Шәкәрім өлеңдеріндегі тұлға мәселесінің дәстүрлік негіздері


Кіріспе
Курсты жұмысының өзектілігі. Көркем әдебиет қоршаған ортаның шындығын бейнелеп қана қоймайды. Ол адам табиғатын, қоғамның болмысын өзгертуге, жақсартуға ат салысады. Көркемдік сана айналадағы өзгерістерді де бағдарлап, бейнелеп отырмақ. Оның қайшылықтарын, шешімін таппаған түйіндерін, келешегін барлайтын да, халыққа түсіндіретін де көркем сана. Аталған қасиеттерді бойына сіңірген көркем ой туындылары ғана классикалық сапаға көтеріледі.
Қазақ поэзиясының тарихындағы көрнекті ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы осы қасиеттерімен айшықталады. Абай мектебінің ең көрнекті өкілі ретінде Шәкәрім қазақ әдебиетінің көп тарихи қайраткерлері сияқты көркем сөз өнеріне, поэзияға жаңа мазмұн, жаңа сипат дарытты. Қазақ поэзиясында Абай сияқты Шәкәрім де ойшыл ақындықтың үлгісіне айналды.
Енді халықты, адамды жаңартушы рухани фактор мәдениет болса, Шәкәрім сол мәдениеттің, білім мен ғылымның қасиетін өз поэзиясындағы адам, ақын тұлғасы арқылы көрсете білді. Ойшыл ақын шығармашылық ізденіс барысында әлемдік ойлау дәрежесіне көтеріледі. Оның өмірдің мәні, алла, қоғам, табиғат, адам болмысы туралы ойлары әлемдік гуманистік ойлаудың алтын қорынан өз орнын алатындығы ақиқат. Шәкәрім поэзиясының ең басты ерекшелігі оның шығармашылығының гуманистік мазмұнының жеке тұлғаның, лирикалық қаһарманның болмысымен, іс-әрекеттерімен, мінез-қылықтарымен, дүниетанымымен, психологиясымен біте қайнасып көрініс беруінде, поэтикалық өрнектеуінде. Сондықтан Шәкәрім поэзиясындағы тұлға мәселесі қазақ поэзиясындағы өзекті тақырыптардың қатарында саналады. Әдеби тұлға - сан-қырлы, мазмұны да, табиғаты да күрделі, құпиясы мол әлеуметтік-әдеби феномен. Оның күрделілігі қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік болмыстың қатпарлары секілді. Шәкәрімнің шығармаларындағы образдар жүйесін саралағанда ақын өмір сүрген заман тынысын, адамдар болмысын ғана танып қоймаймыз. Шәкәрім кейіпкерлерінен бүгінгі ұрпақ тәлім алады, рухани адамгершілік қасиеттерді шыңдауды үйренеді.
Ақынның сыншыл сипаттағы көркем санасы қазіргі көркем ойды күрескерлікке, сыншылдыққа және әділетке үйретеді. Шәкәрім адам, ақын, лирикалық қаһарман тұлғасын сомдау арқылы адам болмысын жетілдіруді, өмірді түзетуді мақсат етеді.
Шәкәрім поэзиясындағы адам, қоғам, алла ұғымдары тұтастай алғанда тұлға мәселесімен диалектикалық байланыста. Олар бірін бірі толықтырып, бірінен бірі туындап отырады. Ақын поэзиясындағы өмірді түзету, адамды түзету мақсаты, кемшіліктермен күресу үлгісінің кейінгі ұрпақтарға берері мол. Шеберлікпен өрнектелген Шәкәрім кейіпкерлері жақсылыққа сүйсіндіріп, адам бойындагы ізгілік қасиеттерді жаңғырта түлетеді. Жаманшылықтың, зорлық пен зұлымдықтың адами имандылық қасиеттерді қалайша күйретіп, әлеуметтік болмысты қаншама кері кетіргендігін де Шәкәрім кейіпкерлерінің іс-әрекетінен, дүниетанымымен анық аңғарамыз.
Қандай да болсын қаламгерлік шығармасындағы адам тұлғасы ақындық тұлғадан туады, оның көркем ойының нәтижесі іспеттес. Бірақ ақын тұлғасы мен кейіпкер тұлғасы бір құбылыс емес. Суреткер тұлғасы ауқымды, күрделі. Ол әдетте өзінің өмірлік түсінігін, адамдық позициясын, көкейкесті арман - мақсаттарын кейіпкер тұлғасы арқылы сөйлетеді. Ал, кейіпкер тұлғасы болса ол көркем шығармадағы кемелденген образ, оның жан дүниесі, ойлары, сезімі мен дүниетанымы. Кейіпкер тұлғасы суреткер мақсатын айшықтап көрсетеді. Ақын кейіпкерлердің мінез-құлқы арқылы сол заманның ойларын сезімдерін, қайшылықтарын береді. Сан қырлы әдеби - әлеуметтік категория ретінде кейіпкер тұлғасы неғұрлым күрделенген сайын әдеби шығарма да соғұрлым күрделене бермек.
Қазақ поэзиясындағы адам, ақын, қаһарман тұлғасын сомдаудың классикалық үлгісін жасаған адам - Абай. XX ғасырдың басында бұл дәстүрді Шәкәрім жемісті жалғастырды. Ақын шығармашылығының осы қатпары, яғни кейіпкер тұлғасын кескіндеудегі ерекшелігі бүгінге дейін арнайы зерттеудің обьектісі бола қойған жоқ. Бұл жұмыс тақырыбының маңыздылығын көрсетеді.
Шәкәрім сомдаған адамдардың ой-танымы, мақсат-мұраттары көп мәселеде қоршаған ортадан өзгеше және озық. Олардың табиғаты таза, өмірлік позициялары айқын, махаббаттары биік, тағдыр тәлкегімен күресуге қабілетті. Шәкәрім кейіпкерлер образы арқылы дұрыс адамда, түзу адамда қалыптастыруды мақсат тұтады. Ақынның діни-ағартушылық, гуманистік, ойшылдық қасиеттері оның өлеңдері мен поэмаларындағы кейіпкерлер болмысы арқылы шыңдала түседі. Тұлға мәселесі төңірегінде түркілік рухани мұраны, Шығыс поэзиясымен және Батыстық әдеби - философиялық ойдың озық үлгілерімен ұштастыруы ақынның шеберлігін айшықтайды. Оның поэзиясының мазмұнын тереңдетеді, философиялық ой дәрежесін күрделендіреді. Тақырыптың осындай ерекшеліктері оның ғылыми-теориялық, практикалық және тәлімдік маңыздылығын дәлелдесе керек.
Курсты жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
Курсты жұмысының негізгі мақсаты - Шәкәрім ақынның поэтикалық мұрасының әлі ашылмай келе жатқан жаңа қырларын айқындау болып табылады. Көркем әдебиеттің обьектісі адам десек, екі ғасыр тоғысындағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ойшыл ақын Шәкәрім поэзиясындағы адам түлғасы, лирикалық қаһарман бейнесі қалай сомдалды деген сауалға жауап іздеу. Осы мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:
- ақын поэзиясындағы тұлға туралы ұғымды қалыптастыру. Осы әдеби құбылыстың қайнар бүлақтары болған Абай мұрасының, ежелгі дәуір әдебиеті өкілдері шығармаларының әсерін саралау;
- адам тұлғасын сомдауда ақынға ықпал жасаған орыс және батыс ойшылдарының адамгершілік, гуманистік көзқарастарының табиғатын анықтау;
- ойшыл ақынның жаратушы, қоғам, өмір, адам, болмыс туралы түсініктерінің оның поэзиясындағы адам тұлғасын жасаудағы рөлін айқындау;
- ақын шығармаларындағы кейіпкердің ішкі әлемін, психологиялық жагдайын, дүниетанымын, қайшылығын анықтау;
- ақын тұлғасының көркем бейнесі арқылы Шәкәрім поэзиясының негізгі лейтмотиві, көкейкесті мақсаты ел мүңы, халық тағдыры, қазақ жұртын өркениеттің ұлы көшіне қосу екендігін тағы да бір дәлелдеу;
- ақынның адамды, халықты, қоғамды түзеуге бағытталған поэтикалық шеберлігінің, философиялық ойының, педагогтық-ағартушылық, діни-гуманистік көзқарастарының тәрбиелік мәнін ашып көрсету.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Шәкәрім поэзиясындағы түлға мәселесін арнайы қарастырып, ғылыми түрғыдан талдап, қорытудың барысында мынадай нақты ғылыми жаңалықтар ұсынылады:
- Шәкәрім өлеңдеріндегі тұлға мәселесі алғаш рет жеке ғылыми зерттеу обьектісіне айналып отыр;
- ақын шығармаларындағы адам тұлғасының сомдалу ерекшеліктері мен оның "қоғамды түзету", "адамды түзету" концепциясының арасындағы тығыз байланыстың табиғатына барлау жасалады;
- ақын лирикасындағы адам тұлғасын өрнектеу ерекшеліктері Абай поэзиясындағы мысалдармен салыстыру арқылы көрсетіледі;
- ақынңың кейіпкер тұлғасын жасаудағы ізденістерінің қоғамдық шындықпен, өмір диалектикасымен байланысы анықталады;
- ақын дастандарындағы кейіпкер тұлғасын талдау аркылы Шәкәрімнің қазақ поэзиясындағы поэма жанрына қосқан
- үлесі керсетіледі;
- лирикалық кейіпкерлерінің бейнелену ерекшеліктерінен байқалатын ақын шығармашылығындағы Шығыстық, Батыстық үлгілердің әсерлері нақтыланады.
- Ақынның адам туралы ілім төңірегіңдегі діни«-ағартушылық, философиялық, адамгершілік ой жүйелерінің қайнар көздері ашылады;
- ақын шығармашылығында ұсынылатын жаратушы, табиғат, қоғам, адам мәселесінің өзара тәуелді байланысы және оның кейіпкер тұлғасын өрнектеудегі әсері біртұтас зерттеу объектісі ретінде қарастырылады.
Курсты жұмысының теориялық және практикалық мәні.
Зерттеудің нәтижелері мен қорытындылары XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің мәселелеріне арналған лекциялық және практикалық курстарға теориялық, деректік негіз бола алады. Сондай-ақ, Шәкәрім ақынның шығармашылығы туралы арнайы курстар мен арнайы семинарларда пайдалануға болады.
Курсты жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. 1. Шәкәрім өлеңдеріндегі тұлға мәселесінің дәстүрлік негіздері
Шәкәрім өлеңдеріндегі адам тұлғасын сомдау шеберлігінің ең алдымен Абайдан бастау алатындығы белгілі. Шәкәрім Абайдың тағылымын дамыта отыра қазақ поэзиясын бір саты жоғары көтерген ақын екендігі күдік тудырмаса керек. Шәкәрім де Абай сияқты өз поэзиясында адамды сүю позициясынан еш уақытта ауытқымаған. Ол өмір қиыншылықтарын, тауқыметін тарта отырып, өзінің негізгі мақсаты - адам болмысын, қоғамды жақсарту, жаңарту ісінен бас тартпаған. Ақын шығармаларының басты ерекшелігі - адам табиғаты, адамгершілік сапалары мен қасиеті туралы дүниетанымдық, философиялық ой түйіндеуінде. Шәкәрім лирикасы - философиялық танымды бойына жинақтаған лирика. Онда жеңіл ойға, өткінші сезімге, уақытша болатын бір сәттік қана құбылыстарға орын жоқ. Ақын күрделі адам болмысы туралы терең пікірлерін көркем сөзбен өрнектейді. Тұлға мәселесі төңірегінде қалам тартқан ақын ішкі-армандарын жан-жақты толық талдап шығу оңай соқса керек.
Шәкәрім адам, қоғам, адамзат, алла, табиғат проблемасының диалектикалық, өзара тәуелсіздіктегі қарым-қатынасы туралы мәселені кең аспектіде қарастырады. Жер бетіндегі өмір сахнасының басты кейіпкері саналатын адамнан бастап жаратушыға дейінгі аралықтың бәрін қамтуға тырысады. Бірақ түптеп келгенде, ақын адам мәселесін, оның әлеуметтік, психологиялық жай-күйін бірінші кезекке қоя суреттейді. Ол түсінікті де. Себебі, философ ғалым Ғ. Есім айтқандай: "Тіршілік дегеніміз Шәкәрім айтуынша жан мен тәннің бірлігі. Жансыз тән жоқ. Жанның өзіне сай тәні болмақ . . . Демек, болмыстың мәні адам. Жаратылыстың иесі жаратушы болса, жердегі тіршілік иесі-адам" [1, 13]
Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мүрасы өте бай. Ол көптеген өлеңдер, поэмалар, мысалдар, нақыл сөз, әңгімелер, роман, мақалалар жазып, аудармалар жасады. Шәкәрімнің жан-жақты қаламгер болып қалыптасуына, қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Махамбет Өтемісұлы пен ұлы Абай, шығыс пен батыс әдебиеті айтарлықтай әсер етті.
Шәкәрім шығармаларында өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық көріністері бейнеленеді. Әдетте, ғылым, өнер қайраткерлерінің өмірі мен мұрасының кейбір қырларына байланысты аңыз, қауесет ел арасында молынан шығарылып, тарап жүретіні бар. Олардын біразы шындыққа, ақиқатқа жақын. Ал біразы әсірелегендік, ойдан шығарылып қолпаштағандық көріністері екені байқалады. Қалай болғанда да Шәкәрімнің жеті жастан бастап әкесіне екі-үш ауыз өлең арнауы шындықка жанасады деп сенуге болар. Ақынның баласы Ахат Құдайбердиевтің көрсетуі бойынша, «Жастық туралы», «Кәрілік туралы», «Жастарға» деген ұзақ өлеңіне 1879 жыл; «Жаз келер» деген өлеңіне 1880 жылы қойылган. Мұның өзі шартты сияқты. Басқа өлеңіне жыл қойылмаган, жыл қойылмау, әрине, ақынның шыгармашылық эволюциясын зерттеуді, толысу жолдарын анықтауды қиындататыны сөзсіз. Ақын туындыларының кейбірінің жазылу мерзімінің тек басылған жылдарына қарап оны шартты түрде анықтауга болады. Шәкәрімнің баспа жүзін көрген алғашқы туындылары - тарихи трактат «Түрік, кыргыз, қазақ һәм хандар шежіресі» мен дін тарихына арналган «Мұсылмандық шарты» 1911 жылы Орынборда басылган. Оның өлеңдер жинағы «Қазақ - айнасы» деген атпен 1912 жылы «Жәрдем» баспасында басылып шықты және бірнеше өлеңі осы жылы баспадан жарық көрген «Қалқаман - Мамыр» поэмасынын соңында келтірілген. Сонымен, Шәкәрімнің шамасы 1880 жылдан 1910 жылдарға дейін шыгарган өлеңдері, негізінде, осы екі басылымда жинақталган. Демек, бұл шығармаларда өткен ғасырдың 80-90 жылдардағы және жаңа ғасырдың алғашқы он жылдағы қазақ өмірінің бейнесі суреттелген.
Шәкәрім өзінің өлеңдер топтамасының алғашқы басылымына «Қазақ айнасы» деп жинақы да мағыналы, бейнелі де орамды ат қоюының терең мәні бар. Айна - сәуле, сөз өнері - өмір сәулесі, суреттемесі деген ғылыми-философиялык, эстетикалық көзқарасқа меңзейді, негізгі мазмұн - қазақ болмысы, қазақ өмірі. Сөз өнерінің құдіретті күші арқылы ақын қазақ коғамының жақсаруына, адамдардың жеке басының жетілуіне әсер етуі көзделген. Шәкәрімнің ақындық кредосы туған елінің өсуі, өрлеуі, көркеюіне қызмет етуге «мен жетелеп өлемін, ерге қарай қазақты» деген ірі мақсатқа, мүддеге сәйкес еді.
Өлең айт дарын өрге өрлегендей,
Сезімді қозғап, тәтті ой кернегендей.
Жанды сөз бойды ерітіп, маужыратып,
Әлдилеп жыр бесігі тербегендей.
Қауымның қалауына тап келгендей,
Болғанын, болашағын айт көргендей.
Керістен тартып жырды жебелі оцтай,
Дәл тигіз қалағанға қас мергендей.
Сүйсініп ацынга елі мән бергендей,
Өлеңмен өміріне сән бергендей.
Қадалып жүрегіне ақ қанжардай,
Оятсын ой күйезді жан бергендей.
Ерікті билеп алсын айтылган жыр,
Сырты - гүл, жарасымды ішінде сыр,
Жаныңның ләззат алар жарығындай,
Мәңгілік өшпейтұгын төгілсін нұр.
Үйіріліп көкейіне ұйып жатсын,
Тазартып жүрек кірін жуып жатсын.
Қақсыған шөл даланы қанықтырып,
Жыр тасып дариядай құйып жатсын. [2. 11]
«Қазақ айнасы» жинағына енген «Өзіме», «Бай мен кедей», «Қулар», «Партия адамдары», «Абай марқұм өткен сон, өзіме айтқан жырларым», «Өмір», «Бояулы суыр», «Қаншыр мен бөдене», «Ақылшы торғай», «Қасқыр, түлкі, бөдене», «Талап пен ақыл» деген өлеңдердің, аттарының өзі-ақ мазмұн байлығын, көтерілген мәселелерінің ауқым кеңдігін, сезім тереңдігін, ұстанған бағытының әлеуметтік сыншылдық, гуманистік сипаттарын аңғартқандай.
Шәкәрім поэзиясы кейбір жеке қайшылық, кемшіліктеріне қарамастан интеллектуальдық тереңдігімен, байсалды, сазды үнімен, табиғи сұлулығымен, нақтылығымен баурайды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы табиғат, қоғам, адам туралы көп толғаныс-тебіреністер, философиялық тұжырымдар жасаған. Әсіресе оны көп толғантқан қазақ халқының тағдыры, елдігі, болашағы. Қазақ қоғамының биік деңгейге көтерілуіне, өрлеуіне кедергі, кесепат болып отырған талай жағымсыз қылықтарды, әділетсіздікті, оқу-білім аздығын, ұйымшылдық, бірлестік, береке жоқтығын, тоғышарлықты, керенаулықты, қулық-сұмдық, зорлық етек алғанын батыл да ащысынай отырып, ақын өзінің ұлы ұстазы Абайды көп толғантқан оқу-ағарту, білім-ғылым ісін жолға кою арқылы өсу, алға басу, прогресс туралы өрісті ойлар айтқан. Шәкәрім поэзиясында Абай салған шыншылдық, сыншылдық сарын мен ғибрат, дидактикалық әуен астасып, табиғи еріліп, дамып отырады. Реалистік әдебиеттің, денгейіне сай өрнек, сурет, бейнелер мол. Ақынның мені - лирикалық кейіпкері жиынтық бейне. Ақын өзінің кейбір лирикалық өлеңдерінде өмір тауқыметін, жалғыздықты көп тартқанын былай жырлайды:
. . . Кім жалғыз бұл жалғанда - есті жалғыз
Мұңдасар болмаған соң бір сыңары.
Жалтандап жалғыз Абай өткен жоқ па
Қазақтан табылды ма соның пары? . . .
Бұ дүние білімі бар адамды
Қайғылы бейнетпенен өткізер.
Қайдағы ақылы жоқ наданды,
Ойлаған тілегіне жеткізер. [2. 12]
Шәкәрім өлендерінің көбінесе, негізгі өзегі, мазмұны ретінде «Қазағым, қайран елім, қалың жұртым» деген ұғым жиі қолданылады. Қазақ елінің жинақты әрі нақтылы көрінісі, бейнесі Абай өрнектеп кеткен қалыпқа ұқсас, Шәкәрім де Абай сияқты шындықты сынай айтады, көңіл кезі ояу әр қазақтың намысына тие айтады, кейде кейіп, кейде налып, кейде кекетіп айтады. Шәкәрімнің, «Қазақ», «Тағы сорлы қазақ», «Партия адамдары» деген өлеңі, Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп басталатын шығармасындағы көрініс, ой, сын, идея дамытылады. Шәкәрім:
Ойда жоқ, өнер, білім, жол табатын,
Жалмауға жалықпайды өз маңайын.
Мұның түбі не болар деген жан жоқ,
Ұрлыц, ұрыс, араздық күнде дайын . . .
Қайран елім, қазағым, қалың жұртым,
Көп айтып, а дариға, не қылайын . . .
Көретін көзі жоқ,
Ұгатын сөзі жоқ.
Қазақтың бүл күнде
Аты бар, өзі жоқ.
Түзелер кезі жоқ,
Түзетер тезі жоқ.
Жер жүзі халқының
Қазақтан езі жоқ, [2. 12] -деп ащы сын айтқан.
Енді бірде ақын ел берекесін кетіріп, «алты бақан алауыз» қулық-сұмдық, зорлық-зомбылық жүргізіп жүрген неше түрлі алаяқ
қу, іш мерез жандар туралы:
Бір ұрты май, бір ұрты қандар да бар,
Қой терісін жамылган жандар да бар,
Жазасызды жазалап атақ алып
Ақ жүрексіп жүретін паңдар да бар.
Жуаны қылды зорлық,
Момынның көргені қорлық,
Теп-тегіс қулық пен ұрлық,
Ал енді қайтіп ел болдық - [3. 15] дейді.
Осындай көріністер Абайдың белгілі өлеңімен үндес, мазмұндас, Шәкәрім өзінің ұлы ұстазы Абайдан көп мазмұн, идеялық үлгі алған, Абай:
Қалың, елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыца түсті мұртың.
Жацсы менен жаманды айырмадыц,
Бірі - қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінекей бұзған жоқ па елдің сиқыны - [4. 12] дейді.
Абай бастаған сыншыл реализм арнасы Шәкәрім шығармаларында одан әрі дамытылған, өріс алған. «Қазақтың мінін көп жаздым», «Мінін айтып жазушы ем, түзетбек боп елімді», «Қалай кетіп барамыз деп ойлаған, Есті жас пен ескерген кәрі бар ма?», «Ер қайда сыр-сипаты түгел сайлы».
Күйдірген соң шыдатпай,
Көре тұрып жайыңды,
Кім айтады мен айтпай,
Сендерге енді уайымды - [4. 13]
деп өзі айтқандай, қазақ елінің келеңсіз көріністерінен ақынның қаламына ілікпей қалғаны жоқтың қасы. Солардың біразы қанша уақыт өтсе де, әлеуметтік негізі өзгерсе де, тыртыса «өмір сүріп» ел шырқын бұзып, кесепат болған кез де болды. Мына өлеңдердегі ой-мазмүн, келеңсіз көріністер адамдар қатарынан кейде кездесіп қалады емес пе, соны ақын түйрей кетеді:
Осы күнде арамның жолдасы мол,
Қу мен сұмды кім жиса, шын мықты сол.
Мақтан, атақ іздесец, адамнан без,
Ардан күсіп, арамныц біреуі бол.
Мұны қылсақ боласың сен де мықты,
Қайдағы қу, алдампаз төрге шықты.
Ел ішінде сенен қор жан бола ма,
Ұстаймын деп отырсаң адалдықты. [5. 16]
Ақын өлендерінде ел өмірінің жағымсыз көріністері, кемшіліктері, жаман жақтары күйіне де, налып та, кекете де, түйрей де, қатты сыналса да, оның туған халқына, еліне деген терең сүйіспеншілігі, жаны ашитыны, оның қадір-қасіреттерін, жақсы жақтарын танып, бағалайтыны, болашағына сенетіні
анық білінеді. Ел мінін қатты сынаса, ел ішіндегі залалды істерді, арамза қылықтарды батыл айтса, қауым жұрт, жастар содан аулақ болсын, жиіркеніп, безінсін, бойын таза ұстасын деген мақсат-ниет екендігін тебірене айтады:
Ащы сезім - достығым, маған нансаң,
Кемдігім - келістіріп айта алмасам . . .
. . . Мен қайгы жедім ғой,
Қапы өттім дедім ғой,
Қазағым, қам ойлан,
Сен де адам едің ғой.
Енді бірде ол:
Жасымнан сендер едің менің елім,
Аяушы едім қайысып, сынып белім.
Тірлігімде тілімді алмасаң да,
Өлгеннен соң дерсіңдер қамқоршы ерім.
. . . Он-терісін байцамай,
Таза жолдан тайцамай
Ылайлап тұнық шайқамай,
Тура жолмен кет, халық.
Адалдың әділ жолына,
Ақырын басып жет, халық - [5. 17]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz