Өзек қызметі балдыр жасушасына ауа өткізу


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1. Қыналар

2. Атмосфераның құрамының өзгеруі және ластануы

а) Ақмола облысының қоршаған ортаның ластануын қазіргі динамикасы

б) Атмосфера ауасының жағдайы

в) Ауаның ластығын анықтауға қарапайым бақылау жүргізу

III Қорытынды.

Кіріспе.

Сексен көл Көкшетаудың саясында,

Әр қайсысы алтын кесе аясында

Ауасы дертке дауа, жұпар иісі, -

Көкірек қанша жұтсаң, тоясың ба?

Сәкен Сейфуллин

демекші, Көкшетау ертеден - ақ ауасымен, табиғатымен республикамызға әйгілі болған. Оны көптеген ақындар мен жазушылар өздерінің шығармалары мен өлеңдерінде табиғатың тамаша суреттеген. Осындай әсем табиғатты кезінде мақтан еткен ел бүгінгі таңда сөл әсем табиғаттың ластануының куәгері болып отыр. Өркениетті ел болудың өзіндік кемшіліктері болады демекші, Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу барысында халық шаруашылығын дамытуда, ол өз кезегінде қоршаған ортаны ластауда. Мысалы: Көбігі аспанға атқылайтын көлдер құрғап, дертке дауа ауасы өзінің тазалығынан айырылды. Осының бәрі адамдардың кәсіпорындарға тазарғыш қондырғыларын орнатпай, экологиялық сақтандыру шараларын сақтамауының салдарынан болып отыр.

Адамзат болашақты ойламай бүгінгі күнмен өмір сүруда. Осыған дәлел кейбір өсімдіктер тек экологиялық таза аудандарда өседі, сондықтанда сол өсімдіктер арқасында белгілі бір ауданның ластану дәрежесін анықтауға болады. Мысалы, қына - атмосферада күкірті газдың болуын көрсетеді, себебі күкіртті газдың ауадағы мөлшері 0, 3 мг/м 3 - тен көп болса, қына тіршілігін жояды. Ғылыми жұмыстың осы тақырыбын таңдауымның басты себебі де осы. Мен жұмысымның мақсаты арқылы Көкшетау қаласы мен Ақмола облысының ауасының тазалығын анықтауға қарапайым (визуальді) бақылау жүргізу. Осы арқылы адамдардың осы проблемаға назарын аударғым келеді және өзім секілді жас жеткіншектердің болашағына күмән келмеуін мақсат етемін.

I Қыналар.

Қыналардың iшкi құрылысы.

Қыналардың iшкi құрылысы ерекше. Оның денесi -қабаттама. Ол бiр-бiрiмен тығыз байланысып бiр ағзаны беретiн балдыр мен саңырауқұлақтан тұрады. Қынаның кесiндiсiн микроскоп арқылы қарасақ, саңырауқұлақ жiпшелерiне ұқсас бiр-бiрмен шырматылған түссiз жiпшелер көремiз. Осы шырматылған жiпше арасынан ақшыл жасыл түстi дөңгелек тәрiздi хлорелла балдырының жасушаларына ұқсас жасушалар көремiз. Бұл жасушалар тығыздалып, қатарға орналасқан. Ұзақ уақыт бойы қыналардың жалаңаш таста қалай тiршiлiк етiп, қалай қоректенетiнi белгiсiз болды. 1867 жылы қыналардың осы құпясын орыс ғалымдары ашты. Олар, қыналар саңырауқұлақтар мен балдырлардың бiрiгiп тiршiлiк етуiнен құралған, деген қорытындыға келдi. Осы құбылыс ғылымда бiрлесiп тiршiлiк ету немесе симбиоз деп аталады.

Қыналардың осындай құрылысы оларға басқа өсiмдiктер тiршiлiк ете алмайтын аса қолайсыз жағдайларда тiршiлiк етуге мүмкiндiк бередi.

Саңырауқұлақ жiпшелерi су, минералдық тұздар мен органикалық заттарды ауадан бiрге түскен тозаңмен қоса сiңiредi. Балдырлар жасушалары көмiрқышқыл газын сiңiрiп крахмал мен қант жинайды (қорға) . Саңырауқұлақтың жiпшелерi балдырлардың бiраз бөлiгiн сiңiредi. Қынадағы саңырауқұлақ балдырдың паразитi. Ал балдыр су мен минералдық тұздарды саңырауқұлақ жiпшесiнен алып сiңiредi.

Қыналар өте шыдамды, қатты аяздар мен 600 С - дейiнгi ыстыққа төзедi. Олар барлық жерде таралған, мұзды мұхит жағалауынан Африка шөлдерiне дейiн. Құрғақ ауада олар кеуiп кетедi де ылғалды ауада тiрiледi. Жаңбардан соң, тiптi бұлыңғыр ауа-райында жұмсарып, жасылданып-саңырауқұлақ жiпшелерi арасынан балдырдың жасушасының жасылы байқалады. Қыналар ылғалды бiрнеше секундта сiңiрiп, күн көзiнде сағат бойы кебедi. Олар ылғалды кезiнде өседi. Өсуi аса баяу, жылына 3-5 мм. Сонымен 10 см бiр түп бұғы мүгi 30 жыл өседi. Қыналар күн көзiнде ашық түстi болып келедi.

Үлкен қалаларда, зауыт, фабрикалар маңайларында қыналар өспейдi, себеi, оларға таза ауа қажет.

Қыналардың көбеюi .

Қыналардың симбиоздық ағзалар ретiнде өте ертеде шыққандығына күмән келтiруге болмайды. Қыналардың құрамына кiретiн көпшiлiк балдырлар мен саңырауқұлақтар табиғатта өз бетiнше жеке кездеспейдi. Көптеген миллион жылдар iшiнде қыналарда өздерiнiң көбею жолдары пайда болған. Мысалы, олар саңырауқұлақ жiпшелерiмен шырмалған балдырдың бiр-екi жасушасынан тұратын бөлшекпен көбейедi. Осындай бөлшектер қыналар қабаттамалары iшiнде көптеп түзiледi. Олардың көбейiп өсуiнен қына деңесi жарылып бұл бөлшектер желмен таралып кетедi. Қыналар қабаттамаларының бiр сынған бөлiгiмен де көбейе алады.

Бұдан басқа, саңырауқұлақтар мен балдырлар әрқайсысы өзiнiң көбею әдiстерiн де сақтаған. Саңырауқұлақтар өз спораларын түзедi, балдырлар вегетативтiк жолмен көбейедi.

Қыналардың маңызы .

Қыналардың өте көне тарихы бар: олар Жерде жүз миллион жылдар бұрын пайда болған. Көбiнесе қыналар, ешқандай өсiмдiктер өспеген жерлерге бiрiншi болып мекен етедi. Осындай қунарсыз жерлердi мекендеген қыналар-пионер (алғашқы, алдыңғы) деп аталады. Қыналар өлген соң осы жерлердегi олардың шiрiндiлерiне басқа өсiмдiктер өсе алады.

Қыналар қалың тұманды ұнатады. Бiрақ ыстықта да, суықта да, олар таза ауасыз тiршiлiк ете алмайды. Тек атмосфера ластанса болды, қыналар өле бастайды. Осы аса төзiмдi өсiмдiктер ауа тазалығының көрсеткiшi (индикатор) болып табылады. Қына бөлшектерi, қабаттамалары шаң тұтады (ұстайды) .

Қыналар 44% крахмал және 4% қанттан тұрады. Қынадан қант, спирт, сiрне және қызыл мен күлгiн бояулар алады. Иiс су шығарғанда олардың жағымды иiстерi ұзақ сақталу үшiн қыналарды қолданады. Солтүстiк облыстарда қыналар малға азық болады. Бұл өсiмдiктi тек қана жануарлар (бұғы) ғана емес солтүстiк елдерде адамдар да тағамға пайдаланады.

Эстония жағалауларында бiр кiшкене арал бар, ол картада бiр қара нүктедей ғана, аты-Ворман - көк толқындарда орналасқан. Онда 1982 жылы қыналарды қорғайтын заказник орналасқан.

Көне аңыз бойынша бiр топ адам шөл далада сырғымалы құмды кешiп келе жатады. Барлық азық қоры таусылған. Адамдар аштықтан қалжырап, қажып жүруге шамалары келмей ыстық құмға құлай бастайды.

Таңертең күн құмды ендi қыздыра бастағанда, аяқ астынан жел тұрады. Осы сәтте алыстан құм бетiмен желден домалап келе жатқан сұр түстi кесектердi көрiп, саяхатшылар таң қалады. Жел оларды биiкке көтерiп тап бiр аспаннан жауғандай еттi.

- Ұнтақ, ұнтақ. Аспаннан ұнтақ жауды, жарма жауды. Барлығы жүгiрiп осы «жарманы» жинай бастады. Осы кесектердi құрғақтай жедi, ботқа етiп пiсiрдi, таба нан етiп пiсiрдi.

Аңызда аспаннан «жарма», ұнтақ жауды деп айтады. Көпшiлiк бұл «жарманы», ұнтақты - ұнтақ жарма деп ойлайды. Ол ұсақталған қатты бидайдан алынады. Ал, бұл «жарма» 1772 жылы орыс ботанигi Паллас дәлелдегендей -қына, Африка мен Кiшi Азия шөлдерiнде желмен домалап ұшып жүрген. Бұл қына-лихэн эскулентус -жеуге жарамды қына. Осы қыналар қазiрде Қырғыз, түркмен далаларында кездеседi.

Жеуге жарамды қына шөл далада 700 С - қа дейiн қызады, бiрақ өлмейдi. Ол қатты кеуiп қалады, ауадан ылғал сорып, қайта тiрiледi.

Өсімдіктер патшалығында қыналарды бөлім түрінде қарастырады. Олардың 26000 жуық түрі белгілі.

Қыналар - симбиозды ағзалар, денесі (қабаттама) екі компоненттен - автотрофты (көк жасыл, жасыл, қоныр балдырлардан) және гетеротрофты (саңырауқұлақтардан) тұрады.

Қыналардың құрылысы және тіршілік формасы саңырауқұлақ және балдырлардың өзара әсер ету нәтижесінде қалыптасып, бірақ бұл ағзалар жекелей байқалмай, яғни олардың құрылысы - симбиоз негізінде ұзақ түр түзуші процесс нәтижесі.

Қыналардың түзілуіне бастама болған саңырауқұлақтардың түрлі кластары. Қыналардың өсімді (вегетативті) денесі түгелдей тарамдалған саңырауқұлақ жіпшелері - гифтерден тұрады. Олардың арасында балдырлар орналасқан. Көптеген қыналарда саңырауқұлақ жіпшелері жоғарғы және төменгі қабат қабыршақтарын түзеді. Жоғарғы қабат астында балдырлар қабаты орналасып, фотосинтез процесі нәтижесінде органикалық зат түзеді. Төменірек бос орналасқан жіпшелер арасында ауа қуыстары - өзек пайда болады. Өзек қызметі балдыр жасушасына ауа өткізу.

Қыналар құрамына кіретін саңыраукұлақтар, толықтай ауа ортасында болып, бірнеше ерекшеліктерге ие болады. Жіпше жасушасының қабықшаларындағы қуыс арқылы жасушалар цитоплазмалық көпір арқылы байланысқан. Жіпшелер қабықшасы қалыңдаған, бұл қабаттаманың (қына денесі) механикалық беріктігін қамтамасыз етеді. Қына саңырауқұлақтары бос тіршілік ететін қыналарда кездеспейтін, - мост жасушаларын түзеді, ол субстратқа бекінетін жерінде орналасады.

Қына балдырларының көпшілігі еркін тіршілік ете алатын күйде болады, бірақ бұлардың көпшілігі тек қыналарда ғана кездеседі. Қынаға, біртұтас ағза ретінде, жеке алғанда саңырауқұлақ не балдырда жок, биологиялық қасиеттер тән.

Қыналар кең таралған. Көк - жасыл балдырлармен қатар тіршілігі жоқ және кедей тіршілік ортасы: жалаңаш жер тас, шөл, жанартау атқылайтын жерлерде, лава ағындары бетінде тіршілік етеді. Тасты грунтты бұза және үгіте отырып, оны органикалық заттармен байытады. Қыналар жоғары сатылы өсімдіктер өсу үшін жағдай жасайды. Қыналар тундраның кең алқабын мекендейді, бұлар солтүстік бұғының қорегі болып табылады.

Қыналардың мекен ету ортасының қатаң болуы, олардың баяу өсуінен көрінеді. Тұтасынан алғанда қыналардың өсу жылдамдығы төмен, баяу өсу олардың 50 жылдан 100 жылға дейін тіршілік етуінен көрінеді.

Қыналар спора арқылы немесе, қабаттамасының бөлігі арқылы көбейеді.

Қыналар жердегі биоценоз үшін маңызды рөл атқарады. Олардың салмағы тайга ормандары мен тундрада 20-40 ц/га дейін жетеді.

Қыналар ортасында көптеген омыртқасыздар және омыртқалылар тіршілік етіп, олармен қоректенеді. Қыналар тіршілігін жойған соң ыдырау кезінде олар топырақ гумусының түзілуіне қажетті жағдай жасайды.

Қыналардың антибиоттік қасиеттері парфюмерия өндірісінде кең қолданылады.

Қыналар атмосфера ауасының ластануына өте сезімтал, көбіне ауадағы күкірт қоспаларына. Олар көбіне орманда өнеркәсіп орталықтарынан алыс жердегі таза ауада ғана өседі. Оларға тек күннің сәулесі және таза ауа қажет. Қыналар көпшілік түрі ластанған ауада тіршілік ете алмайды. Сондықтан оларды ауа ластануының көрсеткіші-индикаторы деп есептейді.

II Атмосфера құрамының өзгеруі және ластануы.

Жерде тіршіліктің пайда болуы мүмкін, тек жердің газды қабығы тірі ағзаларды ғарыштың зиянды сәулелер әсерінен және температураның кенет ауытқуынан қорғайтын жер атмосферасы болған жағдайда ғана.

Тірі ағзалардың тіршілігі үшін атмосфера ауасының салыстырмалы тұрақты құрамының маңызы зор.

Ауа азоттың (N 2 ) - 78, 3%, оттегінің (О 2 ) - 20, 95%, көмірқышқыл ғазының (СО 2 ) - 0, 03%, аргонның (Аr) - 0, 93%, неоннан және басқа газдардан және су буынан тұрады. Ауаның құрамының тұрақты болуы үнемі жүретін процестер нәтижесінен: газдарды тірі ағзалардың пайдалануы және оны атмосфераға болуі. Тірі ағзалардың тіршілік әрекеті атмосферадағы оттегі (О 2 ) мен көміртегінің (СО 2 ) арақатынасы нәтижесінде өтеді.

Табиғаттағы көміртегі (СО 2 ) мен оттегінің (О 2 ) пайдалану процесі және олардың атмосфераға қосылуы табиғи жолмен тенестірілген.

Өнеркәсіптің және көліктін дамуымен оттегіні (О 2 ) жану процесіне пайдаланылады. Қазір түрлі отын түрлерін жағуға жасыл өсімдіктер өндіретін оттегінің 10%-25% дейін қажет. Атмосфераға қосылатын оттегі (О 2 ) орман, саванна, дала көлемдерінің азаюына байланысты кемуде.

Оттегіні пайдаланудың өсуі, бір мезетте атмосфераға көміртегі диоксидінің көп бөлінуімен бірге жүреді. Атмосфераның ластануы табиғи және жасанды болуы мүмкін. Табиғи ластану жанартау атқылау кезінде, тау жыныстарының үгілуі, шаңды дауыл, орман өрті және тұз түйіршіктерінің атмосфераға көтерілу әсерінен жүреді. Қалыпты жағдайдағы табиғи көздері атмосфераның ластануын туғызбайды.

Жасанды ластану көздері болып өнеркәсіп, көлік және тұрмыстық қалдықтар саналады. Негізгі ластаушылар өнеркәсіп орындары, олар атмосфераға жанып бітпеген отты бөлшектерін шаң, түтін, күл бөледі. Индустриалды ауданда 1 км 2 тәулігіне 1 т шаң-тозаң түседі.

Атмосфераны негізгі химиялық ластаушы - күкіртті газ (СО 2 ), тас көмір, мұнай жағу, темір, мысты қорыту, күкірт қышқылын өндіру кезінде бөлінеді.

Күкіртті газ қышқылды жаңбырлар жаууының негізгі себепшісі. Күкіртті газдың, шаңның, түтіннің жоғарғы концентрациясы ылғалды тынық ауа райы кезінде өнеркәсіпті ауданда ақ немесе ылғалды смог, адамдардың тіршілік жағдайын кенет нашарлататын улы туман түзіледі. Жер атмосферасына адам әрекеті нәтижесінде жылына 150 млн. т. күкіртті газ, 60 млн. т. азот оксиді бөлінеді.

Ірі қалаларда және халық тығыз қоныстан аудандарда атмосфераны ластаушы жүлдесі өнеркәсіптен автомобиль көлігіне өтеді. Автомобиль түтінінен (выхлопные газы) ауаға угарлы газ, азот оксиді, көміртегі қосылады.

Облыстағы атмосфералық ауаның негізгі ластану көздерінің бірі болып автомобиль саналады. Автокөлік кәсіпорындарында өндірістік бақылау, бақылау құралдары (газоанализатор, түтін өлшегіш) санының жетіспеушілігі салдарынан нашарлаған. Бар бақылау аспаптарының өзі мемлекеттік стандарт органдарында мемлекеттік бақылаудан дер уақытында өткізілмейді, олардың бір бөлігі жарамсыз, автосервис кәсіпорындары өз міндеттерін толық атқара алмауда. Нәтижесінде 20% - 40% дейін автомобильдер улылығы және түтіндігі артық шығартып жұмыс істеуде.

Атмосфераның қозғалмалы құралдар көздерінен ЗЗ - мен ластану динамикасы

(мың. т. )

:
1997: 1997
1998: 1998
1999: 1999
2000: 2000
2001: 2001
: Облыс бойынша
1997: 47, 8
1998: 42, 8
1999: 25, 4
2000: 25, 5
2001: 20, 69
: Көкшетау
1997: 10, 1
1998: 10, 1
1999: 7, 9
2000: 7, 7
2001: 6, 5
: Щучинск
1997: 5, 7
1998: 5, 7
1999: 3, 6
2000: 3, 5
2001: 2, 8
: Степногорск
1997: 6, 8
1998: 6, 8
1999: 4, 3
2000: 4, 3
2001: 3, 7
: Акколь
1997: 4, 5
1998: 4, 5
1999: 2, 1
2000: 2, 2
2001: 1, 8
: Макинск
1997: 2, 0
1998: 2, 0
1999: 0, 9
2000: 0, 9
2001: 0, 7
: Ерейментау
1997: 2, 5
1998: 2, 5
1999: 1, 2
2000: 1, 1
2001: 1, 1
: Атбасар
1997: 4, 0
1998: 4, 0
1999: 1, 2
2000: 1, 4
2001: 1, 0
: Басқа аудандар
1997: 12, 2
1998: 7, 2
1999: 4, 2
2000: 4, 4
2001: 3, 09

a) Ақмола облысының қоршаған ортаның ластануының қазіргі динамикасы.

Ақмола облысы 146, 24 мың км 2 территорияны алып жатыр, облыс халқы 1127, 0 мың адам.

Ақмола облысының климаты шұғыл континентальды және қатаң қыспен сипатталады. Климаттың континентальдығы ауа температурасының тәуліктік және жылдық амплитудасының үлкен өзгерісінен көрінеді. Ең ыстық айдың (шілде) орташа максималдық температурасы + 27, 1° С құрайды. Суық айдағы (қантар) ауа температурасы - 14, 0° С. Ауаның абсолют максималдық температурасы + 31, 0° С, абсолют мнималдық ауа температурасы -35° С.

Басым соғатын желдер оңтүстік батыс және батыс бағыттан. Ақмола облысының территориясындағы орташа жылдық желдің жылдамдығы - 5, 6 м/с. Шілде айындағы желдің орташа жылдамдығы - 4, 6 м/с, ал қантарда - 5, 8 м/с.

Облыс территориясында жыл ішінде орта есеппен 250-300 мм ылғал түседі. Ылғалдың басым бөлігі жаз айлары - маусым - тамызда (49%) түсіп, аз бөлігі желтоқсан - ақпан айларына келеді; көктем маусымына (наурыз - мамыр) ылғал мөлшері жылдық норманың 18% құрайды.

Климаттың қолайсыз жағына ерте көктемдегі құрғақшылық, кейде шаңды дауыл (топырақ эрозиясын) туғызатын көктемдегі қатты жел, көктем соңындағы және ерте күздегі үсіктің қайталануы. Грунттың қатуы 110 см, кейде 200 см-ге жетеді. Бұл табиғат жағдайлары ластанудан кейінгі табиғи тепе-теңдіктің тез қалпына келуіне кедергі жасайды. Сондықтан қоршаған орта жағдайының мониторингі және критикалық жағдайлардың дер уақытында алдын алу облыстағы барлық тірі ағазалардың тіршілік етуінің маңызы зор.

Облыс минералдық ресурстарға бай, мынадай пайдалы қазбалардың маңызды қоры белгілі: алтын, уран кендері, көмір, құрылыс материалдары. Облыс территориясында 20-дан астам өндіруші және өндеуші кәсіпорындар белгілі. Облыс өнеркәсібінің жетекші салалары болып кен өндіру, тау-кен өңдеуші, химия, жылу энергетика, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері саналады.

Кен орындарындағы кендер көбіне құрамы жағынан күрделі негізгісімен бірге қосымша компоненттерден, улы қоспалардан, оның ішінде экологиялық қауіпті, улы (қоспалардан) элементтерден және олардың минералдық қосылыстарынан тұрады: уран, торийдің радиоактивті изотоптары, калий мышьяк, берилий, селен, фосфор, сурьма, асбест және басқалар. Ішінде уран-фосфорлы торий, сирек элементті «Заозерное» және «Ишимское» кен орындары, «Васильков» алтын кенінде алтын, висмут, уран және мышьякпен, «Павловское» бериллий және ториймен, Алтынкенді кен орындары «Ақсу», «Бестөбе», «Жолымбет», «Новоднепровское» құрамында мышьяк бар. Еңбекшілдер ауданындағы «Атансарда» темір, Ерементауда «Сарыадыр» тас көмір кен орны бар. Кенсіз пайдалы қазбалар ішінде «Дубрава» фосфор, «Жолдыбай» асбест кен орындары бар. Жергілікті құрылыс материалдарында улы минералдардың болуы жағымен түрліше. Солтүстік Көкшетау орталық массивін алып жатқан территория, ежелгі метаморфтық жыныстардан және әржастағы гранитоидты интрузияның құрамындағы уран радионуклиді, торий және калий бар жыныстардан тұрады. Граниттің радиоактивтілігі қалыптан 3-8 есе (фон 15-23 мкр/сағ) асады. Сондықтан, құрылыс тастарының көпшілігі тек өнеркәсіптік құрылыста пайдалануы мүмкін. Оңтүстік бөлігіндегі тау жыныстар құрамында уран және торийдің мөлшері жоғары емес, керісінше аздау болады.

б) Атмосфера ауасының жағдайы.

Ақмола облысы территориясында «қоршаған ортаның ластануын тексеру және бақылаудың мемлекеттік жүйесін құру» бағдарламасы жасалып, Ақмола облыстық гидрометеоорталыққа келісуге тапсырылған.

Облыстағы негізгі ластаушы көздер болып автомобиль, қазандық және жылуэлектрорталығы саналады. 2001 жылы қоршаған ортаға техногендік әсері біршама кеміді. 2000 жылмен салыстырғанда тұрақты көздерден бөлінетін зиянды заттар 6, 92 мың техноға азайды. Бұрынғы жылдары сияқты қазірде атмосфераны ластаушы ірі орталықтар болып Степногорсктің ЖЭО (16, 96 мың т. ) және РК-2 (2, 926 мың т. ) . Ең көп атмосфераға зиянды заттар көлемінің бөлінуі Степногорск (17, 1) және Көкшетау (12, 2) қалаларында байқалады.

Енді облыс бойынша ластаушы заттардың статистикалық көрсеткіштерін келтірейік.

Атмосфераға жалпы бөлінетін ЗЗ - ның динамикасы

(мың. т. )

:
1997: 1997
1998: 1998
1999: 1999
2000: 2000
2001: 2001
: Облыс бойынша
1997: 95, 5
1998: 84, 9
1999: 69, 1
2000: 67, 7
2001: 60, 78
: Көкшетау
1997: 16, 7
1998: 15, 6
1999: 14, 4
2000: 12, 3
2001: 12, 2
: Щучинск
1997: 7, 3
1998: 6, 9
1999: 4, 9
2000: 4, 8
2001: 3, 2
: Степногорск
1997: 28, 2
1998: 25, 9
1999: 22, 2
2000: 24, 6
2001: 17, 1
: Акколь
1997: 5, 7
1998: 5, 6
1999: 3, 0
2000: 3, 1
2001: 3, 2
: Макинск
1997: 3, 2
1998: 2, 4
1999: 1, 2
2000: 1, 3
2001: 1, 2
: Ерейментау
1997: 5, 8
1998: 5, 6
1999: 2, 3
2000: 2, 6
2001: 4, 9
: Атбасар
1997: 4, 2
1998: 2, 9
1999: 1, 5
2000: 3, 5
2001: 2, 3
: Басқа аудандар
1997: 24, 3
1998: 20, 2
1999: 19, 6
2000: 16, 1
2001: 16, 8

Қатты заттар

(мың. т. )

Әкімшілік территориясы: Әкімшілік территориясы
1997: 1997
1998: 1998
1999: 1999
2000: 2000
2001: 2001
Әкімшілік территориясы: Облыс бойынша
1997: 22, 9
1998: 18, 1
1999: 17, 8
2000: 18, 8
2001: 17, 1
Әкімшілік территориясы: Көкшетау
1997: 1, 7
1998: 1, 4
1999: 1, 1
2000: 1, 2
2001: 1, 6
Әкімшілік территориясы: Щучинск
1997: 0, 4
1998: 0, 3
1999: 0, 5
2000: 0, 5
2001: 0, 4
Әкімшілік территориясы: Степногорск
1997: 15, 7
1998: 12, 0
1999: 12, 0
2000: 12, 2
2001: 11, 2
Әкімшілік территориясы: Акколь
1997: 0, 3
1998: 0, 5
1999: 0, 3
2000: 0, 4
2001: 0, 2
Әкімшілік территориясы: Макинск
1997: 0, 4
1998: 0, 1
1999: 0, 1
2000: 0, 1
2001: 0, 1
Әкімшілік территориясы: Ерейментау
1997: 0, 7
1998: 0, 1
1999: 0, 1
2000: 0, 8
2001: 1, 1
Әкімшілік территориясы: Атбасар
1997: 0, 5
1998: 0, 4
1999: 0, 3
2000: 0, 3
2001: 0, 2
Әкімшілік территориясы: Басқа аудандар
1997: 3, 2
1998: 3, 3
1999: 3, 4
2000: 3, 3
2001: 2, 3

Күкірт оксиді

(мың. т. )

Әкімшілік территориясы: Әкімшілік территориясы
1997: 1997
1998: 1998
1999: 1999
2000: 2000
2001: 2001
Әкімшілік территориясы: Облыс бойынша
1997: 17, 14
1998: 16, 4
1999: 15, 48
2000: 14, 8
2001: 12, 8
Әкімшілік территориясы: Көкшетау
1997: 3, 5
1998: 2, 9
1999: 2, 5
2000: 2, 3
2001: 2, 1
Әкімшілік территориясы: Щучинск
1997: 0, 8
1998: 0, 6
1999: 0, 2
2000: 0, 2
2001: 0, 2
Әкімшілік территориясы: Степногорск
1997: 3, 9
1998: 4, 8
1999: 5, 7
2000: 5, 7
2001: 4, 9
Әкімшілік территориясы: Акколь
1997: 0, 6
1998: 0, 2
1999: 0, 2
2000: 0, 2
2001: 0, 1
Әкімшілік территориясы: Макинск
1997: 0, 6
1998: 0, 2
1999: 0, 07
2000: 0, 1
2001: 0, 1
Әкімшілік территориясы: Ерейментау
1997: 0, 4
1998: 0, 2
1999: 0, 11
2000: 0, 2
2001: 0, 4
Әкімшілік территориясы: Атбасар
1997: 0, 94
1998: 0, 8
1999: 0, 5
2000: 0, 3
2001: 0, 2
Әкімшілік территориясы: Басқа аудандар
1997: 6, 4
1998: 6, 7
1999: 6, 2
2000: 5, 8
2001: 4, 8

Атмосфераға жалпы бөлінетін күкірт оксидінің динамикасы

(мың. т. )

Көміртегі оксиді

(мың. т. )

Әкімшілік территориясы: Әкімшілік территориясы
1997: 1997
1998: 1998
1999: 1999
2000: 2000
2001: 2001
Әкімшілік территориясы: Облыс бойынша
1997: 31, 3
1998: 27, 9
1999: 22, 99
2000: 21, 9
2001: 18, 81
Әкімшілік территориясы: Көкшетау
1997: 6, 7
1998: 6, 7
1999: 7, 6
2000: 6, 1
2001: 6, 2
Әкімшілік территориясы: Щучинск
1997: 3, 7
1998: 3, 7
1999: 2, 7
2000: 2, 7
2001: 2, 5
Әкімшілік территориясы: Степногорск
1997: 4, 4
1998: 4, 4
1999: 2, 9
2000: 3, 2
2001: 3, 1
Әкімшілік территориясы: Акколь
1997: 2, 9
1998: 2, 9
1999: 1, 6
2000: 1, 5
2001: 1, 2
Әкімшілік территориясы: Макинск
1997: 1, 4
1998: 1, 3
1999: 0, 67
2000: 0, 7
2001: 0, 6
Әкімшілік территориясы: Ерейментау
1997: 1, 6
1998: 1, 6
1999: 0, 86
2000: 1, 2
2001: 0, 7
Әкімшілік территориясы: Атбасар
1997: 2, 6
1998: 2, 6
1999: 1, 0
2000: 1, 0
2001: 0, 8
Әкімшілік территориясы: Басқа аудандар
1997: 8, 0
1998: 4, 7
1999: 5, 7
2000: 5, 5
2001: 3, 71

Бөлінетін көміртегі оксидінің динамикасы

(мың т. )

01. 01. 2002 ж. Ақмола облыс бойынша негізгі

бөлінетін заттардың сапалық құрамы

(мың т. )

Заттың аталуы: Заттың аталуы
Дәрежесі: Дәрежесі
Бөлінетін заттың саламағы: Бөлінетін заттың саламағы
Заттың аталуы: Қатты заттар
Дәрежесі: 3
Бөлінетін заттың саламағы: 17, 1
Заттың аталуы: Күкірт диоксиді
Дәрежесі: 3
Бөлінетін заттың саламағы: 12, 8
Заттың аталуы: Көміртегі оксиді
Дәрежесі: 4
Бөлінетін заттың саламағы: 18, 81
Заттың аталуы: Азот оксиді
Дәрежесі: 2
Бөлінетін заттың саламағы: 8, 56
Заттың аталуы: Көмірсутек
Дәрежесі:
Бөлінетін заттың саламағы: 3, 51
Заттың аталуы: Барлығы
Дәрежесі:
Бөлінетін заттың саламағы: 60, 78

2001 жыл бойынша атмосфераға бөлінетін ЗЗ - дың құрамы

(мың т. )

Әкімшілік территориясы: Әкімшілік территориясы
Қатты: Қатты
SO2: SO 2
CO2: CO 2
NO: NO
Көмір-сутек: Көмір-сутек
Басқа-лары:

Басқа-

лары

Бар-лығы: Бар-лығы
Әкімшілік территориясы: Облыс бойынша
Қатты: 17, 1
SO2: 12, 8
CO2: 18, 81
NO: 8, 56
Көмір-сутек: 8, 56
Басқа-лары: -
Бар-лығы: 60, 78
Әкімшілік территориясы: Көкшетау
Қатты: 1, 6
SO2: 2, 1
CO2: 6, 2
NO: 1, 9
Көмір-сутек: 1, 9
Басқа-лары: -
Бар-лығы: 12, 2
Әкімшілік территориясы: Щучинск
Қатты: 0, 4
SO2: 0, 2
CO2: 2, 5
NO: 1, 16
Көмір-сутек: 1, 16
Басқа-лары: -
Бар-лығы: 3, 2
Әкімшілік территориясы: Степногорск
Қатты: 11, 2
SO2: 4, 9
CO2: 3, 1
NO: 2, 8
Көмір-сутек: 2, 8
Басқа-лары: -
Бар-лығы: 17, 1
Әкімшілік территориясы: Акколь
Қатты: 0, 2
SO2: 0, 1
CO2: 1, 2
NO: 0, 5
Көмір-сутек: 0, 5
Басқа-лары: -
Бар-лығы: 3, 2
Әкімшілік территориясы: Макинск
Қатты: 0, 1
SO2: 0, 1
CO2: 0, 6
NO: 0, 3
Көмір-сутек: 0, 3
Басқа-лары: -
Бар-лығы: 1, 2
Әкімшілік территориясы: Ерейментау
Қатты: 1, 1
SO2: 0, 4
CO2: 0, 7
NO: 0, 1
Көмір-сутек: 0, 1
Басқа-лары: -
Бар-лығы: 4, 9
Әкімшілік территориясы: Атбасар
Қатты: 0, 2
SO2: 0, 2
CO2: 0, 8
NO: 0, 5
Көмір-сутек: 0, 5
Басқа-лары: -
Бар-лығы: 2, 3
Әкімшілік территориясы: Басқа аудандар
Қатты: 2, 3
SO2: 4, 8
CO2: 3, 71
NO: 1, 3
Көмір-сутек: 1, 3
Басқа-лары: -
Бар-лығы: 16, 68

в) Ауаның ластығын анықтауға қарапайым бақылау жүргізу.

Қарағай ағашы бойынша жүргізілген бақылаулар:

Бурабайда

1031210111

2010220122

1011220110

3130200220

1321222101

60/50 = 1, 2

Қала шетінде

1001010111

2010020100

1100210010

301002

1020002001

30/50=0, 6

Қала ішінде

10011

0100101100

100110

0010001000

100011

15/50 = 0, 3

Қайын ағашы бойынша жүргізілген бақылаулар

Бурабайда

1031210111

2010120122

1010210110

3130100220

1321222101

56/50 = 1, 12

Қала шетінде

1001000111

2010020100

0100210010

301001

1020002001

Қала ішінде

11

0100100100

100110

0010001000

100011

13/50 = 0, 26

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиядан ҰБТ-ға арналған шпаргалка
Вегетативтік жолмен көбею
Қыналардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы
Көп жасушалы жасыл балдырлар
Ботаника ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Биотехнология дамуының негізгі бағыттары және анықтамасы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thalloвionta
Төменгi сатыдығы өсiмдiктер
Жaсушaлық биoлoгияның өзектi мәселерiн биoлoгия сaбaқтaрындa тaлқылaу және кеңiнен меңгерiп, бoлaшaқ ұрпaққa тұрa жoл көрсету
ТОПЫРАҚ БИОЛОГИЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz