Отбасындағы тәрбие
Мазмұны:
I. Кіріспе.
1. Ұлттық тәрбие – сана көзі.
2. Тәлім - тәрбие психологиясы.
II. Негізгі бөлім.
1. Тәрбие психологиясы.
2. Тәрбиенің маңызы мен мақсаты, мазмұны.
3. Тәрбие жүйесі халық педагогикасы мен ұлттық тәрбие элементтерін
еңгізу.
4. Халық педагогикасының негізгі бағыттары.
5. Тәрбие жұмысындағы жаңа үрдістер.
6. Бала тәртібіндегі озық әдістерді үйрену.
7. Білім мен тәрбие берудің тиімді жолдары.
8. Отбасындағы тәрбие.
9. Бала тәрбиесіндегі жазалау мен мадақтану.
III. Қорытынды.
1. Бала тәрбиесі – ортақ іс.
Пайдаланған әдебиеттер.
Тәрбиенің мәні аға ұрпақтың
Өз тәжірибесін, өз құштарлығын,
өз сенімін жас ұрпаққа жеткізу
болып табылады.
А.С.Макаренко.
Ұлттық психология мен ұлттық тәрбие хақында.
Адамзат тарихы түрлі әлеуметтік-экономикалық саяси дәуірлерді бастан
өткергені мәлім. Оның табиғаты қарама-қайшылығы мол әрі күрделі
құбылыстардан құралған.
Қазіргі уақытта өзіміз қолданып жүрген ғылыми пайымдарға қарағанда
әлемде 2300-ден астам ұлттар мен ұлыстар, этнографиялық топтар, сонымен
бірге төрт мыңнан аса ұлттық тілдер, түрлі диалектер өмір сүруде, Осының
барлығы тарих пен табиғат тауқыметінің нәтижесі. Әрбір тарихи кезең өз
өрнегімен сипатталып, халық тағдырына тиісті ықпал етеді. Сондықтан ұлттың
өмірінде, мәдениеті мен рухани-психологиялык, келбетінде өткен жолдың
іздері анық байқалып, ұлтық қадір-қасиет, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар
ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға жетіп отырғаны мәлім.
Ұлттық психология оның құрамдас бөліктері, ұлттық дағды, ұлттық
дәстүрлер мен өдст-ғүрыптар тарихи жағынан алғанда саяхатшылар, саяси
күдікті ретінде елде болғандар және т.б. жазбаларында ксздсседі. Дегенмен
қазақ халқының, ұлттык, психологиясы мсн менталитетінің табиғаты жайлы
кейінгі ксзде ғапа Н.Жанділдин, М.Сужиков, Сәбетқазы Ақатай, Н.Серсенбаев
және т.б. еңбектерінен тиісті пікірлер тарады.
1960-1970 жылдары тіптен үлттық психологияның зерттелуіне қарсы ғалымдар
да болған. Сондықтан ұлт мәселесіне, оның ішінде ұлттық психологияның
ерекшеліктері мен ұлттық менталитеткс жеткілікті көңіл аудармау, ұлттық
көніл-күйді, тарихи қалыптасқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың әлеуметтік-
психологиялық табиғатын бағаламау өкінішті жағдайларға әкеліп соғады. Оны
тіптен социализм практикасының өзінен байқалып отырған келеңсіз кұбылыстар
көрсетіп отыр. Сондықтан, аталған мәселелердің зерттеліп, ғылыми тұрғыдан
бағаланып, ұлтаралык қарым-қатынасты, ұлттык тәрбиені жетілдіруге жұмсалуы
ешкімді де күмән туғызбаса керек.
Ұлттық психология ерекшеліктерін түсіндірудің методологиялық
негіздерінің, бірі — оның табиғатын, жалпы адамзаттық, таптық-әлеуметтік
және ұлттық арақатынасын ажырата білуде. Халықтардың психологиясы ұлттың
рухани бейнесінің маңызды жағының бірі. Ұлттардың рухани бейнесінің екі
жағы бар: идеологиялық және психологиялык. Оның идеологиялык жағына
әдебиет, өнер, ғылым, философия, дін, т.б. жатқызамыз. Әрине, рухани
бейненің бұл жақтары өзара шартты байланыста болады. Ұлттардың
психологиялық ерекшеліктері адам санасында халықтардың табиғи-материалдық
жағдайының, нақты көріністерімен қалыптасады. Ол өзінің түп тамырымен
халықтар тарихының терең түкпірінен орын алып, оның пайда болған мезгілінен
бастап дамуда.
Ұлттык психология мен ұлттык менталитет адамдардын біріккен өмірі мен
күресінде, әлеуметтік, табиғи-географиялық, материалдык, мәдени жағдайынын
шарттарына лайық қалыптасады. Соның әсерінен ұлттың бойында мінез-құлықтың,
сезімнің, талғам ерекшеліктерінің бірдей элементтері, дәстүрлер мен әдет-
ғұрыптары пайда болды.
Жекелеп айтсақ ұлттық психологияның қалыптасуына мына факторлар әсер
етеді. Белгілі бір әлеуметтік жағдайлар мен өзара қатынастар, еңбектің
сипаты егіншілік, мал өсіру, балық аулау, т.б.; белгілі бір халықтың ұзақ
мекендеген географиялық ортасы; халықтың тарихи жолы, былайша айтқанда,
халық тағдыры маңызды тарихи оқиғалар, мәселен, азаттық күреспен
байланысты ортақ қуаныш, ортақ қайғы, күйзеліс т.б.; адамдар арасындағы
әрине түрлі ұлттардың — әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынастары мен
өзара әрекеті.
Осы көрсетілген факторлар халықтардың өмірінде түрлі реңкті психологиялык
өзгешеліктердің пайда болуына ықпал жасайды. Соған сәйкес зерттеушілерден
қатаң, адал ниетпен талап қоя білуді әрі материалдарды сұрыптап талдауды
қажет етіп, мәселеге ғылыми тұрғыдан қарауды, сөйтіп оның, осы даму жағынан
карағанда, қазір қандай күйге айналғанын байқауды қажет етеді.
Сонымен ұлттык психологияның ерекшеліктері тарихи негізі бар әлеуметтік
процесс болып шықты. Оның қалыптасуы әрбір халықтың ұзақ өмірмен біте
сіңіскен жан-жақты факторлардың нәтижесінде туады. Сайып келгенде өнегелі
қасиеттермен бірге қарама-қайшы психологиялык дағдылар да болады. Бұл
айырмашылықтардың топтык негізі міндетті құбылыс. Әрбір халықтың өмір
сүрген географиялық ортасы, айналысқан шаруашылық дәстүрі мен бейімделген
дағдысы бір-бірінен оқшау тұрады. Онымен қоса түрлі халықтардың араластық-
құраластык жағдайларын да ескеруіміз міндетті нәрсе.
Біздің пікірімізше, ұлттык психологияның ерекшеліктері дегеніміз —
халыктардың тарихи дамуының өзгешелігі мен әлеуметтік-экономикалық, рухани
өмірінің алғы шарттарына байланысты қалыптасатын және мәдениет пен
тұрмыстан, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардан байқалатын ұлттык сезім-әрекеттің
көрінісі, ой-пікірлері мен ықпал-қимылдың орнықты бейнесі әрі машықтанған
дағдысы.
Ұлттардың психологиясын туа біткен өзгермейтін кұбылыс деп қарауға
болмайды. Қоғамдык дамуға, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты
дамып, белгілі қасиеттерде жаңаланып отырады. Ал, ұлттық психологияның
кұрылымы жайлы әдебиеттер, пікір таласы жеткілікті.
Осы бағытта жазылған тұжырымдарды саралап жан-жақты талдауға сүйене
отырып, авторлардың пікірінше, ұлттық психологияның кұрылымдық элементтерін
ұлттык мінез-қүлық, ұлттык сезім, ұлттық сана-сезім, ұлттык мүдде және әдет
ғұрыптар мен дәстүрлердің психологиялык негіздері кұрайды. Біз ұлттык
психологиялық элементтердің басты-басты жетекші, жинақтаушы қасиеттерін
ғана атадық. Онын ұлттық талғам, ұлттық үміт, ұлттық көзқарас, ұлттык
пікірлер, ұлттык өмір салты, ұлттык ой, ұлттық намыс, т.б. тарамдары ете
күрделі кұбылыстар. Оларды тарихшылар, фольклоршылар, әдебиетшілер,
психологтар мен педагогтардың кешенді түрде зерттеуі пайдалы нәрсе деп
ойлаймыз. Осы жерде мына мәселеге көңіл аударуды кажет санаймыз.
Ұлттық мінез-құлықты кейбір жағдайда зерттеушілер оны адамдардың
темпераментімен шатастырады. И.И.Павловтың іліміне сәйкес темпераменттің
сангвиндік, флегматтық, холериктік және меланхоликтік типтері адамдардың
жоғары нерв жүйесінің жұмысына байланысты болатындығы белгілі. Ал, ұлттық
мінез-кұлык тарихи жағдайлардың, объектив процестердің себептерінен әрі
тәрбиенің ықпалымен қалыптасады. Жеке адамнын мінез-құлқының ұлттық
өзгешелігі темпераментке қарағанда жылжымалы. Өмірдің жағдайының өзгеруі
жеке адамның мінезінде қалыптаскан ұлттык келбетті сапалы өзгертіп жіберуге
кабілетті. Ал олардың ересек адам темпераменттен түбірінен өзгерте қоюы
беймәлім, егер ол нерв жүйесі тұрпатының өзгеруіне байланысты болса.
Көптеген зерттеушілер кейбір халықтардың өзіне тән темпераменттерін атап
көрсеткен болатын. Әрине, темперамент сол халықтың шаруашылық ерекшелігіне,
географиялык ортаның әсерінен т.б. обьективті жағдайға лайық кейбір
кұбылыстарға колданғанда артығырақ болуы ықтимал. Бұндай жағдайда
темпераментті эпостық қасиет ретінде мүлдем көтермелеу қате.
Ұлттық психологияның элементтері мен ұлттық менталитеттін дәстүрлі
талғамына зиянды нәрсе — жауапсыздық. Бұрын оған біржақты саясат пен
идеология демеуші болды. Ұлттық тіліміздің шұбарлануы талғамның жаңа үлгісі
емес, қысымға түскен ана тіліміздің тағдыры, оған қолдау болған жауапсыздық
пен қырсыздығымыздың салдары. Ескімен күресіп жүріп жаңаның тәрбиелік
мәнін, имандылық қасиетінің деңгейін естен шығарыппыз. Халқымыз құрметтеп,
ғасырлар бойы сақтаған игіліктерді жаңаның тегеурінімен тұншықтырып, салт
пен санамызда дәстүрлі адамгершілік азайып кеткенін енді ғана сезе
бастағанға ұқсаймыз.
Мәдениет пен өнеріміздегі жаңа талғам да тарихи бірізділікті жалғастыруда
деп айту қиын. Жақсыда жаттық жоқ демекші, жаңаның лебі сезілгенмен рухани
әсері шамалы, талғамдық деңгейі төмен әндер көбейіп кетті. Өлең мазмұны
жауапсыз құралған, музыкалык әуені біркелкі ырғақты немесе даңғазалык айқай-
шуы мол шығармалар ұлттық талғамнан аулақ жатыр. Мүмкін олардың көпшілігі
демократия мен пікір бостандығына еркінсіп жүрген болар. Әйткенмен, халқына
деген сезімі бар жанашыр азамат сапасыз өлең мен әнді ресми өткізгенде
алдымен оның көпшілікке, әсіресе, жастарға тигізер пайдасы мен зиянын жете
үғынса шынайы имандылык бұл мәселеге дер кезінде төрелік жасап отырса
өнердегі ұлттык талғамның әрбіруіне үлес болып шығар еді.
Ұлттык психологияның кұрылымдық элементтерінің күрделі бірі — ұлттық сана-
сезім болып табылады. Ұлттык сана-сезім дегеніміз өзінің ұлттык өкілдігін
мойындай отырып, ұлтына деген сүйіспеншілік, халық мұраларын, мақтанышын
бағалай білу, ұлттык мүдде мен оның қажет болғандығы азаттык козғалысы үшін
қимастық борыш сезім.
Ұлттык сана-сезім ұлттык психология ұғымынан гөрі шағын ұғымды білдіреді.
Ол ұлттарды бір-бірінен ажыратып тұратын айрықша белгі емес, тек әлеуметтік-
психологиялық құбылыс, ұлттық психологиядан тыс өмір сүрмейді. Ұлттык сана-
сезім өз ұлтының әлеуметтік-этникалык мәнін түсіну, ұлтаралық қатынастарда
қандай жағдайда ие екендігін, жалш! адамзат дамуында қандай үлгісі барын
ұғыну, әрі өзге халықтармен бірдей бостандықта өмір сүруін, т.б.
жағдайларды жете түсіну болып табылады.
Халыктардың сана-сезіміндегі терең айырмашылықтар олардың өмір сүру
жағдайларының түрліше деңгейінде, әр қилы басқыштарында болуы салдарынша.
Өткен тарихымыздағы отарлау кіріптарлығы, кеңес дәуірінін партиялық-таптык
әкімшілік жүйесі казак халкының рухани өмірі мен менталитетіне! таңбаларды
қалдырды. Қиындығы мол, қарама-қайшылығы ширыққан саяси дәуір тынысын
тоқтатты. Тағдырды іс әлеуметтік тізгіні ұлттың өз қолына берілді. Тарих
пен коғамның белесі ұлттық қарым-қатынастар құбылысы үшін тағы бір жаңа
кезең ашты. Ол — егемендік алып, тәуелсіздік туын тіккен Қазақстан
Республикасынын нарықтық экономикалық қатынастардық дүбірлі кешіне ілесуі
еді. Жаңа -әлеуметтік жағдай жаңаша ойлау мен тарихи бағалау, демократия
мен жариялылық талаптарына дөп келді. Пікір бостандығы орнады. Бұндай күрт
өзгерістер де рухани-психологиялык, саяси пікірлердің дамуына қарама-
қайшылықтар әкелді. Себебі, бұл ұлы көшке біз алдын ала дайындықсыз
кірістік, соның салдарынан саяси мәдениетіміз осындай рух бостандығына
тиісті дағдыларды, элементтерді сіңіріп үлгерген жоқ. Тіптен өзіміз занды
жалғасы болып отырған кешегі социализмнін көрсеткіштерін, рухани бірлігін
түбірімен жоқка шығару да кездесіп жүр. Өткен тарихсыз болашақ басталмайды,
сондықтан біздің пікірімізде, тағдырымызда жинакталған тәжірибе, өнеге-
игіліктер бүгінгі таңдағы жаңа жағдайда ескерілуі тиіс. Тарихи мұраны
талғампаздықпен пайдалана білген абзал.
Өткен кездерде жіберілген әлеуметгік-саяси қателіктер, ауытқулар
зардаптарды жаңа көзқараспен бағалау сарынымен орнына келтіріліп, қазақ
ұлтының экономикалык, мәдени және рухани жағынан қайта түлеп, ұлттық сана-
сезімнің ояну кезеңіне жетіп отырмыз. Сондықтан ұлттык сананы, ұлттық
психологиялық пішін мен менталитетімізді қалыптастырып, өрбіту
заңдылықтарының ұлттық тәрбиеге ықпалы жаңа талап-тілектер негізінде жүзеге
асуы тиіс.
Қазакстан Республикасы көп ұлтты мемлекет. Соған орай ұлттар мен ұлыстар
ортақ мақсат ортақ мүдде үшін күресіп, олардын экономикалық-әлеуметтік,
саяси-құқықтық және рухани қадамдарында өзара ынтымақ пен түсіністік
үйлесуі қажет. Әлеуметтік-саяси тәрбиеде жалпы-қазакстандык патриотизм
сарыны жоғары тұруы керек. Бұл заңдылықтардың жүзеге асуы ұлтаралык
кикілжіңге жол бермеудің, кепілі.
Еліміздің өтпелі дәуірдегі саяси-әлеуметтік негізі мен болашағы
Қазақстан-2030 стратегиясында нақтылы бағдарланған. Ол республикадағы
ұлттардың өзіндік сұраныстарын зерттеуге, олардың дамуына қатысты Қазақстан
Республикасы Конституциясының кағидаларын жүзеге асыру жолдарын айқындаған
құжат. Бұл орайда мемлекеттік органдардың қызметі әуел бастан халықтар
арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға, олардын рухани бірігуіне және
татулығына бағытталғаны маңызды.
Қазіргі қарықтык құбылыстар ауқымы меншікке жаңаша қатынас, кәсіпкерлік ,
енбекті жаңаша ұйымдастыру, саяси жүйеге сыпайылық, құқыктық ойлау,
іскерлік, электрондык, есептеу шеберлігі, саяси-құқықтық, және экологиялық
мәдениет және т.б.қасиеттерді жетілдіруді қажет етеді. Жаңа қоғамдық
қатынастар өз заңдылықтары арқылы жетіледі.
Ортақ отанымыздың мүддесі үшін барлық ұлт өкілдері қазақстандық
патриотизмді жоғары ұстау дәрежесіне ұмтылуы керек. Оның басты күші,
қамқоршысы әрі тірегі — қазақ ұлты. Қазақ азаматтарының ынтымағы, бірлігі,
бастамашылдығы, ортақ мүддесі — жаңа әлеуметтің қадамына деген
жауапкершілік пен парызды кетерулері керек. Қазақ патриотизмінің белсене
атқаратын міндеті осы тұста нақтылы байқалмақшы.
Қазіргі кезеңде ұлттык тәрбиенің де қатысы жоғары. Осы бағытта жалпы-
азаматтык және ұлттық қасиеттердің айқындалуы, оның табиғатының анықталуы
да адамгершілік белгілерін ашып, аныктай түседі. Ғалымдар тарапынан
тәрбиенің мұсылмандық моделі деген қағида шығып жүр. Жалпы мұның да анық-
қанығын, негізгі принципті мәселелерін тәлімдік процеске қолдануға болады.
Қазақ халқының ғасырлар бойғы шаруашылығы, әдет-ғүрпы, тілі, дүние-
танымы, мәдени рухтық өрісі ерекше. Соған орай ұлттык психология мен ұлттык
менталитеттің арақатынасы, ортақ мазмұны мен табиғаты, құрылымы мен
пішіндері жеке зерттеліп, ұлтгык тәрбие құралының элементіне айналғаны жөн.
Республикамызда ұлттык тәрбие мазмұны кейінгі кезде қолға алынып, белгілі
ғылыми-педагогикалық зерттеулер, оку-әдістемелік материалдар, тарихи-
өнегелік жинақтаулар мен этнопедагогикалык ұсыныстар, тұжырымдар жарық
көруде.
Ұлттық тәрбиеге ықпал жасайтын әлеуметтік факторлар сан қырлы. Оған ұлт
тарихы, ұлттык материалдык және рухани мәдениет, халық фольклоры, дәстүрлер
мен салт-жоралғылар, ұлттык психологияның элементтері, саясат пен коғам
идеологиясы әсер етеді. Осы тұрғыдан ұлттык тәрбиені қалыптастыратын
мәселелердің өрісі жайлы айтылып жүр. Мұның арасынан тек мектеп оқушылары
ғана емес, жоғары білімді мұғалімдерді ұлттык тәрбие беруге дайын
даудың теориясы мен практикасының қолға алынуы кұптарлық нәрсе. Дегенмен
осы кешенді кұбылыстардың арасынан ұлттық тәрбие процесінде ұлттық
психология үлесінің қомақты екендігі дау тудырмаса керек. Мұның өзі —
қазіргі егеменді, тәуелсіз еліміздің әлеуметтік-саяси және экономикалык
жағдайында ерекшеленіп отыр. Оған нарықтық қатынастар дәуірінің өмір
салтының психологиялық, дәстүрлік өзіндік қасиеттерін қосыңыз. Соған орай
көптеген тарихи-дәстүрлік белгілер жаңа рухымызға, ұлттык тәрбиге үйлесімді
жүзеге асуы қажет.
Ұлттык тәрбие мен ұлттық психологияның арақатынасында біздің пікірімізше
мынадай методологиялық талаптар орын алғаны дұрыс сияқты ұлттық тәрбие
жалпыазаматтык өнегенің құрам-дас бөлігі ретінде өрбуі тиіс. Ұлттық тәрбие
өз ерекшелігін шешумен катар, ұлттык шектеушілік пен баска да тар өрісті
белгілерден аулак болғаны жөн. Ұлттык психологияның ұлттық тәрбиеге
ықпалынын. барысында ескі мен жана касиеттер үйлесімділікті кажет етеді.
Ескінің барлығы казіргі заманға толық сіңісе алмайды.
Тарихи мәдениет, оның өрістері үлт-тык рухтың көзі болғандыктан тәрбие
процесіне әсері жүйелі әрбір әлеуметтік топтые жас ерекшеліктеріне қарай
жүр-гізілгені дүрыс. Сондықтан бала бак-шалардағы, мектептіи әрбір сынып-
тарындағы үлттык тәрбиеніқ барысы ерекшеленіп түруы қажет. Мүндағы
ескерілетін жағдай — еліміздің кеп үлттылығында. Әсіресе мектептердегі
казак және орыс сыныптарына арналған міндетті оку қүралдарының үлттык
тәрбиеге байланысы мен мазмұны негізгі сана-сезімдік қасиеттермен толығып
жатса пайдалы болар елі. Осы мәселенің ара жігін дәл анықтап тәрбиенің
құралына айналдыра білу де методологиялық міндетгердің бірінен саналады.
Басты бағдар — барлық ұлт балаларының елімізге деген ортак сүйіспеншілігін
сезімін, мүдделерін қалыптастыру. Тек оқу процесі емес, мәдени-көпшілік
шаралары да оқушыларға ұлттық тәрбие беруде түрлі тәсілдердің шебер әрі
ұтымды пайдаланылуын іздестіруді талап етеді. Соған орай осы міндеттердің
түйінді мәселелерін талдауға ден коюды жалғастыра бермекпіз. Оған мемлекет
тарапынан жасалған тиісті ресми құжаттар бағыт сілтеп отырғанын алға
тартуға болады. Олай болса, мемлекеттің тәуелсіз даму жолының мүддесінде
тарихи маңыздылық пен ғылыми негізділікті ескере отырып, этномәдени білім
беруді камтамасыз ету, мәдени қайырымдылықтың іске асырылуын қолдау үшін
жастардың кейінгі әрбір буынының бойында қазақстандық патриотизмді
тәрбиелеу жүйесін құру міндеті тұрғаны айқын.
Елімізде ұлттык бірегейлену тарихи қажеттілік. Оның рухани-саналык
қасиеттер ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық
кеңес бекіткен гуманитарлық білім беру, тарихи сананы қалыптастыру,
әлеуметтік-мәдени даму, азаматтардың жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-
құлқын қалыптастыру тұжырымдамаларында белгіленген. Экономикалык және
әлеуметтік процестерді дамытуға ұлтаралык қарым-қатынас мәдениеті, ұлттар
достығы ерекше ықпал етеді. Олай болса ұлттық психология мен ұлттық тәрбие
байланыстарының зерттелуі осы процестердің мәні мен маңызын айқындап
тәрбиені, ортақ рухты дамытады. Басты мақсат — ел ынтымағы мен бірлігіне
үлес қосу.
Тәлім – тәрбие психологиясы.
Халқымыз әр жастағы адамдардың көңіл күйі, сезімдері, мінез
ерекшеліктері, түсінік талғамдары, сенім, қызығулары, әдет – дағдылары
бірдей болып келмейтіндігі жөнінде де қызықты пікірлер айтқан. Сөз
маржандарында адамның жас өзгешеліктері негізінен балалық, жастық, кемелдік
және кәрілік шақ секілді басты – басты төрт кезеңнің тұрғысынан
қаралатындығын байқауға болады. Адамның моральдық бейнесі, психикасы онын
іс-әрекеті үстінде дамиды, ал іс-қимылдың алғашқы ірге-тасы балалық кезде
қалыптасады. Халқымыз өз ұрпағын жақсы қасиетке еңбексүйгіштік,
тілалғыштық, имандылық т. б. баулуды үнемі негізгі мәселе деп ойлап келген.
Осыдан да болу керек, сәби, бөбек тәрбиесі мақал-мәтелдерден елеулі орын
алған. Бала тілі балдан тәтті, Балалы үй — базар, Бала — көңілдің
гүлі, көздің нұры, Алты жасар бала атқа мінсе, алпыстағы шал алдынан
шығады, Бала — адамның бауыр еті—деген мақал-мәтелдерге арнаулы түсініи
беріп жатудың қажеті бола қоймас. Халқымыз тәрбиесі кем балаға жаны ашып:
Әдепсіз бала — сорлы бала, Жаман бала — күйік, Талабы жоқ жас ұлың,
жалыны жоқ шоқпен тең, Балаң жаман болса, көрінгеннің мазағы,— деп
әдепсіз, өзінің де, өзгенің де мазасын кетіретін, талапсыз, ынжық, жалқау,
салдыр-салақ,қорқақ, күйгелек, өздігінен еш нәрсе істей алайтн, түйе
үстінен сирақ үйтетін, ебедейсіз балалардың келешегінен күдіктенеді де,
ата-анасының айтқанын екі етпейтін, тіл алғыш, зерек, әр нәрсені танып,
білуге құмар, елгезек, ықыласты,. тәртіпті балаларды басқаларды үлгі етеді.
Мәселену Өнерлі бала сүйкімді, Талапты бала талпнған құстай, құмары
қанбас аспанға ұшпай, Балаң жақсы болса, екі көздің шамшырағы., Адам
болатын бала алысқа қарайды, Кісі болар баланың кісесінен белгілі,
Болар адам жеті жастан бас болар, т. б. осы секілді халық нақылдарында
мініез-құлқы, психологиясы дұрыс бағытта қалыптасып келе жатқан, оқу-
өнерге құмар, талабы таудай, еңбек сүйгіш, тыңғылықты, жинақы, өмірге бейім
балалар сөз болады.
Бала біткеннің бәрі де ес білгеннен бастап білсем, көрсем, естісем,
ұстасам, алсам деп әрекет етуге ұмтылады. Ол өзін қоршаған ортамен, басқа
адамдармен қарым-қатынасқа түсуді қалайды. Бұл баланыңөзін қоршаған өмірді
терең де толық білуге табиғи құштарлығы. Олар үшін жай нәрсенің өзі
жаңалық. Бұлар әуесқой, тынымсыз зерттеуші. Көптеген мақал-мәтелдердің мән-
мазмұны осы айтылған идеяны да бейнелейді.
Ата-ана өз баласын өнегелі сөзбен, жеке басының үлгісімен тәрбиелейді.
Ойын баласында үлкендердің сезіне, қылығына, іс-әрекетіне еліктеушілік
басым. Мақал-мәтелдер бұл жөнінде төмендегіше тұжырымдаған: Балапан ұяда
не көрсе, ұшқанда соны іледі, Баланың тентек болмағы үйінен, Балаға
байқап сөйлесең ақылыңа көнер, байқамай сөйлесең көрсетер бір өнер, Қызды
асырай алмаған күң етеді, ұлды асырай алмаған құл етеді, Ұлың өссе, ұлы
үлгілілермен ауылдас бол, Анаға баланың алалығы жоқ, деп халық бала
тәрбиесін тек кұрғақ, сылдыр сөзбен жүргізгеннен гөрі іс-әрекет, үлгі-өнеге
арқылы жүргізудің пәрмендірек келетіндігін, сондай-ак бала тәрбиесіне оның
құрбы-құрдастарының, жора-жолдастарының да ықпалы болатындығын еске алып
отырған. Сондай-ақ балаға жасалатын ерекше мейірімділіктің, де, керемет
қаталдықтың да, баланы бір-бірінен алалап қараудың да теріс нәрсе екенін,
ал баланың жеке басын құрметтеп, елеу, оның психологиясының дұрыс
қалыптасуына жағдай жасайтынын нақыл сездермен дұрыс көрсеткен.
Халық ұғымында адамнын негізгі өмір кезеңінің бірі — жастық кезең —
бозбала шақ. Мақал-мәтелдерден бұл тақырып та елеулі орын алған. Ер бала
он бесінде отау иесі,.Жастық — жалын, Жастықты қайтара алмайсың, Болар
елдің баласы он сегізінде баспын дер,— деген толғаулар жастың, бозбалалық
шақ-— адамның ақыл-ойы қауырт өсетін, іс-әрекетке, қимыл-қозғалысқа аса
құштар, албырт, романтикалық кезі екенін өте дәл бейнелейді. Жастық шақтың;
басты белгісі — адамның жаны мен тәнінің сапалық, сандық жағынан да елеулі
өзгерістерге түсуінде. Осы жаста адамның қоғамдық белсенділігі артады, оның
сана-сезімі өседі, психикасы шыңдала, қатая түседі. Ол қоғамнан өз орнын
табуға тырысады, өзін қоршаған ортаға сын көзбен қарай бастайды. Бұл
жастағыларда өзін-өзі бағалауға ынталану, рухани өмірге қызығу, жеке
басындағы ойлар, адамгершілік идеялар кемеліне келе бастайды. Халық
даналығы жастарға қызығы мол, қайтып оралмайтын, кейін іздесең де
таптырмайтын адам өміріндегі ең қызықты кезеңді бос өткізсең — оның орнын
еш уақытта толтыра алмайсың деп, бұл кезде адамда ғылым-білімді, өнердің
сан алуан түрлерін меңгере алуға мүмкіндік мол болатынын, сол себепті көп
оқып, үйреніп, біле берудің керектігін әдейілеп ескертеді, оларды еңбек
сүйгіш, көпшіл, белсенді, өнегелі болуға шақырады. Мәселен, Жігіт адамға
жетпіс өнер де аз, Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болсын, Менмен жігіттің
соры, теменшік жігіттің қоры, Кішіпейіл, кең жайлау —жігіттің, зоры,
Өзі білем деген жігітің басына ойран салғаны, көп біледі деген жігіттің
басына қорған салғаны, Селтеңдеген жігіттің серкесінің соры, Жасында
көргені жоқ, ескенде айтары жоқ, Жас күніңде еңбек қылсаң есейгенше
жетілерсің, Жұмыссыз жастың жүргені сөкет,— деген толғаулар біздің
жоғарыда айтқандарымызға жақсы дәлел.
Жігіттік, бозбалалық дәуірден соң көп ұзамай Залетала адам өмірінің
кемелдік шағы басталады. Бұл кез-де онық белгілі кәсіппен айналысып,
үйелмен тауқыметін сезінуіне тура келеді. Халық: Отызыңда орда бұзбасаң,
кырқыңда кыр аспассың, Қырықта кылаң, елуде елес, Елу шылбырдан алды,
алпыс тізгіннен алды,— деп отыз бен алпыстың арасында адамның психологиясы
соншама жоғары дәрежеге көтерілетінін, оның мінез-құлқы мен жеке
қасиеттерінің, қажет-қызығуларының кемеліне келетінін айтса, енді бірде:
Жақсы жігіт ақылына жеңдіріп іс қылар, Жаман жігіт оңай істі күш қылар,
Пайдасы мол жігіттер дария, шалқар көлмен тең, пайдасы жоқ жігіттер ел
қонбаған шөлмен тең, Жігіттің құны — жүз жылқы, ары — мың жылқы, Жұртты
жеген жігітте күй болмайды деп адам істер ісін, ақылға салып ойласа, оның
нәтижелі болатынын, мұндайда оның тәжірибесі мен білімінің көбейе
түсетінін, тек өз басын ойлап, халыққа пайдасын тигізбей, өзімен-өзі болу
адамға абырой әпермейтінін, ар-ұятты жоғары ұстай білу, адамгершіліктің
басты белгісі екендігін, оған кір келтірмеу керектігін айтады. Болымсыздың
баласы жиырма бесінде жаспын дер, Жаман жігіт жасында шал, Жаксы кісі
қырқында толады, жаман кісі қырқында солады,— деген мақалдар адамның
адамдығьг тек жасына қарай, қанша жасағанымен бағаланбай, қалайша әрекет
еткендігімен өлшенетіндігін, адамдар алған білім, тәлім-тәрбиесіне қарай,
бір-бірімен ажыратылып, ерекшеленіп отыратындығын ескертеді.
Халық кәрілік құпиясына да үңіле қарап, оның сан қилы жақтары туралы
қызықты пікірлер айтқан. Бұл тұжырымдар мен топшылаулар кейбір ғылыми
өлшемдерден оншама алшақ та кетпейді. Мәселен, Сақалға ақ түсті, көңілге
дақ түсті, Кәрі тайғақ келер, екі көзінен нұр кетсе, Көңіл қартаймас,
көз картаяр, Қарсы келсе кәрілік, қара нарды шектірер, Кәрі жатса
қунайды,— деген мақал-мәтелдер қартайған адамның істен қалып, қуаты кеми
бастайтындығын дұрыс көрсеткен. Жарлы-жақыбай адамдардың қартайып,
қалжыраған кезде де жайлы жатып тұруға, өзін-өзі күтуге шамасы келе
бермейтіндігін көрсететін мақал-мәтелдер де аз емес. Мәселен, Бұл сексен
көрейін деген жасым ба еді, быламық ішейін деген асым ба еді, Тоймай
ішкен асың құрысын, қорлықпен жасаған жасың құрысын,— деген толғаулар
біздің жоғарыда айтқандарымызға жақсы дәлел. Көп жасаған құрдасынан
айрылады. Қатарынан айырылған шал құлазиды,— деген мақал-мәтелдерден
адамдардың қартайған сайын қатары сирей беретіндігі туралы пікірлерді
байқасақ, Жастық — жалын, кәрілік — күл, Жас кезімде бейнет бер,
қартайғанда дәулет бер, Кәрілік — дауасыз дерт,— деп халқымыздың жалынды
жастық шақты армандағанын, ол дәуреннің енді қайтып келмейтіні, сондай-ақ
қарттық келмей қоймайтын табиғат заңы екендігін дұрыс түсіне алғандығын
байқаймыз. Мақал-мәтелдер кәрі адамдардың ұнамды, жақсы қылықтарын жастарға
үлгі етеді. Мәселен, Кәрі — жастың тезі, Кәрі білгенді пері білмейді,
Аулыңда қария болса жазып қойған хатпен тең, Көп жасаған көмбенің
үстінен шығады, Кәрі, кәрінің сөзі — дәрі, Алпыстан асқанынан ақыл
сұра,— деген тұжырымдар да қарт адамдар өмірдің үлкен өткелінен өткен,
көпті көрген, тәжірибелі келетіндіктен олардың акыл-кеңестері жастардың
сана-сезімінің, ақыл-ойының қалыптасуына зор ыкпал ететіндігі айтылады.
Ақылды кария — ағып жатқан дария, Көп жасаған білмейді, көпті көрген
біледі,— деп халкымыз кеп жа-саған кәрінің бәрі бірдей емес,— деп, жан-
жағына сезім-талдыкпеы сергек карап, өмірден көрген-түйгені, тоқы-ғаны көп
дана қарияларды қүрмет тұтып, кадірлейді, жастарды солардан үлгі алуға
шакырады. Жаксы адам картайса жазып қойған хаттай, жаман адам картайса
бықсып жанған оттай, Жаксы кісі картайса да ақылынан танбас, Қартайып
өлсең қапыл жок,— деп, халык ерік-жігері мол, қайратты, кісілердің
қартайса да ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерінің кемімейтіндігін,
мұндайлардың қарттыққа мойымайтындығын, істен қалмайтындығын, жеке
өзгешеліктеріне карай адамдар осынау кезеңде де бір-бірінен ажыратылып
отыратындығын көрегендікпен түйе білген.
Халқымыз жас ұрпақты окытып-тәрбиелеу жайында да небір сындарлы пікірлер
айтқан. Баланы таба білсең, баға да біл, Баланы сүйсең, тәрбиесін сүй,
Баламен ойнама, шаршарсың, Қыз қуыршақ дейді, бала құлыншақ дейді,
Ойнай білмеген ойлай да білмейді,— деген мақал-мәтелдерде баланың ойынға
аса құмар келетіндігі, ұл мен қыздың ойыны да түрліше болатындығы, ойын
арқылы баланың сана-сезімі, ақыл-ойы, өсіп, жетілетіндігі дұрыс
көрсетілген.
Баланың дүниетанымында, оның психологиясының қалыптасуында оқу-білімнің
ерекше маңыз алатынын да мақал-мәтелдерден дұрыс көрсете алған. Білімнен
асар байлық жоқ, Білек сүріндіре алмағанды, білім сүріндіреді,
Білімдіден өнер құтылмас, Ақыл — тозбас тон, білім — таусылмас кен,—
деп келетін мақалдардан осы идеяны жақсы аңғаруға болады. Бұларда адамның
білімі мол болғанда ғана ол жаксы азамат бола алады, білімді адамға
аспайтын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz