Шоқан Уәлихановтың әдебиеттегі көркем бейнесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Шоқан Уәлихановтың әдебиеттегі көркем бейнесі
1.1 Шоқан Уәлихановтың өмірі мен
шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 4
1.2 Шоқан Уәлихановтың көркем әдебиеттегі бейнесі ( С.Мұқанов Аққан
жұлдыз, С.Бақбергенов Ақ боз атты ару шығармалары
бойынша ... ... ... ... ..9
1.3 Шоқан асулары повесіндегі Шоқанның сомдалған
тұлғасы ... ... ... ... ... ... 15
1.4 Шоқанның әдебиетке сүйіспеншілігінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ...19

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..24

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі.
Өз заманының білгір ғалымы, этнограф, саяхатшы, зерттеуші ғалым, небәрі
отыз-ақ жасында әдебиет, тарих, этнография, жағрафия, философия, экономика,
бейнелеу өнері, археология, фольклор салаларында сындарлы еңбектер
қалдырған еліміздің атақты ұлы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – ерекше мақтан
тұтар, ерекше құрмет тұтар ардақты да биік тұлға. Еуропаның прогрессивтік
мәдениетіне қолын жеткізген Шоқан Уәлиханов жайында оның орыс достары көп
мәнді пікірлер айтқан. Соның ішіндегі Шоқанның досы К.Губарев: ...Шоқан
Уәлихановтай ерекше қабілетті адам бұратана деп аталатын басқа халықтардың
ешқайсысынан бұрын-соңды шыққан емес... – деп жазған екен. Орыстың белгілі
ғалымы, Шоқанның замандасы В.И.Веселовский Шоқан жайында: Шоқан Шыңғысұлы
Уәлиханов Шығысты зерттеу ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де, жоқ
болды. Орыс ориенталистері оны ілімде бір кездесетін ғажайып дарын иесі деп
таныды және одан түрік халықтарының тағдыры жөнінде аса маңызды жаңалықтар
ашады деп күткен еді.. – деген сөздермен еске алған еді. Шынымен де, Шоқан
Уәлихановтай ерекше қабілетті, халқымыздың мақтан тұтар ардақты азаматты
тек түркі текті халықтар ғана емес, сонымен қатар Еуропа халықтары да
ерекше құрмет тұтқаны шындық деп біз айта аламыз.
Шоқан Уәлихановтың есімі Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық-ғылыми
ойының тарихында заңды түрде құрметті орын алады. Осынау бір аса көрнекті
ғалым әрі ағартушы Шығыс халықтары туралы толымды да жемісті ғылыми
зерттеулер жүргізді және сол бір кезде сыры-қыры ашылмаған беймәлім елдерге
асқан қауіп-қатерге қарамай белді буып, батылдықпен саяхат жасаған. Шоқан
Уәлиханов – қысқа ғана өмірінде мол жасаған асқан дарын иесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Шоқан Уәлихановтың әдебиеттегі
көркем бейнесін жан-жақты ашу, сипаттау зерттеу жұмысының мақсаты болып
табылады. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалады:
• Шоқанның өмірі мен шығармашылығына шолу жасау;
• Шоқан Уәлихановтың әдебиеттегі көркем бейнесіне сипаттама беру;
• С.Мұқанов Аққан жұлдыз, С.Бақбергенов Ақ боз атты ару шығармалары
шолу жасау;
• Аққан жұлдыз романындағы Шоқан Уәлихановтың бейнесін ашу;
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны. ШоқанУәлихановтың көркем шығармадағы
кейіпкерлік бейнесі.
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері. Жұмыста сипаттама, салыстырмалы-тарихи,
образдық талдау, жүйелеу, топтау, салыстыру тәсілдері қолданылды.
Курстық жұмыстың теориялық және практикалық құндылығы. Зерттеу барысында
алынған тұжырымдар мен нәтижелер әдебиет пен тарихты оқытуда септігін
тигізе алады.

Курстық жұмыстың дереккөздері: Зерттеу жұмысында көтерілген мәселелер
бойынша белгілі зерттеуші – ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды:
Р.Нұрғали, Г.Алиева, С.Мұқанов, С.Бегалин, С.Бақбергенов, Ж.Бейсенбаев,
Сергей Марков, С.М.Петров, И.Стрелкова, Әлия Бейсенова, В.О.Новиков.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, бір
тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы Сырымбет даласында дүниеге келген.
Оның шын аты Мұхаммед-Қанафия. Ел аузында қалған сөздерде оның азан шақырып
қойған әуелгі атының Шоқан болып өзгергені де осы тұрғыдан байыпталады.
Үлкендердің қасында тапжылмастан шоқиып отырып әңгіме тыңдайтын баланы ата-
анасы: Шоқиғаным, Шоқаным, - деп еркелетеді екен. Ақырында оны кейіннен
бүкіл ағайын-туған, ел-жұрты да осылайша атап кетті [16, 5].
Енді бір деректерде Шоқанды осылай атауға байланысты мынадай бір
дерек келтіріледі: Шыңғыстан туған тұңғыш немересін – Мұхаммед-Қанафияны
жақсы көрген Айғаным әжесі оны кішкентай жасында еркелетіп, оған бата-тілек
ретінде Құлыным, Шоқыдай биік, таудай асқақ болшы дейді екен.
Шоқанның шыққан ортасы – қазақтың хан-сұлтан төре тобы. Әкесі – Шыңғыс
- Омбы әскери училищесін бітірген, орысша сауатты, офицерлік чині бар
(полковник болған ) адам. Ал Шыңғыстың әкесі Уәли мен шешесі Айғаным да
хандық құрған адамдар. Арғы аталары тарихқа белгілі – Абылай хан.
Шоқанның әкесі Шыңғыс Уәлиханов (1811-1895ж.ж.) орта жүздің ханы
Уәлихан семьясында Қызылағаш жерінде (басқа мәліметтер бойынша Сырымбетте)
дүниеге келген. Шыңғыс әкесінен 10 жасында жетім қалған. Жас кезінен Шыңғыс
өте зерек болған, орыстармен араласқан, анасы Айғанымның қалауымен Омбы
әскери училищесін бітірген. Омбы әскери училищесінде жеті жыл оқығаннан
кейін ол бұдан ой-өрісі кеңейіп, ғылым мен әдебиеттен, көркем өнерден,
сондай-ақ тарих пен географиядан, өз елінің статистикасынан терең мағлұмат
алып шығады. Шыңғыс орыс тілін жете меңгерген тұңғыш қазақтардың бірі еді
және соның арқасында ол орыс мәдениетінің бай қазынасымен терең танысады
[1,9].
Шыңғыстың анасы Айғаным (1783-1853ж.ж.) өте ақылды, байсалды,
мәдениетті адам болған. Айғаным орысша оқып, білім алудың маңызын терең
түсінген. 1827жылы ол өзінің баласы Шыңғысты, Шоқанның әкесін, Сібірдің
линиялық қазақтарының әскери училищесіне (Омбы әскери училищесі) оқуға
түсіруі – сол кездегі көзі ашық, болашаққа сеніммен қарайтын адамдардың
ғана ісі болғаны сөзсіз. Себебі сол кездің әрбір сұлтаны, әрбір төресі орыс
оқуының қажеттілігі мен құрметін Айғанымдай түсінген емес. Осындай ақылды
Айғаным өзі бірнеше шығыс тілдерін білген, Петербургтағы Сібір комитеті мен
Сыртқы істер Министірлігінің Азиялық департаментімен хат ауысқан, қазақтар
мен орыстар арасындағы достық қарым-қатынасын нығайтуға барынша әрекет
жасаған адам. Архив мәліметтері Айғанымның қоғамдық-саяси мүдделерінің өте
ауқымды болғанын көрсетеді. Сібір қырғыздары жөніндегі Устав
қабылданғаннан кейін Солтүстік Қазақстандағы маңызды оқиғалардың бірде-бірі
Айғанымсыз өтпейді екен [1,9].
Шоқанның анасы Зейнеп байсалды, ақылды жан болатын. Әнге құмар Зейнеп
Шоқан бойына жастайынан халық әндерінің, халық даналықтарының асыл
тәрбиесін сіңірген.
Міне, Шоқанның ұшқан ұясы осындай болған. Осындай белді отбасы
Шоқанның рухани жетілуіне игі әсерін тигізгенін біз сезіп отырмыз.
Шоқан титтейінен алғыр, зейінді болып өсті. Тілі де ерте шығып,
зеректігімен көзге түсті. Әсіресе ол сәби шағынан үлкендердің әңгімесіне
ерекше қызығушылық танытар еді. Әдетте аға-сұлтан ордасына ат басын бұрар
қонақ көп. Олардың арасында әкімшілік жайымен жүрген ел билеушілерімен
қатар, ескі әңгімелерді мол білетін құйма құлақ қариялар, кезінде талай
жорықтарды бастан өткерген кеуделі батырлар, сөзден өрнек өретін билер мен
шешендер, жыраулар мен өнерпаздар да баршылық. Сондайда Шыңғыс шаңырағында
нешеме қилы әңгімелер арнасының ағыл-тегіл ақтарылып жататын дағдысы бар.
Ал оларды есі кете қызығып тыңдаушылардың бірі – сол үйдің кішкентайы
Мұхаммед-Қанафия.
Екі жасқа келгенде бала Шоқанның сана-сезімі ерте оянып, рухани өсіп
жетіле беруіне әсіресе әжесі Айғаным үлкен әсер еткен. Тумысынан сезімтал,
дарынды балаға әжесі халық даналығының сарқылмас бұлағы болған. Ол Шоқанға
қазақтың ескі аңыздары мен хикаяларын қызықты етіп әңгімелеп, күні кеше өзі
басы-қасында болған оқиғаларды еске алып отырған. Халықтың озық дәстүрлері
мен салтын бойына сіңірген әжесінің жарқын бейнесін Шоқан өмірінің аяғына
дейін ұмытпай есінде сақтайды [1,19]. Айғаным әжесі Шоқанға 5-6 жасынан
елінің қисса-дастандарын оқытып, батырлық жырларын жатқа айтуға баулыған.
Сырымбетте жүрген кезінде-ақ ол ел аузындағы Ер Қосай, Қозы Көрпеш –
Баян сұлу, Ер Көкше сияқты дастандардың бірнеше нұсқасын жазып алған
[6,50].
Шоқанның рухани, мәдени өсіп жетілуіне, оның ғылымға ден қоюына
әжесімен қатар әкесінің алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясының өкілдерімен
тығыз байланысты болуы үлкен әсер етеді. Академик А.И.Шренк, Сібір
қазақтарынаң облыстық басқармасында қызмет істеген декабристер С.М.Семенов,
В.И.Штейнгель, Н.В.Басаргин және Қазан университетінің студенттері
С.Сотников, Н.Ф.Костылецкий, Т.Сейфуллин сияқты көптеген жоғары білімді
адамдар Шыңғыстың ауылында талай рет болған [1,22]. Сонымен қатар Шоқанның
көңілдес достары, замандастары П.П.Семенов-Тяньшаньский, Ф.М.Достоевский,
Н.Веселовский, Г.Потанин, Н.М.Ядринцев, Н.Ф.Анненский тағы басқаларының
Шоқанға деген ықылас-ниеттері ашық, жақсы ықпалдары мол болатын.
Шыңғыс үстем тап өкілі ретінде ел билеушілік қызметін атқара жүріп,
өз ауылында қазақ мектебін ашады. Шыңғыстың өзі араласа жүріп ашқан ол
мектеп Шоқан алғаш алған тәуір білім алған құтты отауға айналып еді. Онда
шәкірттер қазақша таза оқып, жаза білуді, көне шағатай тілдеріндегі
дүниелерді тануды, араб пен парсыша сөйлеу дағдыларын үйренді, шығыс
ақындарының өлеңдерін жаттады, қазақтың халық эпостарымен танысты, тарих
пен есеп пәндерін өтті. Осыған қарағанда байырғы дәстүр бойынша сұлтан
балалары жеті жұрттың тілін білу керек деген талап Шоқанды оқыту
барысында кәдімгідей жүзеге асқан сияқты [16,46].
1847жылдың күзінде әкесі Шыңғыс өзі алған әскери орысша білімді
баласы Шоқан да алсын деген ниетпен оны Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны
болып саналатын Омбының кадет корпусына орналастырады. Осы кадет корпусы
жайында А.Завалишин: Омбы әскери Кадет корпусы ағартушылық пен
патриотизмнің өркен жайған жері болатын, - деп айтып кеткен. Кадет
корпусында жүрген пәндердің салалары мен сапасы жөнінде академик
Ә.Х.Марғұлан: Омбы кадет корпусында оқылған курстардан көрінгендей, ол
әдеттегі үлгі орта оқу орындарынан көш жоғары тұрды. Ол шын мәніндегі білім
ордасы болды. Оның оқу программасына тек арнаулы жоғары оқу орнындарында
ғана оқытылатын пәндер (Архитектура, Сызба геометрия, Топографиялық сызу
және басқалар) енгізілген. Корпус Россияның шет аймақтары мұқтаж болған аса
білікті және жан-жақты білімді адамдар даярлауды жүзеге асырды - деп,
мейлінше орынды әрі дәл баға берген [23,48].
Мұнда Шоқан шығыстың ақын, ғұламаларын Науаи, Фердауси, Әл-Фарабиді
оқыған, орыс, шетел әдебиетінен Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Шекспир,
Теккерейдің шығармаларымен танысты, В.Г.Белинскийдің, А.И.Герценнің,
Ж.Ж.Руссоның, Т.Карлейльдің философиялық трактаттарын, әлеуметтік романдары
мен сын мақалаларын оқыды [6,51].
Шоқанды өзінің орыс достары арқылы оқуға түсірем деп Шыңғыс Омбыға
келгенде, корпус директоры генерал Шрамға өз ұлын Ресей армиясының
офицерлігіне дайындайтын осы оқу орнына беруге өзінің ықыласты екенін
айтып, арнайы жолыққан еді. Сонда генерал қарсы болған жоқ. Бірақ Шыңғысқа
мынадай бір ескерту жасаған: Бізге түскен нұсқау бойынша, кадет корпусына
қазақтардың өзіңіз сияқты қадірлі адамдардың балаларын алуға да рұқсат
берілген. Сіздің балаңызды алайық, бірақ үлгеріп кете алмаса, ренжімейсіз,
шығарып жібереміз, – деді [16,55]. Әрине, ауыл мектебінде қазақша
сауаттанып келгені болмаса, орысша білмейтін қазақ баласы Ресей армиясының
болашақ офицерлерін дайындайтын, программасы біршама күрделі оқу орнына
басқалармен қатар үлгеріп кете алар ма екен деген күдік әуелгі кезде көп
мұғалімдер тарапынан туындаған да шығар. Алайда Шоқан олардың бәрін де
таңдандырып, алғашқы жылдың өзінде-ақ орыс тілін бір кісідей үйреніп қана
қоймай, сабағы жөнінен де алдыңғы қатардан көрінді [16,59]. Құдайға шүкір,
Шрамның Шыңғысқа жасаған ескертуі жүзеге аспады: Шоқан корпустың алдыңғы
қатарлы озық оқушыларының бірі болды. Шоқанмен бірге оқыған оның досы
Григорий Потанин корпуста оқып жүрген шағынан өз естеліктерінде былай деп
жазады: Шоқанның санасы тез өсіп, өз қатарластарынан өте озық болған еді.
Табиғи қабілеті және басқа да ерекшеліктері мол адам болатын.... Шоқанның
зеректігін ол Кадет корпусында оқып жүрген кезінде-ақ жолдастары мен
оқытушылары байқады. Осы орайда Г.Потанин: Шоқан тез дамыды, өзінің орыс
жолдастарынан басып озды. Оған көп адам ден қойып, зер салды, оның
қабілеттілігі сондай, - оқу орнына түсуден бұрын да сурет салған еді - деп
Шоқанды еске алып жазады [1,26].
Жоғарыда айтылып кеткендей, дәстүр бойынша сұлтанның балаларына
бірнеше шығыс тілдерін үйрену, яғни жеті жұрттың тілін білу парыз болған
[1,19]. Шоқан шығыстың араб, ұйғыр, түрік, монғол, парсы тілдерін
меңгерумен қатар Еуропаның орыс, француз, неміс, ағылшын тілдерін білген.
Қашқарияда Шоқан ұйғыр тілін тәп-тәуір үйреніп алады. Ғалымның архивінде
оның Қашқарияда ұйғыр тілінде жазғандары сақталған [21,5].
Корпустың оқу программасында әскери пәндермен бірге жалпы география,
Россия географиясы, жалпы тарих пен Россия тарихы, орыс және Батыс Еуропа
әдебиеттері, философия негіздері, физика, химия, арифметика, алгебра,
геометрия, тригонометрия пәндері де қамтылған және сонымен қатар сызу мен
сурет салу сабақтары жүргізіліп, орыс, француз тілдері де оқытылған. Оның
үстіне корпуста шығыс тілдерінің класы да бар еді. Бұл класта француз
тілінің орнына түрік, монғол, араб, парсы тілдерін оқытқан [1,24]. Ал
жоғары класс оқушыларына фехтование мен би сабақтары да арнайы өткізілді.
Кадеттердің би кластарына Омбының ең тәуір деген бикештерінің келуіне
рұқсат берілгендігінен-ақ аңғарылып жататын [16,61].
Осылардың бәрі: мәнді оқу программасы, мұғалімдердің білім сапасы,
сол шақта революциялық-демократиялық идеялар рухында тыныстаған бір шоғыр
ұстаздардың сергек тәлімі тумысынан зерек Шоқанға ерекше әсер еткендігіне
дау жоқ. Ол екі-үш жыл ішінде-ақ алғырлығымен, жүйрік ойымен көзге түсіп,
өзіне ерекше назар аудартты.
Кадет корпусында Шоқан 6 жыл оқыды. Корпусты 1953жылы жақсы бітіріп
шығысымен, Сібірдегі V әскери полкына алынған. Жыл өткен соң Батыс-Сібір
генерал-губернаторының адъютанты қызметіне жоғарылайды.
Шоқан 1856 жылдан бастап ұлы саяхат сапарына шығады. Жас ғалымның ұлы
сапарлары Орта Азиядан бастау алған. 1856, 1857 жылдары әскери
экспедициямен қырғыз жерін аралап, әдет-ғұрпын, әдебиетін, өсімдіктер және
хайуанаттар әлемін зерттей бастайды. Шоқан – қырғыз жерін, олардың Манас
жырын ең алғаш зерттеп, Еуропаға әйгілеген ғалым. Сонымен қоса, өзбек,
ұйғырлардың ғасырлар бойғы тарихын сан қырынан қажымай зерттеп, әлемге
танытқан зерделі шығыстанушы. Шығыстың көптеген елдерінің тілін жақсы
меңгергендіктен, парасатты ғалымға жергілікті халықпен араласу қиынға
соқпаған. Осы жылы Құлжа қаласында үш ай жүріп, Ресей мен Қытай арасындағы
сауда, достық қатынастарының жақсаруына зор ықпалын тигізеді. Әр
сапарындағы құнды еңбектері әлемдік ғылым қазынасын толықтыра түсті.
1855-1856, 1862-1863 жылдары Қазақстанның түкпір-түкпірін аралайды.
Туған халқының мәдениетін, өмір салтын, фольклорын, ескі сәулет
ескерткіштерін, тасқа түскен көне жазбаларын асқан іждағаттылықпен
зерттейді. Батырлар жырларын, ертегі-аңыздарды, өлең-жырларды, қазақтардың
заң билігі жөніндегі мағлұматтарды жинады. Тынымсыз тірнектенгенінің
нәтижесінде XVIII ғасырдағы батырлар жайындағы тарихи аңыздар, Қазақ
шежіресі, Абылай, Қазақтың ата-тегі сияқты көптеген бағалы еңбектер
жазған. Орасан істері лайықты бағаланып, 1857 жылы Петербордағы жағрафиялық
қоғамның құрметті мүшесі болып сайланды.
1858 жылдың 1-қазанында Қашқарияға аттанған ол еліне алты айдан соң
оралады. Бұл өте қауіпті сапар еді. Өйткені, содан бір жыл бұрын қашқар
жеріне жасырын кірген неміс ғалымының басы шабылған болатын. Еуропа үшін
беймәлім, жұмбақ елге Ресей үкіметінің арнайы тапсырмасымен саяси астыртын
барлауға аттанған. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш әскери барлаушы. Сезік
тудырмау үшін бөтен елде жүріп, ештеңені де қағазға түртіп алуға болмайтын.
Шоқан көрген-білгенін жадында сақтап алып, қауіпті жағдайда күнделік
жүргізіп отырды. Қашқар халқының өнеркәсібі мен саудасы, үкіметі, саяси
жағдайы, жер жайы туралы жинап қайтқан бай мағлұматтарын Ресей әскери
мақсатта пайдаланды. Қарындашпен салған суреттері де Қашқарияның тұрмыс-
салтынан көп хабар берді. Зерделі ғалым бұл сапарға бел буғандағы өз
мақсатын ұмыт қалдырмады. Қашқарияның салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін
зерттеп, сирек қолжазбаларды, тау жыныстарын, біршама деректік заттарды
алып қайтқан. Бұл 1859 жылдың жаз, күз айлары болатын. Шоқан сол әкелген
материалдарын сұрыптап, ретке келтірді де 1860 жылдың басында Петербургқа
аттанады [2,817]. Осы жылдары Шоқан көп ізденеді, қоғамдық өмірге молынан
аралысады, көптеген шығармаларды оқып, газет-журнал материалдарын үзбей
оқып жүреді. Ол жайында Шоқанның досы Н.М.Ядринцев былай дейді: 1860-шы
жылдарда Уәлиханов орыс өмірінің беталысын, оның жаңаруын бақылап отырды.
Ол таңдаулы журналдарды үзбей оқыды. Петербургта 1861-1862 жылдары болып,
ғылыми комитеттің тапсырмасымен Орта Азия мен Шығыс Түркістанның карталарын
құрастырады. Бірақ Петербургтың ылғалды ауасы жақпай, кадеттің тас
қабырғалы үйлерінің сызынан пайда болған көкірек ауруы асқынып, Сырымбетке
оралады. Ғұмырының қысқалығын сезгендей, емделумен бірге ғылыми
зерттеулерін үзбей жалғастырумен болды.

1.2 Шоқан Уәлихановтың көркем әдебиеттегі бейнесі ( С.Мұқанов Аққан
жұлдыз, С.Бақбергенов Ақ боз атты ару шығармалары бойынша
Шоқан Уәлиханов жайында қалам тартқан белгілі жазушылар қатарында
Сәбит Мұқановтың алар орны ерекше зор. Себебі оның қарымдылығы ауқымды
пайымымен тізе қосқанда рухани игіліктердің бел ортасында орны бар Шоқан
Уәлиханов жайында жазылған парасатты еңбегі Аққан жұлдыз роман-дилогиясы
бар. Жазушының ұзақ жылдар бойы архив қазыналарын ақтарып, ел аралап,
саяхат-сапарларға шығып, инемен құдық қазғандай, мехнатпен мысқылдап
деректер жинауы, сол жинаған деректерін моншақтап тізе бермей, үңіле
зерттеп, зердеден өткізуі нәтижесінде өзіндік тың пікір, ойлы тұжырымдарға
негізделген роман оқырман жүрегіне жол тапты. Ойы кемел, қаламы шебер
суреткердің тізбектелген ой толғамдары шебер тілімен әдемі өріліп,
көркемделе жарасып, оқушысын еркінен тыс жетелейді [8,156].
Сәбит Мұқановтың Аққан жұлдыз романының бірінші кітабы 1967 жылы,
екінші кітабы 1969 жылы аяқталды. Сол 1969 жылы Сәбит Мұқановпен
әңгімесінде жазушы Әбділда Тәжібаев төрт том болады деген романның екінші
томында оны неге трилогия деп ескерткенін сұрағанда: Алғашында Аққан
жұлдызды бір том етіп жазармын деп ойладым. Жаза келе екі томға сыйдыра
алмайтыныма көзім жетті. Екінші томды аяқтағанда әлі екі том жазатыным
айқындарды. Ал редакторым екінші кітабым шығарда, Сәке, мұныңыз неше том
болады деп сұрады. Мен арық айтып, семіз шығайын деп ойладым да, төрт кітап
болатыны көкейімде сайрап тұрса да, үшеу болады деп қалғаным. Содан олар
кітаптың алғы бетіне – бұл Шоқан Уәлиханов туралы трилогияның екінші кітабы
деп жазып жіберіпті – дейді. Халық мұрасы деп аталатын қазақ халқының
мәдениеті, өнері, тілі, материалдық тұрмысы, көрші халықтармен қарым-
қатынасы туралы кітапты баспаға ұсынған соң енді Шоқанға қайта кірісемін.
Қалған өмірімді соған арнаймын, - деген жазушының мақсаты орындалмай, роман
аяқталмай қалды. Әйтсе де Аққан жұлдыздың екі кітабы мұраты зор жазушының
қуаты мол екендігін танытып үлгерген еді. Қадау-қадау сипаттарға ие бұл
еңбек жазушының ұдайы ізденіс, тозбас төзім, қайрат-қажырының арқасында
рухани байлығымыз қосылған зор үлес болды [8,156].
Шығарманы оқып жатқанда мәдени саяхатта жүргендей боласың. Осы орайда
Әзілхан Нұршайықовтың Үні өшпейтін, аты ұмытылмайтын ақындар, жазушылар,
ғалымдар ғана деген сөзі еріксіз есімізге түседі. Өлді деуге бола ма,
ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған – деп, Абай айтқандай,
тірілермен тілдесу правосы өлі жазушыға да берілген. Бұл қасиетті правоның
мерзімі – аз жылдық, яқи мәңгілік болуы – жазушының тірі күндегі ой-
өрісінің, рухани қуатының, өткен еңбегінің дәрежесіне байланысты. Еңбегі
елге танылып, халық қазынасына айналған жазушы ғана мәнді өмір сүреді,
ұрпақтан-ұрпаққа үнсіз өсиет айтып, үздіксіз сабақ береді. Қазақ халқының
сондай мәңгілік жазушыларының бірі – Сәбит Мұқанов деген пікірі атақты
жазушының сергектігіне, сезімталдығы мен сарабдалдығына берілген баға
екеніне ден қоясың.
Көпшілік Шоқан Уәлиханов туралы әңгімеге қанық. Ол жайында жазылған
дүниелер баршылық. Бірақ оқырманға керегі тарихи тұлға - Шоқанның әдеби
кейіпкер етіліп берілуі, яғни халыққа қадыр тұтатын ардақты ұлының әдебиет
төріндегі әдеби шығармаларда кейінгі ұрпаққа жететіндей, оның жадында
мәңгілік сақталатындай ерекше суреттелетіндігі керек. Халықтың бұл
тілегін орындаған жазушылардың бірі Сәбит Мұқанов екені баршамызға белгілі.
Оның Аққан жұлдыз романы Шоқанға арналып жазылған, Шоқан туралы жазылған.
Романда пайдаланылған дерек көздері өте мол. Бұл – жазушының түбегейлі де,
терең толғаныспен жазсам деген нысанасымен сабақтастық нәтижесі. Мұндай
еңбек шындыққа тиянақты, тыңғылықты зерттеу арқылы көз жеткізуді мұрат
санайтын, байламы бекемделген көкіректен ғана шығатыны талассыз. [8,156].
Аққан жұлдыз – автобиографиялық роман. Романның басты кейіпкері,
тарихи тұлға – ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов. Кейіпкер (персонаж) –
көркем әдебиетте роман, повесть, әңгімеде, драмалық шығармада, поэмада
бейнеленетін оқиғаларға қатысушы [24,107]. Романда тарихи тұлғаның көркем
бейнесін жасауда автор кейіпкер өмір сүрген кезеңдегі тарихи оқиғаларды да
сөз етеді. ...Француздың ұлы революциясы аталатын 1789 жылдан, Еуропада 1848
жылы болып өткен революциялардан, 1825 жылы болған декабристер
көтерілісінен, 1849 жылы әшкереленген петрошевшілдер оқиғасынан Шоқанның
хабары толық еді... [12,99]. ...Усов 1849 жылдың көктемі кезінде, бір
бөлмеде жататын балаларға жаңалық хабар әкелді.
Тарих еншісіне айналған ұлы тұлғалар, олардың ұлағатты өмірі жер
басып жүрген тірілер үшін мерей-мәртебе ғана емес, ең бастысы ұлттың мәдени-
рухани деңгейінің тарихи көрсеткіші, халық өресінің бедерлі айғағы ретінде
ден қойдыруға тиіс. Өйткені, ұлы тұлғалардың өзі тарих еншісіне
айналғанымен , олардың өнегелі өмірі бүгін мен болашаққа қызмет етеді.
Шоқан қазақ халқының бүгіні мен болашағының мақтанышы да, қызметшісі де
болып, тарих төрінен орын алған тұлғалардың бірегейі. ...Хан тұқымы,
сымбатты сұлу жас жігіт, білімі де, мәдениеті де жоғары... [12,3].
Оның адам ретіндегі қасиет-болмысы дарындылық пен ұлылық үлгісіндей
болып кейінгі ұрпақ жадында сақталса, ол тындырған ұлан-ғайыр істер
Қазақстан ғылымының тұғырын бекемдеп берді. Міне, тарихи тұлғаның осы бір
қасиеттерін Сәбит Мұқанов өз романына тұжырымдамалық дәлелді өзек етіп
алып, сонымен қатар айнымас темірқазық етіп ұстанған.
Сәбит Мұқанов роман жазу мақсатымен Шоқан болған жерлермен арнайы
жүріп өткен. Шоқан туған Құсмұрынды көрген ел, көлдің өзін де қызық қып
сипаттайды: Тұрқы батыстан шығысқа қарай созылған бұл көлге, - деседі
олар, - биік қырқадан қарасаң суы мол жылы мойнын батысқа қарай соза,
қанат, құйрықтарын жая, аяқтарын тарбайта жусап жатқан алып қоңыр қазға,
суы азайып, бетіне тұз байланған жылы әлгіндей түрде жатқан аққуға,
құрғақшылық жылы қара батпағы мен ақ тақыры араласқан шақта ит-ала қазға
ұқсайды.
Бұл сипаттаудыдың дұрыстығын: көлге 1949 жылдың суы мол жазында, 1956
жылдың тұз байланған күзінде, 1963 жылдың тақыршылығында барып өзім де
көрдім [30,8], - деп жазады автор. Көп зерттеу нәтижесінде ол аса бағалы
жаңа деректер тапқан. Ленинград, Қырғызстан, Омбы, Көкшетау, Қарқаралы,
Иркутск, Новосибирск, Улан-Уде, Монғолия, Қытай... Мұқановтың Аққан жұлдыз
ізімен шарламаған жері жоқ десек те болады. Аяқталмаған романның азабы
жазушыны тауға да, тасқа да сүйрейді. Шығарма жүгі жеңілге түсе қойған жоқ.
Алайда ұзақ жылға еңбек шығармада ақталған деп айтуға әбден лайық [11,131].
Романды жазуда автор өзінің алдындағы зерттеушілердің күрделі маңызды
еңбектеріне сүйенді. Сонымен қатар Сәбит Мұқановтың ерекше қарастырған
материалдарының бірі – халықтың шежірелері, аңыз-ертегілер [10,488].
Аққан жұлдызды оқи отырып, заңғар жазушының елінің ертеңіне еңбек
сіңіргеніне көз жеткізесің. Қазақ халқының маңдайына біткен айтулы тұлға –
Шоқан Уәлихановтың елге деген құрметі, ұлтқа деген ілтипаты, қасиетті
тілге, дінге, ділге адалдығы, рухани байлығы, ғылым әлеміндегі орасан зор
жетістіктері оның есейген шағында ғана қол жеткізген табыстары емес.
Қазақта тақыр жерге шөп шықпайды деген сөз бар. Ендеше кішкентайынан
халық даналығын, шығыс дүниетанымын, мұсылман дінінің негіздерін бойына
сіңіріп өскен Шоқан ержете бастағанда игіліктің көзі – ғылым, білім,
мәдениет, имандылық екеніне ден қойды.
С.Мұқанов еңбегіндегі Шоқан бейнесі өткендегі нәрселер өткенмен бірге
іс-түссіз жоғалып кетпейді, бүгінгі-кешегінің жалғасы, өткеннің салдары,
болашақтың себепшісі, өмірде ғайыптан пайда болатын ешнәрсе жоқ, кешегі мен
бүгінгі, бүгінгі мен ертеңгі – бәрі де бір-бірімен табиғи да, тарихи да
тұрғыдан байланысты дегенді ұқтыратындай. Үлкен дарын, ерекше талант, терең
білімді ғұламаның келешегі – балалық шағын жазушы таным деңгейінен
зерделеп, зерттеп барып, оның болашаққа қажетті ұстаным-бағдарының негізгі
ұшқан ұя, өскен ортасымен тығыз байланысты екенін ұқтырады. Жазушы мінез-
құлқына нақты талдау жасай отырып, оның бойынан табылатын шынайы жақсылық
сырларын ашып, оқырманның алдына жайып салады. Оған дәлел ретінде
Ф.М.Достоевскийдің Шоқан жайындағы айтқан сөзін келтіре кетсек: ...жолыққан
еркек атаулыдан, мен әзірге адамдықтаң шын бейнесін содан ғана таптым...
[12,321]. Немесе Гутковскийдің Шоқан бойында байқағаны: ...Шоқан жай ғана
пысық емес, ол жүктелген міндетін көтере алатын қайратты да, жігерлі де,
істеріне тиянақты да жас...[12,181]. Баланың өресі жететін нәрселерді
көңіліне түйіп, бала кезден-ақ зердесімен ұсынғанын, байыпты байлам жасай
алғанын ұқтырады. ...әкесі Шыңғыс, 1841 жылы Күрлеуіт-Қыпшақтан шыққан
Жаманқұл ақынға Едіге жырын айтқызғанда, Шоқан сол жырды қағазға
түсірген. Сонда Шоқан алты жаста [12,177].
Шығармада Шоқанның шын аты жайы сөз етіледі. Шоқанның азан шақырып
қойған аты Мұхаммед-Қанафия, атын қойған Қалқай ишан. Осыған байланысты
С.Мұқановтың Аққан жұлдыз романында мынадай эпизод кездеседі: Күллі
ислам дүниесінің, олардың ішінде, Бағдатта жиырма бес жыл оқып, он екі
пәнді тәмам ғып келіпті дейтін Қалқайдың сенімінде, бүкіл ислам
тарихындағы ең зор ғазауатшы: Мұхамед пайғамбардың әрі қызы – Фатиманы
алған күйеуі, әрі әскерінің бас қолбасшысы – хәзәрәті – Ғали. Оның үш
қатынынан он сегіз ұлы болған, бәрі де батыр болған, солардың ішіндегі ең
батыры – Мұхаммед Ханафия дейтін ұлы екен, әкесіне еріп, ғазауат соғысын
сол жүргізеді деседі. Болашақтың Мұхаммед-Ханафиясы болар ма екен? -
деген тілекпен Қалқай ишан Зейнептен туған ұлдың атын Мұхаммед-Қанафия
қойды [12,114].
Шоқан жастайынан зерек болған, қоршаған ортасындағы қарияларды талай
таң қалдырғаны бар: төрт жасынан сөйлей бастауы, осы факт Аққан жұлдызда
бір жасында деп беріледі:
Өсе келе Шоқан тентек болды, оған бас себепкер Шепе еді... Шепенің
ойынша: төре атаулының бәрі, бері салғанда – Шыңғыстай, әрі салғанда -
өзіндей жемқор, қиянатшыл, зорлықшыл болуға тиісті, сондықтан,
кішкентайынан жақын тартатын Шоқанды да Шепе осындай тәрбиеде өсіруге
тырысты... [12,117]. ...Шоқанның тілі шыға Шыңғыстың үйіне келген адамның
боқтау естімегені жоқ. Кім көргеннің бетіне түкіру, мазақтау, біреулердің
сақалына жармасу, мініп кеп байлап қойған атын шешіп жіберу, шідерленген
аттарды ағыту, қамшы, бөрік, белбеу, етік, ер-тұрман сияқты нәрселерді
тығып тастап, кейін таптырмау... Шоқанның дағдылы ісі болды... [12,118].
Дегенмен Шоқан тентек болса да, ол есті тентек. Шоқан тентек дегенмен
есті тентек еді. Көптің көзіне шала есті – шалдуар көрінгенімен, үйінде,
ауылында, елде болып жататын оқиғалардың бәрін ішіне түйіп, өзінше
қорытынды жасап жүретін. Кейде көзімен көріп, кейде құлағымен естіп...
дегендей, Құсмұрын дуанына қарайтын елдің игі жақсы аталатындардың кімдер
екенін Шоқан жақсы білетін еді; солардың ішінен, қайсылары әкесін
жақтайтынын, қайсылары жақтамайтынын да түсінетін... [30,118]. Романның
бірінші томында біз тентек Қанашжанның өсе келе ақылы толып, бірте-бірте
тентек Шоқаннан саналы жас, ғалым Шоқанға айналғандығына көз жеткіздік.
Тентек Шоқанның түбінде жақсы адам болатынын үлкендер сезген. Есі
кіргеннен бастап, Шоқан билердің сөздерін тыңдауды жақсы көрді. Онысын
байқаған біреулер, - ат болатын тай – саяққа, адам болатын бала – қонаққа
үйір дегендей, сөз тыңдау түріне қарағанда, Шыңғыстың мына тентегі түбінде
жақсы адам болып кетпегей де! – десті [12,178].
Зерделі жанның тірнектеп жиған деректерінің біразы Шоқанның алыста
қалған балалық шағын барлап, бүгінге адам кешеден келетініне көңіл
аудартады.
Әу баста кең жоспарланып, трилогияға айналады деп күтілген бұл
шығарманың аяқталмай қалған өкінішіне қарамастан, әдеби ағымға еркін еніп
кете алуының өзіндік сыры бар. Аға буын әдебиет өкілдері аталмыш романда
Шоқан тек басталар шақта көрінген (Т.Ақтанов) деп баға беруінің өзі
шығарманың құндылығын еселей арттырмаса, бір мысқал да кеміте алмайды.
Қайта шығарма туралы оның авторы идеясы туралы пікірталасқа жетелейді.
Тұлғаны тұлғаның қалай тануы, қалай бағалауы кімде-кімді де қызықтырары
сөзсіз. Кейінгі буын ұрпақ – бізді ынтықтыратын жай – осы.
Шоқанның даралығы мен асқақтығын жырлаған келесі қаламгеріміз –
Сәуірбек Бақбергенов. Бұл автордың Шоқан жайында жазған шығармасы Ақ боз
атты ару деп аталады. С.Бақбергеновтың бұл романы Шоқан өмірінің соңғы
жылдарын суреттейді. Роман 1864 жыл. Қақаған қыс ортасында Шоқан өзінің
кір жуып, кіндік кесті туған жері, атамекені Сырымбетпен біржола
қоштасқанын сезген жоқ. Қайта енді бұл жерге көбейіп, үйлі-жайлы боп,
болашақ жарымен бірге қол ұстаса оралуды армандаған. Енді бұл жерді үш
ұйықтасаң түсіңде көрмессің деген жаман ойды басына жуытпаған. Егер мұндай
қиял ойға келсе, қоштасу басқаша болар еді. Жоқ, атамаңыз, ол бүгін кетіп,
ертең қайта оралатындай, әдеттегінше: Қош боп тұр, Сырымбет! – дей
салған... [15,3], - деп басталады. Романның басталуында-ақ автордың күйініші
сезіліп тұрғандай, ол Шоқан өмірінің соңғы ширегін драмалық пафосқа толтыра
суреттейді. Ол – автордың көздеген идеясы. Романның Ақ боз атты ару деп
аталуының себебі Шоқан Айсара атты жарының суретін ол ақ боз ат үстінде
отырған қалпында салады.
Ақ боз атты ару романның бір ерекшелігі автор мұнда Шоқанның өмірде
сүйген адамын суреттейді және романда Шоқаның дүниеден өтуін баян етеді.
Романда тарихта белгілі тұлғалар: Біржан сал Қожағұлұлы, Федор Михайлович
Достоевский, Густав Христианович Гасфорт, Жаяу Мұса Жанаділұлы, П.П.Семенов-
Тяньшаньский тағы басқалары кездеседі. Мұндағы мақал-мәтел, нақыл сөздердің
орынды қолданысы авторлық шеберліктің айғағы іспетті. Себебі роман –
сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол
өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқымында, жан-жақты мүсіндейтін,
басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын
көлемді эпикалық шығарма оның тілі көркем болуға тиіс[24,175].
Романда мынадай үзінділерде мақал-мәтелдер кездеседі: Врангельге
Шоқан қанша ұнағанмен, ол ойын ашып айтқан емес. Жалғыз ағаш үй болмас,
жалғыз жігіт би болмас дегендей, Врангельше бұл жалғыз ағаш орман емес
деген мағынада еді. Әйтеуір, ел болғансын, біреу-міреу шыққан шығар...
[15,71]. Баласындай атақты, алғыр болмаса да полковник шенін алған Шыңғыс
баласының өсеріне, өзінен жоғары тұрарына шәгі жоқ еді... Әке көңілі балада,
бала көңілі далада деген емес пе?.. [15,89], Келесі жетіде той болды...
Тойдың болғанынан боладысы қызық дегендей Матай бойы дүр сілкініп қалды...
[15,263]. ...- Біздің қазақта... жақсы мақалдар бар. Жақсылыққа жақсылық
адамның ісі, жақсылыққа жамандық наданның ісі [15,41].
Әкеге қарап ұл өсер демекші, Шоқан әкесіне қарап өскен, әкенің ізін
басқан жас. Бірақ Шыңғыс Шоқанның әскери сатымен биікке қарай ұмтылуын,
атақты, беделді болуын аңсайды, соны талап етеді.
Осы тәрізді үзінділерде Шыңғыстың шынымен де баласының биік дәрежелі
әскери адам – князь болуын қалайтыныны сезіліп тұрады. Бұл Шыңғыстың
атаққұмар, кез келген істі тегін істемейтінінің, пайдақұмар екендігінің
белгісі емес, оның әр істің жөнін білетін, саналы адам екендігінің
белгісі. Әкесінің баласы үшін жаны пида екені аян. Шыңғыс Шоқанның жарқын
болашағы биік әскери шенде екенін біледі.
Ақ боз атты ару романында Шоқан достар арасында сыйлы адам.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың орта шенінде бейнелеу өнерінің
профессионалды салаларында еңбек еткен қазақ халқының шын мәніндегі тұңғыш
суретшілерінің бірі [25,147]. Шоқанның сурет салу қабілеті бала кезінен
бастап таныла бастады. Бұл жерде Григорий Потаниннің: ...оның қабілеттілігі
сондай, оқу орнына түсуден бұрын да сурет салған еді.. - деген сөзі
есімізге түседі. Ол – нәзік жанды романтик суретші. Кез келген адамды, кез
келген әсем көріністі көрісімен оны ой елегінен өткізіп, бірден қағаз
бетіне түсіргісі кеп отыратын[1,26].
Шоқанның бойына біткен суретшілік шеберлігі көркем шығармаларда
кеңінен сөз етіледі. Біз Шоқанды тек ғалым, зерттеуші, тарихшы ретінде ғана
танымай, сонымен қатар жаңа, бұрын аса айтыла қоймаған қырынан – суретші
ретінде танимыз. Шоқаның суретшілік қабілеті туралы басқа жазушылар ішінде
Сәуірбек Бақбергенов көбірек жазатын. Өзінің Ақ боз атты ару романында
былай деп жазады: Шоқан суретті шебер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Уәлихановтың тұлғасын жан- жақты ашу және осының нәтижесінде оның әдебиеттегі көркем шығармаларда сомдалған бейнесін ашу
Көркем әдебиеттің тілі
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы, этнограф, демократ
60 -90 жылдардағы қазақ әдебиетінің жандануына үлес қосқан ақындарымыздың хронологиялық мәліметі
Мағжан Жұмабаев шығармалары
Әлкей Марғұлан
Көркем өнер шығармашылығының 70-80 жылдардағы ерекшеліктері
Хаттардың жалпы ерекшеліктері мен сипаттамасы
Шоқан Уалиханов әдебиеттегі орны
Қ. Жұмаділовтың Дарабоз роман-дилогиясындағы тарихи тұлғалардың көрінуі
Пәндер