Түйсік жөніндегі ғылыми көз қарастары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
  1. Мазмұны.
  1. Кіріспе. Түйсік - таным негізі. Түйсік адам тіршілік іс - әрекетіндегі рөлі.
  2. Негізгі бөлім. Түйсік туралы ұғым. Түйсік жөніндегі ғылыми көз қарастары. Түйсіктің физиологиялық негіздері. Түйсіктің түрлері және оларды топтастырып жіктеу. Түйсіктің жалпы заңдылықтары. Түйсіктің өзара байланысы. Түйсіктің тақырыбына зерттеу жұмыстары. Практикалық тапсырмалар жүйесі. Өзіңді - өзің танысаң - істің басы. Тренинг. Өзіңді - өзің бағалау деңгейі. Тест. Өзіңді ұстай білуге үйрен. Релаксация.
  3. Қорытынды.

3. 1 Бала түйсігінің дамуы мен қалыптасуы.

Пайдаланған әдебиеттер.

Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын иісі,

тіл дәмнен хабар бермек. Бесеуінен

мұндағы ой - хабар алып, жақсы -

жаман әр істі сол тексермек.

Шәкәрім Құдайберді ұлы.

Түйсік - таным негізі.

Біз енді танымдық психикалық процестерді қарастыруды бастап, ең алдымен, олардың ішіндегі ең қарапайымы түйсіктерге тоқталамыз. Түйсік процесі сезім мүшелеріне тітіркендіргіштер деп аталатын әр түрлі материалдық факторлардың әсер етуі салдарынан пайда болады. Ал осы әсер ету процесі тітіркену деп аталады. Тітіркенудің өзі басқа орталыққа бағытталған немесе афференттік жүйкелер арқылы бас ми қыртысына өтіп, түйсікті-тудыратын қозу процесін тудырады. Осылайша түйсік объективтік ақиқатты сезімдік бейнелендіру болып табылады Олар сананың сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етіп объективті дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерін бейнелейді.

Түйсік- бұл материалдық дүние заггары мен құбылыстарының, сондай-ақ организмнің ішкі күйлерінің жеке қасиеттерін бейнелеуде көрінетін қарапайым психикалық процесс. Бүл процесс материалдық тітіркендіргіштердің сәйкес рецепторларға тікелей әсері нәтижесінде жүзеге асады.

Рецептор - бұл дененің үстінде немесе оның ішінде орналасатын және табиғаты жағынан әр түрлі тітіркендіргіштерді физикалық, химиялық, механикалық және т. б. қабылдауға жөне оларды жүйкелік электр импульстеріне түрлендіруге арналған арнайы органикалық қүрылғы.

Эволюция барысында әрбір рецептор белгілі бір тітіркендіргішке арнайы бейімделе отырып, дамыған. Осылайша, тангоре цепторлар - сипап сезуді сезінуге, аусторецепторлар - дәм сезу тітіркендіргіштерін түйсінуге, стиборецепторлар - иіс сезуге, фонорецепторлар - дыбыстық тітіркендіргіштерді және фоторе-цепторлар жарықтық (немесе сәулелік) рецепторларды түйсінуге бейімделген.

Алайда кейбір парадоксалды жағдайларда адекватты емес тітіркендіргіш белгілі бір рецепторға эсер ете отырып, оған тән түйсіктерді тудыруы мүмкін. Осылайша, мысалы, электр тоғы немесе күшті қысым коздің жарығын тудыруы мүмкін (мысалы, соққы кезіңде көзден үшқьш шығады) . Бұл өте сирек жағдайларда болады. Ал, жалпы алғанда, туйсіктер арнайы сезім мүшелері (анализаторлар) арқылы тек өзіне ғана тән тітіркендіргіштерді түйсінуге арналған, яғни, кэбінесе объективті болып келеді. Бұл жерде тағы бір ескеретін нәрсе, түйсіктер сезім мүшелерінің, рецепторлардың арнайы қызметіне немесе спецификалық энергиясына (И. Мюллер түжырымдағандай) байланысты емес, ал, негізінен, сыртқы тітіркендіргіштердің қасиетгеріне тәуелді болады.

Түйсіктер біздің дүниежүзіндегі білімдеріміздің ғана емес, сондай-ақ біздің сезімдеріміз бен эмоцияларымыздың да кайнар көзі болып табылады. Эмоциялық күйзелістің ең қарапайым түрі - бұл түйсіктің сезімдік немесе эмоциялық тоны, яғни түйсіктермен байланысты болатын сезім. Мысалы, кейбір түстер, дыбыстар

иістердің, олардың мініне, олармен байланысты болатын естеліктер мен ойларға тәуелсіз, бізде жағымды немесе жағымсыз сезімді тудыратыны бәрімізге жақсы белгілі. Әдемі дауыстың дыбысы, шабдалының дәмі, раущан гүлінің иісі - жақсы, жағымды эмоциялық тонды тудырады. Пышақтың шыныға үйкелгендегі сықыры жағымсыз эмоциялық тонға ие болады. Сонымен, түйсіктер эмоциялардың пайда болуында да үлкен рөл атқарады.

Түйсіктердің адам тіршілік іс-әрекетіндегі рөлі.

Түисіктердің адам тіршілік іс-әрекетіндегі рөлі өте зор, себебі олар бізге сыртқы дүние және өзіміз жайлы білімдерді береді. Сыртқы ортаның сан-алуан әсерлері, дыбыстары мен бояулары, иістері мен температурасы, мөлшері және т. б. жөнінде мәліметгі біз сезім мүшелеріміз арқылы оларды жан-жақгы танып білеміз.

Сезім мүшелерінің ақпаратты алу, сұрыптау, жинау жөне миға жіберу процестері негізінде әсер еткен объектінің адекватты (шындыққа сәйкес) бейнесі қалыптасады. Осындай күрделі процесс, В. ТІ. Зинченконың пікірінше, үздіксіз болып отырады. Ол секундына мыңнан астам өтетін операциялардан тұрады.

Сезім мүшелері - сыртқы дүниені адам санасына жеткізетін каналдар. Сезім мүшелері адамның сыртқы ортада жөне өз ішкі күйінде багдарлай алуына мүмкіндік береді.

Адамда қоршаған дүниеден акпаратты алу тепе-тендікте немесе баланста болуы қажет. Ақпаратгық баланысқа қарсы ақпараттық салмақ түсу мен ақгараттық жетіспеушілік (сенсорлық изоляция) сияқты құбылыстар кездеседі. Бұл екі келеңсіз жағдайлар организмнің күрделі функционалдық бүзылысьша альш келеді.

Сенсорлык, изоляция дегеніміз - адамның ұзақ уақыттық, толық немесе жартылай сенсорлық әсерлерден айрылуы. Осы түрғыдан сенсорлық ақпарат алуды шектеу бойынша жүргізілген эксперименттік зерттеулердің нәтижелері өте көрнекті болып табылады. Бүл эксперименттерде зерттелушіні арнайы камераларға орналастырып, толық сенсорлық изоляцияға дейінгі жағдайға жеткізген. Бірнеше сағаттан кейін-ақ зерттелуші мазасыздық күйіне жетіл, эксперимента доғаруды сұраған. Ал ұзақ мерзімдік эксперимент жағдайына түскен зерттелушілер, алдымен, уақыттық бағдардан, ал одан кейін, тіптен, ойлау кабілетінен айырылған. Олар, тіпті, оңай есептерді шеше алмай, көбісінде ес процесінің бұзылысы байқалған. Зерттелушілердің 80%-на жуығында көру галлюцинациялары пайда болған. Осындай эксперименттерге адамдар 2-3 күннен артық шыдамаған. Жасанды тітіркендіру әдістері арқылы жасалған көптеген байқаулар көрсеткендей, қазіргі кезде әр түрлі сезгіштіктің мидағы локализациясын анықтауға болады. Мысалы:

  1. Көру сезгіштігі мидың желке бөлімдерінде орналасқан.
  2. Есту сезгіштігі жоғарғы самай иірімдерінің орта бөлімінде локализацияланады.

З. Сипап сезу-қозғалыстық сезгіштік артқы орталық иірімдерде орналасқан.

Түйсіктің пайда болуы үшін анализаторлардың тұтас, бірыңғай жұмысы қажет. Рецептор сырттан келетін энергияны жүйке процесіне ауыстырғанда тітіркену басталады. Бүл процесс рецептордан орталыққа бағытталған жүйкелік жол арқылы анализатордың жұлындағы орталығына немесе бас миының ядролық бөліміне жетеді. Қозу анализатордың қыртыс клеткаларына жеткенде адам тітіркендіргіштің қасиетін түйсініп ажыратады, содан кейін организмнің оған жауап беруі жүзеге асады.

Организмнің осындай үйлесімді жүмысы рефлекторлық доға механизмі арқылы қызмет етеді. Рефлекторлық доға рецептордан, өткізгіш жолдардан және эффектордан түрады. Рефлекторлык доғада жүретін процестердің динамикасы болып сыртқы әсерлердің қасиетіне өзіндік сәйкестелу табылады. Мысалы, сипап сезу дәл сондай процесс. Себебі қолдардың қимыл-козғалысы берілген объектінің құрылымына сәйкес келіп, оның қалпын қайталайды. Сонымен қатар көру, есту, сөйлеу мүшелері де өздері қабылдайтын объектінің қасиеттеріне сәйкестеніп, козғалыстар жасайды.

Түйсіктің пайда болуында эффекторлық процестердің қатысын көрсеткен көптеген зерттеулер түйсіктің психикалық құбылыс ретінде организмнің жауап қайтуынсыз және оның сәйкестігінсіз болуы мүмкін еместігі жөнінде қорытындыларға келді. Сезім мүшелері қозғалыс мүшелерімен тығыз байланысты

болады, және қозғалыс мүшелері организмнің тек бейімделу жөне атқарушы қызметін атқарып ғана коймай, сондай-ақ ақпарат алуда маңызды рөл атқарады.

Түйсік туралы жалпы ұғым.

1. Материалдық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарының біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнелеуін түйсік деп атаймыз.

Түйсік - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс, осы процестің арқасында біз ортаны бағдарлап, соның жағдайына қарай қимыл жасауға тырысамыз. Түйсік себепсіз тумайды. Біз түйсік арқылы заттың формасын, түсін, көлемін білеміз. Қолымызбен қозғап, заттың салмағын білеміз. Түйсік арқылы болмаса, біз басқа жолмен заттың ешқандай формалары туралы да, қозғалыстың формалары туралы да біле алмаймыз. Түйсік таным процестеріне жатады, өйткені адам таным процесі арқылы дүниені таниды. Түйсік басқа психикалық процестерге қабылдауға, есте сақтауға, ойлауға, қиялға материал береді. Адам дүниені ең алдымен өзінің сезім мүшелері арқылы ғана түйсінеді. Заттар мен құбылыстар адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер тигізбесе түйсіну де пайда болмайды. Түйсіну арқылы адам өзінің дене мүшелерінің қимылын, аштырын я тоңтығын, ішкі дене мүшелерінің ауырғанын тағы осы сияқты әсерлерді де сезеді. Түйсіну біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады.

Хайуандар да түйсінеді. Біраң адам мен хайуанаттардың түйсінулерінің арасында үлкен айырмашылық бар. Хайуанаттардың психикалық әрекеттері де сыртқы дүниенің сәулелері болып табылады. Бірақ, олардың дүниені сәулелендіру айналасындағы қоршаумен тек биологиялың байланысын ғана сәулелендіреді, екіншіден, олардың сезім мүшелерінің сезгіштігі шектеулі болады. Адамның дүниені тануы сезім мүшелері табиғи заттарды түйсінумен ғана тынбайды, сонымен бірге ол өз еңбегімен жасап шығаратын заттарды да түйсініп отырады. Адамның дүниені тануы хайуанаттардай жалғыз ғана, оның сезім мүшелері биологиялық құбылыстары мен олардың құрал-саймандар арқылы, жай сезім мүшелерімен түйсіне алмайтын заттарды да түйсіне алады. Мәселен, бүркіттің көзі ңаншалыңты үлкен болғанымен заттардың белгілерін айыруға келгенде ол адамның көргенінің көбін көре алмайды. Иттің иіскеу сезімі қаншалықты күшті болғанымен ол адам ажырататын иістердің мәнін ажырата алмайды.

Түйсіктер жөнінде ғылыми көзқарастар.

Түйсіктер адамға қоршаған орта мен өз тәнінің сигналдарын қабылдап, олардың қасиеттері мен белгілерін бейнелеуге мүмкіндік береді. Олар адамды төңіректегі дүниемен байланыстырып, негізгі таным кезі ретіндс қызмет етеді, солар арқасында адамның Даму мүмкіндігі ашылады. Бірак аталған тұжырымдардың айдан-анықтығына қарамастан, философия тарихында олар бірнеше рет күмәндікпен сынға алынды. Идеалист философтар түйсікті біздің арнайы өміріміздің емес, ол табиғаттан берілген, сырткы әсерлерге тәуелсіз санамыздың ішкі қалпы, ақыл-ой қабілетіміз, - деп топшылаған. Рационализм философиясының негізіне алынған мұндай көзқарас мәні: психикапық процестер күрделі тарихи дамудың жемісі емес, сана мен ақылдың қоғамдық болмысқа қатысы жоқ, олардың бәрі адам рухының түсіндіріп болмас, тума берілген қасиеті. Идеалистік тұжырымдарды қолдаушы философтар мен психологтар түйсіктердің адамды сыртқы дүниемен байланыстыратыны жөніндегі күмәнсіз ережені жоққа шығарып, олардың адамды қоршаған дүниеден бөлектеп, екі араға ажыратқыш дуал болып түседі деген қисынға келмейтін пікірдің дұрыстығын дәлелдегісі кследі.

Бұл көзқарасты кезінде философ-идеалистер (Д. Беркли, Д. Юм, Э. Мах) ұсыныс оның негізінде психологтар (Мюллер, Г. Ге~ льмгольц) "«сезім мүшелерінің ерекше энергиясы»дегентеорияны нақтылады. Бұл теорияның астарында сезім мүшелерінің әрқайсысы (көз, кұлақ, тері, тіл) сыртқы дүние әсерлерін бейнелемейді, нақты шындық процестерден хабар бермейді, болғаны-сырттан өзіндік процестерді қоздырушы ықпалдарды ғана қабылдайды деген пікір жатыр. Бұдан идеалистердің келтіретін дэлелі: көзге қандай да әсер болса, жарқын туындайтынын, құлақта механикалық не электрлі әсерден ызың пайда болатынын алға тартады. Осыдан, сезім мүшелері сыртқы әсерлерді бейнелемей, олардан тек қозу күшін алады, ал адам қоршаған дүниенің объектив әсерлеріне ұшырамай, сезім мүшелерінің әрекетін бейнелейтін өзінің субъектив кейпін ғана тани алады дегендей қорытынды пайымдайды. Бұл сезім көзі-түйсік адамды қоршаған дүниемен байланыстырма, олар арасын ажырата түседі деген сөз. Субъектив идеализм негізіне алынған бұл қорьггынды адам тек өзін ғана тануға қабілетті, ол өзінен басқа болмыс барлығын дэлелдейтін ешқандай дерек көзіне ие емес деген кертартпа теорияға арқау болды.

Субъектив идеализм теориясы адамның сыртқы дүниені объектив бейнелеу мүмкіндігі жөніндегі ғылыми көзқарасқа тікелей қарсы. Сезім мүшелерінің әволюциясының зерделі зерттеу нәтижесінде ұзаққа созылған тарихи дамудың жсмісі ретінде объектив болмыстағы материя қозғалысының формаларын қабылдайтын органдардың (рецепторлар), дыбыстық тербелістерге жауап қатушы тері рецепторларының, сондай-ақ белгілі диапазондағы электро-магниттіктолқыңдарды бейнелеуші көру рецелторларының қалыптасқаны белгілі болып отыр. Организм эволюциясын зерттеу арқылы ғылым адам психикасы сезім органдарының өзіндік ерекше энергиясымен қатынас жасамай, әрқандай сыртқы энергияларды қабылдап, оған жауап беретін ерекше сезім мүшесімен байланысқа келетінін дәлелдеді. Ал, кұлак не көзде қандай да әсерден ызың жарқылдың пайда болуы сол қабылдаушы аппараттыңжоғарғы «Мамандандырылғанын», сонымен бірге өздерінің жұмыс атқару'«тына тура кел меген әсерлерге жауап қатпайтынын көрсетеді әртүрлі сезім органдары қызметінің жоғарғы дәрежеде жіктелу олар «негізінде ерекше құрылым - «рецепторлардың» болуынан ғана емес, соңдай-ақ шеткі сезім органдары қабылдаған сигналдарды орталық жүйке анпаратына жеткізуші жоғары дәрежеде «материанданып», жетілген нейрондарға да байланысты.

Түйсіктің физиологиялық негіздері.

Түйсіктің табиғи-физиологиялық негізі организмнің арнаулы жүйкелік механизмі-талдағыштар арқылы іске асады. Кибернетика ғылымының анықтауынша, адам өзін-өзі басқаратын аса күрделі жүйе болып саналады. Ал талдағыштарды сол жүйенің негізгі хабарлау кызметін атқаратын мүшелері деуге болады. Адам организмі сол талдағыштардан. келіп жатқан сигналдардың, ыңғайына сәйкес орталық жүйке жүйесіндегі функцияларын реттеп, бірде жада әсер тудырып, бірде бұрыннан өтіп жатқан әрекеттің барысына өзгеріс кіргізіп, оны түзетеді, бағыт береді. Сөйтіп, ми қабығында үздіксіз өтіп жататын күрделі кызметі: талдағыштар арқылы жүзеге асып отыратын кері байланысқа сүйенеді. Талдағыштар үш бөліктен құралады: а) шеткі (перифериялық) орган - бұл сезім мүшелері, рецепторлар деп аталады; ә) өткізгіш бөлім - рецепторларды тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік және эфференттік жолдар; б) мидағы орталықтар. (19 сурет)

Бірінші бөлік - рецепторлар - түрліше құрылған жүйкелік аппараттар. Олардың атқаратын қызметі-сырттан келген физикалық, химиялық тітіркендіргіштердің күшін жүйкелік қозуға айналдыру. Талдағыштардың бұл сатысында әсерді тек қарапайым түрде ғана талдау іске асырылады. Екінші бөлік - өткізгіш-бөлім - сыртқы қуаттың сезімтал жүйке талшықтарының

19-сурет. Ми қабығынын локализацвясы, яғни ' орта-лықтардын. функционалдық кызметтерге бөлінуі. - көру орталыкта- рының бөлімі. АДДД- қозғалыс, ©0© - иіс, дәм. ООО-тері, Ч- + +- есту. @®ФФ~ ішкі. I. Жұлын мен ішкі ми ай-мағы, 11. Көру темпешігінін аймағы, III. Ми жерты шарлары.

I. Қөз, 2. Қүлак, 3. Тері, 4. Иіс мүшесі, 5. Дәм мүшесі. 6. Бұлшық еттер мен сіңір-лер, 7. Ішкі орган рецептор-лары.

ұшында қозуын екі жолмен жоғарғы және төмен бағытқа жайып отырады. Орталыққа баратын талшыктар арқыльі қозуды бірінші жолмен жұлын мен ми бағанасында және ми қабығындағы алқаптарға жеткізеді. Орталықтар төбедегі талшықтар арқылы мидағы қозу толқнынын екінші жолмен эр түрлі органдарға еткізеді. Жүйке талщықтарынын, бойымен қозу бір секунтта 120 метрдей жылдамдықпен етіп жатады. Үшінші бөлік - мидағы орталықтар. Бұл -талдағыштардьщ негізгі бөлімі.

Жүйке жүйесіндегі басқа бөлімдер клеткаларының құрылысымен салыстырғанда осы орталықтағы клеткалар құрылысы әлдеқайда ерекше әрі күрделірек. Организмнің тиісті ортаға, жағдайға икемделіп әсерленуін дәлірек қамтамасыз етіп, нәзік талдау жасай алатын мүше - мидағы осы орталықтар.

Функциялардық динамикалық орналасуы мидың бір жерінде бұлжымай қалған алқап емес, олар күрделі түрде. бір-бірімен қарым-қатынаста өзара тығыз байланыста болады . Ортаның әсері мен талабына орай ми алаптары бірінің орнын бірі басып отыруға, сөйтіп, бір нейрондардың қызметін екіншілері атқаруға қабілетті екендігін көрсетеді. Ми қабығынын. мұндай қызметі психология ғылымында компенсаторлық әрекет деп аталады.

Түйсік жайында түрлі бағдар ұстанған бірқатар философтар мен психологтар адам түйсігі заттардың объективтік қасиеттерін бейнелемейді, олар тек осы заттардық әсерлерін сезім мүшелерінде пайда болатын өзгерістерді ғана бейнелейді деген қате пікірлерді уағыздайды. Түйсікке қатысты Агь-еедсде Беркли, Юм, Мах "~ б. түйсік дүниедегі заттар мен құбылыстардың қасиеттеріне байланысты емес, ол түгелдей сезім мүшелерінің өздерінің жұмыс істеу қасиеттерден белгіленетін болады дейді. Осы тұрғыдан келгенде, түйсік сыртқы дүниедегі заттардың, қайдағы бір шартты белгілер иреогли фтер, символдар болып шығады. Түйсіктің мән-жайын мұндай түсінік бойынша айқын түсіндіру өте қиын.

XIX ғасырдык басында түйсікті идеалистік түрғыдан түсіндіруге тырысқан И. Миллер сезім мүшёлерінің ерекше энергиясы деген заң, шығарып, әр сезім мүшесі кез-келген тітіркендіргішке осы мүшеде бар энергия арқылы жауап береді дейді. Ол түйсік зат пен тітіркендіргіш қасиетін бейнелемейді, бұл - сезім мүшесіне тәк энергияньщ еркіндік алу нәткжесі »және соған ғана тәуелді болады-мыс деген қорытынды жасайды. Миллердің мұндай тұжырымы «физиологиялык, идеализм» деген атқа ие болып, ол философиялық идеализмнің «түйсік организмді сыртқы дүниемен байланыстырмайды., қайта тірі организмді қсршаған ортадан бөлентін қабырға болып саналады» деген қате тезисіне сай келді.

Мұндай көзқарастардың шындыққа жанаспайтындығын В. И. Ленин материалистік ілім түрғысынан дәлелдеп, сынға алды. Адам түйсігінің ерекше дамуына еңбек пен тарихи-әлеуметтік жағдайлар, екінші сигнал жүйесінің шығуы (дыбысты анық тіл) күшті ықпал еткендігі, адамның, сыртқы бес сезім мүшесінін, жетілуі бүкіл әлемдік тарихи дамудың жемісі екені ақиқат.

Түйсіктің түрлері және оларды топтастырып жіктеу.

Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты көру түйсігі, есту түйсігі, дәм түйсігі, иіскеу түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалык, вибрациялық және органикалық түйсіктер болып бірнеше түрге бөлінеді. Ерте кезден бастап адамнық сыртқы бес сезім мүшесіне орай көру, есту, сипау, иіс және дәм түйсіктерін ажыратқан. Қазіргі кезде сыртқы және ішкі ортаны рецепторда бейнелейтін 20-дан астам түрлі талдағыштар бар деп саналады. Түйсіктер бірнеше топша жіктеледі. Тітіркендіргіштер мен рецепторлардың жанасуына сәйкес не олардың жанасуына орай дистанттық және түйісу рецепторлары болып бөлінеді. Олар жақын ортаға бағдарлануды қамтамасыз етеді. Дәм сезу, ауырсыну, тактильдік (сипау) түйсіктері түйісу рецепциясына жгтады.

Орналасуы мен тітіркендіргіштерді қайдан алатынына қарай рецепторларды үш топқа бөлуге болады: экстерорецептор (көру, есту, тактильдік т. б. ) ; проприорецептор (бұлшық ет, сіңірден шығатын түйсіктер) және интерорецепторлар (аштықты, шөлдегенді түйсіну) болып бөлінеді. Организмнің сыртында орналасқан көз, құлақ, мұрын, тіл, тері мүшелері - экстерорецепторлар. Бұл рецепторлар арқылы адам өз денесійің сыртында түрған заттар мен құбылыстардын сипаттарын бейнелейді. Бұлшық еттерде, тарамыс пен сіңірлерде орналасқан сезім мүшелерін проприорецептор деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы адамның қимылдау (кинестетикалық) түйсіктері мен тепе-теңдік (статикалық) түйсіктері сезіледі. Дененің ішінде (қарында, ішекте, өкпеде) орналасқан сезім мүшелерін интерорецептор деп атайды. Бүл рецепторлар арқылы ішкі мүшделерімізде ас қорыту, қан айналысы, тыныс алу сынды басқа да қандай процестер болып жатқаны жайында хабар алып отырамыз., Адамныц ішкі мүшелерінде туатын осындай түйсіктерді органикалық түйсіктер деп те атайды.

Жануарлар -дүниесінің эволюциялық даму процесінде сезгіштіктің көне түрлері (ауырғанды сезіну), жаңа түрлері (тактильдік түйсіну, дистанттық түйсіну т. б. ) деп бөлінуі жалпы түйсікті бірнеше негіздерге сүйене отырып топтастырып, жіктеп, өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттерін барынша ашып керсетудің жолы мен тәсілдері болып саналады.

Көру түйсігі. Дүние тануда көру түйсігінің маңызы зор, Зерттеу нәтижелерінің адамға әсері жеті спектрлі түсті және соның негізінде 10 000-нан аса реңкті ажырата алатыңдығы анықталған. Бұдан біз көру түйсігінің ересі мен диапазонының өте кең екендігін айқын аңғарамыз. Халық мақалындағы «Мың рет естігеннен бір рет көрген артық» деген түсінік осындай тәжірибеден туындаған. Көз арқылы жарыстың қуатын, түр-түсін, үлкен-кішілігін, алыс-жақын тұрғанын, оның қозғалысын көріп білеміз. Заттар мен қүбылыстардың жеке сипаттарын айнытпай толық бейнелеу, ең алдымен, көру түйсігі арқылы іске асады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Әл-Фарабидің психологиялық ойлары
Туғаннан кейінгі кезеңдер
Ұлы ғалымның өмірі мен ғылыми ортасы (Әл-Фараби)
Мектеп оқушыларының өтпелі кезеңде әлеуметтік белсенділігін қалыптастырудағы проблемалары
Дифференциалды психология түсінігі
Азамат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық ойлардың туындауы мен дамуы
Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты қорғауға баулу
Менеджментте ұйымдастыру және жоспарлау функциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz