Кіріктірілген сабақ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

І. Кіріспе.
1.1. Дәстүрлі емес әдістердің тиімділігі.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Физиканы оқытуда пәнаралық байланыс.
2. Кіріктірілген сабақ. Реактивті қозғалыс тақырыбына өткен
кіріктірілген сабақ.
3. Кіріктірілген сабақ. Механикалық толқындар тақырыбына өткен
кіріктірілген сабақ.
4. Тренинг сабағы. Толқындар тарауын қотытындылау.
5. Ашық сабақ. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін
қысымын анықтау.
6. Дебат – пікірсайыс сабағы. Инерция тақырыбын меңгерту.
7. Физикалық сынақ сабағы.
8. Біздің барлық біліміміз тәжірибеден басталады. Эврика ғылыми –
зерттеу сабағы
9. Физикалық сайыс сабағы.
10. Зертханалық жұмыстар. Физикадан лабораториялық практикум.
• №1 – жұмыс. Көлбеу жазықтықпен домалаған цилиндрдің қозғалысын оқып
үйрену.
• №2 – жұмыс. Көлбеу жазықтықтың ПӘК – ң тұрақты ұзындықта оның
биіктігіне тәуелділігін зерттеу.
• №3 – жұмыс. Белгісіз сұйықтың тығыздығын анықтау.
• №4 – жұмыс. Серіппелі маятник тербелістерімен танысу.
ІІІ. Қорытынды.
3.1. Сабақ тиімділігін дәстүрден тыс сабақтар арқылы көтеру.

Әдебиеттер.

І. Кіріспе.

1.1. Дәстүрлі емес әдістердің тиімділігі.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Қазақстан – 2030
жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл
– ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді
жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсартумен қатар, оқытудың әдіс –
тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттігін атап көрсеткен.
Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жасалып, әлемдік білім
беру кеңістігіне өтуге бағыт алуда.
Демек, бүгінгі таңда әрбір мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көтеру,
оның түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, танымдық
ізденімпаздығын белсендіру.
Осыған орай, мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сабақтың жаңа
түрлерін дамыту болып табылады. Педагогикалық тәжірибенің бүгінгі даму
деңгейінде белгілі болып отырған оқытудың озық әдіс – тәсілдердің бәрін
еркін игеріп, әрбір нақты жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу, олардың
жиынтығын түрлендіре отырып пайдалану әрі шығармашылықпен қолдану –
мұғалімнің басты мақсаты. Осы аталған дәлелдемелерден келіп орта мектепте
физика пәнін оқытуда білім сапасын арттыру үшін ұстазға оқытудың түрлі әдіс
– тәсілдерін қолдана білу шеберлігін әркез ұштай түсу қажет болатыны
көрінеді.
Қазіргі талап деңгейіне сай мектептерде оқу – тәрбие процесі арқылы
оқушыларға терең білім беру мен қатар ойлау және сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру мақсаты көзделеді. Бұл мақсат жеке пәндерді оқытудың алуан
тұрлерінің бәрінде жұзеге асырылады. Жаратылыстану пәндерін, соның ішінде
физиканы оқыту барысында оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, физикалық
тілді меңгеруін қадағалау қажет. Осы мақсатта оқушыларға білім беруде
дәстүрлі сабақтармен ғана шектеліп қоймай, сонымен қатар дәстүрлі емес
сабақтар, сондай – ақ сыныптан тыс қосымша шаралар да өткізіліп орырған
жөн.
Қазіргі жаңа педагогикалық технологиялар да бізді осы дәстүрлі емес
әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, жаңашылдықпен жұмыс жасауға бағыттайды.
Сабақ беру процесі күрделі педагогикалық объект болғандықтан, оның типі
дидактикалық бағытына, мазмұнына байланысты өзгере береді.
Қазіргі кездегі беріліп жүрген сабақтар мынадай топтарға бөлінеді.
1. Дәстүрлі типтегі сабақтар: бұл типке күнделікті сабақтың
барлығы жатады.
2. Дәстүрлі емес сабақтардың 200 – ден аса түрі бар, негізгілері
мынадай: жарыс сабағы, кіріктірілген (интерграцияланған), қиял
– ертегі, турнир, диспут, эврика, шығармашылық, сахналық
көрініс, ойын, аукцион, ашық ой, пікірталас (дебат), сынып
көшбасшысы, сот, конференция, Не? Қайда? Қашан? (сұрақ –
жауап), саяхат сабағы, және т. б.
Сондай – ақ сыныптан тыс шаралар да дәстүрлі емес оқыту процесіне
жатады:
• Көңілді тапқырлар жарысы
• Физика көшбасшысы
• Физиктер айтысы
• Конференция
• Өре бәйге жарысы.
Сабақ түрлері туралы көптеген пікірлер бар. Қазіргі кезде жиі
қолданылатын Л. В. Миронованың Ұғымдардың дамуы, төменнен жоғарыға,
қарапайымнан күрделіге өрлеуден тұратын әдісі тиімді.
Физиканы оқытудың өткен кезеңдердегі классикалық үлгілерін тереңірек
зерттеп, оларды қазіргі дәстүрлі емес әдістемелік жүйемен тиімді үйлестіре
отырып ұштастыру ерекше маңызды.
Дәстүрлі емес әдіс – тәсілдер арқылы танымдық ойындар ұйымдастырылған
кезде баланың мұғалім назарынан тыс қалып, зерігіп отырып қалу сәттері
болмайды.
Эксперименттік есептер шығарту, сарамандық жұмыстардың дәстүрлі емес
әдістерін қолдану да ерекше орын алады. Дәстүрлі емес әдістерді пайдалану
оқушының қызығушылығын оятып қана қоймайды, сонымен бірге баланың талабын
ұштап, қиялын дамытып, ой - өрісін кеңейтуге, іздену қабілеттерін дамытуға
үлкен септігін тигізеді.
Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы да салмақты ойлауға
тәрбиелейтін, қоғамдық көзқарастырын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі
бар, өмірдегі, қоғамдағы, болып жатқан түрлі қарама – қайшылықтарды түсіне
білетін, еркін сөйлеп, өз пікірін ашып айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде
осындай сабақ үлгілерінің маңызы зор.
Оқытудың әдіс – тәсілдерін түрлендіріп жетілдіру арқылы мектеп
қабырғасында жүрген кезінде оқушылардың білім деңгейін, тәрбиесін
жоғарылатып, таным деңгейін арттыру, пәнге қызықтыру әрбір мұғалімнің басты
мақсаты болуы тиіс. Тиімді оқыту әдісі оқушыларды алғырлыққа,
байқампыздыққа баулып, олардың ойлау қабілеттерінің жетілуіне, ең бастысы,
ғылым негізіне ынтасын арттыруға мүмкіндік туғызады. Оқушылардың білімге
құштарлығын дамытып, оны толық игеруін қамтамасыз ету әр пән мұғалімінен
көп ізденуді, еңбектенуді талап етеді. Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің
білім деңгейіне, іскерлігіне, әр сабаққа тиянақты әзірленуіне тікелей
байланысты.

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1. Физиканы оқытуда пәнаралық байланыс.

Пәндер арасындағы байланыс сол пәндердің жеке ғылымдары арасындағы
байланыстың көрінісі. Бұл ғылымдардың әрқайсысы табиғат тану жолында
материалдық дүниені зерттейтін ғылымдар бар екені белгілі. Ғылым дамуының
қазіргі кезенін ғылымдар арасындағы барған сайын ұлғайып отырған байланыс
пен сабақтастықтың күшеюі, ұласуы деп есептеуге болады. Соңғы жылдары
физиканың, математиканың, асттрономияның, биологияның, химияның,
географияның және басқа да пәндердің өзара байланысы осы пәндерді
дәрістеуді қайта қарауды, білім беруде кең тұрғыдан қамтуды, олардың осы
терең байланысын оқыту процесінде тиімді пайдалануды көздеуде. Осы пәндері
арасындағы бұл байланыстың басты мақсаты оқушыны дамытудың диалектикалық
принциптерінен туындайды.
Пәнаралық байланыстардың тағы бір пайдалы жағы – ол бүкіл оқыту ісін,
яғни, бір мектептің барлық жұмысын бір жолға салуға, барлық мұғалімдерге
біріңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерді ортақ мүддені шешуге
жұмылдырады. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдары мынадай:
• әрбір жеке пәнді оқытқанда басқа пәндерді оқыту ісіне өз ықпалын
тигізетіндей болуын көздейді;
• әр түрлі пәндерді оқып үйренуде өтілетін материалды уақыт жағынан
үйлестіріп отыру;
• оқушылардың ғылыми теориялар мен заңдылықтарды игеруін, олардың
жинақтылығымен, шеберліктерімен, дағдыларымен сабақтастыра
қалыптастыру;
• жалпы теориялық білім алуды және практикалық шеберліктер мен
дағдыларды бірыңғай әдіспен жұзеге асыру;
• оқушыларға (білім алу икемділік пен дағдыларды қалыптастыру
барысында) бірдей талап қою;
• оқушылардың білім алуға, бір пәнді оқып үйрену барысында екінші
бір пәннен білім алуға, икемі мен дағдыларын кеңінен пайдалана
білуге әдеттендіру;
• әр түрлі пәндердің зерттеу әдістерінің ортақтығын, ерекшелігін
көрсете білу;
• пән сабақтарында оқытылатын құбылыстардың ортақ байланысын ашып,
дұрыс диалектикалық дүниетаным қалыптастыру.

2.2. Реактивті қозғалыс тақырыбына өткен кіріктірілген сабақ.

Осыған орай 9 сыныпта Реактивті қозғалыс тақырыбын кіріктірілген
сабақ түрінде өткізуге болады. Сабақ физика, биология, тарих пәндері
арасындағы байланысқа негізделген.
Сабаққа биология, тарих пәндерінің мұғалімдері шақырылады.
Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс.
Әдісі: Сұрақ – жауап.
Түрі: кіріктірілген сабақ.
Көрнекілігі: Ауа шары, ғарышкерлер суреттері, плакаттар, сызбалар.
Мақсаты: Оқушыларға реактивті қозғалыс туралы түсінік беру. Физика,
биология, тарих ғылымдарының өзара қандай байланыста болатындығын көрсете
отырып, тақырыпты ғылыми тұрғыда түсіне білуге, зейінділікке,
отансүйгіштікке тәрбиелеу. Пәнаралық байланысты жандандыру. Сабақты
ұйымдастыру кезеңінен кейін үйге берілген тапсырма жалпылама сұрақпен
пысықталып, үлестірмелі қағаздағы тест сұрақтары арқылы 4 – 5 оқушыдан үй
тапсырмасы сұралады.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты, түрі түсіндіріліп, келіп отырған
қонақтардың сабаққа қатысу мақсаты айтылып өтті.
Тәжірибе: ауа шарын үрлеп, одан кейін еркін қоя береміз. Ол біраз уақыт
бөлме ішінде арлы – берлі ұшатын болады. Шардың қозғалысының себептері
түсіндіріліп, реактивті қозғалысқа анықтама беріледі. Теңіз жәндіктері
сегізаяқ, кальмар, теңізқұрт, медуза туралы айта келіп, мұғалім бұл
жәндіктердің де реактивті қозғалыс принципі бойынша қозғалатындығын айтып
өтті. Келесі кезекте сөз алған тарих пәні мұғалімі: Реактивті қозғалыс
принципін пайдалана отырып, XX ғасырда адамзат физика мен техника
жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілгендігін және ғарышты игеру
тарихына толық тоқтала келіп, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Т. Әубакиров
пен Т. Мұсабаевты қазақ халқы мақтан тұтатындығын, Байқоңыр сияқты ғарыш
айлағы бар Қазақстан әлемдегі саналы ғарыштық мемлекеттің бірі екендігін
айтып өтті.
Сабақ ары қарай жалғастырылып, плакаттағы сызба бойынша реактивті
қозғалыс принципі түсіндіріліп, төмендегі формула қорытылып шығарылды.
υ2 = - υ1
Мұндағы υ2 зымыран қабығының жылдамдығы, M – m қабықтың массасы υ1 –
атылып шығатын газ жылдамдығы, m – жанған отынның массасы.
Сабақ Ғажайып үй тік ойынын ойната отырып қорытындыланады. Ойынынның
шарты әр қатардан бір оқушы тақтаға ілінген кестенің қалаған нөмірін ашып,
сұраққа жауап береді.

10 10 10
20 20 20
30 30 30

Сұрақтар: 10 (1) – Реактивті қозғалыс дегеніміз не?
10 (2) – Зымыраннан басқа реактивті қозғалыс жасайтын денені ата.
10 (3) – Зымыран қанша бөліктен тұрады?
20 (1) – Ғарышқа алғашқы қадам жасау идеясын ұсынған ғалым кім?
20 (2) – Тұңғыш жасанды Жер серігі қашан, қай жерден ұшырылды?
20 (3) – Реактивті қозғалыс жылдамдығы қандай шамаларға байланысты?
30 (1) – К. Э. Циолковский идеяларын жүзеге асырған ғалым, конструктор
кім?
30 (2) – Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата.
30 (3) – Қандай мақсатпен зымырандар көп сатылы болып жасалады?
Сабақ соңында оқушылардың білімі бағаланып, үйге қосымша Ғарыш сөзіне
сөзжұмбақ құрастырып келу тапсырылады. Қорыта келгенде, мұндай дәстүрлі
емес сабақ тұрлері оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ғылыми
көрегендікке баулиды.

2.3. Кіріктірілген сабақ. Механикалық толқындар тақырыбына өткен
кіріктірілген сабақ.

Бүгінгі ұстаздың міндеті оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру,
пәнаралық байланысты жүзеге асыру арқылы механикалық толқындар, дыбыс,
дыбыстың адам өміріндегі маңызына көз жеткізу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың іздену, ойлау қабілетін
дамыту, білім деңгейін тереңдету, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың адамгершілікке, ұжымдыққа,
имандылыққа, бір – бірін сыйлауға, өз ағзаларын күте білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: камертон, видеопроектор, таяқшалар, темір таяқшалар
(ішкі қуыс және бітеу), бүтін және жарық фарфор, қоңыраулы сағат, бетонша,
жұмсақ орамал, металл қасық, жіп, жазық фанер, қол сағаты.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ (физика, анатомия және жас
ерекшелігі физиологиясы)
Сабақтың әдіс – тәсілі: әңгімелеу, баяндау, тәжірибе көрсету, пікір
алмасу, тексеру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (1 – 2 мин). Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
Сабақтың жоспары 3 бөлімнен тұрады:
І. Теориялық бөлім
ІІ. Эксперименттік бөлім
ІІІ. Пәнаралық байланыс
Сабақтың имитациялық моделі: FЗЗ – да (ғылыми зерттеу зертханасы)
берілген тақырыптарды оқыту үшін бос байқау жарияланады; зертхана
меңгерушісі, аға ғылыми зерттеушілер, лаборанттар және Жас алаш,
Денсаулық газеттері тілшілері болып табылады. Бұл лауазымдарға
қатысушылар берілген сұрақтарға дұрыс, анық және нақты жауап берулері
керек.
Сабаққа дайындық. Оқытушы жалпы тақырыпты таңдайды және лауазымдардың
атқаратын санаттарына байланысты тапсырмаларды анықтайды. Тәжірибелерді
өткізу үшін құрал – жабдықтар дайындалады. FЗЗ – ғы тапсырмалар үш бөлімнен
тұрады: теориялық, эксперименттік (тәжірибелерді түсіндіру және есептер
шығару) және дыбыстың адам өміріндегі маңызын атап көрсету. Оқушылар да
мұқият дайындалады және ойынға кабинетті безендіреді.
Сабақтың мазмұны.
Бос орындағы лауазымдарға қатысушылар анықталады (әрбір лауазымға 3 – 4
оқушыдан) қатысушыларға топшамалар беріледі де, олар алдын – ала
дайындалған орындарға отырып, жұмысқа кіріседі, яғни оқушылары топтарға
бөлінеді.
Сараптаушыларға қатысушылардың сәйкес сұрақтары жазылған топшамалар
үлестіріледі.
Барлық оқушыларда: бос орындарға қатысушылар да, сараптаушылар да
сұрақтарға жауап беру үшін алдын – ала уақыт алады. (5 – 10 мин)
Жауаптарды тындау – сабақтың ең маңызды бөлігі, лауазымға қатысушыларға
сараптаушылар пікір береді. Жауаптың дұрыстығын дәлеледеп, ол сұрақтарға
өзі де жауап беруге болады. Мәжілістен кейін байқау қорытындысы бойынша
лауазымдарға өткендерге тілектерін білдіріп, сертификат тапсырылады. (5 –
10 мин)
Соңында сабақ қорытындылады.
І. Теориялық бөлім:
1. Сабақтың атын жариялап, бос орындарға лауазымдарды тағайындау.
2. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
1. Физика пәнінің мұғалімі - . . . . . . .
- Біз бүгін механикалық толқындарды, соның ішінде дыбыс толқындарын ІХ
сыныпта танысқан едік. Жалпы толқындық процестер табиғатта өте кең тараған.
Бізді қоршаған орта әртүрлі дыбыстарға бай. Мысалы: сағаттың тықылы,
мотордың үні, рояльде ойнау және жедел машинасының сиренасы,
жапырақтардың сыбдыры, адамдардың даусы т. б. Міне осы дыбыс толқындарының,
яғни құбылыстың физикалық шамаларға, олардың адам ағзасына тигізетін
пайдасы мен кері әсерлері туралы сөз етеміз.
2. Биология пәнінің мұғалімі - . . . . . . .
- Адам есту мүшесі арқылы айналасындағы дыбыстарды естіп, сонымен
байланыста болады. Адамның сөз сөйлеп, өзара қарым – қатынас жасауында есту
мүшесінің маңызы зор. Есту мүшесінен түскен ақпараттар ішкі мүшелердің
жұмысына әсерін тигізіп, оларды реттеуге қатысады. Адамды қауіптен сақтауда
ақпараттың маңызы үлкен.
3. Сонымен сабағымызға көшейік. (Видеопроектор арқылы тірек сызбалар
көрсетіледі)
Лауазымға қатысушыларды тыңдаймыз.

а) Зертхана меңгерушісі:
1. Толқын деген не? Көлдеңен, қума толқын. Толқын ұзындығы, толқын
жылдамдығы. Толқын энергиясы.
2. Дыбыс. Дыбысты жақсы өткізетін орталар.
3. Дыбысты нашар өткізетін орталар.

б) АҒҚ (аға ғылыми қызметкер) сөйлейді.
1. Есту мүшесінің құрылысы мен маңызы.
2. Жануарлар әлеміндегі дыбыстар. (Видеопроектор арқылы кестеге
тоқталады)
3. Дыбыс талдағышының жас ерекшелігі.
4. Музыкалық дыбыстар мен шулар. (Видеопроектор арқылы түсіндіріледі)
5. Дыбыстың қаттылығы. Дыбыстың жоғарлығы. (Видеопроектор арқылы сурет
пен кестеге тоқталады)

в) Зертханашылар
1. Механикалық әдіспен жазу және пластинкаға механикалық әдіспен
жазылған өленді тындау. (Видеопроектордағы сурет арқылы түсіндіріледі)
2. Дыбысты магниттік әдіспен жазу, магнитафонға жазылған жазбаны
тыңдау. Дыбысты қайта шығару.
3. Тәжірибелерді түсіндіру. Дыбыстың шағылуы. (Видеопроекторда
тәжірибелердің суреттері көрсетілген)
А) 30х30 см қалың фанер алып, дәл ортасы ауызымыздың тұсына келетіндей
етіп ұстаймыз. Өлең айтамыз да фанерді әрлі – берлі қозғасақ, дыбыстың
күшейгенін көреміз, тіпті өлеңді бір кісі емес, бірнеше кісі айтып
тұрғандай сезіледі.
Б) Сыймдылығы 2 – 3 л құрғақ бидонша алып, орамалға жүріп тұрған
будильник сағатын орап саламыз.
Қолымыздағы суретте көрсетілгендей фанер алып, бидонның жоғарғы жағына
белгілібұрышқа бұрып ұстасақ, сағат соғысының дыбысын естиміз, дыбыс
шағылғанда күшейеді.
В) Металл үлкен қасық алып, ұзындығы 75 – 80 см жіп алып, жіптің
ортасынан қасық байлап, екі ұшын түйіп құлағымызды тигізіп, суретте
көрсетілгендей басымызды иіп, отырғышқа қасықты ұрсақ, дыбыстың жіп арқылы
құлаққа колокол дыбыс естіліп тұрғанын сеземіз.
4. Есептер шығару. (Видеопроекторға жазылады)
Физика пәнінің мұғалімі - . . . . . . .
- Сонымен дыбыс толқындары туралы біршама мағлұматтар
алдық. Тербеліс жиіліктеріне байланысты дыбыс толқындары
және ультрадыбыс болып бөлінеді.
- 16 Гц – тен төмен дыбыс толқындары инфрадыбыстар, ал 20000 Гц – тен
жоғарғысы ультрадыбыстар деп аталады. Сонымен қатар бүгінгі үлкен проблема
тудырып отырған бұл радиоактивті сәулелер. Радиоактивті сәулелер де
толқындардың бір түрі болып саналады. Радиоактивті сәулелердің тірі
ағзаларға әсер ету белсенділігі олардың тербеліс жиілігіне және
интенсивтілігіне байланысты болады. Сондықтан осы ультрадыбыстар мен
радиоактивті сәулелердің ағзаға әсерлері туралы Жас Алаш газеті мен
Денсаулық журналы тілшілерін тындасақ.
- Биология пәнінің мұғалімі - . . . . . . .
- Дыбыстың адамға, сондай – ақ барлық тіршілікке әсері зор. Оған
осындай мысалдар келтірсем түсінікті болар: тышқанның қасына бірнеше уақыт
жағымсыз дыбыстар жібергенде, ол естен танып құлаған, ал өсіп тұрған гүлдің
қасына осындай дыбыспен әсер еткенде гүл сола бастаған. Ал адам құлағына
өне бойы айқай – шу, жағымсыз дыбыстар бірте – бірте құлақтың естімей
қалуына әкеледі, мидың есту орталығын зақымдайды.
ІІ. Жас Алаш газеті тілшісі:
1. Ультрадыбыс, оның биология мен медицинадағы маңызы.
2. Есту мүшесінің гигиенасы.

ІІІ. Денсаулық журналы тілшісі:
1. Биологтардың жауаптарына қарай ультрадыбыстың физикалық мәнін ашу.
2. Нарын – капустин Яр полигонының зардабы туралы айту.

ІV. Дыбыстың күнделікті тұрмыста және техникада кездесуі туралы
көріністер.
1. Гүлнәрдің әжесі – ай атты көрініс.
2. жаңа жыл келіп қалды атты көрініс.
3. Физика пәнінің мұғалімі . . . . . .
- Дыбыстың маңыздылығына халықтық педагогиканың кейбір элементтері
қолданылады. Заман өзгеріп, көнесі тозып, жаңасы озып, қаншама құбылып
жатса да әр ұлттың зердесінен өшпейтін, жанында мәңгі сақталатын асыл
мұралары болады. Мысалы, қазақ халқының арасында тараған көне халық
аспаптары бар дулыға, сырнай, сыбызғы, домбыра, қылқобыз, асатаяқ,
шаңқобыздар. Бұлардың барлығы өзіміздің халық таланттары ойнаған аспаптар.
Қазақ халқының аспаптарының ерекшеліктерімен таныстыру, дыбыс түрлері,
музыкалық дыбыстар туралы айту, халық мұрасын қастерлей білуге баулу.
4. Биология пәнінің мұғалімі . . . . . .
- Ерте замандағы қолжазбаларда музыканың адам ағзасына әсер, күші
туралы аз айтылмаған, б. з. д. ІІІ – ғасырда Пергам патшалығы тұсында 3,5
мың көрермен сыятын музыкалық медициналық театр салынған. Онда сазды
әуендер ойналып, адамдарды қайғы – қасіреттен айықтырған болған. Ал адамда
дыбыс тербелісін қабылдайтын арнайы дыбыс тербелісін қабылдайтын арнайы
мүше – құлақ бар. Дыбыс құлақ қалқан қуысы арқылы миға барып, мидың есту
аймағын қоздырады. Енді организмге қандай дыбыстардың пайдалы, қандайының
пайдасыз екендігін қалай білуге болады? Ол өте оңай. Бізге жағымсыз
дыбыстардың пайдалы болуы мүмкін емес, себебі: олар ауруға шалдықтырады.
Мәселен, балалар бақшасының тәрбиешілері мен мектеп педагогтары
уақыттарының көпшілігін айқай мен у – шудың арасында өткізгендіктен,
олардың есту мүшелерінің ауруға жиі шалдығатыны белгілі.
Ал ұнамды немесе құлаққа жағымды дыбыстардан: ән – күй, аспаптық
музыкалар, әнші құстардың сайрағаны, орманның шуылы, теңіз толқыны,
арықтардан сылдырап аққан су шуылының шипалық күші аз болмайтыны ақиқат.
Пифагор айтқандай, музыка адамның ой - өрісін жоғарлатып, дамытып отырады.
Оқушыларға келесі сұрақтар қойылады: 1. Толқын қалай пайда болады? (Жауабы:
Жел соғып күшті әсер еткенде, нәтитжесінде су бөлшектері тербеліске келеді.
Ал тербеліс толқын түрінде тараған); 2. Толқынның жағаға ұрылып, кейін
қайтуын қандай заңмен түсіндіруге болады? (Жауабы: ньютонның ІІІ – заңы
бойынша).
V. Қорытындылау.
VІ. Үйге тапсырма.
VІІ. Бағалау.

4. Тренинг сабағы. Толқындар тарауын қотытындылау.

Оқытудың негізгі міндеті оқушылардың ойлау қабілетін кең түрде дамыту.
Осы тұрғыда физика сабақтарын пән аралық байланысты қамти отырып
өткізуге болады. Бұндай сабақтарды өткізу барысында физикамен басқа
пәндердің арасындағы байланыс қалыптасып, оқушылардың ізденісі және
фундаментальды ғылымдарға деген қызығушылығы артады.
Сондықтан, келесі сабақ жоспары 9 – сыныпта өтілетін Толқындар
тарауын қорытындылауға арналған.
Сабақтың тақырыбы: Толқындар тарауын қорытындылау.
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік мақсаты: толқындар тарауы бойынша алған
білімдерін қорытындылау, бекіту; б) Дамытушылық мақсаты: пән аралық
байланыстарды қамту арқылы пәнге қызығуын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін
дамыту; в) Тәрбиелік мақсаты: белсенділік, іскерлік, зейінділік, ұлттық
дұние танымға тәрбиелеу.
Сабақ типі: қорытындылау, жүйелеу.
Сабақ түрі: тренинг.
Сабақ әдісі: эвристикалық, диалог, практикалық, әңгімелесу, түсіндірме,
иллюстриактивтік.
Пән аралық байланыс: биология, музыка, әдебиет.
Көрнекілігі: телевизор, физикалық аспап, жұмыс кітапшасы.
1. Проблемалық сұрақ:
Телевизордан бейне таспа арқылы Қарлығаштың құйрығы неге айыр? атты
мультфильмінен үзінді көрсетіліп, оқушылар физикалық мағынасына тоқталып,
дыбыс толқындарына байланысты заңдылық бар екенін айқындап, сұраққа жауап
береді.
Оқушыларға жұмыс кітапшасы таратылады.
Бөлімдері:
1. Топтастыру стратегиясы бойынша Толқын туралы не білеміз?
2. Кім алғыр? Есептер шығару.
3. Галерея аралау.
4. Зерделі сұрақ – дәлелді жауап Бетховен өмірінен дерек
5. Венн диаграмасын пайдалану Резонатор және домбыра
6. Сиқырлы жұмбақ елінде.
7. Қатесі бар физикалық диктант.
1. Топтастыру стратегиясын пайдаланып, тарау бойынша жалпы шолу.

2. Есеп екі нұсқада беріледі. Дайын жауап арқылы оқушылар өз
есептерінің қате дұрысын тексереді.
3. Галерея аралау. М. И. Блудов (Беседы по физике) кітабынан Дыбыстар
мен бояулар әлемінде атты көркем сурет алынды.
Сурет бойынша көз бен құлақ арасында жеті саны арқылы байланыс бар
екендігін тауып, әңгімелеп беруін бағалау.
Жеке жауап берген оқушылар жетон алып отырады.
4. Зерделі сұрақ – дәлелді жауап.
Немістің ұлы композиторы Бетховен симфонияларын, сонаталарын, басқа да
тамаша шығармаларын саңырау кезінде жазған. Оның сол жүректі елжіретер,
құлаққа жағымды толғауы күшті күйлерді тындағанда, не жазып отырғаныңды
естімей жазу мүмкін емес деп ойлайсың, сонда Бетховен ұлы шығармаларын
қалай жазды? (таяқшаның бір ұшын тісіне бір ұшын рояльдың қақпағына тіреп
қою арқылы байланыстырған)
5. Венн диаграмасы бойынша домбыра мен резонаторды салыстыру, екі
аспапқа түсінік бере келіп, ортақ белгілерін анықтау.
6. Сиқырлы жұмбақ елінде. Бинго ойынындағыдай кит пен жарқанаттың
суреттері қиылып жапсырылады. Оқушы қалаған бөлігін нөмері бойынша
аштырып не сурет екенін және не себепті оның қойылғандығын
түсіндіру.
Бекіту.
7. Қатесі бар физикалық диктант. (Жауап дұрыс болса – ия, жауап қате
болса – жоқ):
1. Толқынның екі түрі бар – қума, көлденеңю. (ия)
2. Толқын жылдамдығы толқын ішіндегі тербелістің жиілігі мен толқын
ұзындығының көбейтіндісіне тең. (ия)
3. Толқындар тау – тастардан шағылмайды. (жоқ)
4. Дыбыс толқындарын қабылдағыш прибор микрофон деп аталады. (ия)
5. Толқын энергия тасымалдамайды. (жоқ)
6. Балықтарда құлақ жоқ, олар дыбысты өзінің терісі арқылы естиді. (ия)
7. Ауа дыбыс өтгізгіш екенін 1660 жылы р. Бойль тәжірибе жасап
дәлелдеген. (ия)
8. Дыбыс құбылыстарын зерттейтін физиканың бөлімі – акустика деп
аталады. (ия)
9. Адам 20000 Гц – тан жоғары жиіліктегі дыбыстарды ести алады. (жоқ)
10. Бір ғана түрлі жиілікте толқын шығаратын прибор камертон деп
аталады. (ия)
Сабақ қорытындыланып балдық жұйеде оқушылар бағаланады.
Үйге. Толқын туралы ертегі не әңгіме құрастыру.

2.5. Ашық сабақ. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін
қысымын анықтау.

Сабақтың типі: Аралас типі.
Сабақты өткізу әдісі: Әңгіме түрінде түсіндіру.
Сабақтың тақырыбы: Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін
қысымын анықтау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымын
есептеуді үйрету.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру – 2 мин.
Үй тапсырмасын сұрау – 3 мин.
Жаңа материалды түсіндіру – 10 мин.
Үйге тапсырма беру – 2 мин.
Оқушы білімін бағалау – 1 мин.
Көрнекіліктер: Плакаттар, Паскаль шары, кодоскоп, компьютер.
Мұғалім сабақты ұйымдастыру кезінде оқушының назарын өзіне аудара білуі
керек.
Оқушылардан үйге берген тапсырмаларды сұрайды:
- Қысым деп нені айтамыз?
- Қысымды қалай анықтайды?
- Қысымның қандай бірліктерін білесің?
а) 1 кПа = 100 Па б) 1 гПа = 100 Па
1 Па = 0,001 кПа 1 Па = 0,01
гПа
- Газдың қатты және сұйық денелерден қандай айырмашылығы бар?
- Газ қысымы неге сығылғанда артады, ал ұлғайғанда кемиді?
- Сығылған газдарды неге баллондарда сақтайды?
- Паскаль заңы қалай тұжырымдалады?
- Блез Паскаль қай елдің ғалымы? Оның тұжырымдамасын айт.
- Ауаға жөнді толтырылмаған доп күннің көзінде жатса, қампиып кетеді.
Осы құбылысты түсіндір.
1) Тақтаға бір оқушы шығып класс көмегімен сөзжұмбақты шешеді.

• Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр).
• Қысымды өлшейтін құрал (манометр).
• Күшті өлшейтін құрал (динамометр).
• Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал (анероид).
• Жерді қоршап тұрған ауа қабаты (атмосфера).
• Температураны өлшейтін құрал (термометр).
• Атмосфераның жоғарғы қабаты (трофосфера).
• Атмосфералық қысымды анықтаған ғалым (Торричели).
2) Екінші тақтада да бір оқушы класс көмегімен екінші сөзжұмбақ шешеді.

• Молекуланың үздіксіз және ретсіз қозғалысы (диффузия).
• Итальян ғалымы (Галилей).
• Заттың үш күйінің бір түрі (газ).
• Табиғатты зерттейтін ғылымдардың бірі (физика).
• Заттың ең ұсақ бөлшегі (молекула).
• Судың көлемін өлшейтін құрал (мензурка).
Кодоскоп арқылы тік бұрышты параллелепипедті көрсетіп тұрып, онда сұйық
түбін басып қысатын күш (F) ыдыстағы судың салмағына тең. Сұйық массасы
десек, оның салмағын есептей аламыз. Онда m = V·ρ тең болатының білеміз V =
S·k тең болса, m = S·h·p, ал бізге p = rS – дігі белгілі, онда p = g·s·hr
= g·h·r·g = 9,8 Нкг 1 Па· 1 Нкг = 1 м
Енді осыны тәжірибе жүзінде былайша байқап көруге болады.
Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымын анықтап алу керек. (1
–тәжірибе).
Сұйықтың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы тереңдікке тәуелді болатынын
анықтап алу керек. (2 –тәжірибе).
Үйге тапсырма: өткен параграфтарды қайталау. Оқушыларға сөзжұмбақ
құрастыру тапсырылады.

6. Дебат – пікір сайыс сабағы. Инерция тақырыбын меңгерту.

Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өздігінен білімдерін қолданып
жұмыс істеуге дағдыландыру, физикалық құбылыстарды бақылау және түсіндіру
мақсатында аталған тақырыпта дебат – пікір сайыс сабақ түрінде өткізуге
болады.
Сабақтың тақырыбы: Инерйия. Инерцияның маңызы.
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік. Инерция құбылысының физикалық
мағынасын ашу, инерцияның тұрмыстағы және техникадағы көріністерімен
танысу; 2) Дамытушылық. Тақырыпқа байланысты жаттығулар арқылы оқушының ой
- өрісін белсенді дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру; 3) Тәрбиелік.
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, шешендікке баулу, ұжымдық жұмыс істеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: буклеттер – Физиканың даму тарихы, Инерцияның
маңызы, үлестірме қағаздар Орыңды тап!, Сен қандайсың? ойындары,
приборлар: арбаша, көлбеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіріктірілген сабақтың мақсаты
КІРІКТІРІЛГЕН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқытудың жүйелік сипаты
Пәнаралық байланыстардың дидактикалық міндеттері
Кіріктірілген сабақ түсінігі
Білім беруді цифрландыру
Кіріктірілген оқыту принциптері
Білім беруде пәнаралық байланыстың маңызы
Пәнді және тілді кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамалары
Оқушылардың сандық дағдыларын қалыптастыруда биология мен информатиканы кіріктіріп оқытудың тиімділігін анықтау
Пәндер