Адам сезімі дара тұлғалық қасиет


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. Бөлім . Жеке адам қуаттарының бірі - эмоция.

1. 1 . Эмоция және сезім . . . 6

1. 2. Жеке адам - қасиеті . . . 12

1. 3. Жеке адамның эмоциялық шеңбері . . . 14

ІІ. Бөлім. Жағымсыз эмоциялардың адам денсаулығына әсері

және оны түзету жолдары .

2. 1. Жеке адамның деңсаулығы және невроз науқастықтын пайда болу себептері . . . 23

2. 2. Жағымсыз эмоцияларды түзету жолдары . . . 28

Қорытынды . . . 36

Қолданылған әдебиеттер . . . 40

Кіріспе

Адамның іс-әрекетінде, мінез-құлқында психоэмоционалды тепе-теңдіктің бұзылуы - қызғаншақтық, тез ренжіп қалу, өктемдік көрсету, дау-жанжалға берілгіштік бүгінгі қоғамдық жағдайға тән құбылыс болып отыр. Сондықтан психолог маман осы эмоциялардың адам бойында жағымдыларын қалыптастыру саласында еңбек етеді және түрлі себептерге байланысты туындаған немесе байқалған жағымсыз эмоциялардың денсаулыққа зияндығын анықтап, оны жою жолдарын қарастырып зерттеу бүгінгі психолог маманының негізгі міндеттерінің бірі.

Қоршаған ортада кезіккендердің бәрі адамда оларға деген қандай да бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олардын бірі ұнап - қуантса, екіншісі - қапаландырып, жек көрушілік тудырады Сезім түрі сан - алуан. Төңіректегі нысандардың жеке қасиеттері мен сапаларының өзі де адамнын белгілі эмлциясына себепші болады. өмір жағдайлары мен тұрмыс оқиғалары күрделірек болуы эмоцияның тууына себепші келеді. Эмоция аукымы өте кең: өкініш пен қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш, тандану мен жеркену - мұндай сезім турлерін шексіз келтіруге болады. Сезім - бұл адамнын қоршаған болмыс заттары және құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретін толғаныс, күйзелістері. Адам сезімі тіршілік үшін керекті де пайдалы қасиет. Толғаныссыз ө мір-өшкен өмір ұлы ғұлама А. Науаи «Сезімсіз адам-кесек, махаббатсыз адам-есек»- деген екен. Көп сезімдерге адамнын өзі құштар. Егер сол сезімдер қандай да себептермен болмай қалса, адам «эмоциялык ашырқауға» келіп, онын орнын толтыру үшін ән күй тыңдайды, әсерлі фильмдер көріп не қым-қигаш оқиғалы кітаптар оқиды.

Психолагтар көп заманнаң бері осы сезім мәселесін төркінін ашумен айналысуда. XYIII-XIX ғасырларда бұл сұрақ, төнірегінде ортақ көзқарас пайымдалмады, дегенмен интеллектуалистік теория бағыты кен оріс алды. Бұл бағыт мәні-адамдағы барша органикалық көріністердін негізі психикалық құбылыстардан деген тужырымнан шығарылды. Неміс психологі Гербарттын ұйғарымы бойынша барша сезімдік дүниенін ірге тасы елестер деп саналды. Бұл теорияға орай сезім-елестер арасындағы байланыстарға сай қарама-қайшылықтарға жауап ретінде жузеге келеді. Мысалы, дүниеден өткен адамнын бейнесін тірілермен салыстырудан қайғы пайда болады. өз негізінде бұл кейіп ырықсыз көз жасын төгуге не жалпы қасіретті күй білдіруші әрекет-қылыққа себепші болады.

Неміс ғалымы В. Вундт та осы бағытты қолдады, бірақ онын тұжырымдары эклектикті, яғни әртүрлі психологиялық қарама-қарсы көзқарастарды қалай болса, солай қоса салуға негізделген еді. Оның пікірінше эмоция- бұл алдымен сезімінің елес жүрісіне тікелей ықпал етуімен сипатталатын адамнын ішкі өзгерістері, ал кей жағдайда, ішкі өзгерістердін сезімге әсері, ал органикалық процестер- эмоциянын салдары ғана.

Эмоцияның казіргі заман тарихы У. Джемстін 1884ж. жарияланған «Эмоция деген не» атты мақаласынан басталды. У. Джемс және бұған байланыссыз Г. Ланге пайымдаған теория бойынша: сезімнің туындау себебі-сыртқы ырықты коғалыстар, сонымен бірге, ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатын адамның кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінін бәрі - эмоциялық күйді танытады. «Біздің кайғыруымыз - жылағанымыздан; корқуымыз - калтырауымыздан; қуанғанымыз - күлгенімізден» /У. Джемс/. Сонымен, эмоция салдары болған дене шетіндегі / перифириялык/ органикалық өзгерістер, ғалымдар ойынша, сезімдер себебіне ауысады. Осыдан эмоциялардың ырықты реттелуінін қара дүрсін түсініктемесі беріледі мысалы, ұнамды эмоцияга тән әрекеттерді әдейі жасаумен қажет болмаған касірет сезімін басуға болады- мыс.

Джемс -Ланге тұжырымы бірқатар көзқарастардың пайда болуына әсер етті. Психологтардың үлкен тобы сезімді жай-күйлік қалып аймағынан шығарып, дененін әсер еткен жағдайға, оқиғаға болған жауап әрекеті деп танығанды жөн көрді. Мұндай түсінік Ч. Дарвин енбектерінде де берілген. Эмоциялық әрекеттердін көбі өздерінің пайдалы болуымен қажет, мысалы, жануар каһары жауын корқыту үшін керек, немесе олардын кейбірі өткен эволюциялық дамудын бір кезеңінде қажет болған әрекеттердің нәсілден нәсілге ауысып келе жатқан қалдығы /рудимент/. Мысалы, алақанның қорқыныштан дымқылдануы бір уақыттары біздің маймыл тектес бабаларымызға кауіп қатер төнгенде ағаш бұтақшаларын берік ұстауға жәрдемін тигізген. Кейін бұл теорияны Э. Клапаред жалғастырды. Ол «кандай да бір сезімнін туындауы - адамнын кезіккен жағдайға икемделе алмауынан /адаптация/. Егер адам қашып, құтыла алатын болса, ешқандай қорқыныш сезіміне түспейді» - деп жазады.

Ендігі бір окшауланған теориялар тобы сезім табиғатын адамның ақыл-ой / когнитив/ мүмкіндіктерімен байланыстырады. Олар ішінде Л. Фестингердін сана үйлесімсіздігі / когнитивті диссонанс/ теориясы өз алдына. Бұл көзқарастын мәні: адам бір нысан жөнінде біріне бірі психологиялық қарсы екі пайым ортасында тандау ете алмай, кұйзеліс эмоциясына тұседі, яғни санадағы «білімдер» үйлесімсіздігінен жағымсыз сезім пайда болады. Ал іс-әррекеттін нақты нәтижесі мен көзделген ниет озара сәйкес келсе, адамда жағымды сезім туады.

Ақыл-ой үйлесімсіздігінен құтылудын екі жолы бар :

1) өз ниетінді шындыққа сәйкес өзгерту;

2) ниетке сәй болатындай әрекеттін жана жолдарын іздестіру. Сонымен когнитивтік теория адамнын сезімдік кейпін онын әрекет, қылықтарынын негізгі себепшісі ретінде қарастырады.

Бұл эмоциялар психологияда жетекші ниеттер аталган /В. К. Вилюнас/ эмоциялық құбылыстар тобына - жетекші ниет, яғни басталған ішкі не сыртқы іс-әрекет ізімен туындайтын сезімдер кіреді. Бұлар сол әрекеттердін орындалуына тиімді не кедергі болған жағдайларға /үміт, ыза/, жетіскен нәтижелерге /қуаныш, өкініш/ немесе қалыптасқан не мүмкін болар ситуацияларға / катерлену, сенімді болу/ субъектін қатынасын сипаттайды. Мұндай сезімдік толғаныстар жетекші ниеттерге негізделгенінен әдейі немесе ырықты деп аталады. Осыдан, көзделген мақсатқа жетуде алда шыққан кедергі бір тұрлі сезім туындатса, енді сол кедергі жаудан қутылуда пайдалы болуымен екінші бір сезім пайда етеді, яғни ырықты сезімдер нақты жағдайда, сол сәттегі өмірлік маныздылыққа орай байқалады.

Адам не үшін күрессе, соны жан тәнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе, соны өлердей жек көріп отыруы керек. Эмоциялардың адамның дүниетанудағы алатын орнын В. И. Ленин орыс библиографы Н. А. Рубакиннің (1862 - 1946 ) « Кітаптар әлемінде » кітабына берген пікірінде « адамның шындықты іздеуі » адам эмоциясынысз еш уақытта болмағанын және болуы мүмкін емес деп өте жақсы көрсеткен.

Осы жағдайларға байланысты оны одан әрі тереңірек түсініп, зерттеу мақсатында курстық жұмысымның тақырыбын «Эомцияның негізгі қызметтері» - деп алдым.

І. Бөлім . Жеке адам қуаттарының бірі - эмоция.

1. 1. Эмоция және сезім.

Адам реалдық дүниені тек танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасын да білдіріп отырады, ол бір нәрсені ұнатады, біреуді жақсы көреді, екінші біреуге салқын қарайды. Бір сөзбен айтқанда, өз қажеттеріне қарай айналасына түрлі көңіл күйін білдіріп отырады.

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда, көптеген ұнамды жөне ұнамсыз сезімдерді туғызып жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану, іш пысу, зерігу т. б. осындай сезімдер мен эмоциялардың сан алуан түрлері.

Сезімдер - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де коғамдық сипатта болып, сөзімнің мазмүнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.

Сезімдерді эмоциялардан дүрыс айыра білмеушілік, бүл екеуінің мәнін бірдей деп үғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялык сипаттағы қүбылыс, бүл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.

Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену, қажу, шаттық, уайым т. б. осы секілді сапалар өзара екі полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.

Сезімдердің екінші ерекшелігі - олардың актив (қажырлы) және пассив (солгын ) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сөзімдер мен эмоцияларды стеникалық, ал бүлардың баяу, солғын түрлерін астеникалык деп атайды. Біріншісіне: жауапкершілік, жолдастық, достық, айбатшлық т. б. жатса, екшшісіне: уайым, енжарлық, көңілсіздік т. б. сезімдер жатады. Бүл жерде мынадай бір жағдай есте болсын. Түрлі нактылы жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімнің өзі бірде қуаггы, бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Мөселен, қорқыныш сөзімі кейде бір адамньщ буынын босатып, пәрменсіз етсе, еіщі бірде қауіп-қатерге қарсы түрғызатын айбатгылыққа (күппі сезім) ауысуы мүмкін.

Сезімдердің ушінші бір ерекшелігі - жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу . Бүл да сезімдердің қарама-карсы сапаларының бірі. Мәселен, студенттердің емшханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі шешупіі кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін жүмылдырады. Осы кезең откен соң басқа бір күйге түседі. Мүны кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді.

Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі үдайы қинала беретін болса, оның діңкесі қүрьш, берекесі кетеді. Адамның осьшайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс 83 деген термиғімен белгілейді. Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрінісін мазасыздану кезеңі дейді. Организмнің күшті тітіркендіргіштермен айқасқа тусуін куш салу, немесе зорлану кезеңі деп атайды. Адам сырттан келетін әсерге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мүндай қолайсыз әсер жүйке жүйесінің жүмысына да, дене күшіне де нүқсан келтіретіндіктен, адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі кадағалап, ретгеп отыруы қажет.

Сезімнің жоғарыда айтылған ерекшеліктерінің барлығы да нақтылы әрекет үстінде, кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады. Сезім адамның бүкіл өмірімен, оның жеке басының ерекшеліктерімен тығыз байланысш. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеті мен қызығу ерекшеліктеріне, дүниеге көзқарасы мен сеніміне, мінез-күлқы мен білім көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады. Стен - грек сөзі, қазақша күшті деген мағынада. Астения - бұл да грек сөзі, қазақша әлсіз деген мағынада. Стресс - ағылшын сөзі, қазақша шамадан тыс зорлану деген мағынаны білдіреді.

Сезімдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын орны зор. Алдағы мақсатты орындау жолында, емір үшін күресте күшті сезімдерсіз табысқа жету қиынға соғады.

Сезімнің қораш, солгын, селсоқ болуы іске кедергі келтіреді. Адам не үшін күрессе, соны жан-тәнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе, соны өлердей жек көріп отыруы керек.

Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жагымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бүлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, кеңіл қоштық т. б. осындай эмоциялардың енді бір тобы жагымсыз не унамсыз эмоциялар делінеді . Бұлар - белсенді әрекетке азды-көпті нүқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т. б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және курделі эмоциялар болып та бөлінеді. Қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерінің өтелу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, қүмарлық эмоциялары кіреді.

Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бір ерекшелік: оларда сан алуан монерлі қозгалыстардың болып отыратындыгы . Ч. Дарвин осы күнгі адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ерте кездегі ата-бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екендігін айтады. Мәселен, қатты ашу кернеген адам кейде жүдырығын түйіп тістенеді, қабағын түйіп булығады, демін әзер алып, танауы делдиіп кетеді, жүрегі тарс-тарс соғады. Осындай мәнерлі қозғалыстардың әрқайсысының өзінше шығу тарихы бар. Жоғарыда келтірілген мысалдан жауымен (жабайы андармен) айқасқа түсейін деп түрған адамның келбетін, даярлық белгісін байқауға болады. Ертедегі адамдар жабайы андармен арпалысқа түсердің алдында денесін соған бейімдеп алып, сонан кейін айқасатын болған. Қазіргі адамдар үшін мүндай көріністер дөрекі, ебедейсіз қимылдар болып табылады. Мүндай ебедейсіз қимылдар мәдениетті адамның қылығына ешбір сыйымсыз сипат. Бүған көбінесе сотқар, ызақор, кекшіл адамдар біртабан жақын түрады. Адамдардың сана-сезімі өскен сайын оның қимыл-қозғалыстары да мәдениеттене түседі. Эмоциялық жағдайлар адамның дем алу, қан айналу органдарына өзгерістер түсіретінін, бет әлпеті мен (мимика) бүкіл дене қимылдарына (пантомимика), сөздің интонациясы мен тембріне, дикциясы мен паузасына да өзгерістер енгізетіндігін дәлелдейтін мысалдар көи. Қорқу эмоциясы кезінде адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстарды алайық. Қорыққан адамның қасы тартылып, түсі бозарады, қозғалыстары баяулап не мүлде тоқтайды, денесі дір-ілдеп қалшылдайды, піашы үрпиіи, көзі шарасынан шығып, даусы қарлығып, үні кібіртіктейді, аузы кебірсіп, тынысы өзгереді, беті шіміркеніп, бүкіл денесі қалтырап, салқын тер шып-шып шығады. Тіпті орнынан қозғала, сөйлей алмай, дауысы шықпай қалатын кездері болады. Қорқыныштың жеңіл түрі тынышсыздану, ауыры - үрейі үшу т. б. Эмоциялық жағдай кезінде адамның денесінен байқалатын әр түрлі мәнерлі қозғалыстарды Абай өлеңдерінен көптеп кездестіруге болады.

Күрделі эмоциялар

Курделі эмоциялардың бірі - көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не кеңілге кірбің кіру, ызалы, түсі суық т. б. деп ажыратады. Адамның кеңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, үжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Өмір-тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға да адамның көңіліне үлкен із қалдырады. Мөселен, адам көптен айналысып жүрген ісі оңға басса, немесе бір нәрсеге қолы жетсе (жоғары оқу орнын бітіру, диссертация қорғау т. б. ), шат-шадыман күйге түседі. Керісінше, ол ылғи да сәтсіздікке үшырай берсе, көздеген мақсатына жете алмаса, жанын қоярға жер таба алмай қиналады. Мүндайда қабағы қатыңқы, ренішті күйде жүреді. Сондықтан да «Көңілсізден күлкі шықпас», «Адам көңілден азады» деген мақалдар тегіннен-тегін айтылмаған. Ерік-жігері күшті, рухани өмірінің мазмүны бай адамдар, тіпті ауыр жағдайларда да көңілді жүреді. Оптимистік, жарқын болашаққа сену, қиыншылыққа мойымау ерік-жігері күшті, қажырлы адамдардың басты қасиеті. Адам өз көңілінің қожасы болу керек екендігін олар іс жүзінде көрсете білуі тиіс. Осы айтылғандардан өмір сүруге қолайсыз кездерде де көңілді ырқына жібермеуге болатындығы, көңілдің түрақты болуы жүмыс қабілетін арпыруға, адамның жеке қасиетінің жақсы сапаларына байланысты екені жақсы аңғарылады. Өз көңілін меңгере білу - мүғалім үшін аса қажетгі сипат. Төменгі сынып оқушыларының мүғалімінің кдсы мен қабағына қарап отыратыны белгілі. Егер мүғалім көңілсіз, 224

кірбің болса, оқушылардың оқу материалдарын меңгерулеріне қолайсыз әсер етеді. Эмоцияның бір турі - аффекттер^'. Аффекттер дегеніміз қысқа уақытқа созылса да, бурқ етіп қатты көрінетін эмоцияның турі. Аффектгер кейде адамның бүкіл психикалық кейпін бүзып, мәнерлі қозғалыетарға толы, ерік күшінің әлсіреу жағдайында өтеді (Мөселен, зәре үшу, қорку, долылық, жан түршігу, кенеттен торығу, қамығу т. б. ) . М. Ю. Лермонтов бір адамның басынан байқалған аффектіні былайша суреттейді:

Орынсыз жан таласып кейде бекер, Жүламын итмүрынды қолым жетер . . . Сонан соң әлім кетіп жерге қүлап, Еңіреп егіл-тегіл, жаттым сүлап. Кеміріп жердің дымқыл топырағын, Шықтай қып жерге төктім жасты-ай бүлақ.

Аффекг кезінде адамның «есі шығып» кешейді. Дені сау адамдарда болатын аффектгерді адамның жеке басының кемшілігі деп түсіну керек. Бүл - адамның өзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі. Ерік-жігері күшті адам мүндай үшқалақтықка, лепірмелшсе бармайды. Ондай адам не істесе де ойланып істейді. «Ар-ісі ақылға ермек, бойды жеңбек, өнерсіздің қылығы өле көрмек», деп Абай дүрыс айтқан.

Дені сау адамдардың аффектісінен психикасы ауруға шалдыққан адамдардың аффеклтерін (патологиялық аффекгтер) ажырату қажет. Мүндай аффекттер ми қабығы мен қабық асты орталықтарының байланысы бүзылғандықтан, екінші сигаал жүйесінің реттеушілік рөлі кемігендіктен болады. Аффектгерді тәрбиелеу адамның жеке басын тәрбиелеумен тығыз байланысты мәселе.

Қумарлық - адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, түрақты эмоция. Қүмарлық өзінің қоғамдық мәнімен бағаланады. Егер гылым мен өнерге, еңбекке қумарлықты унамды десек, дуние қумарлық, бақ қумарлық, ойын қумарлықты унамсыз қумарлық дейміз. «Қүмарлық кісіге жүк артады, міндеттілік туғызады, міңцет борышты етеді, бүлар еңбекке жүктейді, еңбек ғылым мен өнерге ашылған жол, » 85 - деп Абай адамға қажетті қүмарлықтың психологиялық табиғатын көрсеткен. А. С. Пушкин. Аффект - латынша аффектус деген сөз, қазақша жан ушыру, куйіп-пісу деген мағынаны білдіреді.

А. Құнанбаев. Шығармалар бір томдық толық жинағы. Алматы,

«Сараң сері» драмасында Альбертгің образы арқылы, құлқынын ақша тескен адамның «қүмарлығын» былайша суреттейді:

Е, менің өкем үшін ақша малай да емес,

дос та емес,

Бас иетін қожасы, өзі қызмет етеді, Еткенде қандай десеңші! Алжирдің нағыз қүлындай, Шынжырлаулы төбеттей! Иттің суық жатағында түрады. Қорегі оның қара су мен кепкен нан, Көз ілмейді түн бойы, жүгіреді арсылдап, Ал алтыны жатыр сандықтарда мызғымай . .

Жоғары сезімдер

Жоғары сезімдер адамға ғана тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалық, интеллектік деп аталатын сөзімдер кіреді.

Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адам мінез-қүлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі адамгершілік сезімдер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жағымсыз эмоциялардың адам денсаулығына әсері және оны түзету жолдары
Педагогтің тұлғалық сапалары
Ерікті болу қасиеті
Эмоция және сезім. Сезімді вербалдау
Адам аралық қатынастар психологиясы туралы түсінік
Даралық – іс-әрекеттің әр түрлі түрлерінде шығармашылық субьектісі ретінде
Спортшыларды жарыстарға жалпы психологиялық дайындаудың негіздері
Жоғары сезімдер
Жасөспірімдік кезең сатылары
Психология пәні және оның психологиялық білімдер жүйесінде алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz