Қазақ тіліндегі антропонимдер


Қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени жүйесі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І ҚАЗАҚ АНТРОПОНИМДЕРІНІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ МӘНІ
1. 1 Антропонимика - ономастиканың бір саласы
1. 2 Преценденттік және сакральді антропонимдер
1. 3 Араб-парсы тілінен енген антропонимдер
ІІ ҚАЗАҚ АНТРОПОНИМДЕРІНІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
2. 1 Қазақ есімдерінің қойылу дәстүрі
2. 2 Антропонимдердің лексика-семантикалық тұрғыдан жіктелуі
2. 3 Антропонимдердің грамматикалық құрылымы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Өмірге келген жас бөбек, сәбиге жарасамды ат қойып, есім беру - ертеден келе жатқан ата дәстүр, дағдылы әдет. Есімдердің әдетте адамды екінші адамнан ажырата білу үшін қойылатын хақ. Ұлы Гомер: «Есім дегеніміз алуа-шекер сыйлық. Ал сыйлық пен тарту адам үшін зор қуаныш» деген екен. Адам үшін өмірлік, шексіз қуаныштың бірі - уақыт, дәуір талабына, өз талғамына сай келетін айшықты да сұлу, мәнді де мәнерлі есім иемдену екені даусыз. Ескіліктен келе жатқан өмірлік маңызы зор бұл мәселе өз мәнін бүгін де жойған жоқ, әлі де маңызды, аса өзекті қалпында қалып отыр.
Есім беруде сәбидің ата-анасы ғана емес, туған туыс, дос жарандармен қатар, Азаматтық хал актілері мекемелерінің қызметкерлері де мүдделі. Өйткені адам есімі қоғам өмірімен, оны қоршаған ортамен тығыз байланысты. Қоғам өміріндегі көптеген тарихи оқиғалар мен әлеуметтік өзгерістер ірі тұлғалар есімдерімен байланысты болса, көпшілігі есте жоқ ескі заманнан бүгінге жетіп отыр.
Антропонимика - тіл тарихын, ұлт мәдениетін зерттеуде құнды да бағалы мұра болып табылады. Антропонимдердің жүйесі адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрылысын, материалдық, рухани және мәдени өмірінің түрлі құбылыстарын көрсете алады.
Жалқы есімдер тарихи қалыптасқан тілдік бірлік бола отырып, жалпы есім сөз сияқты өзіндік уәжділігі бар және сол уәжділік қолданыс барысында қалыптасып бекіген тілдік бірлік. Жалпылай алар болсақ, объективті шындықты бейнелейтін, объективті өмірдегі заттардың атауын білдіретін лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік. Демек, антропонимдер адамның объективті не субъективті шындыққа деген көзқарасының тілдегі көрінісі.
Антропонимдердің тілдік аспектісі оны ұлттық белгі ретінде айқындайды. Антропоним бір тілге қатыстылығы тұрғысынан ғана қарастырылмай, сонымен қатар, оның шығу тарихы, қолданылу аумағы, сол есімді қолданған халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, тарихы мен әлеуметтік жағдайы жайлы көптеген маңызды мағлұмат беретін тілдік бірлік ретінде қарастырылады.
Антропонимиканың теориялық негіздері В. Д. Бондалетов, Н. А. Баскаков, С. И. Зинин, Ю. А. Карпенко, А. А. Реформаторский, А. М. Селищев, О. Н. Трубачев, Н. М. Тупиков, В. П. Морошкин, В. К. Чичагов, Л. В. Успенский, А. А. Белецкий, В. А. Никонов, Н. В. Подольская, А. В. Суперанская, Р. Г. Алеев, Г. Ф. Саттаров, К. М. Мусаев, Т. Ж. Жанұзақов сияқты ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Антропонимка саласы жалпы тіл білімі мен түркітану саласында, оның ішінде қазақ тіл білімінде көптен зерттеліп келеді. Қазақ ономастикасы тақырыбына Т. Ж. Жанұзақовтың, А. Т. Қайдаровтың, Г. Б. Мадиеваның, Б. М. Тілеубердиевтің кешенді еңбектері арналған.
Халықтың тарихына, мәдениетіне деген қызығушылық артқан сайын, қазақ ономастикасы мен әсіресе, оның ішінде антропонимика саласын жан-жақты зерттеудің маңыздылығы артып отыр.
Кез келген халықтың антропонимдері сол халықтың дүниетанымы туралы білімді жинақтай отырып, семантикасында ер не әйелге тән ұлттық, мәдени, әлеуметтік құбылыстарды бейнелейді. Осы тұрғыдан алып қарар болсақ, қазақ халқының есім беру салтындағы орын алған ұлттық ерекшеліктерді анықтау жұмысымыздың өзектілігін айқындайды. Себебі, антропонимиялық материалдар арқылы тілдегі көне лексикалық қабаттарды, грамматикалық формалар мен синтаксистік құрылыстарды, халықтың әдет-ғұрпын, дүниетанымы мен салт-дәстүрлерін толығымен көруге болады.
Зерттеудің нысаны. Қазақ тіліндегі антропонимдер.
Зерттеудің пәні. Қазақ тіліндегі антропонимдердің құрылысы, типологиялық ұқсастықтары мен ұлттық ерекшеліктері.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің мақсаты - қазақ тіліндегі антропонимдердің қалыптасуы, тілдік құрылымы мен құрылысын, лексико-семантикалық ерекшеліктері мен ұқсастықтарын, қалыптасқан түрлі тілдік варианттарын анықтау, халық ауыз әдебиеті шығармаларындағы қазақ есімдері, етістік тұлғалы есімдер, ресми қаратпалар, ресми емес есімдер және олардың құрылымы мен жасалу жолдарын анықтай отырып, барынша ашып көрсету болғандықтан, осы алға қойған мақсаттарды орындау үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- жалпы ономастика ғылымына қатысты бұрын-соңды жүргізілген еңбектерге тарихи-лингвистикалық сипатта ғылыми шолу жасау;
- қазақ антропонимдерінің құрылысына қарай талдау жасау;
- қазақ антропонимдерінің лексико-семантикалық типтерін анықтап, жүйесін жасау арқылы антропонимдердің уәжділігін ашу;
- қазақ есімдерінде қолданылатын есім қосымшаларды анықтап, мағыналары мен қолданылу ерекшеліктерін ашып көрсету;
- халық ауыз әдебиетіндегі қазақ есімдерін жинау, оларды семантикалық және этимологиялық тұрғыдан қарастыру;
- қазақ тіліндегі есім беру принципінің өзіндік ерекшеліктері мен олардың туындау себептерін анықтау.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Сипаттамалық әдіс, салыстырмалы, құрылымдық талдау, атауларды топтастырып жіктеу сияқты әдіс-тәсілдер қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі: 35 бет.
І ҚАЗАҚ АНТРОПОНИМДЕРІНІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ МӘНІ
1. 1 Антропонимика - ономастиканың бір саласы
Ғасырлар қойнауынан сыр тартып, ел мен жер, туған өлке тарихынан мол дерек алғымыз келсе, тіл ғылымының ономастика деген салаына тереңірек үңілгеніміз жөн. «Онома» гректің «ат», «атау» деген ұғым беретін сөзінен алынған.
Ономатика - (топонимика, антропонимика, этнонимика, космонимия, зоонимия т. б. ) ұрпақтан ұрпаққа аусып отыратын жалқы есімдерді зерттеуге бағытталған, бірнеше ғылыми арнаның басын біріктіретін, география, этнография, тарих ғылымдармен сабақтастыра қарауды қажет ететін лингвистикаық кешенді салаларының бірі екені белгілі. Оның ру, тайпа, халық аттарын зерттейтін (этнонимика), кісі есімдерін зерттейтін (антропонимика), жер -су , елді - мекен атауларын зерттейтін (топонимика) аспан әлеміндегі жұлдыз, планеталарды зерттейтін (космонимика), хайуанаттар атауларын зерттейтін (зоонимия), өсімдік атауларын зерттейтін (фитонимия) т. б. тармақтары бар.
Ғылыми мен білімі дамыған, өркениетті елге қойылатын талап тұрғысынан келгенде, ономастиканың антропонимка саласы да назардан тыс қалмауға тиіс. Антропонимика - тіл тарихын, ұлт мәдениетін зерттеуде құнды да бағалы мұра болып табылады. Антропонимдердің жүйесі адамдардың өткендігі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрылысын, материалдық, рухани және мәдени өмірінің түрлі құбылыстарын көрсете алады.
«Есімдер мен атаулар - әр дәуірдің ескерткіші, ұрпақтан ұрпаққа жалғанатын құнды шежіре, ұлттық ерекшелігімізді әйгілей түскен тарих айнасы». Осы және де басқа себептерге байланысты жалқы есімдерді зерттеу жалпы алғанда тарих үшін оның ішінде тіл тарихы үшін өте маңызды. Ономатика ғылымының зерттеу нәтижелері тіл білімі тарихы үшін, халықтың тарихы үшін, диалектология, этнография, археология, география, философия ғылымдары үшін құнды да маңызды дереккөз болып табылады.
Антропонимиканың теориялық негіздері В. Д. Бондалетов, Н. А. Баскаков, С. И. Зинин, Ю. А. Карпенко, А. А. Реформаторский, А. М. Селищев, О. Н. Трубачев, Н. М. Тупиков, В. П. Морошкин, В. К. Чичагов, Л. В. Успенский, А. А. Белицкий, В. А. Никанов, Н. В. Подольская, А. В. Суперанская, Р. Г. Алеев, Г. Ф. Саттаров, К. М. Мусаев, Т. Ж. Жанұзақов сияқты ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Антропонимика саласы жалпы тіл білімі мен түркітану саласында, оның ішінде қазақ тіл білімінде көптен зерттеліп келеді. Қазақ ономатикасы тақырыбына Т. Ж. Жанұзақовтың, А. Т. Қайдаровтың, Г. Б. Мадиеваның, Б. М. Ті-леубердиевтің кешенді еңбектері арналған.
Халықтың тарихына, мәдениетіне деген қызығушылық артқан сайын, қазақ ономатикасы мен әіресе, оның ішінде антропонимика саласын жан-жақты зерттеудің маңыздылығы артып отыр.
Бүгін таңда тілімізде қолданып жүрген, көне замандардан бастау алатын, тұла бойы тылсым сырға толы кісі аттары көп-ақ. Бірақ көне тұлғалы антропонимдер уәждемелік белгілерің жойылуына байланысты, яғни мағынасы көмескіленген сайын қолданыстан түсіп, ұмытылудың алдында тұр. Оның өздік себептері бар:ХХ ғасырдың басына дейін көшпелі ұмыр кешкен бабаларымыз қалыптастырған көне дәтүрдің өнбойында сол жүйенің сипаты сақталып келді. Ал Кеңес үкіметі тұсында отырық- шыланғанымызбен бұрынғы өмірдің басты ерекшеліктері ұмытылмады, әсіресе мал шаруашылығы негізгікәіп ретінде өз рөлін жойған жоқ болатын. Сондықтан бүгінге дейін далалық дүниетанымның негізінде қалыптасқан кісі аттары қолданылды. Қазіргі кезде қойлып жатқан есімдердің жалпы сипатынан солардың сиреп бара жатқаны байқалды. Тіпті, кейбірі тек фамилиялар құрамында ғана кездеседі, қолданытан түсуіне байланысты қаншасының санамыздан өшіп ұмыт болғаны белгісіз. Сонымен қатар оларға тілімізден орын теуіп жатқан жаңа есімдердің де ықпалы әсер етуде. Көне замандардан жеткен есімдердің ендігі уақытта қойылмауы мүмкін. Сондықтан, осы жерде оларды сақтап қалу проблемасы туындайды.
Тілдің сөздік қорындағы сөздерге тән бір ерекшелік өзі атау ретінде телінген зат, құбылыс, ұғымының көнеруіне, қолданыта сирап я мүлде түсіп қалуына байланыты, көнерген сөз ретіне сөздік құрамға қарай өтеді, тіпті ұмыт болуы да мүмкін. Осы секілді мағынасы көмескі тартқан антропонимдердің де біртіндеп сирей бастайтыны заңдылық. Мағынасының түсініксіздігіне қарап көне тұлғалар қатарына жатқызып жүрген антропонимдердің ішінде, құжат алғанда, қазақша білмейтін толтырушының қателігінен кеткен кемшіліктердің салдарынан тұлғасы өзгеріп кеткендері қаншама. Бірақ қалай болғанда да бндай антропонимде тарихи негізі бар, төл антропонимдер ретінде қаралып, заман ағымына қарай қолданыстан түскенімен, сөздік құрамда сақталуы тиіс. Сондықтан сол есімдерді жинақтап қана қоймай, мағынаы мен мәнін ашып, шығу тегін анықтау тіл тарихы үшін аса маңызды. Мағынасын аша отырып, әр дәуірдегі ат қою дәстүрінің өзіндік ерекшеліктерін анықтап, көптеген архаизм сөздердің қазақ тілінің сөздік құрамынан жойылуының алдын алуға ұмтыламыз.
1. 2 Прецеденттік және сакральді антропонимдер
Ұлт тарихындағы маңызды оқиғалар тілдің құжаттық, мәдени танымдық қызметінің негізінде фразеологиялық, паремиологиялық жүйеде, көне мәтіндерде тарихи есімдер арқылы таңбаланып, халық жадында сақталады. Ерекше ұлттық мазмұндық сипаттағы, мәдени ақпараттық мәні басым бұл атаулар тіл білімінде прецеденттік деп анықталып, тіл мен мәдениет сабақтастығында қарастырылады. Мысалы, Ердің соңы - Есет, пірдің соңы - бекет, Асанқайғыға салыну.
Тіл арқылы мәдениетті тану қызметіне байланысты зерттеуші Г. Мәдиева бұл атаулардың мәнін төмендегідей бағалайды: «К ядерным элементам национальной когнитивной базы относятся прецедентные имена, которым принадлежит одна из ведущих ролей в накоплении и передаче культурной информации, понимании определенной ситуации и целого комплекса ассоциации, которые возникают при актуализации прецедентного имени в речи» (29, 122 б. ) .
Прецеденттік антропонимдер халқымыздың ұшқыр ойы мен даналығынан туған бай ауыз әдебиеті мен шежіре тарихынан алынған фольклорлық мәтіндерде тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, наным-сенімге қарай бірнеше топқа бөлініп қарастырылады. Мысалы, мифтік бейнелер: Әзірет әли, пайғамбарлар (Дәуіт, Мұса, Сүлеймен), Қанбақ шал, Қыдыр ата;
Ел аузындағы есімдер: Асан қайғы, Аяз би, Қорқыт, Қобыланды, Толағай;
Қасиетті пірлер мен әулиелер: Бибі Фатима, Қожа Ахмет Иассауи, Ұмай ана;
Тарихта болған тұлғалар: Абылай хан, Қасымхан, Есет батыр;
Әдеби мәтіндердегі персонаждар: Дайрабай, Мырқымбай (Б. Майлин), Судыр Ахмет (Ә. Нұрпейісов) ;
Ойдан шығарылған аттар: Алтай, Қамбар, Шығайбай, Тоңқылдақ т. б. ;
Осы тектес антропонимдер мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда, қанатты сөздерде, бата сөздерде, нақыл сөздерде көптеп кездеседі.
Мысалы: Түгел сөздің түбі бір,
Түп атасы Майқы би
Майқы би - ел билеген көсем, басынан сөз асырмаған шешен Аңыз бойынша Орманбет би қайтыс болған соң қазақтарды үш жүзге бөлген осы Майқы екен. Жұрт оны «Қарқуардай Майқы» деп, таңның атысы күннің батысы талмай шырылдайтын құсқа теңеген. «Майқы айтты» деген сөздің көпшілігі халық даналығына айналып кеткен.
Аяз би, әліңді біл,
Құмырсқа жолынды біл. (33, 73 б. ) .
Аяз би - Жаманұлы данышпан, шешен, ертедегі кейіпкері, атақты Майқы бидің қабырғалы биінің бірі. Бірде Құмырсқа батыр екеуі Майқы бидің алдын кес кестей беріпті Сонда Майқы би:
Билер, бүгін Мақының алдын кесесің,
Ертең жұртың төбесін тесесің.
Майқының да айтатын кебі бар,
Айтуға аузының да ебі бар.
Аязби, әлінді біл
Құмырсқа, жолынды біл деген екен.
Бұл мақалдың философиялық мәні қандай да болмасын биікке шыққан адамның, бақдәулетке мастанбай, тура жолдан таймай, таза ақырын жүруге тиіс.
Ұмайға табынса, ұлды болар
Түркі жұртында Ұмай - жер ана нәрестелердің қамқоршысы, шаңырақтың, ошақтың киесі қолданушысы деген түсінік бар. Сондықтан бала көтермеген әйелдер Ұмай анаға жалбарынып, бала сұраған. Көне ескерткіштерде «Ұмай текті шешем қатып құтына, інім Күлтегіннің ер атағы шықты» деген сөйлем кездеседі. Сәбиді шомылдырып, сылау кезінде «менің қолым емес, Ұмай ананың қолы» деп кие тұтып, табынған.
Қайда барсаң да Қорқыттың көрі
Қорқыт VІІІ ғасырда жасаған мәшһүр ақын, күйші, ойшыл, данышпан адам болған. Қорқыттың әдеби-музыкалық мұрасы тек қазақ халқы емес, бүкіл түркі тектес халықтарға ортақ асыл қазына. Қорқытқа байланысты аңыз әңгімелер, жырлар «Қорқыт атаның кітабы» деген шығармада толық берілген.
Қайда барсаң да Қорқыттың көрі
Бұл мақал Қорқыт бабамыздың мәңгі жасауды армандап, ажалдан қашып, дүниенің төрт бұрышын кезген көрінеді. Өлімен қалай қашса да, алдынан қазулы ор шыға берген. Қайда барса да «Қорқытқа қазылып жатқан көр» деген сөзді естіген. Осыдан «Қайда барсаң да Қорқыттың көрі» деген нақыл сөз шыққан (75, 175 б. ) .
Қарынбай малға тоймайды,
Лұқпан жасқа тоймайды
деген мақалда Қарынбай (Харун) мен Құранда аты кездесетін Лұқпан пайғамбардың жасаған дәуіріне, іс әрекетіне байланысты. Қарынбай - қазақ фольклорындағы көзі тоймайтын сараң, қарау байдың бейнесі. Құрандағы Харун туралы аңызға байланысты қалыптасқан. Харун жетім-жесірге қайыр садақасы жоқ, қолда бар байлығын нысып етпейтін адам. «Тәңірі» Харунның сараңдығын сынау үшін оған Мұса пайғамбарды қайыршы етіп жіберіпті. Харун қайыршыға бір тал қыл ғана садаққа бергені үшін, аңызда ол «құдайдың» каһарына ұшырап, оны жер жұтады, малдары түгел жабайы аңға айналып кетеді. Харуынды тозаққа түсетін жолда қайыр ретінде тал қылы ұстап қалады. Қазақ аңызында Харун есімі Қарынбай болып, оқиға желісі өзгерген.
Араб ғалымдары Лұқпан хакімді Мұхаммед пайғамбарға дейінгі уақытта өмір сүрген Йемен патшасы, бірде әулие, бірде құл деп көрсетеді. Құранда Лұқпан пайғамбар ислам дінін уағыздаушы және мұсылманшылықты насихаттаушы ретінде баяндалады. Орта ғасырда араб ғалымдары Лұқпан хакімді болған кісі, Мысырда құлшылықта болған ақын деп баяндаған.
Кез келген атауды, қалай болса солай атауға болмайды. Егер халық қабылдап мақұлдап, бойына сіңіріп алса ғана дұрыс атау деуге болады. Уақытша ғана аталған атаулардың мәні жоқ, елеулі әлеуметтік оқиғамен байланысты атауларды, халық қабылдайды. Әлеуметтік оқиға және сол оқиғадағы тарихи тұлғаларына байланыстыра кісі есімдерін қойяды. Мысалы, Жеңіс, Кенес, Батыр, Мырзат, Шынғысхан, Жәнібек т. б.
Қазақ тілінің сөздік құрамындағы ғажайып сырлы атаулардың бір саласы фольклор кейіпкерлерінің есімі. Халықтың ауыз әдебиетіндегі ертегі, аңыз, өлең, жыр үлгісіндегі көптеген кейіпкерлердің есімі беріледі. Олар Қожанасыр, Алдаркөсе, Ер Төстік, Балуан шолақ, Ходжа Насредин, Қанбақ шал, Алпамыс батыр, Қыз жібек пен Төлеген, Қозы Көрпеш-Баян сұлу т. б. Бұл есімдер кейіпкерлердің мінез-құлықтарын, образдарын көрсетеді. Мысалы Қожанасыр десек, осы есімді кісі аңыздағыдай аңқау, аққөңіл. Сонымен аңқау, сенгіш адамдарды кейде Қожанасыр деп те атайды. Ал қу, айлакер адамды Алдаркөсеге теңейді. Қазақ халқында махабат символы деп Қыз Жібек пен Төлеген немесе Қозы Көрпеш-Баян сұлу осы ғашықтардың есімдерімен байланысты айтады.
Ономаст-ғалымдар жалқы және жалпы есім арасында болатын ауысу заңдылығын тілге тән құбылыс ретінде зерттеп, оны онимизация және деонимизация тәсілі негізінде қалыптасқан деп қарастырады. Осымен байланысты Т. Жанұзақ, Қ. Рысберген көркем әдебиеттегі басты кейіпкерлер дің жалқы есімдерінің жалпы мағынаға ие болуын тілдің танымдық қызметімен байланыстырады. Мысалы, Қарабай, Қарынбай, Шығайбай, Мырқымбай, Қожанасыр, Жантық тағы басқаларды мәдени таңба ретінде прецеденттік ұғым беретін атаулар деп қарастырылады.
Түркі халқының, оның ішінде қазақ халқының поэтикалық шығармаларындағы прецедентті есімдерін қарастырған Г. А. Қажығалиева, Г. Б. Мадиева, Г. К. Исанғалиева, С. К. Иманбердиева. Орыс тіл білімінде Ю. Н. Караулов, Ю. А. Сорокин, В. Г. Костомаров, И. В. Захаренко т. б. зерттеулер жүргізіп отыр.
Прецедентті есімдер жөнінде Ю. Н. Карауловтың айтуынша: «Сонымен қатар прецедентті мәтінді (есімдерді деп атау С. Иманбердиванікі) тек көркем шығармамен байланыстырып зерттеу дұрыс болмас, өйткені мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, олар көркем шығармаға түспес бұрын миф, аңыз, әңгімелерде қолданылды, екіншіден қазіргі кезде көркем шығармамен бірге діни, сонымен қатар халық ауыз әдебиеті (ертегі, мақал-мәтелдер, т. б. ) және тарихи- философиялық пен саяси публицистикалық шығармалар да прецедентті мәтін қатарына жатады деді.
Осыған дәлел С. Иманбердиеваның мақаласындағы поэтикалық шығармаларға, фразеологизмдерге, мақал-мәтелдерге, ырым-сенімдерге келтірген прецедентті есімдерге мысалдары: (76, 90 б. )
Фразеологизмдердегі прецеденті есімдер:
1. Аллаға шүкіршілік қылуы;
2. Алланың жазған парманы;
3. Атымтай [-дай] жомарт
4. Алла құдай бағын ашты.
Аталған фразеологизмде құдіретті күшті Алла тағаланың пендесіне деген жақсылығы мен пәрменін көрсетеді. Сонымен бірге аты жомарттығымен әйгілі болған Атымтай образды тура мағынада берілген.
Мақал мәтелдегі прецедентті есімдер:
1 Атымтайдай жомарт бол, Наушарбандай әділ бол.
2 Сүлеймен пайғамбар мың жасапты,
Әр мәжілісін бір жасқа санапты.
3Талап пендеден, жеткізу Алладан.
4 Алла деп барсаң, аман келерсің.
Атымтай, Наушарбан прецедентті есімдерді қай қасиетімен ерекшеленетіні мақал мәтелде көрсетіледі.
Ырым сенімдегі прецедентті есімдер:
Ассалаумағалейкум, Адыраспан!
Бізді сізге жібереді емдік үшін Омар, Оспан.
Омар, Оспан образдары күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті тұлға, жәрдем етуші бейнесінде қолданылады. Сонымен автордың қорытындысы келтірген прецеденттті есімдерге жасаған талдауында конфессионалды Алла, пайғамбар қадір тұтатын есімдер қазіргі кезде шығармаларда, фразеологизм, мақал-мәтел, ырым-сенімдерде кеңінен қолданылады. Ал, ғашықтық символы болып табылатын Ләйлә, Мәжнүн, Xұсрау, Шырын, Фархад есімдері көркем шығармаларда қолданғанмен, қазіргі заманның ғашықтық символы Қыз Жібек пен Төлеген, есімдермен алмастырылған. Күш, қуат иелері Әли, Рүстем сынды тұлғалар да Қажымұқан, балуан Шолақ т. б. есімдермен заманына сай алмастырылған.
Өлдің, Мамай, қор болдың.
Мамай - Алтын Орданың қолбасшысы және Әбілқайырдың немере інісі болған. Мамай батыр Руське аттанған жорықта Куликово шайқасында жеңіліп, Кафаға қашады сол жерде дүниеден өтеді. Тірісінде ел билеп, батыр атанып, көзі жұмылғасын аты да, атағы да өшеді. .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz