Экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Кіріспе

1.1. Экология – ел тағдыры

1.2. Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым

2. Негізгі бөлім

2.1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық негіздері

2.2. Экологиялық білім мен тәрбие беру, оның мазмұны мен жолдары

2.3. Экологиялық білім мен тәрбие берудің қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасындағы экологиялық білім мен тәрбие беру
жағдайы.
3. Қорытынды бөлім

3.1. Экологиялық тәрбие беру мақсатында практикада өткізген іс-шаралар

Кіріспе

Табиғатты адамзат аялаған
Егін
егіп, мал бағып саялаған.

Қарасындай көзінің қорғап жүріп,

Қамқорлығын ешқашан аямаған.

Р. Сәттімбеков

Жер-ананың қазіргі жағдайы оның түкпір-түкпіріндегі экологиялық
өзекті мәселелері адамзатты қатты алаңдатуда. Атмосфераның ластануы
термині батыс елдерде өткен ғасырда-ақ пайда болған. Қазір бұл түсінік
бүкіл әлемді шарлап кетті. Күн сайын жер бетінен жануардың бір түрі,
өсімдіктің бір түрі келмеске кететінін айтудың өзі өте қорқынышты. Дүние
жүзі бойынша орман аумағы азайып, шөлге айналу қаупі ұлғаюда. Өзен, көл,
мұхит өндіріс қал-
дықтарымен ластануда, ғаламат экологиялық апатты адам өз қолымен жасау-
да. БҰҰ-ның экологиялық бағдарламасында Жер-Ананы аялау-бүкіл адам-
зат борышы. Табиғатқа деген мұндай сұраныс еш уақытта болған емес... деп
айтылуы тегін емес.
Туған жерімізде де экологиялық проблемалары бар аймақтар жетерлік:
қалалар ауасы, топырағы, көлі тағы басқалары. Өзіміз өмір сүріп, ауасын жұ-
тып отырған Көкшетау қаласының ауа бассейнінің экологиялық жағдайы да
түйінді шешімді қажет ететін өткір де өзекті мәселе. Қалада ауа құрамындағы
улы газдардың 80%-ы автокөлік үлесіне тиеді, оның 30%-ы қала топырағына
сіңеді. Әсіресе, жас балалар үшін таза ауа тапшылығы жанға батады.
Еліміз егемендік алғалы бері, әр түрлі салаларда енген
өзгерістермен қа-
тар, оқу процесінде де көптеген өзгерістер болды. Орта білім жүйесінде де
экологиялық пәндерді тереңдетіп оқытатын мектеп, лицей, гимназиялар ашы-
лып, жұмыс істеп жатыр, мұның өзі қазіргі жағдай сұранысынан туған
қажеттілік. Себебі экологиялық мәдениетті білу, экологиялық сауатты болу ең
өзекті мәселелердің бірі. Қоршаған орта, табиғат-екінші ана, адамға пана,
тербететін бесік. Табиғат-тал бесігің дейді халық даналығы. Кез келген
ақын, жазушы немесе суретші ешқашанда табиғаттан жырақ кеткен емес. Олар
табиғатқа етене жақын, одан нәр алып, өз шығармаларына арқау еткен. Бір
кезде Италияның ұлы суретшісі Монар до Винчи де Ұстаздың ұстазы-табиғатты
өзіме тәлімгер тұттым деген. Сол себепті менің ойымша, эколо-
гиялық тәрбиені бала ес біле бастағаннан бастау керек. Мысалы, ағаш
жапырағын, гүлді жұлма, талды сындырма, әдемі болмай қалады, суды лас-
тама дегенді күнде айту керек. Сонда әр бала жүрегінде қоршаған ортаға,
айналаға деген сүйіспеншілік, жаны ашушылық сезімдер ұялап өседі. Әттең
біз, адамдар, егер экологиялық сауаттырақ болғанда, арыдан ойлағанымызда
Арал қазіргі күйге түспеген болар еді. Каспий, Балқаш мәселелері адамзатты
алаңдатпас еді.
Сондықтан қазіргі кезде экологиялық білім мен тәрбиені енгізу өте
маңызды. Қоршаған ортаны аялау, қорғау, сүю сезімдерін шәкірт көкірегіне
ұялату-әрбір ұстаздың, әрбір ата-ананың борышы.

1.1. Экология – ел тағдыры

Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған ортаның қарым-қатынасы күрде-
лене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш
күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейітті. Әсіресе, XX ға
сырдың екінші жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай
қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық өнді-
рістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле
бастады. Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін
тартып аламыз деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетін-дегі
тіршілікке тигізген әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан – табиғи
өзгеріс пен жес, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті.
Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми-техника-

лық өрлеумен тікелей байланысты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлем
елдерінің көбі-ақ өнеркәсібін дамыту долына түсті. Егер соғысқа дейін дамы-
ған елдер қатары оннан аспайтын болса, соғыс аяқталысымен индустриялан-
дыру науқаны жаппай етек алды. Өнеркәсіптің дамуы жер қойнауындағы қаз-
баларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның ластануын күшейітті.
Екіншіден, бұл жылдарда дүние жүзіндегі демографиялық жағдай да үлкен
өзгеріске ұшырады. Жер шары бойынша халық саны тез өсіп кетті. Халық-тардың
өсуі туралы әлемдік демографиялық сараптаманы қарап отырсаңыз, бұған
көзіңіз анық жетеді. 1700 жылы әлемде 620 миллион халық болса,
1850 жылы ол екі есе өсіпті (1.200 млн), яғни халықтың екі есе көбеюіне бұл
тұста 150 жыл керек болған екен. Ал, бұл сан содан кейінгі 100 жылдықта-ақ
екі есеге көбейген (2.500 млн). Ендігі кезекте екі есе өсу үшін не бәрі 40-
ақ жыл керек болды. Халықтың жылдам өсуі табиғатқа деген тұтыну қысы-
мын өсірді. Табиғат өзінен шыққан шығынды қайта қалпына келтіріп отыра-
тын уақытының мерзімінен жаңылды. Үшіншіден қалалар көбейіп, оларда тұратын
халық саны артты. ХХ ғасырдың басында жалпы халықтың 10%-ы ғана қалада
тұрса, ғасыр аяғында бұл 50%-ға жуықтады, 2001 жылы бұл көр-
сеткіш 54%-ға жетті. Осынша көп адамның шағын территорияға жиналуы жерге
түсетін салмақты күшейітті, қала мен қала маңының ластануы ұлғайды
Бізде материалдық өндіріске баға берудің екі өлшемі (әлеуметтік,
эконо-
микалық) қалыптасқан. Ал, қазіргі өмір осы өлшемге экологияны да қосуды
қажет етіп отыр. Әрбір салынатын өндіріс орнын әлеуметтік, экономикалық
жағынан дәлелдеумен қатар, оның экологиялық жағдайларын (келетін зар-
даптары мен оны болдырмау мүмкіндігін) қоса ескеріп негіздесе, бұл салада
қазір орын алып отырған қателікке жол берілмес еді. Осылардың салдарынын
Қазақстан қазір экологиялық жағдайы ауыр өлкенің біріне айналып отыр.
Ежелден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыз жайылым-
дарды маусымның өзгеруіне байланысты сауатты пайдаланған. Өмірлік тәжі-
рибе оларды табиғатты сақтауға үйреткен. Жайлауды тақырлап көшкен ауыл
келесі жазда жер қалпына келіп, шөл жетілгенде ғана қайтып келген. Сон-
дықтан да ұзақ ғасырлар бойы топырақ, өсімдік жамылғыларының қалыпта-
суында үлкен өзгерістер болмаған. Қазір жағдай тіптен басқаша. Шөп жетіл-
мей қылтанақтап шығып келе жатқанда-ақ оны қайта жаншып таптау етек алған.
Бір кездері игерілместей болған Қазақстанның кең байтақ жері бұл күнде
экономикалық қуатымызды арттырып отырған өндіргіш күштердің өсуінің
арқасында қоршаған орта жағдайлары ескерілмей, аз уақыттың ішінде
экологиялық дағдарыстар аймағына айналды. Бұрынғы Кеңестер ода-
ғы жүргізген солақай саясат та бұған көп ықпал етіп, Қазақстадағы экология-
лық проблемаларды көбейтіп жіберді.
Ауыл экологиясының нашарлауы негізінен шаруашылық көзінің қалып-
тасқан жүйесінің бұзылуына байланысты болып отыр.
Еліміздегі экологиялық дағдарысқа химия, мұнай, металлургия, отын
өнеркәсібінің жедел және көп мөлшерде дамуы да әсерін молайтып отыр. Жыл
сайын Қазақстандағы су қоймаларына химиялық қоспалармен ластанған 6 млрд.
текше метр ағын су құйылады, 3 млн тонна зиянды заттар ауа қабаты-
на сіңеді, 200 млн. тонна қатты қалдықтар қоқысқа тасталады.
Ірі өнеркәсіп орындары шоғырланған, ірі транспорттық торабы бар об-
лыс орталықтарының көбінде-ақ экологиялық жағдай нашар. Мысалы, бір ға-
на Қарағанды облысының өндіріс 1108,1 тонна улы газды ауаға таратады екен.
Адам әрекеті айрықша әсер еткен табиғи компоненттердің бірі су –
көз-
дері. Адамның суды пайдалану мөлшері бүкіл дүниежүзі бойынша жылма-
жыл артып келеді. Әсіресе, өндірісте, ауыл шаруашылығында су көп пайда-
ланылады. Осыған орай, еліміздегі су көздерінің бүгінгі жайы алаңдаушылық
туғызады. Судың жағдайы осындай болғандықтан егіндік, шабындық жерлер
азайып, ауру, өлім көбейеді.
Осыған ұқсас жағдайды Арал теңізі тағдырынан да көріп отырмыз. Мақ-

та өндіруді көбейту мақсатымен онда көптеген су қоймалары салынды, ка-
налдар қазылды. Оларды толтыру Аралға құятын өзендер суының азаюына алып
келді. Теңіз суала бастады. Жағалаудағы құм көшкінін қоршап тұрған 800
гектар тоғай жойылды. Қазір Арал апаты жаhандық мән алып отыр. Те-
ңізді сақтап қалуға әлемнің көп елдері мүдделілік танытуда.
Бізде бүгінгі экологиялық дағдарысқа ғылыми-техникалық өрлеу
кінәлі, қазіргі даму жағдайларында ол болмай тұрмайды деген біржақты пікір
қалыптасқан. Ғылым жетістіктері табиғатқа зиян келтіруге арналмаған ғой.
Сонымен бірге ол қоршаған ортаны қорғаудың да, қалпына келтірудің де
тәсілдерін ашты. Табиғи ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін немесе
қалдықсыз технологияны өндіріске енгізу, өндірісті сумен қамтамасыз етудің
қайтымды және тұйық айналымдарын қолдану (бұл су шығынын қысқарта-
ды), жылу мен энергияның дәстүрлі көздерін табиғи көздерімен алмастыру,
топырақты табиғи тыңайту мен ондағы ылғалдың жиналуын атмосферадағы газдың
тепе-теңдігін сақтауды қамтамасыз ететін орман алқаптарын сақтау және
қалпына келтіру – міне, экологиялық дағдарыстың бетін қайтаруға ғы-
лымның берер ақыл - кеңесі осылар. Ғылыми – техникалық өрлеудің қазіргі
деңгейі, қуатты компьютерлердегі талдаудың жүйелілік әдістері үлкен жоба-
лардың шағын кейпін алдын ала түсінуге мүмкіндік береді. Осыларды іс жү-
зінде асырмас бұрын табиғатқа тиетін залалды есептеп, оны болдырмаудың
жолдарын іздестіру қажет.

1.2. Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым

Экология жас ғылым. Ол 200 жылдан аса ғана пайда болды. Экология
сөзін Естественная история происхождения (Natural History of Creation)
атты өзінің кітабында ең бірінші қолданған неміс биологы Эрнест Геккель
(1968). Экология ойкос деген грек сөзі, үй, баспана ұғымын білдіреді.
Э. Геккельдің айтуы бойынша, экология – зоологияның бір тармағы, ол
бар- лық жанды мақұлықтар және оларды қоршаған органикалық және аноргани-
калық ортамен өзара қатынасты зерттейді.
Экология ғылымы жеке пән түрінде биология шегінде пайда болды. Эко-
логияны жасаған органикалық эволюция туралы оқудың негізін салушы, англия
ғалымы Чарльз Дарвин.
Экологияның зерттейтін мәселелері – жанды мақұлықтардың ортаға қа-
тынасы, олардың ортамен өзара байланысы, өмір сүруі және ортаның оларға
ықпалы.
Сонымен, экология – тірі организмдердің тіршілік әрекетін және
өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым, табиғатты пайдаланудың ғылы-
ми-теориялық негізі.
Экологиялық зерттеу ХХ ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ал
соңғы 10-15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеу адамның табиғат-
қа көзқарасының тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам табиғатты,
оның байлығын көп уақыттан бері аяусыз керегінше пайдаланып келді. Міне,
осыған байланысты табиғат қоры таусылуда, биологиялық орта азғындап
ластануда.
Көптеген ғылыми мәліметтерге қарағанда, қоршаған ортаға әсер ететін
екі факторды атауға болады: жер бетіндегі халықтың өсуі және адамның іс-
әрекеті.
Біз бәріміз де табиғатты қорғауда, сақтауда және оны дұрыс
пайдалануда ұрпақтың алдында, тарих алдында жауаптымыз. Міне, осы тұрғыдан
барлық жастарға экологиялық білім және тәрбие беру мақсаты, мазмұны анық
және нақтылы көрсетілуі керек.

Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаттары:
1. Экологиялық нормалардың ережелердің қадеттілігін жастардың мінез-құл-
қында тәрбиелеу;
2. Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;
3. Жастардың бойында экологиялық мәдениетін қалыптастыру:
а) тұлғаның мінез-құлқында;
ә) қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы айналадағы табиғат-ты
қорғауда, күтуде және жақсартуда;
б) экологиялық білімді насихаттауда;
в) ең алғашқы кәсіби еңбекте.
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты. Өйткені өндірістік
іс-әрекеттің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді.
Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие мазмұ-
ны әр түрлі сыныптар және пәндер бойынша, қоғамға пайдалы жұмыс және
өндірістік еңбек арқылы іске асырылады. Орта және жоғары сыныптар оқу-
шыларын кең көлемде экологиялық біліммен қаруландыру қажет.
Қазіргі кезеңдегі жастар тәрбиесінің өзекті мәселелерінің бірі –
бұл эко-
логиялық білім мен тәрбие.
Әлемдегі экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім мен
тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің терең білімдігіне, педагогикалық
шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты. Осыған орай, ең басты
міндеттердің бірі – табиғатты қорғау мәселелерімен оқушыларды ғылым не-
гізінде теориялық және практикалық біліммен қаруландыру. Бұл үшін эколо-
гиялық білімнің негізгі көздері – химия, физика, биология, география, астро-

номия пәндері. Бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең
түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді
қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру керек.
Оқушылардың білім деңгейін көтеру үшін кейбір теориялық және прак-
тикалық мәні бар экологиялық мәліметтерді бағдарламаға кіргізу қажет. Оқу-
шылар олармен лекциялар, практикалық жұмыстар, кештер, саяхаттар арқы-
лы танысады.
Егер экологиялық құлық еңбек іс-әрекеттерін ұштастырып, тікелей та-

биғи байланысты жүргізсе, олардың жақсы нәтиже беретіндігіне ешқандай күмән
келтіруге болмайды.
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
1. Өмірде және нақты еңбек іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу,
іскерлікке төселу.
2. Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғам-
дық пайдалы еңбекке қосу.
3. Әрбір мектепте экологиялық білім мен тәзбие қоғамын ұйымдастыру.
Қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қор-
ғауға, күтуге тәрбиелеу, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айнал-
дыру.
4. Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде
экологиялық штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады.
Экология – бұл әлеуметтік проблема, оның қоғамның өте терең әлеумет-

тік өзгеруі және халықаралық ынтымақтастық негізінде шешілуі ықтимал.
Қазіргі және келешек ұрпақ үшін жерді, оның байлығын, су қорын,
таби- ғат байлығын ұдайы өндіруді, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз ету
қор-
шаған ортаны жақсарту жөнінде егеменді Қазақстан мемлекеті қажетті шара-
ларды қолдануда. Бұған соңғы жылдары шыққан бірнеше қаулы-қарарлардың
өзі-ақ дәлел бола алады.
Сонымен, экологиялық тәрбие және білім беру мәселелерінің мазмұнын
химия, физика, биология, география сабақтарында халықаралық, мемлекеттік
өлкетану деңгейінде ашып, қоршаған ортаны қорғау, күту және оның қорын
ұтымды пайдалану іс-әрекетіне оқушыларды үйрету, дағдыландыру және бағыт
беріп отыру – мектеп ұжымының төл ісі. Мұндай принцип мектептің өмірімен
байланысын күшейтеді, адамның өзі мекендеген ортасымен өзара әрекеттесуі
оқушылардың көзқарасының дамуына игі әсер етеді.

2. Негізгі бөлім
2.1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің
ғылыми-педагогикалық негіздері

Қазіргі уақытта экология деген ұғым үлкен теориялық және практикалық
маңыз алған ғылымның барынша тез дами бастаған саланың біріне айналды.
Экология дегеніміз – табиғатты пайдаланудың ғылыми-теориялық негізі. Ол
жастарға білім мен тәрбие беру ісін жаңа жолға салғанда ғана өз міндетін
атқара алады. Экологиялық білімді тереңдету, экологиялық тәрбие беру,
болашақ ұстаздардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, ол үшін арнайы
мамандар дайындау – жалпы білім беру жүйесінің алдыңғы шарты.
Кезінде орта ғасыр ғұламалары да табиғатты қорғауға байланысты өз
көзқарастарын білдірген IХ-ХV ғ.ғ. қазақ топырағынан шыққан ғұлама ғалымдар
Әл-Фараби, Ж. Баласұғын, Қожа Ахмет Иассауи, М. Қашқари,
С. Бақырғани, тағы басқа метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, геог-
рафия, этика, тағы басқа ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше.
Соның ішінде, Әл-Фараби медицина, биология, география ғылымдарын тео-
риялық-философиялық тұрғыдан негіздеуге көп күш жұмсады. Оқушыларға,
студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беру проблемаларын
ХVI-ХVIII ғ.ғ. ұлы педагогтар: Я.А. Каменский, Ж.Ж. Руссо, Ф. Дистервег, А.
Гумбольдт, тағы басқа прогресшіл ой-пікірлері классикалық педагогикада
баланың табиғатпен қатынасы арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын
қалыптастыру заңдылықтарын негіздеді. Олар баланың бойына игілікті иман-
герлікті дарытушы табиғат сезімін тәрбиелеу туралы айта отырып, оның
адамгершілік-эстетикалық дамуындағы табиғаттың маңызын ашты. Прогрес-
ті педагогика жеке тұлғаны қалыптастыруда табиғаттың ролі зор екенін жоғары
бағалай келіп:
...адамның бүкіл рухани тіршілігі табиғатпен берік байланыста
бол-
ған деген басы ашық пікірді тұжырымдай түседі.
XIX ғасырдың демократ-ағартушылары: В.Г. Белинский, А.Н. Герцен,
Н.А. Добролюбов, Д.И. Писарев мектепте табиғатты немқұрайлы оқытуға және
оған мейірімсіздік қатынаста қарауға қарсы шықты. Осындай сияқты тағы басқа
пікірлер, олардан кейінгі педагогтарға табиғи құбылыстар мен объектілерді
түсінудегі білім мен сезім арқылы қабылдаудың өзара байланы-
сын негіздеуге үлгі болды.
Сонымен қатар, қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан көрнек-
ті орын алатын ұлы қайраткерлері, халқымыздың ұлы ағартушылары:
Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин шығармаларында табиғатқа
деген сүйіспеншілік көзқарастарының негізі көшпенді елдің өмірі-
не, ата-ананың шаруашылығына бейімделген егін жинау, шөп шабу, жайлау-
ға шығу, қыстауға қайту, аң аулау кездерін еске ұстап, табиғаттың тепе-тең-
дігін сақтауға ақыл - кеңестер берген.
Халқымыздың мақтанышы, ғалым Ш. Уәлиханов туған халқының таби-
ғатпен қарым-қатынасындағы әдет-ғұрып, дәстүрін зерттей отырып, өз ұрпа-
ғын табиғатпен қатынас жасауда ізгілікке баулитын халық педагогикасының
тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды. Ол: Табиғат! Өзіңіз айтыңызшы тірші-
лікте одан ғажап, одан құпия не бар екен? - дей келе, қазақтар киелілігіне
үлкен мән берді.
Ш. Уәлихановтың табиғат жайында қалдырған бай мұрасы қазіргі уа-
қытта жас ұрпақты табиғат қорғауға тәрбиелеуде бірден-бір таптырмайтын
көмекші құралға айналып отыр.
Халқымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі және оның көзінің қара-
шығындай сақтап келуі жайында қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық дана
ұғымдар, мақал-мәтелдер, нақыл сөз, аңыз-әңгімелер арқылы жетіп отырған.
Сондықтан әрбір ұстаз, әрбір тәрбиеші өзінің күнделікті жұмысында халық-
тық педагогиканың асыл маржанына үнемі көңіл бөліп, оны тиімді пайдалана
білуі тиіс.
Бүгінгі жер тағдыры – ел тағдыры болып отырған кезде, табиғатта бо-

лып жатқан дағдарыстан туған зардаптар әбден асқынған уақытта біз өзіміз
қаласақ та, қаламасақ та ата-бабаларымыздың атамекен, туған жер топырағы
туралы түсініктеріне, таным-талғамдарына ой жүгіртеріміз сөзсіз. Халқымыз
қасиетті жер-суларды Әулие бұлақ, әулие ағаш, дегендей құрметтеп, қор-
ғап, көзінің қарашығындай сақтай білген, әсіресе Бұлақ көрсең көзің аш,
сияқты тағы басқа ұлағатты сөздер немесе Қаратауларың бұзылмасын, сая-
лы ағашың сынбасын, қанаттарың қайырылмасын - деген туған жерін, елін,
табиғатын аялау жайлы айтқан қасиетті сөздер жас өспірімдерді тәрбиелеуде-
гі алатын орны ерекше. Халық даналығы балабақшадан бастау алып, табиғат
туралы өнегелі, ұлағатты аталы сөздер, жыр-аңыздар, айтыстарда айтылған
ойлы пікірлер, қысқа айтқанда халықтың рухани мол мұраларын жастарға
экологиялық тәрбие берумен экологиялық мәдениеттерін тәрбиелеуде тұғыр-
лы негіз болады.
Болашақ ұстаздарға экологиялық білім беруде белгілі педагогтар, ға-

лым-әдіскерлер В.П. Вахтеров, Е.Н. Водовозова, Д.Н. Тихомиров, тағы басқа
табиғат жайлы білім берумен қатар, табиғи құбылыстарды сезіне білуге, өзін-
дік ерекшеліктерін ажыратып қорытындыжасауға үйретуі, сөйтіп олардың
бақылампаздық әдет-ғұрыптарын, іс-әрекеттерін ұйымдастыруда мұғалімдер-
дің басшы рольдерін анықтап берген.
Жиырмасыншы-отызыншы жылдары табиғатты қорғау, аялау, сақтау
қажеттіліктерін жастардың бойына сіңіру жолдарын, онымен қарым-қатынас
жасау қажеттілігін баса айтқан Кеңес мемлекетінің педагогтары: Н.К. Крупс-
кая, А.Д. Луначарский, С.Т. Щадский бұл мәселеге ерекше көңіл бөлді.
Мысалы, Н.К. Крупская мектептерге оқу бағдарламаларын құрғанда жараты-
лыстану пәндерінің кейбір мазмұндары қоршаған табиғаттағы дұрыс түсінуге
негіз қаланатын оқулықтар жазу керектігін және мұғалімдерге ақыл-кеңес
бергенде оқушылардың өмір тәжірибелерін ескеруді талап еткен. Сол жылда-
ры табиғат қорғау түсініктерін қалыптастыру, табиғатты қорғауға тәрбиелеу
идеяларын П.В. Островский, П.Ф. Каптерев, М.М. Рыбников, тағы басқалары өз
еңбектерінде кеңінен өрбітті.
Сонымен, өмірдің өзі көрсеткендей білім беру жүйесінде Табиғатты
қорғау шаралары біртін-біртін Табиғатты қорғауға жұмыстармен сабақта-
сып, алдымен білім берудің керектігін, содан кейін табиғат қорғау тәжірибе-
лерін дамыту істерімен ұштастыруды талап етті.
Ал, 1950-60 жылдар аралықтарында экологиялық білім беру табиғат
қорғауға тәрбиелеу мәселесінің құрамында қарастырылады.
Алпысыншы жылдардың соңында Кеңес мектептерінде жаңа бағдарла-
малар негізінде оқулықтар жазылып, Табиғатты қорғау шаралары, Таби-
ғатты қорғау жөніндегі білім беру туралы ұғымдар енгізілген болатын.
Бірақ, жаңа оқулықтар мен бағдарламалар мазмұндарындағы айтылып оты-
рылған ұғымдар, түсініктер адам мен қоғамның табиғатпен қарым-қатынас-
тары жайлы беретін мағлұматтар байланыссыз, жүйесіз беріле бастады.
Әрине, ондай экологиялық білімдер қазіргі өмір талабына сәйкес
емес, ғылыми негізде құрылмаған еді.
Солай болса да, мектеп практикасында экологиялық тәрбиенің қажетті-
лігі жайлы Ресей педагогы В.А. Сухомлинский балалардың бойында табиғат-
қа сүйіспеншілік сезімін дамытуды ешнәрсеге айырбастауға болмайтынын
тәрбиенің негізі деп есептеген.
Жоғарыда айтылып кеткен ұлы ағартушылар мен педагог-ғалымдардың
табиғатты қорғау, оған деген жанашырлық сипаттағы наным-сенімдерін
қалыптастыру мәселелері Кеңес үкіметі кезеңінде, бүгінгі күннің өзекті
мәселесіне айналмаған болатын. Сонда да болса олар, табиғат арқылы жасөс-
пірімдердің табиғатты қорғау, аялау, соның барысында ішкі жан сұлулығын
дамыту, ізгілікті ұлтжандылық ниеттерін қалыптастыру мақсат-міндеттерін
көкейкесті мәселе ретінде қоя білді.
Табиғат қорғау және оның ресурстарын тиімді пайдалану көп
аспектілі (тарихи, саяси, әлеуметтік-экономикалық, медициналық және тағы
басқала-
ры). Солардың ішінде ең маңыздысы – педагогикалық аспекті. Алғаш рет ғылыми
әдебиеттерде табиғат қорғауды педагогикалық проблема деп көрсет-
кен профессор В.Н. Скалон Гүлденген, бай табиғат – арман емес, бұл шын-
дық, бірақ оны сақтау көбіне бізге, біздің балаларымызды тәрбиелеу іскерлі-
гімізге байланысты - деген болатын. Сол сияқты Баланы жастайынан тірі
затты аяушылыққа дағдыландыру, мейлі ол жануар болсын, мейлі ол өсімдік
болсын - деген еді. Ғалымның бұл ойы К.Н. Благосклоновтың, Н.А. Глад-
ковтың, А.Н. Захлебныйдың, Е.С. Салестенинаның, И.Т. Суравегинаның ең-
бектерінде тереңінен жалғасын табады.
Тек, 1970 жылы бұрынғы Кеңес одағының жоғарғы оқу орындарында
биология-химия және жаратылыстану-география факультеттерінде Табиғат
қорғау лекциялық курсы енгізілді. Экологиялық білім мен тәрбие берудің
кешенді зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оның теориялық негізін талдауда –
И.Д. Зверев (1974), А.Н. Захлебный (1981) табиғат қорғау туралы білім
берудің мақсат-міндеттерін анықтаса, география пәні арқылы экологиялық
білім берудің әдісі мен түрін Н.Н. Родзевич (1994) тағы басқаларын
қарастырды.
Сондай-ақ, болашақ мұғалімдерді табиғат қорғауға даярлаудың
негізгі міндеттерін И.Д. Зверев қалыптастырды. Ол: Болашақ мұғалімдерді
табиғат сүюші және қорғаушы, оны сақтау үшін күресуші және оның байлығын
көбейтуші ретінде тәрбиелеу деп көрсетеді.
Ойымызды түйіндей келсек, ғалым-педагогтар мен ғалым-
әдіскерлер экологиялық білім мен тәрбие берудің мәнін ашқанда табиғатқа
саналы қарым-қатынас жасап, оны қорғайтын, табиғи қорды тиімді
пайдаланатын, Отанын, елін сүйетін болашақ жастарды адамгершілікті-
эстетикалық, эмоциялық-моральдық тұрғыдан тәрбиелеуді мақсат етіп, болашақ
мұғалім-
дерді экологиялық білім беруде жоғарыда аталған дағдыларға оқушыларды
тәрбиелеуге дайындауды ұдайы жетілдіріп, ұйымдастыруды талап етеді.
Педагогикалық тұрғыдан алғанда жауапкершілікпен қарау
ұғымына жататындар:
а) табиғи ортада адамның өзін қалай ұстауы керектігін түсіну
ә) табиғатты халық қазынасы екендігін сезіну
б) табиғатқа тигізетін өз әрекетінің салдарын көре білу;
в) табиғатпен қарым-қатынасын жаратылыстану және ізеттілік білім
тұрғысынан негіздеп алатындығын түсіну қажет.

2.2. Экологиялық білім мен тәрбие беру, оның мазмұны мен жолдары
Табиғат компоненттері өзара үйлесіммен құралған. Оның даму жолының
өзіндік заңдылығы бар. Қазіргі экологиялық дағдарыстың түпкі себебі осы
заңдылықты білмеуде, түсіндеуде, оған жөнсіз араласуда жатыр. Осыдан
табиғаттың зат және энергия алмасу жүйесі бұзылады. Сондықтан әрбір қоғам
мүшесі табиғат құбылыстары негізімен аздап болса да таныс болуы керек.
Экологиялық сауатсыздықты жою шаралары Үкіметіміздің халық арасында
жүргізетін негізгі бір жұмысына айналуға тиіс. Бұл салада таза ештеме
істелмей отыр деу әділетсіздік болар еді. Еліміздің Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2030 даму стратегиясында халыққа экологиялық
білім беру мәселесіне айрықша назар аударылған. Соған сәйкес Білім және
ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша Мектептерде оқушыларға экологиялық
білім мен тәрбие беру (1991), Қазақстанда эколог мамандар даярлау
тұжырымдамасы (1995), Қазақстан Республикасында экологиялық білім мен
тәрбие берудің ұлттық стратегиясы (1998), Экологиялық білім бағдарламасы
(1999)сияқты бірсыпыра құжаттар дайындалды. Бұл аталған игі істер жалпы
экономикалық, әлеуметтік, экологиялық саясаттың орындалуына жәрдемін
тигізгенмен, бір ғана оқу орнында жүргізіліп отырғандықтан, олардың
нәтижесі жалпы көпшілікке кең таралмай тұр. Мұның бәрі экологиялық
жұмыстардың жалпы елдің қолдауына ие болып, осы тектес шараларды кең
қарастыруға мүмкіндік тумай отырғанын көрсетеді. Мектептерде экологиялық
білім беру жағдайы әлі де мәз емес.
Бүгінгі таңда халыққа экологиялық білім мен тәрбие беру
мәселесін мемлекеттік деңгейде кең көтерудің қажеттігі осыдан туындап отыр.
Экологиялық білім беру дегеніміз адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың
және қоршаған ортаның үйлесімділігін және оны тиімді пайдаланудың жолдарын
халыққа түсіндіру. Сол арқылы еліміздің халық шаруашылығының әлеуметтік
және экономикалық мәселелерін шешуге көмектесеміз. Экологиялық және
табиғатты қорғау заңдарын жетілдіру және оларды бұлжытпай орындау, табиғи
ресурстарды тиімді пайдалануда жауапкершіліктікүшейту, қоршаған ортаның
табиғаты мен адам денсаулығының үйлесімділігін арттыру, үздіксіз
экологиялық білім беруді ұйымдастыруды тездету, елдегі экологиялық
жағдайлар жайлы мәліметтердің халыққа жетуін қамтамасыз ету, тағы басқалар
осы саладағы негізгі міндеттер қатарына жатады. Үздіксіз экологиялық білім
берудің ғылыми негіздері қазақ халқының табиғатпен қарым-қатынас үстінде
туған тарихи көзқарасы мен салт-дәстүрінен бастау алады. Көшпелі тұрмыс
кешкен қазақтар өзінің бүкіл тыныс тіршілігін табиғатпен байланыстырған.
Оны аялап, аң-құсына дейін киелі санап, өзен, су бойын таза, күтіп ұстаған.
Экологиялық білім берудің қазіргі заманғы ғылыми негіздері,
оны жүзеге асыру проблемалары мен бағдарламалары БҰҰ мен ЮНЕСКО
мәжілістерінде (1968) қаралды. Одан соң Стокгольм (1970), Тбилиси (1972)
қалаларында өткен халықаралық конференцияда жалғасын тапты. Ал, Рио-де-
Жанейрода (1992) өткен дүниежүзілік конференция экологиялық білім беру
мәселелерін қайта қарап, ондағы негізгі бағыттарды айқындап берді. Олар –
биосфера тұрақтылығын сақтау үшін экологиялық ағарту жұмыстарының тұтас
жүйесін құру, экологиялық білім беруді тұрақты жүзеге асыру және жұртшылық
арасында экологиялық үгіт-насихатты күшейту. Экологиялық білім берудің
нормалық – реттеуші құжаттары Қоршаған ортаны қорғау туралы заңда (1997),
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін сақтау
конференциясында (1996), Қазақстан Республикасында экологиялық білім мен
тәрбие берудің ұлттық стратегиясында (1998), Экологиялық білім
бағдарламасында (1999) қарастырылған.
Экологиялық білім мен тәрбие беру ісі оқу орындарында білім
деңгейіне қарай әрқилы жүргізіледі. Мектепке дейінгі балалар мен бастауыш
мектептерде ол қоршаған ортамен таныстыру, адам мен табиғаттан бірлігі мен
өз үйіндегі, ауласындағы табиғат бөлшектеріне қамқорлық жасау қажеттігін
ұғындыру арқылы өтеді. Мұнын өзі, белгілі дәрежеде, бала бойына салауатты
өмір салтын орнықтыруға көмектеседі. Бұл саладағы негізгі әдістері мен
амалдары – экологиялық мазмұнға құрылған танымдық дүниелер, ойындар, тағы
басқалары. Білім жүйесін оңтайландыру жағдайында экологиялық білім берудің
ең ұтымды және экономикалық жағынан тиімді жолдарын іздестіру – қазіргі
мектеп алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Экология пәнін барлық сыныпта
өту мүмкін де емес. Біз жинақтаған тәжірибе экологиялық білім берудің
пәнаралық байланыстарын жүзеге асыру, пәндерді экологияландыру,
факультативтік сабақтар өту, содан кейін барып жоғары сыныптардың бірінде
(9-сынып) пән ретінде оқыту тиімді екенін дәлелдеп отыр. Пәндерді
экологияландыру жаңа буын оқулықтарға негізгі мақсат болып қойылады.
Экологияға жақын пәндер оқулықтарында экологиялық материалдар берілмек.
Бұл салада пәндерді экологияландыру арқылы экологиялық проблемаларды
түсіндіру үйлесімді жүргізу, сонымен бірге арнайы экологиялық білім беретін
курсты қалыптастыру міндеті қойылады. Қазіргі кезде осы екі бағыттың іске
асуында елеулі қиындықтар кездесіп отыр. Оған пәндерді экологияландыруға
белгілі бір пән мұғалімінің білімінің жетімсіздігі, ал пән ретінде
экологияны оқытатын мамандардың жетіспеушілігі болып отыр.
Экологиялық білім жүйесінің үлкен бір саласы – жалпы халыққа
білім мен тәрбие беру. Біздің халқымыз табиғатты күтуге, оның байлықтарын
тиімді пайдалануға үйренбеген. Кез-келген жерде орман ағашын шауып ала
береді, тіпті ағаш шапқан жерді де тазалап кетпей, оның бұтақтарын
сындырып, орнын қоқысқа айналдырып кетеді. Табиғат аясына демалуға шыққан
топ ішкен тамақтарының қиқымы мен ішімдіктерінен босаған шишаларды, газет,
қағаз қалдықтарын сол жерге тастайды. От жақса, оны сөндірмейді, орнын
тазартпайды. Осының бәрі табиғатты аямаушылықтың, жауапкершілікті
сезінбеудің әсері. Әркім өзі жүрген жерде өз орнын тазалап кетсе, мұндай
болмас еді. Осындай істер әрқайсымыздың қолымыздан келеді, бірақ
құлықсызбыз. Барлық мекемелерде экологиялық сауат ашу үйірмесін
ұйымдастырып, табиғат қорғау жайлы заңдармен, қоршаған ортаны аялаудың
негіздерімен таныстыру әбден қажет. Осы саладағы әр қоғам мүшесінің
жауапкершілігін арттыру керек. Әкімшілік жанынан бұл саланы жиі бақылауға
алатын экологиялық инспекция бөлімін құрса да артық болмас еді.

Экологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттерді табиғат қорғауға даярлау туралы
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстанда үздіксіз экологиялық білім беруде этноэкологияның орыны
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
Экология сабағында жергілікті материалдарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Экология есептерін компьютерлік модельдеу
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Қоршаған ортамен таныстыруда мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру
Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының мазмұндық сипаты
Орта оқу орындарында география пәні арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру
Пәндер