейін неоклассикалық эластикалық әдіс қалыптасты. Оны Дж.
Робинсон, А. Лернер, Л. Мецлер ойлап шығарды. Эластикалық әдіс төлем
балансының өзегі - сыртқы сауда болып табылады.
Сауда балансының сальдосы = РэРи*К болып табылады.
Мүндағы: Рэ - экспорттық тауарлар бағасының деңгейі; Ри- импортты
тауарла бағасының деңгейі; К - валюта курсы.
Осы формуладан келесі қорытындыны шығаруға болады:
Төлем балансының тепе-теңдікке жеткізу құралы - валюталық курс
өзгерімділігі болып табылады. Осыған сәйкес ұлттық валютаның девальвациясы
экспорттық бағаларды төмендетеді, ал ревальвация шетелдік тұтынушылар үшін
біздің тауарларымызды қымбаттатады. Ол елде шығарылған тауарлардың бізге
әкелінуін арзандатады.
Демек, осындай жағдайларда келесі көрсеткішті пайдалану қажет. Ол
экспорт пен импорт сұрамының эластикалық коэффициенті болып табылады. Ол
жоғарыда аталған өзгерістердің дәрежесін көрсетеді. Егер елге қажетті тауар
импортты осы елге шығармайтын болса, онда оның жергілікті тауарлармен
бәсекеге түсе алатын импорт тауарларынан айырмашылығы онша үлкен еместігін
білдіреді.
С. Александрдың еңбегі Дж. Мид және Я. Типбергеннің идеясына сүйене
отырып, абсорбциондық тұрғыдан келіп, жалпы алғанда, кейнсиандық теорияға
сүйенеді. Бүл тұрғыдағы төлем балансын жалпы ішкі өнімнің негізгі
элементтерімен, біріншіден, ішкі тұтыну мен инвестициялық сұраныстың
жиынтығымен байланыстыруға тырысады.
Абсорбциондық тәсіл төлем балансы жағдайының жақсарғанын (оның ішінде
ұлттық валютаның девальвациясы арқылы), елдің табысының, оның ішінде
абсорбцияның жалпы көтерілгенін, яғни тұтыну мен капиталды молудың өскенін
көрсетеді. Бұл жерде кейнсиандықтар қорытындысынша: экспортты ынталандыру,
ал импортты ұстау, атап айтқанда, отандық өніммен қызмет көсетудің
бәселекесуін көтеру қажет. Соның ішінде монетаристік
тәсіл. Бұл жерде, әрине, елдегі төлем балансының қорытынды сальдосының акша
айналымына ықпалы қарастырылған ақша факторына айырықша көңіл бөлінеді.
Монетаристердің көзқарасы бойынша, елдің ақша рыногындағы тепе-теңдіктің
болмауы төлем балансындағы тепе-теңдіктің болмауын аныктайды.
Осыған байланысты үкіметке берілетін басты ұсыныстар: тікелей ақша
айналымына ғана емес, сондай-ақ, елдің халықаралық есеп балансына
араласпау. Төлем балансының дефицитін болдырмау үшін, тек қана ақша
массасын қатаң қадағалау қажет. Бұл проблемаға монетаристер аса көңіл
бөлмеу керек дейді, себебі төлем балансына деген дефицит - айналымдағы
артық ақшадан тезірек құтылу үшін экономикаға көмек көрсетеді.
1.3. Валюта жүйесінің түсінігі, мәні және сипаты
Валюта жүйесі - ол экономикалық көзқарас тұрғысынан - шаруашылық
байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта-
экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан - ол
белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегінде мемлекеттік-құқықтық
түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.
Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік жэне мемлекетаралық немесе
аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан.Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас
бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болады.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және
халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын
пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Үлттық валюта жүйесі
ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта - елдің ақша бірлігі. Ол
қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес формада (банктік
шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық орталық банк жэне
коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері
төмендегілер:
* ұлттық валюта;
* ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни
айырбасталудың екі түрлі болуы: а) шетел валютасына шектеусіз еркін
айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ)
Жарғысында "еркін қолданылатын валюта" деген ұғым
енгізілген. Оған американдық доллар, немістің маркасы, жапон иені,
француздық франк, ағылшындық фунт стерлинг; ә) жарым-жартылай
айырбасталатын валюта, мысалы, ресейлік рубль; б) айырбасталмайтын
(тұйық) валюта;
- валюталық паритеттің бірдейлік ережесі - валюталардың алтын құрамына
байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген
ондағы алтын паритеті алынып тасталды (Батыста 70-жылдарда, ал КСРО-да
1991 жылдан). ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР -
арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаралық валютамен, бірақ
алтынмен емес, анықталуы мүмкін. 70-жылдардың орта шенінен бастап
паритеттер валюта қоржыны негізінде анықталады. Валюта қоржыны деп
бірнеше валюталардың белгілі бір бөліктерінің сомасын сол валюталардың
нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын
бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады. Мысалы, СДР валюта
қоржыны жоғарыда көрсетілген бұрын еркін қолданылатын валюталардан
құралады, қазір ондағы американдық доллардың үлесі шамамен 39%, неміс
маркасы - 21, жапон иені - 18, француздық франк және фунт стерлингтің
әрқайсысының үлесі 11%-тен болады. Еуропа қауымдастығының еуропалық
валюта өлшемі (ЭКЮ) он екі елдің валютасынан тұратын валюта қоржынынан
құралған, ЭКЮ 1999 жылдың 1 қаңтарынан ұжымдық валюта - еуромен
біртіндеп алмастырылмақшы;
- валюта бағамының тәртібі (белгіленген, белгілі бір аралықта өзгермелі).
Мысалы, Еуропа валюта жүйесіндегі орталық бағамында он екі валюта
бағамының өзара ауытқу шегі 15% шамасында, Ресейде АҚШ-тың 1 долларына
шаққанда 4300-4900 руб. аралығында, ал 1997 ж. 5750-6350 руб. болды.
1998 ж. Валюта коридорының жоғары шегі 9500 рубльге дейін көтерілді.
Валюта-қаржы дағдарысы кезінде, 1998 жылдың тамызынан, рубльдің
долларға шыққандағы бағамы бүл шектен шығып, деноминацияланған 15-25
рубльге дейін көтерілді. Көптеген елдерде валюта бағамының өзгеретін
шегі заңмен бекітілмеген;
* валюталық шектеудің болуы немесе болмауы: Мысалы; Ресейде ел
экономикасының тұрақсыздығын байланысты шектеу, лимит белгілеу,
белгілі бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияға тиым
салу енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап
дамыған
мемлекеттер бірте-бірте валюталық шектеуді алып тастаған.
1996
жылы Ресей ХВҚ-лық және Жарғысының 8 бабына қосылып, саудалық
және саудалық емес операцияларға валюталық шектеулерді жойды.
* Төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын жэне валюта резервтері,
СДР есепшоттары, еуро 1999 жылдан ЭКЮ-дың орнына), ХВҚ
резервтік позициясы (бағыты) және елдің сыртқы қарызын
өтеу
мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігін
реттеу;
* халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп
айырысу формаларын қолдану тәртібін белгілеу;
* валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі;
* валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы (орталық
банк, Қаржы министірлігі, арнаулы органдар, мысалы, Қазақстанда
Ұлттық банк, Ресейде - валюталық жэне экспорттық бақылаудың
федералдық қызметі).
Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық
валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері
қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен
заңды түрде бекітіледі.
Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының
ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық несие-қаржы институттарымен
халықаралық-шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін
жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық
процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің
тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық
және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет.
Басқа жағынан, оның мақсаты -кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып
тұратын әр түрі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық әрекеттерді түп-
тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес рөл атқарады. Ол
өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты
мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-
есептеу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша
айналымын қамтиды. "Дүниежүзілік валюта жүйесі" деген ұғымға кіретін ішкі
және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін
біріктіретін түйін - әлемдік ақша белгілер.
Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алатын, кейін құйма
формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептесуде қолдану
үшін алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет болды.
Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысу
ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады.
¥зақ тарихи дамудың нәтижесінде валюта жүйесінің негізгі элементтері
қалыптасты. Олар:
* әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік
валюта,
халықаралық валюталық өлшем);
* валюталардың айырбастау шарттарын белгілеу;
* валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру;
* валюталық шектеу көлемін тәртіптеу
* халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін
белгілеу
(мысалы, ХВҚ 1970 жылдан айналымға жаңа халықаралық валюта
өлшемі СДР-ды, ЕВҚҚ 1979 жылдан еуропалық валюта өлшемі ЭКЮ-
ды, ал 1999 ж. Қаңтарда еуроны енгізді);
* халықаралық несиелік айналым құралдарын қолдану
тәртібін
үйлестірді;
* әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;
* мемлекетаралық реттеу институтының статусы — 1944 жылдан
Халықаралық валюта қоры бекітілді.
Аймақтық валюта жүйесі (АВЖ) - дүниежүзілік валюта жүйесінің
шеңберінде батыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін
ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған "Жалпы нарық" одағындағы
мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағының дамуынан бастау
алып, 1979 жылы қүрылды. Оның мақсаты - ынтымақтастық процесін ынталандыру,
еуропалық саяси экономикалық және валюта одағын - Еуропалық одақ (ЕО) құру,
Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жүйесінің элементтері
дүниежүзілік валюта жүйесінің элементтеріне дәл келеді.
Дүниежүзілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы оның
құрылымдық принциптерінің әлемдік шарушылықтың құрылымы мен принциптеріне,
әлемдік тұрғыда күштердің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне
сәйкестік деңгейіне байланысты өзгереді. Бұл принциптер сәйкес келмесе
дүниежүзілік валюта жүйесі әлсін-әлі дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауымен
және жаңа валюта жүйесінің құрылуымен ұштасады.
1979 ж. Еуропалық экономикалық одақтың (ЕО) шеңберінде Батыс Еуропа
елдерінің интеграциялық процестерін дамытуға көмектесу мақсатында Еуропа
валюта жүйесі (ЕВЖ) деп аталатын аймақтық валюта жүйесі құрылды. Бүл жүйеге
кіретін мемлекеттер ХВҚ-ның мүшелері болғандықтан ЕВЖ-сін әлемдік валюта
жүйесінің құрылымдық бір бөлігін қарастыруға болады. Солай болғанмен оны
Ямайка жүйесінен ажырататын бірсыпыра ерекшеліктері бар.
ЕВЖ-нің құрылымдық ерекшеліктеріне төмендегілер жатады:
* СДР-дың орнына еуропалық валюта өлшемі - ЭКЮ стандарты
енгізілді. ЭКЮ-дің валюталық қоржыны батыс еуропалық 12
валюталардан құралады. Онда неміс маркасы (30%-тен астамы) үстем
болды. ЭКЮ-ді қолдану аясы СДР-ды қолдану аясына қарағанда
әлдеқайда кең, оны тек қана мемлекеттік сектор емес, сонымен қатар жеке
секторлар, оның ішінде банктердің депозиттік-ссудалық
операцияларында, халықаралық есеп айырысу жеке фирмалары
қолданады. ЭКЮ бірітіндеп элемдік валюта нышандарын ала
бастағанымен, эзірше әлемдік деңгейге шыққан жоқ. Оны 1999 жылдан
ұжымдық еуропалық валюта - еуро ауыстырды.
* Ямайка жүйесінде алтынды ресми демонетизациялауға қарама-қарсы
ЕВЖ-де осы валюталық металмен жүргізілетін
операциялар
жаңғыртылды. Алтын мен доллар ЕВЖ-ге мүше елдердің ресми алтын-
долларлық резервтерінің 20%-ін біріктіру жолымен ЭКЮ-
ді
эмиссиялау механизміне енгізілді. Осы елдердің орталық банктері
Еуропа валюта институтының қарауына 2,3 мың т. алтын аударды.
Институт алтынын төлеген жарнасы қайта жаңартылатын үш айлық
келісімімен рәсімделеді, ол қолма-қол алтынды ЭКЮ-ге сатып, үш
айдан кейін оны кері сатып алу үшін қарсы келісім жүргізумен
үйлестіріледі.
* ЕВЖ-ге мүше-елдердің валюта бағамының "бірге өзгеру" ережесі
олардың өзара ауытқу шегін бекітеді.(Ол қазір орталық бағамнан 15%-
і, ал 1993 жылдың тамызына дейін 2,25% боған). Валютаның бұндай
ұжымдық өзгеру тәртібі "еуропалық валюта жыланы" деп аталады,
себебі бүл ауытқудың графикалық өрнегі жыланның жорғалауына тым
ұқсас. Егер валюталардың бағамы рұқсат етілген шектен асып кетсе,
онда орталық банк неміс маркасымен валюталық интервенция жургізуі
тиіс, яғни ұлттық валютаның бағамын түсірмеу мақсатында марканы
сол валютаға сату керек. ЕО валюта бағамының ұжымдық өзгеруі
олардың тұрақтылығын қамтамасыз етті, әйтсе де әлсін-әлі ресми
девальвация жэне ревальвация жүргізіліп тұрды . Тұрақсыз
валюталардың (Ирландия, Италия, Бельгия, Дания ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz