Қазақ әдебиеті сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру


«Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ЖАҢА АҚПАРАТТАРДЫ БЕРУ ЖОЛДАРЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
КӨКШЕТАУ - 2014 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ
1. 1Жаңа педагогикалық технология жайлы мәлімет
1. 2. Ақпараттық технологияны әдебиет сабақтарында қолдану
2. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
2. 1. Әдебиет сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы ақпаратты таратудың жолдары, тиімділігі
2. 2 Жаңа педагогикалық технология арқылы оқушыны дамыту әдісі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
Кіріспе
Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады.
Д. И. Менделеев
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Ұстаз үшін ең негізгі мақсат - әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы - заман талабына сай ақпаратты технологияларды қолдану. Білімді әрі сауатты адамдар ─ бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Ал баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады. Қазіргі мектептердегі оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа әдіс-тәсілдерден, технологиялардан құралады. Демек, баланың білімі ерекше болуы, ол білімнің нәтижелі болуы пән мұғалімінен жауапкершілікті талап етеді. Бүгінгі таңда адамзаттың ақпараттық мәдениетінің дамуы білім алуда өте маңызды рөл атқарады, оның себебі - ғылыми-техникалық ақпараттың көлемі екпінді өсуіне байланысты. Ақпараттық технологиялардың барлық жаңалықтарын ең бірінші балалар қабылдайды, сондықтан балалардың жоғары танымдық қызығушылығын пайдаланып, олардың жеке тұлға ретінде дамуын қалыптастыру. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасымыз атап өткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне қолдану мен оның тиімділігін арттырудың маңызы аса зор. Себебі ақпараттық технология ғана жаңа педагогикалық технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыра алады. Оқушы-оқу үрдісінің басты субъектісі, сондықтан баланың дамуына, оның ойлау қабілетін дамытуға оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы оқу процесіне қалыптастыру мен әр түрлі оқу іс-әрекетін қамтитын оқыту әдістерінің үйлесімдігі нәтижесінде жүзеге асырылуы тиіс.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ әдебиеттін оқу сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың тиімді жолын анықтау
Зерттеу жұмысының міндеті :
- Ғылыми - педагогикалық әдебиеттерден жаңа ақпараттық технология туралы мәліметтер жинақтау, озық тәжірибелермен танысу.
- Жаңа ақпараттық технологияны ұйымдастыру үшін материалдық техникалық базаны жетілдіру, іс шаралар кешенін әзірлеу.
- Компьютерлік және саралап - деңгейлеп оқыту технологиясын оқыту үрдісіне енгізу негізінде:
а) Қазақ әдебиеті пәнінен электрондық оқулықты қолдану арқылы өткізілген сабақтардағы оқушылардың білім деңгейінің көрсеткіштерін анықтау.
б) Қазақ әдебиеті пәнінен өткізілген дәстүрлі және электронды оқулықты қолданып оқытылған сабақтардың білім сапасына әсерін зерттеу, талдау.
в) Қазақ пәнінен өткізілген дәстүрлі және электронды оқулықты қолданып оқытылған сабақтардың салыстыруына сараптама.
Зерттеу нысаны:
-оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру
арқылы коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және
шығармашылық қабілеттерін дамыту
- алған білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдануға үйрету.
Болжам:
-Егер жаңа ақпараттық технологияны әдебиет сабағында тиімді пайдаланса,
оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі,
зерттеушілік іскерлігі, шығармашылығы артады.
Еліміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты қазіргі
кезеңде білім ең басты мәселе болып отырғаны баршамызға аян. Бұл білім
берудің әлемдік деңгейіне сай болуды білдіреді. Олардың ең бастылары:
-білімнің әрбір адам тағдырындағы мәнділігін күшейту үшін оның дара
тұлғаға бағытталуы;
-қоғамдағы рухани құлдыраудан арылу үшін білімді ізгілендіру;
-әр баланың білім алудағы өз қабілеті мен ынтасына сай туындаған
сұранысын қанағаттандыру үшін білім беруді саралауды күшейту;
-көп нұсқалы білім алуға мүмкіндік жасау.
Ғылыми жаңалығы:
- Ақпараттық-коммуникативтік технологияны кеңінен пайдалана отырып оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне қызығушылығын арттыру;
- Бүгінгі таңдағы ақпарат ғасырындағы өмірге бейімделген жан-жақты білімді жеке тұлға қалыптастыру;
Осы жағдайлар өз шешімін тапқанда әлемдік білім кеңістігіне енудің
маңызды шарттарының ең бастысы ─ оқушы құзыреттілігін қалыптастыру
мәселесі де іске асар еді.
- оқушылар электронды оқулықтармен және интернет желісімен жұмыс істей алады;
- оқушының білімі қысқа мерзімде және кез келген уақытта бағаланады;
- орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады;
- интерактивті тақтаны еркін қолданады;
- ақпараттық мәдениетін дамытады;
- сабақта уақыт та үнемделеді;
- оқушылардың коммуникативтік қабілеттері дамиды;
- зерттеу дағдылары дамиды;
- оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады;
- әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндігі ашылады
Глоссарий:
1. «АКТ» - ақпараттық-коммунникативтік технология.
2. «Флипчарт» - «Aktivstudio» бағдарламасының жаңа беті.
3. «Aktivstudio Professional Edition V3» - көпшілік колледждер мен мектептердегі интерактивті тақталарға орнатылатын, сабаққа пайдаланылатын бағдарлама.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында әдістемелік әдебиеттерді оқу, талдау, жинақтау, қорыту, зерттеуді өткізу барысында сауалнамалар алу, бақылау жүргізу, балалар еңбегінің нәтижелерін салыстыру, тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың қорытынды нәтижесін шығару.
Зерттеу пәні: Қазақ әдебиеті сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
І. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ
1. 1. Жаңа педагогикалық технология жайлы мәлімет
«Жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалады және жасалып та жатыр. Сондықтан, бүгінгі таңда қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық - коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз - білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер болып табылады.
Компьютер - мұғалімнің басты көмекшісі. Ең біріншіден, ол мұғалімнің еңбегін жетілдіреді. Көптеген материалдарды, дайын сабақтарды реттеп сақтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютердің арқасында мұғалім әр сабаққа оқушылардың ерекшелігіне қарай және сабақтың мақсатымен міндетін ескере отырып, әртүрлі кестелер, материалдар дайындай алады. Үшіншіден, сабақтың формаларын түрлендіре алады, яғни көрнекілік, әдістемелік, аудио және бейнематериалдар қолдана алады. Мұндай жұмыс сабақтың әр кезеңінде іске асырылады.
Сонымен бірге, ақпараттық коммуникативтік технология сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернеттің іздеу жүйесі арқылы қызықты мәліметтер, көрнекіліктер таба аламыз. Сол жағынан да сабаққа дайындалу барысында әдістемелік көмек береді. Компьютер арқылы тұсаукесер сабақтарын, компьютерлік формадағы бақылау сабақтарын дайындауға болады.
Компьютерлік тұсаукесер сабақтары - жаңа сабақты диалог тәртібінде түсіндіру, дәріс - сабақ, ғылыми конференция сабағы, жобаларды қорғау сабағы, кіріктірілген сабақ, тұсаукесер сабағы, пікірталас сабағы.
Компьютерлік формадағы бақылау сабақтар - оқушылардың білімдерін тест түрінде тексерудің бір түрі. Мұндай сабақтар арқылы оқушылар өз бағаларын бірден біледі.
Тұсаукесер - берілген материалды слайд, электрондық оқулық, флипчат арқылы көрсету формаларының бір түрі. Оның ішінде сұрақтар мен кестелер, суреттер, көрнекіліктер мен аудио мен бейнематериалдарды, дайындаған құжаттарды, клайстер мен танымдық жаттығуларды кіріктіруге болады.
Бұл технологияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт - бағдар беруі арқылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді. Білімді меңгере отырып, оқушы сын көзбен қарауға, өз ойын еркін айтуға, өз құқықтарын қорғай білуге, ақпарат көздері арқылы ізденуге, білімін толықтыруға жәрдемдеседі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірі - интерактивті тақта, мультимедиалық және онлайн сабақтары. Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған.
Осыған байланысты күнделікті сабақта:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық
оқулықтарды) ;
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта) ;
-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры) ;
-интернет және т. б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже
береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді.
Біз жұмыстарымызды сыртқы түрткінің мағынасын өзгертіп, оқуға баланың қызығушылығын арттырып, оқушыдан «оқығым келеді», «мен тапсырма орындап көрейінші», «менің жауап бергім келеді» деген сияқты мотивтермен оның іштей оқуға талпынуына үйлестіріп оқытқым келеді.
Оқыту процесі барысында ақпараттық технологиялардың түрінің бірі интерактивті тақтаның көмегімен сабақта тіл дамытуға арналған жаттығулардың құрылуы танымдық іс-әрекеттің дамуы арқылы оқушылардың қазақ әдебиеті пәніне қызығушылығын арттыру . Ақпараттық технология негіздері тұлғаның қазақ тілі пәнінен алған білім
сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты
арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабақта видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады.
Ақпараттық технологияларды сабақ үстінде пайдаланудың формалары мынадай болып келеді:
-сабақ барысында техниканы қолдану арқылы материалды түсіндіру,
оқушыны сөйлету және пікірталас, бекіту, оқушылардың білімін бақылау,
жеке жұмыс, талдау, тестілеу, қажет ақпаратты іздестіру;
- сабақтан тыс уақытта оқушының дербес, өздігінен қолдануы, яғни үй
тапсырмасын орындау, рефераттар даярлау, өзіндік бақылау;
- мұғалімнің сабаққа даярлық кезеңінде қолдануы, яғни арнайы материалды іріктеп алу, тапсырмаларды дайындау және т. б. Әр ұстаз өз бетінше топпен жұмыстың жаңа түрлерін ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісі сабақтарда жиі қолданылады. Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.
Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындап, тестілер шешіп, семантикалық карталар және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады.
Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі - аудиохабарлар. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген оқушының құштарлығы оянады деп ойлаймын. Электронды оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды. Электронды оқулықтар оқушылардың
- бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
- ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;
- өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
- ойларын дамытуға;
- оқушылардың сөздiк қорының молаюына;
- тілге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
- сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
- өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.
Оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады . Әрбір мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығуға мүмкіндік бар. Шығармашылықпен іздену ұстаздың еңбегіне, ой-өрісінің толысуына көп көмегін тигізеді. Бүгінгі күн ұстаздардың алдында тұрған басты міндет-оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра білу, сол арқылы әр тақырыпты олардың санасына жеткізе түсіндіру.
1. 2. Ақпараттық технологияны әдебиет сабақтарында қолдану
АКТ әдістерін төмендегідей бірнеше бағытта қолданып отыруға болады:
1. Сабақтарда талдау жасау үшін компьютер немесе
басқа да ақпараттық құралдар арқылы көрнекілік ретінде суреттер, диаграмма мен бейнероликтерді кеңінен қолдануға болады.
2. Оқушылардың есту, көру қабілеттерін дамыту үшін табиғаттағы заңдылықтар мен үрдістерді анимация арқылы қолдануға тиімді.
3. Мультимедиялық оқулықтар көмегімен күрделілігі жөнінен түрлі деңгейдегі тапсырмалар мен практикалық жұмыстарды орындауға болады.
4. Алған білімдерін тексеріп, бекіту өте тиімді. Қазіргі кезде оқытудың жаңа
үрдісіне сай колледждерде барлық пәндерден тест әдісі кеңінен қолданылады. Әсіресе тарау, тақырыпты қорытып, қайталауда тест тапсырмаларын оқушылар қызыға орындайды.
Ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ-компьютер, интерактивті тақта, ғаламтор) оқушының оқуға мотивациясын арттырады және пәндерді оқу барысында мынадай мүмкіндіктерге қол жеткізеді:
- Оқу материалдарының мазмұнын көрнекілікті, түсінікті, қызықты етеді;
- Оқу материалдың суреттерін динамика түрінде көрсетуге (құбылыстарды әр түрлі жағынан және әр түрлі деңгейде) ;
- Оқушылармен жылдам және тиімді тестілеу өткізу;
- Оқушылармен өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру, анықтамалық материалмен жұмыс істеуге үйрету;
- Жеке тұлғалық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыға комфорттық жағдай жасау;
- Ақпараттық мәдениетттін дамытуға бүгінгі ақпараттық, коммуникациялық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын арттыру.
Дәстүрлі оқыту жүйесінен АКТ қолданған сабақтардың түпкі айырмашылығы бар.
Бұл айырмашылық мұғалімнің рөлі өзгеруінде: ол білімнің негізгі бұлағы емес. Ол реттеуші, ұйымдастырушы, кеңес беруші. Бүгінгі электрондық оқулық қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында интернет арқылы орындалады. Осыған байланысты мұғалімнің міндеті осы оқу құралдарды оқыту материалдың мазмұнымен байланысты, психологиялық және жас ерекшеліктеріне сәйкес, компьютермен жұмыс істеуге дағдысы бар оқушыларды анықтау, іріктеу. Осы міндеттерді сапалы, нәтижелі ету үшін мұғалім өзі интерактивті тақтамен, әртүрлі электронды оқулықтармен, және ғаламтор көзінде жұмыс істей білу керек. Ол үшін негізінде Activstudio, кітапхана және флипчартты қолдана білу қажет.
Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, оларды компьютердің, интерактивті тақтаның көмегімен жүзеге асырса, оқушылардың қызығушылығы, ынта-жігері арта түсері анық. Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеу керек. Оқушылардың өздігінен танып-білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеу керек. Ол үшін оқытудың мынадай әдіс-тәсілдерін сабақта қолдануға болады: жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар, тірек-сызба, көрнекіліктер және анықтама құралдары, ойын арқылы оқыту, сөзжұмбақ, бейнесөздер, логикалық тапсырмалар мен деңгейлік жаттығулар, тестілеу және бақылау. Әр ұстаз өз бетінше топпен жұмыстың жаңа түрлерін ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісі сабақтарда жиі қолданылады. Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындап, тестілер шешіп, семантикалық карталар және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады.
Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі - аудиохабарлар. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген оқушының құштарлығы оянады деп ойлаймын. Электронды оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпаратқа сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды. Электронды оқулықтар оқушылардың :
- бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
- ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;
- өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
- ойларын дамытуға;
- оқушылардың сөздiк қорының молаюына;
- тілге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
- сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
- өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.
Оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады . Әрбір мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығуға мүмкіндік бар. Шығармашылықпен іздену ұстаздың еңбегіне, ой-өрісінің толысуына көп көмегін тигізеді. Бүгінгі күн ұстаздардың алдында тұрған басты міндет-оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра білу, сол арқылы әр тақырыпты олардың санасына жеткізе түсіндіру.
ІІ. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
2. 1. Әдебиет сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы ақпаратты таратудың жолдары, тиімділігі. Интерактивті тақтаны қолдану.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz