Ұлттық банкінің басқару құрылымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жұмысының теоретикалық
негіздері
1.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеттері мен
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Ұлттық банкінің басқару
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3. Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары.
... ... ... ... ... ... ... .10
II бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің экономикадағы рөлі.
2.1. Қазақстан Ұлттық банкінің мемлекеттік ақша- несие
саясаты ... ...14
2.2. Ұлттық банкінің сыртқы экономикалық қызметі және алтын валюталық
резертерді басқару.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .29
Қосымша құжаттар.

Kipicпe
Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сәйкес Қазақстан
Республикасындағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі - мемлекеттік орталық банк
ретінде бірінші деңгейді білдіреді.
Өзге банктердің барлығы ( Мемлекеттік даму банкісінен басқасы )
-екінші деңгейде сипаттайды, сондықтан да оларды ic-жүзінде екінші
деңгейдегі банктер деп атайды.
Еліміздегі барлық несие жүйесі реттеуші ұйым рөлін атқара отырып,
Орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде акша-
несие және валюта саясатын анықтайды. Оның кызметінің басты мақсаты пайда
табу емес, тек акша —несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесі
жетекшілік етуге бағытталган.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Ортальқ банктің мемлекетпен
6ipiктірілген кең көлемдегі өкіліттігі екі деңгейдегі банктік жуйенің
тиімді кызмет етуін камтамасыз етеді.
Орталық банктің тарапынан акша -несиелік реттеудің негізгі обьектісіне
экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма -қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттық банк - бұл бұрынғы карапайым клиенттерге қызмет керсетумен
айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке
ауыскан, банктердің банкіci болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық
кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түcуi
Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы
жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк
мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие
ала алады.
Курстық жұмыстың 6ipiнші бөлімінде Ұлттык, банктің баскару
кұрылымы, мақсаттары мен міндеттері қарастырылған.
Екінші бөлімінде Ұлттық банкінің шет елді экономикалық кызметтері мен
алтын валютаның резервтерді басқаруы қарастырылған.
Ұлттық банк- ақша резервтерінен, алтын валюта резернвтерінен, басқа да
материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар тұлға. Мүліктін құралу
көздеріне- банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар
және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Курстың негізгі мақсаты - Казақстан Республикасының Ұлттық банкінің
банктік қызмет нарығында пайда болган қиыншылықтарды карастыру және оны
шешу жолдарын керсету.
Курстың жұмыстың негізгі міндеті - курстық жұмыстың мақсатына сай
мынандай мәселелері шығарылады ;
- Ұлттық банктің кызметтерді ұсынуының теоретикалық аспектілер мен
танысу.
- Ұлттық банктің негізгі даму беталысын анықтау.
- Банктің қызмет нарығында пайда болған қиыншылықтарды анықтау және
оны шешу жолдары.

I бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жұмысының теоретикалық
негіздері
1.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеттері мен
мақсаты.
Орталык банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас
органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың
мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық рөлі мемлекет берген
үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдін эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы,
сондай-ақ ол норма шығару, баскару құқыктарына ие банктердің банкі,
соңғы сатыдағы несие беруші рөлін атқарады, акша-несиелік және валюталык
саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, акша-несие
саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе корсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең
өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін
камтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы
жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын
жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне
экономикадағы қолма-кол және қолма-қолсыз акша массасы жатады, оның
динамикасына төлеуге кабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің
өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады,
яғни ақша массасы, негізінен, банктердің несие-депозиттік қызметіне
байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын
және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы
реттейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттык банкі туралы Заңы бойынша Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және
республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық
кеңсесі Қазакстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта кұрылған. Ол жай
клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталык эмиссиялык банкке
өзгертілді және банктердің банкі болды.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке
шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің
мекемелері арқылы коммерциялык банктердің кассаларын толтыру негізінде
жүреді. Барлық банктер колма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің
мекемелері аркылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады.
Осының нәтижесіпде колма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық
банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.
Ұлттық банк - акша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да
материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің
құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы кағаздардан түскен
табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Заңның 9-бабына сэйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд теңге
көлемінде мына қаражаттар есебінен қүрайды: республикалык бюджеттен
бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк
тапқан пайдадан аударымдар.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің
жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құкықтық формалары бар:
- оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен болатын
унитарлық банк;
- акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі (немесе мемлекеттің
қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
- бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);
- Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер
жүйесі.
АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың
капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл
төлемдерінен тұрады.
Негізі Ұлттык банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет - жарғылық
қордың жалғыз иесі. Негізгі қор - ғимараттардан, кұрылғылардан, көлік және
басқа да кұндылыктардан тұрады, ал айналым қаражаты — банкіге тиесілі ақша
каражаттарынан тұрады. Ұлттык банк резервтік және басқа қорлар кұрады.
Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен
толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетіп
операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын
табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға:
активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың
құндарының бір бөлігі жатады.
Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған
бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттык банк және оның мекемелері
барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті - Қазакстан
Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз
ету болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай
қосымша міндеттер жүктеледі:
Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік
экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша
айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар
саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
- ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге
көімектесу;
- банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтіи
ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк
несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғауы.

Ұлттық банкі жұмысшының негізгі бағыттары:
- елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық
операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік
ииструкциялық нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге
міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
- банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің эдістерінің формаларын
талдау;
- банк ісін бақылау және қадағалау;
- елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
- ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
- валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау,
біркелкі валюталык саясатын жүргізу және т.б.
Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:
- меншікті қаражаттары;
- басқа банктерден тартылған және келісімшарт негізінде Ұлттық банкіге
орналастырылғап ақшалай қаражаттар;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;
- мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос
қаражаттарынан.

1.2. Ұлттық банкінің басқару құрылымы.
Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да
мәселелері Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы және
Қазакстан Республикасының Ұлттык банкі туралы Ережесі негізінде
анықталады.
Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат,
бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті
құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996жылғы кұрылымы
1 сызбада көрсетілген.
Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен
басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның
құрамына - Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламет пен
Президенттің бір-бір өкілі және Қазакстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі
кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай
сұрак-тарды шешеді:
- мемлекеттік ақша-несиелік саясатын жасайды;
- Ұлттық банк шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді
бекітеді;
- Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың
номиналдық құның және әшекейлік пішінін бекітеді;
- Ұлттық банкінің банктермен және Қазакстан Республикасының бюджетімен
операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;
- Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау
тәртібін белгілейді;
- сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін
бекітеді;
- Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты
қарастырады;
- Ұлттык банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және Ұлттық
банк департаменттерінің директорларын тағайындайды;
- банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін бекітеді.
Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге асырады.
Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.
Кезектен тыс мәжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе басқарманың үш
мүшесінің талабымен өткізіледі.
Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің ұсынуымен алты жылға сайланады.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік
органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және басқа ұйымдармен
қатынастарда жұмыс істейді.
Ұттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы-
бұйырушы шешімдер кабылдауға, Ұлттық банк атынан келісімшарттар жасауға
өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға берілген өкілеттіктер кірмейді.
Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін
басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол
басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттіктер
бере алады. Ұлттық банк терағасы уақытша жоқ кезде, оның қызметін
орынбасарларының бірі атқарады.
Ұлттык банк төрағасы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып
жұмыстан босатуын сұрай алады. Ол Президенттің ұсынысымен орнынан
босатылады.
Төраға орынбасарлары және басқарма мүшелері Ұлттық банк төрағасы
арқылы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын
сұрай алады.
Ұлттық банкінің жедел басқару органы - Директорлар кеңесі
(директорат), ол Ұлттық банктер төрағасымен басқарылады.
Директорат, Қазакстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңға
сәйкес Ұлттық банкінің қарауындағы, төрағаның және басқарма
қарауындағылардан басқа барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Директорат құрамына - төраға, оның орынбасарлары және департамент
директорлары кіреді. Ұлттык, банкінің орталық аппараттарында келесідей
(1997 жылдың ортасындағы жағдай бойынша): ақша-несие операциялары, Банктік
қадағалау, халық-аралық қатынастар, эмиссиялық-кассалық операциялар,
ақпарат-тық технологиялар, бухгалтерлік есеп және бюджет, ішкі қызмет,
зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу жұмыстары, төлем жүйелері,
шетелдік операциялар, заң департаменттері және дербес басқармалар бар.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлерде өзінің
облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырады. Олар
филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.

1.3. Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары.

Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Ұлттык банкі туралы Заңға
сэйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
- айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан
Республикасында мемлекеттік акша-несие саясатын жүргізеді,
Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды
айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
- кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі
және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
- Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
- Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын,
өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге
лицензия береді;
- банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының, оның тіркелуіне дейін
өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
- ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық
позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие
беруші болады, кайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
- банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және
айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді, әрі
пруденциалдық нормативтер белгілейді;
- Қазақстан Республикасында ресми мөлшерлемелерді өзгерту арқылы банктік
пайыз мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
- Қазақстан Республикасында имформациялық процестерді ақша-несие реттеуі
әдістерімен бәсендете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің
операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз
мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтар береді;
- Қазақстан Республикасында есеп айырысу тәртібін, жүйесін және
нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп
айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз
ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мем валюталык бақылауды
жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге
кұкылы;
- банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша
банктерге, валютаны сатып алу, сату және айырбастау операцияларын
жүзеге асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға
міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың
орындалуын бакылайды;
- бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге,
шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға
бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын
және
мерзімін бекітеді;
егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан
Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық
субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік жәие
басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырысуларды реттеу
мақсатында бекіте алады;
Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін
ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға құкылы;
қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу әне
инкассациялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды,
сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен
монеталардың мемлекеттік резервтік қорларын құрады;
- Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын кұрады және
тұрақты түрде жариялайды;
- ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған
кұжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің
және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқына ие;
Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады;
Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы
қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет
керсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер
атқарады.
Ұлттық банк - заңды төлем кұралын, яғни банкноталарды шығаруға
эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің
эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз балама алу
формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі - теңге
болып табылады.
Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың, қажетті мөлшерін анықтайды,
олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаның
инкассациялау тәртібін орнатады.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар мен монеталардың
номиналдық кұрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен
монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің
құқы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау
құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің
ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып
отыру жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық
банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен
байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен
салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы
қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен
қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды.
Эмиссия - бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы
қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша
түрінде де болуы мүмкін.
Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия - айналысқа банкноталар мен
монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.
Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі
себептерінің бірі - кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп
айырысулардың біртіндеп қолма-қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине,
жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.
Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің
кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшаларды эмиссиялаудың
үлес салмағы банк кассасында берілуі қысқарды.
Депозиттік банктердін эмиссиясы депозиттік қарыздық операциялардың
процесінде іске асады. Банкідегі депозиттер сомасы несие ақшаны кұру үшін
қажет потенциалын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру
арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар қүрылады. Бұл операциялардың сызбасы
келесідей: 100 ақша бірлігімдей депозит үшін міндетті резерв 15 ақша
бірлігін құрайды, қалған 85 ақша бірлігі банкі арқылы қарызға берілуі
мүмкін.
Сонда айналымдағы ақша массасы: 100 + 85 = 185 ақша бірлігі болады.
Бұл - сома 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақшаның құрылуын білдіреді. Осы
жолмен құрылған ақшалар өз кезегінде өздері ақша эмиссиясының себебі бола
алатын басқа депозиттердің пайда болуына әкеледі. Яғни, ақшаның
мультипликативті көбеюі орын алады.
Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы
сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.
Ақша базасы - бұл Ұлттық банкі шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы
қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер
- бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие
корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі
(бұл Ұлттық банкінің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктер мен
қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады).
Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банкідегі корреспондентік
шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері
банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты
болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі
банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының
көлемін, яғни банктердің енімділігін реттеу арқылы реттейді.
Ол ақша-несие саясатының кұралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл
құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының,
ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетің ақша мультипликаторының
мөлшеріне әсер етеді.
Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына
байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының көзі
болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес
салмағына байланысты болады.
Бұл — айналымдағы қолма-қол ақшалардың банктерден тыс (болғанда)
орналасқанда мультипликацияланбауына байланысты. Ақша мультипликациясының
интенсивтілігі олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді,
мультипликацияның коэффициенттік жылдамдығы азаяды.
Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы (бұл жағдайда банк жүйсі
арқылы жүретін төлем жылдамдығы туралы айтылмайды) Ұлттык банк арқылы
тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және
ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшалардың айналыс
жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозитердің және ұзақ мерзімді
инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы
экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана
мүмкін. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген
сенімнің көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесінің
өсуіменен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық
субъектілерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударуменен бірге
жүреді.
Ақша айналысының жылдамдығы экономикалық монетаризация деңгейіне
байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен
анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайып, монетаризация деңгейі
жоғарылайды.
Монетаризация деңгейі 1989 жылы Францияда 68,5%, Германияда - 64,5%,
Ұлыбританияда - 89,1%, АҚШ-та - 77,5%, Жапонияда- 116,7%' болды.
Қазақстанда 1995 жылы монетаризация деңгейі 12%-ға жуық болды, бұл әрине
жеткіліксіз.
II бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің экономикадағы рөлі.
2.1. Қазақстан Ұлттық банкінің мемлекеттік ақша- несие саясаты.

Пайыздық саясат акша-несие саясаты құралдарының бірі болып табылады.
Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция
деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық күтімдеріне байланысты
анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық банк
өзінің пайыздық саясатын мемлекеттік ақша-несие саясатын іске асыру
мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта
қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық банк пайыздық
мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделігін ескереді.
Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі пайыздық саясаттың негізгі
мақсаты - теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша
массасының өсім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді
қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мелшерлемелер,
дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарды кұрайтындардың бірі.
Яғни, жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған
болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек.
Қазакстандағы жоғары қарқынды инфляцияға қарсы күресте пайдалануға
мүмкіндік беретін келесі бір факторға - шетел валютасына деген шектен тыс
сұранысты азайту шаралары жатады. Теңгені енгізгеннен кейін жарты жыл
ішінде валютаның бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық жолмен табыс алу
мүмкіндігінің болуы ірі банктердің кысқа мерзімді капиталының қа-рыздық
нарықтан еліміздің валюта нарығына ағылуына жол берді. Айырбас бағамымен
анықталатын теңгенің сыртқы құнының көрсеткіштері мен қарыздар бойынша
пайыздық мөлшерлемелер және бағалы қағаздар бойынша табыстылық арқылы
анықталатын теңгенің ішкі құнының көрсеткіштері арасындағы қатынастың
бұзылуы ұлттық валютаның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді.
Ұлттық банкінің қайта қаржыландыруының ресми мөлшерлемесінің өзгеру
динамикасы - 1994 жылы қаңтар-ақпан айларында 270%, ал наурыз-тамыз
айларында 300% кұрады. Теңгенің айырбас бағамының тұрақтануы мен
инфляцияның төмендеуіне байланысты 1994 жылдың ортасынан бастап пайыздық
мөлшерлемесінің деңгейі қыркүйекте 280%-га дейін төмендеп, ай сайын азайып
отырды. 1994 жылдың аяғында ол 230%, 1995 жылы -52,5%, 1996 жылдың
қыркүйегінде - 30%, 1997 жылы - 24% құрады.
Қаржы операцияларының барлық түрлері бойынша пайыздық мөлшерлемесінің
деңгейі Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша индикативті
анықталады. Сауданың түрлері бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер өзара
кейбір негізгі себептермен ерекшеленеді. Олардың арасынан мыналарды бөліп
көрсетуге болады: қарыз мерзімінің әртүрлілігі, пайызды төлемеуімен
байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық мөлшерлемесінің өзгеру
мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі.
Мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, банкаралық несие, Ұлттық банкінің
ноталары бойынша пайыздық мөлшерлемелер сауда мәніне сай келеді. Жалпы
барлық нақты нарық пайыздық мөлшерлемелер 1994 жылдың тамызынан бастап оң
көрініске ие болды.
Ұлттық банкінің ноталы және қазыналық вексельдер бойынша табысы Ұлттық
банкінің банкаралық несие бойынша табысынан төмен болды. Бұл мемлекеттік
қазыналық міндеттемелер және Ұлттық банкінің ноталарының пайызды және
қарызды төлеу жағынан несиелерге қарағанда үлкен сенімділігімен
түсіндіріледі.
Резервтік талаптар. Банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін,
банктің өз міндеттемелері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және
банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында
Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады.
1993 жылы I каңтарда енгізілген Қазақстан Республикасының
коммерциялык, кооперативтік және жеке банктердің қызметтерін реттеу туралы
Ережесіне сәйкес міндетті резерв бойынша норматив 18-20% көлемі
қарастырылған. Бұл Ереже 1994 жылы мамыр айына дейін қызмет етті, осы
жылдан бастап норматив банктердін, теңге және шетел валютасындағы жалпы
депозиттік міндеттемелерінен 30% мөлшеріне дейін өсті. 1994 жылдың 1 та-
мызында шетел валютасындағы депозиттік міндеттемелер бойынша норматив 15%-
ға дейін төмендеді.
Банктердің міндетті резерв нормативінің көбеюі, 1994 жылдың бірінші
жартысында ақша мультипликаторының тез өсуімен
түсіндіріледі. Егер 1994 жылы 1 қаңтарда ақша массасының көлемі ақша
базасынан 1,61 еседен асса, 1994 жылдың 1 көкегінде бұл мөлшер 2,21, ал 1
шілдеде - 3,1 есеге жетті. Ақша-несие саясатының осы құралын пайдалану
арқылы және банктер қарыз алушылардың несие қабілеттілігін бағалауына катаң
көзқарас орнату нәтижесінде 1994 жылдың 1 қазанында ақша мультипликаторының
мөлшері 1,66 деңгейге азайтылды. 1995-1996 жылдар арасында ақша
мультипликаторы 1,8-1,9 деңгейге дейіи сақталынды.
Банк резервтерінің шамадан тыс өсуіне байланысты (Ұлттық банкідегі
корреспондеінттік шоттағы қаражаттар) резервтік талаптардың мөлшерін
азайтып қана қоймай, сонымен қатар, резервтердің баламалы тәртібіне ауысу
мүмкіндігі пайда болды. Яғни, экоиомикалық нормативтерді орындайтын
банктердің корреспондеінтік шоттағы қаражаттарының мөлшері резервті
талаптардан кем болмау керек еді. Ал, 1995 жылы резервтік талаптардың
нормативі 20%-ға, 1996 жылы - 15%-ға дейіи төмендеді.
Ұлттық банк орташа айлық қалдыққа байланысты пайызды банктің
корреспонденттік шоты бойынша төлейді (резервтік талаптан аспайтын).
Резервтер бойынша пайызды төлеу резервтік талаптардың жоғары болу
жағдайында несиелер және тартылған депозиттер бойынша банктердің пайыздық
мөлшерлемесі арасындағы айырманы азайту кажеттілігінен туындайды.
1995 жылдың басында жалпы банктер арасында баламалы резервтерден
құрылған банктердің үлес салмағы 32,67%-ын құрады, ал жыл аяғында - 48,4%.
1995 жылы банктердің 13,5%-ы резервтік талаптардың орындалуын бұзды.
Мұндай банктерге айыппұл (түрінде) санкциялары колданылды.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, міндетті резервтер деңгейінің тым
жоғары болуы қаржы делдал түріндегі банкі жүйесінің тиімділігін әлсіретеді,
өйткені резервтердің минималды нормасының үлкені несие ресурстарының
экономикаға құйылуына кедергі жасайды. Мүндай жоғары міндетті резервтер
нормасы АҚШ-та және Германияда қолданылады.
АҚШ-та міндетті резервтер сомасы банктің категориясына, депозиттің
мөлшеріне, түріне байланысты. Ол федералды резервтік банктердің пайызсыз
депозиттік шоттарында сақталынады, артық резервтер федералды резервтік
банктердің негізгі көзін, яғни АҚШ-тың ақша нарығында ең негізгі
процестерінің бірі болып табылатын операциялар көзін құрайды. АҚШ-тағы банк
жүйесіндегі резервтерінің басты ролі коммерциялық банктердің несиелік
операцияларын бақылау болып табылады. Банктердің Федералды Резерв жүйесінің
(ФРЖ) Баскарушылар кецңесі заңмен бекітілген резервтер көмегімен
коммерциялық банктердің несиелеу қабілетіне әсер етеді. Оның мақсаты банк
несиесінің артықшылығын немесе кемшілігін болдырмау. Бұл саясат
коммерциялық банктердің несие көмегіне қаншалықты жағымды әсер етсе,
соншалықты басқарушылар кеңесінде экономикада іскерлік бел-сенділігінін
ауытқуын болдырмауына мүмкіндік болады. Осындай жанама жолмен коммерциялық
банктің несиесін бақылау кұралы сияқты (яғни экономиканың тұрактылығы)
резервтер өтімділік көзі болмайды, бұлар тек салымшыларды корғайды деп
есептейді (Кэмпбелл Р. Макконелл, Стэнли Л. Брю)1.
ФРЖ экономикалық дағдарыс кезеңінде міндетті резерв деңгейін жиі
төмендетуге дейін барды, сөйте отырып іскерлік белсенділіктің дамуын
ынталандыруға тырысты. Керісінше, 1973-1974 жылдары инфляциялық процестерді
тежеу мақсатында ФРЖ міндетті резервтердің деңгейін уақытша көтеріп отырды.
Ақша-несие қатынастарын мұндай бакылау және реттеу механизмі ашық
нарықтағы операцияларға және есеп мөлшерлемелерімің өзгерісіне карағанда
сирек пайдаланылады.
Несие операциялары Ұлттық банкі пен Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинеті арасындағы 1994 жылы каңтар айындағы меморандумына
сәйкес Ұлттық банк несиені үш негізгі бағыт бойынша береді. Директивті
несиелер Үкімет белгілеген басымдықтар бойынша мемлекеттік бюджеттің
тапшылығын жабу үшін коммерциялық банктер арқылы және несиелік аукциондар
арқылы банктерге берілетін несиелер. 1994 жылы Министрлер Кабинетінің
қарамағына Ұлттық банк ұсынған (27,5 млрд теңге) несиелердің 75%-ы несиеге
берілген. Сонымен бірге, бюджеттің кірісіне бөлінбеген пайда және 16,5 млрд
теңге сомасындағы депозиттер үшін төлемге аударылған. Бұл таза төлемдер
бюджет кірісінің 17% несиесін кұрады.
Директивті несиелердің айналасында қиын жағдай пайда болды. Сондықтан
бұл несиелерді кайтару бойынша жұмыстарын тоқтатты, олар несие Үкіметтің
кепілдемесі бойынша теленеді деп сенді, өйткені несиелер Қаржы министрлігі
және Экономика министрлігінің рұксаты арқылы несиелік қабілетіне
байланыссыз барлык шаруашылық органдарға берілді. Нәтижесінде 4,6 млрд
теңгеден (кайтарылуы міндетті сомадан) 1994 жылы 1,8 млрд теңгесі ғана
қайтарылды.
Сөйтіп, банк жүйесі арқылы төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға қысым
көрсетілді, олар банк несиесі есебінен бюджет дотациясын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк саласындағы мемлекеттік басқару, оны жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың құқықтық жағдайы
Коммерциялық банктердің басқару құрылымы
Банкінің атқаратын функциясы және мәні
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің құрылымы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
Қазақстан Республикасының ұлттық банксі
Қазіргі кезеңдегі қр ұлттық банкінің қызметтері мен рөлі
Ұлттық Банктің ақша айналысын бақылау
Орталық банк, оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы
Ақша айналысын басқару
Пәндер