Оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары


Мазмұны
1. 3 Оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
жолдары . . .
2. 1 Оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамытуда мұғалімнің рөлі.
Кіріспе.
Зерттеудің өзектілігі. Балалардың шығармашылық дарындылығын, шығармашылық бағытта дамыту және оны тәрбиелеу бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселе. Қоғамдағы, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда соны әрі айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаның алдында үлкен талаптар қойылады. Балалар дарындылығына табиғаты, шығармашылық мүмкіншіліктерінің психологиялық құрылымға. Мұның барлығы арнайы ізденісті қажет ететін мәселелер қазіргі психология, педагогика ғылымында осы мәселеге қатысты біраз деректер жинақталып, зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Брушлинский А. В, Матюшкин А. М, Нурахунова А. А, Кравцова Е. Е. Бүгінгі Қазақстан жаңа принциптерге негізделген егемен мемлекет құруда. Үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміз өркениетке жету жолындағы әр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсындаа шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиіс деп ойлаймыз. Бүгінгі заманымызда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту олардың бойындағы дарын-таланттарын ұштау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әрбір халықтың елдігі мен егемендігі, сол халықтың зиялы қауымына негізделеді және кез келген мемлекеттің күш -қуаты ең алдымен өз ісіне шығармашылық пен ғылымның, техниканың, өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуының өзінің тікелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті мамандар санымен анықталады. Сондықтан да инновациялық ғылыми-техникалық даму дәуірі маманның тұлғасына, заман мен қоғам қойып отырған талаптарға сәйкес алдына жан-жақты жетілген үйлесімді шығармашыл адамын тәрбиелеу еліміздің басты міндеті. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар қолынан ғана келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндігі береді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын бастауыш мектептің алар орны ерекше. Бүгінгі бастауыш мектепте, өкінішке орай, баланың оқу әрекеті басым. Сабақтарда оқушылар үнемі бір типтес жаттығулар орындау, есептер шығарумен айналысады. Мұндай жаттығулар, бір ғана шешім іздеу баланы өз күшін байқау мүмкіндігінен айырады. Бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа ұйымдастырушылық қажет. Қазіргі заман талабына сай білім беруді ізгілендіруге үлкен мән берілуде. Бұрын орта білім беретін мектептің негізгі міндеті білім беру мен дағды біліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі міндеті бір шама күрделі; ой ұшқыр шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. Баланың әлеуеттік және шығармашылық қабілеттерін ашу мектептің маңызды жұмыстарының біріне айналуда. Бүгінгі таңца болашақ жастарға, жеткіншектерге әлемдік ғылым мен прогерсс деңгейі сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру. Сонымен іскерлігін зерттеу, арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады. Міне осы тұрғыдан қоғамға жан-жақты білімді жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке адам қажет. Ондай адамды балбақша, мектеп, орта және жоғары оқу орындары дайындайды. Жаңалыққа жаны құмар жан тәрбиелеу мектептен басталады. Сондықтан оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі соңғы кезде қолға алынды деуге болады. Жаңа пәндердің пайда болуы, оқу мазмұнына шығармашылық тапсырмалардың енуі, арнайы педагогикалық әдістемелер, технологиялардың қолданыла бастауы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуі - үлкен жетістік. Дегенмен біздің өмірімізде шығармашылықтың алар орны әлі төмен «Неге?» деген заңды сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін шығармашылыққа кері әсер ететін факторлар анықталады. Олар:
- біздің шығармашылыққа үрке қарайтын әкімшілік-әміршілдік жүйеден шыққандығымыз:
- екінші бір себебі бала кезден бастап біз «сен мынаны дұрыс жасамадың», «олай емес», «бұлай болмайды» деген ескертулерді естіп өскендігіміз:
- қызмет жасайтын мекемеде шығармашылық ахуалдың болмауы:
- көп уақытқа дейін шығармашылық әр адам шыға алар биіктік дер есептелінбеуі:
Біздің қарастырып отырғанымыз жалпы білім беретін мектептерде қабілеттерді дамыту, оны шығармашылық деңгейге көтеру мәселесі болғандықтан, жұмысымызда осы күрделі процесте көздеген мақсатқа жетудің жолдарын, құралдарын, педагогикалық шарттарын қарастыратын боламыз.
- шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы;
- әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;
- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;
- шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;
- нәтиженің жаңалығы, сонылығы.
Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әртүрлі сапалы қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы: алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қайшылықтарға деген күдік, шығармашылық елес орын алады. Белгісіздік кезеңіндегі "бас қатырулар" табандылық, танымдық белсенділік. Біздің ойымызша бастауыш сыныпта маңызды рөл атқарады. Бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет. Әрине, шығармашылық жұмыстың түріне, мақсатына қарай бұл кезеңдер бір-бірімен астасып, қабысып жатуы әбден мүмкін. Оларда қалыптасып, әрі қарай дамып отыратын сапалар да бірі анық көрініп, бірі, керісінше, уақытша көмескіленіп жатуы ықтимал. Дей тұрғанмен, тұтас алғанда, әр баланың бойындағы табиғи, қайталанбас ерекшеліктермен біріккен кезде аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін құрайды. Шығармашылық педагогикасының басты мақсаттарының бірі де осы.
Тақырыптың болжамы: Егер, балаларды шығармашылық қабілетін дамытудың тәсілдерімен қаруландырып, жұмысының кілтін, орындалу принципін қолдана берсек, өз бетімен дами алатын, әртүрлі өмірдің қиыншылықтарына төзе білетін, белсенді, білімді, шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушы тәрбиелер едік.
Зерттеудің мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетінің көкейкестілігін, қажеттілігін көрсету, олардың бойындағы шығармашылық жұмыстарын тереңдету.
Зерттеудің міндеті: 1. Шығармашылық қабілетін дамыту рухани байлықты дамытуға жағдай жасау.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, танымдық деңгейін кеңейту.
3. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз жұмысына шығармашылықпен қарауды үйрету, ізденіспен іскерлікке баулу.
Зерттеу әдісі: Сауалнама, тест, практикалық сабақ, бақылау жұмысы т. б.
Зерттеу пәні: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары.
Зерттеу объектісі: Оқушылардың шығармашылық жұмыс түрлері.
I тарау. Шығармашыл тұлға қалыптастыру - заман талабы
1. 1. Әдеби шолу
Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласағүн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде-адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған.
Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. С. Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. (1923 ж. ) .
Оқыта отырып баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті педагогтар Ш. А. Амонашвили, И. П. Волков, О. С. Газман еңбектерінде қарастырылады.
Өз республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар Ә. Қоңыратбаев, С. Тілешева жоғарғы сыныптарда шығарма жазғызу, В. Д. Чернов факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын қарастырса, Қ. Ә. Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы - оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту, М. Мүхамедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындайды.
Қабілеттер жайлы жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай келе, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді деген қорытындыға келеміз.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен "қабілет" ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда "қабілеттерді" тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын көрсеткен.
"Қабілет" ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны баршылық. "Қабілеттер" деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жегістіктерге жеггкізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды.
Ең алғаш қабілеттер мәселесін көтерген С. Л. Рубинштейн іс-әрекеттің қабілет дамытудағы рөлін нақтылады. Осыдан бастап қабілеттердің әрекетте дамитындығы жалпы теория қалыптасып, бұл екі теория біртұтастықта қарастырылатын болды.
Қабілеттер жайлы ой-пікірлерді әрі қарай өрбіте отырып, Б. Г. Ананьев қабілеттер тек білім, білік жиынтығы ғана емес, оларды қолдана білудегі дербестік, саналылық, шығармашылық деген пікір айтады. Қабілеттердің дамуын тұлғаның дамуымен байланыстырады. Сондай-ақ, таланттылық жайлы мәселе көтеріп, таланттылық деп қабілеттердің көпқырлылығын айтады. Б. Г. Ананьевтің пікірі бойынша, нышан қабілеттердің алғы-шарты және олар тек іс-әрекетте ғана қабілетке айналады.
Бала бойындағы дарындылық сияқты ерекше; қасиетті зерттеген Н. С. Лейтес қабілетке "іс-әрекеттің белгілі бір түрінде жетістіктерге жеткізетін психологиялық қасиет", (2, -) деген анықтама береді. Ақыл-ой қабілетінің алғы шарты белсенділік және өзін-өзі реттеу (саморегуляция) деген қорытынды жасайды.
К. К. Платонов қабілеттер жайлы түсініктерді тұлғаның ерекшеліктерімен байланыста қарастырады. Ақыл-ой қабілетінің кейбір компоненттерін анықтайды.
Жоғарыда аталып еткен нақты қабілеттер жайлы зерттеулер туралы сөз еткенде, В. А. Крутецкийдің математикалық қабілеттерге байланысты жасаған іргелі еңбегіне тоқталған жөн. Көрнекті ғалым қабілеттерді әрекетке жарамдылық деп тануды ұсынады. Және басқа да зерттеушілер сияқты қабілеттер әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай орындауда көрінетін қасиет деген пікірді қуаттайды.
Бейнелеу өнеріне деген қабілеттер жайлы зерттеу жүргізген В. И. Киреенко да басқа авторлар сияқты, қабілеттер адамдардың жекелік айырмашылықтары деген қорытындыға қосылады және бейнелеу өнеріне деген қабілеттер тек сурет салуда ғана емес, ойын, еңбек сияқты басқа да әрекетте дамитындығын дәлелдейді.
Қабілет әрекеттің белгілі бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. "Бейімділік - адамның әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттердің алғашқы белгісі", - деп жазады академик Т. Тәжібаев. Бала кезде ерекше көзге түсетін бейімділік оның келешек қабілетінің көрсеткіші екендігін айтады. "Бейімділік пен қабілеттің соншалықты тығыз байланыстылығы кейде тіпті бірінен-бірін ажырату қиындығын туғызады. Дегенмен бейімділік ұмтылу, ал қабілет -мүмкіндіктер", - дейді көрнекті психолог Н. С. Лейтес .
Қабілеттер мәселесін қарастыруда "талант", "дарын" терминдерін айналып өтуге болмайды.
Көптеген зертгеушілер мен психологтар "таланттылық" деп белгілі бір салада (өнер, музыка т. б) жоғары жетістікке жеткізетін қабілетті атайды. Олар таланттылықтың тұқым қуалау арқылы берілуі өмірде көп кездесетін жағдай болғанымен, ол бірден-бір фактор бола алмайтындығын дәлелдейді (З. Гильбух, В. С. Юркевич) .
Францияның ағарту ісінің өкілі К. А. Гельвеций адамдардың барлығының бірдей, тең дәрежеде болатындығын, сол себепті кез келген баланы талант дәрежесіне көтеруге болады дегенді уағыздап кеткен. Мысалы, жаңашыл педагог И. П. Волков " . . . егер баланың жеке қасиеттерін өте жас кезінен анықтап, дамытуға жағдай жасаса, талант қалыптастыру кез келген мамандық дайындау сияқты қатардағы шара", - дейді.
"Дарындылық" ұғымына берілген анықтамалар оған өз қатарындағы адамдардан (балалардан) жоғары ақыл-ой қызметімен ерекшеленетін адам қасиетін жатқызады. Дарындылық пен таланттылықты синоним ретінде қолданып жүрген авторлар да кездесіп қалады. Біздің ойымызша, таланттылық арнайы іс-әрекетте жоғары нәтижеге жеткізсе, дарындылық ақыл-ой қызметінің ең жоғарғы дәрежесімен сипатталады. Әрбір талантты балада дарындылық бар да, ал дарынды баланың бәрі бірдей талантты болмауы мүмкін. Талантты, дарынды балаларды арнайы оқу орындарында оқытқанда ғана олар қоғамға пайдасын тигізе алады.
"Тұлға" немесе "жеке бас" ұғымының мәнін түсініп алу қажеттігі туады. "Тұлта" (латынша - регзопа) ертеден келе жатқан ұғым. Бұл сөзбен алғаш актерлер сахнада беттеріне киіп жүрегін масканы атаған. Бүгінгі күні ол әлеуметтік мәні, қасиеттері бар нақты адамды білдіреді.
"Тұлға" - қоғамдағы адамның даму дәрежесіне байланысты оның психикасында болатын жаңа сапа", - деп жазады А. Н. Леонтьев. Ал Э. В. Ильенковтың айтуынша, "тұлғалар қоршаған ортада да, өздеріне де өзгеріс енгізе алатын адамдар.
"Жеке адам - әлеуметтік қатынастарымен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін, есі кірген ересек кісі", - деген анықтама береді академик Т. Тәжібаев.
Барлық ғалымдар дерлік адамның мұндай күйге бірден келмейтінін, тұлғалыққа біртіндеп жететінін жазады. "Тұлға болып қалыптасу - баланың жаратылысынан бастап, қоршаған орта, басқа да әр түрлі әлеуметтік факторларға байланысты дамитын күрделі процесс. Сондықтан өмірге келетін әрбір адамның тұлғалық деңгейге көтерілмеуі мүмкін", - деп жазады психология ғылымының докторы В. Э. Чудновский.
Оқушылардың тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Психологтар қабілеттердің екі, түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.
1) Репродуктивті - іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.
2) Шығармашылық, жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
Енді жұмысымыздағы екінші негізгі категория -"Шығармашылық" ұғымының мәнін анықтауға келеміз.
"Шығармашылық" сөзінің төркіні, этимологиясы "шығару", "ойлап табу" дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: " . . . шығармашылық - қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет", - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский "шығармашылық" деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны "даму" ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бүл пікір бүгінгі күні педагогиканың талаптарына сәйкес келумен көңілге қонымды.
Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары "шығармашылық" сөзімен, "жаңалықпен" қатар "бастамалылык, белсенділік" ұғымдары астарласа қолданылып жүр.
Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе, төмендегідей қорытындыға келдік:
Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.
Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда, кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда. Сондай зерттеулердің бізді қызықтырған кейбіреулеріне тоқтала кетейік.
Осы саланы тереңірек зерттеген дәрігер әрі психолог А. Н. Лук әрекет нәтижесінің шығармашылық деңгейге көтерілуі ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты деген пікір айтады. Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:
- мәселені қарастырудағы қырағылық, көрегендікті;
- ақпаратты нерв жүйесіне код арқылы хабарлауды;
- тасымалдай білуді;
- ақылдың икемділігі, ойдың оралымдылығын;
- әрекетті бағалай білуді қарастырады.
Әрекеттің шығармашылық қабілеттерді дамытуы үшін қажетті ахуалдың болуы керектігін және қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі шамадан тыс сынау сияқты психологиялық кедергілермен күресу қажеттігіне тоқталады.
В. И. Андреевтің зерттеу жұмысы мектепте, орта және жоғары оқу орнында шығармашыл тұлға тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің диалектикасына арналады. Бұл проблеманың зерттелуінің методологиялық ауқымын, диалектикалық кедергілерді айқындайды. Шығармашылық педагогикасының заңдылықтары мен принциптеріне тоқталады.
Оқушылардың көркем-шығармашылық кабілеттерінің ерекшеліктері, оларды дамытудың жолдары мен әдістері А. А. Мелик-Пашаевтың, В. С. Шубинскийдің, Қ. Ә. Жаманбаеваның зерттеулерінде қарастырылады.
Шығармашылық қабілеттердің жоғары деңгейі дарындылық, таланттылық мәселесінің теориясына терең бойлаған В. Э. Чудновский, В. С. Юркевич, И. П. Волков осы феноменнің ерекшеліктері, олармен жұмыс түрлері, дарынды, таланты балалар экологиясы жайлы ой қозғап, оқу-тәрбие процесін жетілдіруте байланысты тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныстар береді.
Педагогикалық еңбекті шығармашылық процесс ретінде қарастырған В. А. Кан-Калик, Н. Д. Никандровтың зерттеулерінде ұстаз шығармашылығының психологиялық негіздері, мұғалімнің жеке шығармашылығын қалыптастыру жолдарына талдау жасалады. Көрнекті француз математигі Адамар шығармашылық процесті 4 кезеңге бөледі:
1. Дайындық кезеңі.
2. Инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.
3. Интуицияның жарқ етуі. Эврика.
4. Тексеру кезеңі.
А. Н. Лук шығармашылық процесті 5 кезеңге бөледі:
1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат.
2. Күшті жұмылдыру, қосымша мәліметтер іздеу.
3. Проблемадан уақытша кету.
4. Интуицияның оянуы, Инсайт.
5. Нәтиженің дұрыстығын тексеру.
Жоғарыда келтірілген және басқа да шығармашылық педагогикасына арналған зерттеулер мен еңбектерді талдай отырып, бастауыш сынып оқушыларына тән шығармашылық процестің кезеңдерін шартты түрде төмендегіше топтастырдық:
1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.
2. Шығармашылық белгісіздік, екі ұштылық.
3. Шешімнің жарық көруі.
4. Шығармашылық акт.
5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі анықтамалар береді. Мысалы: И. Я. Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді.
А. Н. Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа балайды, идеяларды іске асыру (генерация жасай білу), болжай білу қабілеттерін атайды.
"Даму" ұғымы философиялық сөздікте " . . . мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы", - деп түсіндіріледі. Диалектика заңы бойынша кез келген құбылыс өзінің жеткен дәрежесіне қанағаттанып тұрып қалмай, оларды жоққа шығару арқылы жаңа сапаға көшеді. Терістеу - дамудың қозғаушы күші. Терістеу - белгілі бір зат пен құбылыстың қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа сапаның болуына мүмкіндік туғызу.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың ролін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С. Выготский.
Ол дамуды оқытумен тең деп санайды, керісінше, оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алады. Ең алғаш рет бала дамуының екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынады.
1. Бала дамуының жақын аймағы - баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Ғалым психологтар Л. В. Занков, А. А. Люблинская, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин зертханаларында бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын, сипатын өзгертуге арналған зерттеулер жасалды. СЛ. Рубинштейн, Е. Н. Кабанова-Меллер және басқалар өз зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді.
И. Я. Лернер "даму" деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz