Көру теңеулері
Мазмұны
Бірінші. Кіріспе.
Екінші. Негізгі бөлім.
Теңеу категориясы көркем әдебиеттегі ең негізгі бейнелеу тәсілдерінің
бірі.
2.1. Теңеудің негізгі тәсілдері.
2.2. Теңеулердің семантикалық тобы.
2.2.1. Көру теңеулері
2.2.2. Есту теңеулері.
2.2.3. Дәм сезімі теңеулері
2.2.4. Иіс сезімі теңеулері
2.2.5. Тері сезімі
2.2.6. Сезім – күй теңеулері
2.3. Теңеулердің семантика – стилистикалық сипаты.
2.3.1. Теңеудің стильдік варияциялары.
2.3.1.1. Метафоралық теңеулер.
2.3.1.2. Эпитеттік теңеулер.
2.3.1.3. Метонимиялық теңеулер.
2.3.1.4. Синекдохалық теңеулер.
Үшінші. Қорытынды.
Төртінші. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Қосымша № 1
I Кіріспе.
Қазақтың тілі мен әдебиеті тарихын зерттеуш ғалымдардың пайымдауларына
сүйенсек, қазақ халқы түрік тектес халықтардың ішіндегі сөздік қоры өте
бай, тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйінмен айтып түсіндіре алатын дана,
адамның сезім мүшілеріне дереу әсер ететін, өмір-тіршіліктен тура алынған
теңеулерді сөз тіркесіне қолдану арқылы оны түрлендіріп, пәрменді де қуатты
түрге айналдыра алатын шебер, дуалы ауыздан шыққан жүйелі сөзге тоқтап,
ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен шешен ұстамды да ақылды, парасатты халық
деген тұжырымға келеміз.
Өзіміздің өткен тарихымызға ой жүгіртсек, көркем сөз өнері сонау ерте
ғасырлардан бастау алатын белгілі. Бірақ кең-жазира өлкеде тіршілік
тауқыметімен көшіп-қонып жүрген халқымыз жазу-сызу өнерін отырықты халықтан
әнтек кейінірек өмірге енгізгені де ақиқат. Дей тұрғанмен, сөз қорын
молайту, оны көркемсөз түрінде жетілдіру, өзара қатынас құралы ретіндегі
өткірлігі мен шеберлігін шыңдау әрекеттері бір сәт те толастамай, халықтың
көркем туындылары ауыз әдебиеті түрінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келді.
Ауыз әдебиеті-халықтың ерте заманда, жазу-сызу өнері болмаған кезінде
тудырған көркем шығармалары. Оған ертегі, өлең, мақал мен мәтел, тұрмыс-
салт жырлары, жұмбақ, батырлар жыры, лиро-эпос, тарихи жырлар, айтыс
өлеңдер т.б. кіреді. Ауыз әдебиеті шығармаларында халық өзінің өмірін,
тұрмыс-тіршілігін, дүние танымын, әлеуметтік-таптық көзқарасын, еңбек
кәсібін, басынан кешірген тарихи жағдайларын, қуанышы мен күйінішін, арман-
мүдде, тілектерін бейнелеген. Ауыз әдебиеті тобына жататын шығармалардың
бәрі де ауызша шығарылып, көпшілікке ауызша айту арқылы тараған. Ауыз
әдебиетін тудырушы және оның иесі-халық.
Ауыз әдебиетінің қай түрін, қандай шығармаларын алсақ та, оны әуел
баста жеке адамдар-ақындар мен жыршылар, жыраулар мен ертекшілер, сөз
өнеріне икемі бар таланттар шығарған. Бірақ ертеде жазу өнері
болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары, өмірбаяны хатқа
түспеген, сақталмаған. Алғашқыда жеке адамдар шығарған ауыз әдебиетінің
үлгілері ғасырдар-ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ауызша жалғасып, өңделіп,
сұрыпталып, өзгерістер енгізіліп, көпшіліктің, біртіндеп бүкіл халықтың
туындысы болып кеткен. Міне осындай көркем ауыз әдебиеті үлгісінің бір түрі-
мақал мен мәтел.
Мақал-нақыл сөздің бір түрі. Өмір құбылыстарын жинақтайтын,
типтендіретін бір не екі тармақтан құралып, алдыңғысына шарт не жалпы
пайымдау, соңғысында қорытынды шығаратын, түйінді пікір айтатын, өте ықшам,
бейнелі халықтық поэтикалық жанр. Ғасырлар бойы екшелген, қырланған, алуан
мазмұнды, сан тарапты сөз мәйегі. Мақал өлең, кейде қара сөз түрінде болып
келеді де, тура мағынада және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы
мағынадағы сөздер астарлы, біртұтас ойды білдіреді.
Мәтел – қорытынды түйіндеуі туралай айтылмайтын қарама-қарсы
шендестіруі жоқ, тұжырымы тұспалды, ықшам да кестелі нақыл сөз. (Мысалы:
Апама жездем сай). Мәтел мақалға өте ұқсас. Сондықтан да ауыз әдебиті
үлгілерінің ішінде мақал мен мәтел қос сөз іспетті тіркес түрінде мақал-
мәтелдер деп айтылып та, жазылып та жүр. Бірақ, нақтылап ой жүгіртсек
өзара елеулі айырмашылықтары да бар. Мәтелдер көбінесе мақалдай екі
тармақты емес, сыңар болып келеді. Егер сөз үстемеленсе мәтел мақалға
айналады. (Мысалы: Асатпай жатып құлдық деп - бұл мәтел. Ал, Асатпай
жатып құлдық ұрма - бұл мақал). Мәтел де мақал сияқты тура мағынасында да,
ауыспалы немесе астарлы мағынасында да қолданылады. Мәтел айтылған пікірге
айшық бітіреді, сезімге әсерлілігін күшейтеді.
Мақал-мәтелдер, әр кездегі адамдардың қоғамдық тұрмыс-тіршілігіне
байланысты туып қалыптасқан. Халықтың қоғамдық өмірінен, тұрмыс-
тіршілігінен, өзара қарыс-қатынасынан, ғасырлар бойындағы еңбек
тәжірибесінен туған даналық сөз ретінде қолданылып, кейінгі ұрпаққа үлгі
етілген. Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйіні ретінде халық даналығынан туындаған осы мақал-мәтелдерді
пайдаланған. Қазақ халықының көп ғасыр бойына жасаған ауыз әдебиеті, бертін
келе жазба әдебиеттің туып қалыптасуы, дамуы жолында орасан зор қызмет
атқарды. Жазба әдебиеттің қайраткерлері өздерінің әдеби туындыларында ауыз
әдебиетінің үлгілерін, тіл байлығын, сюжеттерін молынан пайдаланып келеді.
Сондай-ақ, жазба әдебиеттің ақын-жазушыларының құнды пікір, әрлі нақыл
сөздерінің мақал-мәтелге айналғандарын олардың шығармаларынан жиі
кездестіруге болады. Мысалы: Ғылым таппай мақтанба (Абай), Жалғанды
жалпағынан басып өтіп (Жамбыл)
Тілдің нәрлігін, бейнелеу құдіретін арттырып, телегей-теңіз ой
толқынын ықшамдап, жүйелеп келіп, ауыспалы да салыстырмалы мағынада
түйіндеу арқылы тыңдаушы мен оқушыға жеткізудің бірден-бір тиімді түрі-
теңеу тәсілі. Бұл ауыз әдебиетіне де жазба әдебиетке де қатысты.
Қазақ тіліндегі теңеулердің грамматикалық табиғаты, струкуралық
ерекшелігі, семантикалық құрылымы, образдық жүйесі, стильдік сипаты әлі
толық зерттелген жоқ. Теңеу сияқты аса пәрменді көркемдеу, бейнелеу
тәсілінің ерекшеліктері мен сипатын анықтап, теңеу дегеніміз не деген
сұраққа бір ғана сөзбен жауап беру қиын. Себебі теңеу – тіл мен ойлау
проблемасының ауқымындағы өте күрделі құбылыс. Бұны логика пәні таным
құралы ретінде зерттесе, философияда эстетикалық категория ретінде
қарастырады. Ал, әдебиет тану ғылымы теңеуді көркемдеу, бейнелеу
тәсілдерінің қатарында тексерсе, тіл білімі оны лингвистикалық
категориялардың санатына қосады. Бұдан басқа әдебиет тану ғылымы мен тіл
білімінің аралығынан орын алатын стилистика пәні және бар.
Теңеу дегеніміз не? Бұл сауалға жауап беру үшін ғалымдар аз еңбектеніп
жүрген жоқ. Солардың ішінде қазақ филологтары Қ. Жұмалиев, З. Ахметов, З.
Қабдолов, М. Базарбаев, орыс ғалымдары Л.И. Тимофеев, И.В. Гутаров, А.И.
Федоров, А.Т. Рубайло, Б.В. Томашевский тағы басқалар бар. З. Ахметов:
Теңеу – белгісіз нәрсені белгілі нәрсе арқылы, күрделі нәрсені қарапайым
нәрсе арқылы, алысты жақын нәрсе арқылы айқындап көрсету - деген тұжырым
жасаса, И.В. Гутаров: Теңеу дегеніміз-суреттеуді неғұрлым көрнекті ету
мақсатымен бір затты, ұғымды, күйді басқа бір заттармен, ұғымдармен
салыстыруға негізделген көркемдеу тәсілі дейді. Ал, Л.И. Тимофеев: Екі
құбылысты бір-біріне жанастыра отырып, біреуінің қосалқы белгілері арқылы
екіншісін сипаттайтын троптың ең қарапайым, ең алғашқы түрі теңеу болып
табылады деп тұжырымыдайды.
Көркем әдебиет деген ұғым, көркем сөз деген ұғыммен ұштасып, астасып,
тұратынын ескерсек, сөзді бейнелеу, көркемдеу тәсілдерінің ішіндегі ең
бастысы, ең пәрмендісі – теңеу категориясы дегеніміз ең көне, ең қарапайым,
ең көп тараған бейнелеу тәсілдерінің бірі екендігін түсінеміз. Теңеу –
құбылысты жанама жолмен сипаттап көрсетудің стилистика мен поэтикада
қолданылатын әдістерінің бірі. Белгісіз нәрсені белгілі нәрсемен салыстыру
арқылы көзге елесетету. Жазушы яки ақын өзі бейнелеп көрсетпек болған
объектісін басқа нәрсемен салыстырып та суреттейді. (Мысалы: Нажағайдай
жарқылдай). әдеби теңеулердің басым көпшілігі қазақ тілінде зат есімге,
есімше мен етістікке жалғанған – тай (- тей), - дай (- дей), - ша (- ше),
дейін (- дейін) жұрнақтары арқылы жасалады: Мыс: Оның сөзі көкте жанған
жұлдыздай (Жамбыл), Тотыдайын таранған (Қыз Жібек эпосы).
Енді көркем әдебиеттегі ең көне, ауыз әдебиетінде, жазба әдебиетте де
ақындар мен жазушылардың, жыраулар мен шешендердің ең көп қолданатын
қарапайым бейнелеу өнері – теңеу категориясы туралы негізгі бөлімге –
теңеудің тәсілдері, семантикалық топаталуы, семантика – стилистикалық
сипатына жеке – жеке тоқталайық.
ІІ Негізгі бөлім
Теңеу категориясы – көркем әдебиеттегі ең көне, ең көп қолданылатын,
қарапайым бейнелеу тәсілдерінің бірі.
2.1. Теңеудің негізгі тәсілдері туралы
Теңеу жасадың қазақтың барлық филологы ғалымдары мойындаған өзіндік
тәсілдері бар. Солардың ішінен ең негізгі тоғыз тәсілді алып, нақты
мысалдармен талдап көрейк.
2.1.1. Бейне сөзінің көмегімен жасалған теңеулер
Мысалы.
Жұмбақтас бейне арыстан шөгіп жатқан,
Айбатты жалбыр жалын төгіп жатқан (С. С),
Шалкөде — төсі жайлау, бауры құрақ
Бұлағың жылтылдаған бейне сынап (Ж. С),
Міне түн, көк ғаршында алыс жұлдыз
Жымыңдап, шыпырлап тұр бейне жас қыз (С. В.),
Сөйлесе сөзі әдемі әм мағыналы,
Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды (А.).
Осындағы Жұмбақтас бейне арыстан шөгіп жаткан бұлағың жылтылдаған
бейне сынап, алыс жұлдыз жымыңдап тұр шыпырлап бейне жас қыз, күлкісі
бейне бұлбүл кұс сайрайды конструкциялары өздерінің структуралық құрылымы
жағынан теңеуге қойылатын шарттарға толық сәйкес келеді. Мәселен,
жұмбақтас — предмет, арыстан — образ, шегіп жатқан — белгі (қасиет). Олай
болса, бейне сөзі ол — теңеу тудыратын басты тәсілдердің бірі.
2.1.2. Тең сөзінің көмегімен жасалатын теңеулер.
Тең сөзі де теңеу жасайтын тәсілдердің қатарына жатады. Мысалы:
Әйел адам гүлмен тең, дымды сүймек,
Көзінен жасы шықса, бойына ем (Л.),
Қайғың болар шермен тең,
Қара көңлің жермен тең (А.),
Ердің көңілі күнмен тең,
Ездің көңілі түн мен тең (Ә. Т.).
Бұл мысалдардағы тең сезімен келген конструкциялардың бәрі де теңеулер
болып табылады. Мұнда бейне сөзіндегідей структуралық белгі көзге ұрып
тұрған жоқ. Яғни тең сөзінің көмегімен жасалатын теңеулерде тенеудің үш
элементі қатар жүре бермейді. Көп жағдайда предмет пен образды дәнекерлеуші
элемент (белгі) айтылмайды. Сол себепті тең сөзінің теңеу жасайтын тәсіл
екенін анықтайтын критерий семантикалық белгі болып табылады. Бұлар
метафора болған болса, онда олардың образдары келтірінді мағынада
жұмсалған болар еді. Ал жоғарыдағы мысалдардың барлығында да олар
(образдар) өздерінің тура мағыналарында жұмсалған. Бұл айтқанымыз — тең
сөзінің теңеулік тәсіл екенін көрсететін бірінші дәлел. Екінші дәлеліміз:
әйел адам гүлмен тең, дымды сүймек теңеуінің үш элементі түгелдей
айтылған. Мұнда предмет — әйел адам, образ— гүл, белгі — дымды сүю. Бұл
айтқанымызды айқындай түссек, былай болады: гүл — нәзік өсімдік, ол ерекше
күтімді қажет етеді, яғни ол ылғи да суарып тұруды керексінеді; әйел
адамның жаны да нәзік, ол қуаныш, қайғы, махаббат, жауыздық тәрізді
нәрселерді жанымен ұғының жүрегімен қабылдайды; оларға өзгеше тебіреніп
ерекше елтиді; осы күшті сезім оның көзінен жас болып тамшылайды; демек,
көз жасы әйел адамға тән сезім көріністерінің айнымас атрибуты болып
табылады. Сонымен гүлгe су керек, әйел адамға көз жасы тән. Олай болса, гүл
де, әйел адам да дымды сүйеді, ендеше талданып отырған теңеудегі дымды
сүймек-осы теңеудің белгісі (қасиеті).
3. дай-дей, - тай-тей, - дайын-дейгін, тайын-тейін
жұрнақтарының көмегімен жасалатын теңеулер.
4. ша-ше, жұрнақтарының көмегімен жасалатын теңеулер.
5. секілді, сияқты, тәрізді сөздерінің көмегімен жасалатын
теңеулер.
6. ұқсас (ұқсайды, ұқсап, ұқсаған) сөзінің көмегімен жасалатын
теңеулер.
Мысалы:
Қобыландының айбаты
Арыстанға ұқсады (Б. Ж.).
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек (А.),
Жолдастарына қадірлі, өйткені жолдасына коң етін ойып бергендей,
өтірікке жоқ, бір сөзді жігіт, сөйлегенде, даусы дөнен қошқардың
маңырағанына ұқсайды (С.С.), Жалпақ қара бұжыр беті қара шұбар бүркіттің
жотасына ұқсайды (С. М.), Енді апаннан ата жөнелген қасқырға ұқсап, әр
окоптан сұр киінген неміс солдаты тұра салып, қашып барады (Ғ. М.).
Бұл тәсіл — теңеу тудыратын ең пәрменді тәсілдердің бірі. Ұқсас сөзінің
қатысуымен жасалған теңеулік конструкция да, басқа теңеулік конструкциялар
сияқты, үш мүшеден тұрады да, теңеулік мағына, соған орай, теңеулік образ
жасайды. Жалпы алғанда, ұқсас сөзінің қатысуымен жасалған теңеулердің басым
көпшілігінің үш элементі қатар жүреді, сол себепті бұдан теңеулік мағына
айқын аңғарылып тұрады. Мәселен, мына теңеулердің үш: элементі де бар: бір
минут бір кісінің өміріне ұқсас, етті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек,
апаннан ата жөнелген қасқырға ұқсап, неміс солдаты қашып барады т. с. с.
Демек, ұқсас (ұқсап, ұқсаған, ұқсайды) сөзінің көмегімен жасалатын теңеулік
конструкция—қазақ тілінің ертеден бері келе жатқан етене, өнімді тәсілі.
2.1.7. Шығыс септігінің жалғаулары арқылы жасалатын теңеулер
Қазақ тілінде дәл бүгінгі күнге шейін шет қақпай қалып өгейсіреп жүрген
тағы бір дәл осындай тәсіл бар. Oл - шығыс сепігінің жалғаулары арқылы
теңеулік образ жасайтын тэсіл. Мәселен, ауызекі тілде қазақтар "қой" -
жуас иттің етінен жек көру, бетегеден биік, жуаннан аласа, сүттен ақ,
судан таза, алтыннан ардақты - күмістен салмақты деген тәріздес сөз
тіркесі мол қолданады. Мұндай тіркестер бір нәрсенің екінші бір нәрседен
артық яки кем екенін көрсету үшін өздері сұранып тұрады. Бұл тәсілдің
көмегімен сапалық ұғымдар бір-бірімен салыстырылып, сол салыстырудың
нәтижесінде теңеулік образ жасалады. Қараныз:
Белі нәзік талып тұр,
Тартқан сымнан жіңішке,
Үзіліп кетпей неғып тұр!? (Б. Ж.),
Ақылы жақсы адамның дариядан мол
Мені іздеп ептіп кепсіз жеті жүз қол (Б.Ж).
Қызығы бұл дүниенің балдан тәтті,
Көңілге бек сақтаған қанағатты (М.),
- Ай осы ауылнайды иттің етінен жек көремін-деп сандыбай шоқпар таянып
тұра бастады (І.Ж.), Әйелдің судан тұнық, сүттен ақ көңілі бұлқан-талқан
болатын (Ө.Қ.). Осы мысалдардың қай-қайсысынан болса да таза теңеулік
мағына аңқып тұр. Және барлық мысалдардың брінеде теңеуге тән үш элемент
түгелдей сақталған.
2.1.8.Теңеу жасайтын поэтикалық параллелизм.
Стилистикалық фигураның бұл түрінің бейнелеу, көркемдеу қызметінің
теңеуге ұқсайтынын әдебиет зерттеушілері талай рет атап көрсеткен болатын.
Мұнда екі нәрсе қатар алынады да, олар бір-бірімен салыстырылады. Бұл
салыстыру сол қатар алынған екі немесе одан да көп заттың ұқсастығына
негізделеді немесе екі ұдай нәрсені параллельдік салыстырудың нәтижесінде
олардың арасындағы ұқсастық белгі ашылады. Параллелизм тәсілінің мәнісі
мынада. Бір-біріне салыстырылатын нәрселердің образы мен предметі салалас
құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдеріне тсң бөлініп түседі. Яғни екі жай
сөйлемнен құралған салалас құрмаластың алғашқы жай сөйлемі (бірінші
компоненті) теңеудің образы қызметін аткарады да, соңғы жай сөйлемі (екінші
компоненті) теңеудің предметі болып жұмсалады. Және бұл екі жай сөйлемге
ортақ баяндауыштар болады. Сол ортақ баяндауыштардың біріншісі бір-ақ рет
айтылып, екіншісі екі рет қайталанады. Осы ортақ баяндауыштар образ бен
предметтің арасында дәнекер болып қызмет атқарады. Басқаша айтқанда,
теңеулік мағына осы баяндауыштардыц мағыналарынан анық сезіліп тұрады.
Теңеудің параллелизмдік тәсілінің классикалық үлгілері, әсіресе, ауыз
әдебиетінде кеңінен тараған. Соның бірі—Ер Тарғын жырындағы Ақ Жүністің
монологы.
Бұқар барсаң, қолаң бар,
Қолаңды көр де, шашым кер.
Зергер барсаң қасында
Алтыннан соққан түйме бар,
Түймені көр де, басым көр.
Молдаға барсаң қасында
Қиюлы жатқан қалам бар,
Қаламды көр де, қасым көр.
Имран барсаң, пісте бар,
Пістені көр де, мұрным көр.
Әр шәһарға қарасаң,
Құрулы тұрған күзгі бар,
Күзгіні көр де, көзім көр.
Самарқанд барсаң, сандал бар,
Сандалды көр де, тісім көр.
Ұсталарға барсаң, қасында
Тартулы жатқан сымдар бар,
Сымды көр де, қолым көр.
Тоғай барсан, тоғайда
Домаланған қоян бар,
Қоянды көр де, жоным кер.
Қара жерге кар жауар,
Қарды көр де, етім көр.
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де, бетім көр (Б. Ж).
Бұл монологта он теңеу бар. Мұндағы көзге образ болып жұмсалған күзгі
мен піске образ болып қолданылған сандалдан басқаларынық бәрі де—қазақ
теңеулерінің үйреншікті, танымал образдары. Тенеудің параллелизмдік
тәсілінде теңеудің белгісі анықталмайды. Сөйтсе де онық не нәрсе екені
ап-анық білініп тұрады. Мәселен қарды көр де, етім көр, қанды көр де,
бетім кер теңеулеріне тән белгілердің ақ, қызыл түстер екені бесенеден
белгілі. Өзінін Өлең сөздің теориясы деген кітабында проф. 3. Ахметовте
Ақ Жүніс монологындағы суреттеу әдісі бастан аяк біріне-бірі жалғасып
тізіліп тұрған тенеулерге негізделгендігін айрықша атап көрсеткен. Демек,
поэтикалық параллелизм әдісі тенеулік –тәсілдердің бірі болып табылады.
2.1.9. Аралас тәсіл арқылы жасалатын теңеулер.
Мұнда жоғарыдағы тәсілдердің екеуі не үшеуі бірігіп келіп, теңеулік
образ жасайды. Бұл жағдайда теңеудің мағынасы күшейіп, образы мейлінше
айқындала түседі. Мысалы:
Қыздар жүр, дүр төгілген қолаң шашы.
Бейне піл тұмсығындай білеуленген (Д. Ә.),
Майысқан бейне гүлдей толықсығап
Кем емес алтын тақтан жар
төсегі (А.),
Дәл бейне ерте шыққан бүлдіргенше
Суық соғып бүрісер
дәмі енгенше (А),
3. Шайдоллалар кескен томар сықылды да, ал, отағасы,
сен бейне бір дәу терек секілдісің (X. Е.),
4. Сөзің бір бейне ұқсас шалқар көлге,
Келіп тұр айтқаныңның бәрі жөнге (Айт),
5. Сенсіз маған жат төсек
Болар бейне көрмен тең (А.),
6. Ұқсаймын шалға аққудай,
Ұқсаймын гүлдей сәбиге (С. Мәу.).
Жоғарыдағы мысалдардан көрініп отырғандай, бұл аралас тәсілдің
морфологиялық құрамы мынадай болады:
а) бейне - дай-дей
ә) бейне — ша-ше,
б) бейне — секілді (сықыллды,
тәрізді, сияқты),
в) бейне — ұқсас,
г) бейне — тең,
ғ) ұқсас — дай-дей.
Сонымөн қазақ тіліндегі теңеулердің жасалуының жоғарыдағыдай тоғыз
түрлі тәсілі бар екен. Рас,бұлардың теңеу жасаудағы үлес салмағы
бірдей емес.
Олай болуы мүмкін де емес. Бүлардың ішіндегі ең пәрмендісі — дай-дей,
-тай-тей, -дайын-дейін, -тайын-тейін жұрнағының көмегімен жасалатын тәсіл.
Бүкіл қазақ теңеулерінің 70%-тен астамы осы тәсіл арқылы дүниеге келеді.
Екінші орынды сияқты, сықылды, секілді, тәрізді тәсілі алады. Бұларға
теңеулердің 10—15%-ке жуық үлесі тиеді. Үшінші орынды ша-ше жұрнағы арқылы
жасалатын тәсіл, төртінші орынды ұқсас сөзінің көмегімен жасалатын тәсіл,
бесінші орынды бейне сөзі тәсілі, алтыншы орынды -нан-нен, -данден, -таң-
тен жалғауы тәсілі, жетінші орынды аралас тәсіл, ал сегізінші орынды тең
сөзі тәсілі алады. Бұл айтылған сегіз тәсіл — қазақ тілінде теңеу жасаудың
ең негізгі, ең басты тәсілдері.
Тілімізде теңеу жасаудың (теңеулік мағына тудырудың) бұлардан басқа да
өнімсіз амалдары бар. Мысалы:
а) Ширығып шыдамы жоқ тұр ханыша,
У жеген бурыл бөрі порымданып (I. Ж.).
2.2. Теңеулердің семантикалық тобы туралы.
Қазақтың филиолог – ғылымдары өз зерттеу еңбектері негізінде
семантикалық топқа адамның сезім мүшелері арқылы сезінетін теңеулер жүйесін
жатқызады.
Бұлардың жалпы теңеулер жүйесіндегі үлес-салмағы әркелкі. Мәселен, біз
12 000 теңеуді жоғарыдағы семантикалық топтар бойынша іріктегенде, олар
былайша жіктелді. Көру теңеулері — 3500, есту теңеулері — 700, дәм сезімі
теңеулері — 90, тері сезімі теңеулері — 610, иіс сезімі теңеулері — 7,
сезім-күй теңеулері — 7093, бұл санның 4146-сы конкретті сезім-күй
теңеулеріне, 2947-і дерексіз сезім-күй теңеулеріне жатады. Рас, жоғарыда
көрсетілген цифрлардың санын үзілді-кесілді дұрыс дей қою қиын. Өйткені
кейде бір семантикалық топ пен екінші семантикалық топтың жігін ажырату өте
күрделі. Бұл жағдай, әсіресе, сезім-күй теңеулеріне тән. Айталық, кейде
біздің сезім-күй теңеулері дегеніміз басқа топтардың біріне кетеді де,
керісінше, басқа топтағы теңеулердің қайсы біреулері сезім-күй теңеуі болып
табылады. Бірақ қалай дегенмен жоғарыдағы цифрлардан аталмыш семантикалық
топтардың ара салмағының қандай дәрежеде екенін ажыратуға әбден болады. Біз
жоғарыда сезім-күй теңеулерінен кейінгі орынды көру теңеулерінің алатынын
байқадық.
Қазақ тілінде теңеулердіің алты түрлі функционалдық тобы бар. Олар –
көру, есту, дәм сезмі, тері сезмі, иіс сезімі және сезм –күй теңеулері.
Бұлардың әрқайсысының психо-физиологиялық негізі, семантикалық рычагы,
образы, предметі, белгісі (қасиеті) болады.
Енді осы теңеулердің семантикалық тобына жеке-жеке тоқталайық.
2.2.1. Көру теңеулері.
Сезім мүшелерінің ең басты, ең пәрменділерінің бірі — көз. Адам көз
арқылы дүниедегі заттар мен құбылыстарды көріп, олардың түр-тұрпатын, сан
қилы формаларын, түсін, олардың бір-бірімен ара қатынасын, орналасу
тәртібін, қозғалыс-қимылын т. б. толып жатқан белгілерін біліп таниды.
Соның нәтижесінде адам санасында белгілі бір ұғымдар қалыптасады. Осылайша
көзге көрініп, өздерінің әр қилы түр-түсімен танылған заттар мен құбылыстар
образ болып қызмет атқарып, көру теңеулерінің жүйесін құрайды. Көру
теңеулерінде бір-біріне теңелетін заттар мен құбылыстардың сыртқа
ұқсастықтарына баса назар аударылады. Әрине сыртқы ұқсастық әр қилы болуы
мүмкін. Ол — салыстырмық заттар мен құбылыстардың формаларыны, кескін-
кейіптерінің, түр-түстерінің, қозғалыс-қимылдарының, кеңістікте орналасу
тәртібінің ұқсастығы. Осындай ұқсастықтардық негізінде көру теңеулері
жасалады да, олар шындық өмірдің бейнелі суретін көз алдымызға елестетеді.
Көру теңеулерін А. Т. Рубайло предметтік-суретті (предметно-
изобразительные) теңеулер деп атайды.
Қазақ жазба әдебиетінде де, ауыз әдебиетінде де, ауыз екі тілде де көру
теңеулері баршылық. Ал Д. С. Лихачевтың айтуынша, орыстың ерте кездегі
әдебиетінде, әсіресе орта ғасырлық әдебиетінде, теңеудің бұл түрлері өте аз
көрінеді. Орыс әдебиетінде осылай болғанымен, қазақ әдебиетінде бұлай емес.
Теңеулердің қай түрі болмаған әр дәуірдің әдебиетінде жеткілікті мөлшерде
кездесе береді. Бұл, әсіресе, көру теңеулеріне тән. Мысалы:
Әмірімен алланың
Арыстай қылып ұл тапты (Б. Ж.),
Алпамсадай аю жұдырықтай қоянды ұстап алып, ешбір жазықсыз құларынан
тартып қинады (Қ. Е.), Етікші есікке қараса, маңдайында жарқыраған жалғыз
көзі бар бір еңгезердей дәу кіріп келе жатыр екен (Қ. Е.), Таң ата, қыз
алдына қараса, қарашадай жас бала кетіп барады (Қ. Е.),
Қодардың өзі дардай, сөзі дардай,
Жүреді жанның бәрін көңіліне алмай (Б. Ж.),
Жіңішке бойық нәзік қылдырықтай,
Сөйтсе де сезің ұшқыр бұлдырықтай (Айт.).
Біз бұл мысалдарды тек ауыз әдебиетінен ғана әдейі алып отырмыз. Бұл
мысалдар қазақ ауыз әдебиетінің өзінде-ақ көру теңеулері мейлінше мол
болғанын дәлелдейді Рас бұл теңеулердің образдарының мағыналары барынша
көмескіленген. Солай бола тұра, бұл сөздердің алғашында анық, айқын
мағыналы зат атаулары болғанына ешбір күмән келтіруге болмайды. Жалпы
аталмыш теңеулер ауызекі тілде де жиі қолданылады.
Ал бұлардың қазіргі көркем әдебиетте қолданылуы — өз алдына бір мәселе.
Көру теңеулері Абайдан басталатын жазба әдебиетінде де баршылық. Олардың
кейбіреулері төмендегілер:
Отырған жұрт аттай шұлғысып, мақұлдайтындарын білдірді (Ғ. М.),— Неге
болмасын: түйедей қыз беріп, түймедей ет жемедім депті (С. М.), Ердің арт
жағына бөктерген жетім қозы қарнындай екі бөлек түйіншегі бар (Ә. Н.), Бір
лақтай дуадақты арқалап, Сатан арбаға келді (I. Ж). Бірақ Жәнібек барыстай
атылып, Сарыбайды ат үстінен жұлып алған (I. Е.), Орман түлкісіндей қызыл
келіншектің бетіне қан жүгіргені ешкімге байқалмады (Ғ.
Мұс), Соның ішінде қаршығадай шағын ғана бойы бар, үйдей үлкен ойы бар,
алғыр, ақсұр Абай баласы — Мағаш қара үзіп, озып отыр (М. Ә.), Сұлтанмахмұт
арбадан қаршығадай лып етіп қарғып түсті (Д. Ә.). Бұл мысалдардан байқалып
отырғандай, керу теңеулерінің негізге алатыны — заттардың үш түрлі белгісі.
Біріншісі — заттардың тұлға-тұрпаты, формасы; екіншісі — олардың қимыл-
әрекеті; үшіншісі — заттардың түр-түсі, бояуы. Бұл аталмыш нәрселердің
(белгілердің) қай-қайсысы болмасын көзге көрінетін, көз арқылы қабылданатын
болғандықтан, көру теңеулерінің жасалуына ұйтқы болады да, суреттелген
затты жаңа қырынан, көркемдік-бейнелілік қырынан танытады. Соның
нәтижесінде, А. Т. Рубайло айтқандай, предметті-суретті немесе әшекейлі-
кестелі теңеулер дүниеге келеді. Шынында да сұлулық, әдемілік, әсемдік
немесе керісінше, сұмпайылық, жиіркенішті, құбыжық деген нәрселерді көзбен
көрмей, түсіну де, біліп, тану да мүмкін емес екені белгілі ғой. Ал көру
теңеулері арқылы тану — бұл жай ғана тану емес, сонымен қатар көркем тану.
Жоғарыдағы мысалдардың өздінен теңеулерге предмет болып тұрған екі затты
алайық. Олар: қыз, дуадақ. Бұлар — бұрыннан танылған, ежелден адамдарға
белгілі болған заттар. Ал жоғарыдағы теңеулер арқылы бұлар қайтадан,
жаңадан танылып отыр. Ендігі таным басқаша таным болып табылады. Бұл таным
арқылы қыз түйеге, дуадақ лаққа ұқсатылған. Түйенің, лақтың аталмыш
заттарға образ ретінде алыну себебі — оларды мейлінше үлкен, барынша-ірі
етіп көрсету, сол арқылы оқырман сезіміне әсер ету. Бұл арада екі
теңеудін, екеуіне де белгі болып тұрған нәрсе — предметтер мен образдардың
көлемі. Қыздың мейлінше үлкейтіліп көрсетілу себебі — келін түсіріп отырған
құданың сараңдығын ажуалау, оны жеріне жеткізе мінеу. Осы мақсатты жүзеге
асыру үшін, бір теңеулік конструкцияның бойына үш түрлі көркемдеу тәсілі
тоқайластырылған. Оның біріншісі — теңеу, екіншісі — гипербола мен литота,
үшіншісі — антонимдік әдіс. Өмірде түйедей қыз болмайды, сондай-ақ,
түймедей етті жемесе де болады. Солай бола тұра, бұлайша суреттеу ой
ұтымдылығын, образ әсемдігін тудырған. Қыз гиперболалық, ет литоталық
кейіпке еніп, қыз беруші құда мен келін түсіруші құданың ара қатынасының
қандай екені бейнелі түрде айқындап тұр. Сонымен қатар гипербола мен литота
бір конструкцияның бойында тоғысып, бір-біріне антоним ретінде қатынас
жасап, антитеза болып қызмет атқарған. Жомарттық пен сараңдық ақ көңілділік
пен пасықтық, ірілік пен ұсақтық тәріздес бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар
аталмыш теңдеуден бой көрсетіп тұр.
Көру теңеулеріне негіз болған екінші белгі заттардың қимыл-әрекеті
дедік. Жәнібек барыстай атылды, Сұлтанмахмұт қаршығадай лып етіп
теңеулері осы белгінің көмегімен туған. Мұнда образдың қимыл-әрекеті
предметтің қимыл-әрекетімен салыстырылып, жалпы теңеу динамикалық сипатқа
ие болады да, суреттелміш қимыл-әрекеттің әшекейлі-кестелі суреті жасалады.
Жәнібектің де, Сұлтанмахмұттың да әншейін-ақ қимылдары эмоциялы бояумен
көмкеріліп, экспрессивті әсермен суарылады да, бейнелене, көріктене түседі.
Бұлар керу теңеулері болып табылады. Өйткені бұлар — қайдағы бір абстракт,
дерексіз қозғалыстар емес, керісінше, деректі, конкретті қозғалыстар.
Теңеудің образдары да, предметтері де — деректі, конкретті нәрселер. Сол
себепті де предметтің қимылы образдың деректі, конкретті қимылына
ұқсатылып, соның нәтижесінде предметтің қимылы да конкреттілік сипатқа ие
болған. Демек, көру теңеулеріне негіз болатын нәрсе де — осы конкреттілік
сипат. Яғни бұл қимылдар — көзбен көруге болатын қимылдар.
Көру теңеулерінің жасалуына себеп болатын үшінші белгі — заттардың түр-
түсі. бояуы. Орман түлкісіндей қызыл келіншек тектес теңеулердің
жасалуына ат салысып тұрған нәрсе (белгі) — заттардың түр-түсі, бояуы.
Бірақ мәселе заттардың, ақ, қызыл, қара екенін жай ғана хабарлап қою емес,
сонымен қатар сол бояулардың түсін айқындап ашу, сол арқылы предметтің
шырайын, реңін көріктендіру. Міне осы көркемдік мақсат орындалу үшін,
предметтің бояулары образдардың бояуларына ұқсатылады да, предмет реңдене,
әрлене түседі. Енді келіншек жай ғана қызыл шырайлы емес орман
түлкісіндей құлпырған қызыл болып шыға келеді де, жаңа жарастықпен, жаңа
кейіппен елес береді. Осылайша аталмыш теңеулік образдар әшекейлі-кестелі
суретке айналады. Сонымен, көру теңеулері жалпы теңеулер жүйесіндегі ең
ауқымды, әрі өз ішінен бірнеше мағыналық бөлшекке жіктелетін семантикалық
топ болып табылады.
2.2.2.Есту теңеулері.
Бұл семантикалық топқа жататын теңеулердің де саны едәуір. Бұл топтағы
теңеулер адамның есту қабілетінің негізінде жасалған. Рас, құлақ аты сезім
мүшесінің көзге қарағанда, мүмкіндігі әлдеқайда төмен. Сол себепті көру
теңеулерімен салыстырғанда, есту теңеулерінің саны да әлденеше есе аз.
Есту теңеулері адамдар мен жан-жануарлардың, табиғат құбылыстары мен
басқа заттардың шығаратын дыбыстарын негізге ала отырып жасалған. Бірақ
есту теңеулері дүниедегі толып жатқан дыбыстардың көшірмесі емес. Бұл
теңеулер суреттелміш заттың қандай дыбыс шығарғанын, ол дыбыстың қандай
дыбысқа ұқсайтынын бейнелеп көрсетеді де, сол арқылы, көбінесе, дыбыс
шығарушы объектінің (предметтің) ішкі мәніне үңіледі. Басқаша айтқаңда,
есту теңеулерінде предмет пен образдың ішкі ұқсастығына көбірек көңіл
аударылады. Демек, есту теңеулері предметтің мінез-құлқын, рухани
құнын, қоғамдық маңызын бейнелеп, көркемдеп суреттеп көрсетеді екен. Бүған
көз жеткізу үшін, мысалдарға көз жүгіртейік:
Күн сияқты көкте ойнап күркіреп,
Қайта туып алды Абай бір түлеп (С. Мәу.),
Өзендей Сарыарқаны сарқыратты,
Ақбайды безілдетті, қалтыратты (Ә. Т.),
Оның күмістей сыңғырлаған әдемі даусы тыңдаушының құлақ құрышын
қандырып, елтітіп әкетеді (С. М.). Әннің аяғын сыбызғыдай сұңқылдатып,
ботадай боздатқанда, отырғандардың алпыс екі тамыры солқылдап, көкейін
кесіп-ақ жібереді (I. Ж.) Доңғалағы тасқа секірген арбадай салдырлайсың да
женелесің сен-ақ, —деп кейіді Бондаренко (Т. А.), Оған енді осы бір
қоңыраудай шүлдірлеген тік бақай татар келіншектің зәбірі батты (Ә. Н.),
Көшпейін деп еді, ерінің ыстық қабыры суымай жатып, Шепе азбан айғырдай
азынап маза бермейді (С. М.), Шаңырағы күйреп жерге түскен үйлер, ұлдары
сойылға жығылып, ботасы өлген інгендей боздаған аналар... (I. Е.), Елді
сағынған жігіттер, жігіттерді сағынған ел бір-біріне жамырағанда, қойдай
маңырап, қозыдай шуласты (I. Ж.). Өздері, тіпті, бас құрасып, шуласып,
бері көрген сиырдай мөңіреседі дейді (М. Ә.), Бауырынан топырақ шашқан
қызыл көз бұқалардай гүжілдей гүрілдеп жатқан қар суы (Ә. Қ.), Шешесінін,
қарындасының, қалыңдығының мойынынан құшақтап, егіздей өкіріп,
кеңкілдеп жылаған дөкей-дөкей жігіттердің түрін көргенде, адамның іші ашып,
жігері құм болады (I. Ж.). Біреуінікі тіпті басым, шошқаша қорсылдап,
бақаша қақалап жатыр (Ғ. Мүс), Не айттың, малғұн? Айт азғын! — деп Ықсан
молда төбеттей арсылдап, орнынан қопарылып кетті (I. Ж.). Сербов сасық
күзенше шақылдап, зекіп, кекетіп, большевиктерді қатарлап жатыр (С. С).
Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы
боқтықтан ұзамадық (А.).
Дүниеде не көп, дыбыс көп. Сол дыбыстардың көпшілігі дерлік қазақ
теңеулеріне негіз болып қолданылған. Предметтің шығарған дыбысын тыңдаушыға
естірту үшін, естіртіп қоймай, онын, сезіміне әсер ету үшін, белгілі бір
дыбыстың иесі болып табылатын зат теңеуге образ болып қолданылады да,
предметтің шығарған дыбысы осы образдың шығаруға тиісті дыбысына
ұқсатылады, соның нәтижесінде суреттелміш предмет оқушыға жаңа мінез-
құлқымен немесе өзініқ табиғи қасиетімен танылады. Басқаша айтқанда, осы
дыбыс арқылы предметтің ішкі мәні ашылады.
Есту теңеулері әр түрлі модальдық мағыналарда жұмсалады. Бұлар
жазушының яки айтушының суреттелміш заттар мен құбылыстарға деген жақсы,
жаман көзқарастарын, сүйініш, күйініштерін білдіреді.
Бірінші топ: бұл топқа өлең, ән, күй, хабар тәріздес дерексіз
ұғымдардың күш-қуатын әсірелеп суреттейтін есту теңеулері жатады. Мәселен,
өгей заманда өзегін өрт шалып, өксіп еткен кемеңгер Абайдың ақындық даңқы
советтік дәуірде барынша шарықтап заңғар биікке көтерілді. Міне осы процесс
күннің күркіреуіне теңеліп, Абай ақындығының қуаты елес беріп өтеді.. Яғни
дүниедегі ең пәрменді дыбыс күннің күркіреуі болса, Абайдың ақындық дарыны
соған ұқсатылып, биіктей, өрлей түседі. Немесе қос ішектен күмбірлей
төгілген күй сазының сезімге етер әдемі әсері өзен суының сарқырауына
теңелгенде, күйдің қуатты сазы зор серпінмен жосыла жөнеледі де, оның нәзік
лирикалық әуені үздіксіз төгіліп, әдемі де әсем ырғағы бірден-бірге
жалғасып, әуезді сарыны шымырлап қайнайды. Мінеки, күйдің сезімді тербейтін
осындай құдіреті өзеннің сарқырауына ұқсатылын, үлкен эмоционалды-
экспрессивті қуатқа ие болып тұр. Сондай-ақ, өрттей дүр ете түскен хабар,
күмістей сыңғырлаған әдемі дауыс, әннің аяғын сыбызғыдай сұңқылдатып,
ботадай боздатып тәріздес толып жатқан есту теңеулері — белгілі бір дыбыс
түрінің ғаламат күшін, өлшеусіз әсерін бейнелеп, көркемдеп суреттеп тұрған
теңеулер.
Екінші топ: бұл группадағы теңеулер бір топ заттардың бірігіп шығаратын
дыбыстарын негізге ала отырып, предметтің (тағы да бір топ заттың) жан
дүниесіндегі әр қилы толқындардың сыртқа тепкен көрінісін суреттейді.
Ботасы өлген інгендей боздаған аналар, жігіттер.., ел қойдай маңырап,
қозыдай шуласты, өздері... бәрі көрген сиырдай мөңіреседі, бауырынан
топырақ шашқан қызыл көз бұқалардай гүжілдей гүрілдеп жатқан қар суы,
өгіздей өкіріп... жылаған дөкей-дөкей жігіттер, біз ұзақтай шулап,
қарғадай барқылдап іспетті теңеулер осындай есту теңеулері болып табылады.
Осыңдағы үш теңеу ботасы өлген інгендей боздау, қойдай маңырап, қозыдай
шулау, өгіздей өкіру — жылау процесін суреттейтін теңеулер. Қайғы-
қасіретке кез болған аналардың өзегін тіліп шыққан ащы зар ботасы өлген
інгеннің боздауына, сағыныш пен қуаныштан шуласа көрісқен жігіттер мей
елдің жыласып-сықтасуы қойдың маңырағаны мен қозының шулағанына, беттен
жерге еріксізден аттанып бара жатқан жігіттердің қоштасу сәтіндегі босаңсуы
өгіздің өкіргеніне теңеліп, қайғы-қасірет, зар-мұң, сағыныш, қимастық
тәріздес сезім-күйлерінің образды суреттері боздау, маңырау, шуласу, өкіру
сияқты дыбыстардың көмегімен жасалған.
Ал бөрі көрген сиырдай мөңіресу, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдау
тәріздес есту теңеулері жағымсыз экспрессияға негізделген бейнелі суреттер
болып табылады. Осы екеуінің алғашқысы бір топ адамдардың белгілі бір
мақсат көздеп, белгілі бір кезеңде ғана бірігіп, тізе қосып, ауыз жаласуын
бейнелейді. Бірақ бұл бірігу—таза, адал бірігу емес, арам пиғылмен, қара
ниетпен бас қосу. Ал екіншісі бойкүйездікті, тоғышарлықты, талапсыздықты,
дүние коңыздықты әжуалайтын бейнелі теңеу болып табылады. Осылай бола тұра
адамсып, бәлсіп, кісімсіп, білгішсіп, ақылдымсып, өздерінен басқа ешбір
адам жоқтай көріп жүргендердің құны ұзақтың шуылына, қарғаның барқылына
барабар. Міне осы әрлі ой, осы көркем сурет шулау, барқылдау деген дыбыстар
арқылы өте шебер жасалған.
Сондай-ақ, гүрілдеп жатқан қар суының гужілдеген қызыл көз бұқаларға
теңелуі де ұтымды. Табиғаттың дүлей күшінің екпінін сотқар бұқаның айбынды
гүжіліне теңеу тартымды да әдемі болып шыққан.
Үшінші топ: Бұл топқа кіретін есту теңеулері дыбыс күшінің көмегімен
жеке адамдардың мінез-құлқын, қылық — әрекетін бейнелеп сипаттайды. Белгілі
бір заттың шығаратын дыбысы арқылы суреттелміш предметтің мәні ашылады.
Доңғалағы тасқа секірген арбадай салдырлайсың... сен-ақ, Жез қоңыраудай
шүлдірлеген келіншек, Шепе азбан айғырдай азынап, шошқаша қорсылдап,
бақаша қақалап, төбеттей арсылдап, Сербов сасық күзенше шақылдап
теңеулері аталмыш есту теңеулерінің қатарына жатады. Мұндағы салдырлау,
шүлдірлеу, азынау, қорсылдау, қақалау, арсылдау, шақылдау дыбыстары арқылы
суреттелміш адамдар өздерінің әр қилы қырларынан көрініп, сан алуан мінез-
құлықтарымен таңылады. Сондықтан да олар бірде арбаға, бірде жез қоңырауға,
бірде азбан айғырға, бірде шошқаға, бірде бақаға, бірде төбетке, бірде
күзенге ұқсап бой көрсетіп, соларға ұқсап қылық-әрекет жасап, соларша үн
шығарады да, соның нәтижесінде суреттелміш адамдардың жаңа да бейнелі
суреттері жасалады. Бұлардың бір тобы адамдардың жақсы қылықтарын
суреттесе, екінші тобы жаман іс-әрекеттерн бейнелейді. Мәселен, шошқаша
қорсылдап, бақаша қақалау немесе төбеттей арсылдап, айғырдай азынап
тәріздес есту теңеулері доғал мінезді, жаман пиғылды, арам ойлы адамдардың
жиіркенішті іс-әрекеттерін дәл басып суреттеп тұр. Қорсылдау, қақалау,
арсылдау, азынау сияқты дыбыс атауларының шошқаға, бақаға, итке, айғырға
тән екені ежелден-ақ мәлім. Демек, бұл дыбыс атаулары өздерінің
образдарынан жеке тұрып-ақ, жағымсыз мағынаны білдіру үшін жұмсалып,
эмоциялық бояуы қалың, экспрессивтік әсері күшті ойды білдіре береді. Еңді
осы дыбыстар жоғарыдағы суреттелміш адамдардың қасиеттері ретінде
көрсетілгенде, бұлардың бейнелеу күші тіпті қуаттанып кетеді де, әлгі
адамдар аталмыш жан-жануарлардың кейпіне еніп, өздерінің жексұрындық
сипатымен бой көрсетеді. Жоғарыдағы дыбыс атаулары қазіргі кезде өздері
жеке-дара қолданылып-ақ, ауыз екі тілде біреуді кекетіп, мұқату немесе
сөгіп, балағаттау үшін қорсылдама, ырылдама, бақылдама түрінде жұмсалып,
метафоралық мағынаға ауысуы біздің жоғарыдағы байымдауымызды дәлелдей
түсетін сияқты. Осы топқа кіретің есту теңеулерінің басқалары да осындай.
Есту теңеулерінің бұлардан да басқа ұсақ-түйек мағыналық топтары бар.
Сонымен, есту теңеулері жалпы қазақ теңеулер жүйесіндегі қомақты
семантикалық топтардың бірі болып табылады. Бұл теңеулердің басты
құралы — дыбыс. Әншейіндегі жай дыбыс теңеулік конструкциянын, бір
мүшесіне айналып, сол арқылы предметті суреттеп, сипаттауда пәрменді
бейнелеу тәсілі ретінде жұмсалады. Теңеулердің эмоционалды-экспрессивті
сапасы осы дыбыстарға тікелей байланысты.
2.2.3. Дәм сезімі теңеулері
Қазақ теңеулер жүйесінде дәм сезімі теңеулері көп емес. Алайда дәм
сезімі органының көмегімен жасалып, бұлар өз алдына жеке семантикалық топ
құрайды. Қазақ тіліндегі дәм сезімі теңеулері, көбінесе, ащы және тәтті
деген ұғымдардың айналасында ғана жүзеге асады. Жеуге жарайтын және ішуге
жарайтын нәрселер предмет ретінде алынады да, олар шындық өмірде ащы яки
тәтті болып келетін заттарға ұқсатылады, яғни сол ащы және тәтті заттар дәм
сезімі теңеулерінің образы болып жұмсалады. Мысалы: Және менің бағыма
келдің суы зәрдей ащы шығып, сонда да жылқым ішіп-ішіп, іші-сырты бірдей
болып, қарындары қамииды да қалды (К.Е.). Тәттілігі балдай, салқындығы
мұздай қарбыз шырынын қонақтар құмарта сорып жатқанда. Рахмет манағы
жымиған қалпын өзгертпестен, қарбыздан бастаған кеңесін жалғастыра жөнелді
(С. М.). Қадағалап сауған, баппен ұстаған жалғыз биенің қымызы балдай екен
(Ғ. Мұс), Ол арада еттері балдай форель, ақ сазандар бар (I. E.).
Шайы орамал шайқалады туларың,
Бал шараптай бұйра толқын суларың (С. М.).
Еңкейіп ұрттап көрсе, суы удай ащы екен (К. Е.).
Ғанади хабарланып осы істен, Ас-суы у сияқты больш ішкен (Р. Д.).
Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл теңеулерге бал у, зәр, шарап тәріздес
заттар образ болып алынады да, суреттелміш предметтердің қасиеттері
(ащылығы, тәттілігі) осыларға ұқсатылады. Соның нәтижесінде предметтер
жаңаша экспрессияға ие болып, жаңаша әсер етіп, жаңа қырынан көрінеді.
Мәселен, кәдімгі судың өзі бірде балдай тәтті болып, өзіне құмарландырса,
бірде бал шараптай болып, ынтықтырып, елтіте түседі, енді бірде зәрдей ащы
қалпымен жиіркендірсе, тағы бірде удай ащы болып, өзінен түңілдіре түседі.
Дәм сезімі теңеулерінің басқалары да осындай.
Сонымен, дәм сезімі теңеулері қазақ теңеулер жүйесінде өз алдына жеке
семантикалық топ құрай отырып, белгілі бір стильдік мақсат үшін жұмсалып,
дүниедегі заттар мен құбылыстарды көркемдік тұрғыдан танып-білуде едәуір
қызмет атқарады.
2.2.4. Иіс сезімі теңеулері
Иіс сезімі теңеулері де қазак теңеулер жүйесіндегі семантикалық
топтардың бірі болып табылады. Бұлардың саны өте аз. Олардың кейбіреулері
төмендегілер: Көктемде кең жайылған тасқыннан еркін сусындаған Есіл
өлкесінің жібектей жұмсақ, жұпардай иісті қалың шалғыны аттың омырауын
тіреп, бауырынан келеді (С. М.). Мұрныңа жұпардай тиетін қарағай иісі
(Ғ. М.).
Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы,
Боқтан сасық боларсың өлсең тағы (А.).
Бұл мысалдардан көрініп отырғандай, иіс сезімі теңеулері, көбінесе,
жақсы иіс және жаман иіс деген ұғымдардың төнірегінде жасалады. Жақсы иіс
ұғымына көпшілік жағдайда образ болып жұмсалатын нәрсе —жұпар. Жұпардың
көмегімен жер де, шалғын да, қарағай да әдемі иісімен аңқып, сезіміңді
қытықтап, жаныңды рақатқа бөлейді. Рас, аталмыш заттардың иісінің дәл
жұпардай болмауы мүмкін. Бірақ туған жердің, оның шөбі мен ағашының, желі
мен жауынының, бұлты мен тұманының иістері жұпарға ұқсатылып, соның
нәтижесінде адам бойындағы ыстық сезім бас көтеріп, бұларға махаббат
көзімен мейірлене, қызыға, ынтыға қарайды. Алыста жүрсе, соларды сағынып
аңсайды.
Иіс атаулының бәрі бірдей жақсы бола бермейді. Сондықтан жаман иісті
заттарды да образ ретінде қолданудан туған теңеулер де бар. Сол иістің бірі
— сасық иіс. Соңғы Абай теңеуі сасық иісті негіз етудің нәтижесінде
жасалған. Бұл теңеуге образ болып тұрған нәрсе— боқ. Бұл теңеу — өте
әсерлі, эмоциялық бояуы қалың, бейнелілік қасиеті жоғары теңеулердің бірі.
Сонымен бірге ол өмір шындығының да дәл шешімі болып табылады. Себебі
дүниедегі тірі заттардың барлығы да өлген кезде, шіриді де, сасық иіс
шығарады. Адам да солай. Рас, Абай бұл мәселенің осы жағын ойлаумен бірге,
оның философиялық мәніне де көз жүгірткен. Ол мынау: ішкен-жегенге мәз
болып жүре берсең, қоғамға пайдалы ешқандай іс істемесең, онда боқ салатын
қаптан айырмақ болмағаны; онда сен тек уақытша ғана боқ кетеріп жүрген кісі
сымақсың. Сол себепті сен өлген кезде, сол өзің көтеріп жүрген боқтан да
сасық болып, зым-зия жоғаласың. Мінеки жоғарыдағы Абай теңеуінде
физиологиялық заңдылық пен философиялық шындық тоқай-ласа келіп, өзінің
әдемі де әсерлі көркемдік шешімін тапқан.
Қорыта келгенде, иіс сезімі теңеулері де— өзіндік ерекшеліктері бар,
өзіндік заңдылықтары бар теңеулер.
2.2.5. Тері сезімі теңеулері
Теңеулер жүйесіндегі ең қомақты семантикалық топтардың бірі — тері
сезімі теңеулері. Бұл топтағы теңеулер өзінің саны жағынан психологиялық,
көру және есту теңеулерінен кейінгі орынды алады. Бұл түсінікті де. Өйткені
ауырлық пен жеңілдікті, қаттылық пен жұмсақтықты, ыстық пен суықты сезіп-
білетін, оларды ой елегінен өткізіп танитын бірден-бір сезім — тері сезімі.
Сол себепті де тері сезіміне байланысты теңеулердің мол болуы таң қаларлық
нәрсе емес. Бұл топтағы теңеулер мол болғандықтан, олар өзара бірнеше
мағыналық топтарға бөлінеді. Олар мыналар: а) ауырлық пен жеңілдікті
білдіретін тері сезімі теңеулері, ә) қаттылық пен жұмсақтықты білдіретін
тері сезімі теңеулері, б) суықтық пен ыстықтықты білдіретін тері сезімі
теңеулері. Алғашқы мағыналық топқа кіретін теңеулер сезіп білген заттардың
салмақтық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz