Ресей империясының қазақ жеріндегі отарлау саясаты
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2-3
Негізгі бөлім
1. Қазақстанның Ресейге қосылуьның себептері. Кіші жүздің империя
құрамына кіруі

... ... ... ... ...4
2. Ресей империясының қазақ жеріндегі отарлау саясаты. Орта және
Ұлы жүздердің Ресейге бірігуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... ..14
Қолданылған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .14
Кіріспе
ХVІІ ғасырдың аяғында Ресей өзінің жаулап алушы саясатын жүргізді. Оның
шекаралары Қазақ хандығының шекараларына жақындай түсті. Орыс-қазақ
шекарасында орыс қалаларының бекіністерінің казак станицалары мен қамал-
дарының құрылысы басталды.Сол кезде Гурьев қаласы, Жайық қалашығы салынған
болатын. Тәуке хан I Петрге бірнеше рет сауда елшіліктер жіберді. Бірақ I
Петр өз алдына Қазақстанның Ресей империясына қосып алу міндетін қойды.
ХVІІІ ғасырдың басында Қазақстанға екі экспедиция жіберілді. Императордың
өлімі Қазақ хандығын Ресейге қосуға кедергі жасады. Қазақтардың жағдайы
ауыр болды. Жоңғарлардың шапқыншылығы басталды. Бұндай жағдайда Ресейден
келетін кесір аз боп көрінді. Аңырақай түбіндегі жеңістен кейін Кіші жүздің
қолбасшысы Әбілхайыр хан Анна Иоановна император әйелдің қол астына өтуге
өтініш білдіріп, қолдауын сұрады. 1734 жылы Кіші жүздің Ресей
протекторатына кіруі біржолата ресімделді. Протекторат - бұл отарлық
тәуелділіктің формасы, бұнда тәуелді мемлекет сыртқы саясаттан басқа барлық
салада тәуелсіздігін сақтайды. Әбілхайыр сауда керуендерін қорғауға, әскери
көмек көрсетуге, салық төлеуге міндеттенді. Оның орнына ол өзі үшін қамал
салып беруді, оған және оның ұрпақтарына хан лауазымын бекітіп беруге және
башқұрт, қалмақ, жайық казактарының жортуылдарынан қорғауды сұрады. Ресей
өз кезегінде оларды сыртқы жаулардан қорғауға міндеттенді. Бірақ бұл шарт
Ресей тарапынан бұзыла бастады.
Протекторат Кіші жүзді қабылдағаннан кейін Орта және Ұлы жүз басқарушылары
да "өз қолдауда болу" ынталарын білдірді. Бұған себеп болған ішкі саяси
күресте Әбілхайырға артықшылық бермеуге деген ынтасы болған еді. Орыстың
қол астына өтіп, олар ханның қолын байлап, ол ішкі дау жанжалда орыс
әскерін пайдалана алмайтын болар еді. Қазақ хандары мен сұлтандары бұл
дипломатиялық актіге ерекше мән бермеді. Олардың есебі бойынша бұл
солтүстік шекараларды қауіпсіздендіруге, жоңғарлармен соғыста әскери көмек
алуға мүмкіндік береді. Бұның сыртында олар солтүстік көршімен татулық және
саудалық қарым-қатынастарға мұқтаж болатын.
Патшалық үкімет қазақ хандарының алдында өз міндеттерін орындамады.
Жоңғарларға қарсы қазақтар әскери көмек алмады. Әбілхайырдың өтініші
бойынша Орынбор қала-қамалы Ресей әкімшілігінің тірегі болды. Солтүстік-
батыс аумақтарды Ресей меншігі деп есептеген казак атамандары бекіністер
және әскери құрылыстар сала бастады, жергілікті халықтың мүддесімен
есептескен жоқ.
XIX ғасырда орыстардың Қазақстанды билеп-төстеушілігі, одан әрі беки
түсуі әр түрлі әдіс құралдар арқылы жүргізілді.Біріншіден, әскери саяси -
бекіністер мен қорғану линияларын салумен жаңа - Есіл қорғану линиясы
жүргізілді. Екіншіден, дипломатиялық жолдармен патша шенеуніктері
келіссөздер жүргізу арқылы сұлтандар мен ру басылар арасындағы алауыздықты
реттеп отырды. Үшіншіден, өлеуметтік-экономикалық жолдармен - сауда дамиды,
қазақ ақсүйектері сауда керуендерін қорғауға тартылады, олар үйлер салады
жөне. Ол кезде Орта және Ұлы жүздің сыртқы саяси жағдайы күрделі болды. Хан
болып Абылай сайланды, ол Қазақстанның тәуелсіздігін сақтап қалған
хандардың соңғысы болды. Ол Екатерина II хан лауазымын қабылдаудан бас
тартты. Сонымен қатар, ол патша үкіметіне ант беріп, оның берген
сыйлықтарын қабылдаудан жалтарды. Әбілхайыр секілді Қазақстанда билік
жүргізуді ол Ресей ықпалы арқылы ұстап қалуға тырысты. Ол үшін оған Ресей,
Қытай және Орта Азиялық хандықтар арасында амалдауға тура келді. Бірақ та,
қазақтардың отарға айналу және тәуелсіздігін сөзсіз жоғалту меселесі күні
бұрын шешіліп қойған болатын. XIX ғасырдың 60-шы жылдары Ресей империясы
қазақ жерлерін түгелдей жұтты. Бұл үдеріс ашық түрде Түркістан, Шымкент
және Ұлы жүздің басқа да қалаларын жаулап алумен аяқталды.
Қазақстан аумағында егемендігінен айрылғаннан кейін тәуелсіздікті сақтап
қалуға бағытталған бірнеше рет күрес оты тұтанды. Қазақтардың отаршылдыққа
қарсы күресінің негізгі кезеңдері мыналар болды: ХVШ ғасырдың аяғында Сырым
Датұлы басқарған қозғалыс, 1836 жылғы Исатай Тайманұлы мен Махамбет
Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі және басқалары. Тарихшылар қазақтар
арасында барлығы 400 көтеріліс, бүлік және басқа да қимылдар орын алғанын
атап көрсетеді.
Бірақ өз маңызы мен қарқыны жөнінен Қазақстанның тәуелсіздігі үшін
күрестің ең көрнектісі - Кенесары Қасымұлының соғысы болып табылады.
Кенесары Абылай ханның немересі еді. Ол қазақ халқының ең соңғы ханы, ұлы
қолбасшысы, дипломат және мемлекет қайраткері болды. Оның он жыл бойғы
көтерілісі қуатты мемлекеттің күшін алаңдатып, Орта және Ұлы жүз
бөліктерінің, тұтас Орта Азияның бағынуын кешеуілдетті.
Негізгі бөлім
1 Қазақстанның Ресейге қосылуьның себептері. Кіші жүздің империя құрамына
кіруі.
Қазақ халқының елдігі жолындағы тарихи күрес барысында, әсіресе, XVII
ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ хандары өзінің үлкен көршісі Ресей
мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөлді. Орыс мемлекетінің қазақ
хандығымен сауда және елшілік байланыстары Қазан (1552 ж.) және Астрахань
(1556 ж.) хандықтарының Ресейге қосылып, оның Жайық пен Еділ аралығындағы
даланы алып жатқан Ноғай Ордасына саяси үстемдігін орнатқаннан кейінгі
жерде ұлғая түсті. Еділ бойындағы халықтардың орыс мемлекетінің құрамына
кіруі, оның шекарасын Қазақстан жеріне жақындата түсті. Маңғыстау мен
Үстірт арқылы өтетін құрлықтағы керуен жолдары, Каспий, сондай-ақ, Еділ мен
Кама арқылы өтетін су жолы Ресейдің Кавказ, Орта Азия және Қазақстанмен
экономикалық байланысын күшейтудс зор рөл атқарды. Қазақстан өлкесі арқылы
өтетін атақты Жібек жолы барған сайын халықаралық маңыз ала бастады. Бұл
жол Шығыс және Батыс Еуропа елдерін Орталық Азиямен байланыстырды, сауда-
саттықты, экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік туғызды.
Орыс мемлекеті ең алдымсн қазақ даласы арқылы өтетін қатынас, сауда жол-
дарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақ хандарымен байланысын
нығайтуды көздеді. Сондай-ақ, Сібір хандығына, Орта Азия билеушілеріне қар-
сы күресте және жоңғар феодалдары тарапынан күшейе түскен қауіпке бай-
ланысты одақтас іздеген Қазақ хандығы Орыс мемлекетімен экономикалық, саяси-
елшілік байланыс орнатуға мүдделі болды. 1583 жылы Қазақ хандығына Третьяк
Чебуков бастаған орыс елшілігі жіберілді. Соның нәтижесінде орыстың атақты
кәсіпкерлері Строгановтар өзіне Тобыл, Ертіс және Обь бойындағы жерлердің
бекітіліп берілуіне қолдарын жеткізді. Сонымен қатар олар баж тө-лемей
қазақтармен сауда жүргізуге ұрықсат алды. Бұл кезде Мәскеу мемлекеті-нің
билеушісі IV Иванмен қазақ ханы Ақназар арасындағы алғашқы саяси бай-
ланыстар Сібір ханы Көшімге қарсы бағытталды.
Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығының арасындағы саяси байланыстардың дамуы
Тәуекел хан жіберген елшілікпен одан әрі жалғасты. 1594 жылдың ая-ғында
Ресеймен достық келісім жасау үшін Мәскеуге қазақ елшісі Құлмұхамед
жіберілді. Тәуекел орыс патшасымен "достық пен ынтымақ" жасауға асықты.
Өйткені Бұқар ханы Абдулламен уақытша бітім жасап, ноғайлармен арадағы
қатынас өте шиеленісіп тұрған болатын. Елшіліктің алдьна Мәскеуде аманат
ретінде ұсталып отырған ханның жиені Оразмұхамедті босату және Борис
Годуновтан "отты қару" алу еді. Орыс патшасы Тәуекел ханға жауабында оған
"отты қаруы бар көп әскер" жіберетініне және қазақтарды олардың барлық
жауларынан "сақтайтынына" уәде берді.
1595 жылы Тәуекел ханға жауап ретіндс 2 жылға Ресейден Вельямин
Степановтың елшілігі жіберілді. Елшілік арқылы орыс патшасы: Тәуекел хан
және оның ханзада бауырларының бәрі патшаның қол астына кірсін, ал патша
әрі ұлы князь оларды барлық дұшпандарынан қорғауға, Бұхара мен Көшім ханға
қарсы тұруына көмектеседі. Өзінің патша ағзамға адалдығын білдіру үшін
Тәуекел хан ұлы Үсейінді жіберуді, ал сол үшін бауыры Оразмұхамед ханзаданы
босатуға уәде беретінін хабарлады. Тәуексл хан Мәскеу патшасы-ның талабы
мен қойған шарттары қисынсыз, өте ауыр болғандықтан қабылда-мады.
XVII ғасырда Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығындағы ішкі және сыртқы
жағдайлармен байланысты бұлардың арасындағы қарым-қатынас біраз уақытқа
үзілді. Саяси байланыстар XVII ғасырдың аяғында, екі мемлекетте де билік ба-
сына аса көрнекті саяси қайраткерлер - Тәуке хан мен I Петр келген кезде
жанданды. Мұның өзі Ресейдің Батыс Сібірді игеру, Түмен, Тобыл, Тара қала-
ларының өсуі, қазақ даласы арқылы Орта Азиямен сауданың күшеюіне байла-
нысты еді. 1687 жылы Тобыл қаласына Тәшім батыр бастаған қазақ елшілігі жі-
берілді. Бұл елшіліктің басты міндеті екі мемлекет арасында неғұрлым берік
байланыс орнату болатын. Тобылға 1689 жылдың аяғы - 1690 жылдың басында
барған келесі елшілікті Тұманшы батыр басқарды. Бұл екі елшілікте нәтижесіз
аяқталды. Жалпы 1686-1693 жылдары Тәуке хан Ресейге бес елшілік жіберген,
алайда оның берік саяси байлаиыстар жасауға ұмтылысы тиісті нәтиже берме-
ген. Өйткені Тобыл әкімшілігі тарапынан да, Қазақ хандығы жағынан да жібе-
рілген елшіліктерді екі жақта да дұрыс қабылдамай, арандатушылық орын ал-
ған. Мұның өзі Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастардың шиеленісуіне
әкеп соқты. Бұл XVII ғасырдың аяғы - ХVШ-ғасырдың басында Ресейдің жоң-
ғарлармен жақындасуына себеп болды. Осыған қарамастан Қазақ хандары сол-
түстіктегі өзінің үлкен көршілесімен саяси-экономикалық байланыстарды жақ-
сартуды үнемі өз алдарына басты міндет етіп қойды. Әйткені Ресей мен Қазақ
хандығының екі жақты жақындасуына XVIII ғасырдың басында жоңғар фео-
далдарының шапқыпшылығына қарсы тұру мүдделілігі басты себеп болған еді.
Бұл кезде қазақ хандығының Бұқар және Хиуамен қатынастары да шиеленіскен
күйінде қала берді. Еділ өзенінің бойындағы қалмақтар мен башқұрттар Кіші
жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызып отырды. Осындай күрделі
мәселелерді шешу үшін Солтүстіктегі қуатты көрші Ресеймен мәмілеге ке-луді
керек етті. Қазақстанның басқа көрші ел халықтарымен қарым-қатына-сын
ұшықтырып, өзіне тәуелді болуын іске асыруға бағытталған жымысқы сая-сат
жүргізіп отырған Ресеймен тең құқыкты, тату-тәтті қарым-қатынас орнату
қазақ хандары үшін, оның ішінде елдің батыс бетіндегі қалмақтар мен баш-
құрттардың тынымсыз шабуылынан мазасы кетіп отырған Кіші жүздің ханы
Әбілхайыр үшін қазақ даласында тыныштық орнатудың кепілі сияқты көрінді.
Қазак даласы Ресейді Шығыс мемлекеттермен жалғастыратып көпір іспетті
еді. Ол аркылы Еуропа елдерінен Шығыстағы елдерге және одаи кері қарай
құрлық пен сумен ең төте ежелгі сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен Ре-
сейден Орта Азияға, Ауғанстанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға және басқа
шығыс елдеріне баруға болатын еді.
Орыс патшасы Бірінші Петр бұл елдермен экономикалық және саяси бай-ланыс
орнату, оны дамыту үшін алдымен Қазақстан және Орта Азия елдерін Ресейге
қосып алу керек деп есептеді. Осы мақсатта қазақ жеріне бірнеше экс-педиция
жіберілді. Солардың бірі - подполковник Иван Дмитриевич Бухгольцтің
экспедициясы. Экспедиция үшін адамдар Томскіден, Түменнен, Тарадан және
басқа жерлерден жинап алынды. Әскери-дипломатиялық сипат-тағы барлық
дайындықтар біткеннен кейін, 1715 жылдың шілдесінде құрамын-да 2797 адамы
бар И. Д. Бухгольц отряды жорыққа шықты. 1715 жылғы қа-занда экспедиция
Ямышев көліне жетіп, сол жерде Ямышевск деп аталатын бе-кініс салды. Осыдан
кейін Бухгольцтің отряды Ом өзенінің сағасында 1716 жы-лы 20 мамырда Омбы
бекінісінің негізін қалады. Бүл әскери-инженерлік құры-лыстардың басты
мақсаты оңтүстік-шығыс шекараны, Ресей мемлекетінің сыртқы ықпал ету
аймағын кеңейту болып табылды.
И. Д. Бухгольцтің экспедициясынан кейін Батыс Сібір генерал-губернаторы
М. Гагарин Ертіс бойында жаңа бекіністер тұрғызу үшін воевода Павел Север-
ский мен Василий Чередовты жіберді. 1717 жылдың жазында П. Северскийдің
отряды - Железинск, В. Чередовтың отрядьг - Колбасин бекіністерін салды.
Чередов одан әрі жүріп жаңа бекініс - Семипалат(Семсй) бекінісін салатын
жерді таңдап алды. Сейтіп, 1718 жылы Семей қамалының, ал 1720 жылы И. М.
Лихарев экспедициясы Үлбі өзенінің Ертіске құятын жерінде Өскемен бекінісі-
нің негізін қалады.
XVIII ғасырдың 20-шы жылдарында Бірінші Петр өкіметі Орта Азия және Қа-
зақстан билеушілерімен елшілік арқылы байланыс жасап тұрды. Қара теңіз бен
Балтық теңізі арқылы Еуропаға терезе ашқан Бірінші Петр енді Азия елдеріне
төте баратын жолды іздестіре бастады және бұл жолдың қазақ даласы арқылы
өтетінін жақсы түсінді.
Ресеймен қарым-қатынасты нығайтудың қажеттілігіне бұл тұста Кіші жүз-ден
басқа казақтың Орта және ¥лы жүз хандары мен ру басшылары да бой ұра
бастаған еді. Өйткені ондаған жылдар бойына созылған жоңғар қалмақтарының
және көршілес Орта Азия хандарының шапқыншылық әрекеттері қазақ елін әбден
тоздырып өлсіретті.
XVIII ғасырдың бас кезінде қазақ хандары орыс патшасынан жоңғар қал-
мақтарына қарсы көмек сұрап елші жіберді. 1730 жылы 8 қыркүйекте Уфаға
Әбілқайырдың Сейітқұл Қойдағұлов пен Құлымбет Қоштаев бастаған елшілі-гі
келді. Олар әйел патша Анна Иоанновнаға Кіші жүзді Ресей импсриясының
құрамына қосу жөнінде өтініш жасады. "Біз Әбілқайыр хан, - деп көрсетілді
жолдамада, -маған қарасты Орта жүз бен Кіші жүздің көптеген... халқымен
сіздің алдыңызда күллі бас иеміз... Сіздің қамқорлығыңызда болсақ дейміз".
1731 жылы 19 ақпанда орыс патшасы Әбілқайыр ханға және "бүкіл қазақ хал-
кына" олардың Ресей қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы грамота
жіберді. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірінде Кіші жүзге А.
И. Тевкелев бастаған елшілік келді. Олармен бірге Петроградқа жіберілген
қазақ елшілері де оралды. Сонымен 1731 жылы 10-шы қазанда қазақ сұлтанда-ры
мен ру басыларының жиналысында Кіші жүздің Ресей құрамына бодан бо-лып
қабылдануы жөнінде шешім қабылданды. Осыдан кейін 1731 жылы 15 желтоқсанда
Тевкелевпен келіссөз жүргізген Орта жүздің ханы Сәмеке Ресей империясының
құрамына кіретінін білдіріп ант беріп, "өзінің мөрін басты". Бі-рақ, бұл
шарт тек 1734 жылдан кейіи ғана жүзеге асырыла бастады.
Ресей патшасының Кіші жүзді қол астына алғанын естіп, ¥лы жүздің атынан
Қодар би, Төлс би, Сатан батыр, Бөлек батыр патша әйел Анна Иоаннавнаға хат
жазып, Ұлы жүзді де өз қол астына қабылдау жөнінде өтініш жасады. Бұл хатты
Петроградқа Хангелді батыр жеткізді.
1734 жылы 10 тамызда Ресей патшасы ¥лы жүзді Ресей құрамына қабылдау
жөніндегі құжатқа қол қойып, ¥лы жүз хандығына: "Сіздсрді қол астымызға
Әбілқайырды алған шарттар бойынша аламыз", дегеп қағаз жіберді.
Қазақтар Қазақстанның Ресеймен бірігуі елдің экономикалық өркендеуіне,
саяси, мәдени жағдайының жақсаруына игі ықпал жасайды деп үміт етсе, пат-ша
өкіметі өзінің отаршылдық саясатын жүргізу үшін пайдасы бар деп санады.
1734 жылы 10 маусымда Анна Иоанновна Әбілқайырға Ор өзенінің сағасы-нан
бекініс салу кажеттігі жөнінде хат жолдап, қала салатын жерге И. К.
Кириллов пен А. И. Тевкелевті жіберді.
Патшаның әмірімен қазақ даласындағы өзендердің бойына бекініс қамалдар
салынып, олар біртіндеп ірі қалаларға айнала бастады. Сол тұста Жайық өзені
бойынан 14 қамал салынды. Баска өзендердің жағалауларынан да бірнеше қамал-
бекіністер бой көтерді. XVIII ғасырдың 50-ші жылдарында Ертіс өзені-нің
жағасына салынған Омбы, Железинск, Семей, Өскемен, Ямышев сияқты қамалдар
қалаларға айналды. Мұндай әскери бекіністер салу отарлау саяса-тын
жүргізуге кең мүмкіндіктер ашты.
Жайық бойында тұрғызылып жатқан қалалар мен бекіністердің маңында
қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды. Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері-
нің бойындағы құнарлы жерлерінен айрылып, оңтүстікке қарай ығысқан Орта
жүздің қазақтары Бұқара мен Ташкент түбіне келіп қоныстануға мәжбүр бол-ды.
1740 жылы Орынбор экспедициясының бастығы генерал-лейтенант князь В. А.
Урусов Орынборға елшілік тапсырмамен келіп, 19 тамызбен 1 қыркүйек ара-
лығында Нұралы, Ералы сүлтандармен, Жәнібек, Бөгенбай және Есет батырлар-
мен, кейінірек Орта жүздің ханы Әбілмәмбет және Абылай сүлтанмен келіссөз-
дер жүргізді. Оның барысында Кіші жүз бен Орта жүздің 399 өкілі Ресейге қа-
райтындығы жөніндегі шартқа қол қойды. Осы шарттан кейін патша өкіметінің
отарлау саясаты жаңа қарқын алды. 1740-1743 жылдардың өзінде ғана Кіші
жүзбен Оңтүстік Оралдың жерлері түйісетін маңда қазақтардың қоныстарын та-
рылытқан, көптеген жаңа бекіністер салынды. Мұндай жаппай әскери тірек ба-
заларын салуға қарсы болған Әбілқайырмен оның төңірегіндегілердің пікірі
ескерусіз қалды.
Бұл кезде кең-байтақ Орынбор өлкесін басқарып отырған И. И. Неплюев Ре-
сейдің Кіші жүздегі билігін күшейтуге бар күшін салды. 1742 жылы тамыз ай-
ында Әбілқайыр хан үшінші рет Ресейге бодандығы жөнінде ант берді. Неп-люев
Кіші жүздің бағындырылуын тездету мақсатында "Қосалқы жоспар" әзір-леп,
Сенаттың бекітуіне ұсынды, оны сенат 1744 жылғы 1 науырызда бекітті. Осы
жоспарға сәйкес барлық ағымдағы істср И. И. Неплюевтің өзіне жүктел-ді.
Әбілкайыр ханның билігін әлсірету үшін Неплюев қаракалпақтар мен баш-
құрттарды Кіші жүз қазақтарына айдап салды, сөйтіп ұлтаралық кайшылықты
қоздырды. 1744 жылы Орынбор губерниясы кұрылып, оның бірінші губерна-торы
болып генерал И. И. Неплюев тағайындалғаннан кейін, онымен Әбілқа-йыр
арасында араздық басталды. Неплюев Әбілқайыр ханды саяси аренадан кетіру
үшін, небір жымысқа әдістерді қолданды. Ол Орынбор өлкесінде отар-лау
шараларын адам айтқысыз қатыгездікпен жүргізді, орыстардың Кіші жүз жеріне
қоныс аударуына барынша қамқорлық жасады.
Әбілқайыр хан патша өкіметі мен Орынбор губернаторының түпкі мақсаты
бүкіл Қазақстанды империяның отарына айналдыру, өздеріне ұнамайтын ық-палды
сұлтандар мен ру басыларын әр түрлі әдістермен жоюды көздейтінін бірден
аңғарды. Олар Әбілқайыр ханды айтқанынан шықпайтын орындаушы деңгейіне
дейін төмендетуге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz