Тауар - ақша айналымы және қаржы зеттеудің заңдылықтары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫ

Пән: Қаржы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ТАУАР-АҚША АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ

Орындаған: Ф-21 тобының Әлиасқар Ә.Е

Тексерген: э.ғ.магистрі Қазыбаев Б.О.

Көкшетау 2014

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
4

1 ТАУАР-АҚША АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ

1.1Тауар-ақша айналымы және қаржы мәні мен манызы 6

1.2 Тауар-ақша айналымы және қаржы мазмұны,құрылымы
10
1.3 Шет мемлекеттердегі тауар-ақша айналымы және қаржының даму
кезеңдері
15

2 тауар-ақша айналымы және қаржы қазіргі кезеңдегі қызметтерін талдау

2.1Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау(Алтынтау-Көкшетау мысалында)

20
2.2Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін (Алтынтау-
Көкшетау)
21

3 ТАУАР- АҚША АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ДАМУЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕСІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

3.1. Тауар-ақша айналымы және қаржы дамуындағы құрылымын басқару және
кездесетін мәселелер
24
3.2 Тауар-ақша айналымы және қаржы механизміне қызмет етудегі мемлекет
саясаты
26

ҚОРЫТЫНДЫ 30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРІ 32

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың тақырыбын зеттеудің өзектілігі. Бұл тақырыпта тауар ақша
айналымын және қаржыны талдау қарастырылған.Тауар – бұл сату айырбастау
үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық
қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға
айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды.Сонымен
қатар,Қазақстан Респуликасы кәсіпорындарында,соңғы жылдары еліміздің
экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің
әдістемесі мен тәжірибесінде өзгерістер болды.
Ақша айналымы деп қолма – қол ақша мен қолма – қол емес ақшаның
қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп
айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет
жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады. Ақша айналысқа қажетті ақша
мөлшері несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды.Несиенің даму
дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді:тауардың неғұрлым едәуір
бөлігі несиеге сатылса,айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет.
Тауар-ақша айналымы және қаржының талдау кезінде әкімшілік және
экономикалық, кәсібилік, психологиялық әдістерді қолданады.
Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік
саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-
экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін
терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы
ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын
көре білудің маңызы зор.
Тауар және ақша жиынының қозғалысындағы сәйкестікпен, ақшаның
объективті түрде қалыптасқан тауар айналысы қатынастарынан туындайтын
жылдамдықпен жұмыс істеуімен, айналымдағы ақша жиынының ақша айналысы
заңының талаптарына сай келетін деңгейде болуымен сипатталады.
Курстық жұмыстың тақырыбының зеттелу деңгейі. Тауар ақша айналысы
және қаржы механизмдерін талдау және жүргізу түрлерімен байланысты
сұрақтармен шетелдік,ресейлік және қазақстандық авторлар жұмыс істеген.
Соның ішінде қазақстандық авторлардың бірнешеуін атап өтуге
болады.Олар:Мақыш С.Б.[1], Көшенова Б.А. [13], Ілиясов Қ.Қ. [7] ],
Сейітқасымова Г.С. [19] және тағы басқалар жатады.
Бірақ елдегі болып жатқан экономикалық өзгерістермен байланысты бұл
мәселе зеттелу барысында, сонымен курстық жұмыстың мақсаты анықталады.
Курстық жұмыстың мақсаты-тауар ақша айналысы және қаржыны талдау.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін курстық жұмыста мынадай міндеттер орындалды:
-Тауар- ақша айналымы және қаржы жүйесінің зеттеудің теориялық аспектілерін
ашу;
- Тауар- ақша айналымы және қаржы зеттеудің заңдылықтары;
- Тауар- ақша айналымы және қаржының бүгінгі таңдау даму мәселері және
оларды шешу жолдарын қарастыру;
Курстық жұмыстың объектісі-Алтынтау-Көкшетау кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдау.
Курстық жұмыстың пәні-- тауар- ақша айналымы және қаржылық
тұрақтылығын талдау.
Курстық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі- болып интернет-
сайттар мәліметтері,отандық және шетелдік авторлардың
ғылымиәдебиеттері,мерзімді баспа мәліметтері қолданылған.
Курстық жұмыстың тәжірбиелік негізі-- Тауар- ақша айналымы және қаржы
дамуындағы кездесетін мәселелерді қарастырып,оны шешу жолдары.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері-жұмыс барысында жалпы
ғылыми,статистикалық және экономикалық әдіс қолданылды.
Курстық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер
тізімі және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектілері
мен пәні, зерттеу әдісі қарастырылған.
Бірінші тарауда, тауар-ақша айналымы және қаржы мәні мен манызы,тауар-
ақша айналымы және қаржы мазмұны,құрылымы, шет мемлекеттердегі тауар-ақша
айналымы және қаржының даму кезеңдері талданған.
Екінші тарауда, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау(Алтынтау-
Көкшетау мысалында), кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік
белсенділігін (Алтынтау-Көкшетау) қарастырылған.
Үшінші тарауда, тауар-ақша айналымы және қаржы дамуындағы құрылымын
басқару және кездесетін мәселелері,тауар-ақша айналымы және қаржы
механизміне қызмет етудегі мемлекет саясатын арттыру жолдары ұсынылған.
Курстық жұмыстағы зерттеудің нәтижесі қорытындыда жинақталған.

1 ТАУАР-АҚША АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. Тауар-ақша айналымы және қаржы мәні мен маңызы
Ақша деп-тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі,яғни
тауар өндіру мен оны айырбастау процесінде басқа тауардан бөлініп шыққан
ерекше тауар.
Ақшаның мән-мағынасы үш қасиетінің бірлігімен айқындалады:
– ақшаға жалпыға бірдей тікелей айырбасталушылық қасиеті тән, яғни
оларды тауарлар мен көрсетілген қызметтерге ешқандай шектеусіз
әрқашан және барлық жерде қабылдауға тиіс;
– ақша тауарлардың айырбас құнын өрнектейді. Олардың көмегімен
тауарлардың бағасын анықтауға болады, оларды тұтыну құны түрлі
болатын айырбас қамтамасыз етеді және түрлі тауарлар мөлшерімен
салыстырылады;
– ақша тауардың ішіне алынған жалпыға бірдей жұмыс уақытының іске
асырылуы болып табылады, яғни ақшаға жұмсалған жұмыс уақытының
шығындары арқылы тауарлардың құны өлшенеді. [1]

Ақша айналымы — ақшаның айналымдағы қозғалысы, оның айналым және төлем
құралы ретінде қызмет етуі.  Ақша айналымының тауар айналымынан өзгешелігі
— әрбір тауар айналымда уақытша болады, ал ақша өзінің айналым құралы
қызметін атқарғаннан кейін, айналыс арнасында тұрақты қалып, тауарларды
өткізуге қызмет ете береді. Ақша айналымының объективтік заңы төмендегідей:
тауарлар бағасының айналыстағы жиынтығы аттас ақша бірліктерінің айналым
саны қатынасына байланысты. Дәлірек айтқанда, айналымдағы ақша аумағы
тауарлар бағасы мен аттас ақша бірліктерінің айналым саны арқылы
анықталады. Ақша айналымы мен тауар айналымы арасында тығыз байланыс бар,
біріншісі екіншісіне тікелей тәуелді. Ақша айналымы теңелген сайын
шаруашылықты дамытуға қажетті ақша массасы азая түседі. Бұл ретте ақша
айналымын жоспарлау және реттеу айрықша рөл атқарады.

Ақша айналымын жоспарлау — мемлекеттің айналымға керекті нақты ақша
мөлшерін жоспарлы түрде белгілеп, жалпы ақша жиынын ұлғаймалы ұдайы
өндірістің қажетіне сәйкес реттеуі. Экономикалық үздіксіз дамып отыруы үшін
айналымдағы ақша мен тауар жиыны арасында қажетті сәйкестік сақталуы керек.
Ақша айналымын дұрыс реттеу мақсатымен барлық кәсіпорындар ақшалай
қаржыларын банктерде ұстап, тек төлемге қажетті мөлшерін ғана алып отырады.
Ақша айналымы жоспарлау халықтың ақшалай кіріс-шығыс балансы мен Ұлттық
банктің кассалық және кредиттік жоспары негізінде жүзеге асырылады.
Баланста табыстың көзі және оны пайдаланудың негізгі бағыты көрсетіледі.
Мұндай баланстың көмегімен ақшалай кіріс-шығыс арасындағы сәйкестік
сақталып, халықтың қолында артық ақшаның жиналып қалуына жол берілмейді.
Ақша айналымы жоспарлау барысында айналымдағы жалпы ақша мөлшерін шұғыл
түрде реттеу үшін республика, облыс, аудан бойынша ай, тоқсан сайын нақты
ақшаның қозғалысы есепке алынуы тиіс және сол арқылы ішкі және сыртқы
рынокқа қажетті ақша мөлшерін анықтап, оның пайдаланусыз жатып қалуын
болдырмауға, ақша айналымын жылдамдытуға жол ашылады.
Ал ақша айналымын реттеу шаруашылық салаларына қажетті айналымдағы
ақша мөлшерін қадағалауға мүмкіндік береді. Айналымдағы ақша шамадан тыс
көбейіп кетсе, ақшаның құнсыздануына әкеліп соқтырады. Айналымдағы ақшаны
реттеу Ұлттық банкке жүктеледі. Ол айналымға қажетті нақтылы ақша мөлшерін
шығарып, егер ол шамадан тыс асып кетсе, айналымнан қайтып алып отырады.
Бұл сияқты реттеу коммерц. банктерге несие көлемін өзгерту арқылы бағалы
қағаздарды және шетел валюталарын сатып алу немесе коммерциялық банктер
Ұлттық банкте орналастыратын міндетті резервтердің нормаларын өзгерту және
нақты экон. жағдайларға сәйкес кредиттер бойынша проценттік ставкаларды
өзгерту жолымен жүзеге асырылады. [3]
Тауар айналымы белгілі бір уақыт кезеңінде ақшалай түрде сатылған және
сатып алынған тауар көлемі, яғни өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарын
өткізудің (сатудың) жиынтық құнын бейнелейтін экономикалық көрсеткіш.
Айналыс аясындағы тауар қозғалысы, тауардың өндірушіден тұтынушыға ауысу
үдерісі, яғни тауардың ақшаға айырбасталуымен жөне өндірістен тұтынуға
етуімен байланысты үдеріс. Ол көтерме сауда және белшек сауда айналымы
түрінде болуы мүмкін. Тауар айналымы транзиттік және қоймалық түрлеріне
ажыратылады. Транзиттік тауар айналымында кетерме сауда фирмасы тауарды
жеткізушіден (өндірушден) өз қоймасына апармай, тауар алушыға тікелей
жөнелтіп, сатады. Қоймалық тауар айналымында кетерме сауда фирмасы тауарды
өз қоймасына қабылдап, қоймалық өңдеуден өткізеді, кажет болған жағдайда
тауарларды жиынтықгайды, со-нан соң белшек саудаға жөнелтеді немесе
өңдірістік үдерістің кезекті сатысына жібереді. Самый простой и дешевый
способ избавления от прыщей
Тауар-ақша қатынастары — маркстік саяси экономияның нарықтық
қатынастар деген ұғымды білдіретін термині. Мұнда оқшауланған тауар
өндірушілер бір-бірімен қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы байланысқа түседі.
Бұл қатынастар нарық, тауарларды сатып алу-сату, айырбастау арқылы көрініс
табады. Нарықтық қатынастардың тауар белгісі — бір заңды немесе жеке
түлғаның тауар-ларын немесе көрсететін қызметтерін екінші бір заңды не-месе
жеке тұлғалардың осы тектес тауарларын немесе көрсететін қызметтерінен
ажыратуға мүмкіндік беретін таңба.
Кесте 1 – Қазақстан Республикасында 2006 – 2010 жылдардағы ақша
агрегаттарының серпіні. (млн. тенге)

Көрсеткіштер 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж. 2010 ж.
МО 161701 238730 379273 411813 600832
Жылдың басынан бергі 23, 3 47, 6 59, 0 8, 6 45,9
өзгеріс. %
М1 287293 411646 680632 799440 1281549
Жылдың басынан бергі 28,1 43,3 65, 1 17, 5 60,3
өзгеріс, %
М2 498071 692844 1175491 1515970 2814551
Жылдың басынан бергі 47,4 39, 1 69,5 29,0 85,7
өзгеріс, %
МЗ (ақша массасы) 764954 971213 1650115 2065348 3677561
Жылдын басынан бергі 32.8 27.0 69,8 25,2 78.1
өзгеріс, %

Ескертпе - автормен құрастырылған[20]
Қаржы(фр. finance, лат. finantia— аяқтау, төлем туралы бұйрық; қолма-қол
ақша, табыс) — мемлекеттің аймақтардың, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің, заңы және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы,
бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі,
қорытындылаушы  экономикалық  санат (категория), осы үдеріс барысында
туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты
мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар
арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржы санаты
қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйені көрсетеді, осы жүйе
жағдайында және құрамында қаржы жүйесі әрекет етеді. Ақша қатынастары қаржы
қатынастарын қалыптастырады, бірақ ақша қатынастарының бәрі бірдей қаржы
қатынастары болып табылмайды, тек олардың ақшалай қаражат қорларының
жоспарлы түрде құралуымен, бөлінуімен, пайдаланылуымен байланысты бөлігі
ғана қаржы қатынастары болып табылады, мысалы, жеке тұтынуға, айырбастауға
жұмсалатын ақшалай қаражат (бөлшек сауда тауар  айналымы, көлік,
коммуналдық, тұрмыстық, ойын-сауық қызметтеріне, сондай-ақ қоғамның
жекелеген мүшелері арасындағы сатып алу-сату үдерістеріне жұмсалатын ақша
енгізілмейді). Қаржы қоғамдық өндірісті басқарудың экономикалық әдістерімен
тығыз байланысты, олардың құрамына кіреді, экономиканы басқарудың барлық
жақтарына ықпал етеді.Мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы, кәсіпорындардың
(фирмалардың) арасындағы қаржы қатынастары маңызды рөл атқарады. Алғашқы
жағдайда олар мемлекеттік бюджетке төлемдер, салалық не аумақтық
деңгейлердегі ұйымдардың түрлі қорларына аударымдар жүйесін қамтиды, екінші
жағдайда өндірістік кәсіпорындардың арасындағы, сондай-ақ материалдық-
техникалық жабдықтау, бөлшек сауда, қызмет көрсету саласы ұйымдарының
арасындағы өзара байланыстарды қамтиды. Қаржының құрылымы мен мазмұны түрлі
елдерде түрліше. Экономикасы бір орталықтан басқарылатын елдерде
мемлекеттік қаржы, мемлекетгік бюджет пен бюджетг тыс қорлардың құралуы
айқындаушы орын алады. Мұнда қаржыны өзі ЖІӨ мен ұлттық байлықтың бір
бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынастары ретінде
сипатталады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалпы мемлекетгік,
қоғамдық мұқтаждарға, әлеуметтік мақсаттарға пайдаланылатын мемлекеттік
қаржының, мемлекеттің кірісі мен шығысын бюджеттендірудің елеулі рөлі
сақталады. Алайда қаржы қызметінің негізгі салмағы қаржы ресурстарын бір
орталықтан бөлуден тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің еркін нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, салық,
баж, есеп мөлшерлемелері, жәрдем қаражат, көмек қаржы, үлестеме, басқа да
қаржы тұтқалары арқылы нарықтық қатынастарды реттеуге ауысады. Шаруашылық
жүргізуші субъектілердің: кәсіпорындардың, коммерциялық фирмалардың,
компаниялардың, банкілердің, жекеше кәсіпкерлердің қаржы ресурстарын дербес
пайдалануы мүмкіндігі айтарлықтай артады.[7]
Қорытынды
Ақша айналымының екі жағының бірлігі, олардың бір түрінің екіншісіне ауысуы
жалпы ақша жиыны құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақша жиыны ақша
айналымының сандық көрсеткіші. Ақша – тауардың жалпы эквивалентінің
тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте
қайнасқан ерекше тауар. Қаржы — ақша қатынастарының жиынтығы, олардың
ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы
өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек
айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы
экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына
байланысты

1.2 Тауар-ақша айналымы және қаржы мазмұны,құрылымы

Ақша айналымы ақшаның бір заңды немесе жеке тұлғадан екіншісіне
үздіксіз қозғалысы.Яғни қолма-қол ақша мен қолма-кол емес ақшаның
қозғалысын білдіретін кең ұғымды айтады. Қазіргі ақша айналымын құн
айналымы деп айтсақ болады.Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша
белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп
айырылысуын қамтамасыз ететін ақша қызметі. Ақша айналымы 2 бөліктен
тұрады: қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша.Қолма-қол ақшасыз
айланыстың көптеген ерекшеліктері бар. Мысалы қолма-қол ақшаны алып
қарайтын болсақ, онда қолма-қол ақшаны шығарумен, тасымалдаумен, сақтаумен
байланысты шығындары болады, оның үстіне, қолма-қол ақшаның тоналу қаупі де
бар екенін айта кетуге болады.Белгілі бір ақшаны қолма-қол ақша формасынан
қолма-қол емес ақша формасына немесе керісінше қолма-қол емес ақша
формасынан қолма-қол ақша формасына ауыстыру барысында ешқандай қиындық
туындамайды, себебі тауар өндірісі мен тауар айналысы ақша айналысының
объективті негізі болып табылады.Ақша айналыста жүріп бірде айналыс
құралы(қолма-қол ақша), бірде төлем құралы(қолма-қол емес ақша) қызметінде
ауыстырып орындайды. Себебі ақшаның бұл қызметтері ішкі төлем айналымын
шетелдік валюталардың еркін еніп кетуіне тосқауын қойғанда ғана өзінің
біртұтастығын сақтайды.
Қазақстан Республикасында қолма-қол ақшаны тек Ұлттық Банк банкнота
түрінде эмиссиялайтынын білеміз, ал екінші деңгейдегі банктер оның
эквивалентін қолма-қол емес ақша формасында төлем алады.Коммерциялық
банктер қолма-қол ақшаның біраз бөлігін тұтынушыларға береді, егер заңды
тұлғада болса, кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына ақша жіберіледі. Ал
егер жеке тұлға болса, тікелей өзіне беріледі.Кәсіпорындар мен ұйымдардың
кассасындағы қолма-қол ақшаның біраз бөлігі өзара есептесу негізінен, қолма-
қол емес ақша түрінде жүргізіледі, ал едәуір бөлігі жалақы, зейнетақы,
девидендтер төлеуге т.б. түрінде жіберледі.
Сонымен,қолма-қол емес ақша айналысы-ол бүкіл ақша айналымының басым
бөлігін құрайды.Нарықта төлеушілер мен сатып алушылардың банктегі шотын
есептеу жолынмен жүзеге асырады.Қазіргі кезде қолма-қол ақшасыз есеп
айырсуды ұйымдастырудың әр түрлі тәсілдері қолдануда. Мысалға, пластикалық
карточкаларды қолдану арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыруда
ең бір прогрессивтік құрал екені көрінеді.
Ақша айналысының заңы-тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері
екі факторға:біріншіден, бір кезеңде,айталық бір жылда сатуға тиіс тауарлар
бағасының қосындысына;екіншіден ақша айналымының жылдамдығына байланысты
өзгереді.ақша айналысы заңының формуласы (1):

А мөлш.= (1)

Амөлш. – айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріне қажет ақша
мөлшері;Стб – сатылуға тиіс тауарлар бағасының сомасы;Ажылд. – айналыс
құралы және төлем құралы қызметіндегі ақша айналымының орталық саны.
Ақша айналысқа қажетті ақша мөлшері несиеге сатқан тауарлар сомасына
байланысты азаяды.Несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін
тигізеді:тауардың неғұрлым едәуір бөлігі несиеге сатылса,айналысқа соғұрлым
аз ақша мөлшері қажет.
Тауардың арналуы (жеке бастың пайдалануына немесе қайта сатуына арна-луы),
ал статистика мақсаты үшін — есеп айырысу сипаты (қолма-қол есеп айырысу
немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу) заң жүзінде бөлшек сауданың басты
белгісі болі.ш табылады, тауар — нарықтағы басты нысан екендігі белгілі.
Оның құны және тұтынушылық құны (немесе құндылыгы) бар, белгілі бір
сапалық, техникалық деңгейі мен сенімділігі, тұтынушылар қалағандай пайдасы
болады, өндірістегі және тұтынудағы тиімділігі көрсеткіштеріне, басқа да
аса маңызды сипаттарға ие. Нақ сол тауардың өзінде экономикадағы нарықтық
қатынастардың барлық ерекшеліктері мен қайшылықтары көрініс табады.
Тауардың екі жақтылық қасиетінің болуы еңбекке байланысты. Тауар
өндірушінің тауарға сіңірген еңбегінің екі жақты сипаты бар. Бірінші
жағынан, ол нақты (тұтыну құнын жасаушы) түрінде көрінсе, екінші жағынан
абстракты еңбек (құн жасаушы) түрінде көрінеді. Нақты еңбек падамның жұмыс
күшін ерекше бір тиімді жұмсау. Ол тұтыну құнын жасайды. Нақты еңбектің
әрбір түрі өз мақсатымен, белгілі бір өндіріс құралдарын, шикізат, қосалқы
материалды пайдаланумен, қызметкерлердің белгілі бір дәрежедегі
ептілігімен,и тапқырлығымен, шеберлігімен, адамның өнімді өндіру процесінде
атқаратын айрықша істерімен және әдістерімен, өзіндік өндірістік қызметінің
түпкі нәтижесімен сипатталады. Нақты еңбек тұтыну құнының бірден-бір көзі
бола отырып, құнның негізі бола алмайды. Тауарлардың құнын жасайтын
абстракты еңбек. Абстракты еңбек – физиологиялық мағынада адам күшін
жұмсау. Біз ілгері атап өткенедей, құн дегеніміз тауарға сіңген абстракты
еңбек. Олай болса құн мөлшері тауар өндірушінің жұмсаған жұмыс уақытының
санымен анықталады. Сонымен тауардың құнының мөлшері оны өндіруге жұмсалған
қажетті жұмыс уақытының мөлшерімен анықталады.
Қаржының мәні іс-әрекет ететін механизмі және рөлі оның функцияларынан
айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана
емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын
анықтауды да талап етеді.
Қазіргі уақытта қаржының екі функциясы орындалады: бөлу және бақылау.
Бөлгіштік қатынастардың ерекше сферасы ретінде қаржының ең алдымен
бөлгіштік функцияның көмегі арқылы көрінеді. Тап осы функция арқылы
қаржының қоғамдық арналымы - шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған
қажет арнаулы мақсатты ақша қорлары нысанында пайдаланылатын қаржы
ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Жалпы қоғамдық өнімнің құны, сонымен бірге ақша нысанында тұлғаланатын
ұлттық байлықтың бір бөлігі қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекетінің
объектілері болып табылады. [6] Қарамағында мақсатты арналымның қорлары
қалыптасатын ұдайы өндірістік процестің қатысушылары болып табылатын заңды
және жеке тұлғалар (мемлекет, кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер,
азаматтар) қаржылық бөлуде субъектілер болып келеді.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды
бөлігі — ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы,
айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып
тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді.
Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті оның мәнінен: жиынтық қоғамдық
өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта бөлумен
байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен қорланымдарды
қалыптастырудан; ақша қорларын жасаудан туындайды.
Қоғамдық өнімді бөлу: алғашқы және қайта бөлу болып ажыратылады.
Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру
(өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар) шығарып
тасталады және жаңадан жасалған құн — ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде
мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және
халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің
күрделі процестеріне ұшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы
атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы
еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категорияларымен тығыз
байланыста дамиды.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шарушылылық жүргізуші
субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын
экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен мына екі сфераны қамтиды:
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретін
элементтердің тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі
өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы бір жағынан, өндірістік
қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі
болып келеді, екінші жағынан, өзінің функциялық ерекшелігі бар өзара
байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Қаржының қажеттілігі
объективті мән-жайдан – тауар – ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық
дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Мемлекет қаржы ресурстарының
объективті қажеттігін ескере отырып, оларды пайдаланудың әр түрлі
нысандарын жасай алады: төлемдердің әр түрлі түрлерін енгізеді немесе күшін
жояды, қаржы ресурстарының нысандарын өзгертеді. Шаруашылық жүргізу
сферасында үнемі өзгеріп отыратын ұдайы өндірістік қажетіліктерді
қамтамасыз ете отырып, қаржы өндіріс үйлесімдерін тұтынудың қажеттеріне
бейімдеуге мүмкіндік беруі үшін қажет. Қаржының басты арналымы – табыстар
мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып
отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Қаржының жүйесінің экономикалық рөлі мына бағыттары:қаржы капиталдың
айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі
тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды,кірістер мен шығыстарды ұдайы
салыстырып отыру арқылы қаржы кәсіпорындардың, фирмалардың коммерциялық
есебін нығайтып, дамытады және т.б.

Кесте 2 – Қаржы жүйесінің құрылымы

Қаржы жүйесі

Қаржы Қорлар
Мемлекеттік Мемлекет қажеттлігіне сәйкес
жұмсалатын ақшалай қаржы қорлары
Мекемелер мен ұйымдардың (меншікӨндірісті дамытуға және әлеуметтік
түрі әр түрлі), салалар мен мәселелерді шешуге жұмсалатын қорлар
аймақтардың қаржысы
Үй шаруашылығының (жеке Бірге тұратын және ортақ шаруашылық
қаржылар) жүргізетін жеке тұлғалар
қажеттілігіне жұмсалатын ақшалай
қаржы қорлары

Ескертпе - автормен құрастырылған [15]

Қорытынды

Қаржы оңтайлы ұлттық шаруашылықтың ара салмағын қамтамасыз етуде белсенді
рөл атқарады: олардың көмегімен экономикалық және әлеуметтік дамудың
индикативтік жоспарының басты элементтерінің өзара тендестірілуіне қол
жетеді; қаржы тұтқаларын жоспарлы пайдалану қоғамдық ұдайы өндіріске
қаржының ынталандырғыш рөлін күшейтуге арналған негізгі қаржылық
көрсеткіштерді мемлекетке орталықтандыра отырып анықтауға жағдай жасайды.
Ақша, тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан
бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі – барлық тауарларға
ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Экономикалық санат ретінде ақшаның
мәні олардың атқаратын қызметтерінен білінеді, олар ақшанын ішкі негізін,
мазмұнын көрсетеді. Сонымен, ақша тауралар мен көрсетілетін қызметтердің
өлшемі болып табылатын, кез-келген тауарлар мен көрсетілген қызметтерге
айырбасталатын ерекше тауар.

1.3 Шет мемлекеттердегі тауар-ақша айналымы және қаржының даму кезеңдері

Экономикасы дамыған елдердің осы заманғы ақша жүйесі алтын – қағаз және
несие ақшаларына бөлінбеген жүйеге негізделген. Олардың әрбіреуі ұзақ уақыт
бойы дербес дамыса да әрі ұлттық ерекшеліктерге ие болса да, олар көп
жағынан бір – біріне ұқсас. Сонымен қатар, әрбір дамыған елдің осы заманғы
ақша жүйесінің мәнін толық ашуға мүмкіндік беретін тек өздеріне ғана тән
ерекшеліктері бар.
АҚШ-тың ақша жүйесі. АҚШ-тың ақша бірлігіне айналымға 1786 жылы
енгізілген АҚШ доллары жатады. Доллардың атауы бірқатар еуропалық елдерде
айналыста болған күміс төлемдерден шыққан. Қысқартылған белгісі - $. Бір
доллар 100 центке тең. Бүгінгі таңда айналымда 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100
долларлық кұны бар купюралар мен 1, 5, 10, 25, 50 центтік құны бар тиындар
және 1 доллар қолданылады. Қолма-қол ақша эмиттенттеріне Қаржы Министрлігі
(қазына мекемесі) және федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) жатады. Қазына
мекемесі айналымға 1-ден 10 долларға дейін құны бар ұсақ купюрлі ақша
белгілерін, сондай-ақ 100 долларды шығарады, монеталар күмістен, никелден
және мыстан дайындалды. Қазына мекемесі шығарған купюрдың айрықша белгісіне
ондағы Құрама штаттар билеті дейтін жазу, — UNITED STATES NOTES жатады.
Қолма-қол ақша белгілерінің негізгі массасын айналымға ФРЖ шығарыды. Онда
FEDERAL RESERBE NOTES дейтін жазу болады, сондай-ақ оларды шығарған
федералдық резервтік банктің нөмірі көрсетіледі. АҚШ-тағы қолма-қол ақшасыз
ақша эмиссиясы басқа шетелдерге және коммерциялық банктерге жүзеге
асырылады. Олармен айналымға чектер, вексельдер, пластикалық карточкалар,
электрондық ақшалар шығарылады. Экономикалық айналымда қолма-қол ақшасыз
ақшаның үлес салмағы көп, әрі бұл үлес салмақ өсу тенденциясына ие. АҚШ-та
ақша массасы классикалық ақша – несие саясатының құралдарымен реттеліп,
басқарылады: құнды қағаздардың ашық нарығандағы операциялар, банктің
есептік мөлшерлемелерінің өзгерісі, коммерциялық банктер мен несие
жинақтаушы мекемелердің міндетті резерв талаптарының өзгерісі.
Ұлыбританияның ақша массасы. Ақша бірлігі (өлшемі) – фунт стерлинг. Бұл
ақша бірлігі мұндай атаумен XII ғасырдан бастап айналымға енген. 1964 жылы
айналымға алғашқы қағаз банкноттар шығарылды. XIV ғасырда пайда болып XVIII
ғасырдың соңына дейін күміспен бірге айналымда болды, яғни елде биметаллизм
жүйесі орнықты. [12; 150б]
Ақша жүйесі 1971 жылға дейін он екі еселік принцип бойынша құрылған
болатын. Бұл 1 фунт стерлингтің 240 пенстен тұратынын, ал әрбір жиырма
пенстің 1 шиллингті құрайтынын білдіреді. Бүгінгі таңда 1 фунт стерлинг 100
жаңа пенсті құрайды және айналымда – Англия Банкінің 5, 10, 20, 50 фунт
стерлингтік құны бар банкноттар, монеталардан – 0, 5 пенни, 1, 5, 10, 20,
50 пенстер, 1 фунт стерлинг. Оның үстіне, айналымда 5, 10 және 25 пенстерге
сәйкесетін 1, 2 және 5 шиллингтік құны бар ескі монеталар сақталған. Қолма-
қол ақша (банкнот) эмиссиясының монополиялық құқығына Англия Банкі ие.
Эмиссия мөлшерінің шамасын қазына мекемесі анықтап, Парламент бекітеді.
Қазына мекемесі айналымға монеталарды, ал коммерциялық банктер қолма-қол
ақшасыз айналым ақшаларын шығарыды. Англия Банкі айналымдағы ақша массасын
ашық нарықтағы операциялар, банктің есептік мөлшерлемелері, міндетті
резервтік талаптар секілді ақша – несие саясатының құралдарымен басқарып,
реттейді.
Ресейдің ақша жүйесі. 1995 жылдың 12 сәуірінде қабылданған РФ Орталық
банкі туралы РФ заңына сәйкес жұмыс істейді. Ресейдің ресми ақша бірлігіне
рубль жатады. 1 рубль 100 копейкке тең. Рубль атауы Киев Русь тұсында
пайда болған. Ол кезде ақша бірліктері гривна деп, ал, екіге тең бөлінгені
рубль деп аталатын. Алтын мен рубльдің ресми арақатынасы белгіленбеген.
Басқа ақша белгілері мен суррогаттардың шығарылуына тыйым салынған. Заңды
төлем күші бар ақша түрлеріне банктің барлық активтерімен қамтамасыз
етілген әрі Ресей Банкінің сөзсіз міндеттемелері болып табылатын банкноттар
мен ұсақ металл монеталар жатады. Қолма – қол ақшаны шығарудың, олардың
айналымын ұйымдастырудың және РФ аумағынан оларды алып тастаудың айрықша
құқығы Ресей Банкіне тиесілі. Ақша айналымын ұйымдастырумен байланысты
шығындарды кеміту мақсатында 1998 жылдың 1 қаңтарынан арақатынасыңда
ақшаны ірілендіру (деноминация) жүргізді. РФ-да жүргізілген реформалардың
нәтижесінде айналымға Ресей Банкінің 5, 10, 50, 100 және 500 рубльдік құны
бар банкноттар, 1, 5, 10, 50 копейкалық құны бар тиындар, 1, 2 және 5 рубль
енгізілді.[12; 132б]
Шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің мәні, экономикалық табиғаты,
мақсаты, оның қызметтерінен көрінеді. Мемлекеттік монополистік капитал,
буржуазиялық мемлекет, монополиялар үстемдігінің жаңа формалары рөлінің
күшеюі жағдайында, қаржы функциялары белгілі бір өзгерістерге ұшырайды.
Маңызды қызметтер қатарына мыналар: мемлекет өмірін қамтамасыз ету қызметі,
бөлу, бақылау қызметтері жатады.
Шетелдерде қаржы құрылымы дегеніміз барлық бөлімдегі қаржыларды
топтап-жинай отырып, мемлекетті қаржыландырудың таптық мүддесін қорғауға
арналған.
Монополистік капитал дәуіріне дейін қаржы құрылымының екі тармағы
болды.
– мемлекеттік бюджет;
– жергілікті қаржы.
Олар ақша қорларын жасауға жағдай жасап, сол арқылы мемлекет өзінің
саяси және экономикалық функциясын іске асырады. Монополистік капитал
жағдайында өндіргіш күштің өсуімен оның әсерінен шаруашылық байланысы
қиындап, қаржы құрылымында экономикалық тарамдар терең өзгеріске ұшырады.
Жаңа қаржы тармақтары өсіп, бөлініп, оның сепаратизмі өсті.
Қазіргі жағдайда шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрылымы төрт
тармақтан тұрады:
– мемлекеттік бюджет;
– жергілікті қаржы;
– мемлекеттік кәсіпорынның қаржысы;
– үкіметтің арнаулы қоры. [22; 219б.]
Әрбір осы тармақтар қаржы элементтерінің жиынтығын құрай отырып, бір-
бірімен тығыз байланыста, мемлекеттің қаржы саясатын іске асыруға
жұмылдырылған. Осы қаржылардың көмегімен мемлекет экономикалық және
әлеуметтік жағдайларды кең көлемде іске асыруға ұмтылады және күннен күнге
өсіп, қиын жағдайда оны реттеп, қоғамдық капиталдың өсуіне қатысып, оны
көбейтуге ықпал етеді. Буржуазиялық мемлекет қазіргі жаңа экономикалық және
саяси жағдайда қаржы тармақтарын топтастырып, оны шешіп отырады. Қаржы
құрылымы нарықтық жағдайда пайда болған қарама-қайшылықтарды шешіп,
капиталдың саяси экономикалық жағдайын қамтамасыз етеді.
Германиядағы қаржы федерализмі. Қаржы федерализмі дегеніміз –
қоғамдық міндеттерді қаржыландыру мен жүзеге асыру, жоспарлау саласында
өкілеттілікті бөлу. Оның негізі теңестіру болып табылады, яғни федеративті
мемлекеттің шығындары мен міндеттерін бөлу (пассивті қаржылық теңестіру);
табыстарды (әсіресе салықтық) федеративті мемлекеттің жеке деңгейлері
арасында (активті вертикалды қаржы теңестірілуі); ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТАУАР-АҚША АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ
Кәсіпорын, салық, бюджет ұғымдарының мазмұны мен мәні
Халықаралық валюталық қатынастар, валюталық жүйе
Банк маркетингі
Қағаз ақшалар және оның ақша айналысы
Несие қатнастарының заңдылықтары
Айналыста ақша түрлерінің даму эволюциясы
Ақша айналысы
Ақшаның түрлері
Банктік міндеттемелер есебі
Пәндер