Тұлғаның даму процестері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

Гуманитарлы - педагогикалық факультеті

Педагогика кафедрасы

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі

Рахимбекова Г. О.

«___» 2012 ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні : Жалпы психология

Тақырыбы :ТҰЛҒА ЖӘНЕ ТОП

Мамандық шифрі
Оқу түрі
Мамандық шифрі: 5В010300Педагогика және психология
Оқу түрі: Күндізгі

СТУДЕНТ: Сеилова Меруерт.

( қолы, мерзімі)

ҒЫЛЫМИ

ЖЕТЕКШІ: Б. Б. Секенова

( қолы, мерзімі )

Көкшетау 2012

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ
4
:
КІРІСПЕ:
4:
: 1
КІРІСПЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ БАҒДАР .
4:
: 1. 1
КІРІСПЕ: Топтарды зерттеудің маңыздылығы және оның қоғамдық мәні
4:
: 1. 2
КІРІСПЕ: Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы және топтағы адамдардың өзара қарым- қатынасын анықтау әдісі
4:
: 1. 3
КІРІСПЕ: Топтар арасындағы қарым-қатынас психологиясы
4:
:
КІРІСПЕ:
4:
: 2
КІРІСПЕ: ТОП ДАМУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТЕРІ.
4:
: 2. 1
КІРІСПЕ: Топтар арасындағы қарым-қатьнас барысының ерекшелігі
4:
: 2. 2
КІРІСПЕ: Топтар арасындағы қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуы үшін ұсыныстар
4:
: 2. 3
КІРІСПЕ: Топтардың дамуына жаңа көзқарас
4:
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ: ҚОРТЫНДЫ
4:
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ: Қолданылған әдебиеттер
4:
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ:
4:

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмыстың өзектілігі: Топтар арасындағы қарым - қатынас ойлай және сезіне білетін адамдар арасында шынайы өмірде қалыптасатын қарым - қатынастардың нақ өзі. Адам адаммен қарым - қатынас жасаған кезде олардың арасында, жалпы барлығында да ортақ қызығушылық, мақсат, зат, идея т. с. с пайда болады.

Бала алғаш өмірге келгеннен бастап, адамдармен түрлі қарым - қатынасқа түседі, сөйтіп өмір тәжірибесін, қалыптасқан дәстүр - салтты, мәдени мұраны т. б. меңгере бастайды. Адам адамдар қоғамынсыз өмір сүре алмайды.

Біздің қоғамымызда жеке адамның алатын орны мен атқаратын қызметі орасан зор. Еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Адам ресурстарын дамытуға» баса назар аудара отырып, «Ана, бала, аға ұрпақ» мәселесіне жете көңіл бөлген.

«Біздің стратегиямыздың маңызды мәселесі - қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің: балалардың, олардың аналарының және аға ұрпақтың өмірін лайықты қамтамасыз ету. Мемлекет бұл мәселелелерді шешу үшін қаражатты аямайтын болады.

Еліміздің өсіп келе жатқан бітімгершілік әлеуеті алдағы уақытта да мұқият сақталып, дамытыла берілуі тиіс. Тұлға деп көп жағдайда дербес, нақты адамды айтады. Ол - белгілі қоғамның мүшесі, ол қандай да болмасын бір іспен айналысады. Оның азды - көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән іс - әрекеті болады. Жаңа туған нәрестені «адам» деуге болады, бірақ жеке адам емес. Өйткені жеке адам қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқарады. Роль жеке адамның қызметі. Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым - қатынас жасау процесінде қалыптасады. Қоғамнан, әлеуметтен тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Кез - келген адам қандай да болмасын белгілі бір топқа кіреді.

Курстық жұмысымдағы зерттелетін мәселе - топ және қарым - қатынас болғандықтан және ол әлеуметсіз өмір сүріп дамымайтындықтан топтарға қысқаша тоқталғанды жөн көрдім.

Кез - келген жеке адам белгілі бір топқа кіреді. Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әртүрлі топтармен, адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым - қатынас жасайды. Ол адамның қызмет немесе оқу орнындағы сондай - ақ өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары болуы да мүмкін. Жеке адамның өзі де қоғам мүшесі, әрі әлеуметтік тұлға. Сондықтан ол белгілі топқа жатады.

Шартты топтар әлеуметтік психологиядағы топтың екі түрі бар. Шартты топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты қасиетіне қарай ажыратады. Бұл топтағы адамдардың, мысалы, жас ерекшеліктеріне, ұлтына, мамандығына сәйкес бөлінуі мүмкін.

Байланысты топ - белгілі кеңістік пен мерзім арасында мақсат - мүдделердің бірлігіне сәйкес біріккен адамдар тобы.

Топ болып бірігуі олардың еркінен тыс сыртқы факторларға байланысты.

Шағын топ - тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір - бірімен тікелей қатынаc жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдар тобы, мысалы, оқушылар, самолеттегі экипаж мүшелері. Шартты адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар қайымдастығы, мысалы, спорт тақырыбында жазатын журналистер, әлемнің таңдаулы футболшыларын бір тізімге топтастырады. Олар бірігіп жұмыс істемейді, тек қағаз жүзінде топтастырылады. Нақты топ - адамдармен бір - бірімен өзара қарым - қатынас және байланыс жасай отырып, алға қойған мақсат - міндетін орындауға жұмылған адамдар тобы, мысалы, ұстаздар, дәрігерлер ұжымы.

Ресми топ - мұнда мінезі, темпераменті, икемділігі, қабілеті, түрлі психикалық жағынан ерекшелігі маңызды орын алады. Қағаз жүзіне бағынады. Ұнату, сыйласу, достасу топты нығайтады.

Ресми емес топ - отбасы мүшелері, дос- жаран, ағайын - туыс. Көзқарасы бірдей, бауырласқан адамдар.

Референт топ - талаптары үлгі болып саналатын, ақиқат өмір сүруші немесе қиялдағы топ. Әрбір адамды ерекше қастерлеп, қадір тұтатын, оған әр кез бағыт - бағдар сілтеп отыратын топ.

Топтардың даму деңгейі - ұжым. Қоғамға пайдалы қызметке, ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыдан топтасқан адамдар тобы.

Бұдан шығатын қортынды, жеке адам - кісінің әлеуметтік сипаттамасы. Дамудың мұндай деңгейінде адам өзінің алдына өмірлік маңызды мақсаттар қойып, оларды орындай алады, онда жеке көзқарас пен қарым - қатынас, өзіндік моральдық талаптар мен бағалаулар пайда бола бастайды.

Даралық - жеке адамның өзіне тән айрықша бір сипаттамасы. Мұны әр адамның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас ұштасуы деп түсінген жөн. Даралық - адамның басқалардан ажырататын өзіндік ерекше өзгешелігі. Әрбір адам айналадағы дүниені өзінше түйсініп, қабылдайды, оның есінің, зейінінің өзіне ғана тән ерекшеліктері бар, құштарлығы мен өзіндік қиялы, өз қызығуы мен ұнататыны, көңіл - күйінің ерекшеліктері, азды - көпті эмоциялық тебіреністері, күшті не нашар дамыған ерік - жігері, түрлі мінез бітістері болады. Адамның ішкі жан - дүниесі, яғни қол жеткізгісіз «мені» ең тереңде жататын барынша нәзік те қиын бағдарланатыны.

Әр адам күрделі ішкі жан - дүниесі, даралық қасиеті тек қана оның басындағы қасиет емес, сондай - ақ өзін қоршаған адамдардың әрқайссының басында бар екенін түсініп, қашан да есінде ұстаған жөн. Егер қасымдағы адам менен өзгеше болса, ол менен жаман адам деген қортынды шықпайды. Ол жай басқа адам, сондықтан да өзіндік ерекшеліктерімен, жақсы, жаман жақтарымен қоса, оны, басқа адамды, түсінуге тырысу қажет.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Топ арасындағы тұлғаны қалыптастыру.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Топтардын зерттеудің маныздылығы және оның қоғамдық мәні.
  2. Жеке тұлғаны қалыптастыру.
  3. Топтар және қарым-қатынас барысының ерекшелігі.

4. Топтардың дамуына жаңа көзқарас.

Зерттеу пәні: Тұлға және топ.

Зерттеу әдістері: әдебиет көздерін қарастыру, жинақтау, жүйелеу, сипаттау, салыстыру, қорыту, сараптау т. б.

Зерттеудің объектісі: Тұлғаны топ арасындағы алатын орның анықтау.

Ғылыми болжам: Егер, тұлға, белгілі бір ортада, топ арасында жақсы қарым-қатынас жасаса, онда топ арасында қарым-қатынас үйлесімді және ынтымақты болар еді.

1 ТЕОРИЯЛЫҚ БАҒДАР

1. 1 Топтарды зерттеудің маңыздылығы және оның қоғамдық мәні.

Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны айрықша және ол - адамтану ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән. Психология адамның даралық сираттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат етіп қояды.

Табиғаттағы ақыл - ой мен сана иесі - адамның өзіндік сипат белгілері- оның еңбектену әрекеті, нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндігі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым - қатынас жасап, әлеуметтік ортада тіршілік ететіндігі. Осындай белгілеріне байланысты адам хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп, эволюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтеріледі. Өзін қоршаған ортаға белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын танып - білу иесіне айналады.

Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым - қатынастарынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де, ересек адам да, ақыл - есі ауысқан жынды да дара адам болып саналады. Осындай ерекшеліктерімен қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады.

Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады.

Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым - қатынас жасайды. Осындай іс - әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір - қасиеттері қалыптасады.

Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс - әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл - әрекеті оның мінез - құлқынан, ниет - тілегі мен бағыт - бағдарынан айқын байқалады. Ниет - тілектердің мәні адамның тіршілігінен, іс - әрекет түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесін, психикасын сыртқа білдіріп тұрады.

Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп те, өзгертіліп те отырады. Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктері мен оның психологиялық дара өзгешеліктерін білдіретін қасиеттер - темпераменті мен мінезі, психикалық процестерді басынан кешіруі, сезім күйлері мен іс - қимылы және қабілеті бірдей адамдар жоқ. Даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін құрайды. Әрбір адамның мінез - құлық ерекшеліктері де әлеуметтік ортада дамып жетіледі. Сондықтан, біз жеке адамды қоғам мүшесі ретінде санап, оның әлеумет өміріне ықпал етіп отыратын белсенділік әрекетін де ескереміз. Мінез бітімі, темперамент ерекшеліктері, ақыл - ой сапасы, қызығуының басты бағыты әрбір дара адамның өзіндік психологиялық тұрақты бейнесін жасайды. Әртүрлі құбылмалы жағдайларда адамның бір қалыпты бейнесін осындай тұлғалық қасиеттері көрсетеді. Сондай - ақ, мұндай, тұрақты қасиеттер жеке адамның жан дүниесі құрылымындағы даралық тұлғаны да бейнелейді. Адам бойындағы тұлғалық қасиеттер қоғамдық тәрбие нәтижесінде өзгеріп те, жаңа сапаларға ие болып та отырады. Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі ерекшелік бар.

Оның бірі - әрбір адамның құрылым мен жеке басындағы даралық сипаттар. Бұл - адамдардың типтік мақсаттарымен байланысты теориялық мәселе.

Екіншісі - сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологияда айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделе отырып қарастырылады. Биологиялық фактор - адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қапсиеттер, ал әлеуметтік фактор - адамның дамып жетілуіне тіршілік ортасының, қоғамның, тәлім - тәрбие істерінің әсері. Осы екі фактор адамның психикалық дамуында бірін - бірі толықтырып отырады. Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың тікелей әрес етуінен қалыптасып отырады. Адамның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отыратындықтан осымен бірге оның түрлі ерекшеліктері де дамып, өзгеріп отырады. Мұндай қасиеттер адам өмірге келісімен пайда болмайды. Адам белгілі дәрежеде өсу, жетілу процесінде дамиды. [1]

1. 2 Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы және топтағы адамдардың өзара қарым қатынасын анықтау әдісі.

Адам белгілі қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды - көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны «жеке адам» етеді. Мәселен жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады.

Жеке адам - тарихи әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі қоғамда, коллективте) ғана қалыптасады. К. Маркстің айтуынша, жеке адам - «барлық қоғамдық қатынастың жиынтығы». Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым - қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан әлеуметтен тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.

Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қорғаушы мотив - оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасады. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т. б. ) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келеді. Адам қажеттерінің дамуы - тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болады. Адам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелуімен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана - сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. [2]

Осы уақытқа дейін адамның дамуы мен қалыптасу жағдайында әр түрлі пікірлер айтылып келді. Атақты грек философы Платон мен Аристотель адамның дамуын алдын - ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеген. Жеке адамды жан - жақты дамыту және тәрбиелеу жайлы ең алғаш рет ғылыми тұрғыдан дәлелдеген К. Маркс, Ф. Энгельс болған. Олар қоғамның даму заңдылықтарын ашып, адам баласының прогресс жолымен алға басуының мақсаты қоғамды орнату деп ашып көрсетеді. Даму жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі, баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдылық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені оның дамып жетілуіне белгілі әлеуметтік орта мен тәрбие әсер етеді.

Даму мен тәрбие процесінде түрлі өзгерістер болып отырады. Павловтың ілімі бойынша, даму - ішкі нерв процесінің және сыртқы жағдайларының өзара әрекеттесуі, айналадағы шындықтың адамға ықпал етуі. Адамның дамуы өте күрделі пороцесс. Адамның дамуына әлеуметтік және табиғи орта ықпал етеді. К. Маркс және Ф. Энгельс адамның практика процесінде ортаға белсенді әсер ететін өз өмірін қалауынша реттей алатын жағдайын дәлелдеп көрсетті. Жеке адамның дамуындағы басты факторлардың бірі - тәрбие.

Жеке адам - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс - әрекетті жүзеге асырушы нақты қоғамның мүшесі. Өзін басқалардан ажырата білетін өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек адам. Адам қоғамнан тыс тәуелсіз өмір сүре алмайды. Өйткені оның тәні де, жаны да, айналасындағылармен қарым - қатынас жасау үстінде тек әлеуметтік әсер жағдайында ғана адам кісілік мән - мағынасына ие болады. Адам санасының дамып, өсіп - жетілуі оның ортасымен (отбасы, мектеп т. б. ) тығыз байланысты. Әлеуметтік әсері тимейтін әлеуметтік құрықтан шығып кететін ешбір адам болмақ емес.

Жеке адам оның мұқтаждықтары туралы теориялар өте ерте кезде Грецияда п. б. Ең әдепті кезде п. б. жайылған теориялардың бірі - материалистік теория. Мұны жақтаушылар Греция философтары Аристарах, Этекур бұл теория бойынша адамның әрекеттері қылықтары оның жағымды сезімдерге ұмтылып, оларды қайтарып тастаумен байланысты. Олардың айтуы бойынша адам өзінің тұрмысына, тіршілігіне әрқашанда сезімді тудырып, сол сезімдер үшін әрекет ету, соған ұмтылу жөнінде жағымсыз сезімдерді жоюға талпынады. Неге қызығатынын ерте бастан ескеріп, алдына мақсат қойып, сол мақсаттарын жүзеге асыру үшін әрекет етеді. Олардың белсенділігін арттырып, көңіл - күйін де көтереді. Сол себептен жоғарғы класс оқушыларының арасындағы мамандық таңдау мәселесі жөнінде түрлі мәселелерді әңгімелер жүргізіп, балаларға әрбір мамандықтың қандай екендігін, оның айрықша өзгешелігін түсіндіріп отыруы қажет және оларды жоғарғы оқу орнына алып барып ондағы факультет, лабораториялармен таныстырып отырған жөн. Балаларды тәрбиелегенде мынадай жағдайларды ескерген дұрыс.

1. Балаларда танымдық қызығулар дами және оқу сапасын жақсарту керек. Оқу мазмұнды, идеялар тартымды келген жөн.

2. Баланың көркем әдебиетті көбірек оқу жағын қарастыру керек, себебі осы арқылы оқушылар көп нәрсемен танысады, көп білім алады, сөйтіп, оқуға деген қызығуы артады.

3. Баланың өз бетімен дербес жұмыс істейтін жағын үйретіп, олардың оқуының, еңбегінің мәдени түрде жүзеге асыру жағын қарастырып отыруы қажет. Түрлі шараларды көлденең қолданып мұғалімдермен баланың сабағының артта қалмауын қарастырған жөн.

4. Баланың білімі әр уақытта жүйелі түрде де бағаланып отыруы тиіс. Бағаның нәтижесін өздеріне айтып, талапты, зерек балаларды мадақтап отырған дұрыс.

5. Мұғалім балалардың оқуын, тәртібін бағалау мәселесіне жауапты қарағаны жөн. Мұғалімнің оқушыға қандай қате бағасы, оларға қатты әсер етеді, олардың көңілін қалдырады. Мұндай жағдайда бала сабағын дайындамайтын және мұғалімге сенбейтін болады. Мектеп жасына дейінгі баланың қызығулары оның әрекетіне байланысты болғандықтан, онша тұрақты болмайды. Олар бүгін бір нәрсеге, екінші күні екінші нәрсеге қызығуы мүмкін. [3]

Бұл жастағы балалар көбінесе өзіне лайықты әсер еткен заттарға көңіл бөліп қызығып отырады. Мектеп жасындағы балалардың қызығулары тұрақтала бастайды. Олар әр нәрсеге әуес болуы, көп заттарды білгісі келіп, ол зат неге олай екенін түсінгісі келеді. Көбінесе жүзеге асатын заттарға, болмыстарға қызығады, бұлардың қызығуы тұрақты келеді.

Жеке адамның психологиялық бейнесін немесе адамның психологиялық құрылымын зерттеп білу басты үш мәселені қамтиды.

1. Адам өмірден нені қалайды, оған не нәрсе тартымды, қызықты, ол не нәрсеге талпынады? Бұл жеке адамның бағыттылығы туралы, оның қажеттіліктері мен мүдделері туралы мәселе.

2. Оның қалауына не істеу келеді? Бұл - адамның қабілеттері туралы мәселе.

3. Мұның өзі кім, қандай адам? Бұл - мінез бітістері туралы мәселе.

Үш мәселенің әрқайсысының мән - мағынасын түсінуде оны дербес ашып көрсету қажет.

Адамдардың біреулері қызығады, екіншілері тіпті қызықпайды, бәрінен де осынысымен ерекшеленеді. Қызығудың болмауы немесе олардың жұтаң, мәнсіздігі жастардың өмірін солғын әрі мазмұнсыз етіп, жеке басының толық қалыптасуына кедергі келтіреді. Олардың үйде де, мектепте де жолдастарымен болған кездерінде де іші пыса бастайды. Бұндай балалар оқуға ықылас қоймайды, істеген ісінен қанағат таппайды, тек құтылсам болды деп санайды, өздерін ылғи да біреу көңілдендіріп отыруды қалайды.

Қабілеттілік. Бұл - іс - әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай орындаудан көрінетін жеке адамның ерекшелігі, қабілеттілік адамның басқа да психикалық қасиеттері сияқты өмір мен іс - әрекет процесінде дамып, қалыптасып отырады. Адамға тумысынан берілетін тек нышандар ғана, ал олардың белгілі жағдайда шешек атып, жарылуы не өшіп кетуі де ықтимал. [4]

Қабілет пен қызығудың арасында тығыз байланыс бар. Қандай да болмасын бір затқа қызығу іс - әрекеттің белгілі бір түріне ұмтылдырады, демек, қабілеттің дамуына жағдай жасайды.

Өз қабілетін дамыту әр адамның тек жеке ісі ғана емес, қоғамдық борышы және міндеті болып есептелінеді.

Мінез. Бұл жеке адамның ісі мен қылығынан көрінетін, оның айналадағы шындыққа қатынасын бейнелейтін дербес қасиеттерінің сай келуі. Мінез сипаттарының қайсысы болсын белгілі жағдайларда адамды әртүрлі қылық көрсетуге мәжбүр етеді. Мінез - құлықтың сондай типтік, тұрақты формасы бар адам батыл келеді. Адам мінезін жақсы білу үшін уақыт қажет.

Әлеуметтік тест (Морено) .

Топтағы адамдардың өзара қарым-қатынасын зерттеу тәсілін «социометрия» деп атайды. «Социо» әлеумент, «Метрия» - өлшеу. Бұл методиканың негізін салушы психолог Джорж Морено.

Социометрия тәсілін қолдану мынандай кезеңдерден тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Л.С.Выготский жеке тұлға жайлы
Мектеп алды даярлық топтағы балалардың даму тарихы
Жеке тұлға жайлы
Тұлға туралы жалпы ұғым
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы
Білім беруді ақпараттандыру туралы
Әскери қызметкелердің әлеуметтік психологиялық адаптациясын қамтамасыз ету жолдары
Жоғары сынып оқушысының танымдық қызығулары және кәсіби анықталуының психологиялық ерекшеліктері
Интерпретациялық әдістер
Жеке тұлға типологиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz