Несиенің қызметтері


Жоспар
Кіріспе 3
1. Несиенің қызметтері
1. 1. Несиенің экономикадағы ролі және оны қолданудың шектері 5
1. 2. Несиенің әр түрлі қызметтері 8
1. 3. Несиелік мекемелердің қызметін реттеу мен қадағалау 12
2. Қарыз капиталы, пайыз және несие
2. 1 Қарыз капиталы және несиенің экономикада дамуы (қарыз пайызы) 18
2. 2 Несие капиталдарының халықаралық рыногы және халықаралық валюта жүйесі 23
2. 3. Қазақстанда несиенің әлеуметтік жағдайын шешу 27
Қорытындылар мен ұсыныстар 29
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
«Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу - негізгі міндетіміз болып қала береді. Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы елімізді дамытудың 2010 жылға дейінгі жоспарына сәйкес қол жеткіземіз. Бәсекеге қабілеттілікке мемлекеттік қолдаудың қолайлы жағдайында емес, бәсекелестермен қатаң күресте қол жеткізілетіні баршаға мәлім» - деген Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан.
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай - ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет.
Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы - бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады. Көбіне несие ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие - бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді.
Экономикалық категория ретінде, несие - кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай - ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Несиені зерттеу барысында таным әдісі ретіндегі теорияның рөлі ерекше. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылықтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдағы несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша экономикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі болып табылады.
Несиелеу- банкілердің оларға сауда, кәсіпкерлік жұмыс және пайда түсірудіқамтамасыз ететін ең маңызды операциялары. Қарыз алушыларға несие бергенде банкілер тәуекелділігіне ұшырайды, сондықтан несиелеу мәні қарыз беру техникалық бақылау жинағында емес, несие беру және несие алушылар міндеттемелері бойынша шешім қабылдауда.
Бұл курстық жұмыстың өзектілігі несиенің функциясы, рөлі, шекарасы және заңдары несиенің қызметтері, мерзімі тағы басқа да қойылатын талаптар несие саясатына сәйкес тоқтатылады. Несие ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында көрінеді. Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни капиталдың ауыспалы айналымы жүреді.
Осы курстық жұмыстың мақсаты:
«Несие қызметтері мен Қазақстандағы несиенің әлеуметтік жағдайын шешу».
Міндеттері:
- Несиенің қызметтерін, ролін, шектерін мәнін ашу.
- Несие капиталдарының халықаралық рыногы және халықаралық валюта жүйесі.
- Қазақстанды несиенің әлеуметтік жағдайын шешу.
Курстық жұмыстың объектісі:
Несие функциялары, рөлі, шекарасы және заңдары.
Зерттелуі:
Қазақстандық ғылыми еңбектерде зерттелген.
Солардың ішінде:
Ғ. С. Сейітқасымов - э. ғ. д., профессор, ҚР ҰҒА академигі; О. Б. Баймұратов - э. ғ. д., профессор, ҚР ҰҒА академигі; А. Б. Зейнелғабдин - э. ғ. д., профессор,
Б. М. Мұхамедиев - э. ғ. д., профессор; Ә. Ж. Сапарбаев - э. ғ. д., профессор
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттерден тұрады. Негізгі бөлім және екінші бөлім екі тарадан тұрады:
Бірінші тарау: Несиенің қызметтері
Екінші тарау: Қарыз капиталы, пайыз және несие
1. Несиенің қызметтері.
1. 1. Несиенің экономикадағы ролі және оны қолданудың шектері.
Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді атқарады:
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- капиталдың шоғырлануын жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәніне туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресуртарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз - капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.
Ал келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай - ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығымен қатар, айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлануы процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми - техникалық прогрессті жеделдету қызметі ғылыми - техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландыруымен сипатталады. Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми - зерттеу орталықтарының жұиыс жасауы қиынға түседі. Сондай - ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыландырады.
Несиенің ролін несиелік қатынастардың жұмыс істеуіне әкеліп соқтыратын нәтижесімен анықтауға болады. Несие өзінің қызметі арқылы ұдайы өндіріс процесіне әсер етеді. Жоғарыда аталып өткендей, несиенің өз қызмет саласы бар, ол қозғалыстың барлық құндылықтарымен емес, шаруашылық айналымда пайдаланылмай тұрған, қайта айналып құйылудың бастапқы кезінде қайта бөлінуі мүмкін бөлігімен ғана байланысты. Несиенің көмегімен шешілетін міндеттер қоғамдық дамудың әр түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыруы мүмкін.
Экономика дамуының сатысына қарамастан, несиенің арқасында қарыз беру капиталы құрылып, оның өнім өндіруге пайдалануы қамтамасыз етіледі. Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігі мен тездетілуіне қызмет етеді. Уақытша бос материалдық және ақшалай қаржыларды қайтарымдық және төлемдік негізде қайта бөлуді қамтамасыз етуші несие кез - келген экономикалық субъект бойынша ағымдағы өндірістік шығындар мен табыстардың арасында, өндірістің маусымдық сипаты мен экономика салаларында тауарларды сатып реттеудің арасында, капиталдың жұмсауға қажетті көлемі мен қолда бар жиынтықтардың арасында болатын қарама - қайшылықтарды шешіп отырады. Ұдайы өндіріс процесін несие арқылы түзету ең алдымен қоғамдық өндірістің үздіксіздігін қуаттап отырудың арқасында қамтамасыз етіледі. Жоғарыда көрсеткеніміздей, қорлар айналысының біркелкілік танытпайдығына байланысты бір полюсте бос тұрған қаржылар пайда болады, екіншісінде оларға деген тапшылық орын алады. Уақытша қаржылық қиыншылықтарға ұшыраған кәсіпорындарға берілетін несие оларға ұдайы өндіріс процесін жалғастыруға ТМҚ үшін ақы төлеуді қамтамасыз етуге, еңбекақы төлеуге және т. б. мүмкіндіктер тудырады.
Жаңа өндіріс ашу мен оларды кеңейту ісінде де несиенің атқаратын ролі зор. Несиенің көмегімен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орталықтандыру жаңа өндірістердің ірі жобаларын іске асыруға, жаңа техниканы ендіруге, жоғары қосымша құны бар өнімдерді өндіруді қайта жарақтауға байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанда экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, жоғары дамыған өңдеу секторын құру мақсатын көздейтін ҚР - ның 2003 - 2015 жылдарға арналған индустриалдық - инновациялық даму стратегиясы жүзеге асуда. Бұл ретте өзінің несиелік қаржыларын осы Бағдарламаны жүзеге асыруға бағыттайтын несие жүйесіне үлкен үміттер артылуда. Несиені капиталдық салымдар есебінде пайдаланудың бюджеттік қайта айналмалы қаржыландырумен айтарлықтай маңызды артықшылықтары бар. Ол капиталдық шығынның тиімділігін осы шаралардың пайда есебінен қарызды өтеудің мүмкіндіктерін анықтаумен әрі несие шараларының өтелу мерзімі шегінде қарызды өтеудің мерзімін белгілеумен жүйелі бақылауға мүмкіндік береді.
Несиенің ақша айналымы саласында да алатын орны айрықша. Ол ақша айналымының үнемделуінен көрінеді. Несие өзінің қызметі - айналысының құралын құруға байланысты:
- біріншіден, ақша белгілерін дайындау, шығару, есеп жүргізу мен сақтау шығындарын қысқартады;
- екіншіден, несие бос ақша қаржыларын сан рет пайдалана отырып, қолма - қол ақшасыз есептесулерді қысқартып, айналым шығындарын азайтады;
- үшіншіден, айналымның шығындары маусымдық қажеттіліктерді қосымша қаржылар есебінен көбейткенде қорлардың кемуіне байланысты қысқарады.
Кәсіпорындар мен халықтың қаржыларын банкілердің есеп - шотында сақтау ақша есептерін банкінің есебінде жазу арқылы, яғни қолдағы бар ақшаның қатысуынсыз жасауға мүмкіндік береді. Қолма - қол ақшасыз есеп экономикадағы есептесулердің тездетіп, айналымның шығындарын азайтады, мемлекеттік қарыз беру қорын арттырады.
Қолдағы ақшалардың айналымға түсуі және оларды айналымнан шығару несиелік негізде жүргізіледі, мұның өзі айналыстағы ақша көлемін реттеп және оларды басқаруға, дәлірек айтқанда валюта мен инфляцияның тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Экономиканың төмендеп, инфляцияның өрлеген кезінде мемлекет пайыздық ұтысты көтеру арқылы айналымдағы ақша көлемін қысу үшін экономикадағы несиелік салымның көлемін қысқартады. Ал, экономикалық өрлеу кезінде экономиканы жандандырып, әрі өсіру үшін несие экспансиясы саясаты қолданылады, яғни пайыздық ұтыстарды кеміту арқылы несие тасқыны көбейіп, ақша көлемі ұлғаяды. Осылайша ақша айналымы ретке келтіріледі. Қазақстанда 1993-1997 жылдары несиелердің шектелуі, ал 1998 жылдан бастап несие экспансиясы саясаты жүргізілді.
Несиенің (ипотекалық тұтыну несиесі) арқасында тұрғын үй құрылысы, пәтерлер, автокөлік және басқа да тұрмыстық машиналар мен аппараттар алу мен шаруашылықты қалыптастыру сияқты қоғамдағы көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге қол жетіп отыр.
Несиенің көмегімен басқа мемлекеттермен байланыстар нығайып, әлемдік экономикаға араласуға мүмкіндіктер туып келеді.
Сонымен, жекелеген шаруашылықпен айналысушы экономикалық субъектілердің өмір сүруі мен жалпы халықшаруашылығының дамуында, сондай - ақ халықтың әл - ауқатын көтеруде несиенің атқаратын ролі өте зор екен.
Міне, осыған байланысты несиені пайдаланудың шегі қайсы деген мәселе туындайды. Үйлесімді деңгейлерде ғана несиенің экономикаға салынуы пайда бере алады. Несиенің дамуын, оның ролінің күшеюін экономикаға несие салымының артуымен байланыстыруға болмайды. Мұның өзі несиені пайдаланудағы сапалық емес, сандық өзгерістерді көрсеткен болар еді. Несие салымдарының ұлғайғаны жайлы мәліметтер мен қаржылардың қайнар көздеріндегі несиенің үлесі экономиканың дамуында оның ролінің артқандағы осы процестердің несие объектілерінің кеңеюімен, жаңа өнімдер шығару үшін жаңа да, сапалы жобаларды игерумен байланысты болғанда да белгілі болады. Бұл жағдайда несиелік қатынастардың дамуы, жаңа салалардың пайда болуы, капиталдың бір саладан екінші салаға ауысып қайта құйылатындығы жүзеге асатындықтан, несие ролінің артқандағы туралы айтуға болады.
Әңгіме бұл жерде несие шектерінің сапасы мен саны жайлы. Несиелеудің көптігі экономиканың даму процесіне, ақша айналымына кері әсерін тигізеді. Ол қарыз алушылардың қаржыларды үнемдеп пайдалануға деген ықыласын бәсеңдетеді.
Ал, несие саласын мейлінше тарылтудың да кері әсері бар, себебі төлем қаржыларының жеткіліксіздігінен шаруашылық субъектілері ТМҚ - ны, жабдықтарды сатып ала аймалды, өзінің қызметкерлеріне еңбекақы төлей алмайды, негізгі қорларды жалға ала алмайды және т. б. Сайып келгенде мұның бәрі өндірісте, тауарларды сатып - таратуда өз көрінісін байқатпай қоймайды.
Несиенің шектерін негіздеп анықтау мен сақтаудың сұраныс пен ұсыныстың, айналымдағы тауар мен ақша көлемдерінің, өндіріс пен тауарларды сатып - таратудың араларындағы үйлесімді тепе - теңдіктерді сақтап тұру үшін маңызы зор. Несиенің сандық шегі несиелік қаржыларды сандық жағынан шектеумен байланысты. Шектеулердің әдісі әр түрлі, тура әдіс - Ұлттық банк міндетті қор көздерінің мөлшерін арттырып, соның нәтижесінде несие көздерінің көлемін азайтады, экономикалық әдіс - пайыздық мөлшерлемені көтерудің нәтижесінде несиелеу процесін тежейді. Сапалық шектері - бұл жағдайда несие тар көлемдік деңгейде де, кең көлемдік деңгейде де кері әсер етуі мүмкін. Несиенің экономика циклінің тиісті кезеңіне байланысты кең көлемді деңгейде оң немесе теріс түрде қалай әсер ететіндігі жоғарыда атап көрсетіледі. Несиенің пайдалануы мен оның тар көлем деңгейінде әсер етуі көп факторларға, ең бірінші несиелік қатынастарға қатысушы жақтардың ықыластары мен мүмкіндіктеріне байланысты, атап айтқанда:
- қарыз алушылардың қарыз қаржыларына деген мұқтаждығы мен несие және пайыздық мөлшерлемелерді қайтаруға байланысты шығындарды азайтуға олардың ықыласты болуы;
- банкілердің өз табыстарын ұлғайту мақсатымен несие салымдарын кеңейтуге ықыластылығы.
Екі жақтың несиелік тынымдарға ықыластары жасалған несиелік келісімдерде көрсетіледі.
2. 2. Несиенің әр түрлі қызметтері.
«Функция» («қызмет») деген сөз латынның «functio» - дегені - ол «атқару» «жүзеге асыру» деген мағынаны білдіреді. Несиенің қызметін айтқанда, әдетте оның мәнінің арнайы көрінісі ұғылады. Қызмет несиенің мәнімен өзара тығыз байланысты; қызметтің атқаруындағы қарым - қатынастардың мәнінсіз ол өмір сүре алмайды. Қызметтің несие мәні сияқты объективті сипаты бар. Әрбір сәттегі өзінің өрістеу барысында несие барлық қызметінің мәнін емес, бір немесе бірнеше қызметтерімен ғана көрінеді. Қызмет - қатып қалған емес, өзгеріп тұратын құбылыс.
Несие мәнінің өзгеруімен қатар, оның көрініс танытуды да өзгеріп отырады. Қызмет бүтіндей процесс ретінде өзінің арнайы көрінісін байқатады, яғни қызмет несиелік қатынасқа бүтіндей қатысты. Несие қызметі оның барлық формалары мен түрлері өзіндік ерекшелігімен көрініс танытуын сипаттайды.
Несиенің ұдайы өндіріс процесінде алаиын орны жайлы біркелкі ғалымдардың пікірлері жоқ. Кейбір ғалымдар оны айналым белгісіне жатқызса, басқалары бөлу белгісіне жатқызады. В. М. Тарасов несиені ұлттық табысты қайта бөлу процесіне қатысатындықтан бөлу категориясына жатқызады. Және де соған қарамастан, несиенің айырбас қатынастарына тән ерекшеліктері мен мүмкіндіктері бар.
Айырбас фазасында бөлу қатынастарының сәтін айрықшалап көрсету мүмкін болғандықтан, несиелік қатынастарды да дәл осыған жатқызуға болады. Сондықтан несие бөлу категориясы бола отырып, айырбас белгісіне де жатады, немесе екі жақтылық ерекшелікке ие. Мұның өзі несиенің қызметіне тән екендігін көрсетеді.
Несие туралы теорияда, оның атқаратын қызметінің саны мен мазмұны жайлы орныққан біркелкі көзқарас жоқ. Біреулер екі, басқалар үш түрлі, үшіншілер - төрт көзқарастарды атайды. Ал, жекелеген авторлар несиенің қызметін: айналымдағы шығындарды үнемдеп, экономиканы ретке келтіру, уақытша бос қаражаттарды жинастыру т. б. деп түсіндіреді.
Несиенің бақылау қызметі: дегенде ол - ақша, қаржы сияқты басқа да категорияларға тән екендігін айтқан дұрыс. Ал, шындығында бақылауды несие емес, банк жүзеге асырады.
Өндірістік қорлар айналымның жанама түрлері бойынша несиенің қызметі ақшаларға да, қаржыларға да тән - бұл біріншіден, екнішіден қорлар айналымдардың құндылық категорияларының мазмұнына да енеді.
Экономиканы ретке келтіру қызметі жайлы айтатын болсақ, несиенің көмегімен ғана емес, баға, бюджет сияқты құндылық категориялары арқылы да жүзеге асырылады.
Қорларды ынталандыру жайлы да осылай деуге болады.
Осыған қарай отырып, жекелеген ғалымдардың несие дербес қызмет атқара алады дегендерінің негізі жеткіліксіз. Қызмет - қолдағы экономикалық категорияның өзгешелік мәнін таныту болып табылады.
Айналымның жанама түрдегі қызметі, бақылаумен ынталандыру, экономиканы ретке келтіру тек несиеге ғана емес, баға, қаржы, еңбекақы, бюджет, табыс т. б. құндылық категорияларына да тән.
Көптеген пікірлердің орын алып отырғанына қарамастан, несиенің барлық формалары мен түрлерінде мәнін ашып көрсететін оның үш түрлі қызметін бөліп көрсеткіміз келеді. Олар - қайта бөлу, нақты ақшаны айналымдағы несие құралдарымен ауыстыру және капиталды шоғырландыру мен орталықтандыруды жеделдету.
Несиені қайта бөлу қызметін атқарады. Оның мағынасы қарыз алушыға төлем негізінде уақытша пайдалануға берілетін кәсіпорындардың, ұйымдардың, халық пен мемлекеттің бос ақшалай қаржыларын несие арқылы шоғырландырып, қарыз беру капиталына айналдыру. Қарыз беру капиталы несие механизмі арқылы халық шаруашылығы салаларының арасында қайта қайтарылу негізінде несиеге айналды. Қарыз капиталын кәсіпорындар, салалар, халық арасында қайта бөлу жүзеге асырылып, ақша түріндегі капитал аз табыс әкелетін саладан босатылып, банктерде жинақталады да жоғары дәрежеде табыс әкелетін салаларда жұмсалынады. Оны салаларда шоғырлану жүзеге асырылады. Екінші сөзбен айтқанда, өндірітік тепе - теңдіктер, капитал мен экономиканың бірлесіп басқарылу ретке келтіріледі.
Мәселенің мәнісі өндіріс құралдары ретіндегі капитал физикалық түрде бір саладан екінші салаға ауысып құйыла алмайды. Бұл процесс ақша капиталының қозғалыс жағдайына жүзеге асыратындықтан, несие нарықтық экономикада ең алдымен капиталдың бір саладан басқа салаларға ауысып құйылуы үшін икемді механизм ретінде керек және табыс нормаларын теңестіру қызметі арқылы несие капиталдың өндірістің бір саласынан екіншілеріне еркін түрде ауысып құйылуын және өндіруші капиталдың белгілі бір нақты үлгіде бекітуін қамтамасыз етеді.
Құндылықтың несие арқылы қайта бөлінуі - салалық, салааралық, аумақтық бағыттарда, несие қатынасының субъектісі іспеттес кәсіпорындар деңгейінде жүзеге асады. Қандай бір жағдайлар болмасын, әңгіме уақытша бос тұрған құндылықты қайта бөлу жағдайында болып отыр. Сондықтан ол қайта оралу жағдайында бөлінеді. Осы ретте қайта бөлудің қаншама түрлері болғанмен, меншік иесі ауыстырылмай, ол несие берушінің қолында қала береді.
Сонымен несие өзінің қайта бөлу қызметінде экономиканы стихиялық түрде реттеуші болып табылады. Алайда, несие кейбір жағдайларда экономиканың тепе - теңдігін де күшейтіп жібере алады. Нақты айтар болсақ, 1993-1996 жылдары капиталдың өндіріс саласынан айналыс айналыс саласына ауысуы орын алды да өндіріс дағдарысын тереңдете түсті, яғни несие бұл жылдары сауда - делдалдық салаға ауысып кетіп, нағыз сектор дағдарыс жағдайында қалап қойды. Несиенің қайта бөлу қызметінің ерекшеліктері төмендегідей:
Біріншіден, несиенің көмегі арқылы тек мына материалдық игіліктердің құндылығы, өндіріс құралдары мен тұттыну заттары, яғни бір жылдың барысында өндірілген ұлттық жалпы өнімдер емес, сондай - ақ ел экономикасының өткен кезеңдерде жасалған құндылықтары да қайта бөлінеді;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz