АҚШ мемлекетінің ақша жүйесінің ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
3

1 Ақша жүйесінің түсінігі және мәні
5
1.1 Ақша жүйесінің сипаттамасы және типтері
5
1.2 Ақша жүйесінің негізгі элементтері
9
1.3 ҚР-ның 1993 жылғы ақша реформа
12

2 Дамыған елдердің ақша жүйесі
20
2.1 Германия мемлекетінің ақша жүйесі
20
2.2 Жапония мемлекетінің ақша жүйесі
24
2.3 Ұлыбритания елінің ақша жүйесі
28
2.4 АҚШ мемлекетінің ақша жүйесінің ерекшеліктері
30

Қорытынды
31

Қолданылған әдебиеттер тізімі
33

Кіріспе

Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын
ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әр мемлекеттің өзінің ұлттық ақша
жүйесі бар. Мысалға Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 ж. 30
наурыздағы Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы Қазақстан
республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған.
Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда
ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды
жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.
Ақша жүйесі – ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық
заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі көпшілік
елдерде ХVI – XVII ғғ. капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда
пайда болды, ал қайсыбір елдерде, ақша жүйесінің кейбір элементтері
бұрынырақ кездескен, яғни оның кейбір жекелеген элементтері одан да бұрын
айналымда жүре бастаған. Металл ақша айналатын тұста, ақша металын, оның
бірлігін анықтау, монета соғу және эмиссия тәртіптері ақша жүйесінің
элементтері болып табылған. Осы кезеңде әр елде, жалпыға бірдей балама
ретінде және ақша айналымының базасы болып, қандай метал қолданылғанына
байланысты, ақша жүйесінің типі қалыптасты. Ақша жүйесінің типі: ақша –
ерекше тауар ретінде жүруіне, яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе
ақша – құн өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады.
Қазіргі жағдайда бұрын қалыптасқан ақша жүйесінің мазмұны біраз
өзгерді. Себебі металл ақша жүйесінде қолма-қол ақшасыз айналым ақша
айналысының аз ғана бөлігін құраған. Қазіргі қағаз-несие ақша жүйесіне тән
өзгерістер мыналар:
- алтынның мемлекеттің ішкі және сыртқы ақша айналымынан шығып, оның
қазына қорына құйылуы (ол қор, негізінен, банктерде сақталады);
- банктердің несиелік операцияларының негізінде қолма-қол ақша және
қолма-қол емес ақша белгілерінің шығаруы;
- қолма-қол ақшасыз айналымның дамуының нәтижесінде қолма-қол ақша
айналысының қықаруы (әлемдік экономикада бұл екі айналымның орташа
арақатынасы 1:3 қатынасына тең);
- мемлекет тарапынан ақша-несиелік реттеу механизмін құру және дамыту.
Курстық жұмысқа осы тақырыпты таңдаған себебім, ақша жүйесінің мәнін
түсіну, дамыған елдердің ақша жүйесімен танысып, талдап, тарихына үніліп
бірқатар ерекшелігін анықтау.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты:
- Ақша жүйесінің мәнін ашу;
- Ақша жүйесіне сипаттама беру;
- Ақша жүйесінің басты тпитерін анықтау;
- Ақша жүйесінің негізгі элементтерін атап көрсету;
- Дамыған елдердің, оның ішінде Германия, Жапония, Ұлыбритания, АҚШ
елдерінің ақша жүйесіне тоқталу.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылағн
әдебиеттер тізмінен тұрады.
Бірінші бөлімде ақша жүйесінің жалпы түсінігі және оның титері мен
элементтері талқыланады.
Екінші бөлімде дамыған елдердің, оның ішінде Германияның Жапонияның,
Ұлыбританияның ақша жүйесіне тоқталдым.
Үшінші бөлімде АҚШ мемлекетінің ақша жүйесінің ерекшеліктерін
қарастырдым.

1 Ақша жүйесінің түсінігі және мәні

1. Ақша жүйесінің сипаттамасы және типтері

Қазіргі жағдайда бұрын қалыптасқан ақша жүйесінің мазмұны біраз
өзгерді. Себебі металл ақша жүйесінде қолма-қол ақшасыз айналым ақша
айналысының аз ғана бөлігін құраған. Ал 30-жылдарда әлемде алтынға
айырбасталмайтын несие ақша жүйесі орнықты. Бұл кезде банкнотаны алтынға
айырбастау және оны алтынмен қамтамасыз ету барлық капиталистік
мемлекеттерде жойылды. Ақша эмиссиясы негізінен мемлекеттік бағалы
қағаздармен қамтамасыз етілді. Ол ең алдымен қоғамдық еңбекті үнемдеу-жалпы
экономикалық заңның әсеріне байланысты еді. Ақша жүйесінің дамуы ақша
айналымының шығындарын үнемі қысқартатын, сөйтіп қоғамдық еңбектің де
шығындарын азайтатын, еңбір үнемді ақша жүйесінің пайда болуына жеткізеді.
Жалпы әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады. Ақша
жүйесі – ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдарымен
бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі көпшілік елдерде ХVI
– XVII ғғ. капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды, ал
қайсыбір елдерде, ақша жүйесінің кейбір элементтері бұрынырақ кездескен,
яғни оның кейбір жекелеген элементтері одан да бұрын айналымда жүре
бастаған. Металл ақша айналатын тұста, ақша металын, оның бірлігін анықтау,
монета соғу және эмиссия тәртіптері ақша жүйесінің элементтері болып
табылған. Осы кезеңде әр елде, жалпыға бірдей балама ретінде және ақша
айналымының базасы болып, қандай метал қолданылғанына байланысты, ақша
жүйесінің типі қалыптасты. Ақша жүйесінің типі: ақша – ерекше тауар ретінде
жүруіне, яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша – құн өлшемі
қызметін атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша
жүйесінің төмендегідей типтері кездеседі:
Металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша
айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие
ақшалары металға айырбасталады;
Несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай,
айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып, айналыста
тек ақша белгілері жүреді.
Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті ретінде қабылданған
металға байланысты металл ақша жүйесі: биметаллизм және монометаллизм болып
бөлінеді.
Алғашқы капитал жинау кезінде (XVI – XVII ғғ.) биметаллизм ақша
жүйесі пайда болып, одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын толық құнды
ақшалар қамтамасыз етті. Биметаллизм – ол мемлекет заңды түрде жалпыға
ортақ эквивалент ролін алтын мен күміске бекіткен ақша жүйесі. Бұл жүйеде
алтын мен күміс тең құқықты ақша – қос металды валюта, онда екі металдан да
кең көлемде монеталар соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген. Бірақ,
неғұрлым жоғары құндылығының салдарынан, және тасымалдауға қолайлығына
байланысты алтын, ақша атқарымдарын орындауға көбірек бейімделген
болғандықтан ол бара-бара күміс монеталарды ығыстырып, ІХ-ғасырдың аяғына
қарай ең басым валюталық метал болып қалды.
Биметаллизмнің үш түрі болған:
1. Қатар жүретін валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монеталардың
арақатынасы стихиялы түрде металдың нарықтық бағасына байланысты
бекітілген.
2. Қос валюталы жүйе – онда металдардың сандық арақатынасын мемлекет
бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.
3. Қосалқы валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монеталар заңды төлем
құралы деп саналғанмен іс-жүзінде күміс монета алтынның белгісі
ретінде жүрді.
Биметаллизм жүйесі Батыс Еуропа мемлекеттерінде XVI – XVII ғғ. пайда
болып, тіпті ХІХ ғ. аяғына дейін кен қолданылды. Ақша ретінде екі металды
қолдану ақшаның жалпыға ортақ эквивалент қасиетіне қайшы келді. Алтын мен
күмістің арақатынасын айқындағанда да қиындықтар кездесті. Дегенмен 1865
жылы Франция, Бельгия, Швейцария және Италия биметализмді сақтап қалу
мақсатында өзара келісім жүргізе бастады. Нәтижесінде (1865-1878 жж.) Латын
монеталық одағы конвенциясы бекітіліп, ол бойынша екі металдан да құны 5
франк және одан да жоғары болатын монеталар соғылып, күміс пен алтынның
арақатынасы 1:15,5 тең болды. Бірақ екі валютаның арақатынасы алтын мен
күмістің нарықтық құнына сәйкес келмеді.
Биметаллизм жүйесі өскелең капиталистік шаруашылықтың талабын
қанағаттандыра алмады, себебі құн өлшемі ретінде екі металды қатар қолдану
ақшаның бұл қызметіне қайшы келді. Жалпыға бірдей құн өлшемі ретінде тек
бір ғана тауар жүреді. Ондай тауар не алтын, не күміс. Оған қоса ЧШЧ ғ. аяқ
шенінде күміс шығарудың арзандауына байланысты күмістің құны кеми бастады.
Бұл кезде алтын мен күмістің нарықтық арақатынасы 1:20, 1:22 тең болды. Ал
заң жүзінде алтын мен күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда төмен
болғандықтан алтын монеталар айналыстан шығып, қазына қорына айналды. Алтын
ақшаның айналыстан шығуы Коперник-Грешем заңында айтылған жаман ақша жақсы
ақшаны айналыстан ығыстырады деген қағиданың өмірдегі көрінісі.
Капиталистік тауарлы өндірістің қарқынды дамуы тұрақты ақшаны, яғни
жалпыға бірдей бір эквивалентті қажет етті. Сондықтан биметализмнің орнына
монометаллизм ақша жүйесі өмірге келді.
Монометаллизм – ол жалпы эквивалент ретінде тек бір ғана металл (не
алтын, не күміс) қолданылатын ақша жүйесі. Айналыстағы құн белгілері мен
монеталар алтынға немесе күміске айырбасталады. Алтын монометаллизмі алғаш
рет Ұлыбританияда 1816 ж., Германияда 1871-1873 жж., Францияда 1876-1878
жж., Ресей мен Жапонияда 1897 ж., АҚШ-та 1900 ж. белгіленді. Күміс
монометаллизм Үндістанда 1852-1893 жж., Голландияда 1847-1875 жж., Ресейде
1834-1852 жж., Нидерландыда 1847-1875 жж. қолданылды.
Патшалық Ресейде күміс монометаллизм 1839-1843 жж. Жүргізілген ақша
реформасының нәтижесінде енгізіліп, ақша өлшемі болып құрамында таза
күмістің 4 мысқалы (золотник=4,25 гр) 21 бөлігі бар күміс рубль есептелді.
Сонымен қатар айналысқа күміске еркін айырбасталатын несие ақшалары да
шығарылды. Дегенмен күміс ақша елдің күйзеліске ұшыраған ақша айналысын
түбегейлі ретке келтіре алмады. Себебі бұл кезде басыбайлы шаруашылық
ыдырап, мемлекет бюджеті мен сыртқы сауда балансының тапшылығы елде
жүргізілген ақша реформасын нәтижелі ете алмады. Оған қоса, 1853-1856 жж.
болған Қырым соғысының шығындарын өтеу мақсатында айналысқа қосымша несие
ақшалары шығарылды, іс-жүзінде олар қағаз ақшаға айналды. Сөйтіп Ресейде
күміс монометаллизмнің орнына алтын монометаллизмі келді.
Алғашқыда алтын монометаллизм ақша жүйесі ретінде XVIII ғ. аяғында
Ұлыбританияда қалыптасып, ол 1816 ж. заң жүзінде бекітілді. Ал басқа
мемлекеттердің көпшілігінде ХІХ ғ. соңғы үштігінде: яғни Германияда – 1871-
1873 жж., Скандинавия мемлекеттерінде (Швеция, Норвегия, Дания) – 1873 ж.,
Францияда – 1876-1878 жж., Австрияда – 1892 ж., Ресей және Жапонияда – 1897
ж., АҚШ-та – 1900 ж. енгізілді.
Құн белгілерінің алтынға айырбасталу ерекшеліктеріне байланысты алтын
монометаллизмнің үш түрі болады.
Алтын монеталы стандарт – бұл стандартта алтын, ақшаның барлық
атқарымдарын орындайды. Алтын монеталармен қатар айналымда көрсетулі
құнымен алтынға айырбастала алатын алтынның белгілері жүретін болды. Оған
негізгі төмендегі белгілер тән:
- Елдің ішкі айналымында алтын монеталар жүреді және ол ақшаның барлық
қызметтерін атқарады;
- Алтын монеталарды еркін соғу рұқсат етілген;
- Айналымдағы несие ақшалары (банкнота, майда металл монеталар)
көрсетілген құнымен еркін және шектеусіз алтын монеталарға
айырбасталады;
- Алтынды, шетел валютасын елден еркін алып шығуға және елге әкелуге,
сондай-ақ алтын нарығының еркін жұмыс істеуіне рұқсат берілген.
Алтын монеталы стандарт капитализмнің алғашқы сатысы – еркін бәсеке
кезінде пайда болып, өндірістің, несие жүйесінің, әлемдік сауданың
өркендеуіне және капиталды шетелге шығаруға жол ашты. Алтын елдің ішінде
де, сыртқы сауда да еркін жүруі үшін мемлекеттің эмиссиялық банкінде
алтынның сақтаудағы (резерв) қоры болуы шарт.
Бірінші дүниежүзілік соғыс бюджеттің тапшылығын арттырды. Оны жабу
мақсатында айналысқа шығарған ақша массасы эмиссиялық банктің сақтаудағы
қорынан әлде қайда асып кетті. Сондықтан кембағалы ақшаларды (несие
ақшаларын) алтын монетаға еркін айырбастау мүмкіндігі жойылды. Осы кезде
алтын монеталы ақша стандарты соғысқа қатынасқан елдердің барлығында және
басқа да көптеген мемлекеттерде (АҚШ-та 1933 ж.) жойылды. Банкнотаны
алтынға айырбастау тоқталып, алтынды шетелге шығаруға тыйым салынды. Алтын
монета айналыстан шығып, қор жинау және байлық құру құралына айналды. Алтын
монеталы стандарттың орнына алтын құймалы стандарт айналымға түсті.
Алтын құймалы стандарт – оның алтын монеталы стандарттан айырмашылығы
бұнда алтын монета айналыста болмайды және оны еркін соғу жойылды. Ол
Ұлыбритания мен Францияда енгізілді. Алтын құймалы стандартта банкнотаның
белгілі бір сомасы алтын құймасының белгілі бір салмағына айырбасталды.
Мысалы, Ұлыбританияда салмағы 12,4 кг стандартты құйма 1700 ф.ст.,
Францияда 12,7 кг – 21,5 мың франкке теңгерілді.
Алтын девизді стандарт – ол банкнотаның девиздерге айырбасталатын
ақша жүйесі. Бұл жүй австрияда, Германияда, Данияда, Норвегияда және басқа
да елдерде жүрді. Бұл кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол
айналыстан да алынып тасталды. Міне тек осындай қосалқы жолмен ғана алтын
девизді ақша жүретін елдердің алтынмен байланысы сақталды. Ұлттық валютаның
тұрақтылығын бірқалыпта сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта
ұлттық валютаның курсының төмендеуіне немесе жоғарлауына байланысты оған
шетел валютасын сатып алу немесе сату арқылы жүзеге асырылды. Сөйтіп, алтын
девизді стандарт кезінде бір елдің валютасы басқа елдердің валютасына
тәуелді болды.
1929-1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс нәтижесінде барлық
мемлекеттерде әр кездері алтын монометаллизмнің барлық формасы жойылды.
(Мысалы, Ұлыбританияда – 1931 ж., АҚШ-та 1933, Францияда 1936 ж. және с.с.)
1944 ж. Бреттон-Вудсте құрылған Халықаралық валюта жүйесі еркін
айырбасталатын валютасы бар мемлекеттердің қолдануы үшін мемлекетаралық
алтын девизді стандартты, шын мәнінді алтын доларлы стандартты бекітті.
Оның ерекшелігі, яғни алтын доларлы стандарт – тек АҚШ доллары алтынмен
байланысын үзген жоқ, себебі бұл стандарт тек орталық банктер мен үкімет
мекемелері үшін ғана бекітілді. АҚШ үкіметі өзінің алтын қорының азаюына
байланысты 1971 ж. бастап алтын құймаларын долларға сатуды тоқтатты,
сондықтан алтын долларлы стандарт та айналыстан шықты.
1976-1978 жж. Ямайка Халықаралық валюта жүйесі алтынның айналыстан
шығуын заң жүзінде бекітті. Ақша өлшемдерінің алтын құрамы және алтынның
ресми бағасы жойылды. Халықаралық валюта қорымен оның мүшелері арасындағы
есеп айырысудан да алтын алынып тасталынды. Сөйтіп бүкіл мемлекеттерде
алтынға айырбасталмайтын несие ақшалары жүйесі орнықты.
Бұл жерде айта кететін маңызды нәрсе – алтын монометалдық ақша
жүйесінің алтын-девиздік стандарт түрі кейін, 1922 ж. құрылған халықаралық
валюталық жүйесінің негізі болды. Бұл жүйе 1976 жылға дейін, СДР мен
ауыстырылғанға дейін жұмыс істеді. Оның үстіне алтын-девиздік стандарт
экономика жағынан әлсіз елдердің, неғұрлым экономикасы күшті елдерден
тәуелділігін баянды етті.
1.2 Ақша жүйесінің негізгі элементтері

Қазіргі жағдайда ақша жүйесі бірнеше элементтерден құралады. Оның
ішінде:
- Ақша бірлігі. Ол барлық тауарлардың бағасын көрсету үшін
қолданылатын заңмен бекітілген ақша белгісі. Бұл элемент, әр елдің өмір
сүре бастаған кезінде пайда болатын мемлекеттік атрибут, және оның сыртқы
түрі, не ішкі мазмұны өзгерсе де аты өзгермейді. Мысалы, кезінде күміс те,
алтын да доллар болды. Енді қағаз доллар да бар. Бірақ, ол, американың
америка болғанынан бері, ұлттық ақша бірлігі болып келеді.
Ресейде XVIII-ғасырда, кейбір князьдықтарды қолданылған күмісқұймалар
рубль деп атаған. Кейінірек, Петр І-дің тұсында, ол Ресей мемлекетінің
Ұлттық ақша бірлігі болып жарияланған. Содан бері талай ақша реформалары
болып жатса да, оның сыртқы түрі де, ішкі мазмұны да өзгергенмен аты
өзгерегн жоқ.
Қазақстанда, егемендік алғаннан кейін, 1993 жылдың 15-қарашасында
шығарылған ақша теңге ұлттық ақша бірлігі болып, сол жылдың 13-
желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының ақша жүйесі деген
заңмен бекітілді. Енді ол, еліміздегі жалғыз ғана төлем құралы.
Ақша өлшемі, міндетті түрде, еселі ұсақ бөліктерге бөлінеді. Көптеген
мемлекеттерде бөлудің ондық жүйесі бекітілген: 1:10:100 (мысалы,
Қазақстанның 1 теңгесі 100 тиынға тең, АҚШ-тың 1 доллары 100 центке, 1ф.ст.
100 пенске, 1 индонезиялық рупия 100 сенге және т.б.).
- Баға масштабы. Ол тауарлар бағасын белгілеу үшін қолданылатын заңмен
бекітілген техникалық құрал. Несие ақшалары алтынға
айырбасталмайтындықтан ресми баға масштабы өз экономикалық мәнін
жойды. Сондықтан ішкі тауар айналымында әр мемлекеттің өзінің баға
масштабы қолданылады.
- Ақша түрлері. Ол осы мемлекетте заң жүзінде қолданылатын төлем
құралдары – несие ақшасы және қағаз ақшалары, сонымен бірге ұсақ
монеталар. Мысалы, АҚШ-та айналымда: 100, 50, 20, 10, 5, 2 және 1
доллар болатын банк билеттері; 1 доллар, 50, 25, 10, 1 цент болатын
күміс-мыс және мыс-никель қоспаларынан жасалған монеталар жүреді.
Ұлыбританияда айналымды тек банкноталар: 50, 20, 10, 5, 1 ф.ст. және 1
ф.ст., 50, 10, 2 пенс, 1 және ½ пенни монеталары жүреді. Құны жаңа 10
және 5 пенске теңгерілетін ескі 2 және 1 шиллинг монеталар да жүреді.
Қазіргі кезде өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде қазыналық билеттер,
яғни мемлекеттік қағаз ақшалар шығарылмайды. Біздің елде 1991 жылдың 1
қаңтарына дейін айналыста 10 рубль және одан жоғары көрсеткіші бар
банк билеттері және 1, 3, 5 рубль қазыналық билеттер жүрсе, қазір
Қазақстан республикасының ақша белгілері болып банкнота есептеледі.
Олардың көрсетілген құны төлемдердің барлық түрін өтеуге міндетті
түрде қабылданады. Олар Ұлттық банктің сөзсіз орындалатын
міндеттемелері болып есептеледі және оның барлық активтерімен
қамтамасыз етілген;
- Эмиссия тетігі. Ақшаны айналымға шығару және оны айналымнан шығарып
алудың тәртібі эмиссия тетігі деп аталады. Қазақстанда ол тәртіп
мынандай:
а) қолма-қол емес ақшаның айналымға шығару және оны айналымнан шығарып алу,
екінші дәрежелі банктерге жүктелген. Олар несие берген кезде айналымда
қолма-қол емес ақша пайда болады да, ал несиені қайтарып алғанда ақша
айналымынан шығарылған болып есептеледі;
б) қолма-қол ақшаны айналымға шығару және оны айналымнан шығарып алу Ұлттық
банкке және оның бөлімшелеріне жүктелген (облыстық бөлімшелер мен есеп
кассалық орталықтары-РКЦ).
Экономиксы дамыған мемлекеттерде қолма-қол ақша айналысының негізін
құрайтын банктік билеттерді шығаруға орталық банктің монополды құқығы бар.
Ал қолма-қол ақшаның шамалы бөлігін (10 процентке жуығын),яғни ұсақ
купюралар мен майда монеталарды кейбір мемлекеттерде қазынашылық шығарады.
- Ақша айналымын реттейтін мемлекеттік орган. Ол орталық банк, яғни
айналыстағы ақша массасын реттейтін орталық банктің ақша-несие саясаты.
Ақша-несиелік реттеуге: реттеу тәсілдері, қандай орган мұнымен шұғылданады,
оның міндеттері, құқықтары қандай және оның алдына қандай мақсат қойылады
және объектісі кіреді. Мысалы, 70 жылдардан бастап өркендеген мемлекеттер
айналымдағы ақша массасының және несиенің өсуін реттейтін мақсатты
бағдарларды бекітуде. 1975 жылдан бастап АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі
Конгресте алдағы 12 айда айналымдағы ақша массасының өсу немесе қысқару
қарқынының жоспары туралы әлсін-әлі есеп береді. Бұл жүйе мақсатты бағдарды
және ақша қаражатының өсу қарқынының жиі-жиі ақпарат құралдарында хабарлап
тұрады.
- Ақшаның құнын белгілеу немесе баға кесу тәртібі. Бұл, осы елдің
ақшасының, басқа елдердің ақшаларымен ара қатынасын анықтау жүйесі, яғни,
ұлттық ақшаның бағамын белгілеу. Қазіргі жағдайда ұлттық валютаның бағамын
анықтайтын екі режим қолданылады: валюталық бағамды бекіту және еркін
жүзетін бағам. Валюталық бағамды бекіту режимінде ертеректе (1976 жылға
дейін), оның бағамы алтынмен салыстырғандағы құнымен тең болатын. КСРО да
бұл тәртіп соңғы жылдарға дейін сақталды. Оны тек, 1992 жылы Ресей Үкіметі
жойды. Осыдан кейінгі жылдарда, ұлттық валютаның бағамын, оның сатып алуға
жарамдылығы мен басқа елдердің валюталарына ұсыным мен сұранымға байланысты
анықталатын болды. Бір ескеретін жағдай, бұл режимде Орталық банк
басқыншылық әдістерін пайдаланып, өз валютасының бағамын қорғап отырады.
Қазақстан 1999 жылдың 5 көкегінен бастап осы режимнен бас тартып, валюта
бағамының еркін жүзу режимін енгізді. Бұл режимде валютаның бағамы ұсыным
мен сұранымға байланысты валюта нарығында анықталады.
Қазіргі кезде ешбір мемлекеттің ақша өлшемінің алтын құрамы
белгіленбегендіктен, ұлттық валютаны сатып алу мүмкіндігінің ауытқуын,
сондай-ақ валюта нарығындағы айырбасқа түсетін валюталарға сұраныс пен
ұсынысты есептейтін баға кесу әдісі қолданылады. Ең кең тараған баға кесу
әдісі валюта қоржынына негізделген, онда әрбір ұлттық валюта қоржынға
кіретін басқа ұлттық валюталардың біразымен салыстырылады.
- Касса тәртібін ретке келтіру. Кассалық операцияларды жүргізу
тәртіптерін Қазақстан Ұлттық банкісі 1992 жылдың ақпан айының 27
жұлдызындағы қаулысымен бекіткен.
Сонымен, экономикасы нарықтық типпен дамыған мемлекеттердің ақша
жүйесіне тән белгілер:
1. Ақша айналымын басқаруға әр түрлі банктердің қатынасуы.
2. Қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақша белгілерін шығарумен банк
жүйесінің әр түрлі буындарының шұғылдануы. Бұнда қолма-қол ақшаны
шығарумен мемлекеттердің орталық банкі шұғылданса, қолма-қол емес ақша
белгілерін әр түрлі меншіктегі коммерциялық банктер шығарады.
3. Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша – төлем айналымдары ұғымының
арасын заңмен жіктеудің болмауы.
4. Ақша-несиелік реттеу механизмін құру және оның дамуы.
5. Орталық банктің мемлекеттік аппараты арқылы ақша жүйесін басқаруды
орталықтандыру.
6. Ақша айналымын бағдарлы жоспарлау.
7. Қолма-қол емес және қолма-қол ақша айналымдарының тығыз байланысы,
оның ішінде қолма-қол емес айналым үлесінің көп болуы.
8. Салық органдарының ақша қаражатын қырағы бақылауы.
9. Мемлекеттің орталық банкіне салыстырмалы дербестік беру.
10. Ақша белгілерін банк жүйесініңғ активтерімен қамтамасыз ету.
11. Шаруашылық айналымына ақша белгілерін мемлекеттің ақша-несие саясатына
сай шығару.
12. Валюта курсын валюталар қоржыны негізінде нарықтық жүйенің
белгілеуі.
Қорыта келсек, жалпы ақша жүйесі дегеніміз- тарихи қалыптасқан және
мемлекеттің ұлттық заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Әлем
тарихында ақша жүйесінің мынандай типтері кездеседі, яғни металл ақша
айналысы, несие ақшалары және қағаз ақша айналысы. Әрбір мемлекетте жалпыға
ортақ құн эквиваленті ретінде қабылданған металға байланысты металл ақша
жүйесі: биметаллизм және монометаллизм болып бөлінеді. Сонымен қатар,
қазіргі жағдайда ақша жүйесі мынандай бірнеше элементтерден құралады: ақша
бірлігі, баға масштабы, ақша түрлері, эмиссия тетігі, ақша айналымын
реттейтін мемлекеттік орган, ақшаның құнын белгілеу немесе баға кесу
тәртібі, касса тәртібін ретке келтіру.
1991 жылы Кеңес Одагы ыдырағаннан кейін Қазақстан ТМД-ның басқа
мемлекеттерімен бірге "рубль аумағында" кала берді. 1992- ж. айналысқа 200,
500,1000 рубльдік купюралар шықты.

1.3 ҚР-ның 1993 жылғы ақша реформасы
Бір адамның ауыстыратын ақшасының ең жоғары мөл-шері 1000 рубльден
аспады. Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын мөлшерде айырбастауға
рұқсат етілді. Белгіленген лимитен жоғары сомада ақшасы бар адамдарға табыс
көздері туралы декларациямен арнайы комиссияға бару керек болды.
1991 жылы 23 каңтардан бастап бір уакытта салымдарды беруге де шек қою
енгізілді. Салымдарды тек қана жинақ банктері арқылы тұрғылықты жеріне
байланысты айына 500 рубльден аспайтын сомада бере отырып, ол туралы төл-
кұжаттарына белгі койылды.
"Павловск" реформасы нәтижесінде айналыстан 8 млрд "рубль алынып
тасталып, оның иелік ету заңдылығы дәлелденбеген болытын.
Бірақ бұл шара рубльдің сатып алу қабілетінің ұлғаюына әсер етпеді.
Бағаның жіберілуі ақшалардың үстамсыз өсуінде байқалды.
Қайта құру жағдайында өндірістін құлдырауымен бірге айналыстағы ақша
массасының өсуі қатар жүрді. Тауарлар мен азык-түліктер көбіне шетелден
сатып алынды. Бұл үшін қажетті валютадағы 1,63 млрд доллар сомасын алтынды
сатудан түсірді: 1989 ж. - 300 т., 1990 ж. - 234 т.
1990 ж. накты ақшаның эмиссиясы 25 млрд рубльді
құрады, бұл 1981-1985 жж. қоса алғандағыдан біршама үлкен. Қыруар
ақша массасы бос тұтыну нарығына сәйкес келмеді.
1991 ж. каңтарда "1961 жылғы 50 және 100 рубльдік үлгідегі ақша
бірліктерін КСРО Мембанкінде төлем ретінде қабылдауды және олардың
айырбастау тәртібін тоқтату мен азаматтардын салымдарынан қолма-кол ақша
беруді шектеу туралы" Президентгің Жарлығы мен КСРО Министрлер
Кабинетінің каулысы кабылданды. Айналысқа 1991жылы шығарылған жаңа
купюралар еңгізілді. Жеке тұлғаларға еск;
ақшаны жаңа ақшаға айырбастауына не бары үш күн
берілді.
КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы - рубль бірінші кезеңде, ТМД-ға
кірмейтін елдерді қоса алғанда, тәуелсіз мемлекеттер аумағында айналыста
жүре берді. Әр түрлі себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердің
саяси тәуелсіздікке үмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген зандармен
экономиканың социалистік директивті үлгісінен нарыққа өтуі мүмкін
еместігіне байланысты біртұтас валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді.
КСРО ыдыраған соң ақшаны дезинтеграциялау процесі өте күрделі
жүргізіліп және бұрынғы кеңес мемлекетгерінің меншікті ұлттық валюталарын
енгізілумен аяқталды.
КСРО республикаларыньщ егемендігі жариялағаннаң кейін барлық 15 ұлттық
банктер бір-біріне тәуелсіз түрде орталық банктер ролін атқара бастады.
Мұндай салдардьщ біріне несиелік экспанциялау жатгы. Мысалы, Украина Ұлттық
банкі 1992 ж. маусымда несие беру көмегімен кәсіпорындардың міндеттемелері
бойынша өзара есеп айырысуды өткізді. Бұл мысалды ТМД елдердін көптеген
орталық банктері қайталады. Ресей қолма-қол рубльді шығаруда монокомитетке
айнал-ғанымен де кейбір КРСО-ның бұрынғы республикалары өз-дерінің ішкі
тұтыну нарығын басқа республикалардың сатып алушыларынан "қорғау"
мақсатында өздерінің валюталарын айналысқа шығаруға тырысты. Мұндай
жағдайлар, Украинада, Литва, Латвияда және Әзірбайжанда болды.
1992 ж. шілде айында Орталық банктердің корреспон
денттік шоттарындағы ақша қаражаттар көлемінде және Ресей
мен бұрынғы кеңес мемлекеттері арасындағы төлемдерді күнделікті екі жақты
өзара есеп айырысу талабын ескере отырып, еңгізілгенде ғана бұл іс жүзінде
ұлттық қолма-қолсыз рубльдердің құрылуына әкеліп соқтырады. Келесі қадам -
меншікті валюталардың шығарылуы екені, осы бастан белгілі болды, сөйтіп
1992 ж. маусым-шілдеде Эстония, Латвия, 1992 жылы қазанда Литва, 1992 жылы
қарашада Украина мен Беларусь мемлекеттері өз ұлттық валюталарын еңгізе
бастады. 1993 жылы мамырда Қырғызстан, тамызда Грузия ұлттық валюталарын
енгізді. Бұл жерде соңғы болып ачшгендер қатарына (1995 ж. Тәжікстанды
доспағанда) Түрік-менстан, Өзбекстан, Армения, Молдова және Қазақстан (1993
ж. қараша) болды. Бұл елдер тобы рубль аймағын Ресей орталык банкінің 1993
ж. рубльдік банкноталарды жаңаларына айырбастауды жүргізген соң барып
кетті. Кейбір елдердің, оның қатарында Қазакстанның рубль аумағын қалпына
келтіруге деген ұмтылысынан еш нәтиже шықпады.
1992 ж. 9 казанда ТМД-ның сегіз мемлекеттерімен қол қойылған "Рубльді
ресми төлем кұралы ретінде пайдалана-тын мемлекеттердің біртұтас ақша
жүйесі мен келісілген ақша-несие және валюта саясаты туралы", соңынан 1993
ж. қыркүйекте алты мемлекеттің бірігуімен рубль аумағының жаңа типін құру
туралы да келісімдері жасалды. Бұл сұрақ бойынша Ресейдің екі жақты келісім
сөздер жүргізуі тек қана сәтсіз аякталып қоймай, бұрынғы кеңес
мемлекеттерінің макроэкономикалық тұрақтылыққа байланысты шараларын
жүргізуді созып жіберді.
1991 жылы Кеңес Одагы ыдырағаннан кейін Қазақстан ТМД-ның басқа
мемлекеттерімен бірге "рубль аумағында" кала берді. 1992- ж. айналысқа 200,
500,1000 рубльдік купюралар шықты. Олардың эмитенті ретінде жұмысын
тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банкі атап көрсетілді. 1992 ж. маусым айында
алғаш рет ресейлік 5000 рубль, кейіннен 10 000 және 50 000 купюрлары
шығарылды.
Сөйтіп, Ресей Федерациясында және одан тысқары жер-лердегі айналыста
акшаның үш түрі: 1961-1991 жж. кеңес ақшалары, 1992 ж. кеңес үлгісіндегі
(200, 500, 1000 руб.) Ресей Орталық банктін шығарған ақшалары, 1993 жылдың
бірінші жартысында шығарылған ресейлік ақшалар жүрді.
1993 ж. 23 шілдесінде Ресейдің Орталық банкі 1961-1991 жж. кенес
ақшаларының белгілерін, сондай-ақ 1992 ж. 5000 жэне 10000 рубльдерді
айналыстан алу туралы хабар-лады. Бастапқыда олардың айырбасына бір апта
берілді. Айырбастауға 35 мың рубльден аспайтын сомалар жатты.
Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлығымен екі күн өткен соң
айырбас мерзімі 1993 ж. 1 қыркүйек айына дейін ұзартылып, айырбас шегі бір
адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.
Ресейдегі ақша реформасы ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне, оның
ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуь жол берді.
1992 ж. бірінші жартысында-ақ Қазакстан Республикасының жетекшілері
ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған
болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның "Хариссон" фирмасьшен шарт
жасалды. Сөйтіп, 1993 ж. 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар
Қазакстанға жеткізіледі. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.
1993 ж. 12 қарашада Қазақстан 'Республикасыньщ Президенті Н.Ә.Назарбаев
"Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы" Жарғыға қол қойды.
Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттык валюта - тенге
еңгізілді.
КСРО Мембанкі және 1992-1993 жж. Ресей үлгісіндегі қазыналық және
банктік билеттерді айырбастау 20 кдрашада сағат 18-де аяқталды.
Қолма-қол ақшалардын, рубльдік шоттардьщ, салымдар мен міндеттемелердін
теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргізілді.
Қазақстан Республикасынын 16 жастан аскан барлык азаматтары 100 мың
рубль шегінде ақша айырбастай алды, Айырбас бір рет қана жүргізіліп, ол
туралы төлқұжатқа белгі соғылды. 100 мьщнан асатын рубльдер арнайы жеке бет
шотына аударылып, оны 6 ай мерзім ішінде пайдалануға құқысыз болды.
Лимиттен асқан қаражаттардың шығу тегіннің зандылығын арнайы құрылған
комиссия тексерді. Комиссияның шешімі бойынша бұл каражаттар мерзімнен
бұрын.
15 қарашадан - 18 қарашаға дейінгі аралыкта халық теңгемен жэне
рубльмен де есеп айырыса алды. Сондықтан заңды тұлғалармен, сол сияқты
бөлшек сауданы жүзеге асырушы және халыққа ақылы қызмет көрсететін
тұлғалардын ақшалай түсімдері күнделікті қабылданды: теңгеде - шексіз,
1993жж. 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500 рубльдегі ақшаларды 1993 ж.
шілдедегі ақшалай түсімдердің орташа шамасынан аспайтын сомада, 1,3
коэффициентке түзетілген шамада қабылдады.
"Қазакстан Республикасы Ұлттык банкі теңгенің валюталық бағамын: 1
доллар = 4 теңге 70 тиын шамасында белгіледі. Келесі жылдары ол бірден өсіп
кетті. Соған сәйкес баға мен жалақы да өсті.
Инфляцияның өсуі біршама ірі ақша купюраларын қажет етті. 1994 ж.
бастап 200, 500, 1000 және 2000 купюрдағы ақшалар айналысқа шығарылды. 1995
ж. ұсақ тиындар біртіндеп айналыстан шығып қалды, олардың орнына мыс-
никельден жасалған 1, 3, 5, 10, 20 теңгедегі монеталар шыға бастады.
Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының жүз жыл-дық мерейтойының құрметіне 100
теңгелік күміс монеталар шығарылды. 1995 жылдың аяғында "Жібек жолы" жиын-
тығын кұрайтын жоғары сыныпты төрт алтын монеталар шығарылды. Жалпы салмағы
57,54 г кұрайтын жиынтығына 1, 2, 5 және 10 мың теңгелік алтын монеталар
кірді. Жиын-тық 816 доллар тұрды.
Сонымен Қазақстан теңгесі соңғы жылдары тұракты төлем кұралы болып қана
қоймай, еркін алмастырылатын валюталарға шексіз айырбасталады және біршама
тұрақты валюталар қатарына кіреді.
Қазақстанға ұлттық валютаның сәтті енгізілуі, әрі қарай онын сыртқы
және ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етуді талап етеді.
1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас
тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып
табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-
экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Төл
теңгеміз пайда болғалы жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің тізбекті қаржылық
саясатының арқасында елімізде нарықтық институттар макроэкономикалық
тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады.
Өзіміздің ақша бірлігімізді енгізу қазіргі кездегі қол жеткен
экономикалық табыстарымыздың негізін қалады. Оның дұрыстығы қаржы-несие
секторының белсенді дамуымен және теңгенің тұрақтылығымен айқын дәлелденді.
Ақша мен экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық
жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдерістерге
оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді.
Елдің экономикалық жағдайы, сол елдің экономикалық кеңістіктегі
интеграциясы мемлекеттің ақша жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей
байланысты. Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір тепе-
теңдіктің болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс
пен ұсыныстың тепе-теңдігі.
1991 жылы Қазақстан нарықтық қайта құруды жүзеге асыра бастады. Алайда,
сол кезде жұмыс істеген бірыңғай ақша жүйесі тұрақсыз болды. Жас
мемлекеттер бірінен соң бірі өздерінің ұлттық валюталарын немесе уақытша
ақша белгілерін енгізе бастады. 1992 жылы рубль аймағында Қазақстан,
Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды. Республикаға кеңестік
рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп соқты.
Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында
тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес
монетарлық, экономикалық саясатты жүргізе алмады.
1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны
енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің
тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі,
тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол
ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру
және басқа маңызды мәселелер айқындалды. Ұлттық валютаны енгізудің
заңдылығын сақтау және өркениетті түрде енгізу үшін дайындалып жатқан іс-
шаралар туралы халықаралық ұйымдар және көрші елдердің үкіметтері дер
кезінде хабардар етілді.
Тарихи күн қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті теледидар
арқылы халыққа алда болатын акцияны түсіндіре отырып, сөз сөйледі. Мұндай
шаруаның жан-жақты ойластырылғанын, елдің бүгінгі мүмкіндіктері мен күні
ертең көрінетін жаңа көкжиегі астастырылғанын, өз жолымен, жөнімен жүзеге
асатынын халыққа ұғындырды.
Теңге ресми түрде 1993 жылы 15 қарашада енгізілді. Ең бірінші бағамы 1
АҚШ долларына 4,75 теңге болды. Әр теңге 500 рубльге ауыстырылды. Теңгенің
валюталық қызметінен кейін оның құнын жоғалтпай ұстап тұру – ең маңызды
шаруалардың бірі болды.
1993 жылдың сәуірінде “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы”,
“Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы” заң күші бар
жарлықтарға қол қойылды. Бұл құжаттарда коммерциялық банктердің қызметін
тоқтату және іске қосу тәртібі, сондай-ақ коммерциялық банктердің қызметін
Мемлекеттік банк арқылы реттеудің қағидаттары мен әдістері бекітілді.
Ұлттық валюта енгізілгеннен кейінгі алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін
өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективтік қиындықтар
(бағаны ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның
жоғары деңгейі, импорт тауарларына деген қанағаттандырылмаған сұраныстың
едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың өсуіне, ал ізінше бағаның өсуіне
әкеліп соқты. 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық
есептесуі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы айларда теңге
айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілгеннен кейін алғашқы 7 айда
теңге 8 есе құнсызданды.
Ең әуелі теңгеге байланысты бүкіл инфрақұрылымды қайтадан құруға тура
келді. Бұл іс банк жүйесінен басталды. Содан кейін кеден, қаржы
қызметтеріне көшірілді. Бұдан кейін кезек күттірмейтін валюта айырбастайтын
биржа құру, алтын және валюта қорын жасақтау, теңге сарайын іске қосу
сияқты маңызды шаралар шешілді. Барлық қаржы операциясы теңге арқылы
есептелінгендіктен, оның бағамы басқа елдердің валютасымен күнбе күн
нақтыланып отырды.
Теңгенің экономикалық өсімге тікелей қызмет жасауын қамтамасыз ету
қажет болды. Бұған дейін теңге құлдырап бара жатса, Ұлттық банк өзіндегі
алтын-валюта қорынан қосымша ақша жұмсап, оны реттеп отыратын. Бірақ бұл
әрекет жасанды бағамның жасалуына жол ашты. Теңгенің шын бағамын белгілеу
үшін оны еркін жүзуге жіберу керек болды. Аталмыш шарадан кейін теңге
бағамы АҚШ долларына шаққанда бірден екі есеге сатылап жоғарылап кетті.
Бұдан кейінгі жылдары теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша
құнсыздану қарқыны едәуір баяулады. Мәселен, егер 1995 жылы теңгенің бағамы
17,9 пайыз болса 1996 жылы – 15,4 пайызға төмендеді, 2001 жылы теңгенің
номиналдық құнсыздануы 5,17 пайыз, ал 2002 жылы – 3,25 пайыз болды.
Ұлттық валютаның тұрақтылығы белгілі бір мерзімдегі оның құндылығымен
анықталады. Ішкі құндылығы инфляция деңгейімен, ал сыртқы құндылығы басқа
валютаға баламалау арқылы анықталады. Бізге мәлім деректерге сүйенсек,
инфляция 1995 жылы 276,2 пайыздан 2005 жылы 5,9 пайызға төмендеуімен
теңгенің ішкі құндылығын арттырып отыр. Ұлттық валютаның АҚШ долларына
қатысты сыртқы құндылығының тұрақтануы 1999 жылы ұлттық валютаның еркін
айырбасқа жіберілуіне және экономиканың дамуына, ІЖӨ-нің өсуіне (1999-2004
жылдары – 167,4 пайызға өсуі) байланысты болды. Егер 1999 жылға дейін
инфляцияның монетарлық факторы басым болса, одан кейінгі мерзімде
монетарлық емес факторлар әсер етті.
Қазақстан макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ететін монетарлық
факторлардың арқасында тұрақтылыққа жетті. Бұл жағдайда сыртқы және ішкі
тәуекелдердің алдын алуда Ұлттық банк жағымды саясат жүргізіп отырды.
Президенттік басқару институты осындай нәтижелерге жетудің бірден бір
тиімді жолы болғаны айқын.
Бірақ монетарлық емес факторлар әлі де өзекті мәселеге айналып отыр.
Соның ішінде негізгісі – ауылшаруашылық, қайта өңдеу салалары сапасының
төмендігінен, шығындылығынан олардың айтарлықтай тиімсіз жұмыс істеуі.
Кедергі жасайтын факторларға әкімшілік-бюрократтық шаралардың салдарынан
тежеліп отырған бәсекелестіктің ойдағыдай дамымауы, заңдылықтың бұзылуы
жатады. Ол үшін ұлттық валютаны ел экономикасын басқаратын құрал деңгейіне
жеткізу жұмыстары жүргізілді.
Теңгенің тарихын белгілі бір кезеңдерге бөлсек, 1993-1996 жылдар
инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаның және қаржы рыноктарының
қалыптасуымен ерекшеленеді. 1991 жылдың аяғында ІЖӨ-нің 8,2 пайызға
төмендеуіне қарамастан, осы кезеңнің соңында инфляцияның деңгейін 60,3
пайызға төмендетуге қол жеткізілді. 1993 жылы қарашада теңгенің енгізілу
кезеңіне қарай еліміздің банк жүйесі едәуір дәрежеде реформаланған болатын.
Екі деңгейлі банк жүйесі құрылды, барлық мамандандырылған банктер
акционерлік банктер болып қайта құрылды, ал Ұлттық банкке Орталық банктің
бірқатар өкілеттіліктері берілді. Бұл өз валютамызға көшуді және
Қазақстанның ақша-кредит саясатын жүргізуді едәуір жеңілдетті. 1993-1996
жылдары банк секторын сауықтыру жөніндегі шаралардың нәтижесінде екінші
деңгейдегі банктердің саны 204-тен 101-ге дейін қысқарды.
1997-1999 жылдары экономиканы тұрақтандыруға қол жеткізілді және банк
жүйесін жедел түрде реформалау шаралары қарастырылды.
Экономиканы реформалауды жалғастыру нәтижесінде ІЖӨ-нің 2,7 пайызға
өсуін, инфляция деңгейінің 17,8-ге төмендеуін және нақты жалақы индексінің
13,1-ге жоғарылауын айта кету қажет. Банк секторын шоғырландыру және
сауықтыру шаралары екінші деңгейдегі банктер санының 55-ке азаюына ықпал
етті. 1998 жылдан бастап нарықтық қатынастар негізінде құрылған үш деңгейлі
зейнетақы жүйесі енгізілді. 2000 жыл экономиканың тұрақты өсуі, қаржы
секторын қарқынды дамыту және қаржы секторының халықаралық стандарттарға
көше бастауымен ерекшеленді.
Сондықтан Ұлттық банк алдағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық операциялардың экономикалық негіздері
Греция мемлекетінің тризмдік бағытының дамуы барысы және халықаралық деңгейдегі алатын орыны
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасу тарихы
Ежелгі шығыс мемлекеттері
Несие қатынастарының пайда болуы және қалыптасуының теориялық аспектілері
Дүниежүзілік соғыстан кейінгі Герман мәселесі
Валюта, валюталық қатынастардың теориялық негізі
Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі
Валюталық жүйелер және олардың қызмет етуінің теориялық негіздері
Дүниежүзілік валюта жүйесі туралы мәлімет
Пәндер