Қарақытай мемлекеті


Жоспар
Кіріспе
I Бөлім
1 мемлекет құрылуының алғышарттары және әскери демократия.
1. 1 Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер.
1. 2 Үйсін, Қаңлы, Ғұн тайпалық одақтары.
II Бөлім
2 Түрік қағанаты.
2. 1 Батыс түрік қағанаты.
2. 2 Түргеш қағанаты.
2. 3 Қарлұқ қағанаты.
2. 4 Оғыз мемлекеті.
2. 5 Кимек қағанаты.
2. 6 Қарахан мемлекеті.
2. 7 Қарақытай мемлекеті.
2. 8 Наймандар мен Керейлер ұлысы.
2. 9 Қыпшақ хандығы.
Қорытынды
1. 1Б. з. дейінгі бірінші мыңжылдықта Орта Азия, Таяу және Орта Шығыс жерлерінде Ассирия мен Мидия мемлекеті құрылады. VI ғ. Ми-дия мемлекетінің орның Ахеменидтер мемлекеті басады. Бір топ парсы тайпаларының көсемі II-Кир оның негізін салады, б. з. дейінгі 550 ж.
ол Мидияны талқандап, өзіне бағындырады да, тіпті Орта Азияның оң-
түстік аудандарында қоластына қаратып орасан зор империя құрады.
Б. з. дейінгі 530-522жж. арасында Ахеменид мемлекетінің құрамына Парфия мен Хорезм, Бактрия мен Соғдиана, Сақа енеді, ал Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендеген халықтарды Ахеменидтер не жаулап алады, не бағындырады.
Көне деректерге жүгінсек бактриялықтар, соғдылар мен хорезмдік-
тердің теріскей жағын «желдей жүйрік атты көшпелі турлар» мекендеген. Парсы деректерінде турлар - сақтар деп аталады, бұл
«еңіреген ерлер» деген сөз, ал грек авторларының туындыларында
олар скифтер деген атпен белгілі, бұл көшпелілердің екінші атына айналып кеткен.
Б. з. I ғ. көне Рим оқымыстысы Плинийдің Үлкені : «Яксарттың арғы бетінде скиф тайпалары тұрады. Парсылар жалпы оларды сақтар деп атайды . . . Скиф халықтарының саны хисапсыз көп . . . Олардың ішіндегі ел-жұртқа әйгілі сақтар, массагеттер, даилар, исседондар, аримаспі-
лер» - деп жазады. Біздерге жеткен сипаттама деректерге қарағанда,
сақтар малшылар болған, олар жылқы, мүйізді ірі қараны, уақ малдар-ды өсірген, шеттерінен ат құлағында ойнайтын шабантоздар, құралай-ды көзінен ататын садақшы-мергендер екен.
Гректер мен парсылар скифтер мен сақтар атын айтқанда, бәрінен де бұрын туыс тайпалардың сансыз көп одақтарын айтса ке-
рек. Олардың ішіндегі ең көбі массагеттер болған. Геродот олар тура-лы туралы былай деп жазады: «Бұл халық Аракс өзенінің арғы бетін-
де, исседондарға қарама-қарсы тұрады . . . Киетін киімдеріне, тұрмыс салтына қарасақ, скифтерге ұқсайды. Олар атпен де, жаяу жүріп те соғысады. Соғыстың осынау екі тәсіліне де жеттік, садақпен де, сүңгі-
мен дешайқаса біледі; әдетте, айбалтамен де қаруланады. Олардың барлық бұйымдары алтын мен мыстан . . . Олардың егін екпейді, үй жануарларының етімен, балықпен қоректенеді, Аракс өзені оларды балыққа шаш-етектен келтіреді. Олар сүт ішеді. »
Басқ бір авторлар: «Соғдының ар жағында, Яксарттың бойын қуалау сақтар қоныс тепкен»- сияқты мәліметті келтіреді.
Парсының сына жазуларында сақтардың үш тобы туралы сөз бо-
лады:парадрайя -теңіздің арғы бетіндегі сақтар, хаомаварга-хаома сусының жасайтын сақтар. Ол тайпалардың қай араны мекен еткенін кәзір ашып айту қиын, өйткені ежелгі авторлар тілгетиек боларлық ғы-лыми географиялық деректер қалдырмаған. Бірқатар зерттушілердің
пікіріне сенсек, парадрайя сақтар Арал өңірінде, Сырдария мен Әмур-
дарияның төменгі ағысында немесе Қара теңіздің теріскей бетінде өмір сүріп, тіршілік құрған.
Тиграхауд-сақтары Сырдарияның орта аймағы мен Тән-Шәнда мекендеген; хаомаварга-сақтар Мұрғаб алқабынан қоныс тепкен.
К. А. Ақышевтің пікірі бойынша, Иран жазба деректеріндегі тиграхауд
Сақтарына ортокарибантия скифтері сәйкес келеді, өйткені жоғарғы екі атаудың екеуі де «шошақ бөрікті сақтар» деген сөз. Бұған қоса айтатын бір жәйт, Персеполдегі Ксеркс сарайының барельефтерінде
бейнеленген сақтардың бет пішіні моңғолоидті және олар биік шошақ бөрік киеді, ендеше бұлар, әсілі, тиграхауд-сақтар болуға тиіс- дейді ғалым. Моңғолоидтер таралатын орталықтардың бірі Жетісу аймағы болуы мүмкін екендігі себепті тиграхауд-сақтар Жетісуда тұрып тіршілік еткен деп қорытынды шығарады ол. Есік обасына қойылған сақ патшасының басына биік шошақ бөрік кигендігі оның бұл болжамын дәлелдеп дәйектейді. Зерттеушінің ой-пікірінше, осынау сақтардың
тайпалық одағына сол сияұқты аксатагилер, аристейлер, мүмкін, аргиппейлер де кірген болуға тиіс.
М. Қ. Қадырбаев, аорсылар - Оңтүстік Орал өңірін мекендеген сав-
роматтар тайпаларының бірі деп есептейді. Олардың теріскейінде қо-
ныс-өрісін «әр түрлі ағаштар өсетін қалың орман қаптаған» будиндер,
ал олардан да әрі теріскей жақта аңшылықпен айналысатын- фисса-
геттер мен киркилер жайлап қыстаған. «Асқаралы таулар етегін» мекендеген аргиппейлер, әсілі, Орал өңірінің оңтүстік шығысында
тірлік кешкен тәрізді: «Грифтердің алтын қазынасын қорғайтын»арии-
масп атты сақ тайпалары Алтайда тұрғанға ұқсайды, өйткені алтын
кендері сонда болған ғой.
М. Қ. Қадырбаев исседондарды Орталық Қазақстан кеңістігіне орна-
ластырады. Сақтардың әр алуан тайпалары қайда тұрды деген сауал-
дың түбірлі жауабы археологтардың байыпты зерттеуінен кейін ғана
берілуге тиіс, өйткені материалдық мәдениттер айырмашылығын тек
археологиялық ескерткіштер арқылы ғана анықтауға болады.
Сақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен, бірқатар деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған.
Сақтармен Ахеменидтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б. з. б
519-518жж. сақтарға қарсы I-Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн, Дарийдің жер қайысқан қолды бастап, сақ жеріне баса-көктеп
кіргенін жазады. Тамшы нәрі жоқ сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды. Дарий ілдабайлап әскерін апаттан құтқарады, бірақ
жалпы алғанда жорық сәтсіз аяқталады. Алайда, ақыр соңында Дарий
сақтарды бағындырады, оларды алым-салық төлеуге, өз жауынгер-лерін парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді. Парсы әс- керінің құрамына кірген сақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға
қатысады, Фермофоль маңындағы шайқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы шайқаста жаужүрек батырлықтың небір үлгісін көрсе-
теді.
Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Македонскийдің жи-
һангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахеменидтер
мемлекетін талқандап, бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі. Б. з. дейінгі 330-327 жж. Александр Македонский Соғ-
даның астанасы Мараканданы басып алып, Сырдарияға қарай бет-
тейді, ол кезде бұл дария отырықшылар мен көшпелілер арасындағы
өзіндік бір шекара болып есептелетін. Александр басып алып, олар-
ға өзінің әскери гарнизондарын қойған қалалар Сырдарияның сол
жағалауына ірге тепкен еді.
Өзеннің қарсы бетінде, гректермен айқасқа кету үшін қолайлы
сәтті күтіп, сақтар қолы жиналып жаты. Сырдария қалаларын алған
кезде, «еркек кіндіктілердің бәрін жусатып салып, әйелдер мен ба-
лаларды, тағы басқа олжаларды қарбыта алып кеткен» грек-маке-
дон әскерінің рақымсыз қаталдығы Орта Азияда халық көтерілісін
туғызады бірақ ол аяусыз қатыгездікпен талқандалып тасталған.
Александрдың бұйрығы бойынша Сырдария жағасынан Алексан-
дрия Асхата деген қала салынады. Бұл қала жаңа мемлекеттің сол-
түстік шығыс шебіндегі тірек-пункті ретінде саналады. Оны салу сақ-тарды көп алаңдатады. Сақтар өзеннің екінші бетінен гректерге садақ оғын жаудырады. Александр өз тарапынан көшпелілерді катапуль-
таларымен атқылап, оларды шегінуге мәжбүр етеді де, өзі әскерімен
жеделдетіп өзеннен өтіп, сақтарды қуалай жөнеледі. Бірақ бұл жеңістің аяғы жеңіліске айнала жаздайды, грек әскері қайта қалаға оралады. Александрдың өз басы осы жортуылда жараланады. Сөй-
тіп Александр Македонскийдің Яксарт сыртындағы сақ тайпаларын
қырып, бағындырғысы келген ұмтылысы сәтсіз аяқталады.
Орта Азия мен Орта Шығыстың тағдырында сақтар бұдан былай
да маңызды рөл атқара береді. Мәселен, Парфия мемлекетінің құ-
лауына, Грек-Бактрия патшалығының талқандалуына және Кушан
империясының құрылуына ат салысады.
Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани
мәдениетінің аса маңызды бастау деректері-қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Археологтар зерттеулері
Қазақстанның әртурлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын, байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндік береді. Сақ дәуіріне жататын археология-
лық ескерткіштер Орталық, Батыс және Солтүстік, Шығыс, Жетісу мен
Оңтүстік Қазақстан территориясынан табылады.
Орталық Қазақстан. Біркездері қола дәуіріндегі андронов мәде-
ниеті қамтыған Орталық Қазақстан жерінде б. з. дейінгі VII-IIIғғ. Тас-
мола мәдениеті қалыптасқан, мұның аты Тасмола алқабының байып-
ты зерттелген қорымдарына байланысты қойылған.
Ең ірі аумақты қорымдар-Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баян- аула, Қызылтас, Кент, Ортау, Ұлытау, Арғанаты баурайларында шо-
ғырланған.
Тасмола мәдениетінің дамуында үш кезеңі айрықша көзге түседі.
Бірінші кезең б. з. дейінгі VII-VIғғ. қамтиды. Оған Тасмола, Қарамұрын,
Нұрмамбет қорымдары жатады. Қорғандардың үйіндісі топырақ не тас аралас топырақ болып келеді. Екінші кезеңде б. з. дейінгі V-IIIғғ.
өлікті қою салты сақталып, ал атты қоса жерлеу ғұрпы жоғалып кетеді. Үшінші кезеңде б. з. дейінгі III-Iғғ. обалардың бұрынғы құры-
лымы, түрі сақталады, бірақ мола ішінде түбі тегіс домалақ ыдыс-
тар пайда болады.
Батыс және Солтүстік Қазақстан. Дала және орманды дала жа-
зықтарынан ондаған қорымдар кездеседі. Еділ мен Жайық арасын-дағы мол аймақтан қорымдардың ең көп шоғырланған жерлері-Үл-
кен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірі, Елек, Шаған, Отуа, Ембі жағалаулары. Қазақстанның солтүстік аудан-
дарында қорымдар Тобыл мен Есіл алқаптарынан көбірек үйірім-
үйірім болып кездеседі. Бай обалар өздерінің көлемдерімен көзге тү-
седі және олардың үйінділерінің диаметрі 50-60 м, биіктігі 3-4 м бо-
лып келеді.
Бүкіл ескерткіштер екі хронологиялық кезеңге жатады. Оның
біріншісі б. з. дейінгі VII-Vғғ. кезеңі деп есептеледі және савромат
мәдениеті өмір сүрген уақытты қамтиды; екінші кезең б. з. дейінгі
IV-IIғғ. Болып мерзімделеді және сарматтар кезеңіне сай келеді.
Шығыс Қазақстан. Сақтардың қыруар қорымдары Алтай ая-
сынан, әсіресе Ертіс пен оның салалары алқаптарынан, Қалба қы-
ратының теріскей және түскей жоталарынан, Шыңғыстау мен Тар-бағатай бөктерлерінен кездеседі, үлкен яғни «патша» обалары Ші-
лікті алқабында шоғырланған. Жалпы шығыс Қазақстанда «гриф-тер алтынын күзететін» аримаспілер тайпасы тұрған секіді.
Шығыс Қазақстан сақ тайпаларының мәдениеті өз дамуында
үш кезеңді басып өткен: майәмір кезеңі - б. з. дейінгі VII-VIғғ., берел
кезеңі - б. з. дейінгі V-IVғғ., құлажүргін кезеңі - б. з. дейінгі III-Iғғ.
Майәмір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қа-
бырлар пайда болды. Шілікті алқабынан үлкен обалар қорымының
құрамына кіретін, көпке белгілі Шілікті обасы қазылып ашылды. Бұл
қорымның барша обасы «патша» мазары қатарына жатады. Олар-дың он үш үйінділерінің диаметрі 100 м дейін, биіктігі 8-10 м дейін
жетеді, қалғандары - 20-дан 60 м дейін, биіктігі 5 дейін. Бұл ру неме-
се тайпа көсемдерінің жүздеген жылдар бойы қойылып келе жат-
қан ортақ қорымы болғанға ұқсайды.
Шілікті қорғаны шамамен алғанда б. з. дейінгі VII-VIғғ. салынған деп есептеледі.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Бұл - сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар - Жетісуда, ал массагеттер - Арал
өңірі мен Сырдария бойында өмір сүрген.
Сақ тайпалары көп қоныстанған орталықтардың бірі - Іле ал-
қабы болған. Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген оба-мазарлары тап осы
алқаптан табан тепкен.
Жетісудағы сақ мәдениеті өз дамуында екі кезеңді басынан өткерген: ерте кезең - б. з. дейінгі VIII-VI ғғ., кейінгі кезең - б. з. дейін-
гі V-III ғғ. Соңғы кезеңнің патша обалары ескерткіштері жөнінде-
гі ең толық мәліметті б. з. дейінгі 1 мың жылдықтың орта кезіне
жататын Бесшатыр қорымы және Есік обасы береді.
Есік обасы - Жетісу сақтарының тамаша ескерткіштерінің бірі
болып табылады. Ол Алматының шығысында 50 шақырымдай жер-
де, Іле Алатауының баурайында орналасқан. Обаның диаметрі 60 м
ал биіктігі 6 м. Топырақ үйіндісінің астында екі қабыр - орталықта және бүйірде орналасқан. Орталықтағы қабыр тоналып, бүйірдегісі
аман қалған екен. Төсеніш үстінде басы құбылаға қаратылып, киін-
діріліп, қару жарағын таққан күйінде, мола иесі жатқан. Антрополог-тар айтуынша бұл кісі 17-18 жастар шамасында, оның бойы 165см,
болған.
Қабырдың батыс қабырғасы жағында жылтырата сыпланған
қыш құмыра мен табақтар көрінеді. Сол арада имек сабының ұшы
тырнаның басы сияқтанып келген күміс қасық, түбінде сегіз күлтелі
гүл суреті салынған күміс кесе, бүйіріне 26 таңбадан тұратын екі жол сөз жазылған оймақтай күміс аяқ жатыр.
Өліктің басына биік былғары қалпақ-дулыға кигізілген, оның сыртына әртүрлі аңдар мен құстар, қауырсын мен масақты оқ-тар алтынмен апталып бейнеленіпті. Дулығаның төбесіне тәж ре-
тінде титімдей арқар бейнесін қойған.
Сонымен қатар оның мойнына ұшы барыс бастарымен безен-
дірілген алтын өңіржиек салынған, құлағына көзтаналы, бирюзадан
салпыншағы бар сырға тағылыпты. Екі саусағында алтын жүзіктері
бар - оның біреуінің көзі тегістағы, екіншісіне адамның арай қор-
шаулы басы бейнеленген.
Белбеуінің оң жағына қызыл түсті ағаш қынапты ұзын семсер
Ілініпті. Семсер - темірден, оралмалы - орам бедері бар сабы имек-теу. Сол жағында ақинақ - қанжар ілінген. Оның темір жүзінің ор-
тан-беліне иреңдеген жылан бейнесі алтынмен бедерленген. Қан-
жар қынының екі жағы үстеме пластинкамен көмкерілген, оның бі-
реуінде ат, екіншісінде бұғы бейнеленген. Есік обасының салынған
кезі б. з. дейінгі IV ғ. деп есептеледі.
Сақтар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың негізгі малы алыс жүріске бейімделген жылқы, түйе, қой болатын.
Көшпелі мал шаруашылығымен қатар жартылай мал шаруа-шылығы да дамыды. Ол тұрақты қысқы және жазғы мекенжайлары
болуын күнілгері ойластырып отырған, өйткені сол мекенжайларда
малшылар жазы мен қысын өткізген. Қысқы тұрақтар үшін жертөле-
лер мен жартылай жертөлелер салынған. Мұндағы жұрттың бір бө-
лігі жаз шыға, келер қысқа азық-түлік дайындау үшін қыстауда қа-лып, егіншілікпен айналысқан. Мал шаруашылығының осы түрі Шы-
ғыс Қазақстан мен Жетісуда, Орталық және Батыс Қазақстанның
бірқатар аудандарында етек алған еді.
Мал шаруашылығының үшінші түрі - отырықшы шаруашылық болатын. Мұнда халықтың бір бөлігі ұдайы егіншілікпен шұғылда-
нып, отырықшы болып қалатын. Ал, оның екінші бөлігі жақын-жуық
жерлердегі жазғы жайлау мен қысқы өрістерге көшіп жүріп отыр-ған. Қазақстанның оңтүстігінде - Сырдария мен Арыс, Келес алқап-тарында хал-жағдай тап осындай еді. Оларда әсіресе ірі қара мал басым болды.
Жылқы өсіру сақтар мал шаруашылығының аса маңызды ба-
ғытының бірі. Олар жылқының екі түрін өсірген :біреуі - басы үлкен,
аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі - шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы болған, оны қарулы жауынгерл мі-
нетін болған. Бұған Орталық Қазақстанда жүргізілген қазу жұмыс-
тарының материалдары дәлел.
Ал Алтайдағы Пазырық обаларын қазған кезде табылған 80 ат
қалдығының материалдары бойынша жылқының төрт тұқымы бө-
лініп шығарылды. Оларды көсемдер мен текті батырлар мінетін бол-
ған.
Жылқының жаңа тұқымын шығару ісіне желдей жүйрік сәйгүлік-
терімен әйгілі Ферғана, Бактрия, Парфия сияқты көрші елдердің асыл тұқымды жылқылары пайдаланылған.
Көшпелілердің үйге үйренген малының ең маңызды түлігінің бі-
рі қой еді. Қазбалаоға қарағанда, сақтарда маңдай алды дөңестеу
ірі қойлар көп тараған.
Сақтарда қой шаруашылығымен бірге түйе шаруашылығы да
кең дамиды, ол әсіресе Батыс және Оңтүстік Қазақстанның дала-
лық және шөлейт аудандрында өркен жаяды. Түйе мініс және
жүк көлігі есебінде де пайдаланылады, оның жүні, еті мен сүті көш-
пелілердің тұрмыс қажетін өтейтін.
Ғалымдардың пікірінше көшпелілер шаруашылығында ірі қара
мал елулі рөл атқармаған. Дегенмен де көшпелілер мүйізді ірі қа-
раның жыл бойы жайылымнан қорек таба алатын тұқымын шыға-рады.
Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен.
Олар тары, арпа, бидай егкен. Оңтүстік Сырдария алқбында сақ-тардың Шірік - Рабат, Бәбіш - молла, Баланды секілді қоныстары төңірегіндегі егістіктерді жарма тартып суарып отырған.
Кейбір деректерге сүйеніп сақ қоғамы үш топтан тұрды деп
болжай аламыз:олар - жауынгерлер; абыздар жігі - олардың таны-мал белгісі құрбан табақ пен айрықша бас киім болған; қауымшыл сақтар, «сегізаяқтар» жігі яғни соқаға жегетін екі өгізі барлар жігі.
Осы жіктердің әрқайсысының өзіне тән дәстүрлі түсі болған.
Жауынгерлерге - қызыл және сары-қызыл, абыздарға - ақ, қауым-
шылдарға - сары мен көк таңдалып беріледі.
Сақ тайпаларының көсемдері әскери жіктердің өкілдері бол-
ған. Гректер оларды басилевс - патша деп атаған. Жауынгерлер мен патшалардың белгісі жебелі садақ екен. Патша садағын ба-
ласына әрі мұрагеріне тапсырып отырған, сол себепті де жауын-
герлер мен патшалар зиратына садақ пен жебелерді бірге қой-
ған. Садақты мейлінше шебер ату патшаларға тән қадыр-қасиет.
Патша жауынгерлер жігіне жатуының үстіне ол тағы құдайлардың қалаулысы, көк пен жер астындағының дәнекері, дүниенің кіндігі,
жердегі бақ - дәулет көзі болған. Халық дәулеті оның дене күші
мен рухани қуат - жігеріне байланысты болды. Ол халықтың бар-
ша жіктерінің бейнесі деп танылған.
Сақтарда тараған «Аң стилі» өнері сақтар Алдынғы Азия мен
Иранға жорық жасаған кезде танысқан оңтүстік дәстүрлері әсері-мен пайда болған. Сол кездегі осы арада сақтар өнеріне арыс-
тан, арыстан - самұрық кейіптері ауысып келеді. Бұл кейіптер бұ-ғы, қошқар, түйе, барыс, жолбарыс, бүркіт сияқты жергілікті жануар-
лар бейнелерімен сіңісіп кетеді. Осы бір аталған кейіптер әсемдік әшекейлері ғана болмаған, сақтар олардың әрқайсысына белгілі мән берген.
Сақтарда зергерлік өнер жетіліп биік деңгейге көтерілген. Зер-гер - шеберлер алтын, күмісті балқытып құю, штампылап өндеу ісі-
мен таныс болған, олар әсемдігі мен композициялық түзілімі адам-
ды таң қалдыратын бұйымдар жасаған. Зергерлік өнерде олар ағаштан жасалған әртүрлі бейнелер мен әшекейлерді қақ алтын-мен аптау әдісін қолданған. Сақтар арсында ағашты өңдеп, оюлап
бедерлеу ісі жақсы дамығанын ағаштан істелген ыдыс -аяқтардан,
аңдар мен жануарлар бейнелерінен, әралуан қапсырмалардан көру-ге болады. Ағаш ою - өрнектеумен бірге сүйекті өңдеу және одан әртүрлі бұйымдар - қапсырма, тоға, түйме жасау кәсібі де дамиды.
Басқа халықтар сияқты сақтар да табиғаттың күштеріне - күн-
ге, күн күркіреуіне, найзағайға, жел - дауылға табынған, осы құбы-
лыстар оларға құдай бейнесі секілденіп көрінген. Олардың түсінігі
бойынша құдайлар, қанатты тұлпарлар, ат - самұрықтар сияқты,
қиялдан туған аңдар мен құстар, жануарлар бейнесінде де кө-
ріне беретін болған. Осынау кейіптердің мифология мен ауыз әде-
биетінен кең орын алатыны сондай, Евразия далалары өңірінде өз-
геше бір «аң стилін» тудырған.
Тұтас алғанда сақтардың немесе сақ - скифтердің «аң стилі»
сақ тайпалары дүниетанымының заңды көрінісі, олардың мифоло-
гиясының бейнелеу өнеріне келіп сіңуі, идеологиясын білдіретін
айрықша белгілер жүйесі ретінде құрылып қалыптасты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz