Шоқанның табиғатты зерттеуі
Мазмұны
1.
Мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
2.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
3.
Аннотация ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
4. Негізгі бөлімі
1.1Шоқан Уәлиханов қазақтың ұлы географ ғалымы және саяхатшы
ғалымы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Шоқанның табиғатты
зерттеуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.1. Іле өлкесінің географиялық
очеркі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .15
2.2. Алтышаһар немесе Қашқария
туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .18
3.1. Шоқан еңбектерінің табиғаттың эстетикалық
бейнесі ... ... ... ... 20
4.
Гипотеза ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
5.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
6. Қолданған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 24
7.
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5
Кіріспе
Ұлттық мәдени мұраға, рухани игілікке жанашарлық танытып, ұлт пен ұлыс
тарихының айнасындай болған небір ғажайып сеулеттерімізді көздің
қарашығындай сақтау, қорғау, оларды ұлттық мүддеге ұластыру қазіргі таңның
өзекті мәселесі. Ол жайлы деректердің аздығы, конференция, ұйымдардың
болмауы әсер ететін, бір-біріне тғыз байланысты мынадай кемшіліктерге
тәуелді:
- Шоқан Уәлиханов жайлы мақалдардың,, кітаптардың , мәліметтердің
аздығы;
- Ол жайлы конференция, жиналыстар мен ұйымдардың жоқтығы мен болмауы;
- Шоқан жүрген аймақтарда туристік өлкетану, экологиялық жұмыстардың
жүргізілуінің өткізілмеуі;
- Оның жылдық мерей-тойының аталмауы.
Аталған кемшіліктер тіптен орындалмауы, орындалса адамдардың көзқарасын
өзгертуі мүмкін. Бұл кемшіліктер мектептер мен оқу орындарында күшті
сезіледі. Ғылым жағынан бұл кемшіліктердің рөлін жөнді бағаламау, сондай-
ақ осы проблемалар жөнінде жариялылықтың жоқтығының кесірінен адамдардың
қызығушылығы төмен. Мысалға, Еуропа елдеріндегі халықтың мәдениеттілігі
жоғары, ал біздің халқымыздың мәдениеттілігі төмен бағаланады. Себебі,
біздің халқымыз өзінің мәдениетімен, тарихымен және т.б. онша қызыға
қоймайды. Осының барлығы еліміздің мәдениеттілігін одан да әрі жақсарту
керек екендігін дәлелдейді.
Мақсаты: Шоқан Уәлихановтың зерттеулерінің нәтижелері зая кетпес үшін біз
табиғатты барымызша аялап, қорғауымыз қажет. Ол үшін төмендегідей
міндеттердің барынша атқарылуын қадағалау қажет:
1. Стационарлық қайнар көздерден бөлінетін ластаушы заттарды анықтау.
2. Қоқыс лақтыруға болмайтын жерлерді анықтау.
3. Қоқыс болатын жағдайда жинату қажет.
4. Орман қорғаушылардың санын мүмкіндігінше арттыру.
5. Табиғатты қорғау үшін қандай да бір бағдарламаларды ұйымдастыру.
Яғни менің міндетім зерттеулер жұмысында табиғаттың ластануынан шығу
жолдарын көрсету.
Экологиялық тәрбие беру міндеттері болашақ табиғи ортамен қарым-қатынаста
тәртіптілік, ұқыптылық ереежлерін орындау, табиғатты аялап, оған қамқорлық
таныту қабілетін дамытуға саяды.
Аннотация
Бүгінгі күнің экологиясы адамзатты толғандырып отырған аса
маңызды мәселелердің бipi.
Менің тақырыбым Шоқан - табиғат зерттеушісі.
Бұл еңбекте ғұлама ғалымның қоршаган орта табиғат туралы білім
тусінігінің кеңдігі, колжазбалары мен саяхат күнделжтері ашылып керсетілді.
Шоқан мұраларына зер салатын болсақ, оның табиғатка деген
көзқарасы мен ықыласының ерекшелігін, сүйіспеншілігін байқаймыз. Ол
оқушылык кезеңінде де табиғат туралы шығармалар мен зерттеуші, саяхатшылар
еңбектерін, қолжазбаларын суйіп оқыды. Әcipece ез елінің табиғатын
зерттеушілер еңбектерін нақты білген. Оған бip ғана дәлел Шоқанның алдында
Қазақстан өсімдіктер дүниесін Шренк зерттеп сипаттаса, казақ ғалымы өзінің
саяхаттары мен журген жерлерінің өсімдіктер дүниесіне тоқталғанда Мен бұл
аймактардың өсімдіктер түріне толық тоқталып жатпаймын, тек Шренк
еңбектерінде жоқ өсімдіктерге ғана тоқталамын деп атаулар мен
ерекшеліктерінің пайдасын сипаттайды.
Шоқан Солтүстік және Орталық Тянь-Шань аймақгарының табиғат
ерекшеліктерін алғаш биіктік белдеулер бойынша жазған.
Ғұлама ғалымның қоршаган орта табиғат туралы білім түсінігінің
кеңдігі, қолжазбалары мен саяхат күнделіктерінің өзінен айқын сезіліп
жатады.
Мен бұл еңбегімде ұлы Шоқанның табиғатка деген шексіз
сүйіспеншілігі мен құштарлығы,оның жазған еңбектеріне тоқталып кетемін.
Annotation
Today ecology is one of the most important problems in the world. My theme
is "Shokan - is a nature explorer I wrote about his wide knowledge, about
environment, manuscripts and his trips.
In my work I wrote about his love and attachment to the nature and I would
like to write about his work.
Being school boy he read with great pleasure the manuscripts, research jobs
of many investigators. Especially he knew well of the native land
researchers. The proof of this when he traveled he explored the plants, and
he also said, I have not explore all these, only Г11 stop to those which
Shrenk didn't.
Shokan explored northern and average Tyan -Shan. His wide knowledge of an
environment, his travels is well felt in his diary.
In my job I wrote about his love and attitude to the nature.
1.1.Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов қазақтың ұлы географ және саяхатшы ғалымы
Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын
бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген
балалық шағын Сырымбетте өткізген.
Шоқан Абылай ханның шөбересі. Шоқанның өз әкесі Шыңғыс орысша білім
алған, полковник. Осындай отбасында тәрбие алған Шоқан да жасынан білімге
құштар болады.
Жасында ауыл мектебінде мұсылманша хат таныған Шоқан кейін 1847 1853
жылдары Омбыдағы Кадет корпусында оқиды.
1853 жылы Кадет корпусын бітіріп, Омбыда әскери қызметке қалдырылады.
Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның Солтүстік аудандарын
басқаратын генерал губернатор Госфоттың адъютанты болып тағайындалады. Осы
қызметті атқара жүре ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен
жаграпиясын зерттеуге бел сене қатысады.
Сөйтіп жүргенде, ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың
сәуірңнде қайтыс болады. Оның сүйегі Алтын Емел тауының баурайында Көшен
Тоған деген жерге қабылады.
Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде акадамек Н.И.Веселевский
Шоқан Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға
келгенде, орыстың шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел
мойындап, түркі халқының тағдыры туралы одан маңызы зор, ұлы жаңалықтар
ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп
кетті деп жазған.
1.2.Шоқанның табиғатты зерттеуі
Қазақ халқының біртуар перзенті Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов өз заманының
жас кемеңгер оқымыстысы ретінде әлемге әйгілі болды. Бүгінгі күннің
экологиялық көңіл-күйімен Шоқан мұраларына зер салатын болсақ, оның
табиғатқа деген көзқарасы мен ықыласының ерекшелегін, сүйіспеншілігін
байқаймыз. "Сұлулықты, көркемдікті түсіне білудің өзі үлкен эстетикалық
тәрбие күші. Ұшқан құс, жүгірген аң, өзен-көл, тау-тас, өсімдіктер дүниесі
бәрі де адамға ләззат береді" деген Шоқан.
Кемеңгер ғалымның табиғат компоненттеріне жеке-жеке берген
тұжырымдары, яғни, жер бедерлері, таулар мен жануарлары, оның, географ
ғалым екендігін дәлелдейді. Тіпті Шоқан биолог ретінде де жануарлар
дүниесінің таралу ерекшеліктеріне тоқталып, олардың түрлерін үш тілде атап
береді.
Академик Әлкей Марғұлан "Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі" атты
еңбегінде. "Шоқан өзінің атамекенін көгалдандыру, ағаштың жаңа түрлерін
өсірумен көп айналысқан. Ол әкесімен бірге өз ауылының жанындағы тау
іргесіне қайың ағаштарынан әсем аллея орнатқан" - деп әңгімелейді.
Шоқан өзінің "Қазақтардағы шамандықтың қалдығы" деген еңбегінде
қазақтардың жаратылыс күштеріне табынушылығын қоршаған орта дүниесін сүю,
табиғатқа деген махаббат деп түсіндіреді.
Бұл еңбегінде ғалым бүкіл тіршілігі табиғатпен байланысты келе жатқан
қазақ елінің жаратылыс әлеміне деген құрмет сезімі мен қатар, олардың жер,
суға, жат-жануарға деген бауырмалдық, мейірімділік қасиеттерінде байқайды.
"Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы тіршілікте одан ғажап, олардан
құпия не бар! дейді Шоқан үлкен тебіреніспен. Шоқан өзінің саяхаттарында
Қазақстан территориясының қазіргі Солтүстік Орталық және Жетісу
территориясының қазіргі Солтүстік Орталық және Жетісу территорияларының
табиғатына жете назар аударды. Әсіресе жетісу өңіріне толық географиялық
сипаттамалар берген.
Сұлулықты, көркемдікті түсіне білудің өзі үлкен эстетикалық тәрбие
күші. Ұшқан құс, жүгірген аң, өзен-көл, тау-тас, өсімдіктер дүниесі бәрі де
адамға ләззэт береді деген Шоқан Уәлиханов. Қазақ халқының табиғатпен ара-
қатынасындағы әдет-ғұрып дәстүрін, этикасын зерттей отырып, қазақтар
арасындағы шамандықтың сенімі олардың сұлу табиғатты шексіз қадірлеуінен
туған-, деген қорытынды жасайды. Сондықтан Шоқан Уәлиханов зерттеген
кезінде табиғатқа ерекше мән беріп отырған.
Оған дәлел:
Іле Тауда марал, тау теке және аққұйрық жайылып жүреді; арқар аз,
ал киік аңғар төңірегін мекендейді; Іленің оң жағында, далада
кездесетін құландар мұнда көрінбейді. Ну ішінде
терең
шатқалдарда аю, жолбарыс, борсық, қызыл түлкі;
қасқыр
қисапсыз көп; қара түлкі де кедеседі. Өзендерде кәмшат, ал
қамыс арасында бұл елде мия өсімдігі тамырының көптігінен аса
семіз болатын қабандар мекендейді.Аңғарда қоян, сусар, түлкі,
үй қояны, тасбақа және басқалары болады.
Қашқария Зауқы тасуынан Теректі-Дауылға дейінгі аралық биік таулы және
төбелі болып келеді таныстырады. Бұл сапарымда өсімдіктер
гарбаилері мен тау жыныстарының біраз колекциясын жинадым
Шоқан өзінің шығармаларында табиғаттың сұлу көрінісінің атын ғана
беріп қоймай, оның суретін де салып қалдырған. Бұл туралы жазушы С.Мұқанов:
Шоқан өте шебер суретші болған адам-, дей отырып қоршаған табиғат
аясының жан дүниесіне тікелей әсер ететін Шоқан тартымды да әсерлі
сипаттаған. ксрпусының қабырғасында пайда болған.
Шоқанның туған әлкесін зерттеп білуге деген құмарлығы кадет ксрпусының
қабырғасында пайда болған. Жазғы демалыс кездерінде ол далаға, Көкшетау
өлкесінің көрікті жерлерінің бірі — өзінің туған ауылы Сырымбетке барып
тұрған. Бұл сапарларынан ол зор қанағат тапқан, қазақ халқының өміріне
жітірек зер салып, халық өлеңдерін, аңыздарын, ертегілерін жазып алған,
елдің тұрмыс жағдайы мен табиғатын суретке салған. Табиғатты қаз-қалпында
суретке түсіруді Шоқан халық өмірін көз алдыңда айна-қатесіз елестетудің
бірден-бір оңтайлы құралы деп есептеген. "Демалыс күндерінде ауылда
салынған суреттерді" (1847—1852) ол негізінен Құсмұрын мен Сырымбетте
жасаған...
Г.Н. Потанинның айтуы бойынша, Шоқан тарихи-географиялық әдебиетті өте
құмарта оқыған, ал ондай әдебиеттің сирек ұшырасатын басылымдарын Омбыда
қолға түсіру тіпті қиын болатын. Кадет корпусы басшыларының Шоқанға
қаладағы іргелі кітапханадан кітаптар алуға рұқсат беруі, — дейді Г.Н.
Потанин, — мен үшін зор бақыт болды". Жұрттың қолы жетпейтін кітапханадан
Шоқанның "Палластың саясаты" және "Рычковтын күнделік жазбалары" сынды
тамаша шығармаларды әкелуі біздің рухани өсіп-жетілуімізде тұтас дәуір
болды. Кітаптардың қалыңдығы, олардың көлемі және әріптер, ежелгі сөз құрау
мәнері, қағаздың ескі тартқан иісі -бәрі-бәріне қайран қалып, ауызымның суы
құрушы еді. Өткен дәуірдің әуезді әні естілгендей болатын. Біз Палластың
кітабын, әсіресе сондағы өзімізге таныс жерлер немесе оларға ұрымтал аралар
суреттелген беттерді жан-тәнімізбен қызыға оқыдық. Саяхатшы бұл төңіректе
нені керемет деп тапты, өз күнделігіне нені жазып алуды лайық көрді. Біз
Шоқан екеуіміз осыларға айрықша ден қойдық... тіпті сол кездің өзінде-ақ,
яғни Шоқан 14—15-ке жаңа толған шақта-ақ кадет корпусының басшылары оған
болашақ зерттеуші, бәлкім ғалым ретінде қараушы еді. Ал Шоқанның өз басы
Орта Азияға саяхат шегуді армандады"...
1855 жылы Уәлиханов генерал Гасфорттың Орталық Қазақстанды, Жетісуды
және Тарбағатайды аралаған сапарына қатысты. Олар Омбы қаласынан шығып,
Семей қаласына барды, одан Аягөз бен Қапал арқылы Іле Алатауына өтті.
Қайтар жолда Шоқан Гасфортты Алтынемел асуына дейін ғана ұзатып салды да,
одан әрі өз бетімен Жоңғар қақпасына, Алакөлге және Тарбағатай тауына сапар
шекті. Содан соң ол Қарқаралы, Баянауыл және Көкшетау қалалары арқылы
Орталық Қазақстанға жол тартып. Омбыға қайтып оралды. Бұл сапар жас
саяхатшыға ұмытылмастай әсер қалдырды. Сөйтіп ол Қазақстанның табиғат
жағдайларымен және халықтың өмірімен тұңғыш рет кен көлемде танысты.
1856 жылы Шоқан полковник М.М. Хоментовскийдің басшылығымен
ұйымдастырылған әскери-ғылыми экспедицияға қатысады. Эспедицияның мақсаты -
қырғыз халқымен танысу, оның аумағын географиялық жағынан зерттеу.
Ыстықкөлдің алабын картаға түсіру еді...
Верный қаласынан мамыр айының басында шыққан экспедиция Шелек, Шарын,
Үшмерке және Шырғанақты өзендерінің алқаптарын бойлай өтті. Одан Қарқара
өзенінің бойымен жоғары өрлеп, Санташ асуы арқылы Түп өзенінің алқабына
шықты. Оны бойлай жүріп, Ыстықкөлге құлады.
Экспедиция мүшелері Ыстықкөл алабын топографиялық картаға түсірді.
Көлдің солтүстік-шығыс және шығыс жағаларының географиялық жағдайын
анықтап, солтүстік-шығыс беттегі көлге құятын барлық өзендердің бойын
зерттеуге де көңіл бөлді.
1856 жылғы тамызда Шоқан Құлжа қаласына аттанады. Сапардың негізгі
мақсаты - Қытаймен сауда қатынастарын жолға қою туралы қытай өкімет
орындарымен келіссөз жүргізу еді. Өйткені Шәуешектегі орыстың сауда-саттық
орны өртеніп кеткеннен кейін екі арадағы қарым-қатынас үзіліп қалғанда.
Уәлихановтың алдында даулы шекара мәселелерін шешумен байланысты күрделі
дипломатиялық миссияны атқару міндеті тұрды. Ол осынау бір маңызды
тапсырманы ойдағыдай орындап шықты. Құлжа өлкесінде үш айға жуық болған
Шоқан аймақтын физикалық-географиялық жағдайларымен, халықтың өмірімен және
тарихымен танысты.
1857 жылы Шоқан тағы да Алатау қырғыздарында сапар шегеді. Бұл
Қашқарға экспедицияға шығар алдында күш-мүмкіншіліктерді сынап байқау
тәрізді саяхат еді ...
Ш.Ш.Уәлихановтың 1856—1857 жылдардағы саяхаттарының ғылыми нәтижелері
оның "Ыстыккөлге сапар күнделіктері", "Іленің арғы бетіндегі өлкенің
географиялық очеркі", "Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа
қаласы", "Қырғыздар туралы жазбалар" және басқа еңбектерінде жүйелі түрде
баяндалған. Сол бір шығармаларының өзінде-ақ 21-22-ге жаңа толған жас Шоқан
өзін Тянь-Шань мен Жетісудың географиясын, сол аймақтарды мекендейтін
халықтардың тарихын бес саусағындай тамаша білетін байқампаз да дарынды
ғалым ретінде танытты.
Шоқан Уәлихановтың зерттеулері П.П.Семенов-Тян-Шанский арқылы
Петербургтың ғылыми топтарына мәлім бола бастады. Ал көрнекті орыс
ғалымының өзі Е.Ламанскиймен бірлесіп Шоқан Уәлихановтың еңбектері туралы
пікірлерін жазып, ұсыныс жасады. Сол пікірдің тұжырымды хаттамалық
жазбасында былай делінген: "Шоқан Уәлиханов Ыстықкөлдің шығыс жағалауына
сапар шегіп, Қырғыз даласы хақында аса бай географиялық, этнографиялық және
тарихи материалдар жинады. Жас ғалым сол деректерді мәлімдеуге әзір".
Шоқан Уәлиханов 1857 жылғы 21 ақпанда Орыс География қоғамының толық
мүшесі болып сайланды. Ал мұның өзі жас ғалымның орыс ғылымы алдындағы аса
көрнекті еңбегін бірауыздан мойындау еді...
1958-1959 жылы Қашқарияда жұмыс істеп, ол өлке туралы ғылыми деректер
жинау өте қауіпті еді. Осы жағдайға қанық П.П.Семенов-Тян-Шанский мен
Е.П.Ковалевский экспедицияны ұйымдастырған кезде оны сауда керуені деп
лақап таратып мұқият әзірлік жасады. Шоқан қырғыз киімін киіп, керуен басы
Мұсабайдың туысы ретінде Әлімбай деген атпен сапар шегуге тиіс болды...
Ш.Ш.Уәлиханов Қашқарияда 1859 жылғы наурыздың ортасына дейін жарты
жылға жуық болған. Осы мерзім ішінде ол қаламен танысып, Алтышаһар елін
зерттейді. Солтүстігінде Тянь-Шань, оңтүстігінде Кунь-Лунь тауларына қоршап
тұрған Қашқар, Ақсу, Үш Турфан, Жанасар, Жәркент және Қотан қалалары сол
кезде Алтышаһар деп жалпылама аталатынды. Сол дәуірде бұл қалалар Қоқан
хандығына бағынған. Сондықтан Орта Азиямен және Қазақстанмен саяси әрі
сауда-саттық қатынастары үшін ашық өлке саналған. Жат адамдардың назарын
аудармас үшін Шоқан керуеншілердің сауда-саттық ісіне де араласуға мәжбүр
болады...
"Ал менің іс-қарекетіме келетін болсақ, — деп жазды Шоқан "Қашқарияға
бару және Алатау тауына қайту жолының суреттемесі" атты еңбегінде, — мен
Қашқарияда болған кезімде өлке туралы, әсіресе Кіші Бұқардың саяси ахуалы
жайында мүмкіндігінше дәлме-дәл деректер жинауға барынша
ұмтылдым.Қашқарияда Шоқан ұйғыр тілін тәп-тәуір үйреніп алады. Галымның
мұрағатында оның Қашқарияда ұйғыр тілінде жазғандары сақталған.
1859 жылғы ақпанда Қашқариядағы саяси жағдай шиеленісе түседі.
Қашқарияда одан әрі қалу өте қауіпті болды. Сәтсіздікке ұшырап қалмаудың
қамын ойлаған Шоқан керуенбасы Мұсабайды тез кетуге асықтырады. 1859 жылғы
11 наурызда олар қайтар жолға шығады.
Қайтар жол Теректіден сәл оңға карай Тұрғарт асуын басып ететінді.
Тұрғарттан керуен биік таудағы Шайыркөлге бет алды. Шоқан осынау бір
керемет әсем көлге келген тұңғыш саяхатшы еді. Ол арадан керуен Атбашы және
Үзген өзендерінің аңғарлары арқылы Нарын өзенінің оңтүстік жағасында
орналаскан Қоқанның Қүртка бекінісіне шықты. Одан әрі керуен Нарын өзенінің
бойын әрлеп, солтүстік-шығысқа қарай шеру тартты. Содан 6 сәуірде Жетімшоқы
маңында Зәуке асуы арқылы Ыстыккөл алқабына баратын үлкен керуен жолын
кесіп өтті. Ақыры Ыстықкөлдің шығыс жағалауы, Іле алқабы арқылы 12 сәуірде
Верный қаласына оралды.
Қашқарияға саяхаттағы жолда шеккен ауыр азап Ш.Ш.Уәлихановтың
денсаулығын өте-мөте әлсіретіп, ауруға душар етті. Сөйтіп оның Петербургқа
есеппен баруға шамасы келмей қалды, ал ондағы ғалымдар жас саяхатшыны тағат
таппай күткен еді. Генерал И.Ф.Бабков былай деп жазды: "Сырткы істер
министрлігіндегілер бұған дейін құлақ естіп, көз көрмеген Қашқарияға
Уәлихановтың сапары жайында толық баяндауды дегбірсіздене әрі аса ынтыға
күтті. Осы іске мұрындық болған Е.П. Ковалевский елден ала бөтен құштарлық
білдірді... Біздің жансыздың Қашқарияда болуы және Шығыс Түркістан яқи Кіші
Бұқар жайында оның өте қызғылықты деректер жинағаны туралы лақаптар, Е.П.
Ковалевскийдің граф Блудовпен етене таныс болуы себепті, Петербургтің
жоғары топтарына жетіп жатты. Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігіндегілер
сол тұста Қашқарияға Үндістаннан ағылшын тыңшысы белгілі Адольф
Шлагинтвейттің жіберілгенінен кейін оның Қашқарияда кісі қолынан қаза
тапқанынан хабардарды. Міне осы жағдай Шоқан саяхатының беделі мен әсерін
одан бетер күшейте түскенді.
Ш.Ш.Уәлиханов Петербургқа тек 1859 жылдың аяқ шенінде ғана келді. Орыс
ғалымдары оны ержүрек саяхатшы, Орта Азия мен Қазақстанды терең білетін
зиялы зерттеуші ретінде қарсы алды.
П.П.Семенов-Тян-Шанский Уәлихановты Петербургта ғылыми жұмысқа қалдыру
жөнінде үкіметке өтініш білдірді. Шоқан Азия департаментінің штатына
тіркелді. Сонымен қатар Бас штабтың Әскери-ғылыми комитетінде, Сыртқы істер
министрлігінде, Орыс География қоғамында да қызмет атқарды. Мұнда жас ғалым
өз еңбектерін География қоғамының басылымдарында жариялауға әзірледі.
Шоқанның "Жоңғар очерктері", "Алтышаһардың немесе Қытайдың Нан-Лу
провинциясындағы (Кіші Бұқардағы) алты қаланың 1858—1859 жылдардағы жай-
күйі туралы" және т.б. еңбектері 1861 жылы "География қоғамының
жазбаларында" жарық көрді.
Денсаулығының нашарлауына байланысты Ш.Уәлиханов 1861 жылғы көктемде
Петербургтен кетуге мәжбүр болды. Дәрігерлердің ақыл-кеңесі бойынша ол
өзінің даласына аттанды. 1864 жылы Шоқанды генерал Черняев өзі жасақтаған
әскери экспедицияға шақырды. Бұл экспедиция Оңтүстік Қазақстанды Ресейге
қосу мақсатын көздегенді. Бірақ көп кешікпей Уәлиханов одан кетуге мәжбүр
болды. Шоқанның ойы бойынша қосылу бейбіт жол мен жүзеге асырылуы тиісті.
Бірақ патша өкіметінің таршылдық саясатын қызғыштай көрушы патша генералы
Черняев жиі-жиі озбырлық жасап, бейбіт халықтын жазықсыздан-жазықсыз қанын
төкті. Мұндай бассыздыққа наразылық білдірген Шоқан экспедицияны тастап,
Верный қаласына қайтып кетті.
1865 жылғы сәуірде қазақ халқының аяулы ұлы, аса көрнекті ғалымы әрі
саяхатшысы мезгілсіз дүние салды.
Орта Азияны, Қазақстанды және Шығыс Түркістанды зерттеуші ретіндегі
Ш.Уәлихановтың ғылыми еңбегін әлемдік ғылым бірауыздан мойындады. Оның
еңбектері орыс, ағылшын, неміс және француз тілдерінде басылып шықты.
Тамаша қазақ ғалымының толымды туындыларына орыс ғалымдары П.П. Семенов-Тян-
Шанский, И.В.Мушкетов, Н.Н.Веселовский, Н.А.Аристов, Н.И.Березин, Г.Е.Грум-
Гржимайло, Г.Н.Потанин және басқалар лайықты баға берді.
1904 жылы География қоғамы Ш.Ш.Уәлихановтың шығармаларын жарыққа
шығарды. Басылымның алғы сөзінде академик А.И.Веселовский былай деп жазды:
"Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану көкжиегінде жарық жұлдыздай жарк ете
түсті. Орыстың шығыстанушылары оның керемет ғажайып құбылыс екенін
мойындады және одан түрік халықтарының хақында ұлы да аса маңызды
жаңалықтар ашады деп күтті. Амал нешік, мезгілсіз ажал біздің бұл
үмітімізді үзіп кетті"...
Ш.Уәлиханов белгілі бір елді сипаттағанда әуелі оның географиялық
орнын анықтаған. Айталық, "Қырғыздар туралы жазбаларда" елдің аумағының,
шекараларының толық сипаттамасы берілген. Әсіресе Тянь-Шаньның және
Ыстықкөл алабының физикалық-географиялық жағдайлары неғұрлым молырақ
суреттелген. "Іле олкесінің географиялық очеркінде" осы өлкенің шекаралары,
жер бедерінің ерекшеліктері туралы, Алатау таулары, аймақтың өзендері мен
көлдері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жайында мағлұматтар жақсы
келтірілген. Сол сияқты Шығыс Түркістанның табиғат жағдайлары жөнінде ғылым
үшін мүлде соны деректер берілген.
Зерттеген аймағының географиясын қарастырған кезде Шоқан ең әуелі жер
бетінің құрылымын, сондай-ақ жалпы сол ауданның табиғи жағдайларының
ерекшеліктерін айқындап алады. Семей өңірінің "сортаң шөлейт даласы",
Аркаты шоқысы, Жоңғар Алатауы және Солтүстік Тянь-Шаньның алқаптары мен
жоталары туралы оның байқаулары, міне, осыны дәлелдейді!
...Ш.Уәлиханов Қашқарияға барар жолында Орталық Тянь-Шаньды меридиан
бойынша солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтіп, оның жоталарын түгелдей
дерлік аралап шықты. Осы сапарда ол бірнеше жаңалықтар ашып, оларды тұңғыш
рет суреттеп жазды. Жетімшоқы, ІІІоқырақорым тауларын, Нарын, Қарасай,
Қаракөл өзендерінің алқаптарын және т.б. ғалым ашқан сол жаңалықтардың
қатарына жатқызуға болады. "Жетімшоқы сланецті, саздақ және ұсақ шақпақ
тасты жыныстардан, сондай-ақ диориттен түзілген; мұнда өқтас пен құмдақ тас
та ұшырасады, ал бір ғажабы - гранит, тіпті гранит сынықтары мен ірі тастар
атымен жоқ", — деп жазды ол.
Қашқария экспедициясы туралы есебінде Шоқан былай деп атап көрсетеді:
"I ғасырдағы қытай жылнамалары ескерткеніндей, сондай-ақ Риттер көңіл
аударуды ұсынғанындай, Қашқарияда ешбір жерде қант құрағы өспейді. "Біздің
ойымызша, 0151 деп сөзін сабақтайды жас қазақ ғалымы, — қытайлар жергілікті
тұрғындардың балалары сабақтарынан шыққан тәтті шырынын сорып дағдыланган
қант соргосын немесе жүгеріні солайша атаған болса керек".
Ш.Ш.Уәлиханов өз еңбектерінде Жоңғар Алатауының, Солтүстік және Ішкі
Тянь-Шаньның өзен торлары жөнінде аса маңызды мағлұматтарды мәлімдейді.
"Ыстықкөлге сапар күнделігінде" ол Қазақстан өзендері - Аягөз, Ақсу, Лепсі,
Іле, Шелек, Шарын және т.б. жөнінде көптеген қызғылықты деректер келтіреді.
Өзендерді жалпы сипаттаумен қатар Шоқан олардың геологиялық құрылымын,
алқаптарының жаратылысын, ағу бағытын анықтап, климатын және өсімдіктер мен
жануарлар дүниесін сипаттап жазды.
"Іле өзенінің орта ағысындағы жағалары көбіне құмайтты адырлы-дөнесті
болып келеді де, оларда бірен-саран дала өсімдіктері ғана өседі"-деп жазды
Шоқан.
Тау өзендерінің бастаулары мен тармақтарын ғалым өте толық сипаттаған.
Ол былай деп мәлімдейді: "Шелек өзені Талғар өзені бастау алатын Алатау
шоқыларынан басталып, содан таудың ара-арасынан Жіңішке өзенше келіп құятын
сағаға дейін батысқа қарай ағады; одан әрі Іле өзеніне барып қосылғанша
солтүстік-шығысқа бұрылады. "Оңтүстігінде: Делқарағай бұлақ, Сүтті бұлақ,
Үш байсары, Күдерсі, Құрметі, екі Сары бұлақ (Күлді Сары бұлақ, Асуары
бұлақ), Шатылы (Сатылы) және Қарабұлақ; солтүстігінде: Үш бұлақ, Текжол,
Жіңішке, Сары бұлақ жене Асу Шелек өзеніне құяды немесе оларды Шелек
жүйесіне жатады деу дұрыс". Ғалым Шелек жүйесіне қарайтын барлық асулардың
аттарын келтірген.
Ш.Ш.Уәлиханов Шарын өзенінің жүйесіне де соншалық толық сипаттама
бepeді.
Алатау өзендерінің бастаулары тек Шоқанға дейін ғана емес, тіпті одан
кейінгі кезеңде де соншалық төптіштеліп әрі дәлме-дәл суреттеліп жазылған
емес. Бұл орайда қазақ ғалымы тұңғыш жаналық ашушылардың қатарында тұр.
Оның деректері бұрыннан қолда бар мағлұматтарды сөзсіз толықтырды және көп
жағдайда дәлме-дәл айқындады. Саяхатшы ғалым Сырдария, Шу, Талас және Іле
өзендерінің жүйелерін де жан-жақты сипаттап жазды.
Ішкі Тянь-Шаньды аралап сапар шеккен кезінде Ш.Ш.Уәлиханов, сондай-ақ
Сарыжаз, Көкшағала және Нарын өзендерінің жүйелері туралы біз ізге
келтірмеген қолда бар жеке мағлұматтарды дәлдестіріп, Ақсай, Терек, Коккия,
Сарқырама, Опарға, Кішінарын және т.б. секілді бұрын беймәлім болып келген
бірқатар өзендер бар екенін айқындады. Ол Нарын өзенін көбіне-көп зерттеп,
суреттеп жазды.
Орта Азия мен Қазақстанның көлдерінің ішінде Ш.Ш. Уәлиханов Алакөлге,
Балқашқа және Ыстықкөлге көптен-көп көңіл бөлді. "Алакөл мен Балқаш көлдері
бірге, біршама бертін кезге дейін біртұтас су қоймасы болғанға ұқсайды,
өйткені, қырғыздардың айтуы бойынша, Алакөл қазірдің өзінде де көктемде су
жайылған шақта сортаң алқап арқылы Балқашпен косылып кетеді", — деп жазды
ғалым.
Ш.Ш.Уәлиханов өзі зерттеген елдерді картаға түсіру ісіне елеулі үлес
қосты. Оның мұрағатында толып жатқан сызбалар, карталар, схемалардың
сызбалары сақталған, олардың көпшілігі осы күнге дейін сыры ашылмай және
қалпына келтірілмей жатыр. Ш.Ш.Уәлиханов еңбектерінің тап осы бөлігі күні
бүгінге дейін ең аз зерттелген сала болып қалуда. Ғалымның картографиялық
материалдарын жақсырақ біліп, оларға лайықты баға беру үшін оның Жетісуға,
Тянь-Шаньға және Шығыс Түркістанға қатысты негізгі еңбектері мен жалпылама
түрде болса да танысып, талдау жасап көрелік.
1855—1856 жылдары Орталық Қазақстанға, Тарбағатайға, Жетісуға саяхат
жасаған және ғылыми экспедицияның құрамында Ыстықкөлге сапар шеккен кезінде
Ш.Ш.Уәлихановтың алдында ғылыми қызметін өрістету үшін кең өpic ашылды.
Ш.Уәлихановтың сол саяхаттарының күнделік жазбалары жүрген жолдарының
схемалық карталарымен және түрліше схема, сызбалармен толықтырылған.
Мәселен, "Ыстықкөлге сапар күнделігінде" "Хоментовский отрядының Торайғыр
таулары арқылы маршруты", "Торайғыр тауларынан Күнгей Алатаудың көрінісі",
"Отрядтың Мерке өзенінде түнеуі", ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz