Шоқанның жеке және қызметтік хаттары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
1. Абылайдың ұлы
ұрпағы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...4
1. Шоқанның өмірі мен
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..8
2. Ш.Уәлиханов туралы
естеліктер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
..13
3. Ш.Уәлихановтың қызметтік
хаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2. Ш.Уәлиханов еңбектерінің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.19
1. Іле өлкесінің географиялық
очеркі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2. Ыстықкөл
күнделігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..23
3. Жоңғария
очерктері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..27
3. Ш. Уәлихановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінің тарихи
маңызы ... ... ... .31
1. Шоқанның өзге
әлемі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 34
2. Шоқан шыққан
шың ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...39
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..46

Кіріспе

Шоқан Уәлиханов қазақ қоғамында ХІХ ғасырдың орта тұсында өркен жайған
ағартушылық идеяларды биік шыңға көтерген аса көрнекті қоғам қайраткері,
қаһарман саяхатшы, әлемге аты әйгілі фольклортанушы, этнограф, географ және
дарынды көсем сөздің (публицист) шебері.
Қазақтың рухани мәдениетін, тарихын, поэзиясын терең танып-білген
Шоқан өз елінің тағдырын, өткені мен келешегінің зәру проблемаларын әлемдік
өркениеттің дүниежүзілік шығыстану ғылымының жетістіктері тұрғысынан қарап,
талдап баяндады. Өзінің іргелі, аса құнды, ғылыми жаңалығы мол еңбектерімен
Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуге, бүкіл әлемдік Шығыстану ғылымына баға
жетпес үлес қосты. Қажымай-талмай архив материалдарын жинады. Шығыс
қолжазбаларын тауып аударды, бірінші болып қазақ халқының бай рухани
мұрасын ауыз әдебиеті мен жыршылық, ақындық өнерін ғылыми тұрғыдан
зерттеді, басқа туыстас халықтардың өлең-жырларына, эпосына да қатысты
құнды пікірлер айтты. [1.243]
Шоқан дүниетанымы мен көзқарасының қалыптасуына сол кездегі қазақ
қоғамындағы жағдайлармен қатар Россияның реформа алдындағы жәй-күйі де әсер
етті. Ол кезде Россия крепостнойлық тәртіпті жоюдың қарсаңында еді. Омбы
интеллегенциясымен қызу араласқан Шоқан орыс қоғамын толғандырған
идеялармен жете танысты. Ол Шығыстанушы ғалымдар Г.Н. Потанинмен,
И.Березинмен, А.В. Васильевпен, А.Н. Бекетовпен, жер аударылып келген С.В.
Дуровпен, тағы басқалармен достық қарым-қатынаста болды. Шоқанның ғылыми
жұмыстарына П.П. Семенов-Тянь-Шанский де ерекше ілтипатпен қарады.
Оның, әсіресе, Ф.М.Достоевскиймен көп жылдар бойы жақын болғаны, хат
жазысқаны – осының бәрі Шоқанның сол кездегі саяси-әлеуметтік жағдайды
толық түсінуіне мүмкіндік берді. Сөйтіп, Шоқан заманның әділетсіздігі
шонжарлардың озбырлығына қоса, негізінен, саяси және экономикалық жүйеге,
патшалық, самодержавие мен крепостнойлық тәртіпке байланысты екеніне көз
жеткізді.
Патша өкіметінің үстемдік саясаты мен қазақ қоғамындағы орын алған
күйзелістің де тамыры бір екенін аңғарды. Осы жағдайларды терең түсінуі
оның қоғам қайраткері, гуманист-ғалым ретіндегі идеялық позициясын
айқындауына әсер етті.
Шоқан туған халқын ғылым мен мәдениетке жеткізуге барынша күш жұмсады.
Ол надандыққа, қараңғылыққа қарсы күресті. Сол кездің әлеуметтік
теңсіздігін сынап, озат адамгершілік идеяларды жақтады. Өз кезінде адамзат
өркениеті мен мәдениетінің биігіне көтерілген Шоқан бірнеше буын
өкілдерінің сапасын оятып, әлеуметтік кемсітушілікке қарсы күресуді,
әлемдік мәдени байлықтарды игеруді, сөйтіп, қазақ халқының өзге халықтармен
тең өмір сүруін аңсады. [1.244]
Шоқан (шын аты – Мұхаммедқанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы қараша
айында Аманқарағай округының бекінісі Құсмұрын деген жерде, қазіргі
Қостанай облысының аумағында туған. Шоқан – Абылай ханның шөбересі, өз
әкесі Шыңғыс Уәлиханов аты әйгілі аға сұлтан, беделді ел билеуші болған. 12
жасына дейін Шоқан Құсмұрында мектепте оқып, мұсылманша хат таниды. 1847
жылы Шоқанды әкесі Омбыдағы кадет корпусына оқуға түсіреді. Мұнды әскери
пәндерден басқа, тарих, орыс және батыс әдебиеті, география, ботаника,
физика, математика секілді ғылым салалары бойынша мол білім алады. [1.244]

Ыстықкөл сапарының күнделігі, Қытай империясының батыс провинциясы
мен Құлжа қаласы, Қырғыздар туралы жазбалар атты зерттеулерін
жариялайды. Шоқанның ғылымдағы жетістіктері жоғары бағаланып, ол 1857 жылы
Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болады. [1.245]
Ғылымның әр тарабын ұштастыра, қатарластыра, дамытқан, жан-жақты ғалым
Шоқанның еңбегі ұшан-теңіз, шексіз зор, ғылыми зерттеулері, сан-салалы
дегенде, сол мұраның маңызды бір саласы әдебиет туралы ой-пікірлері екенін
ауыз толтыра айта аламыз. Мұның өзі үш тармақтан құралатынын байқауға
болады.
Бірінші – тікелей әдебиет мәселесіне арналған еңбектер (Қазақ халық
поэзиясының түрлері туралы) деген зерттеуі және өлең жырлардың өзі жинап,
бастырған мәтіндері.
Екінші – түгелдей не жартылай халықтың аңыз-әңгімелеріне, өлең-
жарларына, басқа әдебиет нұсқаларына негізделіп жазылған, бірақ осы
үлгілері тарих, этнография тұрғысынан қарап тексеретін еңбектері (Орта жүз
қазақтарының аңыз-ертегілері, XVIII ғасырдағы бастырлар жайлы тарихи
аңыздар, Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары т.б.).
Үшінші – әдебиет туралы әр жерінде бөлек тоқталып, бірақ өте құнды
пікірлер айтқан еңбектері (Қазақтың ережесі, Жоңғария очерктері, Сібір
қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы жазба, Қырғыздар туралы
жазбалар т.б.) [1.247]
Бір сөзбен айтқанда, Шоқан ең көрнекті, белгілі зерттеу еңбегінің бірде-
бірінде әдебиетке қатысты мәселелерге соқпай кетпейді, фольклорлық
нұсқаларды жыршылардың, ақындардың өлең-жырларын, оларды бар дерек-
мағлұматтарды қалайдапайдаланып отырады.

Курстық жұмыс өзектілігі: Ш.Уәлиханов очерктері мен күнделіктерінде өз
өмірі мен сапарлары барысында топтастырған фольклорлық жинақтары мен
зерттеу еңбектерінің мән-мағынасын тану арқылы мұраларының құндылығын
дәріптеу.
Курстық жұмыстың мақсат-міндеті: Шоқан мұраларының қазақ әдебиеті мен
тарихы саласындағы алатын орны мен мәнін тану және оны көпшілік назарына
ұсыну.
- Шоқан Уәлихановтың ғылыми очерктері мен күнделіктерінің мән-мағынасын
ашу
- Шоқан зерттеулері жайында толық мағлұмат алу
- Шоқанның очерктері мен хаттарының ғылым саласындағы алатын орны
Курстық жұмыстың нысаны: Шоқанның халық мұрасы ретінде қалдырған очерктері,
хаттары мен күнделіктері алынды.
Курстық жұмыстың ғылымилығы: Шоқан Уәлиханов сапарларында танысқан шет ел
зиялыларының ой пікірлерімен сапары бойы жинаған ғылыми мағлұматтары,
жинақтары алынды.
Зерттеу әдістері: курстық жұмысты жазу барысында Шоқан Уәлиханов
очерктері,күнделіктерінің бөліктері мен хаттары жинақтау, тақырып бойынша
реттеп, қолдағы бар мәліметтермен танысу, сараптау, нақтылау және де
топтастыра отырып жүйеленді.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс үш тараудан(әр тарау екі-үш
тараушадан), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер деген бөлімдерден
тұрады.

1. Абылайдың ұлы ұрпағы

Шоқанның ұлы бабасы, Қазақ Ордасының соңғы әміршісі, атадан аса туған
Абылай хан 1781 жылдың көктемінде, алпыс тоғыз жасқа қараған шағында Арыс
өзені маңында дүниеден озды.
Тарихи деректер мен ілгеріде хатқа түскен хикаялардың сарындарына
сүйенсек, айбынды хан ажал тырнағында – содан аз жыл бұрын ғана өзі
жорықпен келіп, Қазақ ұлысының дәргейіне бас ұрғызған Ташкенттен
Түркістанға қарай бет алған жолда ілінген. [2.3].
Осынау ұлы ханның ұрпағы Мұхаммедқанафия титтейінен алғыр, зейінді
болып өсті. Тілі де ерте шығып зеректігімен көзге түсті. Сәби шағынан
үлкендердің әңгімесін, аузымен құс тістеген билер мен шешендердің сөздерін,
көне қиссаларды, батырлық дастандарды тыңдауға аса қызығушылық танытатын
бейілімен ерекшеленді. Әдетте аға сұлтанның ақ ордасына келер қонақ көп.
Әсіресе, жаз туып, ел жайлауға мамырлай қонған кезде. Меймандар арасында
әкімшілк жайымен жүрген ел билеушілермен қатар, ескі әңгімелерді мол
білетін құйма құлақ қариялар, кезінде талай жорықтарды бастан өткерген
кеуделі батырлар, сөзден өрнек өретін небір шешендер, жыраулар мен
өнерпазда, күміс көмей әншілер де баршылық. Ал оларды есі кете қызығып
тыңдаушылардың бірі – сол үйдің кішкентайы Мұхаммедқанафия еді.
Ел аузында қалған сөздерде оның азан шақырып қойған әуелгі атының
Шоқан болып өзгергені де осы тұрғыдан байыпталады. Үлкендердің қасында
тапжылмастан шоқиып отырып, әжесі Айғаным: Шоқиғаным, Шоқаным, - деп
еркелетеді екен. Ақырын оны кейіннен бүкіл ағайын-туғаны, ел-жұрты да
осылайша атап кетті. Бастапқы Мұхамедқанафия аты – кей ресми құжаттарда
ғана жазылатыны болмаса, ол бүкіл ғұмыр кешкен ортасына, заманына Шоқан
есімімен танылды, жаһан ғылымының биіктеріне, туған халқының байтақ
болашағына ұлы Шоқан боп, Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов боп аттады. [2.9].
Тілі шығып, сөз түсіне бастаған шақтан-ақ сұлтан үйінің тәрбиесіне
сай, жас баланың санасына оның Ұлық хан тұқымы, айбынды баһадүр Абылайдың
шөбересі екендігіне қатысты әңгімеге де шым-шымдап сіңіреде берді. Және бұл
ретте оған әрдайым сен тура сол бабаңа тартқансың деген сөздер де жиі
арналған. Бұған себеп, ел аузында қалған әңгімелерде сұлтан Шыңғыс үйінде
қонақ болған дуалы ауыз қариялардың бірінің сәбиді көре салып, аумағын
Абылай ағамның өзі екен ғой деп көзінде жас алған жайы.
Жас бала құмарта құлақ түретін қилы әңгімелер қатарында сол Абылай
бабасы жайындағы аңыздар мен сөздер тым бол. Оларды бар есіл-дертімен
тыңдау үстінде Шоқанның көз алдына сонау бір қиян-кескі шайқастарға толы
қилы заман суреттері, Бөгенбай мен Қабанбай, Сырымбет пен Малайсары, Баян
мен Олжабай сынды ардақты батырлардың кесек бітімдері, оларды туған жерді
қасақы жаудан азат ету жолындағы қаһармандық жорықтары елестейтін. Кейіннен
өзі айтқандай, қазақтың ерлік заманы боп саналатын сол кезеңге аға
сұлтанның тұңғышы көкірегі сергек көңілмен ой жіберетін.
Әрі кейіннен атақты бабасы ғұмыр кешкен заманды мұрағат деректерімен,
тарихи мағлұматтармен нақтылай зерттеген кезінде, әжесі мен ата-анасының
қасында шоқиып отырып тыңдаған сол әңгімелердің көбінің шындыққа
қабысатынын байқап, кәдімгідей таңғалды. Бала жастан санасына сіңіп қалған
талай жайт жадында қайтадан жаңғырып шыға келгендей күй кешті. Оларды тарих
қойнауынан алынған мәліметтермен сабақтастыру үстінде көз алдына сол бір
дәуірге қатысты кесек суреттер қадау-қадау бітімімен көлденең тартылды.
Біртін-біртін өзі де айбынды Абылайдың аруақты қара шаңырағының бір
төлі болғандықтан, көптеген әйгілі тұлғалар ұшқан сол әз ұяның арғы-бергі
кезеңдеріне, Ұлық хан кіндігінен тараған ұрпақтың әр буынының талайлы
тағдырларына тереңдей, зерделей қарауға бейіл аударды: Ғұмырлары бодандық
заманның қос өкпеден қысуы бірте-бірте зорайып, күшейе түскен кезеңдеріне
тап келген ата-аға туыстарының бастарын темір ноқтаға ілуге қарсылық
білдіріп, жасанған жауға жалаң қылышпен шапқан жанқиярлықтарын да, бөтен
жұрттың билігін іштен тына, күйзеле, құсалана жүріп мойынсынған шарасыз
халдерін де ақырын-ақырын ұғынып, байыптай бастады. [2.10].
Шыңғыс Уәлиханов өз заманындағы аз ғана көзі қарақты, білімді
адамдардың бірі еді. Мұрағат мәліметтері әуелі Сырымбет медресесінде
қазақша жақсы сауатын ашқан, Омбы әскери училищесінің жанындағы Азиялық
мектеп тәлімін қазақтан алғашұылардың бірі болып көрген Шыңғысты әдебиет
пен ғылымға жаны жақын, елдің тұрмысын, әдет-ғұрпы мен өнерін
зерттеушілерге таныстыруға бірталай еңбектер жасаған адам ретінде
байыптады.
Әр саладан хабары бар аға сұлтанға орыс ұлықтары да кей жұмыстарды
сеніп тапсыратын. Мәселен, оған Кенесары қаупі тұсында сұс көрсетіп, зілді
бұйрық жіберген Сібір қазақтары облысының шекара бастығы полковник
М.В.Ладыженскийдің өзі арада аз уақыт өтпей жатып, 1840 жылдың ақпанында
мынадай хат жазады.
Сол кездегі кітаби қазақша тілмен жазылған хатта аға сұлтанға деген
ықылас ана жолғыдан басқаша.
Зияда Ғизатлу уа хұрматлу Аманқарағай дуанының аға сұлтаны майыр
Шыңғыс Уәли ұғылына
Сізге тапсырып айтатыным сол ки, маған қазақ халқының өлеңін, жырын,
ертегісін, бұрынғыдан қалған қария сөздерін, қиссаларын, хикаяттарын,
мақалдарын жиып жазып жібергейсіз. Мұның бәрісі де қазақ халқының арасында
көп шығар, деп басталатын хат бұдан кейін ауыз әдебиеті үлгілерін қалай
жинау керектігін түсіндіреді. Олар әрқайсысы өз мәнісіне қарай жеке-жеке
дәптерге жазылса жөн болатынын айтады. Әгәрәки, өзіңізге жақын жерлерде
ойран болған ескі жұрт бар болса, саулыққа пайдалы шипа (арасан) сулар
болса, не жазуы бар тастар болса, солардың бәрінің есімдерін біліп, солар
тақырыпта айтылып қалған қисса сөздерін жиып үшінші дәптерге жазыңыз... –
деп пысықтайды тағы. Шыңғыс бұл тапсырмаларды орындауға іле-шала кірісіп те
кетеді. Солардың ең алғашқысы,оның көне Қараобаның орнында ірге көтерген
Аманқарағай бекінісіне айнала ор қазу кезінде табылған мыс қазанды Омбыға
жіберуі болған. Шыңғыстың Ладыженскийге жазғанына қарағанда, солордан қыш
құмыралар да ұшырасқан, бірақ олар қолмен абайлап ұстамағандықтан үгіліп,
күлпаршасы шыққан еді.
Ал ауыз әдебиеті үлгілерін жинай бастағанының бір белгісі – оның Шоқан
еске алған алған Едіге жырын жазып алуы. Әкелі-балалы екеуінің одан кейін
де Қара қыпшақ Қобыланды, Қозы Көрпеш – Баян сұлу жырларының бірнеше
нұсқасы, Ер Көкше – Ер Қосай мен Орақ батыр жырларын, халық аузындағы
өзге де көптеген шығармаларды қағазға түсіріп, зерттеушілерге тапсырып
отырғаны белгілі.

1. Шоқанның өмірі мен қызметі

Шоқанның білмекке құштарлығы барған сайын күшейе түсті. Ол үлкен қалада
оқуды армандайды. Шыңғыс баласын жақсы білім алатын оқу орнына бергісі
келеді.
1847 жылдың күзінде әкесі 12 жасар Шоқанды Омбыға әкеледі. Шыңғыстың
орыс достары оған баласын Сібірдің сол кезде ең жақсы оқу орны деп саналған
Сібір кадет корпусына оқуға түсуге көмектесті. [3.18].
Сібір кадет корпусы 1845 жылы Сібір шептік қазақтарының әскери
училищесі негізінде құрылып, сол кездегі ең жақсы оқу орындарының бірі деп
саналды. [3.19].
Ол сегізжылдық оқу орны еді. Онда тарих, география және әдебиеттен
бағдарлама көп нәрсені қамтыды. Бастауыш сыныптардан-ақ кадеттер ежелгі
заман тарихын, Еуропа географиясын өтті. [3.20].
Шоқан кадет корпусына келгенде орыс тілін жақсы білмейтін, бірақ сирек
кездесетін қабілетінің арқасында осы қиыншылықты тез жеңіп шықты. Шоқан
тез дамыды, - деп еске аладыоның мектепте досы Г.Н.Потанин, - орыс
жолдастарын басып озып, оған көп адам назар аударды, оның қабілеттілігі
сондай, тіпті оқуға түспестен бұрын сурет сала бастаған еді.
Арада екі-үш жыл өткеннен кейін-ақ Шоқан тек өз сыныбының алды болып
қоймай, өзінің зеректіміен екі жыл жоғары сынып оқушыларын да басып озды.
Екінші курстан бастап Шоқан мен оның ұстаздарының арасында етене
жақындық және достық қатынас орнады. Шоқанның дамуына үлес қосқан Қазан
университетінің шығыс факультетін аяқтаған және корпуста орыс әдебиетінен
сабақ беретін әдебиетші және шығыстанушы Н.Ф.Костылецкий (1818-1867жж.);
өркениеттер тарихынан сабақ беретін, жер аударылған ғалым П.В. Гонсевский;
жас кезінде Н.Г. Чернышескиймен дос болған және оның идеяларын жақтаушы
әдебиетші П.В.Лободовский көп ықпал етті. В.Г.Белинскиймен А.И.Герценнің
рефолюция-демократиялық идеяларымен тәрбиеленген демократ орыс зиялылары
еді. [3.23].
Мұрағаттарда Н.Ф. Костылецкий мен Шоқан Уәлихановтың сол кездегі
атақтышығыстанушылардың бірі И.Н.Березинмен болған ғылыми және әдеби
байланыстардың ертеден басталғанын көрестетін эпистолярлық және қолжазба
материалдар сақталған. Омбыда Н.Ф. Костылецкийдің қолында қазақ халық
поэзиясының көптеп жиналған қолжазбалары, соның ішінде Обаған өлкесінде
Ш.Уәлиханов қағаз бетіне түсіртіп, кейін Шоқан өзі табыс еткен белгілі
Қозы Көрпеш – Баян сұлу жырының бірнеше үлгісі бұл әдеби байланысты
жандандыра түсті. Қазақ халық әдебиетінің қазынасын ғылыми ортада
жылдамырақ жария ету үшін Н.Ф. Костылецкий бұл көп материалды Петерборға,
профессор И.Н.Березинге жіберді, содан бері олар ғалымның мұрағатында
сақтаулы. Сөйтіп, олар Қозы Көрпеш – Баян сұлу поэмасының ежелгі
анағұрлым толық нұсқасын орыс тіліне аударып шықты.
1852 жылы Н.Ф. Костылецкий арқылы Шоқан мен И.Н.Березиннің арасында
достық байланыс орнады. И.Н.Березинге хан жарлықтарында кездесетін кейбір
терминдерді талдап түсіндіру үшін көмек қажет болды. Бірақ Н.Ф. Костылецкий
И.Н.Березинге Тоқтамыстың жарлығындағы талдауға мүлдем келмейтін кейбір
сөздер жөнінде бар ықыласыммен көмектесейін-ақ десем де сіздің
қасіретіңізді жеңілдетуге шарасыз болып отырмын деп жауап қайтарып, оған
бұл мәселе туралы Шоқан Уәлихановпен байланысуды ұсынды. Ш.Уәлихановтың
И.Н. Березинге жазған жауап хаты бүгінге дейін жетіп отыр. Бұл хатында
Шоқан И.Н.Березиннің сұрақтарына былай жауап береді: Тоқатмыстың
жарлығындағы бүгінде татар тілінде қолданылмайтын кейбір сөздердің
мағынасын қырғыз тілінен іздестіру жөніндегі сіздің ұсынысыңызды өзімнің
бұрынғы ұстазым Н.Ф.Костылецкийде естігеннен кейін мен қазақ қарияларынан
сұрастыра жүрі, біздің тіліімізден бірсыпыра сөздер таптым, оларды сізге
жіберуге асық болып отырмын, - деп жазды. [3.24].
Жас Шоқан буржуазиялық қоғам қоғам шынайы көрсетілген философиялық
трактаттар мен әлемуеттік романдарды тереңдей зерттеді. Шоқан философиялық
танымын көбінесе В.Г.Белинский, А.И.Герцен, кейінірек Н.Г.Чернышевский мен
Н.А. Добролюбов секілді ұлы орыс ойшылдарының шығармалары арқылы жетілдірп
отырды. [3.25].
1853 жылы 18 жасында Шоқан кадет корпусын бітріп армиялық атты
әскердің корнеті болып шықты. [3.29].
Шоқан Уәлихановтың қоғамдық және әдеби қызметі оқуды бітіірп шығысымен-
ақ бірден басталды. Қағаз жүзінде Шоқан Сібірдің қазақ әскерлерінің 6-атты
әскер полкінің офицері болып тағайындалғанымен, шын мәнінде Батыс Сібір
генерал-губернаторының жанында қалдырылады да, арада бір жыл өткеннен кейін
Батыс Сібір мен қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқарып отырған
генерал Г.Х. Гасфорттың адътанты болып тағайындалады. Сонымен қатар өлкенің
бас басқармасы бойынша Шоқан Уәлихановқа төтенше тапсырмаларды орындайтын
офицер қызметі жүктеледі. [3.29].
1854-1857 жылдары Шоқан Ұлы жүз қазақтарының және қырғыздарының бұғу,
сарыбағыш, және солту руларының Ресейге бейбіт жолмен қосылуы туралы
мәселені шешуге зор жігермен қатысты. Ол қызметтік міндетіп ғылыми іспен
табысты үйлестіре білді: география, тарих, генеология бойынша әртүрлі
мағлұматтар жинап, әдет-ғұрыптарын, халық поэзиясын қағазға түсірді.
1855 жылы Шоқан генерал Г.Х.Гасфорттың сапарына қатысып, Орталық
қазақстан, Жетісу және Тарбағатайға үлкен саяхат жасайды. Оның бағыты
Омбыдан Семейге, одан аягөз, Қапал және бұл кезде Верный бекінісін салу ісі
жүріп жатқан Іле Алатауы арқылы өтті. Бұл сапар ШүУәлихановтың қазақ
халқының тарихы мен тұрмысын терең зерттеуге бастама болды. Шоқан
статистика, қазақтардың заң-дәстүрлері мен ертедегі діні жөнінде мәліметтер
жинады.
Қайтар жолда Шоқан Г.Х.Гасфортты Алтын Емел жотасына дейін ғана шығарып
салып, осы жерден Жоңғар қақпасына дейін барып, Алакөл маңына және
Тарбағатайға сапар шекті, содан кейін Орталық Қазақстанға беттеп Қарқаралы
және Көкшетау, Баянауыл арқылы жүріп, күзде Омбыға оралды. Бұл сапар жас
Уәлихановқа ұмтылмас әсер қалдырды. [3.33].
1856 жылдың басында Ш.Уәлихановқа кезекті поручик шені берілді.
Омбыға қайтып келгеннен кейін Шоқан өзінің жинаған материалдарын
қорытындылауға кірісіп, сол материалдар негізінде қазақтардың жерді
пайдалану,рулық, отбасылық қарым-қатынастары мен ертедегі діни ұстанымы
жайлы ресми есеп жазды.
Ш.Уәлихановтың ғылыми еңбегінің дамып, өркендеуіне кең өріс 1856 жылы
ашылды. Ол полковник М.М.Хоментовскийдің басшылығымен ұйымдастырылған ірі
әскери-ғылыми танысу және Ыстықкөл алабын топографиялық картаға түсіру еді.
Бұл экспедияға қатысуымыз үлкен абырой болды, - деп жазады Уәлиханов, және
қара қырғыздардың арасында екі ай жүріп, көбінесе олардың аңыздары мен
тілін зерттеп, әрқилы пайдалы мәліметтер жинап алдық.
Ыстықкөл экспедициясы туралы М.М.Хоментовскийдің ресми есептері мен
хабарларынан құралған іс сақталған. Баяндау мәнері мен тәсіліне қарағанда,
олардың көп бөлігін, сірә, Шоқан уәлихнов құрастырған болу керек және жалпы
алғанда мазмұны жағынн оның Ыстықкөл туралы күнделігінің деректерімен
сәйкес келеді. [3.34].
Жас зерттеушінің қырғыз халқының атақты эпикалық жыры Манасқа алғаш
рет көңіл бқліп, оның бірінші ғылыми жазбасын жасап, ішінара орыс тіліне
аударылуының ерекше маңызы болды. Ол жырға тұңғыш рет тарихи және әдеби
тұрғыдан сараптама жасап, ат аңызға айналған бас кейіпкері – манас образына
және қырғыз фольклорының басқа кейіпкерлеріне талдау жасайды.
Қырғыздардың, - деп жазды Ш.Уәлиханов, - ноғайлы дәуіріне жататын Манас
атты жалғыз жыры бар. Манас - қара қырғыздардың басрлық мифтер, ертегі,
аңыз-әңгімелерінің бір кезеңге және бір адамның – Манас батырдың төңірегіне
топтастырылған энциклопедиялық жинағы. Бұл дала Илиадасы тәрізді нәрсе.
Қырғыздардың тұрмысы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, географиясы, діни ұғымдары
мен медициналық түсініктері және олардың халықаралық қатынастары осы орасан
зор жырда айқын суреттеледі. Манас - жекелеген көп оқиғалардан құралған
тұтас еңбек. Семетей атты екінші бір жыр Манастың жалғасы іспетті және
ол қырғыздардың Одиссеясы. [3.38].
Ш.Уәлихановтың қызметі Петерборда жан-жақты болған еді. Ол бірнеше
мекемеде қызмет етті: Бас штабтың Әскери ғылыми комитетінде, Азия
департаменті мен Географиялық қоғамда және сонымен бірге университетте
лекция тыңдады.Әскери ғылыми комитеттің тапсыруымен ол Орта Азия мен Шығыс
Түркістан картасын жасады. Оның редакциясымен Балқаш көлі мен алатау
жоталарыаралығының картасы, Іле өлкесінің батыс бөлімін
рекогносировкалау (1856), Құлжа қаласының сызбасы, Ыстықкөл
экспедицияларының нәтижелері туралы есепке қосымша карта (1856), Қытай
имеприясының Батыс өлкесінің картасы және т.б. жасалды. Ол әртүрлі
тілдердегі ескі карталарды зейін сала зерттеді. [3.53].
1861 жылдың көктемінде ауыр науқас Шоқан Уәлихановты Петербордан
кетуге мәжбүр етеді. Дәрігерлердің кеңесі бойынша ол нашарлаған денсаулығын
түзету үмітімен туған даласына оралады. [3.56].
Ауылда өмір сүре жүріп ғалым ағартушы артта қалған мешеуліктің мұңды
көрінісіне, екі жақтан езгіде қалған халық қасіретімен тағы да бетпе-бет
келді. Бірақ ол халықтың құқығын қорғау үшін утопиялық идеяларға беріліп,
халық бақытын жоғарыдан, өкімет билігімен орнатуға болады деген қате
пікірде болды. Оны Уәлиханов өз кандитатурасын Атбасардың аға сұлтаны
болуға сайлауда ұсынуынан көруге болады. [3.57].
Бірақ Шоқанның көппен жалғыз алысуға шамасы келмей, Омбыға кетіп
қалады. Мұнда ол облыстық басқармасының заң комиссиясының жұмысына
араласып, қазақтың сот реформасы мәселелерімен айналысты. [3.58].
Ол өмірінің соңына дейін Бас штаб пен Азия департаментінің қызметкері
ретінде тіркеліп тұрды.
Шоқан Уәлиханов өзінің мендей түскен науқасынан айыға алмай, 1865
жылдың сәуір айында Тезек төренің ауылында, Алтын Емел жотасына жақын Көшен-
тоған деген жерде қайтыс болады.
Дүниеден қайтардан біраз уақыт бұрын Ш.Уәлиханов әкесіне соңғы хатын
жолдады. Бұл хатында ол өзінің туысқандарын, таныстарын сағынғанын жазып,
орындалмай қалған армандарын айтып, өкінеді. Қажыдым, күшім бітті, - дейді
Шоқан, - қан сөлім кетіп құр сүйегім ғана қалды, кешікпей жарық дүниеден
кетермін. Менің аяулы туыстарм мен жолдастарыммен көрісуді тағдыр жазбай
тұр. Бұл менің ең соңғы хатым. Қош болыңыздар, баршаңызды құшағыма алдым...
Жетісуға келіп, бейшара Айсараны (әйелі) елге алып қайтыңыз, оны қараусыз
қалдырмаңыз, - деп жазған еді. Шоқанның осы ақырғы тілегін орындау үшін
1865 жылдың жазында Көкшетаудан Алтын Емелге керуен жіберілді. [3.59].
Осы деректерді саралай келе, бір жайтқа назар аудармасқа болмады.
Шоқанның өмірінің соңына дейін Бас штабта қызмет еткенін ескерсек, ал ол
әскери іске сырқат адамдардың алынбайтындығы, алынған жағдайда да жұмыс
жасамаса немесе жұмыстан кетсе ол жұмыстан шеттетілетінін ескерсек, сонымен
қатар Шоқанның соңғы хатында өз өлімі жайлы өте сенімді жазуына назар
аудара отыра оның өлімі тек аурудың салдарынан емес екендігін аңғарамыз.
Яғни, сол уақыттағы Шоқанды ұнатпаған кісілердің қолынан, қаза табуы
мүмкін екендігін болжауға болатындай...

2. Ш.Уәлиханов туралы естеліктер

Н.И.Веселовский Аққан жұлдыз
Қырғыз хандарының ұрпағы және орыс армиясының офицері Шоқан Шыңғысұлы
Уәлиханов шыңыстану көгінен құйрықты жұлдыздай ағып өтті. Орыс
шығыстанушылары оны бір ауыздан ерекше құбылыс деп мойындап, болашақта
түркі халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашадыдеп
үміттенген еді, бірақ Шоқанның мезгілсіз дүние салуы бізді бұл үміттен
айырып отыр. Ол 30-ға да толмастан өкпе ауруынан қаза тапты. Батыс Сібір
генерал-губернаторы Гасфорт Уәлихановтың айырықша қабілетті екенін байқап,
оның ғылыммен айналысуына барынша жағдай жасады және ғылым әлеміне тамаша
нәтиже әкелген Қашғар сапарына баруына жәрдемдесті. Уәлиханов Қашғардан
оралған кезде Гасфорт сапардың есебін реттеуге өзі қатысып, кейіннен
Уәлихановқа Петерборға барып келуіне жағдай жасады. Қашғар сапары туралы
жазбалар осы тамаша адамның негізгі айтулы еңбегін құрайды; қалған
мақалаларының басым көпшілігі толық аяқталмаған немесе кіріспе күйінде
қалды және бұл мақалалардың дені қолжазба емес, өзгелердің көшірмесі
ретінде сақталған. Қолжазбаны көшіруші өз тапсырмасын мүлтіксіз орындады
деуге келмейді, Уәлихановтың жазуы өте түсініксіз болғандықтан, қайталап
көшіруде бос қалған жерлер көп немесе сөздердің мағынасы бұрмаланған, ал
автор неге екені белгісіз, түзетулер жасамаған... [3.69].
Орыс геграфиялық қоғамынының кеңесі, менің мәлімдемемнен кейін
Уәлихановтың шығармалар жинағын басуға қажетті қаражатты бөлуге шешім
қабылдады, солайша мен баспа ісіне кірістім. Бірақ мені өте қынжылтқан
жағдай: Уәлихановтың негізгі жұмысы 1858-59 жылдардағы Алтышар мен Қытай
провинциясы Нан-Лудың (Кіші Бұхар) алты шығыстық қаласының жағдайы туралы
деп аталатын мақаласының түпнұсқасын ала алмадым, бұл мақала қоғамның
Жазбаларында ұқыпсыз редакцияланған, өте көп қате кеткен. Тек мақаланы
теру кезінде мен Уәлихановтың Сыртқы істер министрлігі мұрағатында
сақталған есебімен танысу мүмкіндігіне ие болдым. Есеп көшірмеші қолымен
жазылған, кей жерлеріне Уәлиханов өзі түзету енгізген. [3.70].
А.Н.Пыпин Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов туралы.
Қырғыз Шоқан Уәлихановтың өмірбаяны өте қызықты құбылыс – азиялық
және еуропалық қасиеттердің қосындысы. Шыққан тегі бойынша Уәлиханов
өздерін Шыңғысхан тұқымымыз деп есептейтін қырғыз аристократиясына жататын
(1830 жылдың екінші жартысында туған). Ол – қырғыздың соңғы ханы Уәлидің
немересң және Орта жүз қырғыздарының Ресейге қосылуы орын алған кезде билік
құрған Абылай ханның шөбересі. Шоқан қырғыз даласында, Құсмұрын (Тобыл
губерниясы, Петропавлдан оңтүстік-батысқа қарай) мекенінде туған.
Мұсылманша есімі – Мұхаммед-Ханафия; Шоқан – еркелеткен аты. [3.71].
Уәлиханов жинаған мағлұматтардың бәрі басылған жоқ. Оның қолжазбалары
із-түссіз жоғалып кетті. Орта Азия тарихы, этнографиясы және географиясы
жайлы материал жинау үшін Уәлиханов ешнәрседен аянбайды аянбады, - делінген
қазанамада, - өз халқының аңыз, әңгіме, поэма, қисса-дастандарын мұқият
жазып алды, өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, ескі жәдігерлерді сатып
алып, көне қолжазбаларды жинады... Уәлиханов өз еліне терең адалдығын
сақтады, ол қазақ өмірін сүйді, сонымен бірге батыс өркениетін бағалай
алды, өз халқының болашағын тек Ресей қанатының астынан көрді. Уәлихановты
жақсы білетін адамдар оның ақыл-ойының келісті және бағыт-бағдары жағынан
орыс батысшылы болғандығын айтады: Ол Ресейді шын жақсы көрді, оның
кемшіліктерін көре білді, жақсы адамдармен бірге оның жаңаруын шын жүректен
тіледі. Шоқан алпысыншы жылдардағы қозғалысқа қызығушылық танытты. Діни
тұрғыдан алғанда ол еркін ойшыл болды, бірақ өз халқымен байланысын үзбес
үшін мұсылман болып қалды. [3.73].
П.И.Небольсин Ш.Уәлиханов Петерборда
Көп ұлысты Петерборда, бізде жарияланған діни-сенім бостандығының
көрінісіндей басқа сенімдегі бірнеше шіркеу орын тепкен Невский даңғылы
бар, Петерборда бізде қырғыздар сирек; мұнда олар бар-жоғы бес адам ғана
болар. Олар жалпы еуропалық әскери киім киіп жүреді және біреуінен
басқасының назар аударатындай ешбір ерекшілігі жоқ. Бұл біреу – әлі өте жас
атты әскер офицері, шамасы, шені бойынша штабс-капитан, Әулие Владимир
орденінің иегері, шығу тегі бойынша сұлтан, аты Шоқан, әкесінің аты Шыңғыс,
фамилиясы Уәлиханов (атасы хан Уәли, тегі - сұлтан). Уәлиханов Сібір
қазақтарына жатады, ол Қашғарға саяхат жасап, осы қыста Географиялық
қоғамның бір мәжілісінде жеке эрудиция мен шынайы ізгіліктерге толы
баяндама жасады. [3.74].
И.В. Мушкетов Шоқан Уәлиханов және оның геологиялық коллекциясы
1858 және 1859 жылдары Шоқан Уәлиханов көпес ретінде сауда керуеніне
еріп алғаш рет Верный қаласы мен Ыстықкөлден Зәукі асуы арқылы Тянь-Шаньның
барлық жоталарын кесіп өтіп, Шатыркөл көлінен асып Қашғарға барды.
Уәлиханов мырза өз саяхатының барлық нәтижелерін жариялап үлгермеді;
ол тек маңызды ғылыми мәні бар, автордың сирек кездесетін байқампаздығы мен
мол білімін танытатын бірнеше мақалаларын жарыққа шығарды; шыққан тегі
жағынан – қырғыз, ол жергілікті халықтардың тілін жақсы білді, сондықтан
жергілікті халықтардың тілін жақсы білді, сондықтан жергілікті халықтардан
әртүрлі және толық мағлұматтарды одан артық ешкім жинай алмайтын еді,
егерде ол Қашғардан қайтып келген соң көп ұзамай қайтыс болмағанда оның
еңбектірінің нәтижелері тіпті жемісті болар еді. [3.74].
Г.Н.Потанин Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
Орыс ағартушыларының атына кір келтіретін жағдай – Ресейге бодан
елдерден шығып, орыс мектебінде білім алған бөгде ұлт өкілдері санының өте
аздығы. Осы санаулы топқа енетіндердің бірі, ең алғаш орыс жазушыларының
тізіміне өз есімін енгізуден қырғыз – Шоқан Уәлиханов. Ол қырғыздардың Орта
жүз ханы Уәлидің немересі. Уәли ханның өлімінен кейін орыс билігі Орта
жүздегі хандық билікті жойды. Уәлиханның үлкен әйелінің отбасы тағдыр
тәлкегіне түссе, керісінше кіші әйелі Айғаным орыс әкімшілігінің көңілінен
шығып, Сырымбет мекенінде оған арнап үй салынып, мешіт тұрғызылды, Құсмұрын
тұтасымен оның қарауына берілді, ал үлкен ұлы Шыңғыс Омбыдағы орыс
мектебіне оқуға алынып, Шыңғыс Уәлиұлы Уәлиев деген атпен оқушылар тізіміне
енді. Уәлиханов болмаған себебі қырғыздардың есіне хандық билікті салмау
болса керек. Кейіннен Шыңғыс Уәлиұлы қырға оралып маңызды қызметтер
атқарды. [3.77].
... Уәлиханов өзінің өмірлің міндеті қырғыз халқына қызмет ету, орыс
билігі алдында оның мүддесін қорғау және санасының жаңаруына ықпал ету деп
санайтын. Соңғы міндетті жүзеге асыру тек жанама тәсілмен мүмкін еді, ол өз
халқын зерттеп, өз еңбектерін орыс тілінде жариялай алды, бірақ
Уәлихановтың мінез-құлқы ғылыммен тапжылмай айналысуға сәйкес келмейтін.
Ғылымға ол азиаттық-ақсүйектік тұрғыда селсоқ қарады. Ал, тікелей қырғыз
тілінде жазу, шығармалар басу бекер іс болды, себебі қырғыз оқырманы аз
еді. Егер Уәлихановта оқи алатын қазақ қауымы болғанда, онда қазақ алқы
Шоқан арқылы Лермонтов пен Гейне рухындағы қырғызша жазатын жазушыға ие
болған болар еді. [3.80].

1.3 Шоқанның жеке және қызметтік хаттары

Жас Шоқанның ата-анасына жазған хаты
Хат – бұл жартылай кездесу
Сіздерге және сіздің айналаңызға саламаттық тілеймін! Құрмет пен
бақыттың иесі, кең пейілді, мейірбанды сүйікті әкемізге, аса ардақты адал
анамызға және өте сыйлап, құрмет тұтатын Қабойға дұғай сәлемімізді
жолдаймыз; егере ұлдарыңыздың қаржылық жағдайынан хабардар болғыңыз келсе,
Аллаға мың да бір шүкір, біз сіздердің қасиетті дұға-тілектіріңіздің
арқасында аман-есенбіз, кейін не болатыны бір Құдайдың қолында. Өткендегі
поштадан жіберген хаттарыңызды батадай қабылдап, амандықтарыңызды білген
соң, қуанып, көңілденіп қалдық; екіншіден, жүрегі күйзеліп, еңсесі түсе
бастаған ұлдарыңыздың жағдайына аяушылық білдіріп, аздаған ақша
жіберулеріңізді сұрауға батылым барып отыр, - бұл бір аса қайырымды іс
болар еді, себебі біз сияқты студенттерде үлкен шығындар болып тұрады,
мысалы, қағаз, сия алу, кітап жаздырып алу, поштадан хат жіберу, алу, тағы
осы тәрізді заттарға ақша өте керек; сол себепті, егер өз амандығыңыз
туралы жазған хатпен бірге аздаған ақшаны сенімді жолсеріктен беріп
жіберсеңіз, өз ұлыңызды қуантар едіңіз. Сіздің қасиетті батаңызды асыға
күтуден жалықпаймын, сіздің ұлыңыз Жақып. [4.128].
Ф.М. Достоевскийге
Аса қадірлі Федор Михаилович!
Сізге хат жазу мүмкіндігін падаланып қалуға асығып, отырмын. Өзіңіз
кеткеннен кейін мен сіздің қалаңызда бір түн қонып, келесі күні таңертең
жолға жолға шықтым. Ол кеш мен үшін аса көңілсіз болды. Өзімнің соншама
жақсы көріп қалған және өзіме де ілтипатты болған адамдармен қоштасу маған
өте ауыр болды.
Семейде сізбен бірге өткізген аз ғана күн маған ұнағаны сонша, енді міне,
сізбен тағы жүздесуді ғана ойлап жүрмін. Мен емеспін, нәзік сезімдері мен
ақ ниеті туралы жазуға шебер емеспін, бірақ оның түкке қажеті жоқ деп ана
санаймын. Менің сізге қалай бауыр басып қалғанымды және қалай жақсы
көретінімді, әрине, өзіңіз де жақсы білесіз.
Омбыға келгеннен кейін мен үшін бір көңілсіз жағдай болды – ең жақын
досым Александр Николаевич Цуриковпен қоштасуға тура келді, ол енді сізге
Семейге барады. Аса мейірбанды Федор Михаилович, мен сізге осы бір сүйкімді
жанмен танысуды ұсынамын. Сіз оны бір көргеннен-ақ ұнатуға тиістісіз.
Омбының, өсек-аяны, бітпейтін дау-жанжалы жиіркенішті болғаны сонша, бұл
қаладан кетуге бел байладым. Бұл туралы сіз не дейсіз? Қайткенім дұрыс,
Федор Михаилович, маған кеңес беріңіз. Дуровтың денсаулығы болмай жүр.
Мұндағы шенеуніктердің қысымы оған жайсыз болып жүр-ау, сірә, бұл жөнінде
Цуриковтің өзі айтып берер.
Барнаулда терең ойлы, данышпан ... мистикалық адаммен уақытты қалай
өткіздіңіз? Менің досым, құпия хатшым Василий Петровичке менің атымнан бас
иіп, тағзым етіңіз. Ковригин оған ештеңе жазбайды деп ренжіп жүр. Жетімді
өкпелету оңай емес пе? Айтпақшы, жетімдер жайында. Соңғы кеште мен сіздің
кеңесіңіз бойынша С-ға көңіл білдірдім. Одан сұрап көріңіз, меніңше, біз
кешті көңілді өткізген сияқтымыз.
Әзірге қош болыңыз, Федор Михаилович! Жақында мен бұдан да толығырақ әрі
жан-жақты жазатын боламын. Жауабыңызды күтемін. Анна Андреевнаға сіздің
хатыңызды бердім: ол, шамасы, өте разы болады.
Сіздің бас июші құлыңыз Шоқан Уәлиханов. [4.129].
Қазақтардың әдет-ғұрып соты бойынша материалдарды дайындауға Ш.Уәлихановтың
қатысқаны туралы құжаттар.
Сібір Қырғыздары облысының әскери губернаторына Батыс Сібір бас
басқармасының жолдаған қатынас хаты.
13 мамыр 1863ж. №771, Омбы қ.
Мемлекеттік кеңес қаоаған сот бөлігін жаңартудың негізгі ережелерін өткен
1862 жылғы 29 қыркүйекте мәртебелі император мақылдап, жоғарғы бағалады.
Мемлекеттік кеңес пікірімен сол 1862 жылғы 29 қыркүйектегі мәртебелі
патша бекіткен негізгі бастамаларын жамытуда заң ережелерінің түрлі жобалық
құрастыру және қарастыру тәртібі көрсетілген.
Мемлекеттік хатшы Бутков мырза 2 сәуірдегі жоғарыда бекітілген
мемлекеттік кеңес аікірінің басылып шыққан данасын және Ресейдегі сот
бөлігін жаңартудың негізгі ережелерін жөнелте отырып, мәртебелі патша,
пікірде белгіленген 8 бап талаптарындағы ойларды өзіне хабарлауды сұраған,
яғни империяға жалпы сот бөлігін жаңартудың негізгі ережелеріне Батыс Сібір
сот мекемелерінде және қазақ әскерлері мен бұратаналар оны қолданғанда
қандай өзгертулер мен толықтырулар қажет екенін сұрады.
Бас басқармадағы осы мәселені алдын-ала қарастыру кажеттігін түсіне
отырып, (сол уақытқа) Батыс Сібірдің барлық жергілікті губерниялық
басшылықтарымен танысып, мен, жоғары мәртебелім, сізден сұраймын: 1862 жылы
30 қыркүйекте С-Петербург сенат ведомостерін Ресейдегі сот бқліктерін
жаңартудың негізгі ережелеріне №78 толықтыруды өзіңіздің тікелей
бақылауыңызбен білгір шенеуніктердің қарауына беруді, аталмыш өзгертулер
мен толықтырулар туралы ойларыңыз бен ескертулеріңіз сізге тапсырылған
облыстардағы және ондағы бұратаналарға сот мекемелерінде қолдану барысында
енгізу қажет, осыларды маған осы жылдың 1 тамызына дейін жеткізіңіз.
[4.113].
Сонымен қатар сот бөлігі туралы негізгі ережеге енгізілген маңызды
өзгерістер сібір қырғыздары мен бұратаналар қолданғанда ерекше тиімді деп
ойлаймын: қазақтар мен өзге бұратаналарға арналған сот бөлігі бойынша
енгізілген тиісті өзгерістер туралы мәліметтер мен пікірлерді өзіңіз
ревизия жасағалы отырған облыстың құрметті билері мен сұлтандарынан
білерсіз; ол үшін Сізден сібір қырғыздарыының Облыстық басқармасының кіші
кеңесшісі Яценко Қазақ даласы округіне халықты ревизия үшін жинағанын
пайдалана отырып, заң және сот салтын білгір билер мен сұлтандардан қазақ
даласында қолданылатын сот бөлігі туралы негізгі ережелерге жалпы жасалуға
тиісті аталмыш өзгерістер мен толықтырулар туралы олардың пікірін білуін
ұсыныңыз; Яценко мырзамен бірге жұмыс істеуге қырғыз даласында жүрген аға
сұлтанның үлкен ұлы, штабс-ротмистр Уәлихановты шақырған пайдалы болар еді,
егер әрине ол келісімін берсе. [3.114].
Генерал-губернатор А.Дюгамель
Кеңес мүшесі, бөлім басқарушысы Ал. Моторин

Шоқан Уәлихановты орыс геогрфиялық қоғамының толық мүшелігіне қосу.
Горный журналында жарияланған қырғыз даласына жасаған іссапарының есебі
арқылы, сондай-ақ Қатын және Шу өзендерінің бойымен Алтайдың ішкі жағына
қызықты саяхат жасаумен танымал болған Тау инженерлері корпусының поручигі
Иван Иванович Ковригинді;
Ыстықкөл көлінің шығыс жағалауына саяхатқа барып, қырғыз даласы туралы
географиялық, этнографиялық және терихи материалдардың бай қорын жинаған
Сібір дербес корпусы командирінің адътанты қызметіндегі поручик Шоқан
Уәлихановты. Уәлиханов мырза қоғамға өзі жинаған деректерді мәлімдеуге
қиын.
Толық мүшелері: П. Семенов , Е. Ламанский

Шоқан Уәлихановты орыс географиялық коғамының толық мүшелігіне сайлау
туралы диплом
Императорлық Орыс географиялық қоғамы 1857 жылғы 21 ақпандағы
мәжілісінде поручик Уәлихановты өзінің толық мүшесі деп сайлады. [4.97].
Төраға (қолы)
Төрағаның орынбасары
Хатшы: Е. Ламанский.

1. Ш.Уәлиханов еңбектерінің мәні

Қазақ ауыз әдебиетінің жіктері мен түрлерін, оның  құрылыстарын, шешендік
сөздерін, айтушылары мен сақтаушыларын Шоқан біраз қарастырған. Қазақтың
кейбір ақындары: Сыпара, Асан, Бұқар, Шал, Жанақ, Түбек, Шөже, Орынбай
ақындар туралы пікірлер айтқан. Шоқанның бұл пікірлері әдебиет тарихы үшін
өте маңызды.
Шоқанның әдебиет зерттеу еңбектері өзінің осындай ғылымдық жоғары
маңызымен және бұқарашылдығымен құнды.Ол әдебиеттің  қоғамдық мәнін,
халықтық қасиетін, реалистік сипаттарын қастерлеуді талап етті. Оның ғылыми
еңбектері әдебиет мәселесін кең қамтыды. „Ұлы жүз  қазақтарының ескі
сөздері, ертегісі”, „Ыстықкөл саяхатының күнделік дәптері.”, „Қытай
мемлекетінің батыс өлкесі және Құлжа қаласы”, „Құлжа күнделіктері”, „Қырғыз
халқы туралы жырлар”, тағы басқа мақала, очерк хаттары әдебиетке байланысы
мол шығармалар. Шоқанның бұл шығармалары оның талантты әдебиетші-зерттеуші
ғалым екенін толық танытады.
Аталған еңбектерінде Шоқан өзінің талапты публицият  жазушы екенін де
көрсете алды. Өмірден көргендері мен түйгендерін Шоқан өзіне тән шебер
тілмен бейнелей суреттейді. Оның очерктері мен күнделіктері жай ғылыми
еңбек болып қана қоймай, көркем шығарма- көркем публицистика дәрежесіне
көтеріледі. Өзінің бейнелі де шешен  сөздерінің арқасында Шоқан еңбектері
әңгіме, повестер сияқты оқушысын өзіне бірден  тартып, баурап алады.
Шоқанның еңбектерінде табиғат суреті, адам портреті мен  олардың характері,
үй-жай сипаттары көркем баяндалып, оқушысын үлкен полотноға салынған
суреттер галереясына ертіп әкелгендей әсер қалдырады. Мысалы, 1858 жылы
Құлжаға қарай аттаныс сапарын баяндай келіп, жазушы Алтынемел маңын, Алтау
аңғарып, бұл жерлердің  сұлу табиғатын сүйсіне суреттейді.
            Шоқан жүрген жерінің табиғатын жалаң баяндап қоймайды. Ол сол
өлкені мекендейтін халықтың жайын түгел қамтиды. Жергілікті халыққа тән іс-
әрекет, мінез-құлық, әдеп, кәсіп, елдегі дау-шар, үстем тап езгісі-барлығы
баяндалған. Бұл рчерктерден біз керуеншілерге келіп, базарлық дәметкен
қарапайым қазақтар сұлтандардың бейнесін де көз алдымызға елестетеміз.
  „... Біз сұлтанның мінезінің оғаштығына таң қалдық” – деп жазады Шоқан. –
Ол шатырға семіз қаздай байпаңдап басып кірді. Сөйтті де төрге шығып отыра
қап, мелшиіп қатты да қалды, жұрттың бәрін көзімен жедел шолып өтті де,
тақпақтап:    „Жалайырда қой көп, Жанғазыда ой көп ”,- деді. Соны айтты да,
тағы да мүлгіп, мелшиді де қалды. Осындай қызық  суреттер  қырғыздар
тұрмысын  көрсетуде де жиі ұшырайды.
Қырғыздардың ас беруі, қонақ күту салты, ондағы көптеген жабайылық
көріністер жай баяндалмай, әсерлі тілмен шебер бейнеленеді.
Шоқанның   күнделіктері де өзінің көркемділігімен құнды. Оның
күнделіктерін көркем шығарма деуге әбден болады. Шоқанның „Құлжа
күнделіктері”- осындай көркемдігімен ерекше шығарма. Оның қай бетін ашсаңыз
да , көркем  сурет өзіңізді бірден баурап алады. Осыдан болса керек, Шоқан
туралы келелі пікір айтып, маңызды зерттеулер жазған ғалым Ә.Марғұлан
Шоқанды  прозашы жазушы деп таниды.Шоқан Құлжадағы базаршылар көрінісі,
әрбір  ұлт өкілінің киімдері, сырт келбеті, істері, сөздері түгел бейнелі
сөзбен баяндайды.
Құлжа табиғатының көрінісі, Құлжаға дейінгі жолда кездескен асулар мен
таулы жолдар, тасты шатқалдар, өткелсіз өзендер, құнарлы көк алқап пен
жыртқыш аң, улы жәндіктер жайлаған құлазыған қу дала Шоқан еңбектерінде
барынша шынайы суреттеледі.
Шоқан-публицист жазушы. Оның мақалалары мен  хаттары- қазақ әдебиеті
туралы алғаш пікір көтерген маңызды еңбек. Шоқан- қазақтан шыққан,
европалық тәлім алған жан-жақты ғалым, мәдениетті қоғам қайраткері, батыл
саясатшы. Шоқанның досы Потанин өзінің естеліктерінде: „Оның өз бетінмен
оқыған кітаптарының көптігіне, білімінің молдығына қайран қалушы едік.
Мінезі де жарқын, көңілді, жүрген жері думан-күлкі болушы еді”,- дейді. [5]
Азия елдерін (Қытай, Үндістан, Ауғанстан, және Персия) оның халықтарының
орналасуы, халықтардың тегі, діні, өмір салты; Қытай империясы; кеңістігі,
құрылымы, басқарылуы, билігіндегі жер, оның қорғауындағы жер; Тұранның
географиялық және саяси жағдайы кеңінен қамтыла оқытылды. Оқу
бағдарламасында Ресей империясының географиялық (өнеркәсібімен
ауылшарушылығы туралы мәселелер) аймақтары кең көлемді қамтылды. Әсіресе,
Қазақстан географиясына айрықша көңіл бөлінді. Бұл қазақтар жерінің табиғи
байлықтарын зерттеп, игерумен империялық әскери – стратегиялық мүддеге
сәйкес көзделіп істелді. Бұл ретте, құжаттарды оқысақ; Қырғыз(Қазақ)
даласының шекаралары, кеңістігі, жерінің сипаты, өзендері және көлдері;
судың өзіндік ерекшеліктері, қатынас жолдары, керуендер өтетін тау жолдары,
тамаша – алқаптар, климат және табиғи байлықтары. Қырғыздардың саны, тегі,
тілі және діні, бостандығының басталуы, хандық өкімет билігінің жойылу
уақыты. ... Қазақ даласында нығайтылған бекіністер және тамаша станицалар
пайда болды. Қырдағы мал жайылымы болған жерлерде казактар заимка,
кордондар салып, орманшы ұстайды. Отын сұрап келгендерге әуелі православие
дінін қабылда деп шарт қояды, қазақтарды христиан дініне кіруге осылайша,
мәжбүрленді. Батыс Сібір генерал губернаторы Дюгамель және басқалары
бастаған бұл тобыр бұған қарсы болған Шоқанның ізіне түсіп, оған жауыздық
пен қаскөйлік жасайды. Сол қабілетсіз, нағыз зердесіз патшалық әкімшілік
ортада Шоқанның өмір сүруі мен әскери қызметіне, адами қалыптасуына қиындық
туады. Сондықтан да Шоқанның орыс әкімшілігі мен әскери шенеуніктерінің
қазақтарға жасаған қысымына, наразылығы күшейе түседі. Алғаш 1855 жылы
Шоқан генерал-губернатор Гасфорттың қазақ өлкесіне сапарына қатысады. Ол
Оңтүстік Қазақстанды, Жетісуды және Тарбағатайды аралайды. Бұл сапар жас
Шоқанға үлкен әсер қалдырды. Қазақтар өмірімен жақын танысып, тарихи
аңыздары мен өлең, жырларын жазып алды.1856 және 1857 жылдары Шоқанға шұғыл
әскери бұйрық беріледі. Саяхатта ұзақ жүріп, қажетті материал жинау
міндеті жүктелді. Мәселен, Ыстықкөл, Құлжа жол сапарларында ұзақ уакыт
болды. Жергілікті табиғи жер, суды көзбен көріп, халық тұрмысымен, сауда —
саттық қатынас орнату мәселесімен шұғылданды. [6]

1. Іле өлкесінің географиялық мәні

Іле өлкесі деп алғаш танысқан орыстар Іле өзені мен Күнгей Алатауының
қарлы жотасының арасында орналасқан, батысқа қарай кеңейіп келген ұзын жер
жолағын атады. Оның кеңеюі Іле өзенінің баяу ағатын тұсына келіп құятын
шағын өзен Қаскелеңнің сағасынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хаттардың жалпы ерекшеліктері мен сипаттамасы
Ш. Уәлихановтың атқарған қызметтері
Шоқан Уәлиханов талантты ғалым
Шоқан Уәлихановтың сапарлары
Шоқан уәлиханов жайлы
ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВ ТУРАЛЫ
Шоқан және оның шығыстанулық зерттеулері
Шоқан ғылымға не қосты
Шоқан - публицист жазушы
Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен - Шоқан
Пәндер