Эмоциясы күшті темпераменттер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3

І-тарау

1.1.Темперамент туралы теориялар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

1.2.Темперамент туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

1.3. Темпераменттің физиологиялық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... . 14

1.4. Темпераменттің психологиялық
мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

1.5. Темперамент және жеке
тұлға ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19

ІІ-тарау

2.1. Оқушылар темпераментінің
физиологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20

2.2. Оқу тәрбие үрдісінде темпераменттерді анықтау жолдары ... ... ... 25

2.3. Темпераментті зерттеу әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

2.4. Темперамент төңірегіндегі Отандық және шетел

психологтарының
зерттеулері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 36

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 39

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40

Кіріспе

Темперамент. Әрбір адамның жаратылыс бойынша тума бір түрлі мінезі
болады. Мысалы, сыртқы дүние әсерлерінен өзінше бір түрлі әсерлену яки ішкі
сезімдердің өзінше бір түрлі оянуы сықылды. Міне осындай тума мінез
темперамент деп аталады.
Темперамент белгілі бір адамға тән және өмір әсерлеріне жауап
реакциялардың динамикасын, тонусы мен бірқалыптылығында көрініс беретін
мінез - құлықтың табиғи ерекшеліктері.
Темперамент индивидтің барлық психикалық көріністеріне рең беріп
отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен
ырғағына әсер етеді.
Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің
бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара
өзгешеліктер. Әр адамның, баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның
қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық
құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше
байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның
биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық
айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы –
қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен,
осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты
қырлары баршылық.
Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне қарамай,
ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент – жеке адамның әлеуметтік
тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент
көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын
белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық
құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар
аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір – бірімен
кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі
құрылымын түзеді. Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің
нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.бұл
психикалық ерекшеліктер адамның барша іс - әрекетінде оның мазмұны, мақсаты
және себеп – салдарына тәуелсіз бір қалыпты көрінеді. Есейген шақта да,
өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.
Темперамент түрінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің
ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетүге
қаратылмай, нақты іс - әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен
пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден – ақ әрқилы
тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын
жалпыланған аз санды саналық бейнелер бірлігін психология тарихында
алғашқыдан темперамент типтері деп аталады. Темпераменттің бұл бірігімдік
жүйесі өмірлік іс- әрекет тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана
отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын
адамның болашақ әрекет қылығын күні ілгері пайымдауға болады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналатын жылдағы
қатарда аталып, аса маңызды басымдықтар ретінде көтерілумен келеді.
Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында (Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы)
атты Президент Жолдауында да аталған мәселелер жаңа қырынан өткір қойылып
отыр. Яғни қарқынды дамып, жылдан жылға жаңа асуларға көтеріліап, өркендеп
келе жатқан еліміздің ендігі тұста, бүгінгі белесте байыппен, байсалдықпен,
ең бастысы заман талабына, қазіргі әлемдік өркениет сұраныстарына сай
келетін шешімдер іздестіру мақсатына осы саладағы бірнеше басты-басты
міндеттер айрықша көрсетілді?
Білім беру жүйесін дамытуды ынталандыру мақсатында жеке сектор мен
мемлекет арасындағы серіктестікті нығайту, мемлекеттік –жекеменшік білім
беруге кредиттер бөлу жүйесін жетілдіру мақсатында айталған ұсыныс-шаралар
да Жоллдаудың ең бір маңызды істерге жол ашқандығы деп қабылдауымыз қажет.

Бүгінгі заманның, бүгінгі экомикалық - әлеуметтік сұраныстардың
қайнаған ортасынан туындап отырған осы қажеттіліктерді ескермесек ертең кеш
болып қалады
Қазақстан қоғамында жастарға, жалпы азаматтарға үздіксіз білім
беру,соны мемлекеттік деңгейде қамтамасыз ету мәселесінің алдыңғы қатарға
шығуы - еліміздің экономикалық - әлеуметтік дамуындағы ең бір пайдалы,
тиімді әрі өнімді жол деп білеміз. Ендігі жерде осы міндетті әрі қысқа
мерзімде, әрі сапалы деңгейде жүзеге асыру үшін еліміздегі барлық
мектептерде оқу- тәрбие жұмысындағы әдіс - тәсілдердің қай - қайсысы
болсын, негізінде оқушылардың сана - сезімін, ақыл - ойын дамытуды мақсат
ететін болғандықтан, олардың дара ерекшеліктерін жете біліп, санасып
отырудың айрықша маңызы бар. Мұғалім оқу - тәрбие саласында қандай жұмыс
жүргізсе де, сыныптағы оқушылардың өзіндік ерекшіліктерін, айталық мінез-
құлықтарын жете білуі қажет. Сондықтан әр баланың түрлі қасиеттерін жете
біліп, соған сәйкес тиісті әдіс қолдануы керек.

Ғылыми ақпарат

Мақсаты: Оқушылардың тәрбие үрдісінде темпераментті анықтау және
тәрбиелеу.

Міндеті:

1) Жеке тұлғаның темпераментінің физиологиялық негіздерін ғылыми
тұрғыдан дәйектеп түсіндіру.

2) Жеке тұлғаның өз темпераментінің жақсы жақтарын біліп, нашар
жақтарынан арылу жолдарын қарастыру.

3) Тәлім-тәрбие өмір тәжірибесі темперамент типтеріндегі кейбір
қылықтарды дамытып, жағымсыз жақтарын тежеп отыруды талап ету.

Зерттеу объектісі: Жеке тұлғаның темпераментін зерттеу.

Зерттеу пәні: Жеке тұлғаның темпераментін анықтау.

Ғылыми болжам: Жеке тұлғаның бойында темпераментінің ерекшеліктерін
тәрбиелеу, ұнамды қасиеттерін баланың бойына сіңіру.

Зерттеу әдістері: Ғылыми әдістемелерді талдау, саралау,
тест,сауалнамалар, іскерлік ойындар.

І. Тарау

1.1. Темперамент туралы теориялар

Темперамент туралы ілім ерте кезде пайда болған. Ежелгі Греция ғалымы
және дәрігер Гиппократ бұдан екі жарым мың жыл бұрын темперамент туралы
теорияның негізін салды.
Гиппократ өзінің дәрәгерлік тәжірибесінде адамдардың қимыл-
әрекеттерінің бірдей еместігін, олалдың жүріс-тұрысына психикалық
әрекеттерінің ағысы да, көңіл күйінің барысы да әр түрлі екендігін байқап,
бұлардың не себептен осылайша болатындығына ерекше назар аударған . Ол
адамды әр темпераментке бөлген.
Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт дене шырындарының - қан, шырыш,
өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды
арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет
темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін
жоғарыда аталған шырындырдың бірінің басымдылығымен байланыстырды.
Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі:
сангвиник (sangius – қан), флегматик (phlegma – шырыш), холерик (chole -
өт), меланхолик (melaschole – запыран). Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық
кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын
тигізді.
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және
физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет –
қылықтарды тастап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің
көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип –
адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне
негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр
адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан,
дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды
психикалық тип белгіленген:
1. Лептосоматик- бойшаң, нәзік денелі, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.

2. Пикник- мығым, сезімшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған, домалақ
бас.
3. Атлетик- бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не
орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
4. Диспластик-дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақымдарға
ұшырағандар.
Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін
қалаған- Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы
теорияны арықарай жалғастырған У. Шелден болды. Сонымен, әр адамның
темпераменті әртүрлі, соған байланысты адамдар да әртүрлі.
Гипократтың пікірінше, адамның тәнінде заттардың біреуінің көп,
кейбіреулерінің аз болуы- олардың бірімен-бірінің пропорциясы бұзылса, бірі
екіншісінен артық, не кем болса, белгілі темпераменттің төрт түрінің
біреуіне жататын болған. Мәселен, сангвиниктен темпераментіндегі адамдардың
қаны басым келеді. Мұндай адамдар тез қозғыш, тез тыныштанғыш болып
табылады. Меланхолик темпераментіндегі адамның тәнінде қара өт басым
болады. Мұндай кісі өте тұйық , жігерсіз келеді. Холерик темпераментінде
сары ет басым болады. Олар жігерлі болып қимыл-қозғалысы күшті, ұстамсыз,
ерекше пысық келеді. Ал флегматик темпераментінде төрт түрлі сұйықтың
ішінен шырыш дейтін көбірке болады. Бұлар тез қозбайды, бірақ істі аяғына
дейін жеткізе алады. Әрине, Гиппократтың темпераменттердің әр түрлілігі де
денедегі сұйық заттардың пропорциясына байланысты деуі ғылыми жағынан
дәлелсіз . Кейінгі кездерде темперамент жайында басқа да теориялар шыға
бастады. Соның бірі- белгілі неміс философы Кант адам темпераментін екі
топқа бөледі: 1) . сезім темпераменттері. Бұған ол сангвиникалық
меланхолика темпераменттерін ендіреді; 2). Өрекет темпераменттері. Бұларға
Кант холерик және флегматик темпераменттерін жатқызды. Қант адам
сезімдерімен әрекеттерін сипаттауға байланысты ол темпераменттерді адамның
мінезімен қосарластыра қарайды, яғни мінез бен темпераменттің арасына
теңдік белгісін қояды.
Неміс психологі В. Вундт та темпераменттерді екі топқа бөлді:
1). Эмоциясы күшті темпераменттер;
2). Әлсіз эмоциялы темпераменттер.
Біріншісіне холерик және меланхолик темпераменттерін жатқызады.
Өйткені, холеріктің эмоциясы күшті болады да және тез әрекет етеді, ал
меланхоликтің жан дүниесінің ауысып отыруы өте шабан, жай болып келеді.
Эмоциялық әлсіз темпераменттерге сангвиник және флегматик темпераменттер
жатады. Сангвинниктің қозулары, сезімдері күшті, әрекеттері жылдам болып
отырады. Ал флегматиктің эмоциялары күшті, бірақ олардың әрекеті шабан
келеді. Вундттан кейін кейбіреулердің теориялары адамның темпераменттерінің
негізіне, адамның көңілінің жағымды, я жағымсыз болуын қояды. Олар адамның
темпераменттерін шаттық, көңілді темпераменттерге және уайым, мұңды
темпераменттерге бөледі. Әрине, бұл жоғарыда айтылған пікірлердің барлығы
бір беттілі қате теориялар. Бұл теориялар Гиппократтың теориясын өзгертіп
осы уақытқа дейін қолданылып келеді.
ХХ ғасырда темперамент туралы теориялық пікір айтқан ғалымның бірі
Э.Кречмер (1888-1964), ол Тән құрылысы және мінез атты еңбегінде
темперамент түрлері адамның дене құрылысымен конституциясымен байланысты
болады деді. Кречмер адамдарды дене құрылысымен конституциясына қарай үш
типке бөледі. Олар: пикник, атастик, астеник. Кречмердің сипаттаушы
пикниктердің денесі төртпақ, қол аяғы мен мойны қысқа, бұлшық еттері нашар,
сүйектері борпылдақ , іші мен бөксесі үлкен, көкірек бездері шығыңқы, беті
жұмсақ, ажарлы, денесі семіз келеді; Атлентиктер бойы ұзын, бұлшық еттері
жақсы жетілген, жауырын мен бөксесі оңтайлы, мойны ұзын, дене құрылысы
пропорциялы болып келеді. Астениктер (лептозондар) арық, беті сопақ, аяқ
-колы, мойны ұзын, денесінің терісі, сүйектері бос болып келеді.
Адамның дене құрылысын осылайша сипаттай келе, Кречмер
темпераменттерді екіге бөледі. Пикниктердің темпераментін Кречмер көбінесе-
сиклотник, ал атлетик пен астениктің темпераменттері шизотимик деп атайды.
Сиклотиник және шизотимикті ол сау адамдардың темпераменттеріне жатқызады.
Адамдар мен ауру адамдардың ортасында ауруға шалығайын деп тұрған
адамдардың темпераментін Кречмер сиклойд темпераментіне, ал астеник,
атлетниктердің темпераментін- шизойд темпераменті деп атаған. Оның
айтуынша, сиклойдтардың және шизойдтардың өзіне тән аурулары болады.
Мәселен, сиклойдтар көбінесе кем ақылдық- депрессивтік психоздармен
ауырады. Кречмердің стпаттауынша сиклойдтар өте жігерлі, әрекетсіз,
уайымшыл, бірақ тез көнгіш, ақ көңіл, өте жұмсақ, жүйесіз қимылдайтын басқа
адамдардың уайым-қайғысына ортақтасып, айналасындағы дүниеге, жағдайдың
өзгеруіне ыңғайланғыш болып келеді. Шизойдтер- жай, қозуы өте шабан, тұйық,
жабық адам, бірақ табанды, тұрақты болып келеді. Маникалдық депрессив
психозымен ауырған адамдардың мінезі жеңіл, тұрақсыз, өте сезімді, көңілі
аумалы болып келеді. Шизофренмен ауырған адамдардың көңіл күйі түсіңкі, өз
жағдайын ойлай беретін, қайғы-қасіретке бейім адамдар.
Кречмер темперамент балаға ата-анасынан балаларға тұқым, нәсіл арқылы
көшіп отырады, олар өзгеріске түспейді, баланың туысынан темпераменті
қандай болса, сол темпераменттерді үлкейген кезде сол бойынша қалады дейді.
Әрине, темперамент жөнінде осылайша кесіп айту дәл болмайды, темпераменттер
түрлі жағдайлардың әсерімен өмір сүру барысында аздап өзгеріске түсіп
отырады.

1.2.Темперамент туралы жалпы түсінік

Қазіргі кезеңде психология ғылымы белгілі жүйеде темперамент
типтерінің бәріне толық психологиялық сипаттама беруге негіз боларлықтай
деректер топтанған.
Темперамент төрт түрлі. Сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик
темпераменттері.
1) Сангвиник темпераменті - сыртқы әсерлерді жеңіл және тез алу. Бірақ
терең алмау. Сангвиник адам ұшқыр, ойнақы, еті тірі болады. Бірақ бір
әсерден екінші әсерге секіріп түсе беретін, бір әсерге аялдап тұра
алмайтын тиянақсыз адам болады. Әрбір істі бастап тұрып, тастап кететін
болады.
2) Холерик темпераменті- сыртқы әсерлерді тез және терең алу. Холерик адам
әрбір әсерт артынан салпақтай бермейді. Бір алған әсеріне мықты, бекем
болады, көздеген мақсатын қадағаламай, тиянақтамай, жодла шала
қолдырмайды. Табанды, қайратты болады. Қиын-қыстау мәселені тез шешеді,
тез орындайды. Бірақ холерик адамның ашуы шапшаң және қатты болады. Сол
ашу себебімен көп уақытта ұнамсыз істер істеп тастайды. Тіпті бір бет,
қияңқы болады.
3) Флегматик темпераменті- әсерлерді әлсіз алу және ішкі сезімдердің
созалаң оянуы. Бірақ түбі берік болады. Флегматик адам ауыр мінезді адам,
түрлі әсерге көрсе қызар болмайды, мәселені тез шешуге асықпайды, іс
істегенде саспайды, шапшаң ашу, қызу мінез болмайды, салқынқанды болады.
Басын жарып, көзін шығарып, жан алып, жан беріп істі тез бастап кете
алмайды. Бірақ бір бастаса, салпақтап артынан қалмайды.
4) Меланхолик темпераменті- адамның ішкі сезімдердің билігінде болуы,
өзінің ішкі сезімдеріне, жалпы айтқанда, өзінің ішкі дүниесіне берілген
меланхолик адам аулақты жақсы көреді. Ешкімге сенбейді, істі қалтылдақ,
жасқаншақ болады; тұрмыста кедергіге ұшыраса, оның жүні жығылып, қайраты
сөніп, жасып қалады. Меланхолик адамның өзіне берілген, өзім деген
кісіге, құл болғандай жақын болады. Бірақ ана кісіден бұған жақпайтын
мінез шығып қалса, оған қас болып кетеді. Мұндай меланхолик адамның
сіркесі су көтермейді. Сондықтан мұндай адам бірбет, қыңыр, қисық болады.
Темпераменттің бұл төрт түрі бір-біріне қатыспай таза күйінде ғана болады
деуге болмайды. Көбінесе бұлар бір-біріне аралас болады. Мысалы, бір адамда
сангвиник темпераменті мен холерик темпераменті аралас болады. Бір адамда
флегматик темпераменті мен меланхолик темпераменті аралас болады және
темперамент тұрмыстың сонымен бірге тәрбиенің әсерімен өзгереді. Және
темпераменттің түрлі болуы біраз жас, ер, әйелдің тұрмысында және тұқымынан
да болады. Мысалы, көбінесе жас шақта адам сангвиник болады, ерлікте
холерик болады, кәрілікте флегматик болады. Көбінесе әйел сангвиник, ер
холерик болады.
Қалайда әрбір адамда осы төрт темпераменттің біреуі денірек бол-май
қоймайды. Денірек болатын темперамент хатта нәресте шақтан біліне бастайды.
Сондықтан тәрбиеші баланың нәресте шағында-ақ оның тума мінезін және
темпераментінің түрін байқап, біліп қоюға тиіс, балаға оның темпераменті
түріне қарай тәрбие беру үшін.
Бірақ, берік білу керек, темпераменттің анасы жақсы, мынасы жа-ман ,
анадай темпераментті ірі адам, мынадай темпераментті төмен адам деуге
болмайды. Адамды ірі қылатын темперамент емес, ақыл мен құлық. Ақылы терең,
құлқы сау адам қандай темпераментті болса да тізгіндеп, түзу жолға түсіп
кете алады. Темпераментті тізгіндей білу үшін , адамның жақсы тәрбиеленуі
керек..
Физиолог И.П.Павловтың айтуынша, осы айтылған төрт темпераменттің
қосындысынан тағы да темпераменттердің бірнеше түрін шығаруға болады. ОЛ
жеке темпераменттердің түрлерін 24-ке жеткізуге болады дейді. И.П.Павловтың
жоғары жүйке қызметінің типтері туралы ілімі (1924) темперамент мәселесін
ғылыми жолмен түсіндіруге жағдай жасайды. Ғалым организімінің (иттің )
жүйке саласындағы негізгі үш қасиетінің қызметімен байланыстырады:
1. Негізгі жүйке процестері( қозу, тежелу) күшті, әлсіз болуы. Мысалы,
иттің жүйке саласының күшті екенін айттыруда, шартты рефлекс ретінде өте
күшті тітіркендіргіштердің әсерін байқаған. Кейбір реттерде өте күшті
дыбыстардың әсерінен шартты рефлекстер пайда болған, енді біреулерінде
мұндай да жағымсыз сезімдер пайда болып, шартты рефлекс жасалмаған.
И.П.Павлов күшті қоздырғыштармен шартты рефлекс тудырған иттің жүйке
саласы күшті деп, ал рефлекс туғызбайтындардың жүйкесі әлсіз деп
есептеген.
2. Қозу және тежеу жүйке процестерінің бір-бірімен тепе-теңдігі.
И.П.Павлов иттердің жүйке саласындағы қозу мен тежелу бір-бірімен тепе-
тең бе, не тежелу, қозуынан басыңқы ма, не керісінше бұлардың қайсысы
күшті, осы мәселеге қатты назар аударған. Тәжірибеде иттердің тежелу
процесінің тепе-теңдігі түрліше болған. Кейбіреулерінің қозуы мен тежелуі
тең болса, енді біреулерінің қозу процестері басымрақ болған.
3. Қозу және тежелеу жүйке процестерінің жылдамдығы. Мұны анықтау үшін
И.П.Павлов иттердің шартті рефлекстері пайда болуында бір шартты
қоздырғыштан, екінші шартты қоздырғышқа тез ауыса алуын зерттеген. Егер
иттер бір шартты қоздырғыштардан, екіншісіне тез көшіп, соларға да шартты
рефлекс пайда болдырса, оны И.П.Павлов жылдам ауысады деп, шартты
қоздырғыштарға тез ыңғайлана алмағандарын шабан ауысады деп
белгіленген.
Міне, осы жоғарыда айтылған үш негізгі жүйке саласының белгісіне
сүйене отырып И.П.Павлов хайуанаттардың жүйке саласын негізгі төрт түрге
бөлген. Олардың үшеуі күшті типтер де, біреуі әлсіз тип. Үш күшті типтің
екеуінің қозу мен тежелу процестері тең, ал біреуінің қозу, тежелу
процестерімен тең емес, яғыни қозуы тежелуінен басымрақ.
1. Қозу мен тежелу процестері тең, күшті және жылдам қимылдаған тип,
басқаша айтқанда, оны Павлов шырақ тип деп атайды. Жүйке саласының осы
типті жоғарғы айтылған темпераменттің сангвиника дейтін түріне сәйкес
келеді.
2. Қозу, тежелу процестері тең, бірақ, олар баяу алмасады. Мұны
И.П.Павлов, баяу тип дап атайды. Жүйке саласының бұл типі флегматикке
сәйкес келеді.
3. Қозу мен тежелу процестері тең емес, қозуы басым, күшті, ұстамсыз тип.
Бұған темпераменттің холерикі дейтін түрі сәйкес келеді.
4. Қозу, тежелу процестері қай жағынан да өте әлсіз тип. Бұл тип
меланхолик темпераменттің физиологиялық негізі болып табылады.

1.3. Темераменттің физиологиялық негізі
Ғалым И.П.Павловтың iлiмi бойынша жеке мiнез-құлықтың психикалық
қызметiнiң даму ағысы жеке адамның жүйке жүйесiнiң қызметiне байланысты.
Нерв қызметiнiң жеке ерекшелiгiнiң негiзi – екi негiзгi жүйке үдерiсiнiң
қозғағыштық пен тежегiштiктiң пайда болуы.

Қозғағыштық пен тежегiштiк үдерiсiнiң үш түрлi қасиетi анықталды:

1) Қозғағыштық пен тежегiштiк үдересiнiң күшi;
2) Олардың бiрқалыптылығы;
3) Олардың қозғалысы.
Жүйке жүйесiнiң үдерiс күшi нерв клеткаларының қысқа уақытты немесе
ұзақ мерзiмде, бiрақ шоғырланған қозғағыштық пен тежегiштiк қасиеттерiн
өткiзуiмен анықталады. Бұл нерв клеткасының жұмысқа қабiлеттiлiгiн
анықтайды. Жүйке жүйесiнiң нашарлығы нерв клеткаларының ұзақ және шоғырлығы
нерв қозғағыштық және тежегiштiк қасиеттердi қабылдай алмауынан көрiндi:
өте күштi тiтiркендерiштердiң әсер етуiнен нерв клеткасы қорғау тәжегiштiгi
жағдайына көшедi. Ослайша әлсiз нерв жүйесiнде нерв клеткалары төмен жұмыс
қабiлеттiлiгiмен ерекшеленедi, олардың күш-қуаты тез таусылады. Бiрақ әлсiз
нерв жүйкесi жоғары сезiмтал: тiптi әлсiз тiтiркендiргiштердiң өзiне
реакция бередi.

Жоғары нерв қызметiнiң басты қасиетi: нерв үдерiсiнiң тепе-теңдiгi,
яғни қозғыштық пен тежегiштiк қасиеттерiнiң үйлесiлiмдiгi. Кейбiр адамдарда
бұл екi үрдiс өзара тепе–тең, ал кейбiреулерде бұл тепе-теңдiк сақталмайды,
екi үдерiстiң бiреуi басым болады.

Жоғары нерв қызметiнiң негiзгi қасиетiнiң бiрi – нерв үдерiсiнiң
қозғалғыштығы. Нерв жүйесiнiң қозғалғыштығы қозғағыштық және тежегiштiк
үдерiстерiнiң қозғалыс шапшаңдығы, пайда болу және жоғалу шапшаңдығы
(жағдай талап еткен кезде) нерв үдерiстерiнiң қозғалыс жылдамдығы
(иррадиация және концентрация), тiтiркендiргiшке қарсы жауап ретiнде нерв
үдерiсiнiң пайда болу шапшаңдығы мен сипатталады.

Нерв үдерiсiнiң жинақталған қасиеттерi жоғарғы нерв қызметiнiң негiзi
болып саналады. Қозғыштық пен тежелу үдерiсiнiң тепе-теңдiгiне байланысты
жоғарғы нерв қызметiнiң төрт негiзгi түрiн анықтайды.

Әлсiз тип: Жүйке жүйесiнiң әлсiз түрiнiң өкiлдерi күштi, ұзақ және
шоғырланған тiтiркендiргiштерге төтеп бере алмайды. Қозу және тежелу
процестерi әлсiз. Күштi тiтiркендiргiштердiң әсерiнен шартты рефлекстердiң
тежелуi болады.

Күштi, ұстамды тип: Күштi жүйке жүйесiмен ерекшелене отырып, олар нерв
үдерiсiнiң тепе-теңдiк қалпын сақтамайды, тежелу үдерiсi қозғалу үдерiсiнен
басым.

Ширақ тип: Тежелу және қозғалу үдерiсi жақсы және тепе-теңдiк
деңгейде, бiрақ олардың шапшаңдығы, қозғалғыштығы, жүйке үдерiсiнiң
тұрақсыздығы жүйке байланысының тұрақсыздығына әкеледi.

Күштi инерттi тип: Бұл тип-нерв үдерiсiнiң төмен қозғалғыштығымен
ерекшеленедi. Бұл типтiң өкiлдерi ұстамды, бiр қалыпты адамдар.

Жоғары нерв қызметi табиғи жағынан жоғары типке жатады, бұл оған тән
қасиет. Бұл физиологиялық негiзде түрлi шартты жүйе пайда болады, бұл өмiр
процесi әрбiр адамда әртүрлi қалыптасады және жоғары нерв қызметiнiң типi
осыдан көрiнедi.

Адамның мiнез-құлқын, әдетiн, бiлiмiн, қызығушылығын, әрекеттерiн
анықтайтын адамының психикалық қызметiнiң ерекшелiгi адамның жеке өмiрiнiң
үдерiсiнде тәрбие барысында қалыптасады. Жоғары нерв қызметi адамның
өзiндiк мiнез-құлқын, iс-әрекетiн моральдық тұрақтылығын анықтамайды.

1.4. Темпераменттің психологиялық мінездемесі

Павловтың көзқарасы бойынша, темперамент адамның өзiндiк ерекшелiгiнiң
негiзгi белгiсi болып саналады. Оларды төмендегiше топтарға бөледi:
сангвиник, флегматик, холерик, миланхолик. Темперамент пен жоғарғы нерв
қызметiнiң арасында тәуелдiк бар екендiгi анықталды.

Жоғары нерв қызметiнiң және темпераменттiң өз ара қатынасын мына
таблицадан көруге болады.

Күшi Нерв жүйесiнiң Қозғалғыштығы Темперамент
типтерi
Күштi Ұстамды Қозғалғыш Сангвиник

Күштi Баяу Флегматик

Күштi Ұстамсыз Холерик

Әлсiз Меланхолик

Сангвиник темпераментi: Сангвиник адамдармен тез тiл табысады, бiр
қызметтен екiншi қызметке тез ауысады, бiрiздi жұмысты ұнатпайды, өзiнiң
сезiмiн бақылай алады, жаңа ортаға тез үренедi. Оның сөзi жылдам,
сөйлегенде ым-ишара жағы басым келедi, көбiнесе эмоциялы болады. Бiрақ бұл
темпераменттегi адамның көңiл күйi жиi өзгергiш, көп нәрсеге қызығады. Тез
қозу жағдайында ол өзiн белсендi, қызу қанды етiп көрсетедi. Егер де әсер
ету ұзақ, бiр сарынды белсендiлiктi талап етпесе, онда сангвиниктiң
қызығушылығы бәсеңдейдi, онда енжарлық, бойкүйездiк пайда болады.

Сангвиникте қайғы, қуаныш, бауыр басу, жаугершiлiк сезiмдерi тез пайда
болады, бiрақ бұл сезiмдер тұрақты емес, ұзақ және терең сақталмайды. Олар
қалай тез пайда болса, солай тез жоғалуы мүмкiн, тiптi қарама – қарсы
түрлерiмен алмасуы мүмкiн. Көңiл күйi жиi өзгергiш.

Флегматик темпераментi: Флегматик темпераментiндегi бала сабырлы,
орынсыз асып-саспайды. Қызметте табандылық, ойлылық көрсетедi. Бастаған
iсiн аяғына дейiн жеткiзудi ұнатады. Флегматиктiң барлық психикалық үдерiсi
баяу. Сезiм сырт әлпетiнен көрiнбейдi. Бұның себебi-салмақтылық пен нерв
процесiнiң баяулығы. Адамдармен қарым-қатынаста баяу, бiр қалыпты, көңiл-
күйi тұрақты. Өмiрдегi құбылыстар мен жағдайларда флегматик темпераменттi
адамның сабырлығын көруге болады, ол салқын қанды, сезiмiн сыртқа
шығармайды. Осы темпераменттiң осал жерi – қимыл – қозғалыстың баяулығы
өмiрде болып жатқан оқиғаларға солқы қарауы, сол себептен бұл адамда
белсендiлiк, қимыл-қозғалыс шапшаңдығын белгiлi жағдайларда қалыптастыру
қажет. Кейде бұл темпераменттегi адамда еңбекке, қоршаған ортаға, тiптi
өзiне де енжарлық пайда болады.

Холерик темпераментi: Бұл темпераменттегi адамдардың қимыл-қозғалысы
шапшаң, батыл өте сезiмтал болғандықтан, түрлi әсерлерге тез берiледi,
ызақор, ашуланшақ. Олар тез, қызу сөйлейдi, шапшаң қимылды, ұстамсыз.
Холерик темпераменттi адамның сезiмi күштi, көңiл-күйi тез ауысады.
Халерикке ұстамсыздық тән және қызмет кезiнде айқын көрiнедi. Ол кез келген
iстi орындауға белсене кiрiседi, барлық ынтасын салып орындайды. Бiрақ
бұндай адамның энергия қоры жұмыс барысында тез таусылуы мүмкiн, сол кезде
оның көңiл-күйi түсiп, белсендiлiгi төмендеуi мүмкiн. Адамдармен қарым-
қатынаста холерик ұстамсыздық, шапшаңдық көрсетедi, бұл оның басқа
адамдардың әрекетiн объективтi бағалауға мүмкiндiк бермейдi, осы негiзде
ұжымда жанжалдасу туғызады. Тiк мiнездiлiк, қызу қандылық, шыдамсыздық
мiнездерi бұндай адамдардың ұжымда болуына қиындық туғызады.

Меланхоликтiк темперамент: Меланхоликтерде психологиялық үрдiс баяу
өтедi, тiтiркендiргiштердi әзер қабылдайды, ұзақ және күштi әсер, бұл
темперамент иелерiнде баяу қызмет тудырады. Қызметте меланхоликтер енжар,
көбiнесе қызығушылығы аз. Сезiм мен эмоционалды жағдай өте баяу пайда
болады, бiрақ тереңдiгiмен, ұзақтығымен ерекшеленедi. Меланхоликтер
өмiрдегi оқиғаларды бәрiн үлкен әсермен қабылдайды, тез көңiлiне алғыш,
бiрақ сырт бейнесiнде көңiл-күйiн көрсетпейдi. Бұл темперамент өкiлдерi
тұйық, жеке болғанды ұнатады, жаңа адамдармен, аз таныс адамдармен қарым-
қатынасты ұнатпайды, жаңа ортада өзiн ыңғайсыз сезiнедi. Барлық жаңа,
ерекше жағдайлар меланхоликтерде тежелу жағдайын қалыптастырады. Тыныш,
үйренген жағдайда олар өздерiн бiр қалыпты сезiнедi, тыңғылықты жұмыс
iстейдi. Меланхоликтерде оларға тән сезiм тереңдiгi мен тұрақтылығын дамыту
және қалыптастыруға болады.

Психологтардың анықтауынша, нерв жүйесiнiң әлсiздiгi терiс қасиетке
жатпайды. Күштi нерв жүйесi өмiр заңдылықтарының бiрiмен күрессе, әлсiз
жүйке жүйесi басқасымен. Әлсiз нерв жүйесi – сезiмталдығы жоғары нерв
жүйесi, бұл оның өзiндiк ерекшелiгi. Адамның психикалық қызметiне әсер
ететiн темпераменттi бiлу, туа бiткен неров жүйесiнiң ерекшелiгiн бiлу,
мұғалiмге оқу-тәрбие жұмысында өте қажет. Адамдардың темпераменттерiн төрт
түрге бөлу шартты түрде екенiн есте сақтау қажет.Темпераменттердiң өтпелi,
аралас, аралық түрлерi бар, көбiнесе адамның темпераменттерiнде
темпераменттiң түрлi белгiлерi де қосылады. Таза темперамент өте сирек
кездеседi.

1.5. Темперамент және жеке тұлға

Темперамент – жеке тұлғаның психологиялық белгiлерiнiң пайда болуның
табиғи негiзi. Психологиялық зерттеулер мен педагогикалық тәжiрибелер
темпераменттiң өзгеруiне тәрбие мен өмiр талабының әсер етуi мүмкiн
екендiгiн көрсеттi. Сонымен қатар темперамент өзiн-өзi тәрбиелеу барысында
да өзгеруi мүмкiн. Тiптi үлкен адамның өзi де өз темпераментiн өзгерте
алады.

Мысалы, А.П.Чеховтың салмақты, қарапайым, сыпайы адам болғаны бiзге
мәлiм. Бiрақ, мына бiр қызықты мәлiмет оның өмiрiнен алынған. Өзiнiң әйелi
О.Л.Книппер – Чеховаға жазған хатында Антон Павлович мынадай бiр мойындау
жасайды:

Сен менiң мiнезiме таң қалатыныңды жазасың. Менiң табиғатымнан
мiнезiм тiк, ашуланшақ және т.б. Мен өзiмдi ұстауды үйрендiм, себебi
тәртiптi адамға мұндай қылықтар жараспайды. Өткен өмiрiмде мен не
iстемедiм. Көптеген адамдар өз темпераментiнiң ерекшелiгiн тани отыра, оны
басқарудың белгiлi әдiстерiн меңгередi. Мысалы, дәл осылай А.М.Горький
өзiнiң темпераментiнiң қатты көрiнiсiн баса бiлген. Ол үшiн жазушы саналы
түрде өз назарын әртүрлi қосымша әрекетке аударып отырған. Өз көзқарасына
қарсы пiкiр айтқан адамдармен ол өзiн салмақты ұстауға тырысқан.

Темпераменттiң физиологиялық және психологиялық негiзiн түсiнгеннен
кейiн темпераменттi зерттеу әдiсi туралы айтуға болады. Оның қатарына
зертханалық және анамнестiлiк әдiстердi айтуға болады.

ІІ. Тарау
2.1. Оқушылар темпераментінің физиологиясы

Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі
болады. Ол нерв жүйесінің қозу мен тежелуге негізделген.
1. Күшті қозуы тежелуінен басым
2. Күшті қозуы мен тежелуі тең
3. Күшті қозуы мен тежелуі тең, қозғалысы баяу
Міне, бұл Павлов ұсынған үш тип. Бірінші типті адамдар жұмыскер, жүйке
жүйесі күшті, ондай адамдар қысқа және ұзақ қозуды және тежелуді басынан
өткізеді. Екінші типті адамдар өте ширақ болады. Үшінші типті адамдардың
кейбіреуінде қозу мен тежелу теңеседі, ал кейбіреуінде не қозу, не тежелу
болады. Және мұнда Павлов жүйке жүйесінің күштілігі мен әлсіздігіне назар
аударған. Күшті жүйке жүйесі бар адамдарды ол тағы екі типке бөлді:
1. Күшті, ұстамсыз
2. Күшті,ұстамды
Павлов өзінің ұсынған типтерін психологиялық темперамент типтерімен
салыстырғанда, ол екеуінің тура келгеніне көзі жетті.
Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйектеп
түсіндірген- академик И.П.Павлов. Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы
қозу, тежелу процестерінің негізгі үш белгісі-қозу мен тежелудің күші,
олардың тепе-теңдігі және қозғалғыштығы жиынтығынан құрылыды. Жүйке
процестерінің күші ми қабығының жұмыс істеу қабілетіне немесе сыртқы
ортаның түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады. Ал жүйке
процестерінің тепе-теңдігі қозу мен тежелудің бір-біріне теңдігін
көрсетеді. Жүйке процестерінің қозғалғыштығы деп қозу мен тежелудің бір-
бірімен алмаса алу қабілетін айтады. Міне осындай принциптерге сүйене
отырып, жүйке жүйесінің типтері мен темперамент түрлері, олардың қасиет
-сипаттары №1,2-кестелерде сызып көрсетілген.

№ 1-кесте

Темпераменттердің физиологиялық негіздері.Жоғарғы жүйке жүйесі туралы
ілім.

ТемпераментЖүйке Жүйке процестерінің Ұнамды Ұнамсыз
түрлері жүйесінің қозу,тежелу қасиет жақтары жақтары
(Гиппократ типтері
терминологиИ.П.Павлов
ясы бойыншатерминологи
) ясы
бойынша)
күшті Тепе-теңдқозғалғышт
ігі ығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темперамент түсінігі
Темперамент психологиялық сипаттамасы
Темпераменттің шығу тегі, дамуы және қалыптасуы
Темперамент туралы ақпарат
Тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері
Темпераменттің жалпы түсінігі
Темпераменттің төрт типінің сипаттамасы
Холерик темпераменті
Темпераменттің типтері
Темпераменттердің типтері және олардың психологиялық сипаттамасы
Пәндер