Астананың бюджеті
Жоспар
1. Мемлекеттік бюджет.
2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы.
Қолданылған әдебиеттер.
1. Мемлекеттік бюджет.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын
жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу
процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында
пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер
тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік
ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің щеңберінен
шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік
бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
1.мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін
оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға
пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны
болып табылады;
2. құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын
материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін
өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол
ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық
қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3. қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей
байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі
үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де,
өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып
жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория
сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында-бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің
жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін
табады. Бюджеттік қор-бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық
бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа
әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының
обьективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордыңқалыптасуы мен
пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс
процесін білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы
сияқты болу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс
қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған
айрықшалығымен айқындалады. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік
ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық
шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші
субьектілер арасында бөлінеді. Мемлекеттік бюджет арқылы бүгінде
Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің шамамен 10 пайызы және жалпы ішкі
өнімнің 20 пайызы бөлінеді. Сонымен бірге, мемлекет қаржысының негізгі
буыны ретінде мемлекеттк бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы
функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу;
экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты
қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау
сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджет қорларын
бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының
қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын
анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек
экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры
ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгіқаржы жоспары, әлеуметтік-
экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға
болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық
процестер бейнелетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары-
салықтар, мемлекеттің шығыстары,мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар
және т. б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің
негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір
жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған
қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі
қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды
орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ
қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары
мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы
жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын
Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты
механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып
табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал
етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы
ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет
заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заң).
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің
қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді
мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық
әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың табысы аз
жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын )қолдау,
сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік
қоғауға бағытталуы тиіс.
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен
инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін
арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың
салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал
етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары
бола отырып, бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субьектілерімен және
ұжымдармен етене байланысқан.
Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы.
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы
мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, Әлеуметтік сферасын әрбір
әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару
аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша
ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі
құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын
қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі
бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы-
бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара
қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының
жиынтығы-бюджет құрылысын құрайды.
Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің
құрылысына,аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және
нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен
ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол
экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі
деңгейлер бюджеттерінің, сонымен қатар бюджет процесі мен қатынастарының
жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы,
бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді,
өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты
болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буынан тұрады:
1.мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық
мемлекеттің бюджеті;
2.федерация мүшелерінің бюджеттері(АҚШ-та-штаттардың, ГФР-да-
жерлердің (ландтардың),Канада-провинциялардың , Ресейде-федерация
субьектілерінің бюджеттері);
3. жергілікті бюджеттер.
Унитарлық мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады:
ортақ (республикалық) бюджет және толыпжатқан жергілікті бюджеттер. Екі
жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы
мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды
орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша
белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
ҚР-сының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен
анықталады, өйткені Қазақстан-федералдық емес, басқарудың Президенттік
нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
ҚР-сында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін,
атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді:
республикалық бюджет ;
облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, Астананың
бюджеті;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жайында төтенше мемлекеттік
бюджеттің әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін.
1991 жылы ҚР-сының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады.
Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас
республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік
бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық
және поселкалық бюджеттер де қамталып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15
одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. Мемлекеттік
бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 50-52 пайызы тиді, оның 35 пайызы
республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15 пайызы жергілікті
бюджеттердің қарамағында болды.
Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет-араларындағы өзара
өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті
бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және
бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Мемлекеттік және жергілікті бюджеттер кез келген басқа
мемлекеттергідей ҚР-сы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет-
мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің
көмегімен тиісті мемлекеттік және жергілікті құрылымдарының ақша қорлары
құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз
етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде
мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте
қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге
асыру үшін қажет.
ҚР-сы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі респуликалық бюджетте
шоғырланған.
Республикалық бюджет-бұл салықтық және басқа да түсімдер
есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға
ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын
қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық
бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz