ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІККЕ САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледж

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән бойынша:
Тақырыбы: Шағын кәсіпорынды салықтандыру

Орындаған: ФК-31-0 тобының оқушысы

Талипова К.Е.
Тексерген
оқытушы: Караулова Р.Е.

Көкшетау, 2010ж.

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МАҚСАТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1 Шағын кәсіпкерліктің негізгі мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Салық салудың кемшіліктері мен артықшылықтары ... ... ... ... ... ... ... .10

II. ШАҒЫН БИЗНЕС МОНИТОРИНГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

2.1 Шағын бизнестің даму қарқындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Шағын кәсіпкерліктің халықты жұмыспен қамтуы ... ... ... ... ... ... ... ...16

III. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІККЕ САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ...18

3.1Шағын бизнес субъектіне арналған арнаулы салық режимі ... ... ... ... ... ..18

3.2Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі ... ... ... ... ... ... ... ..25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .32

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан
халқына жолдауында республикадағы экономикалық реформалардың негізгі
бағыттарын анықтады.Негізгі буындардың бірі болып Қазақстандағы
кәсіпкерліктің дамуы болып табылады. Бұл кәсіпкерлікке салынған қызметінің
кең ауқымыфмен түсіндіріледі. Жаңа жұмыс орындарын жасау, нарықты
қызметтермен, тауарларымен толтыру, бәсекелес жағдғйларды қалыптастыру,
қоғамды орта класты етіп жасау, дамыту. Дамыған елдерде кәсіпкерлік
экономикада үлкен роль атқарады. Оның дамуы экономиканың өсуіне, жоғары
сапалы тауарлармен нарықты толтыруға, жаңа қосымша орындарды жасауға, яғни
көптеген маңызды, экономикалық, әлеуметтік және тағы да басқа мәселелерді
шешуге әсер етеді.Сол себептен дамыған елдерде кәсіпкерлікке үлкен қолдау
көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы үкіметінің жұмыс бағдарламасында
кәсіпкерліктің мемлекеттік қолдауды күшейту жолдарын анықтау бар. Осымен
байланысты республикада кәсіпкерлік қызметті қолдаумен реттеудің кешенді
механизмін жасалып жатыр. Осы механизмнің негізгі элементтерінің бірі болып
салықтық реттеу табылады. Себебі бұл респуликада нарықтық экономиканың
қалыптасуы мен дамуы жағдайында тиімді салық жүйесін жасау өте маңызды
болады. Ол өз кезегінде республикада кәсіпкерлік қызметтің дамуына көп әсер
етеді. Бұл жағдайда салықты фискалды және реттеу қызметін енгізетін
кәсіпкерлік қызметінің салықтық реттеуді дамыту қиын мәселе болып табылады.
Республикада 1998жылдан басталған салық жүйенің фискалдық бағыты және
сонымен қатар кәсіпкерлік қызметінің салықтық реттеудің кешенді
құралдарының жоқтығы, республика экономикасының кәсіпкерлік секторының
дамуына кедергі болатын негізгі факторлардың бірі болып отыр. Біздің
елімізде кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, экономика секторы мен
дамуы ретінде, және кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау механизмі
жеткілікті зерттелмегенін байқауға болады. Осымен байланысты республикада
кәсіпкерлікке салық салу механизмі мәселесін кешенді зерттеу жүргізу
қажетті болып отыр.
Бұл жұмысты Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы заңының өзгертулері мен толықтамаларды есептеу және жаңа салық
кодексінің жобасында қарастырылған ,салық жүйесінің қызмет етуінің жаңа
жолдары мен жергілікті және шетел ғалым – экономистерінің ғылыми –
жұмыстарына назар аудару керек . Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік
мәселелерді және оның дамуына салықтың әсерін зерттейтін бірқатар
еңбектер бар. Әсіресе шағын бизнестің дамуының теориялық - әдістемелік
жолдарын және кәсіпкерліктің дамуымен қолдауына салықтың әсері
келесі шетел экономистерінің еңбектерінде көрініс тапты: Караваев В.Г,
Камалев .С.Л, Лобков А.К, Лыкова Л. Н, Барг В.Р , Долан Э. Кейнс
Дж. Және тағы басқалар.
Сонымен қатар Қазақстанның экономистері де осы мәселеге
қызығушылықтары туып отыр. Олардың ішінде: Қожанов А.К, Ильясов
К.К, Мамыров Н.К, Баймұратов О.Б, Кенжегузин М.Б, Окаев К.О,
Қарагузова Р.К, Кучукова Н.К және тағы басқалар. Дегенмен бұл еңбектер
кәсіпкерліктің мәселелерімен республикадағы нарықтық қатынастың
тереңдеуі жағдайында салық салу механизмін толық айқындай алмайды.
Республикада кәсіпкерлікке салық салу механизмін талдау негізгі
тақырыбы, мақсаты болады.
Жұмыстың мақсаты. Курстык жұмыстың мақсаты Қазақстан
Республикасында осы механизмінің элементтерін жетілдіруінің тәжіребиелік
құндылықтарын зерттеу болып табылады .

I. Шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы

Қазақстан егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанына жиырма жылдай болып
қалды. Осы кезең аралықтарында салық жүйесіне көптеген өзгерістер
енегізілді.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 35- бабында Заңды түрде
белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу
әркімнін борышы әрі міндеті болып табылады деп атап көрсетілген.
Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін қаржыландырудың
негізі көзі болып табылады.
Салықтар - мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір
мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке
төленетін міндетті ақшалай төлемдер.
Салық- кез келген өркениетті мемлекеттің негізгі табыс көзі.
Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге , қоғамның топқа бөлінуімен және
мемлекеттің пайда болуымен , оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға
қаражаттың қажет болуынан пайда болады.
Салықтың экономикалық мәні – шруашылық субъектілерінен, азаматтардан
ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір
бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Олар тауар-
ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Мысалы 1адамнан 1 құндыз терісі немесе
1 пұт тұз және т.б. алынған. Тауар-ақша қатынастарының нығаюымен натуралды
салықтың рөлі айтрлықтай азайады. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін
пайдаланылады (1953 жылға дейін жүн, жұмыртқа, сүт, май өткізген.
Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктеме
берілген. Мәселен, Салық кодексінде Салықтар – мемлекет бір жақты
тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін,
қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төлнентін міндетті
ақшалай жарналар деп атап көрсетілген.
Салық – заңды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын
бюджетке төленетін міндетті төлем. Ол белгілі бір объектілерден төленетін
төлем.
Салық дегеніміз – белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде
алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.
Салықтардың мазұмыны мынадай;
Материалдық категория жағынан – бұл белгілі ақша сомасы болса;
Экономикалық категория ретінде – бұл мемлекеттің табысы;
Заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген міндеттме болып
табылады;
Салық – ақшалай нысанда төленеді;
Салық - қайтарылмайтын төлем болып келеді;
Салық – баламасыз сипатта болады;
Салық – салықты төлеген кезде мнешік нысандары айқындалады;
Салық - тұрақты экономикалық қатынас туғызады.
Мемлекеттегі салық түрлерінің, олардың құрылу нысандары мен
әдістерінің және салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық
жүйесін құрайды. Салық түрлері мен жеңілдіктері көп болғкндықтан, салық
жүйесі біршама күрделі болып келеді.Салық жүйесі елдегі экономикалық
дамудың маңызды мәселелерін, экономика құрылымын, жеке аймақтардың даму
деңгейін реттеуді шешуге қажетті мемлекеттік қаржы ресурстарының
концентрациясын (жиынтығын) қамтамасыз етуі керек. Сонымен, салық жүйесі
мемлекетке төленетін салық жиынтығы; оларды бекіту, өзгерту және жою
қағидалары, нысандары мен әдістері жиынтығы; төлетуді есептеу әдістерінің
жиынтығы; салық бақылауы нысандары мен әдістерінің және салық заңын
бұзудағы жауапкершілік жиынтығы ретінде анықталады. Салық жүйесінің тарихы
ұзақ. Оның қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлар, объективті (экономикалық
эволюция. әлеуметтік құбылыстар), сондай-ақ субъективті (саяси құбылыстар,
соғыстар, табиғи катаклизмдер) факторлар әсер етті және әсер етуде.
Көптеген елдерде шаруашылық қызмет тәсілдерімен ғана емес, салықтық реттеу
ерекшеліктерімен айырықша көрінетін төрт сектор анықталады.
-Мемлекеттік сектор;
-Коммерциялық сектор (жеке меншік фирмалар, корпорациялар, акционерлік
қоғамдар);
-Қаржы секторы (банктер, қаржы компаниялары, сақтандыру компаниялары,
биржалар);
-Халық
Салық жүйесін бағалау үшін негізгі екі фактор бөлінеді:
Біріншісі – салық салу мақсатында табыс көзін қамту (айқындау)
толықтығы. Бұл салық жүйесінің күрделілік тенденциясын, салық салу
нысандары мен әдістерінің мамандандыруы мен дифференциациясын шарттайды.
Екіншісі – салық салу бойынша шығынды азайту. Бұл салықты басқаруды
ықшамдауды, оның ішінде нығайтуды тұжырымдайды. Салық жүйесі дамуын
қорытындылай отырып, салық жүйесі құрылымын келесі факторлармен анықтауға
болады:
-Экономикалық даму деңгейі;
-Қоғамның қоғамдық-экономикалық құрылымы;
-Қоғамдағы үстем экономикалық доктрина;
-Елдің мемлекеттік құрылымы.
Қазақстан Республикасының салық жүйесіне салық, алым және баж түрлері.
Салықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар мен салық қызметінің
органдары (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық Комитеті және
оның құрылымдық бөлімшелері) жатады.
Салық саясатының бастты мақсаты – салық жүйесін құру және оны тиімді
қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық – қоғамдағы сатып алушылықтың даму қажеттілігімен, мемлекеттің
болу фактісімен анықталғкн объективті қажеттілік болып табылады.
Мемлекеттің өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында
шаруашылық-тандыру субъектілері мен азаматтардан ұлттық табыстың белгілі
үлесін міндетті жарна түрінде алуы салықтың маңызын құрайды.
Мемлекет қазынасының жарнасын өндірістің негізгі қатысушылары:
материялдық және материялдық емес игіліктерді өз еңбегімен жасайтын және
белгілі табыс алатын қызметкерлер, сонымен қатар шаруашылық субъектілері,
капитал иеленушілері жүзеге асырады.Салық жарнасының есебінен бюджетте
шоғырланған мемлекет ресурсы құрылады кейін ол ғылым мен білімніңдамуы
үшін, әлеуметтік-экономикалық, әскери-қорғаныс, құқық қорғау және басқа да
мәселелерді шешу үшін пайдаланылады.Салық төлеушілердің бюджетпен өзара
қатынас жүйесі, бір жағынан, түрлі саланы бюджетпен қаржыландыру бойынша
өзара қатынасы арқылы сипатталады.
Бюджет-қаржы жүйесіндегі негізгі күретамыр салық болып табылады.
Салық салу тәсілдері мен нысандары әр түрлі болып келеді. Бұл салық
төлеушілердің төлем қабілеттілігін тұрақтандыруға, жалпы салық ауыртпалығын
психологиялық білдірмеуге, табыстың түрлі нысанын
бейнелеуге, тұтынуға және жинақтауға әсер етуге мүмкіндік туғызады.
Қзақстан Республикасында салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.
Бірінші кезең – 1991 жылғы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің Қаз
КСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы Жарлығымен Қаз КСР-дің басты
мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27
жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілері пакеті
қабылданды.
Екінші кезең – 1995 жылғы 27 сәуірдегі Бюджетке төленетін салық және
басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу
жүйесі ықшамдалып, салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды. Қосылған құн
салығы енгізілді.
Үшінші кезең – 2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа
Салық кодексі қабылданып, ол 2002 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді.
Салықтар тауар-ақша қатынасчтарынан тыс қолданылады. Натуралды
салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған.
МысалыМысалы Мысалы: 1 адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұт тұз және т.б.
алынған. Тауар-ақша қатынастарының нығаюымен натуралды салықтың рөлі
айтарлықтай азайды.

1. Шағын кәсіпкерліктің негізгі мәселелері

Жұмыстың мақсаты келесі мәселелерді шешу арқылы жүзеге асады:
- Нарықтық қатынастың тереңдеуі жағдайында республикада кәсіпкерліктің
дамуы мәселелері мен тенденцияларын анықтау;
- Кәсіпкерліктің дамуына әсер ету мүмкіндігімен республикада салық
механизмінің қызмет етудің мәселелерін зерттеу;
- Шағын және орта бизнес, шаруа қожалықтарына салық салу
механитзмін талдау және осы механизмін жетілдірудің негізгі
кезеңдерін айқындау;
- Басқа мемлекеттерде кәсіпкерлікке салық салу ерекшеліктерін зерттеу;
- Жалпы кәсіпкерлікке , оның ішінде шағын және орта кәсіпорындарға
, шаруа (фермерлік) қожалықтарына салық салу механизмін
жетілдірудің тәжіребиелік шаралар кешенін дайындау.
Зерттеу пәні болып шағын және орта кәсіпкерлікке салық салу
кезіндегі қатынастар. Зерттеудің маңызды нәтежиелері мен олардың
ғымыми жаңалықтары:
- Нарықтық қатынастың жаңа кезеңіне байланысты кәсіпкерлік
түрлерінің даму ерекшеліктері көрсетілді.
- Шағын және орта кәсіпкерлікті айырып беретін жүйелік көрсеткіштер
ғылыми тұрғыда дәлелденді;
- Шағын және орта кәсіпкерлікке салық салу механизмін негізгі
құралы талданды;
- Шағын және орта кәсіпкерлердің жылдың жалпы алынған кірісіне
салық салу механизмін әрі қарай жақсартудың негізгі жолдары
ұсынылды.
Барлық қорытындылар мен ұсыныстар республикада салық жүйесін одан
әрі жақсартуға және жаңадан құруға бағытталған .
Зерттеу обьектісі шағын және орта кәсіпкерлікке салық салу
кезіндегі салықтық қатынастар.
Осының арқасында нарықтық қатынастық дамуын енскере отырып шағын
және орта кәсіпкерлікке салық салу механизмін жақсарту шараларын іс-
жүзінде пайдалануға болады. Бұл шаралар салық салу механизмін
шығындауға және салықтық шаруа қожалықтарының қаржылық жағдайын
жақсартуға бағытталған.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңашылығы республикадағы шағын және орта
кәліпкерліктің салық салу механизмін жүйелі зерттеуде тұрады.Осының
нәтежиесінде жаңа жағдайлар, ұсыныстар қалыптасты.Олар салық салу
механизмімен байланысты. Келесі түрлері бар.
- Кәсіпкерлік қызметтің ( кооперативтер, шағын және орта кәсіпорындар)
жүзеге асуының пішіндері теориялық - әдістемелік аспектіде
негізделген және тереңдетілген нарықтық қатынас жағдайында қызмет
етуінің ерекшеліктері анықталды.
- Шағын және орта кәсіпорындардың статусын мінездейтін көрсеткіштер
жүйесі анықталды.
Бұл бірнеше көрсеткіштерден құралуы тиісті:
- Кәсіпорындағы жұмысшылар саны ;
- Жалпы түсіммен өткізудің көлемі;
- Жылына табатын ең төмен жалақының орташа көлемі ;
- Республикадағы шағын және орта кәсіпкерлікке салық салу
механизмінің құрылымдық бөліктері нақтылануы тиіс.
Әсіресе салық саны мен салық түрлері ( жанама және тікелей ) салық
салу объектілері салық қойылымдары салықтарға жеңілдіктер беру мен
салық жинау, сонымен қатар салық салуда есеп және есеп жүргізу
механизмі . Салық салу механизмі біртұтас жүйе ретінде зерттелуі
тиіс. Бұл жоғарыда айтылып өткен бөліктерінен құралуы тиіс және
осының негізінде бөлек элементтердің маңыздылығы анықталады.
- Шағын және орта кәсіпкерлікке салық салудың жаңа механизмі
жасалды, яғни кәсіпкерлердің жиынтық жылдың табысының салық салу
механизмі;
- Шаруақожалықтарының салық салу механизмін жетілдіру жолдары
анықталды.Бұл дегеніміз осы қожалықтардың тиімділігіне тәуелді
салық қойылымдары мен жиынтық жылдық табысқа салық салу
дифференциясын пайдалану болып табылады.
Зерттеу үрдісінде келесі әдістер қолданылды: ғылыми – абстракциялау
және жалпылау, жүйелік- факторлық талдау, топтау мен экономикалық
модельдеу.
Шағын және орта кәсіпкерлікке салық салудың жаңа механизмі
негізінде жасалған зерттеудің нәтежиелерісалық мехализмін жетілдірудің
тәжіребиелік қорытындысы болады. Сондықтан негізгі жағдайлар мен
қорытындылар республикада кәсіпкерлікті салықтық реттеудің ғылыми
және тәжіребиелік қызметінде пайдалануы мүмкін .Осы усыныстарды
пайдалануы шағын және орта бизнеске салық салу
механизмінқарапайымдап, республикада кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін
жоғарлатуға мүмкіндік береді.
Зерттеудің негізгі нәтежиелері мен қорытындылары, Қазақстан
Республикасының кіріс министірлігінде және қаржы министірлігінде 1995-
1999 жылдары өткізілген ғылыми – тәжіребиелік конференцияларда,
семинарларда және жиналыстарда айтылып, кейбір еңбектер мен жазбаларда
жариаланды .

1.2 Салық салудың кемшіліктері мен артықшылықтары

Нарықтық қатынстардың жүйесі шаруашылық жүргізудің әмбебап моделі
болып табылады.Ол кәсіпкерліктің дамуымен өндірілген тауарлар, жұмыстар
мен қызметтің көлемі, құрылымы мен сапасын ұлғайту жолымен
тиімдігін көтереді.
Осымен байланысты теориялық және іс- тәжіребиелік аспектіде
кәсіпкерлік түсінігінің экономикалық мазмұнын зерттеу маңызды болады.
Ол өндірістік , коммерциялық –делдалдық , сауда, инновациялық қызмет ,
қаржылық лизинг , бағалы қағаздармен операцияларды өзіне енгізеді .
Яғни кәсіпкерлік шағын бизнеспен тығыз байланысты , бірақ шағын
бизнес деген анықтама бизнеске жұмысшылар саны , капиталдың жалпы
активы , табыс пен жылдық айналыммен байланысты түсініледі .
Кәсіпкерлік деген түсініктің қазіргі отандық және шетелдік
экономикалық әдебиеттерде көптеген анықтамалары бар. Бірақ
кәсіпкерлікті шаруашылық қызмет ретінде қарастырғанда оның
экономикалық мазмұны толық ашылмайды . Кәсіпкерліктің теориясы мен
іс- тәжіребиелік шетелдік эдебиетпен кейбір отандық еңбектерде
талдау жүргізгенде, оны шаруашылық жүргізудің ерекше формалары
ретінде қарастырылады. Сондықтан нарықтық сфераларының бірі ретінде
қарайды. Өйткені онда кәсіпкер өз пайдасын табу мақсатында тауарлар
өндіреді, қызмет көрсетеді, нарықтық жаңа құрылымын қалыптастырады,
жаңа жұмыс орындарын немесе ескі қызмет үстіндегі жұмыс орындарын
сақтап отырады, инноциялар енгізеді .
Ол өз кезегінде басқалардың жасаған тауарлар мен қызметтерін
сатып алушы мен белгілі салықтарды төлеуші болады. Осы барлық
аспектілерді зерттеу әр- түрлі ұйымдастырушы – құқықтық формалар мен
республикада салықтардың әсер етуін анықтауға мүмкіндік береді.
Біздің республикада кооперативтер, шағын және орта кәсіпорындар
1992 жылдан бастап қызмет жасады. Мемлекет кәсіпкерліктің осы
пішіндерінің белгілі қолдау көрсетіп отырды. Бірақ кәсіпкерлікті
қолдау мен мемлекеттік реттеудің бірегей орталықтанған жүйесін жасай
алмады. Мұндай жүйе өзіне жүйенің құрылымды элементтерін енгізу
керек. Ол жүйенің бірлігін қамтамасыз ететіносы элементтердің
арасындағы байланысын жасау керек. Мемлекеттік реттеудің жүйесі мен
кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі жүйесі мен кәсіпкерлікті қолдаудың
негізгі бөлшегі болып салық жүйесі табылады. Ол осы жүйенің басқа
элементтерімен байланысты болуы қажет. 1991 -1994 жылдары салық
жүйенің қызмет ету механизмі экономикалық механизммен байланысты болған
жоқ. Осы периодта өндірістік, құрылыстық –жөндеу, қайтаөңдеу,
ауылшаруашылық кооперативтері мен шағын кәсіпорындар алғашқы екі жыл
ішінде салықтардан толық босатылды . Осының нәтежиесінде осы
кәсіпорындар алғашқы екі жылды толық қуаты бойынша жұмыс істеп,
қалған жылдары тек шағын кәсіпорын айналымын көсетіп, мемлекеттік
залалды мемлекеттік кәсіпорындар кіріп отырды. Осы кәсіпорындардың
басшылары осы салық салудан босатылу үшін жаңадан кәсіпорындар
құрып отырды. Ал бұрыңғы кәсіпорындар залалды шаруашылықтар ретінде
саналып отырды.
Сонымен шағын және орта кәсіпорындарын салық салудан толық
көлемде босату, осы кәсіпкерлік түрін дамыта алмады. Ал керісінше,
олардың кейінгі кеңеюмен дамуына кері әсер етіп, жаңартылуымен
өндірістегі жаңа технологияларды енгізуге жол бермеді. Осның барлығы
жергілікті бюджетке қаржы түсуінің азаюына себеп болды.
1995 жылы шыққан Салықтар және бюджетке төленетін басқа
міндетті төлемдер туралы заңында шағын және орта кәсіпорында салық
салудан жеңілдіктер беру механизмі жойылды.
1996 жылдан бастап заңды тұлға ретінде құрылмаған кәсіпкерлер
үшін салық салудың жүйесі енгізілді. Осы салық салудың патенттік
әдісін енгізу жеке кәсіпкерлер мен мемлекеттік салықтың арақатынасын
белгілі мөлшерде жүйелендірді. Сонымен қатар есепке тұру, табыс
есептеу кітабын жүргізудіжойды . Яғни салық салу механизмін
жеңілдетті. Осының барлығын кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жалпы
санының көбеюіне әкеліп соқты. Осымен байланысты 1997-1998 жылдары
патенттер мен лицензиялардың қымбаттауы көрініс тапты. Бұл кәсіпкерлік
қызметтің тіркелуінсіз нарықта тауарларды өткізетін тұлғалардың
көбеюіне әкелді. Жалпы салық салудың патентті жүйесі заңды тұлға
ретінде құрмастан, кәсіпкерліктің дамуына жақсы әсер етті. Өз
кезегінде шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды
тұлғалар 1996 жылдан бастап орташа 7-9 түрлі ресми салықтар мен
жиналымдар төледі. Сонымен қатар салық салу базасын анықтау мен
есептеудің бөлек әдістері әр түрі бойынша пайдаланды . Жаңа салық
төлеудің тәртібі мен уақыт мерзімі, реквизиттер есептеу формалары
қолданылды. Осымен бір уақытты 1997 жылдан бастап шағын кәсіпкерліктің
субъектілері үшін салықтарды төлеудің аванстық жүйесі қолданыла
бастады. Аванстық төлемдер механизмін талдау келесі қорытындыларды
жасауға мүмкіндік береді. Біріншіден , бұл механизм шағын және орта
кәсіпорындардың айналым құралдарына әсер етеді.Екіншіден, салық
салудың дәйегілері бұзылуы алынбаған табысқа салық салынады.Үшіншіден,
шағын және орта кәсіпорындарды несиелеудің механизмімен бұл механизм
байланыспайды. Сонымен аванстық төлемдер жүйесі өткізілген өнімге
аударылған ақша көлемі үшін емес, тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің
жеткізу фактісі үшін салықты төлеудің есептеу әдісі. Бұл кәсіпорынның
айналым құралдарының қатырылуына әкеліп соқтырады. Осының барлығы
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің қаржы жағдайының
нашарлауына әкеледі. Осыны куәләндіретін көрсеткіштер 1- кестеде
көрсетілген.
2004 жылы жалпы республика бойынша шағын кәсіпорындардың залалы
3162,4теңге құрады. 2002 жылмен салыстырғанда өнім өндіру мен өткізуге
арналған шығындары 3,5 есе ,ал кредиторлық берешек 2,4есе ұлғайды.
Шағын және орта кәсіпорындардың жұмысына қосымша құн салығының
жоғары ставкасы үлкен кедергі болып табылады. Кәсіпорындар минималды
тиімділікке ие болу үшін бағамы ең жоғары деңгейде ұстап тұруға
мәжбүр ететін жағдай қалыптасты . Ол өз кезегінде бәсеке қабылетінің
күрт төмендеуіне әкеледі . Бұл жағдайда қосымша құн салығы жанама салық
ретінде болмай, оны төлеудің барлық ауырлығы өндірушіге түседі.
Сондықтан қосымша құн салығының ставкасы төмендетілуі тиіс.
Республикада жұмыс істемей тұрған кәсіпорындар саны көбеюде. Мысалы
қандай да бір кәсіпорынның бухгалтериясы жұмыс істемей тұрған
ұйымның атынан өнімді жеткізуге салықтық счет-фактуралар рәсімдейді
де, жалған төленген қосымша құн салығының сомасының есебіне қосады.
Өз кезегінде салықтық есепте есептеу әдәсіне көшу қосымша құн
салығын фискалды рөлінің
күшеюі,өйткені шикізатпен материалдарға жабдықтаушының қосымша құн
салығын төлеу уақыты, өткізілген өнім бағасындасатып алушылардан
қосымша құн салығын алу уақытымен сәйкес келмейді.Нәтежиесінде, шағын
кәсіорындар салық төлеу үшін айналымқұралдарын алуға мәжбүр. Бұл
шағын кәсіпкерліктің кредиторлық және дебитолық берешектердің көбеюіне
әкеліп соқтырада.
Шағын кәсіпорынның экономикалық жағдайының қазақстандық
экономиканың тұрақсыздылығымен басқада бірқатар факторлар әсер етті.
Кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін бөлек факторлар, Қазақстан
Республикасының экономикасының зерттеу институтымен қарастырылды. Оның
нәтежиелері 2- кестеде көрсетілген .
Осы кестенің мәліметтері бойынша шағын кәсіпкерліктің жұмысына
кері әсер ететін кедергілердің ішінде бірінші орында салық
механизмінің нашарлығы болып отыр. Оның ішінде шағын және орта
кәсіпкерліктің қызметіне кедергі болатын ең өткір мәсеке салықтық
заңдарының өзгеруі болып табылады.
Салық кодексінің жобасында қарастырылған шағын бизнес,
шаруа (фермерлік) қожалықтар, кәсіпкерлік қызметтің бөлек түрлеріне
салық салудың арнайы режимі, келесі жағдайлар бойынша республикада
кәсіпкерлік қызметтің дамуын қолдамайды. Жаңа режимде салық салу
механизмі жеңілдетілген емес , ал, керісінше бірлік талондармен,
патентпен және дикларациямен күрделілінген. Салық салу механизмдері
кәсіпкерлікпен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін
кәсіпкерлік қызметтің әр түрлі пішіндеріне қатал критерийлермен
шектеулер қою арқылы қолданылуы керек. Сонымен қатар кварталдағы
табыстың әртүрлі ставкалары, айлық есептік көрсеткіштер
пайдаланады.Ол қазіргі кезде қаржылық жылдағы республикалық бюджет
туралы заңымен анықталды. Әлемдік тәжіребиеде есептік көрсеткіш
деген экономикалық түсінік жоқ.

II. Шағын бизнестің мониторингі

2.1 Шағын бизнестің қазіргі кездегі жағдайы

Статистикалық тіркелім деректері бойынша 2004 жылғы 1 шілдеге
Республикада 138,4 мыңға жуық шағын бизнес кәсіпорына тіркелген, бұл
көрсеткіш 2004 жылғы 1 ақпанға қарағанда 5,4% жоғары. Тіркелген
кәсіпорындардың 70,4% жұмыс істейтін, яғни экономикалық қызметті жүзеге
асырған немесе жү.зеге асыра алатын кәсіпорындар. 2004 жылғы маусымда 49
мыңнан астам кәсіпорын (жұмыс істейтіндер санынан 50,7%) белсенділік
танытқан.
Белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындардың басым көпшілігі (41,6% )
сауда, автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдаланатын
салықтарды жөндеу саласында шоғырланған, өйткені қызметтің бұл түрі шағын
бизнес кәсіпорындары үшін ең қолайлысы болып табылады. Өнеркәсіп қызметімен
белсенді кәсіпорындардың 12,6% қамтылған, олардың жартысының көбі өңдеу
кәсіпорындарында шоғырланған (өнеркәсіп орындарының жалпы санынан 89,2%).
Шағын бизнестің кәсіпорындарының саны
Кесте 1. 2004 жылғы 1 шілдеге
Тіркелгені Жұмыс істеп тұрғандары
Барлығы Олардан
белсенділері
бірлікҚорытынды бірлікҚорытынды БірлікҚорытындыс
сына %-бен сына %-бен ына %-бен
Қазақстан 138379100 97471 100 49380 100
Республикасы
Ақмола 4525 3,3 3265 3,3 2447 5,0
Ақтөбе 5200 3,8 4084 4,2 1667 3,4
Алматы 5992 4,3 4349 4,5 3240 6,6
Атырау 3539 2,6 3097 3,2 1362 2,8
Шығыс Қазақстан 9194 6,6 6556 6,7 4062 8,2
Жамбыл 4095 3,0 2852 2,9 1147 2,3
Батыс Қазақстан 2945 2,1 2501 2,6 1339 2,7
Қарағанды 8935 6,5 6489 6,7 2937 6,0
Қостанай 5441 3,9 4208 4,3 2229 4,5
Қызылорда 2658 1,9 2231 2,3 1353 2,7
Маңғыстау 3761 2,7 3062 3,1 1351 2,7
Павлодар 6745 4,9 5152 5,3 2774 5,6
Солтүстік Қазақстан 3199 2,3 2620 2,7 1241 2,5
Оңтүстік Қазақстан 12615 9,1 8393 8,6 3677 7,4
Астана қаласы 11046 8,0 9016 9,2 4078 8,3
1 кестенің жалғасы
Алматы қаласы 48499 35,00 29596 30,4 14476 29,3

Өңірлер бөрісінде белсенді кәсіпорындардың ең көп саны Алматы (29,3%)
және Астана (8,3%) қалаларында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан (8,2%), Оңтүстік
Қазақстан (7,4%) және Алматы (6,6%) облыстарында орналасқан.
Шағын бизнес кәсіпорындарының 1000 тұрғынға шаққандағы саны
кәсіпкерліктің даму деңгейінің әлемдік пратикада қабылданған көрсеткіші
болып табылады.
Өңірлер бойынша шағын бизнес кәсіпорындарымен шаруа (фермер)
қожалықтарының 1000 тұрғынға шаққандағы саны
Кесте 2. 2004 жылғы 1 шілдеге
Шағын бизнес Шаруа (фермер) қожалықтары,
кәсіпорындары, 1000 ауылдық жердің 1000
тұрғынға шаққандағы тұрғынына
Жұмыс істеп Олардың Тіркелгені Олардан жұмыс
тұрғандары белсенділері істеп
тұрғандары
Қазақстан Республикасы6,5 3,3 26,4 21,8
Ақмола 4,4 3,3 11,3 7,1
Ақтөбе 6,1 2,5 16,2 10,9
Алматы 2,8 2,1 35,7 28,6
Атырау 6,7 3,0 8,0 6,1
Шығыс Қазақстан 4,5 2,8 22,7 21,5
Жамбыл 2,9 1,2 21,7 17,0
Батыс Қазақстан 4,1 2,2 11,1 8,3
Қарағанды 4,9 2,2 25,9 21,0
Қостанай 4,6 2,4 18,9 10,0
Қызылорда 3,7 2,2 7,9 3,0
Маңғыстау 8,7 3,8 8,5 4,1
Павлодар 6,9 3,7 13,8 9,0
Солтүстік Қазақстан 3,9 1,8 14,3 11,0
Оңтүстік Қазақстан 3,9 1,7 48,9 45,2
Астана қаласы 17,5 7,9 0,0 0,0
Алматы қаласы 25,0 12,21,7 0,0 0,0

Халықтың кәсіпкерлік белсенділігі Алматы (1000 тұрғынға шаққанда
25 кәсіпорын) және Астана (17,5) қалалрында, сондай-ақ Маңғыстау (8,7)
және Павлодар (6,9) облыстарында аса жоғары.Шаруа (фермер) қожалықтары
бойынша Оңтүстік Қазақстан (ауылдық жердің 1000 тұрғынына шаққанда
45,2 шаруа қожалығы), Алматы (28,6), Шығыс Қазақстан (21,5), және
Қарағанды (21) облыстары көзге түседі.

2.2 Шағын кәсіпкерліктің халықтың жұмыспен қамту көлемі

2004 жылғы 1 шілдеге есептік деректер бойынша республиканың шағын
бизнес кәсіпорындарында жұмыс істейтіндер саны 2004 жылғы 1ақпанға
қатысты 4,9 % өсті және 494,1 мың адамды құрады. Әрбір үшінші
қызметкер сауда, автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке
пайдаланатын заттарды жөндеу саласына қатысты шағын бизнес
кәсіпорындарында , әрбір алтыншысы- өнеркәсіп және құрылыс
кәсіпорындарында жұмыспн қамтылған.
Өңірлер бөлінісінде жұмыспен қамтылғандардың ең көп саны Алматы
қаласындағы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 24,9%),Шығыс
Қазақстан (8,3 %) және Қарағанды (7,7 %) облыстарындағы шағын бизнес
кәсіпорындарында шоғырланған.
2004 жылғы шілдеде өнім (тауар, қызмет) өткізуден түскен табыс 51193
млн. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы қаңтардағы деңгейден 6,6% жоғары.
Есептік деректер бойынша жалпы табыстың 59% өз қызметін сауда,
автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдармен жеке адам пайдаланатын заттарды
жөндеу, құрылыс және өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын кәсіпорындардың
үлесінде.
2004 жылғы қаңтар-шілдеде шағын бизнес кәсіпорындары өнімін (тауарын,
қызметін) өткізуден түсетін табыс 295672,2 млн. теңгені құрады. Өңірлер
бөлінісінде жалпы табыстағы аса қомақты үлестік салмақ Алматы қаласының
(37,5%), Шығыс (14%) және Солтүстік (13,3%) өңірлердің шағын бизнес
кәсіпорындары еншісінде.
Ауыл шаруашылық саласында шағын бизнес шаруа (фермер) қожалықтарының
өркендеуімен сипатталады. 2004 жылғы жағдай бойынша 171 мыңнан астам шаруа
қожалықтары тіркелген. Олардың 82,5% жұмыс істеп тұрғандар. Малдары бар
немесе егін алқаптарын пайдаланатын қожалықтар жұмыс істейтін қожалықтар
қатарына жатады.
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпорындар келесі бағыттар бойынша
бөлінеді.

Кесте 3. Түрлері бойынша тексерілген шағын кәсіпорындар саны
2002 ж. 2003ж. 2004ж.
Барлығы: қызмет түрлері бойынша 45124 54503 63934
Ауыл шаруашылығы, аң аулау мен орман 2861 3402 3903
шаруашылығы
Балық аулау, балық өсіру 93 121 143
Өнеркәсіп 5983 6931 7914
Тау кен орындары 280 342 388
Өңдеу 5216 5991 6909
Өндіріс мен электро энергияны, газ бен суды 487 598 617
бөлу
Құрылыс 4606 5962 7286
3 кестенің жалғасы
Сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды 17730 21795 25894
жөндеу
Қонақжай қызметтерін ұсыну 108 129 158
Мейрамхана қызметтерін ұсыну 679 813 911
Көлік 2172 2647 3022
Байланыс 325 357 399
Қаржылық-делдалдық қызмет 850 958 1059
Жылжымайтын мүлікпен операциялар, аренда мен 8094 9542 11162
тұтынушыларға қызмет көрсету
Коммуналды, әлеуметтік және дербес қызмет 1622 1846 2083
көрсету

Шағын кәсіпкерлікке салық салу жүйесі

3.1 Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі

Қазақстан Республикасының салық кодексінің 371, 372, 374, 376-
баптарында белгіленген талаптарға сай жеке кәсіпкерлер және заңды
тұлғалар кодекстің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерліктің экономикалық табиғаты мен маңыздылығы
ҚАЗАҚСТАНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
Қазақстан Республикасында кәсіпорындарды колдау
Шағын бизнестің клеткасы - шағын кәсіпорындар
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі
«Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің дамуы және тиімділігін арттыру» (ЖШС «АРЫС» мысалында )
Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні
Еңбекшілдер ауданы бойынша бюджет кірісін және салық комитетінің жұмысын талдау
Кәсіпкерлікті несиелеу жүйесі
Пәндер