Педагогикалық ұжымдағы шиеленістер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

ТАҚЫРЫБЫ:
Қоғам ішіндегі шиеленістер

Мазмұны
Кіріспе____________________________ ________________
1.Шиеленістердің теориялық аспектілері.____________
➢ Шиеленіс динамикасы
➢ Шиеленістерді болжау
➢ Қайшылықты жағдайдың объективті мазмұны
2.Педагогикалық ұжымдағы шиеленістердін түрі.____
➢ Оқу іс-әрекетіндегі шиеленістер
➢ Мұғалім мен оқушылар арасындағы тартыс
➢ Педагогикалық шиеленістердің ерекшеліктері
3.Педагогикалық шиеліністерді жіктеу мәселелері.____
4.Қорытынды________________________ _______________
5.Қолданылған әдебиеттер_________________________ ___

Кіріспе
Бірде бір шиеленіс кенеттен, қапыда бірден пайда болмайды. Ауру
дертіне ұқсас шиеленудің себеп –салдары бар. Ол ешқашан жалғыз жүрмейді.
Шиеленіс мәселесі көп қырлы болғандықтан, кикілжін байланыс
қатысушыларының әр біреуінің өз шыңдығы болады.
Бүгінгі қоғамдағы әр түрлі бетбұрыстар, құбылмалы табиғат өзгерісі,
адамдардың бір-біріне деген қастық көзқарастары, қаталдық пен дөрекіліктін
ұдайуына әкеліп соғады. Және де тәрбиеге деген көзқарас, тиым, тәлім
-тәрбие құндылықтарындағы өзгерістер де бүгінгі жастарда теріс мінез-құлқы
қалыптастырып, агрессия тудырады. Бұл мәселе мектеп іргесіне нұсқан
тигізіп, ақырғы кездерде педагогикалық ұжымдағы шиеленіс жиі құбылысқа
ауысып келеді. Бұл қайшылықтарға мектеп мүшелерінің социумдары да араласуы
шарт: педагогтар, ата-аналар, оқушылар.
Мұндай жағдайда өңделген байланыстардың бұзылуы жиі кездеседі.
Қазірге кезде, ұжымдық жағдай ғана ғылым, техника нәтижесін
анықтайтын болғандықтан, ұжымда жарасымды ахуал жасай алатын шеберлігі бар
адам қажетті. Әрине, педагогикалық ұжымның мүшелерінің әр қайсысы
әлеуметтік-психологиялық ахуалдың сәттілігіне ықпал ете алады да және ете
алуға міндетті деп санаймын. Сонда ғана педагогикалық ұжым тұлға
қалыптастырудағы зор маңызды құрал бола алады.
Шиеленістердің нұсқан келтіретін салдарын жеңе алу үшін, оны нәтижесі
тыстай өте білуге үйренген дұрыс. Ал ол үшін ұжым жарасымды сәтті
әлеумекттік-психологиялық ахуал мен жоғары дамыған деңгейде болу керек.
Осы тақырыпты таңдап алу көкейкестілігіне байланысты келесі болжам
қойдым: педагогикалық ұжымда жарасымды сәтті әлеуметтік-психологиялық ахуал
жоғары болған сайын, шиеленіс деңгейі төмендей түседі деген.
Осы болжамға байланысты зерттеу мендеттері мынадай:
Еліміздің психолоғтары енбектерінде нақты маселенің терең теориялық мазмүны
қарастырылған жақсы педагогтарымыз ұжымда өмір салтын ұйымдастыра отырып
әрқашан психологииялық үилесімділікте ескеріп отырған мысалы, А.С.Макаренко
өзінің белсенділер мүшелерінде, адамды айыра отыру іскерлігін жоғары
бағалаған В.А.Сухамлинский әрқашан , оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыра
отырып жекелену мен қарым-қатынас байлығын ескеруде көсеткен.
Ол үиде демалып болғаннан соң таза ауда жиналыс жүргізгенді жөн деп
санаған. жиналыс жүргізу өте тиімді ,ауада,ауыр жұмыстан соң , деп
санаған. және өткізудің орны-сынып немесе бау-бақша болғаны дұрыс деген.
негізгі мажарлы жағдай сипатында болу үшін А.С. Макаренко келесі
белгілерді көрсеткен.
1. Ішкі сенімді байсалдық, көңілдің тұрақтылығы, әрекетке деген дайындық
көрінісі. Ұжымның әрбір мүшесі өзін сыйлау сезімі болып,өзінің ұжымға деген
мақтаныш тұтуы.
2. Ұжымның бірлігі, оның мүшелерінің тату-бірлестігі.
3. Ұжым мүшелерінің әр қайсысында санаы және пайдалы белсенділігі.
4. Ұжымның әрбір мүшелерінде қорғану сезімі.
5. Сөзі мен ісінде ұстамдылық іскерлігі. Осы мәселені ғылыми маңызы мен
қатар зерттей отырып, практикалық та қызығушылық тудырады, яғни түбінде
балаларды тиімді оқытудың ұйымдастыруға байланыстьы көптеген педагогикалық
сауалдарды шешуге көзделген.
Осы нақты мәселені қарастыруда алынған нәтижелер, шиеленіс жағдаяттар
туған кездерде педагогтарға анық бағыттануына көмек береді деп есептеймін.
Зерттеу мақсаты: Ұжымда шиеленістердің болу себептерін, дұрыс
шешілу жолдарын көрсету.
Міндеттері:
1. Педагогикалық шиеленістерде психологиялық көмек көрсету жолдары туралы
ғылыми-теориялық әдебиеттермен танысу, саралау.
2. Шиеленістердің болу себептерін анықтау.
3. Педагогикалық шиеленістерде көмек көрсету жолдарын белгілеу.
Зерттеу объектісі: Педагогикалық ұжымдағы шиеленістер.
Зерттеу пәні: Шиеленістерді анықтау, көмек көрсету жолдары.
Ғылыми болжам: Педагогикалық ұжымдағы шиеленістердің дұрыс
анықталып, шешілу жолдары белгіленсе. Ұжымда жақсы психологиялық ахуал
тудыруға болады

1. Шиеленістердің теориялық аспектілері.
Шиеленістік латын тілінен аударғанда соқтығысу деген мағынаны
көрсетеді, яғни оны субъектілердің өзара байланыстары немесе оппоненттердің
көзқарастарында, пікірлерінде, позицияларында, мүдделерінде және
мақсаттарында келіспеушілік негізінде қарама-қайшылықтардың соқтығысуы деп
түсіндіріледі. Қандай да болмасын дау- дамай негізінде себепке байланысты
екі жақтың позициясын немесе жағдайын шешетін құрал не мақсаттарындағы
қарама-қайшылықтар болатын жағдай болады. Сонымен, шиеленістік жағдай ол,
қайшылықтар туғызатын субъектілер арасындағы объект деп те айтуға болады.
Бірақ дау-дамайдың дамуы үшін бір жақ екінші жақтың мүдделерін табанға
басатын оқиға (инцидент) қажет. Шиеленістерді дау-дамай жағдайдан айыру
үшін мына формуланы білген дұрыс:
Шиеленістік =мәселе+дау-дамайлы жағдай+дауға қатысушылар+оқиға.
Оқиға дегеніміз дау-дамай жағдайдың қатысушыларының әрекеті немесе әрекет
жиынтығы.
Дау-дамай жағдайға қатысушылар болып тікелей таласқа түсетін (топ, адам,
ұжым, ұйым, мемлекет) субъктілер жатады.
Дау-дамай жағдай дегеніміз ол екі немесе бірнеше қатысушылардың жасырын
немесе айқын тайталас жағыдайы, осы соқтығыстың қатысушыларының жеке басына
маңызы зор, яғни әр біреуінің мәселені шешетіндей мақсаты, түрткісі, құралы
немесе тісілдері болады.
Шиеленістік дегеніміз қарама-қайшылықтардың күрт асқыну процесі және оған
қатысушылардың жеке бастарының мәселені шешудегі күресі.
Қазіргі психологияда шиеленстіктерді талдай отырып оның 4
категориясын көрсетеді:
1. Шиеленістің құрылымы.
Шиеленістіктің құрылымының әр қилы ұғымдары бар. Ол келесілері: Шиеленістік
немесе дау-дамайға қатысушылар, оның өту жағдайы, жағдайдың бейнесі,
қатысушылардың мүмкін болар әрекеттері, шиеленістік әрекеттін нәтижесі.
Шиеленістердің әрбір жақтарын қарастыра отырып оның келесі түрлерін
анықтаймыз:
• тұлға қайшылығы (шиеленісі), бұл дегеніміз тұлғаның
түрткілерінің, тілектерінің, мүдделерінің бір деңгейдегі күресі.
• тұлғааралық қайшылықтар ол, екі немесе бірнеше адамдардың
арасындағы болатын тайталас.
• тұлға-топтық қайшылықтар-тұлғаның мінез-құлқы топтық ережеге
сыймағандықтан пайда болады.
• топаралық қайшылықтар - әртүрлі топтардың арасындағы
соқтығыстар.
Қандай да болмасын келісімге келмеушілік, кикілжін туғызатын сыртқы ортамен
анықталады.
Шиеленістердің негізгі өту жағдайы:
• кеңістік-уақыттық. қарама-қайшылықтардың жүзеге асу орны мен
мерзім уақыты;
• әлеуметтік-психологиялық: шиеленіскен топтағы ахуал және қарым-
қатынас деңгейі мен түрі;
• әлеуметтік: әртүрлі топтардың (жыныстық, отбасылық, мамандық,
этникалық және ұлттық) мүдделердің қарама-қайшылыққа түсуі.
Дау-дамайға қатысушылардың сипат мен оның өтілу жағдайы бір жағынан болса,
екінші жағы болып дау-дамайлы қылықтардың арасындағы ерекше орта буынға ие
болатын қайшылықты жағдайдың бейнесі жатады. соған кіретін элементтер:
• қарама-қайшылықтарға қатысушылардың өздері туралы түсініктері;
• дау-дамайға қатысушылардың қарсы жақ туралы түсініктері;
• дау-дамай жақтардың шиеленіс өтетін жағдай және орта туралы
түсініктері;
Дау-дамай жағдайдың бейнесін не үшін талдау керек десек? Ол екі жағдайға
байланысты келеді:
1. Дау-дамайлы қылықтарды тікелей анықтайтың шындық емес, бейне болып
саналады.
2. Дауға қатысушыларға сырттай әсер ете отырып сол бейнені өзгерту
арқасында қайшылықтарды шешетін шын және тиімді құрал болып табылады.
Дау әрекеттерінің жіктеулерінің негізінде келесі көріністер бар:
• әрекет сипаттамасы (шабуыл, қорғаныс, бейтараптық)
• оның орындалуының белсенділік деңгейі (қажырсыз, белсенді,
жауапты)
• сол әрекеттердің бағыты (өз-өзіне, үшінші адамға, оппонентке)
Қандай да болмасын дауласу әрекетінің төрт негізгі нәтижесі бар:
1. Танымдық компоненті: Қайшы жақтың әр қайсысының қасиеттерін
өзара қабылдау; мағлұматтарды қорытудың интеллектуалдық қабілетін және
шешім қабылдауы, әртүрлі даму сатысындағы қайшылықты жағдайға тұлғаның
қатысу деңгейі; Қатысушылардың өзін-өзі бақылау деңгейі; адамдармен жұмыс
істеу тәжірибесі және кәсіби дайындығы; өз мүмкіншіліктерін бағалауда
объективтілік, өзін-өзі түсінушілік және өзіндік сана жатады.
2. Эмоциялық компоненттер: бұнда қатысушылардың күйзеліс жиынтығы
көрсетіледі.
3. Еріктік компоненттер: дауға қатысушылардың мақсаттарына жетуге
деген ұмтылыстарында, қарсыласқан жақтардың күрестері нәтижесінде пайда
болады және қарама-қайшылықтарды, кедергілерді жеңуге бағытталған жігер-күш
жиынтығының көрінісі.
4. Мотивациялық (түрткі) компоненттері: бұл қайшылықтардың негізгі
ұяшығын құрайды және дау-дамайға қатысушылардың позицияларының
келіспеушіліктерінің мәнін сипаттайды.
Бұдан басқа шиеленістердің құрылымдарында қандай себептен соқтығыс
пайда болуын түсіндіретін шиеленіс пәні кіреді.
Шиеленіс пәнінің сипаты:
• ол жабдықты және психологиялық болып келеді
• дауға қатысушылар үшін ол өте маңызды болады, әрине көп жағдайда
оның маңыздылығы себепке байланысты
• дау пәні мінез-құлқыны анықтайтын деректің бірі болып келеді.
Шиеленістер динамикасы
Шиеленіс динамикасы немесе ол процесс ретінде жүзеге асады, оның
дамуында жеті саты бар:
1. дау алды сатысы- мүдделердің соқтығысуы мүмкін жағдайдың пайда
болуымен байланысты. Бұл жағдайға жатады:
а) бірінің алдында бірі жауапты емес санайтын ұжымның немесе топтың
ұзақ уақыт шиелініссіз жағдайы болғанымен ертелі кеш кінәліні іздеуді
тілейді.
б) тұрақты стреске қажуының негізінде жүйке тозады, ашуланшақтық және
болар болмас іске теріс жауап қайтаруға әкеледі.
в) ақпараттық-сенсорлы тапшылық деп тіршілікке қажетті ақпараттардың
жетіспеуі, ұзақ мерзімді қатты әсерлердің болмауы, міне осылардың
негізінде күндегілік тұрмыстық жағдайда эмоциялық қажуға әкеліп соғады.
Қажет ақпараттардың кемістігі әйгілі қоғамда сөз, өсек пайда боуына түрткі
болады, мазасыздану туғызады (жеткіншектерде нашақорлық сияқты рок-музыкаға
әуес болу).
г) әртүрлі қабілет, мүмкіншілік, өмір жағдайы-осыларды барлығысы
табысты, қабілетті адамға деген қызғаныш тудырады. Ең негізгісі, қандай
да болмасын сыныпта, топта, ұжымда ешқайсысы өзін екінші сорттағы адам
болып сезінбеуі қажет.
2. шиеленістің пайда болу сатысы деп әртүрлі адамдар тобының немесе
жеке адамның мүдделерінің соқтығысуы. Ол үш негізгі формада болады:
а) басқа берулердің қазығушылықтарың аяққа басып қанағаттанудағы
ережедегі (принципті) қақтығысу.
б) адам арасындағы қатынастарына байланысты, бірақ өмір жабдықты,
рухани және тағы басқа қажеттіліктеріне жер етпейтін қақтығыс.
в) мүдделерінің соқтығысуы жайлі көрініс болғанымен, ұжым мүшелерінің,
адамдардың қызуғыларына нұсқан тигізбейтін жалған қақтығыс.
3. Шиеленістіктің жетілу сатысы – мүдделерінің соқтығысуы күмәнсіз.
Бұл сатыда дамып келе жатқан даудың қатысушыларында психологиялық
тұрақталу қалыптасады, тікелей айтқанда, қолайсыз жағдайдың титығын шешу
үшін санаға кірмейтін әрекет жасауға дайындық. Психологиялық қауырт
жағдайы жағымсыз жабығу шегінуге немесе шабыулға шығуга түрткі
болады. Жетіліп келе жатқан даудың боларын қатысушыларға қарағанда,
қоршаған адамдар жылдам ұғады, яғни оларды тәуелсіз бақылаудан және
субъективті бағалау пікірінен тәуелсіз болғандықтарына байланысты.
4. шиеленісті түсіну сатысы дауласқан жақтар мүдделерінің соқтығысын
сезіп қана қоймай түсіне де бастайды. Бұнда бірнеше нұсқа болуы мүмкін:
• қатысушылардың екеуі де дау-дамайлы қатынастың мақсатсыз екені
туралы қорытындыға келеді және бірін біріне деген наразылық
білдірулерін қоядан бас тартуға дайындалады.
• қатысушының біреуі жанжалдың шарасыз болмай қалмауын ұғынады және
барлық жағдайды таразылап жол беруге бел буу; екінші қатысушы әрі
қарай шиеленіске түседі және басқа жағынан алсақ қарсыластарының
көнулерін әлсіздік деп ұғынады.
• қатысушылардың екеуі де қарама-қайшылықтарында бір келісімге
келмеушіліктері туралы қорытынды жасап, әрқайсысы өз пайдасы үшін
шиеленісті шешуге күштерін жұмылдыра баспайды.
Әдетте шиеленістің екі қызметі анықталады: деструктивті және
конструктивті. Шын шиеленістің қызметін анықтау үшін олардың нақты жолдарын
қарастырған қажет, яғни бір жағдайда қайшылық деструктивті болса келесі
жағдайда ол конструктивті болып келуі мүмкін, даму сатысындағы бір жағдайда
теріс роль атқарса, нақты бір жағдайда жағымды роль атқаруы шарт.
Конструктивті шиеленіс оппоненттердің әдеп ережесінен, іскерлі
қатынастардан және ақылды аргументтерден шет кетпеу жағдайында туындайды.
Деструктивті шиеленіс екі жағдайды қарастырады: бұнда бірінші жақ
өздерінің талаптарынан және өздерінің позицияларынан қайтпайды
өздегендеріне қатал түрде көндіру және келесі жақтың мүдделерімен,
тілектерімен санаспау кіреді; бұнда бір оппонент күрес барысында
серіктесіне адамгершілік титығына тиеді, қорлап басын жерге кіргізу
әдістерін қолданады.
Конструктивті шиелеістін оң шешілуі, ол осыған әкеліп соққан
себептерді, кемшіліктерді жою болып табылады. Ал бұл себептер объективтіге
жатады (мысалы, жұмыс жағдайының сәтсіздігі. Еңбек ақы төлеу жүйесінің
жетілмеуі, еңбекті ұйымдастыру тәртіпсіздігі, жұмыс ырғағының кемшіліктері,
мерзімінен тым жоғары жұмыс орындау, құқығы мен міндетттерінің
сәйкестілігі, еңбек тәртібінің төмен деңгейі ұйымды басқарудың толық
жетілмеуін көрсетеді де, сол кедергілерді жоюы, ұйымның өзін-өзі жетілдіруі
деп саналады.
Деструктивті шиеленістер жиі субъективті себептерге байланысты пайда
болады, әсіресе басқарушы және қарамағындағылардың қате әрекеттері, және де
болып адамдардың психолониясың үйлеспеуіліктігі жатады. Шиелеістердің
типологиясы (түрлері) әдіснамалық қана емес және де тәжірибелікте роль
атқарады. Қазіргі кезде шиелеістіктердің жіктеулерінің түрлерінің саны өте
көп.
Соның ішінде педагогикалық шиелеістердің, педагогикалық процестегі
субъектілер шиеленістерін қарастырайық:
- нағыз, шын мәніндегі шиеленістер – объективті мүдделерінде
кайшылқтардың бар екенің қатысушылар мойындайды және қандай да
болмасын жеңіл желпі өзгермелі факторға тәуелсіз;

- кездейсоқ немесе шартты - қатысушылар мен мойындалмайтын жағдайдың
өзгерісіне тез берілетін, кездейсоқ пайда болатын кикілжін қатынас.

- жылтытылған - дауласу себептерін тек оның негізінде жатқан
объективті себептерді жанама байланыстыра қабылдау. Бұндай кикілжін
шынайы шиеленісті қатынастың көрінісі, бірақ қандайда бір символдық
формада болады.

- қате қосып жазылған - расында болатын дау арасындағыларға емес
басқа жақтарға кикілжін қатынас жазылады. Бұл шынайы қатысушылардың
арасындағы дауды қарсыласының тобында соқтығысты ( қайшылықты)
арандату мақсатымен әдемі орындалады немесе даудың болуы туралы шын
мәліметтік жоқтығына байланысты алдын ала ойланбай жазылады.

- жасырын - объективті себептерге байланысты шиелістік қатынас орны
болғанымен маңызды болып өзектелмейді.

- жасырын-жаңылысудың немесе жалған түсініктің нәтижесінде пайда
болатын және объективті негізсіз шиеленіс.
Бұдан басқа шиеленістердің басқа да түрлері бар, ол іскерлі және
позициялы болып бөлінеді.
Іскерлі шиеленіске, дауда өзара байланыстың пәндік мазмұны жатады.
Позициялық шиеленісте, дау-дамайлы қатынастың қатысушыларының өзара
қатынастарың өзгертуге бағытталған. Бағытына байланысты шиеленістер
көлдеңнен, тік және аралас болып жіктелелді. Көлдеңнен шиеленістер
бір біріне бағынбайтын адамдар іске қосылады. Тік шиеленісте бірі
екіншісіне бағынышты адамдар қатысады. Аралас шиеленісте көлдеңнені және
тікесі қатысады. Ұжымдағы даулардың жалпы санынан алғанда шиеленістердің
тіке бағыттағылары 70-80 пайыз құрайды.
Шиеленістерді болжау үшін, алдымен, қарама-қайшылықты тудыратын
жағдайда мәселе бар екенін анықтау. Кейін шиеленіс жағдайдың бағытының
дамуын анықтайды. Одан соң түрткі, құндылықты бағыттары, ерекше қасиеттері,
мінеқұлқына әдейі назар бөліп отырып, дауға қатысушылар құрамын анықтайды.
Ақырғысы, оқиға (инцидент) мазмұның талдайды.
Шиеленістерді ескеретін белгілер бар. Олардың арасындағы:
1. Дағдарыс- (дағдарыс барысында әдеттегі мінез-құлқы ережесі өз күшін
жоғалтады және адам өзінің қиялында, кейде шын ісінде шектен шығуға жарамды
болады).
2. Жаңылысу - (қабылдауда бұрмалауға әкелетін қатысушының біреуінің
эмоциялық қауырт-қылық (қобалжуы) қандай да бір жағдаймен байланысты пайда
болады).
3. Оқиға- (қандай да бір ұсақ-түйек уақытша тыныш кетіреді немесе жай
таптырмайды бірақ ол жылдам өтеді).
4. Кернеу- (басқа адамның қабылдауын және оның әрекетін бұрмалайтын
жағдай, сезім нашар жағына өзгереді, өзара қатынастары үздіксіз алаңдатады,
абыржу пайда болады.
5. Дискомфорт (ыңғайсыздық)- (сөзбен жеткізуде қиындық тудыратын
көкейкөз, ішінен тынышы қашу, үрей).
Шиеленістердің пайда болу туралы сигналдарды педагогикалық тұрғыдан
қарастырған дұрыс. Әлеуметтік педагогтың тәжірибесінде оқиғаны жою емес,
шиеленстік дау-дамай жағдайды талдау болып есептелінеді. Яғни оқиғаны
басу арқылы тұншықтырсақ (тоқтатсақ) та, шиеленістік жағдай ұжым өміріне
теріс ықпал етіп созылмалы формаға ауысып сақталады.
Бүгін, педегогикада шиеленістерге мағыналы құбылыс ретінде қарап және
оған ерекше назар бөлген шарт. Шиеленістіктердің болуы, ережеде дамудың
қөрсеткіші, онсыз ешбір ұжым, ешбір тұлға дами алмайды. Шиеленістік,
тұлғаға тәрбиелік ықпал жасайтын тиімді құралы, яғни оны шиеленістік
жағдайды, арнайы психологиялық-педегогикалық білімнің және сәйкес
іскерліктің негізінде ғана жеңүге болады деп ғалымдар көрсетеді. Бұған
қарамастан, мұғалімдердің көбі, қандай да болмасын шиеленістерді, олардың
өздерінің тәрбие жұмыстарындағы сәтсіздіктің күәлігін көрсететін құбылыс
деп бағалайды. Біраз педагогтар да шиеленістер деген сөздің өзіне абайлық
қатынасы бұрынғыдай сақталған, олардың санасында, бұл ұғым, тәрбие
үрдісінде, қарым-қатынастың нашарлауы, тәртіптің бұзылуы құбылысы болып
ассоцияланады. Қандайда болсын шиеленістерді тұлғаның нендей де бір
тәсілдермен болдырмауға тырысады.
Көптеген ғалымдардың бірі, шиеленістерді тұлғаның жалпы қабылданған
ережемен соқтығысу (қайшылану) қатынасы нәтижесінде пайда болатын күрт
жағдай дейді. Келесілері, шиеленітер адамдардың арасында үйлеспейтін
құндылықтар мен қағидаларының қарама-қайшылықтарын жүзеге асырудағы күрес,
оқушылардың, әсіресе жоғары сынып ұжымдарында күрделі психологиясық ахуал
тұрғызатын құбылыс дейді, яғни ол дағдарыс жағдайға эмоционалды күйзеліс
тудырумен байланысты, тура айтқанда, субъект өз өмірінің ішкі
қажеттіліктерін (түрткілерін, ұмтылыстарың, құндылықтарын т.б.) жүзеге
асыра алмау жағдайының қиын шишілетін қарама-қайшылықтары; сыртқы
объектілердің қарама-қайшылықтарын тудыратын ішкі күрес;
Осы көрсетілген қорытындылар негізінде ұзақ мерзім бойы шиеліністер
пайда болу себептеріне және табиғатына бір келісімдегі қөзқарас болмаған;
шиеленістер мен қарама-қайшылықтардың болу дерігінің өзі мойындалмаған;
шиеліністің болуы, педагогикалық жүйенің ережеде қызмет етуіне кедергі
ретінде және оның құрылымына нұсқан тигізетін теріс құбылыс болып
қабылданған.
Мәселен, жеткіншектер арасындағы қарама – қайшылықтар әрқашан дау-
дамайға әкелітіні дәлелденген. Шиеліністердің сәтті шешілуі, көп жағдайда
педагогтың позициясына байланысты келеді (авторитарлы (беделді), нейтралды,
қайшылықтарға мақсатты араласу, қайшылықтардан бас тарту) дегендей.
Шиеліністерді, басқару, оның дамуын болжау және шеше білу іскерлігі-
педагогикалық қызметтің ерекше қауіпсіздік техникасы.
Шиеліністерді шешу дайындығының екі жолы бар:
■ алғы педагогикалық тәжірибелерді зерттеу;
■ шиеліністердің даму зандылықтарың және оны алдын ала
ескеру тәсілі мен жеңу жолдары жайлы білімді игеру;
В.М.Афонькованың пікірінше, оқушылардың қайшылықтарына педагогикалық
араласудың нәтижелі болуы, педагогтың ұстаған орнына (позициясына)
байланысты дейді. Ондай позиция кем дегенде, төртеу:
1. Шиелініске беделді араласу позициясы –
қайшыласу әр қашан жаман нәрсе, оны мен күресу
керек деген, наныммен педагог оны басуға
тырысады.
2. нейтралитет позициясы - педагог тәрбиеленушілер
арасындағы пайда болған соқтығыстарды елеумеге
және арасына кіріспеуге тырысады.
3. қайшылықтардан қашу позициясы – қайшылықтар –
балалармен тәрбие жүргізу жұмысындағы
сәтсіздік көрсеткіші және бұндай жағдайдан
қалай шығу керектігін білмегендікпен
шиеліністер пайда болады деген пікірдегі
педагог.
4. қайшылықтарға мақсатты араласу позициясы-
педагог, тәрбиелешушілер ұжымның жақсы
білгендігіне сүйене отырып, сәйкес білімі және
ептілігі болып отырып қайшылықтардың пайда
болуын талдайды, оны уақытында басу немесе
нақты шегіне дамуына мүмкіншілік беру шиеленіс
қабылдайды.
Төртінші позициядағы педагогтың әрекеті шиеленестерді бақылауға
және басқаруға мүмкіндік береді. Бірақ педагогқа көп жағдайда өте жиі
тәрбиеленушілермен өзара байланыс мәдениеті мен техникасы жеткіліксіз
болғандықтан, бір біріне деген бөтенсу пайда болады. Қарым-қатынас
техникасы жоғары адам шиеленісді дұрыс шешуге ұмтылумен және оның
себептерін түсінуге тырысумен сипаттталады. Жеткіншектер арасындағы
қайшылық дауды шешу үшін татуластыратың наным әдісі қолайлы келеді. Ол
жеткіншектер арасындағы қайшылықтарды шешуде қолданылатын кейбір
формалардың орынды емес екенің (төбелес, атаулар қою, қорқыту т.б.)
көрсетуге көмектеседі. Осымен қатар педагогтар, осы әдісті қолдана отырып
әдеттегі қателіктер жібереді, жеткіншектің өзінің пікірі мен көзқарасы
есепке алмай, тек өздерінің дәлелдерімен қисынына ғана бағытталады. Егерде
педагог тәрбиленушісінің тәжірибесін, пікірін есепке алмаса ешбір қисын,
ешбір эмоциялық мақсатына жетпейді.
Шиеленістердің психологиялық-педагогикалық теориялық талдауларында
алдын ала мынадай қорытындыға әкеледі:
• шиеленістердің негізінде, түсіндірілмейтін қарама-қайшылықтар
болады, ал шиеленістін өзі конструктивті және деструктивті
сипатта болып келеді.
• көптеген педагогтарда оқушылар арасындағы қайшылықтарға деген
абай қатынас сақталып келеді.
• шиеленістерден қорқу керек емес, яғни ол заңдылықты
құбылыс.
• шиеліністерге жиі әкелетің қарым-қатынастағы жоғары эмоциялық
қызу.
• жеткіншектер арасындағы қайшылықтар жас ерекшелігіне
байланысты болғандықтан-әдеттегі кен тараған қубылыс.
• шиеліністердің себебі болып өзінің Менің бекіту болып жатуы
мүмкін.
• қайшылықтарға педагогтың араласу мақсаты, оны жою емес,
жеткіншекке өзін-өзі тануға, досын, оқу ұжымын тануға жәрдем
беру үшін бөлген жөн.
• қарама-қайшылықтарға араласу алдында, оның пайда болу себебін
анықтаған дұрыс, өйтпесе, басқа жағдайда араласу
педагогикалық теріс сипатқа ауысады.
• педагогқа, жеткіншектер арасындағы шиеліністерді тиімді
басқару үшін, терең арнайы білім қажет.
Шиеленістер объективті ғана емес, субъективті жағдайлармен де көрініс
беруі мумкін. Объективті жағдайларға, көпті азды педагогикалық процестерге
тәуелді емес және шиеленістерді тудыратың мүмкіншіліктер жатады.
Субъективті жағдай, балалардың дамуы және тәрбиелік деңгеиі, оған
қатысушылардың қайшылық жағдайды ұғыну сатысы, олардың моральдық-құндылық
бағыттары құрайды.
Шиеленістердің бағыты бойынша, жоғарыда жазып кеткен түрлері жатады:
• әлеуметтік-педагогикалық
• психологиялық
• әлеуметтік
• психологиялық
Шиеленістерді болып жатқан құбылысқа жауап беру деңгейіне байланысты
да бөледі:
1. Жылдам ағымдағы шиеленіс-дауластардың шеттен тыс кететін теріс
қатынастарының көріністері эмоциялық бояуға бай ерекшеліктермен
сипатталады.
2. күрт созылмалы шиеленіс-терең, тұрақты, татуласуға қиын қарама-
қайшылықтар бар жағдайғда пайда болады.
Дауласқан жақтар өз қылықтарын, жауаптарын бақылайды. Бұндай
шиеленістерді шешу оңай емес;
3. Солған ағымдағы нашар көріністегі шиеленістер, бұл үшкүрт емес
сипаттағы қарама-қайшылықтарға тән, бұнда тек бір жақ белсенді болып келеді
де, екінші жақ ашық конфронтация мүмкіншілігінше бас тартады немесе өзінің
позициясын айқын анықтайды. Бұндай шиеленісте шешілу күрделі, көбінесе
кикілжіннің бастамашына байланысты келеді.
4. Әлсіз көріністегі жылдам өтетін шиеленіс-қарама-қайшылықтардың
соқтығыстарының сәтті формасы, бірақ ол жалғыз болса ғана кикілжінді болжау
жеңілге түседі. Егерде ұқсас сырттай жұмсақ өтетін қайшылықтар көбейсе,
болжау сәтсіз болып келуі де мүмкін.

Шиеленіс педагогикалық жағдай уақыты бойынша да анықталады:
тұрақты және уақытша (дискретті-бөлшектенген және бір ретті); оқу іс-
әрекетінінің мазмұны бойынша: оқулық, ұйымдастырышылық, еңбектік,
тұлааралық т.б.; психлогиялық ағым шеңбері бойынша: іскер және ресми емес
қарым-қатынастар.
Іскер шиеленіс-іскер сипаттағы мәселелерді шешуде ұжым мүшелерінінің
қылықтары мен пікірлерінің үйлеспеу негізінде пайда болып отырады,
екіншісі, жеке мүдделерінің қарама-қайшылықтары негізінде пайда болады.
Тұлғалық қайшылықтар адамдардың бірін бірі бағалауда шың не байқалатын
әділетсіздікке де қатысты болып келеді.
Қайшылықтардың көбі өздерінің табиғатына байланысты субъективті болып
келеді де, негізінде келесі психологиялық себептер жатады:
• адамды жеткіліксіз жақсы білмеуі
• оның тілегін қате түсіну
• шынында ол не ойлағаны туралы қате түсінік
• істеген қылықтарының түрткілерін қате жорыту
• басқаға деген нақты адамның қатынасын қате бағалау
Психологиялық көзқарастан алсақ, осы себептердің қайсысын болмасын
пайда болуы, тәжірибеде адамның беделін төмендетуге әкеледі, оның жағынан
өкпе, реніш формада орынды жауап тудырады да, осыған кінәлі адамда осындай
жауап қайтарады, түбінде екеуі де не себептен бірін біріне деген теріс
қылық қатынасын пайда болын түсінбейді. Қайшылықтарға ықпал ететін барлық
субъективті факторлар мінездемесін және жағдайлық болып бөлінеді:
Біріншісіне тұлғаның тұрақты сапалары жатса, екіншісіне-қанағаттанбаушылық
қажу, көнілсіздік, жарамсыздық сезімдері жатады.
Қайшыласу жағдайларында оның қатысушылары әртүрлі мінез-құлқының
қорғаныс формасына сүйенеді:
• агрессия (тік шиеленісте көрінеді, мұғалім мен оқушы арасында,
мектеп әкімшілігі мен мұғалім арасында т.б.; ол өз-өзіне және басқа
адамдарға да бағытталады, көп жағдайда өзін-өзі жәбірлеу, өзін-өзі
кінәләу формасын қабылдайды).
• проекция (себептерін барлық қоршағандарға жатқызу, өзінің
кемшіліктерін барлық басқа адамдарда байқайды, ол артық ішкі
жабығуын келісімге келтіруге мүмкіндік береді).
• ғажайып қиял (шыңдықта орындауға болмаған жағдайда, армандап ойында
жеткен болады, қалаған мақсатына жетуі қиялында орындалады).
• регрессия (мақсаттың ауысуы жүргізіледі; ұмтылыс деңгейі
төмендейді, бірақ мінез-құлқы түрткісі бұрынғыдай сақталып қалады);
• мақсаттың алмасуы (психологиялық жабығу іс-әрекеттін басқа
салаларына бағытталуы);
• жағымсыз жағдайдан кету (адам көздеген міндеттерін іске асыра
алмаған немесе сәтсіздікке ұшыраған жағдайдан аңғырт қашады).
Қайшылықты жағдайдын объективті мазмұны.
1. Шиеленістің қатысушылары.
Қандай да болмасын қайшылықтардың әрекет негізі болып адамдар жатады.
Олар шиеленсте жеке адам (мысалы, отбасындағы қайшылықта), ресми адам
(тіке бойынша ) немесе заңды тұлға (мекеменің немесе ұйымның өкілі)
болып бөлініп орындалады.
Қайшылықтарға қатысудың деңгейінде әртүрлі болып келеді: тікелей қарсы
әрекеттерден бастап шиеленсітердің барысында жанама әсер етуге дейін. осы
тұрғыдан анықталанады: қайшылықтын негізгі қатысушылары; қолдау тобы,
басқа қатысушылар.
Шиеленістін негізгі қатысушылары. Оларды жиі-жақ немесе қарсы күрес
тайталас күштері деп атайды. бұлар бір біріне тікелей белсенді (шабуыл
немесе қорғаныс) әрекет жасайтын шиеленіс субъектілері. Тайталас жақтар-
қандай да болмасын даудың негізгі буыны. Егерде шиеленістегі бір жақ бас
тартқан жағдайда, ол тоқталынады. Егерде тұлғааралық дау дамайдан бір
қатысушы екінші қатысушымен ауысса, жаңа шиеленіс пайда болады.
2. Шиеленіс пәні.
Бұнда екі жақтың мақсаттары мен мүдделерінің соқтығысы бейнеленеді.
Шиеленістегі күрес, ережеде өздерінің пайдасы үшін осы қарама-
қайшылықтарды шешуге ұмтылады. Шиеленіс барысында күрес немесе асқынуы
немесе тынышталуы мүмкін. осы өлшемде қарама-қайшылықтарда асқынады
немесе тынышталады.
Шиеленіс пәні-ол,екі жақ қарама-қайшылықтарды шешу үшін тайталасқа түсуі.
3. Шиеленіс объектісі.
Объект шиеленіс жағдайдың орталық буыны болғандықтан мәселенің нүктесі
ретінде тереңірек жатады. сол себептен оны себеп және шиеленіс
сылтауы деп қарастырылады. Шиеленіс объектісі жабдықты (қор), әлеуметтік
(билік) немесе рухани ( идея, ереже, принцип) құндылықтар жатулары
мүмкін, оны екі оппонентте ие болуға немесе қолдануға ұмтылады. Шиеленіс
объектісі болу үшін, жабдықты, әлеуметті немесе рухани шеңберлердің
элементтері, оны бақылауға ұмтылатын субъектілердің жеке, топтық,
қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерінің қиылыстарында болу қажет.
Шиеленіс жағдайы болып бір жақ объектіні түгелдей меңгеруге деген
ұмтылысы болу керек. Шиеленісті конструктивті шешілуі үшін оның
объективті құрылымын ғана емес субъективті де құрамдасын өзгерткен дұрыс.
4. Микро және макроорта.
Шиеленісті талдау барысында соқтығысқа қатынасатын және
әрекеттенетіндердің жағдай атты элементін айқындаған жөн, тура айтқанда
шиеленіс пайда болған микро- және макроорта. шиеленіс жағдайдың
психологиялық құрамдасы болып екі жақтын ұмтылыстары, міне-құлқы
стратегиясы мен тактикалары, және ешиеленіс жағдайды қабылдаулары тікелей
айтқанда әр жақтын қайшылықтардың ақпараттық моделі болады және соған
сәйкес қатысушылар шиеленісте өздерінің мінез-құлқыларын ұйымдастырады.
2. Педагогикалық ұжымдағы шиеленістердің түрлері.
Тұлғаның әлеуметтенуіне үлкен мән беруімен байланысты, ұжымда
адамгершілік ахуал туғыза білетін шебер адамдар қажетті болып келеді.
Осы мәселені шешетін жалпы білім беру ордасы мектеп жатады.
Психологиялық ахуалды талдау өз бетінше маңызды деп айтуға болмайды,
яғни тәрбиие мақсаты үйлесімді дамыған тұлға болғандықтан, тұлғаны
қалыптастыру процесінде қандай ұжым үлесін қосқаны да анықталады. Белгілі,
егер ұжым жоғары психологиялық ахуалмен сипатталса, тұлғаны
қалыптастырудағы әулетті құралға ауысады.
Психологиялық ахуал-объективті болып тұратын маңызды құбылыс. Ол екі
фактордың ықпалымен қалыптасады. Алдымен бұл тұтас қоғамның
әлеуметтікпсихологиялық ахуалы. Екінші фактор-микроәлеуметтік жағдай:
қоғамда еңбектін бөлінуіне қатысты нақты ұжымның қызметінің ерекшелігі,
географиялық және климаттық жағдай,кен кен әлеуметтік ортадан ұжымның
шектелу деңгейі (мысалы, сүнгіүр қайықтың экипажы), жас және жыныс құрамы
ж.т.б. осы екі факторлар ұжымның психологиялық ахуалы атты жағдайды
анықтайды. Бұнда ұжым мүшелерінің құндылықты бағыттарың, моральдық
ережелері мен мүдделері анықталады, эмоциялық деңгейде жеке және іскер
қарым-қатынастары бейнеленетін ұжымның эмоциялық-психологиялық тұрғызу
деген ұғым береді.
Ғылыми әдебиеттерде, психологиялық ахуал сияқты құбылыстарға әртүрлі
термин қолданған: әлеуметтік –психологиялық ахуал, моральды-
психологиялық ахуал, психологиялық тұрғызу, психологиялық жағдай т.б.
Психологиялық ахуал өзара қатынас үрдісінде қалыптасады және көрініс
береді де бұның тұсында топтық қажеттіліктер жүзеге асады, топтық және
тұлғааралық шиеленістер шешіледі. Бұнда адамдар арасындағы өзара
байланыстардың жасырын мазмұнды жағдайдың сипатын қабылдамайды, жарыс
немесе жасрын басекестік, достық бірлестік немесе қолқанатқа алу, дөрекі
қысым немесе саналы тәртіп. Көпсанды адамдардың өзара әрекет жағдайы өзара
ықпалдың негізгі төрт тәсіі арқылы жүзеге асады: 1. наным
2. еліктіріп әкету, 3. еліктеу, 4. сендіру, иландыру.

1. Наным-қандай да болмасын бір пікірдің немесе ой қорытындының
қисынды негізделу процесі. Наным сұхбаттасының немесе аудиториянының
санасында нақты бір көзқарасты қорғауға дайындық және соған сәйкес әрекет
жасайтындай өзгеріс еңгізеді. Наным-тұлғаның эмоциялық және рациональдық
(ақылды) шеңберін қозғайтын және адамға немесе топқа ықпал ет тәсілі. Наным
процесі екі немесе бірнеше адамдардың айқын немесе жасырын пікір сайысы,
оның мақсатын психолог А.Г.Ковалев нанымды моральдендірумен араластыруға
болмайды деп ескертеді. Наным барысында пікір дәлелденеді, ал
моральдендіруде мәлімденіп жарияланады. Әдетте, моральдендірудегі айтқанның
барлығысы кімге қатысты екені мәлім болғандықтан, сұхбаттас жақтырмай емес
сын көзбен қарайды. ақпаратта жаңа мәлімет болмаған жағдайда, ол оны
қабылдамайды және теріс реакция, тітіркену тудыратыны психологиялық
тұрғыдан мәлім. Наным нандыратын адамның хабарында мазмұнды мағлумат
болғанды қалайды және қабылдайтың адамның саналы қатынасын талап етеді.

2. Еліктіріп әкету (жұқтыру)-бұл басқа оспардағы ықпалдың түрі. Бұл
құбылыс адам психикасында терең орналасқан және тегі ежелгіден таралып
келеді. тұтас алғанда, қоғамның даму деңгейі жоғары болған сайын сонымен
бірге адам тұлға ретінде жоғары болса, оның автоматты еліктететіп ерттіре
әкету әрекеттерге немесе күйзелістердің күштеріне сынай қарайтын болады.
Басқаша айтсақ, тұлғалық жоспарда дамыған адам нанымды қажет етеді, ал
автоматтық жұқтыру босанқы немесе мүлднм әсер етпеуі мүмкін. Бірақ, егерде
жұқпалы еліктіріп әкету мазмұны оның нанымымен сәйкес келсе, онда ол
ұжымның елктетіп әкететін ықпалын шың көнілмен қолдайды. Психикалық
еліктетіп әкету , ереже түрде, жарқын эмоциялық бояуланған көніл, күйзеліс,
психзикалық жағайды қабылдау арқылы қабылданады.
3.Еліктеу-индивидтін нақты мінез-құлқы бітісті, қылықты, әрекетті,
әдетті қайта жаңғыртуға бағытталған психикалық еліктетіп әкетудің ерекше
түрі. бірақ бұл еліктеудің жалғыз нұскасы. Белгілі психотерапевт В.Л.Леви
еліктеудің ішкі және сыртқы түрін бөлген. Ішкі еліктеуде адамның сезім
қисыны және мінез-құлқы көкейкөзді жармасып ұстайды. Басқа адамның сыртқы
көріністері ішкі еліктеуде әрине есепке алынады, бірақ ол табиғи болып
көрінеді. Қандай да болмасын адаммен қарым-қатынас барысында білдіргенге
қарағанда қабылдауымыз және сезінуіміз едәуір мол болып келеді. Басқа
адамның дауысы, әдеті және қозғалыстары ғана емес , оның түгел жалпыланған
психикалық қисындылығы –міне осының бәрі біздің санамызда жиналып
ойланбастан бейне жасайды.
4. Бір адамның басқа адамға немесе бір топ адамдарға деген
психологиялық ықпалы ой мен ерік білдірген сөзді сынсыз қабылдауға
есептеуді сендіру дейді. Сендірудің мәні, егерде тыңдаушы айтушыға деген
сөзсіз сенімі болса, онда екіншісіснің сөздері біріншісінде айтылып отырған
түйсік пен бейнелер, елестер туылады.
Сонымен, иландыру ықпалының негізгі шарты болып, бір жағынан ақпарат
тегінің беделдігі, ал екінші жағынан-сенім немесе әсер ету ықпалына
қарсылық көрсетпеу жатады. Нендей болсын ықпалдың негізінде адамдардың бір
біріне деген тәуелдік жатады. Ертеден байқалған жайт, адам басқа адамдармен
контактке түсе отырып, жалғыз болғанға қарағанда өзін өзгеше сезінетіні,
оның психикалық процестері де өзгеше өтеді, екі адамның байланысы іс-әрекет
барысын өзгертеді. Әлеуметтік психолог В.Б.Ольшанский адамдардың бір
бірінің іс-әрекеттерінің өзара байланыс ықпалдарының түрлерін көрсеткен:
1.Бір біріне жеңілдету. Нақты серіктестің қатысуы әрқайсысының қызмет
табысын жоғарлатады.
2. Бір біріне қйындаттыру. Бір бірімен қатысығандығтан әрқайсысының
әрекетінде қате саның қөп жіберуге әкеледі.
3. Біржақты жеңілдік. Серіктестін біреуі қатысуы екіншісінің
әрекетінн жеңілдетеді.
4. біржақты қйындық. Біреуінің қатысы екіншісінің әрекетіне теріс
әсер тигізеді.
5. Үйлеспеушілік. Бірлесе қатысулары әрқайсысының әрекетінд ешбір
әсер тигізбейді, бұл өте сирек кездесетін құбылыс.
Іс-әрекеттеріне өзара байланыс ықпалының түрлері болуы туралы
мәлімет, психологиялық үйлесушілік деген құбылыстың бар екеніне әкеледі.
Психологиялық үйлесімділіктің анықталуы, өзара әрекет жасаған
адамдарда минимальды психологиялық шығын шығара отырып максимальды іс-
әрекет нәтижесін беретін адамдар санының тиімділігі арқылы жүреді. Егерде
топ бірлескен іс-әрекетте үлкен психологиялық және басқа қуаттағы жүйке
тозу олқылығы арқылы шығын жұмсап отырып жоғары нәтижелерге жетсе, олардың
мүшелерінің үйлесуі жәйлі және ұжымдағы психологиялық сәтті ахуал туралы
күдік тудырады.
Психологиялық үйлеспеушілік-бұл тек құндылы тұрақталуындағы
айырмашылық, достық қатынас болмауы, адамдар бірін бірі қабылдамауы ғана
емес. Бұл қиын қыстау жағдайда өз әрекеттерін келісімге келтіре алмауы,
ақыл-ой және қозғалыс реакцияларының синхроздығы зейіндеріндегі,
ойлауындағы және де басқа туа біткен және жүре пайда болған тұлға
қасиеттеріндегі едәуір айырмашылықтары бірлескен іс-әрекетте кедергі болуы
шарт. Адамдардың үйлесімділігі абсолютті болмайды. Ол әрқашан нақты бір іс-
әрекеттін немесе өзара байланыс шеңберінеқатысты болып келеді. Тұйық топтын
әрекет жасау жағдайы қатал болған сайын, олардың мүшелерінің үйлеспеушілік
мүмкіндігі жоғары келеді. Жоғары үйлесімділік ережеде ахуалды сақтауға
бағытталған саналы күш салумен қамтамасыздалады. Экспериментальды
зерттеулерде, психологиялық үйлесімділік және бірлескен іс-әрекет табысы,
идеологиялық көзқарастың бірлігі, жоғары мотивация, әр бір қатысушының
тиімді психофизиологиялық спасы, жеке-психологиялық ерекшеліктерінің
әртүрлі полярлығы (лидер анықталу мүмкіндігі), өзіне және қоршағандарға
жоғары шыдамдық, тіршілік негізіндегі өзара байланыстарда бірін біріне
толық сенім, мақсатты іс-әрекетпен максимальды мүмкіншілігінше жүктелу, әр
қатысушының оңашалау деңгейінің мүмкіндігі, алдағы тұрған мақсаттын
айқындығы анықталған.
В.Б. Ольшанский еңбек (педагогикалық) ұжымдардағы іс-әрекеттерінде
шиеленіс жағдай туғызатын үш топ себепті анықтаған:
1. Өндірісті ұйымдастыруға байланысты кемшіліктер.
2. Басқару саласында адамдардың біліктілігіне және психологиялық
қасиеттеріне сәйкес орналастыра білмеуі.
Сонымен, ұжымның психологиялық ахуалы басқарушының тұлғасына,
орындаушылардың біліктілігіне және олардың ұжым жұмысын орындаудағы
үйлесімділігіне байланысты келеді.
Ұжымның психологиялық ахуалының негізгі сипаты сапасында, психологтар
келесі көрсеткіштерді анықтайды:
- Ұжым мүшелерінің басшымен, еңбек үрдісімен, қарым-қатынастармен
қанағаттаншылығы;
- басым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шиеленістің қатысушылары
Шиеленістің табиғаты мен психологиялық ерекшелігі
Басқарушылық қызметтегі келіспеушіліктер жайлы
Басқарушылық қызметтегі келіспеушіліктер жайлы мәлімет
Ерекше балаға – ерекше мектеп
Қақтығыстар мен шиеленістер
Кәсіпорында персоналдың мінез-құлқын басқаруға талдау («эйр астана» ақ мысалында)
Педагогика және психология мамандығына арналған Психологиялық менеджмент
Әскери ұжымдағы қарым-қатынас
Шиеленіс түсінігі
Пәндер