Фразеология және фразеологиялық бірліктерді аудару тәсілдері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Аударма ісі және тіл пәндері кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Фразеология және фразеологиялық бірліктерді аудару тәсілдері

Орындаған: Сексенбаева
Мейрамгүл
ПД-21 тобының студенті
Ғылыми жетекшісі : Бекенова Г.Ш.

Көкшетау-2006ж.

Мазмұны
Кіріспе
1. Аударма нұсқалардағы фразеологизмдер
1

Негізгі бөлім
2.1. Фразалық единицлр семантикасындағы ұлттық - этникалық

ерекшеліктер
3

2. Фрзеологизмдерді , мақал – мәтелдерді аудару жолдары
6

3. Адурмадағы тең баламалы фразеологизмдер
16

2.4. Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің аударм нұсқалардағ
5. Ағылшын - қазақ тіліндегі етістікті етістікті
фразеологизмдердің қос тілді сөздітерде берілу
принциптері
19

3. Қорытынды
21

4. Қолданылған әдебиеттер
25

1. Аударма нұсқалардың фразеологизмдер
Ғылымда , соның ішінде тіл білімі ғылымына әрқшан
өзгеріс еніп отырмса , ол әріқарай дамымайды . Фразеологияның
дамуы лингвистикалық пән ретінде соңғы оңжылдықтарда ғана
қолға алынды . Бірақ оның тамырлары көптеген ғасырлрдан бері
тілмен бірге кіреді . Зерттеулер бойынша , фразеологиялық бірліктер
тілмен бірге өмір сүреді . Фразеологизмдер тіл - тілдің бәрінде
бар құбылыс. Және тілдің бөлекше бір сипаттағы , шырыны мен сөлі
таусылмайтын дәмді элементтері деп айтуға болады . Тілдің
байлығы сұлулығы , тілдің өткірлігі дегеніңіздің айрықша
көрінер жері осы фразеологизмдер маңы . Ойды әсемдеп айтуды
үйренудің мектебі осылар . Сөзіңіз нақты , дәлелді болсын десеңіз
, өңменнен өтіп , қолқаны қозғайтын дәрежеде болсын десеңіз ,
халықтың хас туындысы - айшықты тамырын басыңыз . Сонда ғана біз
тілдің қасиеті деген не , байлығы деген не сияқты сауалдарға
нақты жауап бере аламыз .
Қай елдің , қай жазушының шығармасын алсаңыз да тілдің
осы халықтық элементтерінің сан түрін табуға болады . Яғни
қаламгердің қай - қайсысы да сөлеудің халықтық формасын
пайдалынуға бейім . Осының өзінен - ақ ғылымдағы фразеологизм
проблемасының мейілінше қызықты , мейілінше қиын екенін
байқау қиын емес .
Фразеология термині түптеп келгенде орам , сөйлемше деген
ұғымды білдіреді . Бұл phrasis - орам , сөйлемше ; logos -
ұғым , ілім грек сөзі . Фразеологияның көп мағынылығы
мазмұны күні бүгінге дейін сақталып келеді . Фразеология
терминінің екі түрлі
мәні бар тәрізді : біріншіден , белгілі бір тілдегі тұрақты
фразеологиялық сөз тіркестерінің жиынтығы дегенді білдірсе
, екіншіден , сол тіркестер жиынтығын ғылыми түрде зерттеп
талдайтын ілім мағынасында түсініледі . Мұнда тұрақты сөз
тіркес пен еркін тіркестің айырмасы нақты талданады .
Біріншіден, тұрақты сөз тіркестерінің құрмындағы сөздердің
орны , еркін тіркестің құрмындағы сөздердің орнын қарағанда
әлдеқайда тұрақты , бекем болады .
Екіншіден, тұрақты фразеологиялық сөз тіркестерінен
туатын бір бүтін мағына оны құрастырушы сөздердің орнына
қарағанда басым болады .
Үшіншіден , тұрақты фразеологиялық сөз тіркестері бір
тілден екінші тілге аударуға икемсіз келеді , әсіресе оларды
тікелей сөзбе - сөз аударуға болмайды .
Алғашқыға келтірілген мысалдар : сақалын сипап қалу ;
мұртын сипап қалды десек , мүлде басқа мағынаға ауысады .
Немесе
мұртын балта шаппайды дегендегі мұрттың орнына
сақалын десек , болмаса балта орнына пышақты
пайдалынып көрсек , тіркесіміздің тілім - тілімі шығар еді .
Бұдан шығатын қорытынды тұрақты сөз тіркестері жаңадан
тіркесуді қажет етпейтін әркімнің өз қалауынша өзгертуін
қламйтын , бұрыннан даяр өзінен - өзі тіркесіп әзір тұрған
материал .
Екінші өзгешілікті танытатын мысалдар мыналар : қырғи
қабақ болу make the air blue to lose one`s temper to go up
in the air -
ашулану , ызылану , ыза кернеу санын соғып қалу one`s
heart sinks - өкіну , т.б.
Үшінші аудру мәселесіне келсек , автордың бұл жөніндегі
пікірін бекіткен мыслдар мыналар : to be on cloud nine to
walk on ( upon) air lost in admiration - ( шексіз бақытты ,
өте бақытты деген мғынаға ) дегенді сөзбе - сөз қазақшаға
аударуға , немесе қазақ тіліндегі - қырғи қабақ болу ; үріп
ауызға слғандай ; қой ауызынан шөп алмас тәрізді тұраақты сөз
тіркестерін сөзбе – сөз ағылшын тіліне аудруға келмейді .
Әйткенде де бұларды екінші тілде мүлде беруге болмайды
деп шорт кесіп тұжырымдауға болмайды . Бір халықтың санасы
мен ойлау жүйесінің басқа кез - келген халықтың ой -
өрісінен ешбір кем еместігі белгілі . Сондықтан бұларды
мағынасына қарай , балама боларлық тұрақты сөз тіркестерімен
, егер ондай тіркестер болмса , мағынасын бере аларлық жеке
сөздермен немесе еркін сөз тіркестерімен аударуға болады .

Қ . Ғабитханұлы өзінің Наным - сенімге байлнысты қазақ
тіліндегі тұрақты тіркестер атты кандидаттық
диссертациясында тіл тарихы арасындағы тығыз байланысты және
тіл мен мәдениеттің байланысын айқын көрсеткен . Мәдениет
тілге қатыссыз болмайды . Бір қырынан алғанда , мәдениет
пен тілдің байлынысы мазмұн мен форманың байланысы
сықылды . Тіл - мәдениеттің өмір сүру формасы болса ,
мәдениет - оның ішкі мәні . Осы тұрғыдан қарағанда тіл мен
мәдениетті бір - бірінен бөліп қарауға болмайтын тұтас
құбылыс деуге болтындай . Дүниедегі белгілі ғалымдар өз
заманынан бері практикалық тіл ғылымында тарихи -
слыстырмалы зерттеу әдісін қолданып , ұлт тілі - ұлт
тарихының жанды суреті , дәлел - айғағы болады , бір ұлттың
тілінде сол ұлттың экономиклық құрылымы , заңы , салт- дәстүрі
, материалдық мәдениеті , тарихта басқа ұлттармен болған
түрлі байлныстары көрініп тұратындығын айтып дәлелдейді . Тіл -
адамзат өмірінің айнасы - деген пікір айтады .
Кәрі тарихқа сүңги түсіп , әрі барған сайын тіл
мен тілдің қарым - қатынасы байланысы солғандай түсуін ,
бергі заманға келген сайын , оның күшейе , ұлғая түсуін
байқаймыз . Қазіргі өмір талабына сай өзге тілден келген
қат - қабат сөздер өзге тіркестер қыруар .
Қазақ және орыс тілдеріндегі фразеологиялық жүйенің көлемі ,
оның единицаларының типтері туралы ғылыми тұжырымдар әртүрлі .
Фразеологиялық единицалар - арнаулы ақпаратты әдебиетте , көркем
әдебиетте кеңінен игерілетін , коммуникативтік – функционалдық қызметі
күшті , екінші тілге аударуды талап ететін ( көп ретте қалдырып
кетуге немесе алмастыруға болмайтын ) функционалды қызметі басым
элементтер . Аударылған әдебиеттің сапасын айқындап беретін негізгі
факторлардың бірі де - фразеологиялық единицалардың ерекшелігі .

2.1. Фразалық единицалар семантикасындағы ұлттық - этникалық
ерекшеліктер
Қазақ әдеби тіліндегі және орыс әдеби тілінің
құрамындағы фразеологиялық единицалардың құрылымы, құрамындағы
компоненттерінің кірігуі , тіркесуі , семантикалық байланысы жағынан
бір – бірінен айырмаланатын елеулі ерекшеліктері бар . Фразеологиялық
единицалар - аударма әдебиетті түпнұсқаның негізгі тақырыбына ,
автордың көздеген мүддесіне , түпнұсқадағы тіл мен стиль
ерекшелігінің сақталуына бір табан жақындата түсетін элемент . Екі
тілдегі фразеологиялық единицалардың мағыналық - семантикалық
құрамын , тіпіті кей сәттерде фразеологиялық единицалардың және
оның компоненттерінің этимологиялық түп - төркінін білу аударма
процесі үшін айырықша маңызды.
Анықтамалық тұжырым тұрғысынан қарағанда , екі тілдегі
фразеологиялық единицалар - заттық – логикалық және прагматикалық-
коннотаттық компоненттерге ие , әрі ақпаратты жеткізе алатын
біртұтас құрылым . Сонымен қатар , әр тілде сол тілді иеленуші
халықтың қалыптасуына , дамуына өзгерістерге ұшырауына себепкер
болатын экстралингвистикалық және этнолингвистикалық факторларға
сәйкес семантикалық , мағыналық құрылымы өзге сипатты және
лексикалық - грамматикалық тұрқы басқа фразеологиялық единицалар
болады.
Көркем – бейнелеу тәсілдерінің ішіндегі ең пәрмендісі болуы
себепті аударма проблемалары әдебиеттануға ұштастырылып
қарастырылған еңбектерде мақал - мәтелдермен , қанатты сөздермен
қатар тұрақты тіркестердің де аударылуына айырықшы көңіл
бөлінеді . М. Горькийдің бірнеше туындысының екі тілдегі
нұсқасындағы фразеологизмдерді егжей - тегжейлі қарастырған ғалым
Ө. Айтбаев ғылыми салыстыру нәтижесінде төмендегідей қорытынды
жасайды : Фразеологизмдерді , мақал – мәтелдерді аударудың тәсілдерін
мынадай үш топқа жинақтап айтуға болады. Біріншіден , мақал –
мәтел құрамындағы сөздердің заттық мағынасын түгел беріп , дәл
аударуға болады . Екіншіден , кейбір сөздердің заттық мағынасын
өзгертіңкіреп аудару керек . Үшіншіден , аударылған тілдегі
фразеологизмдер , мақал – мәтелдерді пайдалану қажет .
Аудару тәсілдерінің елегінен өткізгенде , жоғарыдағы
принциптерден көрініп отырғандай , фразалық тіркестерді тәржімалау
үшін сөзбе – сөз , адекватты және еркін аударма амалдары
игерілетіндігі байқалады. Сөзбе – сөз , адекватты және еркін
аударылған фразеологиялық единицалардың стильдік қызметті жеткізуі
де әрқилы. Тіл - тілдердің фразеологизмдердің ең маңызды сипаты
фразалық тіркеске негіз болатын образдар жүйесінің сол
тілді иеленуші халықтың материалдық , әлеуметтік және рухани
мәдениетімен тығыз байланыста болатындығы . Қандай да бір
фразеологтялық единицалардың құрамындағы негізгі компоненттің
мағынасы , этимологиясы арқылы халықтың мәдени - ұлттық дәстүр –
дағдысын танып – білуге болады. Әр халықтың дүниетанымдық
тәжірибесінен туындаған фразеологиялық единицалардың , олардың
құрамындағы өзек компоненттердің екінші тілде мағынасы жақын -
жуық немесе теңбе – тең баламасы бола бермейді. Мәселен , мағына
арқылы белгілі бір символдық қызметті білдіруге болатын ,
ұлттық характериологиялық белгісі бар символ сөз тіркестері (
черный день ; черная зависть ) ; теологиялық - діни таным -
сенімдерге байланысты фразалар ( чаша терпения , соль земли ) ;
идиомалар ( седьмая вода на киселе , вертеть козьи рошки , сосать
лапу ); ұлттық - тұрмыстық , философия негізінде туған фразалар (
женский ум , девичья память ) ; салт - дәстүрдің ерекшелігінен
жасалған фразеологиялық единицалар ( забрить лоб ) ; түптеп келгенде
орыс халқының ұлттық мәдени болмысына тікелей қатысты
фразеологиялық единицалар ; олардың қазақ тілінде мағыналық жағанан
тұспа – тұс эквиваленттері болмауы - заңды жағдай .
Екі тілдегі фразеологиялық единицалардың мағыналық ара
алшақтығы бірқатар себептерге байланысты :
1. Фразалық тіркестердің құрамындағы боразға тірек компоненттері
бірдей болғанымен , екі тілдегі фразеологиялық единицалардың
бағалауыштық қызметі ( жағымды – жағымсыз) әр басқа болады . Қазақ
тілінде төрт түлік мал атаулары өзек болатын фразалық
тіркестер ( құлын - тайдай тебісу , ботадай тату , егіз қозыдай ,
қойдан қоңыр , ақ түйенің қарны жарылу ) жағымды бағалауыш
қызметке ие ; ал орыс тілде жан - жануар , мал таулары арқылы
жасалатын фразеологиялық единицаларға ( глуп как сивый мерин ,
идет как корова на льду , мукрая курица , мерзлый баран , пустить
козла в огород ) жағымсыз бағалауыш қызметі тән .
2. Фразеологиялық единицалардағы құрамындағы компоненттер ұлттың
тарихынан , мәдениетінен хабар береді , этимологиясы көмескі
болады. Мысалы , қазақ тілінде қара қылды қақ жару ; құйрық – бауыр
жеу ; сүйек жаңғырту ; бет моншағы үзілу ; орыс тілінде : бить
баклушы ; пройти огонь , воду и медные трубы ; водить хлеб – соль с
кем- то ...; десятая вода на киселе және тағы басқа .
3. Фразеологиялық единицалардың құрамындағы компоненттер мағынасы ,
этимологиясы жағынан өзге халықтың ұлттық – мәдени , діни танымына
тікелей қатысы бар : встать с левой ноги деген фраза В .
Маслованың пікірінше , ағырушы , адал жолдан тайдырушы күш
адамның сол жағында тұрады деген мифтік түсініктің ықпалымен
жасалған . Сондай – ақ қай тілде де үш , жеті сандарының сыртқы
тылысым күшке байланысы бар деп есептелінеді ; алайда қазақ және
орыс тілдерінде үш , жеті сандарының фразалар құрамындағы
номимнациялық , образдылық бірдей емес : гнуть в три погибили ,
тридесятое царство – государство , в три ручья , семь пятниц на
недели, дегендер бір басқа да : үш қайнаса сорпасы қосылмайды ,
үш ұйықтаса түсіне кірмеу , үш қайтара сұрау , жеті қараңғы түн ,
жеті қабат жер асты деген қазақ тілі фразалары бір басқа .
Егер тілдегі фразеологиялық единицалардың осындай сипаттары
аудармашының лингвоэтникалық құзіретін талап етеді . Көркем әдебиетті
аударудың қазіргі дейінгі тәжірибесінде мәдениет пен тілдің
өзара ықпалын бойына жинаған фразеологиялық единицалардың
қазақшалаудың төмендегідей амалдары тиянақталған:
- Өзге тілдегі жағымсыз бағалауыш реңкті фразеологиялық
единицалардың мазмұндық құрылымын адекватты бере алатын
фразеологиялық единицаларды пайдаланылады . Орыс тіліндегі
прикидываться мерзлым бараном дегеннің мағыналық құрылымы жағынан
сәйкестігі және қазақ ұғымына жарайласатыны – жаураған ешкідей
бүрісу .

- Сөзбе – сөз аудару амалын қолданады : черный день - қара күн

- Ауыспалы мағынадағы балама жасайды : соль земли - жер құтты.

- Құрамындағы образға тірек болатын компонент сөзі қазақ
ұғымына айқын емес идиомалар үшін түсіндермелі баламалар алынады
:
Этот хлам не годился Бұл қоқыс темекі
орауға
Вертеть козьи рожки да жарамайды ( ауд
Т.Ахтанов)
( Л. Толстой , Хождения
по мукам , 1, 302)

- Аталушы ұғымның негізгі концептісі ( яғни бұл фраза нені
білдіреді деген сұраққа жауап беріледі ) алынады ; мәселен , девичья
память дегеннің концептісі - ұмытшақ .

- Құрамындағы образ - компонентінің семантикалық – стильдік қызметін
дәл жеткізу мақсатында трансформациялаудың бір түрі - нақтылау
қолданылады: мысалы , лоб забрить дегеннің мағынасы толық
түсіндіру қажеттігі туады :
Племяннику моему лоб Менің бір немеремді
забрили ( И. Тургенев , шашын сыпыртып,
солдатқа
Записки охотника, 52 ) жіберіпті ( ауд. О.
Оспанов ,43)

- Жанрлық ерекшеліктерге қарай түсіндірмелі окказионалды
қолданыстар жасайды :
Отец и старшая дочка не Екуіміз де ораза
боп тұра
очень –то между собой тұрармыз. Бұл алманың
сіз
ладят, нам с Вами придется жағы да , біз жағы да
піспей
слюнки пускать , покуда тұрғой әзірше ( ауд.
О.Оспанов)
пирог наш не подрумянится
( В . Шекспир , Укрощение
сторптивой,30)

Қазақ тіліндегі теңбе - тең мағыналы фразеологиялық
единицаларды пайдалану барысында да фразеологиялық единицаларға тән
жалпы сиптты - бағалау ( жағымды немесе жағымсыз ) белгісін есте
ұстау қажет болады . Өйткені екі тілдегі қайсыбір фразеологтялық
единицалардың жалпы мағынасы жақын болғанымен , субъектіге немесе
объектіге баға беруі , ұғымға , құбылысқа сөйлеушінің қарым -
қатынасын білдіруі жағынан бір - бірінен алшақ түсуі мүмкін .
Орыс тіліндегі яблоко от яблони далеко не падает деген мақал
мен қазақ тіліндегі алма алмаға қарап рең ашады деген мақал
жалпы семантикасын салыстырғанда , ортақ ұғымды білдіреді (
алдыңғының кейінгіге әсері , ықпалы бар ; үлкеннің үлгісі кішіге
әсер етеді дегенд мағыналар беріледі ). Алйда аударма нұсқада
аталған мақалдар бірінің орнына бірі жүре алмайды; өйткені орыс
тіліндегі мақалда мәтін ыңғайына қарай негативті бағалау , ал
қазақ тіліндегі мақалда керісінше , жағымда бағалау реңкі бар .

2.2. Фразеологизмдерді , мақал – мәтелдерді аудару жолдары
Бертіңгі жылдардан бері тіл ғылымында зор дүмпу
салып үрдіс зерттеу объектісіне айналып отырған сала -
салыстырмалы - салғыстырмалы фразеология еді . Әлемдегі түрліше
тілдерді әсіресе жүйесі бөлек туыстас емес тілдерді өзара
салыстыру арқылы олардың шығу тегі , тарихы ,
этномәдениеттік негіздерін нысана етіп , тіларалық қарым -
қатынастағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды мүмкіндіктің
барынша ашып көрсету арқылы бүгінгі таңда көкейтесті
мәселелердің біріне айналған аудармаға жаңа жол салынып ,
орасан зор қолайлық тудырып отыр .
Сайып келгенде қазақ тілінде тиянақты тіркестер
( фразеологизмдер ) - тіл ішінде өз заңдылықтарына сәйкес
өмір сүретін айырықша категория . Олардың әр алуан ірілі -
ұсақты ерекшеліктерімен айырым белгілерін саралай зерттейтін
пән - фразеология .
В . Виноградов , Смирницкий , А.В. кунин тағы басқалары да
тура осы пікірді ұстанған болатын . Ал Я. Н. Арнолд аталған
орыс ғалымдарының фразеология тіл ғылымының жеке саласы деп
білетін көзқарастарына тоқтала келіп , in english and American
Linguistics the situation is very different . no special
branch of study exists and the term phraseology is a
stylistic one , meaning, choice and arrangement of words and
phrases characteristic of some author or some lietrary
work деп анықтама берген . ол тұрақты сөз тіркестері тек
лексикология тұрғысынан зерттеленетіндігін айтады . Сол
үшін ол өз еңбегінде тұрақты тіркестерді
phraseology деп атаудың орнына set expression (
тұрақты сөз тіркестері ) деп атауды жөн көрген .
Тілімізде фразеологияға жататын барлық тіркестердің
жалпы атауы ретінде фразеологиялық бірлік деген термин
жиі қолданып келеді . Бұл терминді алғаш академик В.В. Виноградов
атаған екен . Виноградов жалпы фразеологиялық бірліктерді 3 үлкен
топқа бөліп қарастырған, яғни:1)фразеологиялық тұтастықтар

2) фразеологиялық бірліктер ; 3) фразеологиялық тізбектер ;
Ал Н. Г. Шадрин фразеологиялық бірліктерді аударудың 8
түрлі тәсілін көрсетеді , олар : 1. эквивалент ; 2. аналог ; 3.
синонимдік балама ; 4. тұрақты лексикалық балама ; 5. контекстуалды
аналог ; 6. калька ; 7. тұрақты тіркес емес , өзгермелі
лексикалық балама ; 8. суреттеу . Автор алғашқы 3 категориясын
тілдегі дайын баламаның дәлме - дәл эквивалент , не ұқсас
синоним болып кездесетін жағдайда қолданылатынын айтады .
А. В . Кунин ағылшын тіліндегі фразеологизмдерді орыс
тіліне аудару мәселесіне 6 жолды алға қояды : 1 . эквивалентпен
аудару ; 2 . аналогпен аудару ( екі тілдегі мағынасы сәйкес
келетін фразеологиялық тіркестер м.: - a drop in the
bucket - капля в море ) ; 3. сипаттама аударма ( фразеологиялық
тіркестің мағынасын еркін тіркестер арқылы түсіндіріп
сипаттау ) ; 4. антоним тіркеспен аудару ( м.: keep one’s
pecker up - не падать духом т.б. ) 5. калькалау ( бұл
жол фразеологиялық тіркестерді өзге тілге берудің басқа амалы
қалмағанда ғана қолданылады м.: the old lady of
threadneedlestreet - старая леди с Тренидл. стрит ) ; 6 .
аралас аударма ( бұл әдіс орыс тіліндегі тіркес ағылшын
тіліндегі тіркестің мағынасына толық бере алмаған жағдайда
қолданылады . м.: carry coals to Newcastle тура аудармасы -
Ньюкастлға көмір апару дефениция - белгілі бір затты ,
щнсызда бұл зат ағыл - тегіл болып жатқан жерге апару
салыстырмасы орыс тіліндегі Ехать а тулу со своим самоваром )
деп беріледі екен .
Сонымен фразеологизмдердің жалпы сипаттары , өзіндік ерекшелігін
ұзын – ырғасын санамалап шығуға болады :
1. Фразеологиялық бірліктер белгілі бір дәрежеде лексикалық
бірлікке ұқсап тұрады , номинативтік , көпмағыналық , ауыспалы
мағынаға ие бола алады ;
2. Фразеологиялық бірліктер контекстен тыс ттұрғанда еркін
тіркестермен омонимдес болып тұрады . Мысалы, контекст болмаса
бұл кісінің көзі ашылды деген сөйлемдегі көзі ашылды
фразеологиялық тіркесінің мағынасын түсіне алмаған болар едік ;
3. Көптеген фразеологиялық бірліктердің тууында тарихи себеп,
ұлттық салт - дәстүрлік негіз болады . Сондықтан аудармада
фразеологизмдердің ұлттық бояуын жеткізу елеулі қиындық тудырады .
Бұл тұрғыдан фразеологизмдер ұлттық реалия сөздерге ұқсас жатады
;
4. Фразеологиялық тіркестің компоненттерінің мағынасы олардың тұтас
мағынасына тікелей қатысты болмауы мүмкін . Бұл аудармашыны
адастыруға ықтимал .
5. Фразеологизмдер стилистикалық тұрғыдан әр түрлі топтарға
қатысты болады .
Фразеологиялық ормдар тіл білімінде әр тұрғыдан едәуір
дәрежеде зерттеленеді . Алайда оны жіктеуде , шегін айқындауда
тоқтамды түрде келесілген пікір пәтуасы бола қойған жоқ. Мәселен ,
оның құрамына күрделі сөздер де , метафоралық қолданыстар да
тіпіт қос сөздер де жүрген жайттар кездеседі .
Фразеологиялық бірліктер лингвистикада соңғы кездерде
тұтас шығатын мағынаға компоненттерінің қатысы жағынан ,
компоненттерінің тұрақтылығы жағынан дәлелді түрде жіктеліп тұр .
Көпшілік жүгінетін В . Виноградовтың фразеологиялық бірлік ,
фразеологизмдер , фразеологиялық тұтастық , фразеологиялық бірлік ,
фразеологиялық тізбек болып бөлінсе , Шанский бұған фразеологиялық
сөйлемше дегенді қосады . Қазақ фразеологизмдердің бірегей
зерттеушісі ғалым І . Кеңесбаев бұл бірліктерді негізінен екі
арнаға - фразеологиялық түйдек ( идиом сипатындағы тіркес ) ,
фразеологиялық тіркестерге бөледі . Сонымен қоса фразеологиялық
ормдардың мақал – мәтелдерден елеулі айырмасы болатынын ескерте
отырып мақал - мәтелдерді де тұрақты сөз тіркесіне жатқызады .
Сонымен жоғарыда көрсетілген классификацицялардың қай -
қайсысын алмасақ та Құрылымдық - семантикалық тұрғыға - идиомдық
және тұрақтылыққа сүйенетінін байқауға болады . Мәселен ,
тұтастықтар мен бірліктер құрастырушы сыңарлары өзінің
номинативті мағынасынан түгелдей немесе жартылай айрылып , ол
тіркесті тұтас алғанда жеке сөзге бара – бар болып тұрады .
Мысалы , қас пен көздің арасында - жылдам ( әңгіме қас пен көз
туралы болып тұрған жоқ ), сол сияқты жүрек жұтқан - батыл,
бос белбеу - былжыр , түйе үстінен сирақ үйіткен - ебдейсіз ,
пускать пыль в глаза - обманывать , намылить шею - поругать , во
всю Ивановскую - очень громко , лясо точить - болтать пустяки т.с.с.
Бұндай орамдардың сыңарларының тіркесуі нормадан өгеше болуы ,
құрамында мағынасы көмескі сөздердің кездесуі әбден мүмкін емес.
Ескерте кету керек , орыс тіл білімінде мақал – мәтелдерді
фразеологиялық бірлікке де жатқызады .
Тіл ғылымында дәлелденген тұрғы бойынша фразеологиялық
тізбектер мен сөйлемшелер сыңарлары өзінің лексикалық мағынасын
сақтайды да тек қана сөздердің тіркесу және қолданылу
тұрақтылығына қарай тұрақты тізбек құрайды . Бұл топтың құрамына
жататындардың қайсы бірі номинативтік қызметь атқарса, қайсы
бірі ( асқар тау , жерден жеті қоян тауып алғандай қуану ,
скалить зубы , құлақ қою , насупить брови т.с.с. ). Осы тұрғыдан
қарағанда тұрақты сөз тіркестерін аударғанда екі жүлдеге бөлуге
болады : идиомдар мен фразеологиялық тіркестер
( соңғысына белгіглі бір дәрежеде мақал - мәтелдерді де
жатқыздыруға болады ) . Мақал – мәтелдердің фразеологизмдерге
ұқсастықы - оның сөйлеуде дайын күйде қолданылуы . Әрине , бұл
жіктердің аударылуын бірдей тұрғыдан қарауға болмайды . Аударма
үдерісінде фразеологизмдердің ауыспалы мағынада жұмсалатындары
өзгеше тәсіл қолдануды , тіпті дайын , басқа тілдегі тізбектерді
талап етуі ықтимал .
Аударма үшін керекті нәрсе фразеологиялық орамдардың
қорытынды мағынасы немесе соны құрастырушы сыңарлардың тұтас
мағынаға қатысы , сыңарлардың айқындық я көмескілік , ерекше
маңызға ие болады .
Аударма зерттеушісі Ө. Айтбаев ... фразеологизмдерді екі
топқа бөліп қарап олардың аудармасын соған орай тексеру қажет
. Біріншіден , мағынасы жағынан жеке сөздер мен сөз тіркесіне
бара – бар фразеологизмдер . Бұларға жататындар - идиомдар .
Екінішіден , синтаксистік құрамы бір тұтас , тиянақты аяқталған
ойды білдіретін фразеологизмдер . Яғни мақал – мәтелдер және
басқа түрлері . Бұлай бөліп қарауда мән бар . Зерттеу
нәтижесінде байқатқандай , фразеологизмдердің бұл екі түрінің
аударылғыштық сипаты осылай бөлек қарауды талап етеді - дейді .
Сол сияқты Р . Сәрсенбаев аталмыш мақаласында фразеологиялық
бірліктерді табиғаты жағынан әр түрлі екенін ескре отырып ,
аударуда стильдік қызметін сақтау мақсатымен фразеологизмдерді
екі топқа бөліп қарауды ұсынады : 1. Идиомдарды адару ; 2. Тұрақты
метафоралық тізбектер мен мақал – мәтелдердің аударылуы .
Байқап отырғанымыздай , бұл жіктеуде айырмашылық шамалы.
Өйткені идиом дайын , одан өзгелері - сөз құраудың нәтижесі . Міне
, осы тұрғыдан біз аудармаға қатысты фразеологиялық мәселелерді
екіге бөліп қарағанды дұрыс деп санаймыз : 1. Идиомдарды аудару ;
2. тұрақты фразеологиялық тіркестер мен мақал – мәтелдерді
( фразеологиялық сөйлемшелерді ) аудару .
Идиомдарды аудару жолдары . Фразеологияны зерттеушілердің
пікірікше , идиомдардың басқа фразеологиялық бірліктерден
айырмашылығы - олардың бір тілдегі бояуы , мағынасы келесі тілге
жетпейтіндігі , яғни басқа тілге аударылмайтындығы немесе дәлме – дәл
аударылмайтндығы . Ғалымдардың бұлай айтылуына себеп -
идомдарды құрастырушы сыңарларының өзінің тиесілі мағынасынан
айырылып , идиомды тұтас алғанда номинативтік іспеттес , сөз
сияқты бір ғана мағынаға ие болатыны . Осы тұрғыдан алғанда
идиомдардың компоненттерін бір тілден екінші тілге сөзбе – сөз
аударуға келмейді . Бір тілдегі идиомдық тіркестің орныққан
мағынасын келесі тілдің фразеологизмдерінен я сөздік құрамынан
түпнұсқадағы тіркеске балама ретінде ұғымы , мағынасы жағынан
жуық келетін бірліктерді таңдап алуға тура келеді . Өйткені бір
тілдің идиомына аударма тілден қолданылу аясы , мағынасы жағынан
үйлесе келетін идиомдарды табуға болады. Мәселен , Р . Сәрсенбаев
екі тілдегі семантикалық жағынан ұқсас идиомдар ретінде сесть
в лдужу , сесть в калошу тіркестерді түпнұсқаның ыңғайына
қарай мұзға отырғызып кету , сазға отырғызып кету , кебіске
отырғызып кету деп аударуға болатынын айтады . Байқап отырғандай
, бұл жерде идиомдар орыс тілінен қазақ тіліне сөзбе – сөз
аударылып тұрған жоқ , олардың компоненттеріне кейбір өзгерістер
еңгізіліп отыр . Бұл идиомдардағы образдық мағына қазақ
ұғымына сіңісіп кеткені белгілі . Ал компоненттердегі өзгерістер
контекст ыңғайына байланысты еңгізілген . Идиомды аударып
қолданудың бір мысалына Ғ . Мүсіреповтың Авгиевы конюшни деген
орыс халқының өзіне кірме фразеологизмді Авгийдің ат қорасы
деп аударып , оны крнтекстпен түсіндіруін үлгі ете аламыз .
Ғ . Мүсірепов үлгісінен біз келтіріп идиомдарды қанша жерден

аударылмайды дегенмен , қалауын тапса , қарды да жандыруға
болатыны . Осындай калька тәсілімен аударуға келетін бір идиом
ит үреді , керуен көшеді - Собака лает , караван движется .
Бұған мысал ретінде Собака на сене деген идиомнан
жасалған шығарма атының Шөп қорған ит болып аударылғанын да
келтіруге болады. Алайда бұл - идиомдардың аударылғандағы
өнімді тәсіл деп айтуға болмайды . Өйткені басқа тілге бір
тілдің идиомдарын қайтсе де аударма деп орынсыз
талпынулардан шыққан жансақтықтар да аударма тәжірибесінде
баршылық .
Мәселен , белгілі лингвист Қ . Жұбанов А. М . Самойловичтың
қазақ тіліндегі қой үстіне бозторғай жұмыртқалау , тайға
таңба басқандай деген фразеологизмдердің заставить жавронка
нести яйца на овце , ясно , как то , на жеребенка положили
тавро деп аударғанын кешірімсіз оқылыққа санайды . Бұндай
жансақ аудармаға бір талай мысал келтіруге болады . Вот где
собака закрыта - иттің көмілеген жері – осы ; перегнуть
палку в вдругую сторону - таяқты басқа жаққа майыстырып
жіберу ; держать нос по ветру - мұрын желге тосу т.с.с.
Бұлардың мағынасы түсініксіз екені өзінен - өзі білгілі болып отыр
.
Тіл – тілдегі идиомдардың бәрі де құпастырушы сыңарлардың
жеке – жеке алғандағы мағынасынан тыс тұтас мағына беретін ,
жеке лексема тәріздес номинативтік мағынаға ие бірліктер
екені белгілі . Оның үстіне идиомда ұлттық колориттің қалың
болаты тағы бір . Бұлар әуел баста шыққанда компоненттердің жеке
– жеке ауыспалы мағынада жұмсалып , қазіргі күйде қалыптасып
кеткен . Идиомдарда көнерген сөздердің , реалиялық сөздердің жиі
кездесетінін байқауға болады . Осы тұрғыдан келгенде , идиомдарды
басқа тілге дәлме – дәл жеткізудің мүмкіндігі азая түседі .
Бұған қоса бір тілдің идиомасын басқа тілге тұрақты сөз
тіркесі етіп аударудың мүмкіндігі шамалы .
Тұтас адамзаттың бөлшегі ретіндегі кез келген халықтың
өміріндегі ұқсас тіршілік пен құбылыстар нәтижесінде туған
фразеологизмдерді бір – біріне дайын балама ретінде пайдалануға
болады . Өйткені ұлт – ұлттың ойлауы , елестетуінде ұқсастық
болуы - заңды нәрсе . Осы тұрғыдан алғанда , кейбір фразеологиялық
тіркесті аудару , тіпті , мүмкін емес . Сондықтан бұндай
жағдайдағы ұғымды да оңтайлы әдіс - дайын фразеологизмдерденмен
алмастыру . Мысалы : ағама жездем сай - два сапога пара ; из
одного теста ; на один порой . Малтасын езу - чесать языком ,
төбесі көкке жеткендей болу - ( быть) на седьмом небе , кежегесі
кейін тарту - душа не лежит , зарубить себе на носу - жадында
ұстау ; попадать на седьмое небо - төбесі көкке жету , ақ
түйенің қарны жарылу - пир горой т.с.с. Бұл жерде , қадағалайтын
құбылыс - тағы да контекст .
Тұрақты фразеологиялық тіркестер мен мақал – мәтелдерді
( фразеологиялық сөйлемшелерді ) аудару . Қай тілде болсын
фразеологиялық тіркестер мен сөйлемшелер метафоралық жолмен
жасалатыны белгілі . Мұндай тізбектер идиомаларға қарағанда
құрамындағы компоненттерінің мағынасынан ажырау , жартылай
айырылу жағынан ерекшеленеді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фразеология
Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің лексикалық ерекшеліктері
Фразеологиялық оралым және оның түрлері
Тұрақты сөз тіркестері
Фразеологиялық бірліктердің көлемі
Фразеология. Фразеологизмдерді аудару
Фразеологиялық бірліктердің аудармасы
Жалпы фразеологиялық тіркес - құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі
О. ГЕНРИ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ БЕРІЛУІ
Фразеологиялық бірліктердің жүйелік ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыру, бейнелеу
Пәндер