Орта палеозойдағы тіршілік жағдайы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 3

1. Қосмекенділерге жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 5
1.1 Қосменкендiлердiң көбеюi және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қосмекенділердің шығу тегі және эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Аяқсыз қосмекендiлер отряды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
4. Орта палеозойдағы тіршілік
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
5. Осы кездегі топтардың шығу
типі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 5

1.6 Қос мекенділер жауыннан
қорғануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6

2. Қосмекенділердің жоғарғы дәрежелі әрекеттері ... ... ... ... ..17
2.1 Қосмекендіделердің
экологиясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..18
2.2 Қосмекенділердің географиялық
таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..30

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
31

Кіріспе

Қосмекенділер (Amphіbіa) – хордалылар типі, омыртқалылар тип тармағының
бір класы. Қосмекенділердің 2 класс тармағы: доғаомыртқалылар
(Apsіdospondylі) жұқаомыртқалылар (Lepospondylі), 3 отряды (құйрықсыз
қосмекенділер, құйрықты қосмекенділер және аяқсыз қосмекенділер), 25 – 30
тұқымдасына бірігетін 4 мыңнан астам түрі белгілі. Тропиктік, субтропиктік
және қоңыржай аймақтарда таралған. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, ал
дернәсілдері суда тіршілік етеді, тек түрленіп дамығаннан кейін оларда
ересектеріне тән морфология-физиологиялық ерекшеліктер қалыптасады.
Дернәсілдерінің анатомиялық құрылыстары (жүрегінің екі камералы болуы,
желбезектерімен тыныс алуы, т.б.) балықтарға ұқсас. Ересектері өкпе және
терісі арқылы тыныс алады. Қосмекенділер жоғары девонда саусаққанатты
балықтардан пайда болған, балықтар мен “нағыз” құрлықтағы омыртқалылардың
(амниоттар) арасынан орын алады. Бұларға жерде жүруге бейімделген буыны шар
тәрізді, бірнеше бөлімдерден тұратын, бес саусақты жұп аяқтар тән. Бас
қаңқасы аутостилиялық (үстіңгі жақсүйегі бассүйекке бітісіп кеткен).
Қосмекенділерде үлкен қан айналу шеңберінен басқа кіші (өкпелік) қан айналу
шеңбері пайда болған. Жүрегі екі жүрекше мен бір қарыншадан тұрады. Сол жақ
жүрекшеде таза артерия қаны, ал оң жақ жүрекшеде вена қаны мен теріден
келетін артерия қаны болады. Қарыншада артерия және вена қандары араласады.
Алдыңғы мидың 2 жарты шар күмбезінде жүйке клеткаларының жиынтығы
болады. Зәр бөлу жүйесі мезонефростық (дене бүйрегі) типке жатады.
Денесінің ұзындығы 2 – 3 см-ден 1,8 м дейін жетеді. Терісі жұмсақ, жалаңаш
денесі шырыш бездері бөлетін шырыштан дымқылданып тұрады. Тіршілігіне
қажетті оттектің едәуір бөлігін терісі арқылы сіңіреді. Көпшілік
қосмекенділердің сероз бездері бар, ол кейбір тропиктік түрлерінде өте улы
келеді. Балықтардан айырмашылығы тері бездері ірі, көп клеткалы болады.
Ересек қосмекенділер негізінен жәндіктермен, ал дернәсілдері су
өсімдіктерімен де қоректенеді. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі
кездеседі, оның 3 түрі жетісу аяқтыбалығы, даната құрбақасы, қызылаяқ бақа,
Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген.

1. Қосмекенділерге жалпы сипаттама

Қос мекенділер әр түрлі тіршілік жағдайына қалыптасқан. Кейбір түрлері
өмірін үнемі суда өткізсе (протейлер, сирендер, африкалық өкше тұяқты
бақалар т. б.) енді бір өмірінің жартысын суда, жартысын құрлықта (құрбақа,
көл бақа шөп бақасы және кавказдық саламандралар) өткізеді. Бақалардың кей
түрлері өз өмірлерін тропиктік ормандарда ағаштарға өрмелеп өткізсе
(африкалық өрмелегіш бақа, явалық ұшқыш бақалар), енді бірі жерді қазып (у
сарымсақ бақасы, аяқсыз қос мекенділер түрі) тіршілік етеді)
Қос мекенділер әр түрлі жағдайда тіршілік етуіне қарамастан, еріксіз
тіршілігіне қолайлы жағдай талғайды. Ондай жағдайда: ақпайтын жылы судың
болуы, ауа ылғалдылығы, судың және топырақтың бір қалыптылығы жатады. Егер
жылу +70, +80 С температураға дейін төмендесе, онда қос мекенділердің бәрі
тоңазып, қимылдан қалады. Сол сияқты күннің өте ыстық болуы да қос
мекенділер үшін қолайлы емес, онда қос мекенділердің терілері құрғап өле
бастайды. Сол сияқты тұзды су мен сортаң жерлерде тіршілік ете алмайды.
Сондықтан олар мұхит аралдарында кездеспейді.

1.1 Қосменкендiлердiң көбеюi және дамуы

Көбеюi. Бақалар, қыс бойы су түбiнде ұйықтап, көктемдегi күннiң алғашқы
сәулелерiнен оянып, көбеюге кiрiседi.
Аталықтары қатты құрылдайды. Жасыл бақаларда (көлдi және көлшiктi)
дауыс ерекше резонаторларды – ауыз қуысынан ауамен үрленетiн және ауыз
бұрышының арт жағында орналасқан желқабызды күшейтедi. Қоңыр бақаларда
резонаторлар мойын терiсi астында орналасқан.
Аналықтары суда, балық уылдырығына ұқсас, уылдырық қалдырады. Аталықтар
оған, құрамында сперматозоидтары бар сұйықтықты шашады. Бiрнеше уақыт
өткеннен соң, әр уылдырық қабығы iсiп мөлдiр, iркiлдеген қабатқа айналады,
оның iшiнен жұмыртқа көрiнiп тұрады. Оның жоғарғы бөлiгi қараңғы, ал
төменгiсi жарық. Мұндай түс тиiмдi: жұмыртқаның қараңғы бөлiгi күн сәулесiн
жақсы қабылдап, күштiрек жылынады. Көптеген бақалар түрiнiң уылдырық
жиынтығы, судың жылы бетiне қалқып шығады.
Дамуы. Төменгi температура жұмыртқа дамуын тежейдi. Ал егер ауа-райы
жылы болса, жұмыртқа көптеген бөлшекке бөлiнiп, көпклеткалы ұрыққа
айналады. Бiр — екi аптадан кейiн уылдырықтан бақа дернәсiлi — бақашабақ
пайда болады.
Бұл дернәсiл сырт келбетiмен жұмыртқа тәрiздi денесi бар кiшкентай
балыққа ұқсайды. Алғашқыда бақашабақ сыртқы желбезектермен (басының екi
жағында кiшкене шақтар тәрiздi) тыныс алады. Кейiн олар iшкi желбезектермен
алмасады.
Бақашабақта тек бiр қанайналым шеңберi және екi камералы жүрегi болады,
терiсiнен бүйiрлi линия мүшесi байқалады. Осындай түрде, бақа дернәсiлiнде
балық құрылысының кейбiр белгiлерi болады.
Алғашқы күндерi, бақашабақ уылдырықтағы қоректi заттар қорымен
қоректенедi. Содан кейiн, онда мүйiздi жақтары бар ауыз пайда болады.
Бақашабақтар, балдырлар, қарапайымдылар және басқа да су организмдерiмен
қоректенуге көшедi.
Бақашабақтардың кейiнгi өзгерiстерi, күн жылыған сайын жылдамдайды.
Оларды бiрiншi артқы, содан соң алдыңғы аяқтары пайда болады. Өкпелерi
дамиды. Бақашабақтар судың бетiне көтерiлiп, ауа жұта бастайды. Кейiнгi
уақытта, олардың құйрықтары тартылып, бақашабақтар жас бақаға айналып,
жағаға шығады. Уылдырық шашып, одан бақашабақтың бақаға айналғанша, шамамен
2-3 ай өтедi.
Жас бақалар, ересек бақа сияқты тiрi қорекпен қоректенедi. Көбею
қабiлетiне олар көбiне тiршiлiк етуiнiң үшiншi жылында жетедi.
Көбеюден соң, қоныр бақалар судан шығады, ал жасыл бақалар суда қалады
немесе жақын маңда, жағалауда қалады. Бақалардың жүрiс-тұрысы ылғалдылықпен
анықталады. Құрғақ ауа-райында қоңыр бақалар күннен тығылып, түнде жемтiгiн
аулауға шығады. Ал жасыл бақалар суда немесе жақын маңда тiршiлiк
еткендiктен, олар күндiз де аңшылыққа шығады.
Күз түскенде қоңыр бақалар су маңына жиналады. Ауаның температурасы, су
температурасынан төмендегенде, жасыл және қоңыр бақалар су түбiне бүкiл
қысқа кетедi.

1.2 Қосмекенділердің шығу тегі және эволюциясы

Қосмекендiлердiң сумен тығыз байланысы, сонымен қатар олардың
дернәсiлдерiнiң құрылысы мен тiршiлiк етуi, бұл жануарлардың балықтан
шыққандығын көрсетедi. Өлiп бiткен қосмекендiлердiң тас болып қалған
қалдықтары табылған. Олардың терiсi қабыршақты болған, ал бассүйегi үлкен
және саусаққанат балықтың бассүйегiне ұқсас болған.
Көне қосмекендiлер, көне саусаққанат балықтардан, шамамен 300 миллион
жыл бұрын шыққан. Қосмекендiлердiң ата-тектерi, кiшкене күнмен күштi
жылынатын суларда тiршiлiк еткен. Мұндай суларда оттегi аз араласқандықтан,
балықтар ауа жұтуын туғызған, ал кейiннен олар өкпемен тыныс алуға көшкен.
Саусаққанатты балықтардың аяқтарының қаңқалары, қосмекендiлер аяқ
сүйектерiнiң орналасуына ұқсас болды. Құрғаған сулардан олардың басқа жерге
жорғалауы, олардың жұп қанаттарының құрлықты аяқтардың пайда болуына алып
келдi.
Орта палеозойда девонда нағыз құрлықты өсiмдiктер пайда болды; дәл осы
кезеңде құрлықты омыртқасыздар, соның iшiнде жәндiктер де пайда болды.
Құрлықты омыртқасыздардың пайда болуы (болашақ қосмекендiлер қорегi),
омыртқалы жануарлардың құрлыққа шығуына алып келдi. Буынаяқтылар және
құрлықты омыртқалылар, таскөмiр дәуiрi кезеңiнде айрықша гүлдендi. Осы
кезеңнiң кiшiгiрiм көлшiктерiнiң сулы өсiмдiктерi мен жағалаудағы
өсiмдiктерi өркендеуде. Осының нәтижесiнде суда оттегi азая бастады. Бұл
күйде атмосфералы ауамен тыныс алуға көшкен балықтар тиiмдi жағдайда болды.
Дәл осы судағы тыныс алу мүшелерiнiң шығуын анықтаған, судағы оттегiнiң
жетiспеушiлiгi, омыртқалылардың құрлыққа шығуын және қазiргi амфибиялардың
ата – тегiнiң шығуын дайындады. Тiршiлiк етудiң бұл кезеңiнде, қоректiң
құрлықта үлкен қоры, құрлықта омыртқасыздар зияны және жаңа ортадағы
бәсекелестiктiң жоқтығы болды.

1.3 Аяқсыз қосмекендiлер отряды

Бұл отряда бiр сақиналы құртшалар тұқымдасының 56 түрi жатады. Сыртқы
бейнесiмен олар жұмыр құрттарға немесе жыландарға ұқсас. Құртшалар денесi
сегменттелген (сақиналар саны 400 дейiн жетуi мүмкiн). Терiсi жалаңаш,
кiлегейлi бездерге бай, соңдықтан бетiн ащы кiлегей мен сылап тұрады. Жұп
аяқтары және белдеу аяқтары жоқ. Құйрығы да жоқ және клоакасы денесiнiң ең
аяғында бiтедi.
Барлық сақиналы құртшалар суда тiршiлiк етедi, түнгi тұрмыс қалпын
кешiп, ылғалды топырақтарда жол салады. Қазу тұрмыс қалпына байланысты,
олар аяқтарынан айырылды. Иiс және жанасып сезiмдерi қатты дамыған.
Сақиналы құртшалар үнемi шұңқырынан қармалауышын шығарып тұрады – бұл
олардың иiс және жанасып сезу мүшесi, жер асты тiршiлiгiне байланысты,
оларда iшкi ұрықтану дамиды. Олар жылантәрiздi иiлу жолымен өте баяу
қозғалады. Құрттармен және басқа да топырақ жануарлармен қоректенедi.
Кейбiреулерi және басқа да топырақ жануарларымен қоректенедi. Кейбiреулерi
құмырсқалар ұяларында коныстанып, сол құрылыстағы мекендеушiлермен
қоректенедi. Көбiсi жұмыртқаларын ылғалды топыраққа салады. Аздаған ең iрi
жұмыртқалардан жақсы дамыған дернәсiлдер шығады. Олар бiраз уақыттан соң
ересек жануарға айналады немесе қысқа дамудан кейiн метаморфоздан өтiп
құрлықтағы тiршiлiкке көшедi.
Тек кейбiр тiрi туатындардың эмбриондары 5-6 iрi жұмыртқадан дамиды.
Сақиналы құртшалардың көбiсi суда қалқи алмай, оған түскеннен кейiн батып
кетедi.
Сақиналы құртшалар Америка, Африка және Азияның тропиктiк белдеулерiнде
тараған: олар Австралия мен Мадагаскарда болмайды. Қазбалы аяқсыздар
белгiсiз. Олар таскөмiр кезеңдегi жiңiшке омыртқалы қосмекендiлерден
шыққан.
Бұл тұқымдастың түрлерi мен туыстарының жүйелiлiк айырмашылықтары
қармалауыштың формасы мен қалпы (домалақ, клапан-тәрiздi, конусты), астыңғы
жақтағы тiстер қатарының саны, көздiң даму дәрежесi, қабыршақты және шүйде
сүйектерiнiң бiрiгiп өсу дәрежесi, терiде қабыршақтың болуы немесе болмауы
және т.б. болып табылады.
Нағыз сақиналы құртшалар туысы Оңтүстiк Америкада кездескен 8 түрден
тұрады. Олар терiсiндегi ұсақ жұмыр қабыршақтармен, терiсiнiң астындағы
көздермен, астыңғы жақтағы тiстiң екi қатарымен, танау астында
клапантәрiздi қармалауыштардың орналасуымен сипатталады. Бұларға ұзындығы
117 см – ге жететiн отрядтың өкiлi жатады. Мұндай құртжылан Колумбияда
теңiз деңгейнен 1150 м биiктiкте тiршiлiк етедi.
Буылтық құртшалар туысы қабыршақтардың жоқтығымен және терiден
көрiнетiн көздерiмен, төменгi жақтағы тiстердiң бiр қатарымен және
танауларға қарағанда ауыз бұрыштарына жақын орналасқан қармалауышымен
сипатталанатын, 5 Оңтүстiк америкалық түрдi бiрiктiредi. Буылтық құрт
Солтүстiк Бразилияда, Эквадорда және Перуда тiршiлiк етедi, ұзындығы 40 см
жетедi және денесiнде 85 сақинаға дейiн болады. Терiсi қара, ал сақиналар
арасында ақшыл болады. Ылғалды топырақта тiршiлiк етiп, сол жерге ұзындығы
10, енi 8,5 мм болатын шамамен 9 жұмыртқа салады. Жұмыртқалар өзара
кiлегейлi баумен байланған және оларды аналығы қорғайды. Бұл туыстық
өкiлдерiнiң арасында құмырсқалар ұяларында тiршiлiк ететiн түрлерi де бар.
Құршабалықтар туысы. Оларға Үндiстанда, Бирмада, Цейлонда, Индонезияда
тараған екi түр жатады. Терiсiндегi жұмыр қабыршақтармен, терiден көрiнетiн
көздерiмен, конусты қармалауыштарымен сипатталады.
Ең белгiлiсi кең тараған, ұзындығы 40 см-ге жететiн I.glutinosus түрi.
Оның денесiнде 400 сақина болады. Түсi қара-қоңыр немесе дене
бүйiрлерiндегi ұзын жолдары ақшыл-сары, көгiлдiр. Ересек жылан балықтар
өзен жағалауларындағы топырақтарда 30 см тереңдiкте тiршiлiк етедi. Суға
түссе, тез жылдам өледi. Жауын құрттарымен, соқыржыландарымен және
қалқаншақұйрықты жыландармен қоректенедi. Аналығы су түбiндегi арнайы iнге
диаметрi 6-9 мм. 12-25 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларды өз денесiмен
айналдыра басып, терi бөлiндiсiмен оларды молынан ылғалдайды.
Дернәсiлдердiң жұмыртқа қабығының iшiнде жатып-ақ бүйiр сызықтарының
мүшелерi мен үш жұп тармақталған желбезектерi дамиды. Соңғылары артқы
аяқтардың конустәрiздi ұсақ бүйректерi сияқты, жұмыртқадан шыққан кезде
жоғалады. Жұмыртқадан шыққаннан кейiн дернәсiл ұзақ уақыт бойы суда дамып,
өкпелерiмен тыныс алады.
Су құртшалар туысы Оңтүстiк Америкада тараған үш түрдi бiрiктiредi.
Олар терiсiнде қабыршақтардың жоқтығымен, екi бүйiрiнен қабысқан денесiмен
және клоака айналысындағы сорғыш дискiсiмен сипатталады. Түсi қоңыр немесе
қара. Суда тiршiлiк етедi. Тiрi туатындар.
Барлығына қарағанда Венесуэла мен Гвианада тараған.Т. compresssicauda
түрi белгiлi. Дене ұзындығы шамамен 45 см. Оның 6 жұмыртқадан дамитын
эмбриондарында үлкен жапырақтәрiздi желбезектерi болады. Эмбриондар өзiнiң
бiрнеше қатарлы терi тiстерiмен жұмыртқа клетка қабырғаларын қырады.

4. Орта палеозойдағы тіршілік жағдайы

Палеозой (көне грекше: παλαιο — көне және көне грекше: ζοιον —
жәндік, бірге көне тіршілік мағынасында) — фанерозой эоны замандарының
алғашқысы (542—251 млн жыл).
Кембрий, ордовик және силур кезеңдері астыңғы палеозой субзаманын, ал
девон, карбон және перм кезеңі үстіңгі палеозой субзаманын құрайды.
Палеозой кезінде екі үлкен орогенез орын алған: астыңғы палеозой кезіндегі
Каледон және соңғы палеозой кезіндегі Варискан.
Соңғы Палеозой заманында өркендеген Перм кезеңінде жойылған
Трилобиттердін бірі
Палеозой фауналары көптеген омыртқасыз ағзалардың болғанымен
белгіленеді, оның ішінде трилобиттер (Trilobita), грабтолиттер
(Grabtolithina), брахиоподтар (Brachiopoda), сефалоподтар (Cephalopoda)
және кораллдар. Заманның соңында амфибия мен рептилиялар әр-түрлі
биологиялық топтаныстардың зор компоненті болды, ал алып талды циатея
(Cyathea arborea), атқұйрық (Equisetum) және цикадалар ормандардың кең
таралуына себепші болды.
Палеозой терминін алғаш 1838 ж. ағылшын геологы А.Седжвик (1785 – 1873)
ұсынған. Палеозой осыдан 540 – 250 млн. жыл бұрын басталып, ұзақтығы 290
млн. жылға созылған эра. Құрамына кембрий, ордовик, силур, девон, таскөмір
(карбон), пермь дәуірлері енеді. Бұл дәуірлер геологиялық картада төменгі
Палеозой (кембрий, ордовик), ортаңғы Палеозой (силур, девон), жоғарғы
Палеозой (таскөмір, пермь) деп бөлінеді. Палеозойдың басында Гондвана мен
солтүстік құрлықтардың (Солтүстік Америка, Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай,
Корея) және оларды бөлетін мұхиттардың (Палеоатлант, Палеотетис, Палеоазия)
нобайы айқындалған. Бұл мұхиттардың ені мыңдаған км-ге, ал тереңдігі
мыңдаған м-ге жеткен. Олардың өмір сүру ұзақтығы да әр түрлі. Ең бірінші
Палеоатлант (Япетус) девонның басында жабылып, карбонның ортасына дейін
Палеотетис өмір сүрген, ал Палеоазия палеозойдың соңында Лавразия алып
құрлығын жасап барып жабылған.
Мұндағы айқын өзгеріс венд пен кембрий шебінде болды, қаңқалы
организмдер – трилобиттер, моллюскілер, т.б. өмірге келген. Бұл өзгеріс
протерозой мен фанерозойды жіктеуге негіз болды. Алғаш кең таралған
бақалшақтылар карбонатты емес, фосфатты болған. Ордовик-силурда алғашқы
омыртқалылар – балықтар, карбонда қосмекенділер (амфибиялар), яғни құрлыққа
шыққан жануарлар пайда болды. Силур-девонда алғашқы құрлық өсімдіктері
өсіп, соңғы девон-карбонда қалың өсімдік жабыны пайда болған, нәтижесінде
көміржаралу кеңінен таралған.
Палеозой заманы 6 кезеңнен тұрады: кембрий, ордовик, силур, девон, тас
көмір (карбон), пермь.
Кембрий (организмдердің каңқа қалдығы алғаш табылған орынның аты).
Ауа райы қоңыржай, топырақ болмағандықтан тіршілік, негізінен, сулы ортада
дамыды. Құрлықта тек бактериялармен көк-жасыл балдырлар тіршілік еткен.
Өсімдіктерден жасыл, диатом, алтын түсті балдырлар теңіздерде еркін жүзіп,
қызыл, коңыр балдырлар теңіз түбіне бекініп тіршілік еткен. Кембрийдің бас
кезінде құллықтан шайылған тұздар теңіз суының тұздылығын арттырған.
Әсіресе теңізде кальций, магний тұздарының концентрациясы көбейе бастаған.
Теңіз жануарлары минералды тұздары денесіне еркін сіңірген. Буынаяқтылардың
ертедегі өкілі – осы күнгі құрлық шаянына ұқсас (мокрица) трилобиттер пайда
болған. Денесіне сіңген минарлды тұздардан денесінің сыртында хитинді сауыт
түзілген. Трилобиттердің денесі хитинді-сауытты, 40-50 бунаққа бөлінген,
теңіз түбінде жорғалап жүріп тіршілік етеді. Кембрийде – губкалардың
түрлері, коралдар, былқылдақденелілер, теңіз лилиясы, кейініректе теңіз
кірпісі пайда болды. Кембрийді – омыртқасыздардың даму кезеңі дейді.
Ордовик (қазба қалдықтар табылған жерді мекендеген тайпалардың аты).
Теңізде қоңыр, қызыл балдырлар, трилобиттер тіршіліктерін жалғастырып дами
береді. Қазіргі сегізаяқ, кальмарлардың туысы – алғашқы басаяқты
былқылдақденелілер (ұлулар) пайда болды. Сонымен бірге иықаякты, бауыраяқты
былқылдақденелілер тарала бастады.
Геологиялық қабаттардан қазіргі минога, миксиналардың арғы тегі болып
саналатын жақсүйексіз омыртқалылардың қаңқасы табылған. Денесі мен құйрық
бөлімі қалың қабыршақтармен қапталған.
Силур (тайпаның атауы) кезеңінде тау түзілу процесі қарқынды
болғандықтан құрлықтың көлемі артты, ең алғашқы омыртқалылар пайда болды.
Буынаяқтылардан ұзындығы 2 метрге жететін 6 жұп аяқтары бар алып
ракоскорпиондар дамыды. Оның ауыз айналасына орналасқан аяқтарының ең
алдыңғы жұбы қорегін ұстап бөлшектеу үшін қысқышқа айналған. Силурда ішкі
қаңқасы шеміршекті, сырты қалқаннан тұратын сүйекті сауытпен қапталған ең
алғашқы омыртқалы жақсүйексіз жануарлар – сауытты балықтар пайда болды.
Сауытты балықтар жұп жүзбе қанаттары болмағандықтан, ұқсағанымен, шын
мәнінде, жақсүйексіздер (дөңгелекауызылар) класына жатқан. Өте баяу қозғалу
әрі қарай дамуға қабілетсіз етті, ақырында жойылды. Осы күнгі
дөңгелекауыздылар – минога мен миксина сауытты балықтардың жақын туысы.
Судың азайып саяздануынан ең алғаш құрлыққа шыққан өсімдік –
псилофиттер (риниофиттер). Оның құрылысы көп жасушалы жасыл балдырларға
ұқсаған, нағыз жапырақтары болмаған. Жіңішке жіп тәрізді өскіншілері арқылы
топыраққа бекініп, су мен минералды тұздарды сіңірген. Өсімдіктердің
құрлыққа шығуы – эволюцияның ең негізі кезеңі. Бактерия мен көк-жасыл
балдырлардың әрекетінен кұрлықта псилофиттер қорек корын алатын биогенді
қабат – топырақ түзілді. Ең алғаш құрлыққп псилофиттермен қатар осы күнгі
сарышаянға ұқсас өрмекшітектестер де шықты. Силурдың соңында қаңқасы
шеміршектен тұратын жыртқыш балықтар пайда болды. Жақ сүйегінің болуы
омыртқалы жануарлардың дамуына зор әсер етті. Өсімдіктер мен жануарлар
құрлықты мекендей бастады.
Девон (Оңтүстік Англияның Девоншир графтық атағының құрметіне
аталған). Девонды балықтар кезеңі дейді. Теңіздің көлемі азайып, саязданып,
ауа-райы құрғап, шөлді-шөлейтті жерлер көбейді. Теңіздерде шеміршекті (осы
күнгі аққулар, скаттар, химералар) және сүйекті балықтар пайда болды. Жүзбе
қанаттарының құрылысына қарай сүйекті балықтар сәулеқанаттылар (жүзбе
қанаттары желпуіш тәрізді) және саусаққанаттылар (жүзбе қанаттары саусаққа
ұқсайды) деп бөлінеді. Саусаққанатты балықтардың жүзбе қанаттары етті,
қысқа болған. Екі көкірек, екі кұрсақ жүзбе қанаттарының көмегімен жүзіп
қана қоймай, суы құрғай бастаған көлдерден су іздеп жорғалап жүрген. 1938
жылы Оңтүстік Африканың мұрайжайына ұзындығы 1,5 метр, салмағы 50 кг балық
тапсырылған. Балық мұражайы қызметкері К. Латимер ханымның есімімен
латимерия деп аталған. Девонның соңында саусаққанатты балықтардан алғашқы
қосмекенділер – стегоцефалдар шыққан.
Девонда өсімдіктен – споралы қырықбуындар, плаундар, қырықжапырақтар
пайда болды. Тұқымды қырықжапырақтар көптеп тарала бастады. Құрлық
өсімдіктері ауаны оттекпен байытып, тазартып, жануарларды қорекпен
қамтамасыз етті.
Тас көмір (жерде тас көмірдің қалың қабаты болғандықтан атаған). Ауа
райы ылғалды, жылы болып батпақты жер аумағы көбейген. Биіктігі 30 – 40 м,
ені 1 – 2 м ағаштектес плаундар – лепидодендрон мен сигиллярия, каламиттер
қалың орман болып өскен.Тас көмірдің орта кезеңінде жер бетінде өсімдіктер
әлемі ерекше қаулап өсіп, дами бастаған. Тұқымды қырықжапырақтардан
ашықтұқымдылар таралып, эволюцияда тұқыммен көбею жолы пайда болды.
Девонның соңында пайда болған стегоцефалдар (сауытбастылар) кең тарала
бастады. Стегоцефалдардың дене пішіні тритон мен саламандарға ұқсаған,
уылдырық шашып көбейген. Итшабақтарды суда дамыған әрі желбезекпен тыныс
алғандықтан қосмекенділердің дамуы осы күнге дейін сумен байланысты.
Алғашқы космекенділер мен жорғалаушылардың арасын 50 млн жыл бөліп тұр.
Пермь кезеңі (қаланың аты). Пермьде тау сілемдері түзіліп, құрлық
көлемінің ұлғаюы климаты да өзгертті. Экваторда ылғалды тропиктік, одан
солтүстікке қарай ыстық, құрғақ климат болды. Батпақты, ылғалды жерде өскен
ормандар, қырықбуындар, қырықжапырақтар, плаундар азайып біртіндеп жойылды,
орнын тұқымды өсімдіктер басты. Ең алғашқы тұқымды өсімдіктер –
ашықтұқымдылар болды. Жануарлар дүниесінде де едәуір өзгерістер байқалды.
Трилобиттер, палеозой қоралдары, құрғақ климатқа төзе алмаған қосмекенділер
де жойылды. Тек бақа, құрбақа, тритон, саламандра, аяқсыз бақалар ғана
сақталып қалды. Жойылған қосмекенділердің орнына құрлыққа жақсы
бейімделген бауырымен жорғалаушылар пайда болды. Құрлыққа бейімделудің
негізгі кезеңі: терісінің мүйізді қабыршақпен қапталуы; сырты қатты
қабықпен қапталған сарыуызға бай жұмыртқа салып көбеюі; тыны салу (судың
қажеті жоқ), қанайналым мүшелерінің жақсы жетілуі, т.б. Осындай белгілердің
арқасында бауырымен жорғалаушылар жер бетіне кең таралды. Бауырымен
жорғалаушылардың ішінде қосмекенділердің аралық формасы – бақакесіртке
дамиды. Бақакесірткенің ұзындығы 25 см, денесі кесірткеге, басы бақаға
ұқсаған, балықпен қоректенген. Қазбадан табылған аңтісті кесірткеден
сүтқоректілер шыққан.

5. Осы кездегі топтардың шығу типі

1) денесінің арқа жағында ұзына бойына орналасқан арқа желісі — хордасы
болады;
2) хорданың үстіңгі жағында ұзына бойына орналасқан орталық. жүйке
жүйесінің қызметін атқаратын жүйке түтігі бар. Төменгі сатыдағы
хордалыларда бұл өмір бойы сақталады, ал жоғары сатыдағы хордалыларда даму
барысында оның алдыңғы бөлігі миға, артқысы жұлынға айналады;
3) хордалылардың жұтқыншағының екі бүйірінде көптеген желбезек
саңылаулары болады. Бұл төменгі сатыдағы хордалыларда өмір бойы сақталады
да, жоғары сатыдағы хордалыларда өкпеге айналады;
4) хордалылардың көпшілігінің қан айналымы тұйық және олардың жүрегі де
денесінің құрсақ жағында орналасады. Тек қандауырша тәрізділердің жүрегі
болмайды, оның қызметін құрсақ қолқа қантамыры атқарады. хордалыларда бұдан
басқа, омыртқасыз жануарларға да ұқсас белгілері де болады. Мысалы, екінші
реттік дене қуысы, екінші реттік ауыз қуысы, денесінің екі жақты
симметриялы болуы, бұлшық еттерінің метамерлі орналасуы, т.б. Хордалылардың
табиғатта және адам өмірінде атқаратын маңызы өте зор. Олар биосферадағы
зат пен энергия айналымында, әсіресе, тірі организмдер арасындағы қоректік
тізбек құруда елеулі рөл атқарады. Олардан алынатын өнімдер (терісі, жүні,
еті, жұмыртқасы, уылдырығы) шаруашылықтың түрлі салаларының бәрінде
қолданылады; қара Дөңгелекауыздылар, Балықтар, Қосмекенділер, Бауырымен
жорғалаушылар, Құстар, Сүтқоректілер.

1.6 Қос мекенділер жауыннан қорғануы.

Қос мекенділердің қорғаныстық қабілеті онша жетілмеген. Ең әсерлі
қорғанысы – тері бездері бөліп шығаратын улы сұйықтың. Улы сұйықтық
құрбақаларда, жайын ауыз бақаларда, у сарымсақ бақаларда болады. Сондықтан
бұларға аң, құстар жоламайды. Қос мекенділер қорғанытарында түр -
түстерінің маңызы зор. Олар терісінің түстерін тіршілік ететін мекеніне
қарай өзгертеді де жауларының назарынан тыс қалады. Қос мекенділер ішінде
регенрацияға қабілеттілер де кездеседі. Мәселен, кейбір саламандрлар
құйрықтарын үзіп тастай алады және ол кейін жетіліп кетеді. Сол сияқты
саламандрлар денесінің басқа бөліктерін де жауына сыйға тарта алады екен.
Қауіп төнгенде аяғын үзіп тастаған саламандрлардың аяғы қайта жетіле
алатындығы дәлелденген.
Қосмекендiлер ересек кезiнде көбiнесе тiрi қорекпен қоректенедi. Олар
көптеген орман және ауыл шаруашылықтарының зиянкестерiн, адам және
жануарлар ауруларын қоздыратын тасымалдаушылары-насекомдарды жояды. Кейбiр
қосмекендiлер, мысалы құрбақалар қараңғыда және түнгiсiн тiршiлiк
еткендiктен, күндiзгi құстарға кездеспейтiн жалаңаш шырыштарды және басқа
да зиянкестердi жояды. Қосмекендiлердiң өздерi көптеген омыртқалылар-балық,
бауырымен жорғалаушылар, құстар, кейбiр аңдарға қорек болады. Кейбiр
елдерде қосмекендiлер саны, әсiресе бақалар өлшеусiз аулау салдарынан қатты
азайып кеттi. Бiздiң елде қосмекендiлердi жоюға заңды түрде тиым салынған.

2. Қосмекенділердің жоғарғы дәрежелі әрекеттері

Омыртқалылардың арғы тегі теңізде тіршілік еткен төменгі сатыдағы
хордалылар (қабықтылар, бассүйексіздер). Нағыз Омыртқалылар тұщы суларда
пайда болып, олардың эволюциялық дамуының алғашқы сатылары сонда өткен.
Жақсы жетілген қозғалу органдарының нәтижесінде су Омыртқалылары (негізінен
балықтар) су қоймаларында тіршілік етіп, кейіннен теңіздерге таралған.
Тіршілік еткен су қоймаларында оттектің жеткіліксіз болуы девонда олардың
құрлыққа шығуына себепші болды. Алғашқы құрлыққа шыққан Омыртқалылар –
ихтиостегилер. Бұлар саусаққанатты балықтардан шығып, қосмекенділердің; ал
мезозойда жақсы дамыған бауырымен жорғалаушылардың, триаста
сүтқоректілердің, юра кезеңінде құстардың арғы тегі болып саналады. Барлық
Омыртқалылардың эволюциялық дамуы олардың дене құрылысының күрделенуімен
сипатталады. Дене тірегі – хорда, эволюциялық даму процесінің барысында
ересек жануарларда (төменгі сатыдағы балықтардан басқасында) хорда,
көбінесе омыртқаға айналады (тип тармағының аты осыдан шыққан).
Омыртқалылардың судан құрлыққа шығуына байланысты дене құрылысы күрделілене
түсті. Төменгі сатыдағы Омыртқалылардың жүрегі екі камералы болса, жоғары
сатыдағы Омыртқалылардың бұлшық етті төрт камералы жүрегі көптеген негізгі
(құлақшалар мен жүрекшелер) және қосымша бөліктерден (венозды синус,
артериальды конус) тұрады. Қан айналыс жүйесі тұйық біткен. Су
Омыртқалыларының (бассүйексіздер, балықтар) тыныс алу органы – желбезек, ал
құрлықтағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шу-сарысу ойпаты аймағының қазіргі геоэкологиялық ахуалы
Рельеф қалыптасуындағы қазіргі физикалық-географиялық жағдайлары
Қазақстан Қызыл кітабы
Қазақстан қорықтары және қызыл кітап
Қазақстанның қорықтары мен бақтары туралы
Мемлекеттік табиғи қорығы
Геологиялық құрылысы мен жер бедері
Аустралия және Мұхиттық аралдар
Австралия материгі
Қазақстан қорықтарына сипаттама
Пәндер