Түйсіну мен қабылдаудың қасиеттері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 3

1 Түйсіну мен қабылдаудың теориялық негіздері 4

1. 1 Түйсіну мен қабылдау жөнінде ғылыми көзқарастар 4

1. 2 Түйсіну мен қабылдаудың қасиеттері 11

2 Түйсіну мен қабылдау: түрлері, құрылымы, дамуы 14

2. 1 Түйсіну мен қабылдаудың түрлері 14

2. 2 Түйсіну мен қабылдаудың құрылымы 21

2. 3 Түйсіну мен қабылдаудың дамуы 24

Қорытынды 31

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 33

Кіріспе

Қоршаған орта мен өз тәніміз жөніндегі біліктердің негізгі көзі - біздін түйсіктеріміз. Олар қоршаған орта мен ағза қалпы жөніндегі ақпараттардың миға жетіп, адамның төңіректегі дүние ортасы мен өз тәніне байланысты бағыт-бағдар түзуіне қажетті негізгі өзек, арнаны құрайды. Егер осы өзектер жабық болып, сезім мүшелері керекті ақпараттарды жеткізіп тұрмағанда, ешқандай саналы өмір жөнінде әңгіме ету мүмкін болмас еді. Деректерден белгілі болғандай, тұрақты ақпарат көзінен айрылған адам мүлгіген кейіпке түседі. Мұндай жағдай адамда кенеттен көру, есту, иіс сезу қабілетінен айрылып немесе сана сезімі қандай да сырқатқа байланысты шектелсе, көрініс береді. Бұл кейіпте адам алғашқыда ұйқы құрсауына шырмалып, кейін төзіп болмас күйзеліске ұшырайды.

Көптеген байқаулардың көрсеткеніндей, ерте балалық шақта кереңдік пен зағиптіктен жеткілікті ақпарат ала алмаудан адамның психикалық дамуы күрт тоқтайды. Егер соқыр-керең болып туған баланы немесе ерте жастан мұндай халге душар болған субъектіні арнайы оқытып, кемістіктердің орнын толтырудың жолдары мен әдістерін үйретпесе, олардың психикалық дамуы өрістей алмай, өз бетінше кемелденуі біржола жойылады.

Түйсiк пен қабылдау өзара тығыз байланысқан жан құбылыстары. Бұлардың екеуi де бiздiң санамыздан тəуелсiз жасап, түйсiк мүшелерiмiздiң əсерленуiнен туындайтын объектив шындықтың сезiмдiк бейнесi. Бұл тараптан түйсiк пен қабылдау өзара жақын келедi. Бiрақ қабылдау - нақты затты немесе құбылысты сезiмдiк тануға негiзделедi, қабылдауда бiз көз алдымызға белгiлi мағынаға толы адамдар, заттар, құбылыстар əлемiн келтiремiз жəне олардың бəрiнiң де өзара күрделi, əрқилы қатынастарға түскенiн байқап, бiлемiз. Осы қатынастар арқасында куəсi мен қатысушысы өзiмiз болған мəндi де маңызды жағдайлар түзiледi. Ал түйсiк болса - қоршаған орта əсерiнен болатын, бiрақ толық жетiлмеген, нақты заттық кейiпке келмеген жеке сезiмдiк қасиеттердiң бейнеленуi. Бұл тұрғыдан түйсiк пен қабылдау сананың екi əртүрлi формалары немесе заттық дүниеге деген екi бiр-бiрiне ұқсамаған қатынастарын бiлдiредi.

Зерттеу өзектігі: түйсіну мен қабылдаудың адам өміріндегі рөлі.

Зерттеу пәні: психология.

Зерттеу объектісі: түйсіну және қабылдау сезімдері.

Зерттеудің мақсаты: түйсіну және қабылдау жөніндегі ұғымды зерттеу.

Зерттеудің міндеттері: тақырыпты ашу барысында өзіме келесі міндеттерді қойдым:

- зерттеу объектісінің анықтамасына тоқталып өтіп тақырыпты ашу;

- түйсіну және қабылдаудың түрлеріне анықтама беру.

1 Түйсіну мен қабылдаудың теориялық негіздері

1. 1 Түйсіну мен қабылдау жөнінде ғылыми көзқарастар

Түйсіктер адамға қоршаған орта мен өз тәнінін сигналдарын қабылдап, олардың қасиеттері мен белгілерін бейнелеуге мүмкіндік береді. Олар адамды төңіректегі дүниемен байланыстырып, негізгі таным көзі ретінде қызмет етеді, солар арқасында адамның даму мүмкіндігі ашылады. Идеалист философтар түйсікті біздің саналы өміріміздің емес, ол табиғаттан берілген, сыртқы әсерлерге тәуелсіз санамыздың ішкі қалпы, ақыл-ой қабілетіміз, - деп топшылаған. Рационализм философиясының негізіне алынған мұндай көзқарас мәні: психикалық процестер күрделі тарихи дамудын жемісі емес, сана мен ақылдың қоғамдық болмысқа қатысы жоқ, олардың бәрі адам рухының түсіндіріп болмас, тума берілген қасиеті. Идеалистік тұжырымдарды қолдаушы философтар мен психологтар түйсіктердің адамды сыртқы дүниемен байланыстыратыны жөніндегі күмәнсіз ережені жоққа шығарып, олардың адамды қоршаған дүниеден бөлектеп, екі apaғa ажыратқыш дуал болып түседі деген қисынға келмейтін пікірдің дұрыстығын дәлелдегісі келеді[1] .

Бұл көзқарасты кезінде философ-идеалистер (Д. Беркли, Д. Юм, Э. Max) ұсынып, ал оның негізінде психологтар (Мюллер, Г. Гельмгольц) "сезім мұшелерінің ерекше энергиясы" деген теорияны нақтылады. Бұл теорияның астарында сезім мүшелерінің әрқайсысы (көз, құлак, тері, тіл) сыртқы дүние әсерлерін бейнелемейді, нақты шындық процестерден хабар бермейді, болғаны - сырттан өзіндік процестерді қоздырушы ықпалдарды ғана қабылдайды деген пікір жатыр. Бұған идеалистердің келтіретін дәлелі: көзге қандай да әсер болса, жарқыл туындайтынын, құлақта механикалық не электрлі әсерден ызың пайда болатынын алға тартады. Осыдан, сезім мүшелері сыртқы әсерлерді бейнелемсй, олардан тек қозу күшін алады, ал адам қоршаған дүниенің объектив әсерлеріне ұшырамай, сезім мүшелерінің әрекетін бейнелейтін өзінің субъектив кейпін ғана тани алады дегендей қорытынды пайымдайды. Бұл сезім көзі-түйсік адамды қоршаған дүниемен байланыстырмай, олар арасын ажырата түседі деген сөз. Субъектив идеализм негізіне алынған бұл қорытынды адам тек өзін ғана танута қабілетті, ол өзінен басқа болмыс барлығын дәлелдейтін ешқандай дерек көзіне ие емес деген кертартпа теорияға арқау болды[2] .

Субъектив идеализм теориясы адамның сыртқы дүниені объектив бейнелеу мүмкіндігі жөніндегі ғылыми көзқарасқа тікелей қарсы. Сезім мүшелерінің эволюциясын зерделі зерттеу нәтижесінде ұзаққа созылған тарихи дамудын желісі ретінде объектив болмыстағы материя қозғалысының формаларын қабылдайтын органдардың (рецепторлар), дыбысгық тербелістерге жауап қатушы тері рецепторларының, сондай-ақ белгілі диапазондағы электро-магниттік толқындарды бейнелеуші көру рецепторларының қалыптасқаны белгілі болып отыр. Организм эволюциясын зерттеу арқылы ғылым адам психикасы сезім органдарының өзіндік ерекше энергиясымен қатынас жасамай, әрқандай сыртқы энергияларды қабылдап, оған жауап беретін ерекше сезім мүшесімен байланысқа келетінін дәлелдеді. Ал, құлақ не көзде қандай да әсерден ызың не жарқылдың пайда болуы сол қабылдаушы аппараттың жоғарғы "мамандандырылғанын", сонымен бірге өздерінің жұмыс атқару сипатына тура келмеген әсерлерге жауап қатпайтынын көрсетеді[3] .

Әртүрлі сезім органдары қызметінің жоғарғы дәрежеде жіктелуі олар негізінде ерекше құрылым - "рецепторлардың" болуынан ғана емес, сондай-ақ шеткі сезім органдары қабылдаған сигналдарды орталық жүйке аппаратына жеткізуші жоғары дәрежеде "маманданып", жетілген нейрондарға да байланысты [4] .

Психикалық тіршілікте ассоциация заңына негізделген басты түсініктердің бәрі ес процесіне қатысты және естің кызметіне тіректелген. Осындай түсініктерге тірекгелген қабылдауды да ассоциация психологиясындағы түйсікгердің жиынтығы деп санайды. Ес процесі де ассоциация байланыстарына сүйене отырып жекелеген елестер мен еске түсірулер белгілі жүйелі ізбен жасалып отырады дейтін пайымдау жасалады. Міне осындай жәйттердің байланысты болуына қабылдау да жатады деген түсінік қалыптасты[2] .

Жекелеген бытыраңқы нүктелер мен бөлшектер тұтас дене, не көрнекті тұлға қалай пайда болады? - деген қисынды сұрақ туьш, сол нәрселер мен тұлғалар бейнесін біз қалайша танып білеміз, әлде қалай қабылдай аламыз? деген мәселенің мәнін түсіну керек болады. Мұнлай сұрақтар психолотиядағы ассоциация бағытына тән болатын.

Осындай сұрақтарға сәйкее қабылдау процесі де жекелеген нәрселердің бөлшектерінен өзара мөлшерлес шашыраңқы бөлшектерінің жинақталып көз кабығының торына әсер етуі арқылы көзбен көріп қабылдау процесін тудырады. Қабылдаудың бұл сипаты бойынша көз алдымызда тұрған нәрсенің бөлшектері көзге әсер етіп, олар мидың алаптарында қозу тудырады, өзара байланысып тұтасады да, орталық жүйке жүйесі арқылы бірігіп қабылдау процесін жасайды.

Қабылдау туралы ассоциация теориясының дәрменсіздігі бекерленіп, ол құрылым психологиясы тарапынан сыналады. Бұл бағыт - психикалық процестердің мәнін тәжірибе арқылы зерттеп, адам тіршілігіндегі психикалық кұбылыстардың бәрі де құрылымдық сипатта болады, нәрселерді көріп қабылдау тұтас түрде бейнеленеді. Сөйтіп дәстүрлі ассоциация психологиясының басты принциптеріне қарсы шықты. Құрылым психологиясын жақтаушылар қабылдаудың түйсіктен, елестен сапалы айыр-машылығы бар екенін және олардың жиынтығы емес екендігін көрсетті. Құрылым психологиясындағы мұңдай принцип пси-хикалық тіршшіктің өзге де процестеріне қатысы бар деген пікірді қолдап, бұл көзкарастың шындығын тәжірибеде зерттеу нәтижелерімен анықтады.

Осы орайда В. Келердің қолда өсірген тауыққа жасаған тәжірибесімен танысып көрейік. Тауық екі түрлі түсті нәрселердің қарапайым ассоциациялы қосындысы ретінде емес, олардың арасындағы айырмашылықты көрсететін жиекті тұтас түсірілген жарыққа лайықты қабылдаған. Түстердің шегі жарык беру арқылы өзгертілгенімен қабылдау жиегі бұрынғыша қалпын сақтап өзгермеген. Тәжірибенің бұл тәсілдері алдымен төменгі сатыдағы хайуанаттарға, одан кейін адам тектес маймылдарға, ақырында бұл тәжірибенің тәсілін өзгертіп балалардын қабылдау процесін анықтауға қолданған. Тәжірибе қорытындылары қабылдаудағы тұтастық сипаты оның бөліктерін өзгерткенмен бұрынғы қалпын сақтап қалған. Осы тәжірибе керісінше тұтастық құрылымды өзгертіп жүргізгенде де қабылдаудың пайда болуындағы тұтастық сақталатыны белгілі болған.

Енді осы бағытта Г. Фолькельттің өрмекшіге жасаған тәжірибесімен танысайық. Өрмекші ұясына шыбынды өзі ұшып келғендей етіп тастайды. Осы мезетте өрмекші шыбынды ұстап жеуге әрекеттеніп, оған ұмтылады. Ал сондай шыбынды бөлшектеп өрмекші ұясының шегіне қойғанда өрмекші оған реакция да жасамаған. Бұл өрмекшінің өз жемісін тұтас түріңде қабылдайтындығын көрсетеді де, ал бөлшектенген шыбын оған қажетсіз нәрсе болып қалған.

К. Гештальд тәжірибелеріне назар салайық. Зерттеуші сыналушыға күрделі заттың бөлшектеріи жекелеп алып, оларды сыналушыға жүздеген рет көрсетеді де, осы көргендеріңді ұмытпау үшін жаттап ал дейді. Басқа бір жағдайда сыналушыға сол күрделі заттың бөлшектерін өзгеше түрінде жинап әкеп көрсеткенде, бұрыңғы жаттап алған бөлшектерді және затты танымай қалады. Демек, бұл орайда бұрыңғы тұтас түрінде қабылданған затгың құрылымы өзгерген сон оны сыналушы тани алмаған.

Мұндай тәжірибелердін, мән-жайы белгілі болғандықтан, оларды тәптіштеп талдап жатудың қажеті бола қоймас деймін.

Балалар психикасының даму ерекшеліктерін түсіну үшін қабылдау процесін жаңа құрылым теориясы тұрғысынан қарастырудың қаншалықты маңызы бар?

Қабылдау жайындағы ассоциация теориясының мәні баланың жалпы психикалык даму ерекшеліктеріне ұксас деуге болады. Мұндай түсінік баланың туған күнінен басталып, оның бүкіл өміріндегі психикалық дамуымен тығыз ұштастырылып, оның бойында сол ассоциация байланыстары негізінде жаңа қасиеттер қалыптасады. Дәстүрлі ассоциация психологиясының принциптеріне сәйкес бөбектің қабылдауы бастапқы кезінде нәрселердің бытыраңқы бейнесі (түйсік) сипатында болып, ол К. Бюлердін айтуынша шашыраңқы түсініктердің тағылык бейнесіне ұксайды дейді.

Құрылым психологиясының көзқарасы бойынша баланың қабылдауы жайындағы түсініктерге сын көзбен карап, жалпы қабылдау өзара байланысыз бытыраңқы бөлшектер жиынтығынан құралады дейтін идеяға қарсы шығып, қабылдаудың дамуы төменгі сатысынан бастап нәрселердін тұтас түріндегі бейнесі деген пікірді қолдайды.

Кёлер «Адамның қабылдауы» деп аталатын еңбегінде адамның қабылдауы да негізінен хайуанаттардың қабылдау заңдылығына ұқсас, бірақ адамның қабылдау қасиеті хайуанаттармен салыстырғанда әлдекайда нәзік, нақты әрі айқын сипатта болады дейді. Сонымен бірге, Келер адамның қабылдауы жануарларға қарағанда жоғары дәрежеде тұратындығын айтады.

Құрылым психологиясының өкілдері, даралап айтқанда, Фолькельттің балалардың қабылдау процесіне қатысты зерттеу-лерінде қабылдаудың тұтастық қасиеті нәрестелік кезеңнен басталады және сол сипатта қалыптасады деген пікірі бұл ағымды тығырыққа әкеп тірегендей болды. Өйткені құрылым психологиясы өкілдерінің қабылдауды баланың нәрестелік кезеңнен басталып, оның мәні тұтас сипатта болады деп санауы сынар жақты қорытынды еді. Осы жағдайда мынадай мәселенің мән-жайын анықтау кажет болды.

Егер қабылдау нәрестелік кезеңнен бастап нәрселердің тұтас бейнесі ретінде қалыптасатын болса, онда балалар мен ересек адамдардың қабылдауы арасында кандай айырмашылык бар?

Бұл мәселені шешуде құрылым психологиясының өкілдері өздерінің осалдығын байқатты және өздері іздестірген фактілер мен теориялық тұжырымдарын дәйектей алмады. Құрылым психологиясының қабылдау процесі жайындағы дәрменсіздігі бір жағынан, бұл ағымның зерттеу жүргізудегі методологиялық саяздығын көрсетсе, екінші жағынан, тұтастық деген ұғымның мәнісін түсіндіруде метафизикалық көзқарасқа ұрынғанын байқатты. Нәтижеде біздер құрылым исихологиясы ағымындағы бірімен-бірі сабақтас екі пікірмен ұштастық. Оның бірі - Қ. Гештальд пен К. Коффка зерттеулері. Бұл екеуі де қабылдаудың адамның даму кезеңдеріне орай қалайша даму сипаттарын ажыратып көрсете алмады. Ал екіншісі - Фолькельт зерттеуі. Бұл зерттеуде қабылдау адамның барлық даму сатыларында нәрестелік кезеңінде қалыптасқан біртұтас құрылымды сипатта болады деп анықталады. Ол барлық нәрсе өзгеріссіз өз күйін сақтайды деген пікірге сүйенді.

Мен құрылым психологиясының қабылдау процесіне қатысты тығырыққа тірелген жағдайынан шығу үшін, балалар қабылдауының дамуын дұрыс жолға салып іздестіру ниетімен, олардың табиғи даму кезеңдерін қарастырған тиімді болар деп санаймын. Бұл мәселе бұрыннан келе жатқан біздерге мәлім жағдай. Бұл мәселенің шешімін табуды алғаш рет ойластырған психофизиолог мамандар, атап айтқанда Г. Гельмгольц қолға алып зерттеген еді. Алайда бұл мәселе одан әрі іздестірілмеді. Ал соңғы екі он жылдың ішінде бұл мәселені іздестіру қайтадан су бетіне қалқып шықты. Мәселенің түпкі мәні мынада: қазіргі ересек адамдардың қабылдауын түсіндірудің өзіндік қиындығы бар және өзге психикалық процестерден айырмашылығы бар екендігі даусыз.

Олай болса, біздің қабылдау ерекшелігіміздің миы зақымдальш, ауруға душар болған адамдардан айырмашылығы неде? Біз маңымыздағы кез-келген нәрсеге зер салып қарайтын болсақ, өзара байланысты, ретті бейнелерін тұтас күйінде қабылдаймыз.

Бұл мәселенін. аржақ-бержағын ой жүгіртіп, оны тәжірибе арқылы іздестіретін болсақ мынадай қаситеттерді аңғарып білеміз.

Бірінші - заттың шамасын қабылдаудың тұрақтылығы. Егер мен ұзындығы бірдей екі затты (екі қаламды) ұстап тұрып көз алдыма жақындататын болсам, көз қабының торына сол екі заттың бірдей бейнесі түседі, Егер сол қаламның бірі екіншісінен 5 есе ұзын болса, онда осы екі қаламның әр қайсысының шамасы түрліше болып бейнеленеді. Демек қаламның ұзын-қысқалы болуы екі түрлі тітіркендіргіш тудыратын болғаны. Бұл тәжірибені одан әрі жүргізіп, сол қаламның ұзынын көз алдымнан 5 есе қашықтатсақ онда екі түрлі қаламның көз қабығындағы торға түскен бейнесі шамалас болар еді. Бірақ осы ұзындығы екі түрлі қаламның ұзынын қашықтатып, оның екеуін де қатар қабылдасақ олардың ұзындығы түрліше екендігі айқын байқалады.

Мұндай көріністің психологиялық мәні неде? Не себептен мен бұл қаламдардың шамасы түрліше деп қабылдаймын?

Осы қабылданған екі түрлі заттың түрліше қашықтықта тұрғанымен олар өз қалпында қаңдай болса, дәл сондай болып бейнеледі. Бұл - қабылдаудың тұрақтылык қасиеті. Осы ретте заттардың биологиялық қасиетін де ескеру керек. Мынадай мысал келтірейік. Жыртқыш аңдардан қорқатын хайуанаттар өздерінің. жауымен арасы 100 қадам қашықтықта тұрып өзінің табиғи тұрқынан 100 есе кішірейіп көрінсе де, оны хайуандар сол күйінде қабылдап одан қауіптеніп секем алады. Заттар мен жыртқыш аңдар белгілі қашықтықта орналасқанымен олар сол өз қалпында қабылданбаған болса, онда хайуандар жыртқыштардан қауіптеніп сескенбенген болар еді” Мұндай биологиялык заңдылық заттардың өзіндік тұлғасының тұрақты түрде бейнеленіп отыратыңдығын көрсетеді.

Демек, осындай мысалдардан біздер биологиялмк механизмнің заттардың шама-шарқы мен мөлшері, кеңістікте орналасуы түрлі жағдайға сәйкес орнын өзгерткенмен, олардьщ тұрақты қасиеттері үнемі сақталып отыратындығына толық көзіміз жетеді. Енді нәрселердің түс-тірін (реңін) қабылдаудары тұрақтылықты іздестіріп көрейік, Э. Геринг өз тәжірибелерінде бордың сынығы түс кезінде кас қарайған мезгілмен салыстырғанда күн сәулесін 10 есе артық қабылдап жарқырай түсетінін айтады. Ымырт кезінде бор ақ түсті, ал көмір қара түсті больш қала береді. Өзге де нәрселердің түр -түстеріне қатысты зерттеу нәтижелері де әртүрлі жарықтың түсуіне қарамастан өңдерін өзгертпей бір қалыпта қала береді. Дегенмен нәрселердің тұр-түсі әр түсті жарықпен шатасқаңда сапасын өзгертіп, адамда әр қилы тітіркендіргіштер тудырады.

Нәрселердің шамасы мен түр-түсінің тұрақтылығы сол заттардың тұлғасының да тұрақты екенін көрсетпей ме? Мысалы, мына менің алдымда жатқан зат портфель ғой. Осы портфельді жоғарыдан да, жанынан да қарасаң сол портфель күйінде өзгерместен жата береді. Осы орайда Гельмгольц сурет пәнінің оқытушысы өз шәкірттеріне сурет салдыру үшін нағыз столдың толық тұлғасын емес, сол столдың кесіндісін көріп отырғанын айрықша етіп түсіндіру әлдеқайда қиын болатындығына баса мән берген.

Нәрселердің шама-шарқы мен түр-түсінің тұлғасының тұрақтылығына қатысты өзге де қасиеттерімен толықтыруға болар еді. Бұл мәселенің бәрі тікелей бақыланатын қасиеттер құрылымы деп аталады. Тікелей бақылаудың өзі тағы да заттарды дұрыс қабылдай білу. Соңдықтан біздер тікелей бақылау нәтижесінде нәрселер мен құбылыстардың құлпырып өзгеруі кеңістікте орналасу жағдайына қарамастан, оларды бұрмаламай дәл сол күйінде тұрақты жағдайында қабылдаймыз.

Біздің нәрселерді айқын қабылдап, оларды реттеп отыруға байланысты көптеген өзекті мәселелерді қарастыруда басты мақсатымыз - балалардың қабылдау процесін дамытуға арналған. Бұл мақсатты жүзеге асыру жолында қажетті проблемалардың шыңдығын ашып беретін тиісті зарттеулерді іске асыруда ассоциация психологиясы мен құрылым психологиясының өкілдері кедергі жасап, оларды іздестіруді өрістетуге тосқауыл болды.

Г. Гельмгольц осы мәселенің тоқырап қалуына өкініш білдіріп, қабылдау процесін бақылау негізгі әдіс емес, оның дамуына орай пайда болған көзқарас деген-ді. Қабылдау процесінің өзге де қасиеттері жайында Гельмгольцтің өзіндік пікірлері мен идеялары болды. Алайда оның зерттеулеріңде қабылдауды тікелей бақылау нәтижесі деп санауы шындыққа сай келе бермейтін жағдай еді. Өйткені қабылдау бастапқы процесс емес, ол психикалык дамудың жемісі деп санау керек еді. Мұңдай шындыққа сай келетін келісімді пікірді Гельмгольц өз кезеңінде ғылыми талапқа орай көтере алмады. Бұл бірінші.

Екінші, қабылдаудың тұрақтылық қасиеті оның ішкі құрылысының өзгеруі және өзіндік ішкі қасиеттерінің дамуы жеке процесс шенберінде тұйықталып қалмай, ол басқа да психикалық кызметтердің, жүйесімен байланысты түрде әрекеттесіп отыратындығын жете түсіну қажет еді.

Гельмгольцтің санасыз ой қорытындысына сілтеме жасауы бұл мәселені ұзақ жылдар бойы іздестіруге кедергі болған сәтсіз болжамы еді. Дегенмен қазіргі зерттеушілердің айтуынша көру қабылдауының пайда болуы күрделі тітіркендіргіштердің әсерімен жасалып, олар сонан соқ өзара бірігіп отырады дейді. Мен сіздерге Гельмгольц жорамалына сәйкес қаламды көз алдымнан 5 есе қашықтатсам, онда ол 5 есе кішіреюі керек қой. Егер біздің көз алдымызда қалам болмай, оның әсер еткен бейнесін көрсетіп, . заттардың өзін алып кетсе, бейнесі түскен экранды бізден 5 есе қашықтатса, онда Эмарттың заңы бойынша қаламның бейнесі 5 есе ұлғайған болар еді. Бірақ экранды көз алдымыздан әрі қарай жылжытып әкеткенде заттың шамасы өзгермеуі тиіс. Демек, мен бұл орайда затты қабылдау мен оның адамның көз қабы торына түскен бейнесі біріне-бірі тең болуға тиісті еді демекпін. Бейне экраннан алыстаған сайын 5 есе үлғаюы керекті, ал зат 5 есе кішірейеді, бірақ бұл зат бірізділік бейнемен ұласуға тиісті, соған орай тітіркенудін өзгеріссіз пайда болатындығы айқын нәрсе.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлға таным субъектісі ретінде
Қабылдаудың тұтастығы
Балаларда нәрсе өлшемін қабылдаудың физиологиялық механизмі
Түйсіктің түрлері
Есту қабілеті зақымдалған балалардың танымдық процестерінің даму ерекшеліктері
Түйсіну мен қабылдаудың психологиялық табиғаты
Түйсік туралы
Адам психологиясы
Сезгіштік және түйсік табалдырығы
Түйсік және қабылдауға жалпы сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz