Балада эмоциялар мен сезімдердің дамуы


Мазмұны.
- Кіріспе.
1. 1 Эмоция мен сезімнің адамға әсері.
- Негізгі бөлім. Эмоция мен сезім туралы жалпы ұғым. Күрделі эмоция. Эмоция оның түрлері. Эмоцияның формасы мен негізгі түрлері. «Көңіл күй. Эмоция» Психологиялық тренинг. «Көтеріңкі көңіл - күй!»Эмоция күйзелістердің негізгі қасиеттері. Эмоция. Қажу және психиқалқ стресс. Стрестен шығудың жолдары. Стрестің зияны мен пайдасы. Сезімдердің психологиялық сипаттамалары. Жоғарғы сезімдер. Сіздің сезімталдық деңгейіңіз?Сезім және адамның жеке басы. Балада эмоциялар мен сезімдердің дамуы. Сезім толқындарының пайдасы мен зиянын тәжірибеге қолдану.
- Қорытынды. Эмоциялар мен сезімдердің дамуы және қалыптасуы.
Пайдаланған әдебиеттер.
Сұлулық сезімдері адамның дұрыс,
сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені
сүюіне, көріксіз нәрседен жиреніуі
не, хатта жақсылыққа ұмтылып,
жауыздықтан құтылуына көп
көмек көрсетеді.
М. Жұмабаев.
Эмоция мен сезімнің адамға әсері.
Адам қабылдағанына (көргеніне, естігеніне), істеген ісіне, ойлағанына, арманына немқұрайлы қарамайды. Адам әрекетінің, оқиғаларының біреулері бізді қуантса, екінші бірі мұңайтады, ал үшіншісі ашу шақырып, зығырданыңды қайнататын жағдайға жеткізеді.
Қатерлі жағдайда тұрып біз қорқынышты сезінеміз, жауды мұқатып, жеңіске жету не қиын - қыстау жағдайдан да өту, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Алға қойған мақсатқа жету жолындв әр адам өмір сүре, еңбек ете, күресе отырып, осындай көптеген әсерлерді бастан кешіреді.
Өзінің танып білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлерін сезім (немесе эмоция) деп атайды.
Сезім көзі өзіміз қабылдайтын, айналадағы заттардың және құбылыстардың сапалары туғызатын қажеттіліктер, талап - тілектер болып табылады. Біздің істейтін әрекетіміз (еңбек, оқу, ойын), оның жетістігі мен кемшіліктері де сезім туғызады.
Түрмыстағы жай сөздерде "түйсіну", "сезіну" деген үғымдар араласып жүреді. Біз сөйлегенде, "мен қорқынышты түйсінемін", "ауырғанымды сезіндім" дейміз, ол дүрысында: "қорнышты сезіндім", "ауырғанымды түйсіндім" деп айтылу қажет. Түйсік арқылы заттар мен құбылыстардың сапаларын танимыз, ал сезім болса, адамның ішкі көңіл күйін, оның сол заттар мен құбылыстарға қатынасын көрсетеді.
Сезім барлық психикалық процестермен тығыз байланысты, көптеген жағдайларда сол процестер сезімді туғызады, ал сезім оларға өз тарапынан ықпал жасайды. Сезім көзінің бірі түйсік болады., ал түйсіктің өзі біздің әсерлеріміздің ықпалымен жиі өзгеріп тұрады. Көңіл күйіне қарай адам бір затты әр түрлі қабылдайды. Жыртқыш аңдар туралы әңгімелерден шошынған бала, жай уақытта еш нәрседен үрейленбей жүріп өтетін жерден, қараңғы түссе шоғыр бұтаны қасқырға ұқсатуы мүмкін. Эмоция адамның есімен де тығыз байланысты. Біздің алған барлық әсерлерімізді, яғни белгілі бір сезіммен қабылдасақ, есімізде жақсы қалса, онда өткендерді еске алудың өзі бізде қандай да болсын бір сезім туғызады.
Адам - қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімі де әлеуметтік сипатта болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Бір-біріне ұқсас оқиғалар мен фактілерді әр кезеңде өмір сүрген адамдар әр түрлі бағалайды.
Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Қандай да болмасын жұмыстың нәтижелі болуы ең алдымен оған деген көзқарасқа байланысты. Жұмыс жемісіне селқос, немқұрайлы қараған жерде, оның сапасы да төмен болмақ. Сезімнің шығармашыльқ жұмыста ерекше маңызы бар. Ақын, суретші, ғалым, өнер тапқыштардың жұмыс процестеріндегі көтеріңкі көңілі, шабыты сезіммен тығыз байланысты. Сезім адамның барлық таным процестерінде үлкен роль атқарады.
Оқу - тәрбие жұмысында сезімнің қаншалықты маңызды екендігі педагогтың есінде болуы қажет. Мектеп оқушыларын немқұрайлылық туғызатын сабақтан гөрі, оларда күшті жағымды эмоция туғызатын білім тез де баянды игеріледі. Сабаққа үлгірімі және тәртібі үшін мақтау алудан балада, әдетте жақсы сезім пайда болады, ол оқуын одан әрі күшейте түсуге жақсы ықпал жасайды: құптамау, ұрысу, жазалаудан, әдетте, оқушыларда жағымсыз эмоциялық жағдай туады, осындай ренішті істі қайталамауға итермелейді. Тәжірибелі мұғалім, тиісті әдетті сақтай отырып, балалардың жағымсыз эмоциясын да пайдаланады.
Сезімдер - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдың саналы әрекет
Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерді эмоциялардан айыра білу қажет.
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп атайды. Мыс: сүйсіну-сүйсінбеу, көңілдену-қажу, шаттық-уайым . Осы секілді сапалар өзара полюске ажырасып біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі - олардың актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып белінуінен көрінеді. Адамға күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық - (грек сөзі, қазақша "күшті" деген мағынаны білдіреді), ал бұлардың баяу, солғын түрлерін астеникалық - (грек сөзі қазақша "әлсіз" деген мағынаны білдіреді) деп атайды. Біріншісіне - жолдастық, достық, айбаттылық жатса, екіншісіне - уайым, енжарлық, көңілсіздік сезімдер жатады.
Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі - жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Бұл да - сезімнің қарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен, студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады.
Сезімдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын орны зор. Алдағы мақсатты орындау жолында, өмір үшін күресте күшті сезімдерсіз табысқа жету қиынға соғады. Сезімнің қораш, солғын, селсоқ болуы іске кедергі келтіреді. Адам не үшін күрессе, соны жан-тәнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе соны өлердей жек көріп отыруы тиіс.
Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы - жағымды, не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мыс: қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т. б. Эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар -белсенді әрекетке азды-көпті нұсқан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену жатады.
Эмоция мен сезім туралы жалпы ұғым.
Өткен тарауларда адамның танымынан ерекше орын алатын психикалык процестер (түйсік, ойлау, ее, киял т. б. ) жеке-жеке талданды. Осы процестердің әрқайсысы сыртқы дүние заттары мен кұбылыстарын бейнелеудің түрлі формалары екеңі, бүлар бізге айналамызды әр қырынан танытатыны, әркайсысының өзіне тән ерекше-ліктері мен заңдылықтары бар екендігі жан-жақты сөз болды. Адам реалдық дүниені тек танып кана коймай-ды, оған өзінін, қатынасын да білдіріп отырады, ол бір нәрсені үнатады, біреуді жаксы көреді, екінші біреуге салқын қарайды. Бір сөзбен айтканда, өз қажеттеріне карай айналасына түрлі көңіл күйін білдіріп отырады.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалык, процестің түрін с е зі м деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше етелуі адамда көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызып жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану, ішпысу, зерігу т. б. осындай сезімдер мен эмоциялардың сан алуан түрлері.
Сезімдер - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де коғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдык сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.
Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мәнін бірдей деп ұғу, кейде кате тусініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбсгінен немесе инстинктерінен байқалады.
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін - қ а р а м а - қ а р с ы, полярлық сап а л ы қ т а р деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көқілдену, қажу, шаттық, уайым т. б. осы секілді сапалар өз ара екі полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.
Ссзімдердіц екінші ерекшелігі - олардың актив (кажырлы) және пассив (солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды с т е н и к а л ы қ 1 , о л бұлардың баяу, солғын түрлерін а с т е ни к а л ы қ 2 деп атайды. Біріншісіне: жауапкершілік, жолдастык, достық, айбаттылық т. б. жатса, екіншісіне: уайым, енжарлық, көңілсіздік т. б. сезімдер жатады. Бұл жерде мынадай бір жағдай есте болсын. Түрлі нақтылы жағдайлардың ретіне карай адамдарда бір сезімнің өзі бірде куатты, бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Мәселен, қорк. ыныш сезімі кейде бір адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе, енді бірде кауіп-қатерге қарсы түрғызатын айбаттылыкка (күшті сезім) ауысуы мүмкін.
Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі - жігер л ен у және кернеуден босану немесе ш е ш і л у. Бұл да сезімдердің қарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен, студенттердің, емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін жұмылдырады. Осы кезең өткен соң, басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді.
Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс 3 деген терминмен белгілейді. Стресс үш турлі жағдайда байқалып отыралы. Онын, алғашқы көрінісін мазасыздану кезеңі дейді. Организмнің күшті тітіркендіргіштермен айқасқа түсуін күш салу, немесе зорлану кезені деп атайды. Адам сырттан келетін әсерге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда т и т ы қ т а п, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер нерв жүйесініқ жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап, реттеп отыруы қажет.
Сезімнің жоғарыда айтылған ерекшеліктерінің барлығы да нақтылы әрекет үстінде, кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады. Сезім адамның бүкіл өмірімен, оның жеке басының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеті мен қызығу ерекшеліктеріне, дүниеге көзқарасы мен сеніміне, мінез-құлқы мен білім көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады.
Сезімдер мен эмоциялардыд адамның практикалық әрекетінде алатын орны зор. Алдағы мақсатты орындау жолында, өмір үшін күресте күшті сезімдерсіз табысқа жету қиынға соғады. Сезімнің қораш, солғын, селсоқ болуы іске кедергі келтіреді. Адам не үшін курессе, соны жан-тәнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе, соны өлердей жек көріп отыруы керек. Эмоциялар мен сезімдердің адамның дүниетанудағы алатын орнын В. И. Ленин орыс, библиографы Н. А. Рубакиннің (1862-1946) «Кітаптар әлемінде» (М., 1913) атты кітабына берген рецензиясында «адамның шындықты іздеуі «адам эмоциясынсыз» еш уақытта болмағанын, жоғы және болуы мүмкін емес»і деп өте жақсы керсеткен.
Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы ж а ғ ы м д ы не ұ н а м д ы эмоциялар деп аталады. Бұлар адамньщ тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т. б. осындай Эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар - белсенді әрекетке азды-көпті нұқсан келтіретіи қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, кайғы, абыржу, налу, урейлену, үмітсіздену т. б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, карапайым және күрделі эмоциялар болыш та бөлінеді. Қ а р а п а й ы эмоциялар адамның органикалық кажеттерінің өтелу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі турлеріне; көңіл, аффект, құмарлық эмоциялары кіреді.
Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бір ерекшелік - оларда сан алуан мәнерлі қозғалыстардың болып отыратындығы. Ч. Дарвин осы күнгі адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ерте кездегі ата-бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екендігін айтады. Мәселен, қатты ашу кернеген адам кейде жұдырығын түйіп тістенеді, қабағын түйіп булығады, демін әзер алып, танауы делдиіп кетеді, жүрегі тарс-тарс соғады. Осындай мәнерлі қозғалыстардың әрқайсысының өзінше шығу тарихы бар. Жоғарыда келтірілген мысалдан жауымен (жабайы аңдармен) айқасқа ч түсейін деп тұрған адамның келбетін, даярлык белгісін байқауға болады. Ертедегі адамдар жабайы аңдармен арпалысқа түсердін алдында денесін соған бейімдеп алып, сонан кейін айқасатын болған. Қазіргі адамдар үшін мұндай көріністер дөрекі, ебдейсіз қимылдар болып табылады. Мундай ебдейсіз қимылдар мәдениетті адамның қылығына ешбір сыйымсыз сипат. „Бұған кебінесе сотқар, ызақор, кекшіл адамдар бір табан жакын тұрады. Адамдардың сана сезімі өскен сайын оның қимыл-қозғалыстары да мәдениеттене түседі. Эмоциялық жағдайлар адамнык дем алу, кан айналу органдарына өзгерістер түсіретінін, бет әлпеті мен (мимика) букіл дене қимылдарына (пантомимика), сөздің интонациясы мен тембріне, дикциясы мен паузасына да өзгерістер енгізетіндіғін дәлелдейтін мысалдар көп. Қорқу эмоциясы кезінде адамда байқалатын мәнерлі козғалыстарды алайық. Қорыққан адамның қасы тартылып, түсі бозарады, козғалыстары баяулап не мүлде токтайды, денесі дірілдеп-қалшылдайды, шашы урпиіп. көзі шарасынан шығып, даусы қарлығып, уні кібіртіктейді, аузы кебірсіп, тынысы өзгереді, беті шіміркеніп, букіл денесі қалтырап, салқын тер шып-шып шығады. Тіпті орнынан қозғала, сөйлей, дауысы шыкпай қалатын кездер болады. Қорқыныштың жеңіл түрі-тыңышсыздану, ауыры-үрейі ұшу т. б. Эмоциялық жағдай кезінде адамның денесінен байқалатын әр турлі мәнерлі қозғалыстарды Абай өлеңдерінен көптеп кездестіруге болады .
КҮРДЕЛІ ЭМОЦИЯЛАР
Күрделі эмоциялардың бірі - көңіл.
Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге кірбең кіру, ызалы, тусі суық т. б. деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние эсер етіп отырады. Егер оның кызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Қөңілге адамның денсаулык жағдайы, нерв жуйелерінің ерекшеліктері де эсер етеді. Өмір-тіршілігі ушін елеулі маңызы бар оқиға да адамның көңіліне үлкен із қалдырады. Мәселен, адам көптен айналысып жүрген ісі оңға басса, немесе бір нәрсеге қолы жетсе (жоғары оқу ор-нын бітіру, диссертация корғау т. б. ), шат-шадыман күйге түседі. Керісінше, ол ылғи да сәтсіздікке ұшырай берсе, көздеген мақсатына жете алмаса, баланы қоярға жер таба алмай қиналады. Мұндайда қабағы қатыңқы, ренішті күйде журеді. Сондықтан да «Көңілсізден кулкі шықпас», «Адам көңілден азады» деген мақалдар тегіннен-тегін айтылмаған. Ерік-жігері кушті, рухани емірінің мазмұны бай адамдар тіпті ауыр жағдайларда да қөңілді журеді. Оптимистік, жарқын болашаққа сену, қиыншылыққа мойымау ерік-жігері кушті, қажырлы адамдардың басты қасиеті. Адам өз көңілінің қожасы болу керек екендігін олар іс жузінде көрсете білуі тиіс. Осы айтылғандардан өмір суруге қолайсыз кездерде де көңілді ырқына жібермеуге болатындығы, көңілдің тұрақты болуы жұмыс қабілетін арттыруға, адамнын жеке қасиетінің жақсы сапаларына байланысты екені жақсы аңғарылады. Өз көңілін меңгере білу-мұғалім үшін аса қажетті сипат. Төменгі класс оқушыларының; мұғалімінің қасы мен қабағына қарап отыратыны белгілі. Егер мұғалім көңілсіз, 'кірбің болса, оқушылардым оқу материалдарын меңгерулеріне қолайсыз әсер етеді. _
Эмоцияиың бір турі - аффскттер' 1 . Аффекттер дегеніміз қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Аффекттер кейде адамнын бүкіл психикалық кейпін бұзып, мэнерлі қозғалыстарға толы, ерік күшінің әлсіреу жағдайында өтеді. (Мәселен, зэре ұшу, корқу, долылык, жан түршігу, кенеттсн торығу, қамығу т. б. )
Аффект кезінде адамның «есі шығып» кетпейді. Дені сау адамдарда болатын аффекттерді адамның жеке басының кемшілігі деп түсіну керек. Бүл - адамнық өзін менгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі. Ерік-жігері күшті адам мұндай ұшқалақтыққа, лепірмелікке бармайды. Ондай адам не істесе де ойланып істейді. «Ар ісі ақылға ермек, бойды жеңбек, өнерсіздің қьілығы өле көрмек» деп Абай дұрыс айтқан.
... жалғасыДені сау адамдардың аффектісінен психикасы ауруға шалдыққан адамдардың аффекттерін (патологиялық аффекттер) ажырату қажет. Мұндай аффекттер ми қабығы мен қабық асты орталықтарының байланысы бұзылғандықтан, екінші сигнал жүйесінің реттеушілік ролі кемігендіктен болады. Аффекттерді тәрбиелеу адамның жеке басын тәрбиелеумен тығыз байланысты мәселе.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz