Қабілеттің жіктелуі


Жоспар:
Кіріспе . . . 2-3 бет
І тарау. Қабілет оның түрлері . Мектеп жасына дейінгі баланың қабілеті .
1. 1. Адамның қабілетінің жалпы сипаттамасы.
Қабілет туралы ұғым . . . 4-13 бет
1. 2. Қабілеттің даму деңгейі және дербес ерекшелігі . . . 14-19 бет
ІІ. Тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дамыту жолдары
2. 1. Балалардың шығармашылық қиялы мен
қабілеттерін дамыту . . . 20- 24 бет
Қорытынды . . . 25-26 бет
Қосымша . . . 27-28 бет
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 29 бет
Кіріспе
Күнделікті ауызекі сөзде “қабілет” деген атауды біз жиі қолданамыз. Мәселен, мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне қабілеті күшті екенін айтады.
Зерттеудің өзектілігі : Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық, үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырылады. Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Мұндай ерекшеліктер іс-әрекетті орындау үстінде, әсіресе оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Балалардың қабілетін ашуға өз септігімді тигізу. Қабілет жайында жалпы түсінік қалыптастыру. Қабілеттің түрлерін айыра білуге үйрену.
- Ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып, қабілет заңдылықтарын ашу:
- Қабілет түрлерінің өзіндік белгілерін ашу;
Мәселен, біреу қолға алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды ал екіншісі оны өте баяу қимылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр. Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Қабілет, ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді - дегенде теңдік деп адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттерінің бірдейлігін түсіндіреді. Бұдан біз адамдардың тең емес екенін білеміз. Қабілеттіктік өлшем - белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Бала дүниеге келгенде өзінің табиғи мүмкіндіктерінен, нышандарымен келетіні рас. Бірақ сол нышандар тек оқу-тәрбие процесінің ықпалымен ғана қабілеттікке айналады. Мәселен, бала адам сөзін сөйлемей өмір сүрсе, ондай баланың сөйлеу нышаны да дами алмайды. Сол сияқты сурет салуға үйретпесе, ән салуға нышаны бар адамды ән салуға үйретпесе, оның осындай зор табиғи мүмкіндіктері дамымай қалуы ықтимал. Адамның қабілет саласындағы айырмашылықтары да сан алуан болып келеді. Мәселен, біреу іске күшті жігермен, қатты мейірмен кіріседі. Мұндай адам жұмысты сапалы да орындай алады. Енді біреу керісінше сол істі баяу, сапасын төмен етіп орындайды. Қабілетті адамдардың бірі-зеректілігімен, екіншілері- байқағыштығымен, үшіншілері -материалды еске сақтағыштығымен көзге ерекше түседі. Адам психикасының басты бір ерекшелігі бір қасиеттік орнын екінші бір қасиетпен толтыра, яғни адамның өзінде жетіспеген бірер қабілетті басқа қабілеттермен алмастыра алатындығы. Адам қабілетінің әр қилы болып келуі сигнал жүйелерінің ерекшеліктеріне де байланысты. Бала қабілетін тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен түрлері сан алуан, бүларды нақты жағдайларға байланысты жүргізе білу әрбір мүғалімнің жеке творчестволық ісі. Мәселен, мұғалімнің осындай жұмыстарының бірі оқушылардың оқу әрекетін тартымды, мазмұнды, қызғылықты етіп ұйымдастыру. Бастауыш кластарда мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы олардың қабілеттерінің дамуына кең-жол ашады.
Зерттеудің әдістері: Жұмысты жазу барысында сипаттама әдісін қолдану, салыстыру, мағыналық талдау.
Зерттеу жұмысының құрлымы: Курстық жұмысым кіріспеден, екі тараудан, әр тараауға байланысты тұжырымдамалар мен қорытынды қосымша маткриалдан тұрады. Сонында әдебиеттер тізімі берілген.
1. 1. Адамның қабілетінің жалпы сипаттамасы. Қабілет туралы ұғым.
Б. М. Теплов бойынша қабілетті анықтау. Оқытудың табыстылығы мен қабілетінің сәйкестігі. Адамның қабілеті мен дамуы. Қабілеттің жіктелуі. Жалпы қабілеттің сипаттамасы. Теориялық және тәжірибелік қабілеттер. Қабілетті дамыту дейгейлері және дербес ерекшеліктері. Қабілетті дамыту деңгейлерінің негізгі жіктелімі. Туа біткен талаптылық пен генотип. Бейімділікті әлеуметтік шарттастырылған үрдісте дамыту. Потенциалды және актуалды қабілеттер. Жалпы және арнайы қабілеттердің сәйкестігі. Дарындылық. К. А. Гельвецияның қабілет тұжырымдамасы. Шеберлік және талант. Данышпандық. Адами қабілеттің жаратылысы. Қабілеттің алғашқы теориясы. Френология. Ф. Галлей және Ф. Гальтонның қабілет тұжырымдамасы. Қабілетті зерттеудегі Егіздер әдістемесі. Қабілетті дамытудағы тәрбиелеу ерекшелігінің маңызы. К. А. Гельвецияның қабілет тұжырымдамасы. Адам қабілетінің биоәлеуемттік жаратылысы.
1. Адам қабілетінің жалпы сипаттамасы
Біз жеке немесе жекелеген жағдайларда қалатын адамдардың неге әр түрлі табыстарға қол жеткізетінін түсіндіруге талаптанған кезде, көбінесе, қабілет ұғымын негізге аламыз, адамдар табысының әр тектілігін тек осымен ғана түсіндіруге болатына тоқталамыз. Бұл ұғым біреулердің дағдылар мен іскерлікті тез игеру немесе білімді жылдам қабылдап алуының немесе басқалардың ұзақ, тіптен қиналып үйренуінің себептерін зерттеген кезде пайдаланады. Қабілет дегеніміз не?Тәжірибеде “қабілетң сөзінің алуан түрлі салада кең қолданыста қолданылатын сөз екенін атап өтуіміз керек. Әдетте, қабілетпен қандайда бір немесе бірнеше іс-әрекеттің табысты орындалу шарттары болып табылатын дербес ерекшеліктер түсіндіріледі. Алайда, “қабілет” термині психологияда оның бұрыннан және кеңінен қолданғанына қарамастан, көптеген авторлар бірнеше мәнде түсіндіреді. Егер қазіргі кездегі қабілетті зерттеу барлық мүмкін нұсқаларды жинақтаса, онда оларды үш негізгі типке бөлуге болады. Бірінші жағдайда қабілетпен барлық мүмкін психикалық процестер мен жағдайлардың жиынтығын түсіндіріледі. Бұл “қабілет” терминінің неғұрлым кеңірек және ең көне түсіндірмесі. Екіншіден қабілетпен іс-әрекеттің сан алуан түрлерін адамдардың табысты орындауын қамтамасыз ететін іскерлік пен дағдылар, жалпы және арнайы білімнің дамуының жоғары деңгейі түсіндіріледі. Аталмыш анықтама XVІІІ-XІX ғасырдың психологиясында пайда болып, қабылданған және де қазіргі кезде де жеткілікті дәрежеде жиі кездеседі. Үшінші бұл - біліммен, іскерлікпен және дағдымен сәйкес келмейтін, тек қана олардың тәжірибеде тиімді пайдалануына негізделген . Отандық психологияда қабілетті тәжірибелік зерттеу көбінесе соңғы ықпал негізінде құрылуда. Оның дамуына елеулі үлес қосқан отандық белгілі ғалым Б. М. Теплов. Ол “қабілеттің” төмендегідей негізгі үш түрін бөліп көрсетті. Біріншіден, қабілетпен бір адамның келесісінен өзгешеленетін дербес-психологиялық ерекшеліктер түсіндіріледі; барлық адамдар бірдей болатын қатынаста қасиеттілік туралы сөз болған жерде қабілеттілік туралы ешкім сөз етпейді. Екіншіден, қабілет деп қандайда бір немесе көптеген әрекеттердің орындалуының табыстылығына қатысы бар жалпы алғанда дербес ерекшеліктерді атайды. Үшіншіден, “қабілет” түсінігі аталмыш адамда қалыптастырылған дағдылармен немесе іскерлікпен, сол білімділікпен сәйкес келмейді. Қабілеттің онтогенезде даму мәселесі бойынша профессор С. М. Джакупов өзінің еңбектерінде көрсетеді: Қабілеттердің нышандар негізінде қалыптасуы туралы мәселе әлі күнге дейін шешілген жоқ. Іс- әрекет барысында нышан қабілетке айналады дегентұжырымның өзі де әлі дәлелденбеген. Өйткені қабілетке айналуы үшін нышандар іс- әрекетте қандай орын алатынын көрсету керек. Ең қызығы көптеген зерттеушілер қолданбалы есептерді шешуде қабілеттер генезисі мәселесін пайдаланбайды. Н. С. Лейтес бойынша: балалық шақта жас ерекшелік дамудың ішкі жағдайлары қабілеттердің қалыптасу факторы болып табылады. лейтес жастық шақта дамудың ішкі жағдайы ретінде бейімділікті көрсетеді. Оның рольі: бейімділік қабілеттің алдында жүреді және дамудың алдында жүреді және дамудың негізгі факторларының бірі- ми қатысатын процесстерге жағымды эмоциялық күй береді, еңбекқорлықты жоғарлатады, ұйқыдағы күштерді оятады. Бұл мәселе туралы Крутецский В. А неғұрлым анығырақ: „ Оқушыда математикаға ешқандай қабілеті байқалмаса, онда математиканы меңгеруге еш қабілеттері де көмектесе алмайды. Осындағы бейімділіктің рольі - қызығушылық болып табылады. Математикаға қызыққан оқушы көп ізденеді, оқиды, демен өз қабілеттерін дамытып, жаттықтырады. ” Өзіміз көріп отырғандай, қабілеттер генезисі мәселесі мүлдем қарастырылмайды. Өйткені қабілет мұнда бейімділікке тәуелділікте көрсетіледі, ал бейімділік қызығушылыққа негізделеді. Жоғарыда айтылғандай, бұл мәселені шешуде ерекше жетістіктерге жеткен С. Л. Рубинштейн еді, бірақ он нақтылауға тырысқанда шешімнен алшақтағанын көруге болады. Оның осы мәселені шешуге жақындағаны қабілетті еңбек іс- әрекеті нәтижесінде құрылатын және өзгеретін адам табиғаты деп ашуында. Мұнда еңбек іс- әрекетін тарихи тұрғыда, Энгельстің” Маймылдың адам болу процесіндегі еңбектің рольі” деген еңбегін пайдалана, қарастырса, қабілеттің құрылымын оңай көрсетуге болар еді. Бірақ бұл сол уақыттағы материализм мен идеализмнің тартысы, іс- әрекетті „субьект- обьект” тұрғысында қараудың ықпалынан жүзеге асқан жоқ. Басқаша айтқанда, зерттеуші психикалық функцияның құрылымына, соның ішіндегі қабілеттілікке, индивидуалды іс- әрекет тұрғысынан келеді. Сөз арасында айта кетсек, іс- әрекетті субьект- обьект қатынасында қарастыру тұрғысында ( жоғарыда айтып кеткендей) көптеген психологтар болды. Солай бола тұра Л. С. Выготский психикалық функцияның интерпсихикалық мінезін көрсетті. А. Н. Леонтев бұл жөнінде былай жазды: „ … адамның сыртқы спецификалық психологиялық процес стер тек адам мен адам арасындағы қарым- қатынасында туады; басқаша айтқанда интерпсихологиялық болып табылады. ” Тек одан соң ғана жеке адам өзінің өмір жолын бастайды, соның барысында кейбіреулері бастапқы сыртқы формаларын жояды, яғни интрапсихологиялық процесстерге айналады.
Осылайша, зерттеушілердің қабілет генезисінің мәселесінен алшақтауы кездейсоқ емес, заңды түрде болады. Өйткені бұл мәселені әрекетті зерттеудегі индвидуалды және обьект- субьект тұрғысында қарастыру барысында шешу мүмкін емес. Қабілеттегі нышанның қайта құрылу механизмін түсіну үшін қабілеттерді біріккен іс-әрекет тұрғысында және субъект - объект қатынасында қарастыру қажет. Мәселені тарихи аспектте қарастырғанда, еңбек іс-әрекетін жүйелейтін қасиеттердің бірі болып табылатыын, оның бірлескен мінездемесін еске түсіру жеткілікті. Бастапқы кезеңде адам іс-әрекетіне потенциалды алғышарт (нышандар комплексі) ретінде тек еңбек іс-әрекетінде өзі мәтіндермен біріксе ғана өзекті алғышарт (қабілеттер комплексі) бола алады. Бұл процестің гипотетикалық нақтылауларын қалдырып, қорытынды жасайтын болсақ - адамның органикалық нышанның алғышартын функционалды активті жүйеге қайта құрылуының шарты- нышандардың бірлескен еңбек іс-әрекетіне енуі болып табылады. Субъект - объект қатынасында қабілеттің онтогенезі анығырақ түсіндіріледі. Жаңа туған нәресте адамның қарым-қатынас жүйесіне енгенде ғана қабілетке белсендіріліп өзгере алатын, анатомо-физиологиялықтұрғыда нышандар жүйесі мен адамдық потенциалды мүмкіндіктер болып табылады. Іс жүзінде адам баласы өзінің алғашқы күндерінен - ақ міндетті түрде үлкендермен бірлескен іс-әрекетке енеді. Бұл жағдайда псевдо бірлескен іс-әрекет туралы айтылады. Мұнда қажеттілікте мотивациялық компоненттер болады, ал оны іске асыру ересек адамда шоғырланған. Тек кейін ғана белсенділік үлкен адамның позициясынан баланың позициясына ауысады. Бірлескен іс-әрекеттің индивидуалды іс-әрекетке интериоризациясы өтеді. Осы қабілеттің құрылымы болып табылады. Осыдан мынадай тұжырымға келеміз. Нышанның қабілетке өзгеруінің негізгі шарты олардың бірлескен іс-әрекетке енуі болып табылады. Бірақ бұл ңенуң қалай өтеді? Бұл процестің психологиялық мазмұны қандай?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz