Есенберлин - көне тарихымыздың жиһангері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

I. Тұңғиық сырлы талант

  1. І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы . . . 5

1. 2 Әдебиеттегі алғашқы адымдары . . . 9

1. 3 Дастандары . . . 10

II. Жазушы тақырыбы - ұлттық тақырып

  1. «Қатерлі өткел», «Айқас», «Қаһарда» романдарының

жалпы сипаты . . . 16

2. 2 Романдағы ақын бейнелері . . . 24

ІІІ. Қорытынды бөлім

І. Есенберлин - көне тарихымыздың жиһангері . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Ілияс Есенберлин - қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи зерде тамырына қан жүгіртіп, тұншыққан сананы қапастан шығаруға жол салған, ұлт рухын тірілткен жазушы ретінде қазақ әдебиетінің тарихында оқшау орны бар тұлға. Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі болып қала бермек. Тарихи тақырып арқылы бүгінгі күнге, қазіргі дәуірге қатысты идеялар айтылатынын естен шығаруға болмайды.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тарихының соңғы бірнеше ондаған жылы түн-түнекті, меңіреу күй кешіп, өзге халық тарихының қосағында болғаны кім-кімге де белгілі. Мұның өзі қаншама буын ұрпақтың жандүниесіне әсер етіп, дүниетанымына салқынын тигізді, акыл-парасаты аяқ асты болды. Осы тұрғыдан келгенде жеке жазушының ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің тарихында әлеуметтік терең мәнді туынды болып қалған«Көшпенділер» трилогиясында Шыңғыс әулеті билеп тұрған дәуірлердегі ұлт тарихына тереңдеп еніп қадам жасауы қазақ әдебиеті мен көркемдік әлеміне алғаш рет І. Есенберлин әкелген жаңалық пен батылдық еді.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Ілияс Есенберлин осының бәрін біле тұрып қазақ халқының өткен тарихын бейнелейтін, тарихтан мол мағлұмат беретін бір кітап емес, бірнеше роман жазып, оқырманға ұсыну жай ерлік қана емес, талантты жазушының саяси жеңісі еді. Архивтік деректер, халықтық аңыздар, этнографиялық сипаттар негіз болған тарихи эпопеяда автор оларды сол өткен дәуір елесін дәл бейнелеу үшін ғана емес, оған қоса түрлі қағида мен идеялардың, түрлі психология мен мақсат мүдделерінің қандай заман, қандай қоғамдық жүйеде болсын сабақтастық алып жатқан көрінісін беру үшін де пайдалану мақсатын ұстану керек.

Зерттеу болжамы. Әдебиетіміздің арғы-бергі тарихында ұлы сахараның бірде құландай тулап, бірде ұлардай шулап қалған алмағайып тағдырын Ілияс Есенберлиндей азаматтық қажырмен, суреткерлік қуатпен толғаған жазушы болған жоқ. Егер шындыққа жүгінсек жазушы ерлігіне берілген бағадан гөрі берілмек баға әлдеқайда салмақтырақ болуға тиісті. Халық тарихындағы хронологиялық заңдылық дегеніміз жыл санауға ғана тәуелді емес, ол - Сананың ел рухымен үн қатысы, адами армандармен матасуына, сөйтіп кешеден келген бүгіннің «генетикалық» арқауына шындық пен әділдіктің, ерлік пен батырлықтың, ар мен ұяттың, бірлік пен бірегейліктің нұрлы шуағын себер сәттеріне байланысты.

Қазақ әдебиеті дамуының тарихында жазушы Ілияс Есенберлин төргі орындардың бірін алады. Ол туған жеріне, өскен еліне шығармагерлік алапат еңбегімен, талмас талантымен танылған ардақты азамат, ірі қаламгер.

Қазақ әдебиетінің көркем қазынасын байытуға қомақты үлес қосқан жазушының әр түрлі жанрларға құлаш ұрды. Қыруар өлең, он дастан, екі повесть, он жеті роман туғызды. Драматургия, кино, аударма саласында тер төкті. Елінің күнделікті өмірімен тыныстаған шығармалармен қатар, ұлт өмірінің ғасырларға кететін кең ауқымды, қарымды панорамасын жасаған құнарлы туындылар берді. Ата-бабамыз қалай өмір сүрді? Қандай жолдан өтті? Тарихи тағдырлары неге сүйіндірді, неден жирендірді? « Қазақ жазушыларының арасында үлкен оқырманның шақыруына үн қосқан алғашқы қаламгерлердің бірі - Ілияс Есенберлин. Біз оны жаңа сапа белесінен көрдік те таныдық, - деп жазды асрдар сыншы Мұхамеджан Қаратаев… - Біз оны қажырлы еңбегі үшін сыйлаймыз. »

Жазушы туындылары жұртшылық жүрегіне жол тапты. Көптеген шет тілдеріне аударылды. Шебер жазушының шабытты еңбегі, шалқар творчествосы шебер бағаланды. І. Есенберлин Қазақ ССР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанып, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталып, халқының құрметіне, зор абырой, даңққа бөленді.

I. Тұңғиық сырлы талант.

1. 1 І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы

Ілияс Есенберлин - қазақ аңыз-шежіресі, фольклор дәстүрі, мәдениеті мен тұрмыс- салтының тамаша білгірі. Ол өзінің осы көлгөсір байлығын көркем шығармаларының өн бойына шеберлікпен сіңіріп жіберген.

Әлкей Марғұлан

І. Есенберлин 1915 жылы 10 қаңтарда қазіргі Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келді. Қабілетті зерек жас 1940 жылы Қазақтың Мемлекеттік тау- кен және металлургия институтын бітірді. Сол мамандығы бойынша Жезқазған кенішінде құлшына қызметке кіріскенінде күркіреп Ұлы Отан соғысы басталды. Жас азамат қолына қару алып, жаумен айқасуға аттанды.

Тумысында алғыр, мықты қайрат иесі Ілияс соғыстан оралған соң бейбіт құрылысқа мидай араласты. 1942-1947 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде нұсқаушы, 1947-1951 жылдары Қазақ филармониясының директоры боп істеп, үлккн өмір мектебінен өтті, талай біліктілермен, зиялылармен сұхбаттасты, жұмыс бабында күрделі мәдени,

қоғамдық мәнді мәселелерді шешуге атсалысты. 1953-1954 жэылдары Қазақстан Геология министрлігінде аға инспектор қызметін атқарды,

1954-1955 жылдары Ақтөбе облысындғы Берсүгір шахта басқармасының бастығына жоғарылатылды.

Өмірінің алғашқы сатыларында ысылғандығы, мол білім мен бай тәжірибе жинақтауы бір жағы әдебиеттегі ілкі адымдырының сәтті басталуына жол ашса, екінші жағы былайғы қызметіне де қаруы тимей қойған жоқ. 1955-1957 жылдары Қазақ Мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы, 1958-1967 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының аға редакторы, сценарий коллегиясының мүшесі, 1967-1971 жылдары «Жазушы» баспасында директор, 1971-1975 жылдары Жазушылар одағы басқармасының екінші секретары қызметтері жүгін еркін көтеріп, тапсырылған істі абыройлы атқарды. Ең бастысы - дарынын ұштады, замана беталысын дұрыс аңғарып, дәуірдің қилы-қырлы соқпақтарында өз жолын таба білді, болашағынан ұялмайтындай бағыт ұстауына мүмкіндік ашатын өреге көтерілді.

1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітіріп, Жезқазған рудниктерінде инженер болады. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942-1947 жылдар аралығында Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы, 1951 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, 1953-1954 жылдары ҚР Геология

министрлігінде аға инспектор, 1954-1955 жылдары Берсүгір шахта басқармасының (Ақтөбе облысы) бастығы, 1955-1957 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы, 1958-1967 жылдары "Қазақфильм" киностудиясының аға редакторы, сценарий редколлегиясының мүшесі, 1967-1971 жылдары "Жазушы" баспасының директоры, 1971-1975

жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы болып қызмет атқарады. Атбасар қаласындағы мектепке, Алматыдағы бір көшеге І. Есенберлин есімі берілген.

Қазақ тарихының соңғы бірнеше ондаған жылы түн-түнекті, меңіреу күй кешіп, өзге халық тарихының қосағында болғаны кім-кімге де белгілі.

Мұның өзі қаншама буын ұрпақтың жандүниесіне әсер етіп, дүниетанымына салқынын тигізді, акыл-парасаты аяқ асты болды. Осы тұрғыдан келгенде жеке жазушының ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің тарихында әлеуметтік терең мәнді туынды болып қалған«Көшпенділер» трилогиясында Шыңғыс әулеті билеп тұрған дәуірлердегі ұлт тарихына тереңдеп еніп қадам жасауы қазақ әдебиеті мен көркемдік әлеміне алғаш рет І. Есенберлин әкелген жаңалық пен батылдық еді.

Ілияс Есенберлиннің ұлт тағдырына қатысты шетін сырлары мен идеялары кемел деңгейде көрінетін бұл эпопеяның алғашқы бөлігі «Көшпенділер» трилогиясы еді. Шығарма кейіпкерлері ретінде негізін тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел бірлігінің ұйтқысы, халықтың ақыл-парасатты билер, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік батырлар.

Бұлар - ел есінде сақталып, тарихта қалған өмірде болған тұлғалар. «Көшпенділер» трилогиясы - партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма.

Ол кезде мұндай шығарманы жазбақ тұрмақ, қазақ халқының ертеректе өмір сүрген артында мол мұра қалдырған, елім деп еңіреген, ел үшін, жер үшін мерт болған батырлардың, хандардың, шешендердің атын атаудың өзі, олар жөнінде әңгіме қозғаудың өзі қиын еді, қауіпті еді. Ал Ілияс Есенберлин осының бәрін біле тұрып қазақ халқының өткен тарихын бейнелейтін, тарихтан мол мағлұмат беретін бір кітап емес, бірнеше роман жазып, оқырманға ұсыну жай ерлік қана емес, талантты жазушының саяси жеңісі еді.

«Көшпенділер» қазақ халқының, ұлттық тарихының бастау көзі беріде емес, әріде жатқандығына жөн сілтеді. Бүкіл бір халықтың өмір-тарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі - коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын көркем тілмен бейнелеп берді. Архивтік деректер, халықтық аңыздар, этнографиялық сипаттар негіз

болған тарихи эпопеяда автор оларды сол өткен дәуір елесін дәл бейнелеу үшін ғана емес, оған қоса түрлі қағида мен идеялардың, түрлі психология мен мақсат мүдделерінің қандай заман, қандай қоғамдық жүйеде болсын сабақтастық алып жатқан көрінісін беру үшін де пайдалану мақсатын ұстанған.

  1. Әдебиеттегі алғашқы адымдары

Үлкен проза жанрына өткен ХХ ғасырдың елуінші жылдарынан бастап бел шешіп кіріскен І. Есенберлин әдебиеттегі алғашқы адымын өлеңмен ашты. 1945 жылы «Сұлтан», «Айша» дастандары жарық көрді. Тырнақалды өлең-жырын іріктеп «Адамгершілік жыры» атты жинағына (1949) енгізді. Сталин культі шамырқаған шақтағы уақыт әуенінен жас ақын қалысқае жоқ. « Көп алғыс Ұлы Сталин сізге бізден» деп басталатын « Қазақ қызының Отан туралы жырына « қоса, «Отан», «Социалистік Еңбек ері досыма», «Мойынты-Шу ерлеріне», «Еңбекпенен гүлденем» деген сияқты өлеңдер жазды.

Шын талант иесі өз жолын табады, жасық, жайдақ жырсымаққа байланып қалмайды. Жас талап қанаттану кезеңінде-ақ үміт күтерлік сәулелі шумқтар туғызуын жиілетті. Алғашқы жинақтарынан-ақ ұлт тақырыбына айрықша ден қойғыштығы байқалып қалып жүрді. «Ұмытпаңыз ер қызды», «Әлия» деген өлеңдерінде күллі Шығыс әйелдерінің арасынан жалғыз өздері ғана Совет Одағының Бтыры атанған М. Мәметова мен

Ә. Молдағұлованың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете сөйлегенде олардың қазақ қызы екенін айрықша мақтан етті.

Бұдан басқа Ілияс - «Домбыра», «Күй», «Қобыз күйін тыңдашы», «Жаңа өлке», «Қыз арманы», «Ақ қайың», «Көк кептер» т. б. өлеңдерінің авторы.

Марапаттары

Еңбек Қызыл ту ордені

«Құрмет белгісі» ордені

«За боевые заслуги»

«За оборону Ленинграда» медалі

Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының жүлдегері, 1968 жыл («Айқас» романы үшін)

1. 3 Дастандары .

І. Есенберлиннің төңкерісшіл Әділбек Майкөтовке арналған «Большевик туралы поэма» (1957), кейін «Әділбек» (1977) дастаны үстем идеологияның рупоры есебінде қабылданды. Ақынның поэзиялық лексикасына «обалың… тап жауыңа» деген секілді саясат сөздері кіргізілген. Тап тартысы көркемдік тартыстың арқауына айналған.

1959 жылы жарияланған «Біржан сал трагедиясы», 1977 жылы өңделіп өзгертілген қалпында «Біржан сал» атанды. Дастан өлеңмен жазылған романдай оқылады. Қиялға негізделіп жазылған лиро-эпостық поэма С. Мұқановтың «Сұлушаш» романына ұқсас - көп оқиғалы. Ақынның «Қазақ қызы» (1975) поэмасы ерлі-зайыпты Алтынай-Асылбек махаббатын қиын сынға салады. Ал 1978 жылы жазушының «Көңіл-дастан» поэмасы туды.

Жазушы І. Есенберлин роман жанрында да аянбай еңбек етті. «Көшпенділер» трилогиясы арқылы даңқы әлемге жайылған жазушының осы заман тақырыбына жазылған шығармалары да алуан-алуан.

Әрбір шығармасыңда күрделі ой, проблема айтушылық, бұрын көп сөз бола қоймаған тыңға барушылық, творчестволық батылдық- жазушы І. Есенберлин қаламына тән сипаттар. Адам мінездеріндегі қайшылық ешкімнің де туды-бітті «пешенесіне» жазылған тағдыр таңбасы емес, дәуірдің, уақыттың, саяси-әлеуметтік күрестерінің, таптық арпалыстардың санадағы көрінісі екенін ұғындыра алғаны - автордың елеулі еңбегі.

Қандай тақырыпқа барса да, өндірістің немесе шаруашылықтың жағдайларына дендеп кетпей, адамдар арасындағы байланыстар, ықыластар тарихын негіздеп талдаушылық нағыз «өмір романын» жазуға ойысушылық І. Есенберлин шығармаларында неғұрлым кең көрініс берген. Оның туындыларының қызықтығы да осындай ұтымды белгілеріне қатысты. Мұндай тәсіл автордың кез-келген шығармасына тән десек артық айтқандық емес. Қаламгерлің көтерген мәселелерінің, таңдаған оқиғалық ситуацияларының мәнділігінен де оқушы романдардағы адам тағдырына селқос қарай алмайды. Көркем шығарма үшін алдымен керек қасиет - еркін, құйылып оқылатындық - бұл кітаптардың ортақ сипаты дерлік.

Шығарманың сюжеттік желісін шымыр тарта білетіндігі, адам мінездерінің логикасын табиғи таныта алатындығы, әлеуметтік істер мен кейіпкерлердің жеке бастық аңсарларының тұтас бірлестікте берілетіндігі І. Еісенберлин романдарының өзгеге ұқсамайтын даоалык келбетін құрайды. Бұл тараптан алғанда, автор туындылары жалпы қазақ романшылық өнеріне ажарлы ағын қосқаны кәміл.

Ірі әлеуметтік, таптық мәселелерді көтеретіндік, құбылыстарды озық дүниетаным тұрғысынан талғайтындық, қаһармандардың қоғамдық аренадағы істеріне, өмірдің объективтік қозғалысын көрсетуге басым мән беретіндік - советтік прозамыздың табысы. Ұнамды деп ауызға ілінген, жамағатшылық ілтипатына бөленген шығарманың көбінен осындай өнеге табылатын. Сонымен бірге, прозалық мәдениеттің әлі де толық жетіліп болмағанын байқататын бір көрініс - кейіпкерлердің жеке бастың аңсар-ықыласының кейде аз немесе мүлде көрінбей қала беретіндігі еді. Міне, осы екі бастауды - қоғамдық өмірдің объективтік заңдылықтары мен қаһарманның мінездік сипаттамасын, іс-әрекетін қоса-қабат суреттеу соңғы жиырма шақты жыл ішінде негіздеп жүзеге аса бастады. Қазіргі кезде өндіріс тақырыбына жазылған шығарманың өзінде жалаң технологиялық процестерді ұзақ-шұбақ көрсету күрт азайды, оның есесіне қаһарманның көңіл күйін, өзра қарым-қатынастар тарихын айту қомақты орынға шықты.

Әдебиетіміздің кейінгі ширек ғасырында кең өріс алған осы тенденция І. Есенберлин романдарынан толық аңғарылады. Мәселен, автордың «Алыстағы арпалыс», «Маңқыстау майданы» романдары осыны дәлелдейді. Бұлардың алғашқысында үлкен өзенге бөгет салу, соңғысында қазыналы Маңқыстау түбегінен мұнай байлығын іздеу, өндірісті жетілдіру мәселесі оқиғалық қазық болған. Бұл шығармаларда өндірістің тікелей кәсіптік мұқтажын әңгімелеуге жазушы бармаған, өндіріс айналасындағы түрлі қайшылықтар мен қақатығыстар кейіпкерлердің мінездік ерекшелігімен ұласып шыққан. Осыдан барып, суреттелетін оқиғалардың бәрі дерлік қаһармандардың мінез-құлқын, жақсылығын немесе кемшілігін ашпай қоймайтындай өмір мәселесіне айналып отырады. Өндірістік ситуация бір бөлек, қаһарманның рухани әлемі және өзінше келетін үйлесімсіздік прозаның өткен кезеңі деп есептесек керек.

І. Есенберлин шығармасын қандай проблемаға құрса да, нағыз заманалық рухани, мәдени қажеттерді бірінші кезекке қояды. Оның ұнамды қаһармандары мейлі қазақ жеріндегі көне цивилизация қалдығын іздейтін археолог ( «Алтын аттар оянады» ) болсын немесе алдыңғы қатарлы кенші болсын («Алтын құс») - бәрәбір тынысы және әлемі, іс-әрекеті замана сазына үндес. Сондықтан да, олардың тағдыры, жеңісі мен өкініші, үміті мен арманы оқушы көңіліне жақын. Өмірдің жанды мәселесін, күрделі шындығын сол қалпында ойып ала білетіндігі бұл шығармалардың шыншылдық, әсерлілік қуатын арттырады.

Бүкілхалықтық, партиялық аса ірі оқиғалардың ізін суытпай көркем бейнелеуге ұмтылатындығы, уақыт сұрауларына елгезек әзір-жауаптығы - жазушының өзіне тән жақсы қырларының бірі.

Қазақстан тарихындағы соңғы жиырма бес жыл ішіндегі ең көрнекті істердің бірі - тың және тыңайған жерлерді игеру эпопеясы болса, осы тақырыпқа қазақ жазушылары арасынан үлкен прозада ( «Көлеңкеңмен қорғай жүр») ат салысқан санаулы қаламгер қатарында І. Есенберлин есімі де аталуы кездейсоқ емес.

Дегенмен, жазушының өнімді, байсалды прозасының ерекше бағалы өрнегі неде десек, оның қаламынан туған қызғылықты, соны қаһармандары екекнін екенін айтқан болар едік. Қазіргі дәуірдегі қазақ көркем қара сөзінде бұрын көрінбеген алуан түрлі адам типтері мол кездеседі. Әдеби шығармалардың тақырыптық аумағы арткандығы, тартыстардың сыры мен сипаты мейлінше жан-жақты бола бастауы бір-бірінен дараланып тұратын кейіпкерлер қатарынан да айрықша аңғарылады. Ал жаңаша ойлайтын қаһарман қашан да шығарманың идеялық-көркемдік құрылысына, бейнелеу жүйесіне тиісті өзгеріс енгізіп отыратыны табиғи нәрсе. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі осындай сан-сала ізденістер, ілгерілеулер процесінің заңдылықтары мен шарттылықтары І. Есенберлин творчествосына толығымен тән деп білеміз.

Жоғарыда көрнекті қазақ прозашысының шығармаларына ортақ бірсыпыра сипаттары қысқаша сөз етілді. Ендігі жерде жазушының идеялық-көркемдік қарымын, жеткен биігін нақтырақ елестету үшін неғұрлым сәтті саналтын бірер романына кеңірек тоқталсам ба деп едім. І. Есенберлиннің «Айқас» және « Қатерлі өткел» романдары оның қалам қажыры мен суреткерлік шалымының деңгейін пайымдауға толық мүмкіндік береді.

Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген шығармалары - "Қаһар", "Алмас қылыш", "Жанталас" атты тарихи романдары.

Тарихи романдар деп өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады. Жазушылар тарихи романда тарихты жаңғыртумен шектеліп қоймай, адамгершілік, психологиялық, мәдени мәселелерді біртұтас көтеруге көңіл бөледі. Жазушы I. Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХV-ХІХ ғ. ғ. тәуелсіздік үшін табанды күресін көркем суреттейді. Осы жолдағы қыруар қиындықты, ішкі қайшылықтарды, адами қатынастарды, олардың әрекеті мен мінез-құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт-сананы көрсетеді Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қаламгер қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды.

"Алмас қылыш" романы - XV ғ. оқиғаларынан аса көп мағлұматтар бере алады және ол оқиғалардың жылнамалық реті сақталған. Сол себепті де оны роман-хроника деп атауға болады. Роман-хроника болғандықтан, онда көптеген тарихи оқиғалардың тізбегі басым келуі - жанрлық заңдылық.

"Алмас қылыш" романында Дешті Қыпшақтың (бұрынғы қазақ елінің бір атауы) қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының қазақ хандығы қол астына топтасуы, бір жағы - Әбілхайыр, екінші жағы - Жәнібек, Керейлердің тақ пен тәж үшін таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар, алдау мен зорлықтар тізбегі баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі -

Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, бұл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген.

Романның басты идеясы - қазақ руларының бірлесу, бір хандықта ынтымақ құру мәселелері.

Трилогияның "Қаһар" атты кітабында I. Есенберлин XIX ғ. 30-40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай-күйін әңгімелейді. Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды тізе отырып, ондағы адамдардың күйініш-сүйінішімен, арман-өкінішімен, мұратымен, кейіпкерлер тағдырымен байытып көрсетеді.

"Қаһарда" қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен Кенесарының қол жиып күреске шығуы, тәуелсіздік үшін күресті қолдамаған сұлтандарға және патша бекіністеріне шабуылы, Кенесарының билікке қол жеткізу үшін патша өкілдерімен келіссөздер жүргізуі, талабы өтпеген жерлерде халық қанының төгілуімен есептеспей, күш қолданылатын істерге баруы баян етіледі. Осы жолдағы ханның қаталдығы, елдің күйзеліске ұшырауы, Кенесары дұшпандарының ұйымдасқан іс-әрекеттері, сан алуан адам мінездері көрсетіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жәнібек ханның баласы
ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН - ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ЖАРШЫСЫ
Кеңес дәуірі әдебиетіндегі Шыңғыс хан бейнесі
І. Есенберлин романдарының халықтық сипаты
Ілияс Есенберлиннің өмірі және шығармашылығы
Тарихи романның ұлт тәуелсіздігі үшін күрес жолындағы рөлі
КӨШПЕНДІЛЕР ТРИЛОГИЯСЫ - ТАРИХИ РОМАН ЖАНРЫНЫҢ ЖАНДЫ ҮЛГІСІ
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы: Тарихи шындық және көркемдік шешім
Эллинизм дәуірінің мәдениеті
Ежелгі Грекия мәдениеті туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz