Фразеологизмдерге ұйытқы болған сөздер
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім:
1. Фразеологияның лексика-семантикалық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Фразеологизмдердің грамматикалық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
3. Ә. Нұрпейісовтың қолданысындағы авторлық
фразеологизмдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Кіріспе
Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық қазына. Халық өміріндегі
тарихи бел – белестер, ұлы өзгерістер сыры ұрпақтан – ұрпаққа тіл арқылы
жетеді. Ұлт мәдениетінің негізгі көрсеткіші – көркем әдебиеттің де шынайы
болмысы, шеберлігі оның тілі арқылы көрінеді. Ал осы тілдің бейнелілігін,
байлығын арттыра түсетін сөздік қордың ауқымды бөлігі – фразеологизмдер
болғандықтан, әлем жұртшылығы XXI ғасырдың табалдырығын аттаған бүгінгі
таңда әдеби тілдің фразеологиялық қорын зерттеудің теориялық және
практикалық жағынан да өз негізі бар.
Тілдегі фразеологизмдер – тілдік бірліктердің ішінде аккумулятивтік
қызметі ерекше байқалатын, бірнеше мыңжылдықтар бойына пайда болып, дамып,
қалыптасқан, әдеби тіл дамуы кезеңдерінің өзіндік ерекшелігін айқындайтын
тілдің ажырамас бір бөлігі. Әр жазушы өз өресіне қарай тілдің
фразеологиялық қорынан қажетін алады да, өз кезегінде әдеби тілдің дамуына
үлесін қосып отырады. Шын мәніндегі ағылшын көркем әдебиетінің ұлы
тұлғалары ретінде танылып, Шекспирмен негіздеген жазба әдеби тіл дәстүрін
әрі қарай жалғастырған ағылшын жазушылары осы тіл қазынасын мәнді материал,
көркем құрал етіп, әдеби тілдің көркемдік дамуын ілгерілетті.
Көркем шығарма тілінің фразеологиялық қорын зерттеу – бір жағынан
жалпыхалықтық тілдің кезеңдік ерекшелігін терең білуге себептессе, екінші
жағынан, әр суреткердің тіл шеберлігін жан-жақты ашып, оның әдеби тілімізді
дамытудағы рөлін анықтаудың бірден бір жолы болып табылады. Себебі
фразеологизмдер көркем әдебиет (роман) қажетін өтеуде халықтың эстетикалық
талғамын ақтайтын ең бір күшті тілдік құрал болып келеді. Сондықтан әдеби
тіл дамуы кезеңдерінің көркемдік сипатын танытуда қомақты материалды
тілдің әдебилік сипаттарының біреуі – фразеологизмдер береді.
Көркем шығармадағы тіл ерекшелігінің қазақ тіл біліміндегі
шешімін табу жайына қатысты қазақ тіліндегі көркем туындылар (романдар)
тілін зерттеуші – маман профессор Б. Шалабай мынадай үш ерекшелікті атап
көрсетеді.
1) Көркем шығарманың тілін талдау тіл тарихының, соның ішінде әдеби
тілдің де белгілі бір кезеңінің жалпы ахуалын білу мақсаты тұрғысынан
жүзеге асады.
2) Әдеби тілдің қызметтік, (функционалды) стильдерінің бір түрі
ретінде, яғни ресми, публицистикалық, ғылыми стильдермен бір қатардағы
көркем әдебиет стилі ыңғайындағы, дамытудағы ролін көрсетуге, көркем
шығармалардағы жекелеген тілдік құралдардың стилистикалық бояуларын,
көркемдік қызметтерін ашуға назар аударылады.
3) Тіл және әдебиеттану ғылымдарында көркем шығарманың тілі
лингвистикалық және әдебиеттану ілімдерінің тұрғысынан жеке-жеке бөліп
қарастырылады.
Көркем шығармада (романда) тілдің сөз байлығы мейлінше мол жұмсалып,
әр алуан ой мен сезімді білдіретін тілдік мүмкіндіктерді кеңінен пайдалану
орын алады. Яғни мұнда көркем тіл үшін икемділігі мол фразеологизмдер мен
мақал – мәтелдер жинақталады. Жазушы осы қазынаны пайдаланып, соның
үлгісінде жаңаларын жасайды. Осы арқылы өз кезегіңде әдеби тілдің дамуын
жетілдіре, толықтыра түседі.
Фразеологизмдерді сөз құдіретінің арқасында іске асатын құбылыс деп
тани отырып, сол негізде Ә. Нұрпейісовтің Қан мен тер шығармасындағы
фразеологизмдерді қарастырып отырмыз.
Жұмыстың тақырыбы: Ә. Нұрпейісовтің Қан мен тер романындағы
фразеологизмдердің қолданысы.
Жұмыстың мақсаты:
1. Ә. Нұрпейісовтің Қан мен тер шығармасындағы фразеологиялық
тіркестерді жүйелеу.
2. Ә.Нұрпейісовтің шығармасындағы фразеологиялық тіркестің қолданыс
ерекшеліктерінің тілдік табиғатын анықтау.
Жұмыстың өзектілігі: Ұлттық дүниетаным мен ана тіліміздің сөз
құдіретінен нәр алып, ұлттық қасиеттерді бойына сақтап, халықтың сан
ғасырлық тәжірибесінде қорытылып қалыптасқан асыл қазына – көркем сөз
үлгілерін қолдану, Ә.Нұрпейісов шығармасындағы тұрақты сөздердің қолданысын
зерттеу. Ә.Нұрпейісовтің Қан мен тер романындағы фразеологизмдердің
мағналық топтарын айқындау және олардың мағыналарын ашу, сонымен қатар
Ә.Нұрпейісовтің Қан мен тер романындағы авторлық қолданысындағы
фразеологизмдерге тоқталу автордың өз қолданысындағы фразеологизмдерді
пайдалану арқылы халықтың тұрмысын, өмір сүретін ортасын, сана – сезімін
жеткізуде семантикасы жағынан дәл жеткізе біллді ме? Осыған көз жеткізу.
Жұмыстың теориялық – мәні: Ә.Нұрпейісов шығармасын, фразеология
мәселесін функционалдық тіл білімі тұрғысынан қарастыру.
2 Фразеологияның лексика – семантикалық құрылымы
Фразеологизмдердің мағыналық топтары
Түркітануда фразеологизм туралы алғашқы еңбектер 40-жылдардан кейін
жарық көрді. Түркі фразеологиясын (әзірбайжан, башқұрт, қазақ, қырғыз,
өзбек, татар т.б) зерттеуде алғаш ат салысқан қазақ ғалымы І. Кеңесбаев
болды (1, 10 -б.).
Кейбір зерттеулердің біразын, мәселен, академик Ә. Қайдаров
фразеологиялық тұлғаларды әдеби тілдегі стильдік қолдану жүйесінде
қарастырса, Б.Джумагельдиева, Е. Бектұрғанов, Х.Қожахметовалар жеке
жазушылардың шығармаларындағы фразеологизмдерді қарастырады.
Қазақ тіл білімінде І.Кеңесбаев фразеологизмдерді танып білудің
басты үш белгісін: 1) қолдану тиянақтылығын; 2) мағына тұтастығын; 3)
тіркес тиянақтылығын қолдап, осы үш критерийді бір – бірінен жырып алмай,
тұтасымен басты арқау еткенде ғана фразеологизмнің ерекше белгілерін тани
аламыз (1,12-б.).
Қазақ тіліндегі фразеологизмдер де, өзге тілдердегідей
фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек болып
негізінен үш топқа бөлінеді.
Фразеологиялық тұтастық – бөліп жаруға болмайтын, басқа тілге сөзбе
– сөз аударуға келмейтін лексика – граматикалық тұрақты сөздер түйдегін
идиомдар дейді. Идиом термині қазіргі қазақ тілінде фразеологиялық
түйдектер (І.Кеңесбаев), фразеологиялық тұтастықтар (К. Аханов, Ә.
Болғанбаев) деп те аталынып жүр (5, 23-б.).
Қазақ тіл білімінде, сол сияқты, басқа да түркі тілдерін де
фразеологияның жеке объектісі ретінде қаралатын тұрақты сөз тіркестерінің
түрлері туралы әр қилы пікірлер. Мәселен, фразеологизмдерге мақал-
мәтелдердің қатысы бір алуан даулы жағдайды бастан кешіруде. Тұрақты сөз
тіркестерін зерттеуде кең және тар ұғымда түсінуде ғалымдар пікірі әр қилы.
Біраз зерттеушілердің І.Кеңесбаев, Г. Долбрашев , З.Ураксиндер тұрақты сөз
тіркестерін тар ұғымда түсінуді жақтайды. Кезінде акад. І.Кеңесбаев қос
сөздерді фразеологизмдер қатарына енгізген (1, 15-б.).
Тұрақты сөз тіркестерін кең ұғымда түсінуді негізге алатын
зерттеушілер С.Н.Муратов, Х. Ахунзяновтар терминдерді, күрделі сөздерді,
қос сөздерді, нақыл сөздерді, газет айдарларын, мақал-мәтелдердің барлығын
тұрақты сөз тіркестеріне жатқызады.
Орыс тіл білімінде бұл салада көп еңбек сіңірген академик
В.В.Виноградов. Ол франц. ғалымы Ш.Бабкиннің фразеологиялық схемасын
творчестволық түрде өңдеп, фразеологиялық орамдарды:
1.фразеологиялық тұтастық.
2. фразеологиялық бірлік
3.фразеологиялық тіркес деп үшке бөлгенде, мақал, мәтел, термин сөздерді
бұған кіргізбеген. Н.М.Шанский, В.В.Виноградовтың осылай бөлген жүйесіне
төртінші етіп, фразеологиялық сөйлемше (выражение) дегенді қосып, бұған
мысал ретінде, орыс тіліндегі қасқырдан қорыққан орманға бармас,
жылтырағанның бәрі алтын емес, темір жол, жоғарғы оқу орны тәрізді
тіркестерді жатқызады. Сөйтіп, Н.М.Шанский фразеологиялық орамға жататын
тілдік тұлғалардың аясын кеңейте түсіп, оған кейбір термин сөздер, мақал-
мәтелдерді енгізеді. Ал А.М.Бабкин мұндай жүйеге, пікірге қосылмайтындығын
айтады. Н.М Шанскийдің толықтырып, өңдеп 1985 ж шыққан Фразеология
русского языка еңбегінде фразеологиялық сөйлемшені коммуникативті
сипаттағылар: құрылысы жағынан сөйлемге ұқсас және номинативті
сипаттағылар деп бөледі.
Тіл мамандары мұны орыс тілінің түсіндірме сөздігінің авторлары
идиома, фразалық сөздерге мәтелдерді қосып, мақалды есепке алмайды. Осы
салада тың пікір – айтушылар Б.А. Ларин және Л.И Малатков. Бұлар
фразеологиялық тұлғаларды идиом,фразамен ғана шектеп, мақал, мәтел,
термемен, қанаты сөздерді одан тыс құбылыс деп қарастырады (8, 9-б.).
Ал қазақ тіл білімінде бұл мәселеге байланысты мынадай пікірлер
бар. 1954 жылы шыққан Қазіргі қазақ тілі оқулығында фразеологиялық
тізбектер өздерінің жасалуы, фразалық материялы, грамматикалық байланысы
лексикалық мәні жөнінен мына төмендегідей ірі үш түрге бөлінеді:
1) Идиомдар 2) Мақалдар 3) Мәтелдер (2, 10-б.).
Кеңесбаев. Ғ Мұсабаев оқулығының “Қазіргі қазақ тілі” 1975 жылғы
басылымында Фразеологиялық тіркестер екі топқа идиомаға және фразаға
бөлінеді – деген (2, 11-б.).
Профессор М Балақаев пен профессор Т Қордабаев тұрақты
тіркестерді идиомалық тіркестер, фразалық тіркестер деп бөліп қарады. 2).
Профессор А.Ысқақов күрделі сөздердің топтастыру мәселесіне қатысты
айтқандарына тұрақты тіркесті идиологиялық тіркес, фразалық тіркес деп
екіге бөледі. Профессор К Аханов Мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді
фразелогиялық единцалардың қай тобына жатқызу өте күрделі мәселе - дейді.
В.Виноградовтың классификациясына сүйене отырып, қазақ тіл
білімі де қазақ тіліндегі фразеологизм түрлерін үш түрге: фразеологиялық
тұтастық(идиом), фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбектер деп бөлді.
Осы ұғымдарға төртінші түрі етіп қосқан. Н. Шанскийдің фразеологиялық
түсінік (К.Аханов) сөйлемше деп аударған, кейде орамдар деп те атайды
(3, 14-б.). Сөйлемше деген түріне қазақ зерттеушілерінің пікірі әр түрлі.
І.Кеңесбаев фразеологияны тар үғымда түсінуде мақал-мәтелдерді
фразеологизмдерге қоспайды. Ә.Болғанбаев пен Қалиұлының тұжырымы мақал-
мәтелдерді фразеологизмдерге қоспайтын Р.Сәрсенбаев тоқтамымен ыңғайлас.
Қазақ тіл біліміндегі фразеологизмдердің зерттелуі жайлы ойымды түйіндесем:
қазіргі қазақ фразеологиясы өз табиғатына сай, күрделі зерттеу, ғылыми
еңбектермен толығуда.
Фразеологизмдерді тілдегі қолданысына орай, семантикалық тұрғыдан:
адамның ішкі жан дүниесін танытатын, мінез – құлқын бейнелейтін, іс-әрекет
қимылын суреттейтін, діни ұғымды бейнелейтін фразеологизмдер деген бірнеше
мағыналық топтарға жіктеледі.
Қарастырылып отырған шығармада фразеологизмдерді төмендегідей
мағыналық топтарға жіктедік.
А) Адамды сипаттайтын фразеологиялық тіркестер
Қазақ халқы жалпы біреуді не бір нәрсені сипаттағанда көбіне теңей,
ассоциативті түрде салыстыра не астарлап немесе бір шумақ өлең шығарып, ой-
пікірін бейнелі түрде жеткізіп отырған. Жеке адамның мінез – құлқын, кескін
–келбетін, жағымды-жағымсыз қасиеттерін бейнелеуде осындай ұлттық
ерекшеліктерінің бір көрінісі байқалады.
Адамның жан дүниесін, мінезін бейнелейтін образды фразеологизмдерге
Ә.Нұрпейісов шығармасынан мысал келтірсек :
1. Жаңа мыналар Есбол атасына тие берсінді шын көңілмен ағынан жарылып
айтты ма екен? (9, 426-б.).
Ағынан жарылу - Еш нәрсені жасырмады, ішіне еш сыр бүкпей, ашық айту,
шын көңілден деген ұғымды білдіреді (ҚТФС. 10-б.).
2. Жас Федоровтың қолы ашық болатын (9, 98-б.).
Қолы ашық - сараң емес, сұрағанды беретін адам (ҚТФС. 346-б.).
3. Тәңірберген есітпеген кісідей, бетін сырт салып отыр (9, 248-б.).
Сырт салып отыру - теріс бұрылып, қарамай отыру (ҚТФС 481-б.).
Ә) Фразеологиялық тіркестер жүйесіндегі үлкен мағыналық топтарға,
сондай-ақ, салт-дәстүрді және діни ұғымды бейнелейтін сөз орамдарын
жатқызуға болады. Зерттеліп отырған шығармада мынандай түрлерін
кездестіруге болады.
1. Қазір түрінде құдай салды, мен көндім деп неге болса да мойын ұсынып
көнген кісінің кейпі бар (9, 437 – б.).
Құдай салды, мен көндім – басқа туған күн болса өз мойныммен
көтерем,тәңірім жазса өз пешенем деп білем (ҚТФС. 357 – б.).
2. Бүгінгі күні арамыздан жетім шал дүние салып ысрат сапарына жол
шеккенде...уа, мына артында қалған біздер оның аз ғана алапасына көз
сүзетін сияқтымыз (9, 424 – б.).
Дүние салу - немесе, жан тапсыру яғни қайтыс болған адам (ҚТФС. 151
– б.).
3. Кешегі соғыста жараланған бір жігіт сол түні таң алдында жан тапсырды
(9, 325 – б.).
Жан тапсырды - қайтыс болды, дүниеден өтті (ҚТФС. 181 – б.).
Б) Келесі мағыналық топта қоғам, өтпелі кезеңдер, қарым-қатынас және
әлеуметтік өмір сипатын бейнелейтін фразеологиялық тіркестер қарастырылады.
Әлеуметтік өмірмен, замана тынысымен астасып, сабақтасып жататын
құбылыстар мен қарама-қайшылықтарға: молшылық-жоқшылық, бақ-дәулет, еңбек,
уақыт тағы да осы тәрізді қоғамға тән табиғи процестер жатады. Тілімізде
осы процестерді бейнелейтін образды тіркестер жиі кездеседі. Мысалы: басына
бақ қонды, дәулеті судай тасыды, дәулеті асты, деген ұғымды халық басында
бағы, астында тағы бар, оң жақтан айы, сол жақтан күні туды, қағанағы қарқ,
сағанағы сарқ, тағы да басқа осы тәріздес бейнелі сөз оралымдарын қолдана
отырып, айтар ойын тұспалдап жеткізеді.
Осындай қоғам саяси мағыналас фразеологиялық тіркестердің шығармадан
мынандай үлгілерін кездестіруге болады:
1. Үш төрт ауылдың малдары аузы-мұрнынан шығатын (9, 142-б.).
Аузы - мұрнынан шығу - көп молшылық мағынасында жұмсалады, малдары
сансыз көп, бай ауыл көзге елестейді (ҚТФС. 65-б.)
2. - Әңгімеңді де айтпадың, - деп құйқасы көрінген сұйық қасын
сайқалдана керіп ,- бірақ ел құлағы елу біз де естіп жатырмыз (9, 333-
б.).
Ел құлағы елу - елден ештеңені жасыра алмайсың, бір құлақ естігенде
бәрі де естиді дегенді білдіреді (ҚТФС. 161-б.).
3. Әсіресе көз көрген кісілер Еламанның құлаған шаңырағын қайта
көтеріп, өз алдына үй боп жатқанына мәз (9, 434-б.).
Көз көрген - көпті көрген, оқыған, ақылды кісілерге байланысты
айтылады (ҚТФС. 257-б.).
4. Көкте құдай, жерде патша деуші едік (9, 233-б.).
Көкте құдай, жерде патша - бұл фразеологиялық тіркес кекесін-сын
ретінде бай-шонжарларға қатысты айтылып отыр. Яғни олардың өздерін
құдыретті сезініп жерде патша болып қана қоймай, өздерін көкте құдай
ретінде санайтындығын көрсетеді (ҚТФС. 269-б.).
5. Еламан ақ жаулық тартқанның бәріне ұрынғысы келмеді (9, 336-б.).
Жалпы тілде, ақ жаулық деген фразеологиялық тіркес қолданыста бар.
Яғни ақ жаулық – әйел адам. Автор шығармада осы тіркесті нақтылай түсіп
оған “тартқан,, сөзін қосады. Сонда ақ жаулық тартқан формасында келген
бұл фразеологиялық тіркес кез-келген оқушыға түсінікті.
Жалпы Ә.Нұрпейісов шығармасында осындай қоғамдық- саяси мағыналас
сөздер ұшырасады.
Шығармадағы фразеологиялық тіркестердің мағыналық топтарын зерттей
отырып, автор олардың адамның кескін – келбетін, тіршілігін, мінез –
құлқын, жан – дүниесін, қарым – қатынасын және әлеуметтік өмір, оған тән
заңды табиғи құбылыстарды бейнелі түрде сипаттағаны байқалады.
Фразеологизмдерге ұйытқы болған сөздер
Фразеологизмдердің бірінші сөзі көп жағдайда ұйытқы сөз деп аталады.
Ұйтқы сөз фразеологизмдердің бірінші сөз болып келуі басты шарт болып
табылмайды. Екі компонентті зат есімнен болған фразеологизмде ұйтқы сөз
бірінші болып та, соңынан екінші болып та тұра береді. Дегенмен, ұйтқы сөз
фразеологизмдердің бірінші, (басқы) компоненті болып қолданылуы өте жиі
ұшырасатындығын жоққа шығаруға болмайды. Осындай фразеологиялық тірекстің
бірінші компонентте жиі ұшырасуынан қарастырылып отырған Ә.Нұрпейісов
шығармасының лексикасынан мынандай үлгілерін кездестіруге болады. Олар
өзара іштей: а) дене мұшелерінің атаулары; ә) сан атаулары; б) ыдыс-аяқ,
киім атаулары ұйытқы болған сөздермен тіркескен үлгілері бар. Олар:
Көз сөзіне қатысты фразеологизмдер:
1. – Да-а, -деп Мюлгаузен көзін тайдырып әкетті (9, 384-б.).
2. Тірі болса, сол секілді ағасының көзіне шөп салғызып қою қиянат (9,
388-б.).
3. Ебейсін қонаққа көзін салмай, қайтарған ыдысты қолына үнсіз алды (9,
386-б.).
4. Еламан мен Кәленнің көзін құртса да, бұл ауыл басшысыз қалмапты (9,
224-б.).
5. О да мүмкін. Сендер қатты аңдуға алыңдар. Әсіресе, Кәленнің үйінен
көз жазбаңдар, - деп Әмір етті де Курнос Иван қалған жігіттерді
ертіп промсалға тартты (9, 388-б.).
Жүрек сөзіне қатысты фразеологизмдер:
1. Кәленді көргенде Ақбаланың жүрегі орнына түсті (9, 127-б.).
2. Ұзақ уақыт үлкен қалада боп қазақтың кең даласын туып өскен өлкесін
мен ел-жұртын сағынып, жүрегі алып-ұшып келе жатқанды (9, 73-б.).
3. Оның, әсіресе өз тобының алдына шығып, құлаштан астам болат
-сүйменді қу таяқ құрлы көрмей, шірене басып тұрған нар тұлғасын
көргенде ... қай кісінің де жүрегі шайлығып қалды (9, 157-б.).
Сол сияқты от сөзіне байланысты мынандай бірен-саран фразеологизмдер
ұшырасады:
1. -Қазақ ауылының тірлігін сіз білмейсіз. Мәдениетті қауым алдында
әрқашан бетімнің оты шығады (9, 225-б.).
2. Қазақ пен түрікпен арасына от тастап бітіспес жаулыққа бастады [9,
127-б.].
3. Элиза сыртта жүрген Еламанның құлағына шалына ма деп, Балкүміске
ернін қысып ымдап еді, онысы қайта отқа май құйғандай болды (9, 350-
б.). Осы түрі қандай ұстамды кісінің де сезіміне шауып, көзін арбап
алатын әзәзіл сиқыршыдай; бар болмыспен көзі түскен еркектің көңілін
қытықтап: ,,Мені көр! Мені көр де, өзіңнің әйеліңді қара,, - деп
уыттап арбап, ерлі-зайыпты кісінің арасына от тастап бара жатқандай
(9, 649-б.).
Тіл сөзіне байланысты фразеологизмдер сирек кездеседі:
1. Жаны қиналғанда аузына түсетін әншейіндегі бейпіл қарғыстар тілінің
ұшына орала бергенді (9, 429-б.).
2. – Алдаразы болсын...қойыңызшы!... деп сыбырлай тіл қатып еді. (9, 51-б.).
Фразеологиялық синонимдер
Тұрақты тіркестер жеке сөздің орнына жұмсалып қана қоймайды, сонымен
қатар мән-мағынасы жағынан үйлес келіп, бірінің орнына бірі балама болып та
қолданыла береді. Мұндай құбылысты тілші ғалым К.Н. Смағулова
Фразеологизмдердің варианттылығы (12, 34-б.) атты 1996 жылы жарық көрген
еңбегінде фразеологиялық варианттар деп атаса, ал Ә.Болғанбайұлы мен
Ғ.Қалиұлы бұл құбылысты фразеологиялық синонимдер деп атайды. Олар өзара
іштей: а) етістік фразеологиялық синонимдер; ә) сындық мағынадағы
фразеологиялық синонимдер; б) үстеу мағынасындағы фразеологиялық синонимдер
болып бөлінеді. Ә.Нұрпейісовтің Қан мен тер романында:
1. Етістік фразеологиялық синонимдер:
І 1. Еламанның құлақ аспағанына қарамай, оның біресе оң, біресе
сол жағына шығып, алдын орап елпеңдеп басып келеді (9, 433-б.).
2. Тәңірбергеннің әлде бір-екі күн ерулеп күте тұрайық деген
сақтығын құлағына ілмеді [9, 360-б.].
3. Інісіне назар салмай, есікке беттеп бара жатты (9, 333-б.).
Бұл тіркестердің беретін ортақ мағынасы –көңіл бөлмеу, тыңдамау.
І І 1. Мұны естігенде Тәңірбергеннің төбе шашы тік тұрды (9, 325 –
б.).
2. 2.–Екі көзі төрт боп... [9, 228-б.].
3. Бұрындары Ақбала әке-шешесін күткелі жаны иненің ұшында (9, 228-
б.).
4. Ақбала жан дәрмен дегенде шашын кейін қайырып, мұз үстіне қарап
еді, өзінің осыған дейін зәресі қалмай қорыққан сұмдығын көрді (9, 53-
б.).
5.Бір қолын бос сақтаған күші екінші қолымен шап беріп, жағасынан
ұстай алғанда, Ебейсіннің жаны қара бақайына кетті (9, 100-б.).
6. Есі шығып кетіпті (9, 39-б.).
Бұл тіркестер біреудің қалай қорыққандығын бейнелегенде қолданылады.
Сонымен қатар шығармада кейіпкерлердің көңіл-күйін, соның ішінде
ашулану, ызалануын дәл жеткізу үшін мынандай фразеологизмдер қолданады:
І І І 1. Анғар беттен сәл ғана жел соқса да шұғыл кәріне мінуге,
қайта түтігуге әзір тұрғандай (9, 340-б.).
2.Еламан осында келгелі Қарақатынның қызын үнатпай, жыны құрысып
жүргенді (9, 442-б.).
3.-Ой, құдай-ай, - деді Қарақатын қанша үндемейін десе де келеңсіз
қылығына зығыры қайнап (9, 430-б.).
4.Аузындағы астан қаққан аласына Төлеудің де атарға оғы жоқ (9, 208-
б.).
5.Сары баланың жынына тиіп жүрген тағы бір жай: күндіз аласа үйде ұзын
бойы өңкиіп ебедейсіз қозғалып жүретін осы ұялшақ кісі, күнде кешкісін шам
сөнердің алдында көйлек, дамбалы ағараңдап, шешесінің төсегіне кіріп бара
жатады (9, 434-б.).
Көз тастау (салу, жазбау) мағынасындағы фразеологизмдер
–О да мүмкін. Сендер қатты аңдуға алыңдар. Әсіресе, Кәленнің үйінен
көз жазбаңдар,- деп әмір етті де Курнос Иван қалған жігіттерді ертіп
промсалға тартты (9, 192-б.).
1. Генерал Чернов ояна сала тұсындағы терезеге көз тігіп еді, көк жүзін
басқан сұрғылт бұлттан мезгілдің қай шама болғанын біле алмады. (9,
619-б.). Арестант әскерше киінген қара торы жігіттің бас-аяғына
қысқалау көз тастады да, қасына келді (9, 390-б.).
І V. Бет моншағы үзілу, иманы бетіне үзілу тіркестері - ұялу, қысылу
мағынасында жұмсалады.
1. Бет моншағың үзіліп кете ме? Қыз емессің ғой сен (36, 238-б.).
2. Бірақ біздің қызымыз ер кісіге қарамай, иманы бетіне үзіліп тұрып
еді (9, 454– б.).
V. 1. Осы түрі қандай ұстамды кісінің де сезіміне шауып, көзін арбап
алатын әзәзіл сиқыршыдай; бар болмыспен көзі түскен еркектің
көңілін қытықтап: ,,Мені көр! Мені көр де, өзіңнің әйеліңді қара,,
- деп уыттап арбап, ерлі-зайыпты кісінің арасына от тастап бара
жатқандай (9, 649-б.).
Арасына от тастау - араздастыру мағынасында жұмсалса, осыған синоним,
ұғымы жағынан күшейе түсіп, қолданған түрі:
2.Элиза сыртта жүрген Еламанның құлағына шалына ма деп, Балкүміске
ернін қысып ымдап еді, онысы қайта отқа май құйғандай болды (9, 350-б.).
Яғни жанған оттың үстіне, одан әрі май құю (араздықты күшейту) ұғымы
бар.
2.Сындық мағынадағы фразеологиялық синонимдер
1. Басқасын қайтейін, ең аяғы бір сүйектің басын тістескен Достың істеп
отырғаны анау (9, 335-б.).
2. Құрттай көңіл қалса, кешегі арасынан қыл өтпейтін тату-тәтті кезін тарс
ұмытып, жаулығы болып кететіні несі? (9, 574-б.).
Мұнда екі тіркестің беретін мағынасы тату-тәтті, жақын.
1. Әсіресе, комиссарға жұлдызы қарсы [9, 382-б.].
2. –Ой, оны қой. Болыс ағаң, қазір қызыл көз шалмен қырғи қабақ. (9, 80-
б.).
Жұлдызы қарсы, қырғи қабақ- араз, бір-бірімен түсінісе алмайтын
адамдардың арасындағы жағдай.
1. Соққыға жығылғандай боп екі иығының басы салбырап, құр сүлдерін сүйреп
келе жатты (9, 446-б.).
2. Жақ жүні үрпиген жүдеу балалардың ойынға зауқы жоқ (9, 205-б.).
Құр сүлдері, жақ жүні үрпиген - арық, жүдеу адам туралы айтады.
Сонымен қатар, автор төмендегі тіркесті контекстке байланысты орын тәртібін
ауыстырып қолданған.
1. Бетінен оты шыққан қара торы жігіт домбыра тартты (9, 201-б.).
2. ,,Оты бетіне шығып тұр екен,,- деп ойлады Еламан (9, 370-б.).
Бетінен оты шыққан фразеологизмі- мықты, қайсарлы, қайратты деген
мағынада жұмсалады.
3. Үстеу мағыналы фразеологиялық синонимдер
І . 1. Онда да қыстауларынан ұзамай, теңіз жағасынан қозы көштей жерде
отыр екен (9, 335-б.).
2.Бірақ салмақты жүзін Еламанға бірден бұра қоймай, бүгін Ақтөбеден
шыққалы тор шолақ аттың алдында таяқ тастамдай жерде ұшып-қонып, құйрығы
қылпылдап отырған сары шымшықты бағып қалды (9, 386-б.).
3. Аяқ жетер жердің қыбыр-сыбырын басқадан бұрын осы бәлекей қатынның
білетініне күмәнданбайтын (9, 321-б.).
4. Еламан қол созымдай кейінде келе жатты (9, 390-б.).
Мұнда автор ,,жақын, алыс емес,, деген ұғымдарды шығармадағы әртүрлі
жер, жағдайға байланысты бейнелі түрде қолданған.
І І. Жоғарыда айтылған ұғымдарға қарама-қарсы, яғни ,,алыс,, деген
ұғымды автор бізге былайша келтіреді:
1. Несі бар, ертеңгі күні большевиктермен белдесіп күрескенде өздерінің
жалғыз емес екенін, орыс жерінен шалғай жатқан осынау құс ұшпас қу
далада да өздерін жергілікті жердің халқы қолдайтынын көрсін (9, 618-
б.).
2. Бүгінгі күні жалғыз бала басын қатерге тігіп, көз көрмес, құлақ естімес
жерге аттанып кеткеннен кейін сол сорлының көңілі тіпті құлазытып кетті
ғой [9, 640-б.].
3. Түс кезінде бұлар көз ұшынан шаң көрді (9, 371-б.).
Жалпы шығармада кездесетін фразеологиялық синонимдердің бірқатары
осылар.
1.2. Фразеологизмдердің грамматикалық құрылымы
Фразеологизмдердің сөз табына қатысы
Фразеологизмдердің сөз табына қатысы туралы Қазіргі қазақ тілі мен
фразеологиясы оқулығында былай деп жазады: Белгілі ұғымды бір сөзбен де,
екі немесе одан көп сөздердің ұжымдасып келіп, жанама мағынада айтылуы
арқылы да білдіруге болады. Орыс тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші
Н.М.Шанский фразеологиялық оралым тілде сөздің қызметін атқарады, -
дейді. (Шанский.Н.М. Лексикология современного русского языка. М, 1972,
(14, 167-б.). Тұрақты тіркестерге тән ортақ қасиет бұлардың құрамындағы
сөздер дараланбай, мағынаның тұтастығы мен бірлігіне бағынышты, әрі тәуелді
болады да, бір сөздің орнына жүреді. Мәселен, араға от жақты деген
идиоманың мағынасы араздастыру, татуластыру деген ұғымды білдіреді. Бұл
ұғым ондағы жеке сөздерден туып тұрған жоқ, сондағы үш сөздің жалпы
жиынтығынан шығып тұр. Фразеологизмдер мағына жағынан бір ұғымды білдіріп,
бір сөздің орнына жүргендіктен, сөйлем ішінде бір ғана сөйлем мүшесінің
қызметін атқарып тұрады. Олай болса, әрбір тұрақты тіркес белгілі бір сөз
табына бағынышты, телінді болады деген сөз. Мәселен, төбесі көкке жетті
деген қуанды деген сөздің орнына жүреді. Бұл идиом лексика-грамматикалық
мағынасы жағынан етістікке ұқсайды. Сондықтан бұл сөйлемде баяндауыштың
қызметін атқарады. Тайға таңба басқандай деген фразаның мағынасы айқын,
анық деген сындық ұғымды білдіреді. Сондықтан бұл сөйлемде анықтауыштық
қызметін атқарады. Көзді ашып- жұмғанша дегеннен тез, жылдам деген мағынаны
түсінеміз. Бұл мағына үстеуге қатысты болғандықтан, сөйлемде пысықтауыштың
қызметін атқарады. Сол сияқты дүниенің төрт бұрышы деген бүкіл әлем, жер
шары дегенді білдіреді. Мағынасы жағынан зат есімге жатады. Сөйлем ішінде,
бастауыштың қызметінде жұмсалады.
Ә.Нұрпейісовтың шығармасында қолданған фразеологизмдерді сөз табы
қатысына қарай:
1. етістік мағыналы фразеологизмдер
2. сындық мағыналы фразеологизмдер
3. заттық мағыналы фразеологизмдер
4. үстеу мағыналы фразеологизмдер деп топтастыруға болады.
I. Солардың ішінде жиі ұшырасатыны етістік мағыналы фразеологиялық
тіркес. Осындай фразеологиялық тіркестің жасалу жолдарына тоқталайық.
1.Зат есім мен етістіктің тіркесуі арқылы жасалған фразеологиялық
тіркес.
Көз тігу деген етістік фразеологизмді Ә.Нұрпейісов былайша қолданыпты:
Оның ендігі көз тіккені кім? (9, 51-б.).
Бұл қолданыста фразеологизм бір ғана өзгеріске ұшырап отыр: ол-
корреметивтік өзгеріс, яғни фразеологизмнің етістік компоненті тігу
сөзінің номинативтік тұйық рай тұлғасын өзгертіп, 3-жақ өткен шақта(
(тіккен) есімшенің кен жұрнағы арқылы) қолданып тұр.
2.Тәуелденген ілік септігіндегі есім сөздің +тәуелденген есім сөз +
етістік.
Қазақ ауылының тірлігін сөз білмейсіз. Мәдениетті қауым алдында
әрқашан бетімнің оты шығады (9, 446-б.).
Бұл беттен от шығу фразеологизмі- ,,ұялу, қысылу,, мағынасында
жұмсалады.
Автордың қолданыста бұл тұрақты тіркестер мынандай өзгерістерге
ұшырайды.
1. бетімнің- ім тәуелдік жұрнағы мен ілік септігінің жұрнағы жалғанған
яғни өзінің алғашқы формасындағы – тен шығыс септік жалғауы түсіп
қалған.
2. Оты- -ы тәуелдік жалғау. 3 жағы жалғанған
3. Шығады- -а көсемше, -ды жедел өткен шақ жұрнағы жалғанған.
3.Өздік етіс пен зат есімнің етістікпен тіркеуінен жасалған Ф.Т.
өз қолы өзінің аузына жеткенше аға-жеңгесінен зәбір көрді (9, 393-
б.).
Мұнда, өз қолы өзінің аузына жетті фразеологизмі ,,есейгенше, өзімен
өзі болып кету,, деген мағынаны береді (ҚТФС. 426-б.).
Бұл фразеологизмдегі алдындағы компоненттерді автор ешбір өзгеріссіз
қолданып, тек соңғы етістікке ғана есімшенің -кен жұрнағы және –ше жұрнағы
жалғануы арқылы жасалған.
4. Зат есім мен етістіктің тіркесуінен жасалған фразеологизмдық
тіркес.
Бір жыл бабы тұрған елден жырақта жүріп қайсы бір түндері кірпік
қақпай сарылып ойлағанда осы үйді әрқашан сағынышпен еске алатын (9, 385-
б.).
Кірпік қақпау- фразеологизмі, халық тілінде ,,кірпік қақпай
ұйықтамады, көз жұмбады,, мағынасында қолданылады (ҚТФС. 297-б.).
Бұл қолданыстан о бастағы номинативтік тұлғасы ,кірпік қақпаумен,
салыстырғанда мынадай өзгерістерді көруге болады.
1) кірпік- өзгрмеген
2) қақпай- көсемшенің болымсыз түріндегі қолданысы.
5.Зат есім мен етістіктің тіркесінен жасалған фразеологизмдық тіркес.
Келесі күні қара кемпір төсек тартып жатып қалады (9, 204-б.).
Мұнда төсек тарту фразеологияны “ қатты ауырып қалу” тұра алмау,
мағынасында жұмсалады (ҚТФС. 518-б.).
Бұл қолданыстан” төсек тарту” фразеологизмі контексті байланысты
“ төсек тартып жатып қалды” деп берілген яғни соңынан жатып қалды
сөздерінің тіркесі қосымша күшейтпелі реңк беріп тұр.
Жалпы” төсек тарту” фразеологизімінде мынандай өзгерістер байқалады.
1) төсек- өзгермеген
2) тартып- есімшенің жұрнағы осы шақ мағынасында қолданады.
6.Етістік пен зат есімге жоқ болымсыз мағынадағы көмекші сөздің
тіркесі арқылы.
Аузындағы астан қаққан аласына Төлеудің де ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz