Экологиялық проблемаларды экономикалық жолмен шешу тәсілдері


Жоспар
Кіріспе . . . 3
I - тарау . Экономикалық даму және оның экологияға әсері.
- Әлемдік мәселелердің экономикалық жақтары . . . 6
- Экономикалық өсу түсінігі «Жақтаушы және «Қарсы» аргументтері . . . 9
- Ғылыми техникалық даму жайлы пікірлер . . . 11
II - тарау . Қазақстан Республикасындағы экологиялық апаттың масштабы.
2. 1. Қазақстандағы радиациялық жағдай . . . 13
2. 2. Қазақстанның су ресурстары . . . 14
2. 3. Ақмола облысындағы экологиялық жағдай . . . 16
III - тарау . Экологиялық проблемаларды экономикалық жолмен шешу тәсілдері.
3. 1. Табиғат ресурстарын рационалды қолдану . . . 22
3. 2. Тұрақты даму тұжырымдамасының негізгі принциптері . . . 25
3. 3. Экономиканы экологизациялау . . . 27
Қорытынды . . . 31Қолданылған әдебиеттер . . . 36
Кіріспе
Қазіргі кезеңде адамдар мен табиғат арақатынастары жылдан жылға шиеленісіп барады. Жер жүзіндегі халықтар санының тез өсуі мен мемлекет- тердің жаппай өнеркәсіпті дамыту жолыңа түсуі бұған себеп болып отыр. Со- ның салдарынан табиғат қорларын пайдалану бір-неше есе өсіп, адамдардың қоршаған ортаға тигізетін зияны үнемі көбейіп келеді. Пайдалы кендер қоры- ның жақын арада таусылу, өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің толықтай жоғалуы қоршаған ортаның шектен тыс ластану, қауіпі төнді. Өнеркәсібі дамыған бірқатар елдерде қоршаған ортаның нашарлағаны сонша енді адамдардың денсаулығына кесірін тигізе бастады.
Міне, сондықтан да табиғат қорларына құнтты болу бұзылғандарын қал- пына, келтіріп отыру, оларды ұтымды пайдалану, ауаға, жерге, суға, өсімдік- тер мен, жануарлар дүниесіне қамқорлықты күшейту барлық азаматтардың борышы және абыройлы міндеті болып саналады.
Табиғаттағы өзгерістер өте баяу жүретін болғандықтан қоршаған орта- ға келген зиян көзге көріне бермейді, бірнеше жыл өткесін, ғана біліне бас- тайды. Осыған байланысты зиянды өзгерістерді тоқтату үшін алынған шара- лар тым кеш болып нәтиже бермей, болмаса мезгіл өтіп кеткен соң көп күш қаржы мен материал жұмсауға тура келеді. Олай болса қолда барды сақтау мен ұтымды пайдалану - бүгінгі күн талабы екенін есте ұстаған жөн.
Өкінішке орай табиғатпен арақатынаста бұл талап ұмыт болып бүгінгі пайдаға қызығып, ертеңді ойламайтын болдық.
Адамдардың кінәсінен қоршаған ортаға талай - талай қиянат жасалып келеді. Олардың зардапторы әлемге әйгілі. Мысалы, ХХ ғасырдың ортасында Мәскеулік «білгіштер» Каспий теңізінің суы азаймас үшін Қарабұғаз шыға- нағын топырақтан бөгет салып - теңізден бөліп тастауды ұсынды. Бөгет, са- лушылар теңізді сақтауды ойлағанымен шығанақтың қоршаған ортаға әсерін ескермеді. Кеуіп қалған шығанақтан жыл сайын 120 - 140 миллион тонна шаң мен тозаң, тұз қалдықтарын жел мен дауыл көтеріп Қазақстан, Түрікмен- стан, Түркия, Иран, Қытай, Ресей, Украина тағы басқа елдерге жеткізіп жата- ды.
Ақылға сыймайтын бұл бөгет экономикаға көп зиян келтірді, шөптің, егіннің өсімі азайды. Мал өнімдері кеміді, ауыру - сырқау мен өлім - жетім көбейді.
Осылайша XXI ғасырда адамзаттың алдында тұрған ғаламдық пробле- малардың бірі --экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып отыр. Эко- логия мәселесі ең өзекті тақырыптардың біріне айналды. Әсіресе Қазақстан үшін бұл өте маңызды проблема. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде еліміздегі нарықтық реформалар мен экономикалық тоқыроулардың қоршаған ортаны
қорғау саласындағы басқару және бақылау жүйесіндегі үйлесіміздікке әкеліп соққанының экономикалық мүдде мен экологиялық мүдденің бір-біріне қар- сы қойылуының куәсі болдық. Қаржы тапшылығының әсерінен мұндай жағ- дайдағы шаруашылық мәселесін шешкен кезде экологиялық және қорғау проблемаларынан гөрі экономикалық мүдде басып болып келді.
Көздің қарашығындай қорғауды қажет ететін табиғат байлығына көңіл бөлу әлсіреп кетті. Соның салдарынан әр түрлі пайда күнемдік ниетпен қаса- қана өртеу арқылы, не зиянды заттармен, қалдықтармен ластау арқылы мың-даған ормандаржойылды және көлікті, жарылғыш және химиялық уларды, электр тоғын қолдану арқылы жануарлар дүниесі аяусыз қырылды. Осылай- ша экологиялық дағдарысты қоректендіргіш негіз - табиғатты бағындыру идеологиясы, ал жүзеге асыру негізі - мекемелердің, ұжымдардың және жеке адамдардың пайдагорлығы болып табылды. Осыған байланысты ақырғы уа- қыттарда экология саласына қатысты көтерілген мәселелердің актуалдығы күннен күнге артып келеді.
Экологияға, табиғатты қорғау мен пайдалануға қатысты көптеген ға- лымдар өз еңбектерін, зерттеулерін жазған. Антикалық философтар Сократ, Платон, ХІХ ғасырда Ж. Б. Ламарк және Э. Реклю, орыс философы Соловьев, физик Н. А. Унов экономикалық қатынастардың экологияға әсерін көрсеткен, XX ғасырда ноосфера туралы В. И. Вернадский жазған. Қазақстан бойынша да бірақтар ғалымдар экология мәселесін көтеріп, мақалар, жұмыстар жазған. Олардың қатарына Э. Сағымбаев, С. Мұқаұлы, Қ. Ә. Әлімбетов, А. Райымбе- кова, Сүлейменов, А. Самақова, А. Бондарь және т. б. қосуға болады және де берілген курстың жұмыс осы адамдардың еңбектері, мақалалары негізінде жа- зылған.
Экология үшін экономика не істей алады және оған қалай қол жеткзуге болады? - бұл берілген жұмыстың негізгі проблематикасы болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Ең алдымен келесідей сұрақтар қарастырылады.
- Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы экологиялық жағдай;
- Экологиялық дағдарыстың бірден - бір себебі ретіндегі экономикалық өсім;
- Осыған қатысты экономикалық әдебиеттердегі көзқарастар;
Содан кейін экологиялық проблемаларды шеші үшін экономика тарапынан жасалатын шаралар көрсетілді, яғни:
- Қазіргі жағдайда экологиялық және экономикалық дамудың гармониясы мүмкін бе;
- Табиғат ресурстарын рационалды қолдану;
- Тұрақты даму тұжырымдамасына сәйкес экономиканы экологизациялау;
Қорытындыда экологиялық проблемаларды шешу үшін қолданылатын шара- лар және экономика мен экологияның өзара әрекеттесуі баян етілді.
Ескере кететін жайт, курстық жұмыста негізінен экологиялық проблема- лардың және оларды шешу мүмкіндіктерінің экономикалық аспектісіне кө- ңіл бөлініп, әлеуметтік, саяси және т. б. жақтары қарастырылмайды.
1. Экономикалық даму және оның экологияға әсері
1. 1. Әлемдік мәселелердің экономикалық жақтары
ХХІ ғасырда бүкіл адамзат өмірінде әлемдік мәселелердің маңызы ерекше
өсіп отыр. Әлемнің едәуір бөлігінің жанталаса қарулануы даму деңгейінің тө-мендеуі жағдайына азық- түліктің, шикізаттың тапшылығы, энергетикалық, демографиялық дағдарыстар қосылды. Әлемдік мәселелер бүкіләлемдік және ұлттық ұдайы өндіріске, экономикалық процестердің динамикасына, қоғам- дық өндірістің өнімділігіне, қоғамдық құрылыстың тиімділігі мен сапалық сипаттарына елеулі әсер тигізеді.
Әлемдік мәселелердің ерекшелігі- оларды жалпыадамзаттық мүдделер мен құндылықтар тұрғысынан қарастыру қажеттігі.
Әлемдік проблемалар адамның, жалпы адамзаттың сан қырлы мәселелерін қамтиды., атап айтқанда, әлемдік саясат пен экономика, мемлекетаралық жә- не ұлтаралық қатынастар, адамдардың тыныс-тіршілігінің шарттары және та-ғы басқалары.
90-жылдардағы адамзат алдында тұрған әлемдік проблемаларды мынадай 3 топқа бөлуге болар еді.
Бірінші топқа интерәлеуметтік проблемалар жатады. Өйткені адамзат әлеу- меттік тұрғыдан бірыңғай емес, дегенмен, дуние жүзі халықтары өз мүдделе- рін қауіп қатерге тікпей-ақ қарама-қарсы қайшылықтарды шешудің жаңа жолдарын таңдап отыр. 70-жылдардың соңына дейін әрқилы әлеуметтік-эко- номикалық жүйедегі елдер арасындағы қайшылықтарды реттеуде идеология- лық күрес мотивінің басым болуы интерәлеуметтік проблемаларды шешудің баршаға ортақ жолдарына бөгет болды. Бұл топтағы өз шешуін күтіп отырған мәселелер: соғыс және бейбітшілік мәселелері, қарулануды біртіндеп шектеу экономикалық және ғылыми-техникалық артта қалушылықты жою. Шын мә- нінде жасампаздық бағыттағы игі шаралар әлемдік шиеленісті бәсеңдетіп, ха-лықаралық экономикалық байланыстарды өзара сенімділік, сыйластық прин- циптері негізінде ғана шешуді қолдайды. Сенімділікті нығайту, екі жақты және көп жақты қатынастарды дамыту - шешудің бірден-бір жолы.
Екінші топқа жеке адамның өзі мен оның ішкі дүниесі, мәдени - этикалық жүйе мен дүниетаным проблемалары жатады. Бұлар жеке адам және қоғам-ның өзара қатынасы саласында қалыптасатын проблемалар. Әлемдік әлеу-меттік мәселелер халықаралық қатынастар жүйесіне, экономикалық, эколо-гиялық, энергетикалық, дүние жүзіндегі азық- түлік проблемаларына едәуір тәуелді. Бұл топқа демографиялық мәселелер, ашаршылық, ауру-індетпен күресу, артта қалушылықты жою, ұлттық мәдениет пен өнерді сақтау және байыту проблемалары жатады.
Әлемдік проблемалардың үшінші тобына, қоғам мен табиғаттың өзара әре- кетінен туындайтын проблемалар жатады, олар шын мәнінде қоғам тарихы -ның негізі, өндіргіш күштер дамуының бастапқы пункті. Бұл топтың мәселе- лері өзінің техникалық күш-қуатын ұлғайтқан өскелең, қоғам мен табиғат арасындағы сәйкестіктерді қалыптастыру, ал мұның өзі болса, материалдық өндірістік ұлғаймалы ұдайы дамуының бірден-бір көзі. Адам мен табиғат арасындағы қайшылықтың шиеленісуі, табиғи ресурстарға деген өскелең қа-
жеттіліктердің өсуімен анықталады. Бұл топқа минералды шикізат қорлары-
шектеулігі, энергетикалық проблемалар, қоршаған ортаны қорғау, әсіресе ядролық сынақтардан зардап шеккен аймақтарды сауықтыру, дүниежүзілік мұхиттың ресурстарын игеру, космос кеңістігін зерттеу мен пайдалану және азық-түлік проблемалары жатады. Қорыта айтқанда әлемдік проблемалар же- ке бір мемлекет мүдделерімен шектелмейді, олар кең ауқымды, көп қырлы мәселелерді анықтап зерттеуді, оны бірлесіп қамтитын проблемалар.
Адамзаттың әлемдік проблемаларын шешу үшін дүниежүзілік деңгейдегі бар күш-жігерді біріктіру қажет. Оның аса ірі материалдық-қаржылық, ғылы- ми-техникалық күш-қуаты бар. Қолда бар мүмкіндіктерді білімділікпен, па-ра саттылықпен, іскерлікпен адам игілігіне пайдалану қазіргі уақыттың кезек күттірмейтін проблемасы.
Экологиялық дағдарысты қоректендіргіш негіз- табиғатты бағындыру иде-ологиясы, ал жүзеге асыру негізі - мекемелердің, ұжымдардың және жеке адамдардың пайдақорлығы болып табылады. Сонымен, қазір жер шарының барлық жерінде дерлік адам газданған аүамен дем алады, сапасы жағынан кү- дікті су ішеді, зиянды заттарға толы тағамдар жейді.
Әзірше, өндіріске тартылатын заттардың жалпы көлемінен түпкі өнім фор- масын тек 1-1, 5 пайыз ғана қабылдайды. Қалғаны жүз миллиондаған тонна қалдықтар, улы газдар, қышқылдар, бүлінген заттар. Олқоршаған ортаны ат- мосфераны, су және жер ресурстарын ластайды, флора мен фаунаға зиян кел- тіреді, жылылық эффектісімен адамға қауіп төндіреді, адам денсаулығына зи- янын тигізеді.
Кейбір американдық ғалымдардың пікірінше, АҚШ жеткен өмір сүрудің жоғары деңгейіне басқа елдер де жететін болса, ол әлемдік экологиялық дағ- дарыстың трагедиялық шиеленісуіне әкеліп соқтырады.
Экологиялық қауіп деңгейін төмендету шаралары жүйесін жасап және оны бірте-бірте жүзеге асыру үшін дүние жүзі елдері қоршаған ортаны қорғауға жылына жүздеген миллиард доллар қаржы бөлуі керек. Ғалымдар мен прак- тиктер қалдықтар мен жарамсыз заттарды тек қосымша тазалаушы және қал- пына келтіруші жуйелерді қолдану арқылы ғана емес, ең алдымен қалдықсыз технологияны енгізу арқылы оларды қайтара пайдаоану жолымен де қысқар- туды ұсынады. Шаруашылық жүргізу ісінде бұл әдістерді қолдану өте тиімді. Олар материал және энергия сыйымдылығын қысқартып, адам мен табиғат үшін шаруашылық іс-әрекеттің қауіптілік дәрежесінің төмендеуіне көмекте- седі. Қалдықсыз технологияға қаржы бөлу, оның толық циклын жүзеге асыр- ған жағдайда өз шығынын ақтайды және жоғарғы табыс әкеледі. Табиғатқа келтірілген зияны үшін жауапкершілікті арттыру қажет. Есептеулер бойынша зиян келтірудің алдын алу жұмыстары оның орнын толықтырудан әлдеқайда арзан түседі. Осы мақсатқа сәйкес шаруашылық жүргізу жаңа нормалар мен талаптар енгізу керек. Оның басты критериі адам мен табиғат үшін зиянның мейлінше төменгі деңгейі болуы тиіс. Сонымен қатар барлық мекемелерді олардың экологиялық зиянды тұрғысынан сынақтан өткізу қажет. Халықтың санының өсуі, урбанизация, қайыршылық пен аурулар және тағы басқа про- блемаларды шешу үшін едәуір қаржы керек. Әзірше экономикалық өсу, атап
айтқанда, азық-түлікпен қамтамасыз етүдің қарқыны халық саны өсуінің қарқынына жете алмай отыр. 1960 жылы жер шарында 3 млрд. адам өмір сүр-ді, ал 2025 жылы болжам бойынша халықтар саны 8, 5 млрд. адамға жетеді. Халық өсімінің табиғатқа жасайтын әсері ормандар мен егістік көлемінің қысқаруымен, құстар мен жабайы аңдардың, өсімдіктердң сирек түрлерінің жоғалып кетуімен қатар жүреді.
Адамзаттың әлемдік проблемаларын шешу үшін, әлемдік деңгейдегі бар күш-жігерді біріктіру қажет. Әлемдік экономикада аса ірі материалдық қар -жы, ғылыми-техникалық күш-қуат және маман кадрлар бар. Міне, сондықтан да барлық елдердің, оның халықтарының ынтымақтастығын нығайту, халық- аралық еңбек бөлінісін тереңдету, жер бетінде баянды бейбітшілік орнату- дың, әлемдік проблемаларды шешудің жолы.
1. 2. Экономикалық өсу түсінігі «Жақтаушы» және «Қарсы » аргументтері
Экологиялық қауіп өскен сайын экономистер оның алдын-алу үшін көпте- ген жұмыстар жасап отыр. Олар экологиялық проблеманың экономикалық себептерін түсіндіруге көңіл бөлуде. Кейбір экономистердің тұжырымдама- сы бойынша бірден-бір себеп - экономикалық өсім. Экономиканың қарқынды өсуі, өндіріс қуатының, жалпы ұлттық өнімнің артуы, өнім шығаруының өсуі экономикалық дамудың сипаты болып табылады.
«Экономикалық өсім» терминіне американ экономисі С. Кузнец төмендегі- дей анықтама берген. Экономикалық өсім - халықтың көбейіп келе жатқан көптеген материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын техникалық прогресске негізделген, елдің өндірістік мүмкіндіктерінің ұзақ мерзімді өсуі.
Шынында да экономикалық өсім қоршаған ортаға әсер ете ме? Экономистердің көзқарастары бұл жерде екіге бөлінген.
Өсімге қарсы аргументтер.
Экономикалық өсімге қарсы шығушылар, ең алдымен қоршаған орта жағдайының нашарлауына байланысты қам жейді.
Олардың пайымдауынша, индустриализация мен экономикалық өсім қазіргі кездегі жағымсыз құбылыстарды, яғни, ластану, өндірістік шу мен қалдық- тар, қалалардың нашарлауы, траспортты заттардың тағы басқаларды туғыза- ды. Өндірістік процесс табиғатресурстарын толық өндірмей, тек қана өзгер -тіп өнім бергендіктен экономикалық өсімнің жоғарыда айтылған келістіктері пайда болады. Өндірістен өткен барлығы уақыт өте келе қоршаған ортаға қалдық түрінде қайта келеді.
Экономикалық өсім мен өмір сүру деңгейі қаншалықты үлкен болса, сон-ша лықты қалдықты қоршаған орта сіңіруі қажет.
Кез келген дамыған қоғамда экономикалық өсімнің одан әрә қарқындауы өсе беретін қажеттіліктерін қанағаттандыруды білдіріп, бірақ сонымен қатар
экологиялық дағдарыс қаупі де өседі. Сондықтан кейбір экономистер эконо-микалық өсім мақсатты түрде тоқталып отырылуы қажет. Бірақ бұған қара- ма-қарсы пікір де бар.
Экономикалық дамуды жақтаушылар.
Экономикалық өсудің жақтастары, оның қоршаған орта жағдайымен бай- ланысы асыра айтылған сөз деп санайды. Негізінен бұл проблемаларды бір-біріне бөлуге болады. Егер қоғам экономикалық өсімнен бас тартып, жалпы ұлттық өнімді бір деңгейде ұстаса да, әр түрлі өндіріс құрылымын таңдауға тура келеді. Ал бұл таңдау қоршаған орта жағдайына және өмір сүру деңгейі- не әсерін тигізеді. Жақтаушылардың пайымдауынша ластау экономикалық өсімнен емес құн, бағаның дұрыс қойылмауынан деп есептейді. Нақты айт- сақ: табиғи ресурстардың (көлдер, өзендер, мұхит және ауа) негізгі бөлігі «жалпы меншік» құны жоқ деп саналады. Сондықтан бұл ресурстарды интен- сивті қолданып, олардың жағдайын ұшықтырады. Бұл проблеманың шешімі заңдық шектеулер мен ерекше салықтар енгізген жағдайда ғана табылады. Ол пікірдің жақтаушылары қоршаған ортаның бүлінуіне байланысты туында- ған күрделі проблемаларды жоққа шығармайды, бірақ бірақ экономикалық өсімді шектеу сұрақты шешеді дегенмен келіспейді. Позицияларының мәні: ластауды шектеу үшін, экономикалық өсімді емес, ластаудың өзін шектеу қа- жет.
Қазіргі кезде экономикалық өсімді тоқтатуға болмайды, себебі, оның кері байланысы жоқ. Оның бірден-бір көзі осы табиғат ресурстарының саны мен сапасы болып табылады. «Қоршаған орта - экономикалық өсім» дегенде тек қана экономикалық өсім немесе таза ортаны ортаны таңдау сұрағы емес, ор- тақ мақсатқа жету, яғни қоршаған ортаны ластамай, қажетті материалдық байлықтарды қалыптастыратын даму деңгейін қамтамасыз етуі қажет. Эко- логиялық даму қағидасы осыған негізделген.
1. 3. Ғылыми-техникалық даму жайлы пікірлер
Экологиялық дағдарысқа ғылыми-техникалық даму кінәлі деген пікірлер де айтылып жүр. Шындығында, бұлдамудың нәтижесінде адамдар табиғат пен арақатынас жасау үшін жаңа білім, жаңа әдіс, жаңа құрылыммен қарула- нып қойған жоқ, қоршаған ортаны сақтаудың, қалпына келтірудің, байлық- тарын ұтымды пайдаланудың жаңа әдістерін, жаңа жолдарын да үйренді. Қа- зір күшті-электронды есептеуіш мәшинелер, компьютерлер, жүйелі талдау әдістері үлкен жобалар мен жұмыстардың табиғатқа тигізетін зиянын алдын-ала тексеріп білуге, болдырмау жолдарын жабуға мүмкіндік береді. Сондық- тан ғылыми-техникалық прогресті кінәламай, керісінше оның көмегімен қа- жетті ексеру, талдау жасап, дұрыстығына көз жеткізіп барып ірі құрылыс- тарды жобалауға және тұрғызуға кіріскен пайдалы.
Ғылыми-техникалық жетістіктер қоршаған ортаны сақтауға, оның бүлін- беуін, ластанбауын қамтамасыз етуге толық мүмкіншілік береді. Солардың бірнешеуін атап өтейік.
-қалдықсыз немесе қалдығы аз технологияны іске қосу арқылы табиғат бай-
лықтарын үнемдеуге, ортаның ластануын болдырмауға, не азайтуға болады; - айналымды немесе оңашаланған су жүйелерін өндіріске кеңінен енгізіп, су қорларын үнемдеуге, ластанбауын қамтмасыз етуге болады;
- ағаштар отырғызып, ормандарды қалпына келтіру арқылы ауадағы газдар- дың қалыптасқан теңдестігін сақтауға, су қорларын молайтуға болады;
- дағдылы отын түрлері мен энергия қуаттарының қорлары таусылмайтын
басқа энергия түрлерімен алмастыру арқылы пайдалы кендерді үнемдеуге, табиғаттың өзгеруіне жол бермеуге, ауадағы көмір қышқыл газды азайтуға болады.
Аталған және олардан басқа да ғылым мен техника ұсынған әдістер, тәсіл- дер мен жолдар жеріміздің көркін, байлығын сақтауға көмегін тигізетіні анық. Тек соларды қолдануды меңгеріп, жаңа технологияны, құрал-аспаптар- ды, жабдықтарды дұрыс пайдалану керек.
Ғылыми - техниканың ғарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану ісін ұйымдастыруда адамзаттың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғат- ты қорғаудың көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді. Ғылыми-техника- лық революция экологиялықортаның ластануына қарсы күрестің міндеттерін қиындатып жіберді. Ғылыми-техникалық прогресс өндіріс күшін дамытады, адамдардың тұрмыс жағдайын жақсартады, оның әл-ауқатын арттырады. Со- нымен бірге адамдардың қызметінің артуы, табиғатқа араласуы, кей уақытта қоршаған экологиялық және биологиялық мағына жағынан ешуақытта айтып қалпына келтіре алмайтындай өзгеріс кіргізеді. Қоршаған ортаның ластануы, бүлінуі, ресурстардың сарқылуы адамдардың тікелей әсерінің нәтижесі.
Ғылым мен техниканың ғарыштап дамуы, табиғат ресурстарын пайдалану- дың артуы және жер шарында адамдардың тез өсуі адам мен табиғат арасындағы қатынасты шиеленістіріп, ерекше мәселе етіп көтеріп отыр.
Ғылыми-техникалық революция дәуірінде табиғатқа адам қызметінің әсер ететін күші кең жайылып отыр. Су мен ауаның ластануы, топырақ эрозиясы, жерді, мұнай, газ және көмірдің қорларын ретсіз пайдалану, өсімдік пен жа- нуарлар дүниесіне жасалынған шығындар - мұның бәрі ақиқатқа айналып отыр. Біздің еліміз жағдайында табиғатқа көзқарас, оны аялау, қорғау, сақтау мәселесіне жете көңіл бөлінбей келгені өкінерлік жағдай. Қандай мөлшерде, қаншаға түссе де ең алдымен өндірістік жоспарды орындау керек деген прин- цип табиғатқа адам баласына орны толмас зиян келтіріп келгенін айтпасқа болмайды. Арал көлі, Семей, капустин Яр полигондарына байланысты жай- лар, аймақтық мәселе емес, ғаламдық дәрежедегі мәселе дер едік. Өйткені республика халқына, табиғатына, оның болашағына тигізген қайғы-қасіретін бір мемлекет күшімен жою қиын, оған әлемдік деңгейде бірлескен шаралар жүйесі керек.
Қоғам қажетін унемі бірінші орынға қойып, оның дұрыстығын тек техника- лық және экономикалық тұрғыдан қарасақ көптеген қателіктер жіберіп, орны толмас ұтылыста қалуымыз мүмкін.
2. Қазақстан Республикасындағы экологиялық апаттың
масштабы
2. 1. Қазақстандағы радиациялық жағдай
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz