Абылай хан қонақ үйінің жалпы сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
I бөлім ЖШС “Курорт Бизнес Компани” “Абылай хан” қонақ үй-туристтік
кешенінің жалпы сипаттамасы
1.1 “Абылай хан” қонақ үйінің даму тарыхы және негізгі сипаттамасы
1.2 Қонақ үйдің ұйымдастырушылық құрылымы
II бөлім “Абылай хан” қонақ үйінің қаржылық-экономикалық жағдайына талдау
2.1 Қонақ үйдің экономикалық көрсеткіштері
2.2 Қонақ үйдің қаржылық көрсеткіштері
2.3 Бәсекеге қабілеттілік деңгейі
Қорытынды

Кіріспе
“Абылый хан” қонақ үй- туристтік кешені Бурабай кентінде орналасқан
жоғары деңгей қонақ үй қатарына кіреді. Халықаралық деңгейдегі сервис, қол
жететін баға бойынша жайлы жағдай бизнес- комфортпен бірлесіп, туристтердің
қонақ үйде болуына жағымды әсер ететін қонақ үй. Жұмыс іс-сапарына немесе
демалысқа осы қонақ үйге келген адамдарға үшін тамаша өмір сүріп жатқан
мекен. Шетелдiк және қазақстандық делегацияларға қауiпсiздiк және биiк
деңгейде қызмет көрсетуі кепiлдiк берген. Шамалы бағалар және жұмыс
iстейтiн жеңiлдiктердiң жүйесi қонақ үйін клиенттер үшiн тартымды iстейдi.
Кешен 2006 жылдың ақпанында Бурабайда ашылды және содан берi әлемнiң барлық
бұрыштарынан туристтерiнің демалыс және жұмысқа арналған сүйiктi орын болып
қалыптасты.
“Абылай хан” қонақ үй территориясында үлкен қаланың шуы мен муңынан
тыс дем алуға керек шарттар қолданылған. Парк аллеясында күннің шуагынын
астында, таза, мөлдір ауасымен дем алып, тыныштықта серуендеп жүрудің өзі
бір таңғажап. Қонақ үйде мейрамхана, хауызбен сауна, массаждық кабинеті,
бильярд, лаунж бар, конференц-зал және караоке бар. Сонымен қатар, қонақ
үйінің аумағында парковка, жазғы қымызхана, балаларға арналған алаңы,
волейбол алаңы және Айнаколь көлінің жиегінде қорғалатын жағажайы бар.
Сонымен қатар, қонақ үйде келесі қызметтер көрсетілуі мүмкін:
- кір жуатын үй, химиялық тазалау;
- Бурабай кенті бойынша саяхат ұйымдастыру;
- байланыстың электрондық құрал-жабдықтары, көшіргі техникасы, интернет
желісіне қосылу;
     - спорттық-сауықтыру.
     

I бөлім ЖШС “Курорт Бизнес Компани” “Абылай хан” қонақ үй-
туристтік кешенінің жалпы сипаттамасы
1.1 “Абылай хан” қонақ үйінің даму тарыхы және негізгі сипаттамасы
ЖШС “Курорт Бизнес Компани” негізінде қаланған “Абылай хан” қонақ
үй- туристтік кешені- өз есігін 2006 жылы ашты. Қазақтың ханы, ұлы
мемлекеттік қайраткері, қолбасшысы және дипломаты Абылай ханның есіміне
орай қонақ үй- Абылай хан деп аталды.
Осы қонақ үй- туристтік кешеннің даму тарихына келсек, 2006 жылы
салтанатты түрде өз есігін ашқаннан кейін, сол жылдан бастап нарықты жаулап
алуын бастады. Алғашқыда қонақ үй персонал штаты тым көп болмаса да, уақыт
өте келе қажетті бағытта жоғары квалификацияланған кадрларды өз қатарына
жинады.
2007 жыл- Қазақстандық "Абылай хан" қонақ үй- туристік кешені бүкіл
әлем бойынша қонақтарды қабылдауға бағыттала отырып, туризм нарығында
табысты қызмет етіп келетін жыл. Қонақ үй нарықта азғана уақыт жұмыс істеп
келе жатса да, өзінің серіктестіктері мен клиенттерінің ортасында жоғары
деңгейлі қызмет көрсетуімен және жоғары квалификацияланған персоналдарымен,
олардың жұмысқа деген берілгендіктерімен, ынталарымен беделді орынды
иеленді. Мақсаты болып – жетістікке жету және сапа мен тиімділіктің үлгісі,
бет-бейнесі болу. Қонақ үй қызметінің артықшылықтары:
- Қазақстан және шетел территориясы бойынша клиенттерге сапалы
қызмет көрсету;
- Клиенттің таңдауы бойынша әртүрлі бағдарламаларды ұсыну;
- Қонақ үй үшін ең бастысы клиенттердің талап-тілектерін
қанағаттандыру.
2008 жыл- Қонақ үй көптеген серіктестерімен тиімді келісім
шарттарға отырды:
− Open up, China Comfort – Қытай бойынша туроператорлар;
− Этно, Черномор турлары – Қрымдағы демалыс бойынша туроператор;
− Atlanta tourism and Cargo, Merema Travel and Travel LLC Akkad tours
– БАӘ бойынша туроператорлар;
− Tez Tour, Lada Tour, Amerigo Travel, Riviera – Түркия бойынша
туроператорлар;
− Sunnet Travel – АҚШ бойынша туроператорлар;
− Intex – Work and Travel USA бағдарлама бойынша демеуші;
− Tez Tour, Travel Days Group Co. - Египет бойыеша туроператор;
− Mouzendis Travel – Греция бойынша туроператорлар;
− BVT – Болгария бойынша туроператор.
Осы жылы қонақ үйдің тарихында қалған маңызды із- Америка
Құрама Штатының 176 атқыштар дивизиясының солдаттары мен олардың командирі
Роберт Андерсонның қонақ үйде 2 жұма бойы тұруы- Қазақстан мен Америка
Құрама Штатттары арасындағы туризм саласындағы қарым- қатынасты одан әрі
дамытты.
2009 жыл- Американдық план (American plan; AP) – орналасу және 3
мезгілді тамақтандыру саласы қосылған қонақ үй тарифы еңгізілді. Бұл
клиенттердің қонақ үйде қажеттіліктерін қанағаттандыру бағытында алға қадам
басты. Осы жылы “Абылай хан” қонақ үйінің жанында орналасқан қонақ үйдің
“Жұмбақтас” мейрамханасының дизайны “Lounge” стилінде жасалды. Бұрын
болған 75 орыннан жаңа 120 орынды мейрамхананы ұсынды.
2010 жыл- Бурабай кентінде туризмнің дамуының ең қарқынды жылы
болды. Қазақстанның түпкір- түпкірінен, шетелден келген туристтердің саны
арта бастады және басқа бәсекелес қонақ үйлердің қатарында “Абылай хан”
қонақ үйінің беделі арта бастады.
Қонак үй Бурабай кентінде, Шортанды көлінің солтүстік
жағалауында, “Көгілдір шығанақ ” шатқалында орналасқан. Темір жол вокзалына
жету үшін шамамен 30 мин уақыт кетеді, ал Көкшетау әуежайы 1 сағаттық
жерде орналасқан. Айтылмаш жер табиғатының бірегейлігі- бұл бір жағынан
көл, екінші жағынан қарағайлы орманы бар аласа таулар- естен кетпес
демалыс. Бұл жердің ауасы таза да жеңіл, қалқан самалды. Шортанды көлі,
Шортанды - Бурабай дауалы жерінің көлдер жүйесіндегі ең таза және ең терең
көлі болып табылады. Жазда көлдегі судың температурасы +18°С - +21°С
шамасында болады. Басқа көлдерге қарағанда суы суығырақ. Себеп –
көзқайнарлары. Дәл осы көзқайнарлар көлдің тазалығы мен мөлдірлігін
қамтымасыз етеді. Шортанды - Бурабай дауалы жері – бұл Қазақстанның
меруерті. Төрт ірі көлдерден басқа бұнда көптеген майда, бірақ өте әдемі
тоғай көлдері бар. Көркем қыялары мен жағалаулары бар Бурабай көлімен
серуендеу көңіліңізді қалдырмай қаланың мазасыз өмірін ұмытуға мәжбүр
етеді.
“Абылай хан” қонақ үй ғимараты құрылысының ауданы 1 239 шарашы
метрді құрайды. Қонақ үйдің ғимараты, сонымен қатар, қызметтік-тұрмыстық
ғимараты 38 нөмірге есептелген.
Қонақ үйдің нөмірлік қорының сипаттамасы және оларды қолдану
мүмкіндігі:
- 63,0м2 бойынша 2 пәтерлік нөмірлер, бұл 126 м2 жалпы квадратты құрайды.

- 22,3м2 бойынша 10 бір бөлмелі, бір жатын орынды нөмірлер, барлығы
267,6м2
- 27,9м2 бойынша 10 бір бөлмелі, бір жатын орынды нөмірлер, барлығы
334,8м2
- 31,3м2 бойынша 6 бір бөлмелі, екі жатын орынды нөмірлер, барлығы
281,7м2
- 42,3м2 бойынша 10 бір бөлмелі, екі жатын орынды нөмірлер, барлығы
507,6м2
Қонақ үйдің жалпы нөмірлік қоры – 38 нөмірлер, нөмірлердің жалпы
ауданы–1517,7м2
Қонақ үйде екі кісілік, бір кісілік стандартты номерлер, жартылай
люкс және люкс номерлер бар. Жалпы номер саны -38. Қонақтарға автотұрақ,
бөлмелерге жеке қызмет көрсету түрі, кездесулерді ұйымдастыру, банкеттер
жасау, киім тазарту немесе жуу, косметикалық салон, байланыс жасау
түрлерінің барлығы, spa, спорт залы, массаж бөлімдері, мейрамхана, бар,
және ғаламторға кіру сияқты барлық қызмет ұсынылады.
Қонақ үй 6 қабаттан тұрады. Қонақ үйдің ғимаратына (қонақ үй
орналасқан ғимараттың бір бөлігіне) мемлекеттік, орыс және қажет болған
жағдайда ағылшын тілдеріне аударылып жазылған қонақ үйдің атауы, жұмыс
тәртібі және көлік құралдары үшін тұрақ алаңы қөрсетілген ақпараттық
хабарландыру  бар. Қонақ үйдің ең үстіңгі 6 қабатында семинарлар мен
конференциялар немесе бизнес кездесулерге арналған арнайы конференц-зал
бар. Ләззат пен пайданы үйлестіріп, семинар немесе конференцияларды осы
қонақ үйде өткізсеңіз, сонда сіз де әріптестеріңіз де кездесуді көпке дейің
есте сақтайды. Бәрі-де ойдағыдай болады: конференц-зал, кофе-брейк,
проектор, түскі ас және баянды күннен кейінгі демалыс. Тағы да бір айтып
кететінім- 6 қабаттан, конференц-залдан өте ғажайып көріністі байқай
аласыз, Бурабай кентінің сұлулығы, Оқжетпес тауы мен Жұмбақтас қөзге
түседі.
Қонақ үйдің әр қабаты ерекше жасалған. Әрбір қабатта көркем
дизайнды суреттер, мүсіндер, диван мен үстелдер бар. Ойын-сауық негізінде
теннис үстелдері арнайы жасалған. Қонақ үйдің бірінші қабатында арнайы
қонақтарды қарсы алатын ресепшн және бильрд залы орналасқан.
“Абылай хан” қонақ үйніің жанында “Жұмбақтас” мейрамханасы бар.
Жұмбақтас- жиырма метр биктіктегі қөлдің ортасында судан көтерілгендей
көрініп жатқан жұмбақ тас.
  Lounge стиліндегі әдемі Жұмбақтас мейрамханасының дизайны да
ерекше болып көзге түседі. Мейрамхана 120 орынға ие, онда әдемі кештерді,
мереке тойларды өткізуге болады. Мейрамхананың бас аспазшысы сізге ұлттық
нақыштағы немесе европа, шығыс, қытай дәмдерінің түр-түрін ұсынады. Сонымен
қатар әлемдік танымал сусындар да осы жерден табылады. Ал осы жердегі шай
түрлерін айтсаңызшы. Сүтті шай дейсіз бе, жас жасыл немесе қара шайлар,
немесе гавай коктейльі, немесе жасартатын шай, барлығының да дәмін тата
аласыз. Шөл қандырасыз. Ал Жұмбақтас мейрамханасындағы аппақ күйтабақ
сізді ән әлеміне жетелейді. Сол күйтабақтан шыққан сарынмен әдемі кештің
куәсі боласыз. Ал бар-кафеде өз қалауыңызша демалып, тіпті аздаған
жұмыстарыңызды да бітіріп алуыңызға мүмкіндік бар. Осы жерде жаңадан
дайындалған Musetti кофесі сіздің ұйқыңызды шайда ашып, тіліңізді
үйіреді.
Мәзірдің қызмет көрсету формасына байланысты “Жұмбақтас”
мейрамханасында “Табельдот” мәзірі ұсынылады. Табельдот - тағамдар жалпы
бірігей, алдын-ала бекітілген бағада ұсынады. Бағаға закускадан бастап
десертке дейін кіреді. Таңдауға бірнеше нұсқасы ұсынылады. Табольдот
қызмет көрсету жүйесі барлық клиентке бірдей қызмет көрсетуді ұсынады.
Клиент тағам түрін ауыстыра алмайды. Мұның жақсы жері клиенттердің айтуы
бойынша бұл экономды болып табылады.
Бар. Сусынның барлық түрі болады. Басты мақсаты қонақтардың
музыка тыңдап демалуына жағдай жасау.Барлар қала орталықтарында немесе қала
шетінде орналасуы мүмкін.
Барлар ассортиментіне байланысты сыра, шарап барлары және коктейль-холл,
коктейл-бар болып бөлінеді. Туристтер барларға баруды ұнатады, сондықтан
барларды аралау турбағдарлама құрамына кіреді.
Қонақ үй тарифіне азаңғы ас бағасы қосылып тұрады. Клиенттің
тапсырысы бойынша тамақтану 3 мезгілді болады. Бұған сәйкес
Американдық план (American plan; AP) – орналасу және 3 мезгілді
тамақтандыру бойынша жүргізіледі.

1.2 Қонақ үйдің ұйымдастырушылық құрылымы
Абылай хан отелінде қызметкерлерді басқару жүйесін ұйымдастыру.
Іргетасы қаланѓаннан бері, "Абылай хан" қонақ үйі, халықаралық сыныпты
бурабайлық отельдердің ішінен алдыңғы шептегілердің бірі болып саналады.
Отельде қызмет көрсетудің толық жиынтығы бар, іскер саяхатшылар ішінде,
туристік топтар ішінде. Әрбір нөмір ең алдыңғы халықаралық стандарттар
бойынша жабдықталған және автономды температуралық бақылауы бар
кондиционерлі, халықаралық телефондық және модемдік байланысы, спутниктік
теледидарлы және мини бармен жабдықталған. Ќұрамына мейрамханалар, барлар,
сауықтыру орталықтары, тренажерлық зал, бассейн мен сауна, көпфункционалды
бизнес-орталығы және конференциялар мен банкеттерге арналған залдары бар,
оның сыйымдылығы 100 қонаққа дейін.
Абылай хан қонақ үйінің жалпы сипаттамасы
Құрылған жылы: 2006
Категориясы: 3 жұлдызды
Нөмірлер саны: 38 оның ішінде 10 нөмір "люкс"
Конференц-залдар саны: 1
Апартаменттер саны: 134
Аэропорттан ара қашықтық 50 км
Есептелу сағаты: 12 саѓат
Бронның кепілдігі: Несие картасы немесе депозит
Несиелік картасы: American Express, VISA, EuroCard
MasterCard, Diners Club, JCB
Бронды алып тастау: Келу күніндегі жергілікті уақытпен
18.00 дейін
Валюта: Қазақстан тенгесі
Жергілікті уақыт: Гринвич бойынша уақыт

Кез келген қонақ үй уақытша тұруға орын береді және
тамақтандырумен қамтамассыз етеді. Үлкен қонақ үйлерде қонақтарды қабылдау
және орналастыру, маркетинг, тамақтандыру, нөмірлік қорға қызмет көрсету
осы сияқты функцияларды бөлімше басшылары басқарады. Бөлімше басшалары бас
директорға бағынады.Біз ендігі жерде қонақ үйдегі тамақтандыру қызметі
жөнінде:
Қонақ үйдің тамақтандыру жүйесінің директоры мына іс-әрекеттерді
басқарады:
- Буфет жұмысы
- Ас бөлмесінің жұмысы
- Банкеттегі қызмет көрсету
- Ресторанда қызмет көрсетуді ұйымдастыру
- Мини-барларды толтыру
- Бөлмелерде немесе демалу зоналарында қызмет көрсету
- Барларда қонақтарға қызмет көрсету және т.б.
Қонақ үйде ас бөлмені шеф-аспазшы басқарады. Ол тамақтың жақсы,
сапалы, тәтті болуына жауапты.Мейрамханада арнайы немесе тақырыптық кештер,
конференция, жанұялық мейрамдар өткізу үшін қызмет көрсетеді.
Ұйымдастыру құрылымын әзірлеу кезінде Абылай хан қонақ үйінің
жетекшілері бес бағыт бойынша жүреді:
- Жұмыстың мамандандырылуы;
- Департаменттелу;
- Өкілеттілікті аныќтау;
- Бақылау қызметінің мөлшері;
- Үйлестіру әдістері.
Ұйымдастыру құрылымын әзірлеу кезінде мамандар ұйымның мақсатты қызметі
мен функционалдық элементтеріне сүйенеді.
Абылай хан қонақ үйінде мақсатты функцияларға жатқызуға болады:
- Қонақтарды қарсы алу және орналастыру;
- Тамақтандыру өндірісі;
- Нөмірлерді сату;
- Маркетинг;
- Істік кездесулер мен конференцияларды ұйымдастыру.
Ал функционалдыққа жатқызуға болады:
- Қауіпсіздікті қамтамасыздандыру;
- Инженерлік қамтамасыздық;
- Бухгалтерлік есеп;
- Әкімшіліктік қызмет

Қызмет көрсетудің ұйымдастыру құрылымдық қосалқы бөлімі
Барлық бөлімдердің менеджерлері Абылай хан қонақ үйінің бас
менеджеріне есеп береді. Әрбір департаментте осылай шағын ұйымдастыру
бірліктеріне бөлінеді.
“Абылай хан” қонақ үйінің кадрлық қызметінің негізгі мазмұнын келесілер
құрайды:
− ұйым кадрларын құру (жоспарлау, іріктеу және жалдау, босату,
ағымдылықты талдау және т.б.);
− жұмысшылардың деңгейін дамыту ( кәсіби бағдарлау және дайындық,
персоналдарды аттестациялау және бағалау, қызметтік өрлеуді ұйымдастыру);
− еңбекті жетілдіру және ынталандыру, еңбек қауіпсіздігі жағдайын құру.
Қонақ үйдің адамдар ресурстарын басқару стратегиясы болып персоналды
пайдаланудың перспективті бағыттарының анықталғандығы, оның жаңартылуы мен
жетілдірілуі және ынталандыруды дамыту саналады. Кадрларды іріктеу
саласындағы қонақ үйдің кадрлық саясаты жұмысқа қабылдау принциптерін,
тапсырылатын функцияларды сапалы орындау үшін қажетті жұмысшылар санын,
персоналды кәсіби дамыту мен біліктендіру әдістемесін анықтаудан құралады.

Ұйымдағы кәсіби бағыт және әлеуметтік бейімделу. Жұмысқа жаңадан келген
жұмысшының ұйым табиғатына бірден бейімделуі ол сол адамның өзінің жеке
басы сапасының деңгейіне қатысты. Ал одан жетекшінің күтетіні –
тырысымдылық пен жұмысшы үміттері. Жұмысшының бейімделу үрдісі жағымды
болуы үшін әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға болады. Бұдан бұрын
жұмысшы туралы анық, сенімді ақпаратты иеленуі керек. Мысалы, жұмыс бойынша
ұжымның оған деген қарым-қатынасы туралы және т.б.

"Абылай хан" қонақ үйі кадрлық саясатының
жалпы жоспары:
КАДРЛЫҚ САЯСАТ
Жұмысқа алу принциптері, функциялары (міндеттер, еңбек қызметінің түрі),
жеке басының кәсіби деңгейі

ПЕРСОНАЛҒА ҚАЖЕТТІЛІКТІ ЖОСПАРЛАУ
Берілген нүктеде қандай және неше жұмыс күші болады? Оған нақты
қажеттілік? Қандай және неше жұмыс орындары бар?

ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУДЫ ЖОСПАРЛАУ
Сыртқы жоспарлау
Ішкі жоспарлау

Қайдан, қалай және қашан қосымша қызметкерлер жұмысқа қабылданады?
Қандай және неше қызметкерлер, қашан және қандай уақытта қызмет бойынша
қайта орналастырылады, міндеті бойынша жоғарылайды?

КАДРЛАРДЫ ҚЫСҚАРТУДЫ ЖОСПАРЛАУ
Қандай және неше жұмыс күші кәсіпорында қалуы тиіс? Қандай шаралар
өткізіледі?

ПЕРСОНАЛДЫ КӘСІБИ ОҚЫТУДЫ
ЖОСПАРЛАУ
Қандай және неше оқытушылық шаралар қажет, қаралған жұмыс орнына жаңа
немесе бұрынғы персонал аттестацияланады?

ПЕРСОНАЛДЫҢ ЖҰМЫСЫ МЕН БОЛАШАҒЫН ДАМЫТУДЫ
ЖОСПАРЛАУ
Неше және қандай жұмысшылар, қашан және қандай жұмыс орнына тағайындалады?

.
Жұмысқа алу үрдісінің сапалы аспектісі алынатын жұмысқа сәйкес
квалификациясы бар кандидаттарды табудан құралады. Экспертиза ретінде
"Абылай хан" қонақ үйдегі үміткердің еңбегін бағалау жүйесінің келесі
түрін ұсынады. Ол өзіне бес негізгі критерийлерді қосады. Бұл критерийлер
балдық шкаламен өлшенеді, балдық шкала ретінде әріптер жүйесі қолданылған.
Мұндағы негізгі мәселе үміткердің болашақ қызметіндегі міндеттерінің
орындалуының тиімділігі қаншалықты екені туралы ақпарат алу болып
табылады.

II бөлім “Абылай хан” қонақ үйінің қаржылық-экономикалық жағдайына талдау
2.1 Қонақ үйдің экономикалық көрсеткіштері
Дүниежүзілік тәжірибеде, бюджетке ең үлкен пайда келтіретін орташа
сыныптағы қонақ үйлер, сондықтан Бурабайда осындай дәрежелі қонақ үйлерді
дамыту қажет.
Қонақ үй бизнесі – өте келешекті аймақ болғандықтан, оған мемлекет
тарапынан тұраќты қаржыландыру қажет болады. Өзінің Қазақстан халқына
жолдауында ҚР Президенті Н.Назарбаев айтқандай: Қонақ үйлік индустрияны
қаржыландыруды қолдау қажет, өйткені бұл – қазынаға үлкен пайда келтіруге
қабілетті, пайдалы аймақ.
Кез–келген бизнестің табысты болуы оны дұрыс ұйымдастыра білуден
екені жалпығаа мәлім. Қонақ үйлік бизнесте осы қатарға жатады, сондыќтан
отельдің ұйымдастыру құрылымы өте жоғары дәрежеде кәсіпорынның қызметінің
абсолюттік үлкен көрсеткіштеріне ықпал етеді. Клиенттерге оперативті жєне
сапалы қызметтің тапсырылған диапозонын жасау үшін, отельде осындай қызмет
көрсетудің жөнге келтірілген механизмі болуы қажет. Қонақ үйлердің мөлшері
мен сипаттамасы бойынша әртүрлі мамандандырылуы болады және әсіресе өзінің
ұйымдастыру құрылымында, дегенмен отельдің ұйымдастыруының кез-келген нақты
нысаны кезінде оның бірқатар маңызды қызметтері кепілді орындалуы қажет.
Одан өзге, ең маңызды фактор болатын – бұл қонақ үйдің барлық құрылымдық
қосалқы бөлімдерінің қызметінің гармониясы (үйлесуі).
1-Кесте. “Абылай хан” қонақ үйінің экономикалық көрсеткіштері
№ Көрсеткіштер 2008 2009 2010
1 Жалпы түсімдер 10, 250, 826 12, 554, 471 14,924,176
2 Басқа түсімдер 1, 220, 654 1,410,324 1,842,146
3 Нөмірлер беруден 6, 335, 752 8,016,803 8,994,577
4 Түскендер мен ADR 6, 335, 752 8,016,803 39,283,682
жиыны
5 Тамақтанудан 850,241 1,040,396 1,305,760
6 Машина қоюдан 652,147 717,249 856,322
7 Телефон үшін 354, 249 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Казжол қонақ үйіне мінездеме
Қонақ үйдегі жылыту жүйесі
Қонақ үйді басқарудың ұйымдық құрылымы
Сырымбет тарихи - этнографиялық мұражайы
Қонақ үйдегі қызмет көрсету технологиясы
Қонақ үйдегі қызмет көрсету сапасы
Dostyk қонақ үйінде сапаны басқару жүйесінің экономикалық тиімділігін бағалау
Қонақ үйде қызмет көрсету сапасын көтеру
Қазақстандағы ежелгі сәулет өнерінің дамуы
Қазыбек би
Пәндер