Материалдардың өндірістегі жұмсалуына бақылау жасау әдістері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Басқару Институт колледжі
Тақырыбы: Тауарлы материалдық құндылықтардың шығысы
Дайындаған: Тажибаева А. О.
Тексерген: Джапаров О. Е.
Астана
2006 жыл
ЖОСПАР
КІРІСПЕ3
І. ТАУАРЛЫ - МАТЕРИАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 5
1. 1 Кәсіпорындағы тауарлы - материалдық құндылықтардың ұйымдастырылуы5
ІІ. ТАУАРЛЫ - МАТЕИРАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЕСЕБІ10
2. 1 Тауарлы-материалдық қорды босатқанда рәсімделетін құжаттар10
2. 2 Материалдық запастардың бухгалтериадағы есебі18
2. 3 Материалдардың өндірістегі жұмсалуына бақылау жасау әдістері22
2. 4 Тауарлы - материалдық қорларды бағалау23
ҚОРЫТЫНДЫ29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР31
Кіріспе
Кез келген кәсіпкерлік қызметінің ең маңызды мақсаты - табыс болып табылады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептің ең басты мақсаты - осы мақсаттарға жету жолындағы кәсіпкерлік қызметтің жетістіктері мен сәтсіздіктерін анықтау және есептілікті көрсету. Пайда - шаруашылық қызметі жүргізу нәтижесіндегі капитал өсімі; бұл толық табыстан толық шығыстарды шегергенге тең. Бірақ бұл анықтамалар әр түрлі қабылдануы мүмкін. Бухгалтерлер «бөлінбеген пайда немесе таза табыс» терминдерін қолданғанды жөн көреді.
Таза табыс = табыс - шығыс.
Егер шығыс табыстан асып кетсе, онда жабылмаған шығын жайлы сөз қозғалады.
Шығыс - есепті кезең аралығындағы экономикалық табыстың активтердің кері ағыны немесе пайдалануы түріндегі азаюына әкелетін қарыздардың пайда болуы, бұлар меншікті капитал үлесінің иелері арасында бөлетіндерінен ерекше болады.
Бухгалтерлік есептің жалпы қағидалары тануды субъектінің қаржылық есебіне бап енгізу үрдісі ретінде анықтайды. Тану іске қосылған соманың есептің қорытынды көрсеткіштерінде көрініс табуынан тұрады.
Шығыс баптарын қанағаттандыру өлшемдері мынандай:
- бап өлшеу үшін сәйкес негізге және іске қосылған сомаға саналы бағалау жүргізу мүмкіндігіне ие;
- болашақта экономикалық пайда алуға немесе жоғалтуға негізделген баптар үшін осындай пайдалар алынуы немесе алынбай қалуы мүмкін ықтималдық кездеседі.
Шығыс немесе шығындар шығыс немесе алдында мойындалған актив болашақтағы экономикалық пайданы ұстай алмаған жағдайда мойындалады.
Шығыстардың әрбір түрі кәсіпорынның ( шаруашылықтың ) қызмет етуінің тиімділік деңгейін бағалау үшін жеке ашылады. Кәсіпорынның (шаруашылықтың) қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп құру үшін шығыстар маңызына қарай сәйкестілік қағидаларына сай топталады.
Шығыстар баптарын бөлек ашып қарастыруға алып келген жағдайлар мыналарды қамтиды:
- тауарлы - материалдық қорлар құнының өткізудің таза құнына дейін, ғимараттар мен құрал - жабдықтар құнының - қалпына келтіру құнына дейін төмендеуі, сонымен қатар осындай төмендеуді қайта реверсиялау;
- кәсіпорын немесе шаруашылық қызметі құрылымының өзгеруі бойынша шығындарға арналған кез келген резервтерді жою.
- Жылжымайтын мүлік және құрал - жабдық баптарының істен шығуы;
- Ұзақ мерзімді инвестициялардың істен шығуы;
- Үзілген операциялар;
- Сот үрдістерін реттеу;
- Резервтердің күшін жоюдың басқа да жағдайлары.
Әрбір үзілген операция үшін келесідей ашулар жүргізіледі:
- Үзілген операция сипаттамасы;
- Есепке алу мақсатында операциялардың нақты үзілу күні;
- Үзу әдісі ( сату немесе бас тарту ) ;
- Операцияны үзуден түскен шығындар және оларды өлшеу үшін қолданылатын есептілік саясаты;
- әр есепті кезеңде күнделікті қызметтен сәйкес сомалармен түсетін шығын.
Жалпы көлемде елеусіз үлеске және бір реттік сипатқа ие шығыстардың жеке түрлері жеке аналитикалық жайғасымға бөлінбей, кәсіпорынның (шаруашылықтың ) басқа да шығыстары құрамында есептеледі.
Осылардың әрбір түрі клиенттерге ұлттық және шетел валютасында қызмет көрсетуге пайдаланыла алады.
Шығыстар тек кәсіпорын немесе шаруашылық өнімдері немесе қызметтері табысты қалыптастыру үрдісінде қолданылған кезде пайда болады. Шығыстардың бухгалтерлік есепшоттарында және қаржылық есептілікте көрініс табуы есептілік кезеңде не кешігіп, не мерзімінен бұрын орындалады. Есепті кезең қабылданған табыс тұжырымдамасымен анықталады. Шығыстар өнімдердің немесе қызметтердің құны төмендеуі орын алғанда немесе болашақта бұларды пайдалану есебінен құн өсімі ұсынылмаған жағдайда көрініс табады. Ақша қаражаттарының келіп түсуіне негізделген табыс тұжырымдамасы шығын шегу кезеңіне уақыты бойынша шекті жақындатылып көрсетілуі қажет.
Шығыстар есепте сәйкестілік қағидасы бойынша себеп - салдарлық байланыс негізінде көрсетілген табыспен мойындалады. Сәйкестілік тек табыстар мен шығыстар арасында негізделген байланыс бекітілген жағдайда орын алады.
№2 нысаны кірістер мен шығыстар жөніндегі есеп беру қорытынды айналымдарды және қаржылық есеп кестесін ескере отырып жасалған баланстың негізінде құрастырылады.
Кәсіпорынның немесе шаруашылықтың шығыстары жөніндегі есепті ашып көрсету немесе оның қаржылық есептілігіне ескертулер бухгалтерлік есептің басқа да стандарттардың талабына сәйкес ұсынылатын ақпаратқа қосымша оны келесідей шығыс бабтарын өздеріне қосуы тиіс, бірақ мұнымен шектелмеуі керек:
- сыйақы түріндегі шығыс және ұқсас ( аналогты ) шығыс;
- комиссиондық және алым сомасын төлеу шығындары;
- қарыз алумен байланысты шығындар;
- жалпы әкімшілік шығындар;
- басқа да операциялық шығындар.
1. Таурлы - материалдық құндылықтар туралы жалпы түсінік
1. 1 Кәсіпорындағы тауарлы - материалдық құндылықтардың ұйымдастырылуы
Шаруашылық процестін айналымдағы қатысушылар:
Айналым операциясына қатысушылар:
- жабдықтаушылардан материалдар түсті;
- материалдар өндіріске берілді;
- еңбек ақы есептелді;
- дайын өнім қоймаға апарылды;
- дайын өнім сатып алушыларға тиелді;
- сатылған өнімнің табысы есептелді;
- сатып алушылардан есеп айырысу шотына ақша қаражаты түсті;
- жабдықтаушылардың шоты төленді;
- есеп айырысу шотынан кассаға ақша қаражаты түсті;
- еңбек ақы төленді.
Әрбір шот белгілі бір адамға тігіледі: 201-206, 208 - қоймашы ( матеиралдар қоймасы) ; 681 - жұмыскерлер; 900 - өндіріс басшысы; 221 - қоймашы ( дайын өнім қоймасы ) ; 301 - сатып алушы; 441 - банк; 451 - кассир. Әрине бұл адамдар бір - біріне құндылықтарды беріп отырады, 18 ғасырдағы француз бухгалтері Дегранттың классикалық ережесі бойынша, мұнда, алушы - дебеттеледі де, ал беруші - кредиттеледі. Сонымен қатар әрбір операцияға сәкес құжаттар толтырылады: шот - фактура, лимиттік - заборлық карта, чек, кассалық ордер және тағыда басқа операцияның орындалғаның дәлелдейтін құжаттар.
Міне осы айналым операциясна қатысушылардың бірі тауарлы материалдық құндылықтар есебін қарастырамыз. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары ( жолодағы тауарлар ), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметттерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық - материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.
Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық үдерісіне ( процесіне ) ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құның түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құның көп бөлігі еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.
Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
- дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
- материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.
- материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.
- материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
- материалдардың өндірісте ұтымды пайдалануын бақылау.
- дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құның әр бір объектінің шығынына қосу.
Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуын, үнемді пайдалануына көмегін тигізеді. Материалдың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдалануы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:
- тиісті түрде жабдықталған материалдық - қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;
- материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлеріне, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға босатқанннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді таразымен, өлшеу аспаптарымен әне ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыру керек. Ұйымның басшысы материалдарды қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасайды. Сондай-ақ кәсіпорын басшысы материалдарға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жұмыстан босату барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын ала келісіп отыруы қажет. Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының немесе ол сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады.
Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:
- материалдардың бірыңғай наменклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;
- құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операцияларының тәртібін сақтау;
- бірыңғайланған алғашқа есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар материалдарды алдағы уақыттарда пайдалану үшін өндіріске босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет.
Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір - бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:
- шикізат;
- негізгі материал;
- көмекші материал;
- жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді.
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп бұрын азды көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірілген өнімдері - мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш, және тағы да басқа материалдар жатады.
Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өндеуші өнеркәсіп өнімдері - ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалар жатады.
Өндірістік үдерістің бір сатысында толық өтіп әрі қарай өндеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өндеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өндеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында - бетон және ағаш бұйымдарын, металургияда - шойын мен болатты жатқызуға болады.
Көмекші материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майлайтын сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық ( заттық ) негізін құрамайды. Олар өндіріс үдерісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандайда бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін тағы да басқа жақтарын өзгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді ( известь ) жатқызуға болады.
Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдар , тағы да басқалар есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, ұй - жайларды жылытуға пайдаланылатын материалдардың барлық түрлері жатады.
Сонымен қатар материалдар синтетикалық шоттар бойынша (шоттардың Бас жоспарын қолдану нұсқаулығына сәйкес ) мынандай топтарға жіктеледі:
- 201 « Шикізаттар мен материалдар » шотында - субъектіге тиісті, өндірілетін өнімнің негізін құрайтын немесе оны өндіруге қажетті негізгі компонент болып табылатын негізгі материалдар ( бұған құрылыс материалдары да кіреді ) мен шикізатардың, өнім өндірісіне қатысатын немесе шаруашылық қажеттіліктеріне, техникалық мақсаттарға, өндірістік процестерге жәрде мдесу үшін тұтынылатын қосалқы материалдардың, қайта өңдеуге арналған ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты бары мен қозғалысы есептеледі.
- 202 « Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен іріктеп жинақталатын бұйымдар, тетіктер мен конструкциялары шотында - сатып алынған жартылай фабрикаттардың, шығарылатын өнімді ( құрылысты ) іріктеп жинақтау үшін өндірістік кооперация тәртібімен алынатын дайын іріктеп жинақталатын бұйымдар ( оның ішінде құрылыс құрылғылары (конструкциясы) мен детальдары да бар ) нақты бары мен қозғалысы ескеріледі, олар өңдеу немесе жинау бойынша шығын шығаруды талап етеді және дайындалатын материалдық негізін құрайды.
- 203 « Отын » шоты - көлік құралдарын пайдалануға, өндірістік техналогиялық қажеттіліктеріне арналған мұнай өнімдерінің ( мұнай, дизельдік отын, керосин, бензин және басқалар ), электр қуатын өндіру және ғимаратты жылытуға қажетті, қатты ( көмір, торф, отын және басқалар ) және газ тәрізді отын, өндіріс қалдықтары мен қатты отын ретінде ( үгінді, жоңқа ) екінші рет пайдаланылатын қайталама матералдардың нақты бары сонымен бірге қозғалысын есепке алуға арналған.
- 204 « Ыдыс және ыдыстық материалдар » шотында - ыдыстардың барлық түрінің ( ыдыс, қап, күбі, бөшке, қөрап, жәшік және т. б. ) ( шаруашылық мүлкі ретінде пайдаланылатындардан басқасы ), сондай - ақ ыдысты дайындау мен оны жөндеуге ( жәшіктерді жинауға қажетті тетіктер, бөшкені жөндеу, қалақ, бөлшектер, темір құрсаулар және т. б. ) арналған материалдар мен тетіктер есептеледі. Вагондарды, биржаларды, кемелерді тиелген өнімді сақтауды қамтамасыз ету мақсатымен қосымша жабдықтауға арналған керек - жарақтар.
- 205 « Қосалқы бөлшектер » шоты - жөндеу жұмыстарын жүргізуге, машиналар мен құрал - жабдықтардың қөлік құралдарының бөлшектерін ауыстыруға арналған, негізгі іс - әрекетке қажеттіліктеріне алынған немес дайындалған бөлшектердің, сондай - ақ запастағы және айналымдағы атомобиль шиналарының нақты бары мен қозғалысын есептеуге арналған. Мұнда толық жинақты машиналардың, жабдықтардың, қозғалтқыштардың ( двигательдердің ), түйіндердің, агрегаттардің субъектінің жөндеу шеберханаларында, техникалық айырбас пунктері мен жөндеу зауыттарындағы айырбас қорларының қозғалысы назарға алынады.
- 206 « Басқа да материалдар » шотында өндіріс қалдықтары ( ағаш кесінділері, қиындылар, жаңқа және т. б. ) түзетілмейтін ақау, негізгі құралдарды есеппен шығарғанда қалған бөлшектер есепке алынады.
- 207 « Басқа жаққа өңделуге берілген материалдар » шоты басқа жаққа өңдеуге берілген және олардан алынған бұйымның өзіндік құнына кіретін материалдардың қозғалысы ескеріледі. Басқа жақтағы субъектіге төленген материалдарды өндеу бойынша шығындар өңдеуден алынған бұйымдар есептелетін шоттардың дебетіне тікелей жатқызылады.
- 208 «Құрылыс материалдары» шотын субъект салушылар қолданады. Мұнда тікелей құрылыс, монтаж жұмыстарында қолданылатын материалдардың құрылыс детальдарын жасау үшін, үйлер мен ғимараттардың конструкциялары мен бөліктерін салу, тұрғызу, өңдеу үшін, құрылыс конструкциясы мен детальдары, сондай-ақ құрылыс тіліктері үшін (жарылғыш заттар және т. б. ) қажетті тауарлы - материалдық қорлардың бар-жоғы мен қозғалысы ескеріледі.
2. Тауарлы - материалдық құндылықтар есебі
2. 1 Тауарлы-материалдық қорды босатқанда рәсімделетін құжаттар.
Кәсіпорынның қоймасынан материалдық құндылықтар өнім әзізлеу үшін, әртүрлі шаруашылық мұхтаждықтарына, өндеу немесес сату үшін сыртқа босатылады. Өндірістегі босату дегеніміз өнім әзірлеу, жұмысты орындау немесе қызмет көрсету үшін матеиралды босату. Материалды цехтың сақтау орындарына босату материалдардың ішкі қозғалысы ретінде қарастырылады. Цехтың сақтау орындары жоқ болса материалдық құндылықтарды орталық қоймалардан босату өндіріс шығыны болып саналады. Матеиарлды өндіріске босатқан кезде белгілі бір талаптар сақталуы тиіс:
- Өндірістің қажетті көлеміне белгіліенген шығыс нормативтеріне сәйкес олар салмағы, көлемі, массасы бойынша жүргізіледі.
- Босату, әдетте, алдын ала белгіленген лимиттер шегінде жүзеге асырылады. Лимиттеу ай басындағы және соныңдағы пайдаланылмаған цех қорларының өтімділігін ескеріп, цехтардың өндірістік бағдарламасының көлеміне жұмсалатын материал шығыстарының прогрессивтік нормаларына негізделу ерек. Лимиттеуді жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау ( өндірістік ) бөлімі жүзеге асырады.
- Қоймадан материалдарды талап ету құқы берілетін адамдардың тізімі бас бухгалтермен келіседі, сондай-ақ олардың қоятын қолдарының үлгілері алынады.
Шығыстардың материалдық түрде былайша рәсімделеді:
А) М8 нысанындағы лимиттік - шектеу картасы ( қосымша № 1) өнімді әзірлеу кезінде жүйелі түрде тұтынылатын қорларды босатуды рәсімдеу үшін қолданылады. Лимиттік - шектеу картасын жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау ( өндірістік ) бөлімі материалдардың бір атауына ( номенклатуралық нөмір ) екі дана етіп жасайды. Оның біреуі - ай басталғанға дейін қорды тұтынатын бөлімге, екіншісі - қоймаға немесе цехтың ( учаскенің ) сақтау орнына беріледі. М8 нысаны материалдық құндылықтарды есептен шығаруға арналған растаушы құжат болып табылады. Осы крта бойынша өндірісте пайдаланылмаған қорлардың ( қайтарылуы ) есебі жүргізіледі. Бұл орайда ешқандай қосымша құжаттар жасалмайды.
Қорларды шектен тыс босатуға және басқасына алмастыруға тек субъект басшысының өкімі бойынша рұқсат етіледі.
Лимит пайдаланылып болмағаннан кейін лимиттік - шектеу карталары бухгалтерияға өткізіледі:
Б) материалды алмастыруға ( қосымша босатуға ) арналған М10 нысанындағы акт - талап қорлардың белгілінген шектен тыс мөлшерде босатылуына есепке алуға арналған. Олар алмастырылған кезде қорларды қоймадан есептен шығаруға негіз болып табылады. Екі данада жасалып, біреуі - алушыға ( цехқа, учаскеге ), екіншісі - қоймаға беріледі.
В) материалдардың ( тауарлардың ) бүлінуі, сынуы, сынығы туралы М7В нысанындағы акт кәсіпорындағы бөлінудің, сынудың нәтижесінде бағасы кемуге немесе есептен шығаруға тиісті қорларды есепке алу үшін пайдаланылады. Бүлінуі туралы актіге комиссия қол қояды. Бір данасы бухгалтерияға жіберіледі, өйткені қорлар ысырабын материалды - жауапты тұлғалардан есептен шығаруға негіздеме болып табылады, екінші данасы - бөлімшеге жіберіледі.
Д) машина құрылысы кәсіпорындарының әзірлеу цехтарында, тоқыма, аяқ киім және өнеркәсіптің басқа салаларында пайдаланылатын қаптама карталары.
Қаптама карталарында көрсетілетіндер:
- қойманың нөмірі;
- атауы;
- номенклатуралық нөмірі;
- саны;
- құны;
- бағасы;
- шығындар коды.
Қаптау аяқталғаннан кейін картада нақты алынған бұйымдардың саны ( жарамдысы және ақаулысы ), оларға норма бойынша және нақты жұмсалған материал шығындары белгіленеді және қаптау нәтижесі шығарылады ( үнемділік немесе артық шығындылық ) .
Е) жиынтық ведомостер. Матеиралдардың босатылуын тікелей қойма есебінің карточкаларында рәсімдеуге болады. Мұндай жағдайда материалдарды босатуға шығыс құжаттары рәсімделмейді.
Кәсіпорынның қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай-ақ сыртқа өндеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдаланылады.
ТМҚ цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды, ал егер де орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны ретінде танылады.
Материалдардың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсімделеді:
Лимиттік - жинақтама картасы; материалдарды айырбастауға ( қосымша босатуға ) арналған талап - актісі; материалдарды босатуға ( ішкі орын ауыстыруға ) арналған талап наклоднойы.
Лимиттік-жинақтама картасы - өнімді дайындауда үздіксіз пайдаланылатын құндылықтарды босату, сондай-ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін ( шектерін ) сақтауға, ағымдағы және қоймадағы материалдық қорларды бақылауға және оларды есептен шығаруға негіз бола алатын құжат. Лимиттік-жинақтама карталары жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың ( номенклатуралық нөмірлердің ) бір түріне ( атауына ) 2 дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа ( учаскеге ) - қорды пайдаланушыға, 2-шісі - қоймаға немесе цехтың (учаскенің) қоймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех өкілдерінің лимиттік-жинақтама картасы ұсынған кезде ғана босатылады. Қоймашы екі данаға да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін жазған соң, лимитте қалған қалдығы шығарылады. ЛЖК-сы келтірілді қосымша № 1.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz