Ақша айналысының құрылымы



Мазмұны

Кіріспе

1.Ақша айналымының түсінігі және мәні

1.1 Ақша айналымы және ақша айналымының заңы

1.2 Қолма . қол және қолма . қол емес ақша айналымдары

2. Ақша айналысының кұрылымы

2.1 Ақша массасы және оның жылдамдығы

2.2 Ақша агрегаттары және ақша базасы

3 Қазақстан Республикасындағы ақша айналысы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Ақша айналысы қазіргі нарықтық экономикада маңызды элементтердің бірі болып табылады. Себебі ақша құрылымының есебін ескермеген жағдайда халық шаруашылығы жағдайларын экономикалық саясаттың мақсаттарын анықтау және тәжірибелік іс шараларын өткізу кезінде көптеген қателіктер болуы мүмкін. Ақша айналысының тұрақтылығы оның жақсы функциялануының ерекше маңыздылығын береді.
Тарихи дамудың барысында ақша қатынастары бірнеше маңызды өзгерістер мен қиыншылықтарды бастан кешірді. Соның салдарынан ол экономикалық жағдайға үлкен әсерін тигізді. Ақша айналысы мен валюталық бағамның тұрақтылығы экономикалық жағдайлардың жақсаруының, нарықтағы тепе – теңдіктің қамтамасыз етілуінің алғышарты болып табылады.
Ақша айналымындығы инфляцияның маңыздылығы нарық механизмнің үзілуіне, өндірістің құлдырауына, бүкіл әлеуметтік – экономикалық жүйенің құлдырауына әкелуі мүмкін.
Осы процестерді игеру қазіргі таңда Қазақстан экономикасындағы аса маңызды және қажетті мәселелердің бірі болып саналады.
Менің курстық жұмысымның мақсаты ақша айналымының теориялық негіздерін қарастыру және оның құрылымына ерекше көңіл бөлу мен жеке сипаттау болып табылады. Сондай – ақ, шетел тәжірибесін қарастыра отырып, оны қолдана отырып және негізге ала отырып, Қазақстан Республикасында пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайларды қарастыру.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді атқарған жөн деп санадым:
• ақша айналымының түсінігі мен мәнін ашу;
• оның түрлері мен құралдарын жеке сипаттау;
• ақша айналымының формаларын құрастыру;
• Қазақстан Республикасында ақша айналысын қарастыру;
• курстық жұмысқа жалпылама қорытынды жасау;
1. Свиридов О. Ю. Деньги. Кредит. Банки. Серия «Учебники, учебные пособия». – Ростов – на – Дону: «Феникс», 2001. – 448с.
2. Көшенова Б. А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы / - Алматы: Экономика, 2000. – 328 бет.
3. Ақша. Несие. Банктер: Оқулық / Жалпы редакциясын басқарған Ғ. С. Сейітқасымов. – Алматы: Экономика, 2001. – 466 бет.
4. Матлин А. М. Деньги и экономические решения. – М.: Дело, 2001. – 272 с.
5. Лаврушин О.М. Деньги. Кредит. Банки. – Москва, 1999. –
6. Баймуратов У. Б. Национальная экономическая система. – Алматы.: Ғылым, 2000. – 536с.
7. Нитина К.А. Деньги .Кредит.Банки.-Санкт-Питербург,ЮНИТИ
2001.-297с.
8. Дробат Ю.Л. Экономическая система.-Москва.:Асафа 2004.-302с.
9. Есипова Р.Р. Денежный оборот Республики.-Алматы,2000.-254с.
10. Каренова Е.Г. Международный оборот денег.-Тараз,2000.-401с.
11. Торова Ю.П. Экономические решения.-Москва,2003.-365с.
12. Миронов П.О. Деньги.Кредит.Банки.-Москва,1999.-473с.
13. Немигаило П.В. Эволюция денег.-Алматы:Cизиф,2003.-524с.
14. Летников М.Д. Денежный оборот.-Москва,1998.-453с.
15. Микосян А.И., Ефремова П.Ч. Денежный оборот.-Екатеринбург
-ЮНИТИ,2001.-492с.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1.Ақша айналымының түсінігі және мәні

1.1 Ақша айналымы және ақша айналымының заңы

1.2 Қолма – қол және қолма – қол емес ақша айналымдары

2. Ақша айналысының кұрылымы

2.1 Ақша массасы және оның жылдамдығы

2.2 Ақша агрегаттары және ақша базасы

3 Қазақстан Республикасындағы ақша айналысы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Ақша айналысы қазіргі нарықтық экономикада маңызды элементтердің бірі
болып табылады. Себебі ақша құрылымының есебін ескермеген жағдайда халық
шаруашылығы жағдайларын экономикалық саясаттың мақсаттарын анықтау және
тәжірибелік іс шараларын өткізу кезінде көптеген қателіктер болуы мүмкін.
Ақша айналысының тұрақтылығы оның жақсы функциялануының ерекше
маңыздылығын береді.
Тарихи дамудың барысында ақша қатынастары бірнеше маңызды өзгерістер
мен қиыншылықтарды бастан кешірді. Соның салдарынан ол экономикалық
жағдайға үлкен әсерін тигізді. Ақша айналысы мен валюталық бағамның
тұрақтылығы экономикалық жағдайлардың жақсаруының, нарықтағы тепе –
теңдіктің қамтамасыз етілуінің алғышарты болып табылады.
Ақша айналымындығы инфляцияның маңыздылығы нарық механизмнің үзілуіне,
өндірістің құлдырауына, бүкіл әлеуметтік – экономикалық жүйенің
құлдырауына әкелуі мүмкін.
Осы процестерді игеру қазіргі таңда Қазақстан экономикасындағы аса
маңызды және қажетті мәселелердің бірі болып саналады.
Менің курстық жұмысымның мақсаты ақша айналымының теориялық негіздерін
қарастыру және оның құрылымына ерекше көңіл бөлу мен жеке сипаттау болып
табылады. Сондай – ақ, шетел тәжірибесін қарастыра отырып, оны қолдана
отырып және негізге ала отырып, Қазақстан Республикасында пайдалануға
мүмкіндік беретін жағдайларды қарастыру.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді атқарған жөн деп санадым:
• ақша айналымының түсінігі мен мәнін ашу;
• оның түрлері мен құралдарын жеке сипаттау;
• ақша айналымының формаларын құрастыру;
• Қазақстан Республикасында ақша айналысын қарастыру;
• курстық жұмысқа жалпылама қорытынды жасау;
Курстық жұмыстың ақпараттық негізіне отандық және шетелдік экономист
ғалымдарының оқулықтары, ғылыми мақалалары жатады. Ал осы курстық жұмыстың
объектісі қазіргі таңдағы ақша айналымының ерекшеліктері жатады.

1 Ақша айналымының түсінігі және мәні

1. Ақша айналамы және ақша айналымының заңы

Ақша айналымы - бұл өзінің функцияларын орындау барысындағы қолма –
қол және қолма – қол емес ақшалардың қозғалысы. Ол тауарлардың
реализациясын, сондай – ақ тауарлы емес төлемдерді және шаруашылықтағы
есеп айырысуларды жүзеге асырады.
Елдің ақша айналымы ақшаның қозғалысын көрсете отырып, келесілердің
арасындағы айналысты көрсетеді:
• орталық банк және коммерциялық банктер;
• коммерциялық банктер; коммерциялық банктер және олардың
клиенттері ( кәсіпорындар, ұйымдар, халық );
• кәсіпорындар мен ұйымдар;
• физикалық тұлғалар;
• банктер және әр түрлі қаржы институттары, сондай – ақ қаржы
институттары мен халық
Ақша айналымының жоспарлы экономика кезінде және қазіргі нарықтық
экономикаға сай өзіне тән әр түрлі ерекшеліктері бар.
Жоспарлы орталықтанған экономика жағдайында ақша айналысының
ерекшеліктері:
• Қолма – қол ақша да қолма – қол емес ақша да шығаратын өнімдерін
алдын ала бөлуге қызмет атқарды. Барлық қоғамдық өнім өндіріс
құралдары және тұтыну заттары түрінде, яғни бірінші жағдайда
материалды – техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда
қоғам мүшелерінің табысына сәйкес мемлекеттік сауда жүйесі арқылы
бөлінді;
• Мемлекет заң арқылы ақша айналымын қолма – қол ақша және қолма – қол
емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесіне
қызмет атқаратынын белгілійді. Сөйтіп, қолма – қол ақша қозғалысы
халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, қолма – қол емес ақша
қозғалысы өндіріс құрал – жабдықтарын бөлуді көрсететті;
• Ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде
директивті заңдармен реттелді;
• Ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетті.
• Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте
шоғырланып, оған мемлекеттік банк бақылау жүргізді;
• Мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеумен және
көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен де шұғылданды;
• Қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша белгілерін тек
мемлекеттік банк монополиялы құқық негізінде шығарды;
Ал енді нарықтық экономика үлгісі жағдайындағы ақша айналымына
тоқталатын болсақ, онда оған мынадай ерекшеліктер тән:
• Ақша айналымы, негізінен, шаруашылықтағы нарықтық қатынастарға қызмет
жасайды, ал бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін қамтиды;
• Қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша айналымының заңмен
ажыратылуы жойылды;
• Ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялық банктердің, заңды және жеке
тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылады;
• Ақша айналымы әр түрлі меншіу формасы жағдайында жүреді;
• Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері орталықтанбаған,
яғни олар әр түрлі коммерциялық және мемлекеттік банктерде
шоғырланған;
• Қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша айналымы бір – бірімен
тығыз байланыста жүреді;
• Қолма – қол ақша эмиссиясын Орталық банк жүргізіп, ал қолма – қол
емес ақша белгілерін коммерциялық банктер шығарады;
Сонымен, ақша айналымы деп қолма – қол және қолма – қол емес түрінде
үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады.
Айналыста жүретін тек қолма – қол ақша – ол ақша айналысының тек бір
бөлігі. Демек, белгілі бір мезгілде қолма – қол ақшамен өтелген барлық
төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі ақша айналысы болып
табылады. Ал ақша айналымы - бұл қолма – қол және қолма – қол емес ақша
белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп
айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі.
Ендеше ақша айналымы екі бөліктен: қолма – қол және қолма – қол емес
ақша айналымынан тұрады.
Енді ақша айналысы заңына тоқтала кетейік. Ақша айналысы заңы – құн
заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар – ақша қатынастары болатын
барлық қоғамдық формацияларға тән.
Айналыстағы ақшаның саны Карл Маркс ашқан ақша айналысы заңымен
реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі
факторға:
• бір кезеңде, айталық, бір жылда сатылуға тиіс бағасының қосындысына;
• ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді.
Ақша айналымы заңы мына формуламен өрнектеледі:
А мөлшері = СмбАжылд.
А – ақша мөлшері;
Смб – сатылуға тиіс тауар бағасы;
Ажылд. – ақша айналымының жылдамдығы;
Ақша айналысы заңының мәні мынада: ақшаның айналыс құралы қызметін
орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының
қосындысын бір аттас ақша өлшемінің айналым санына бөлгенге теңесуі керек.
Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен қатар төлем құралы
қызметінде болатындықтан, айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан
тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бір сыпырасы
қолма – қол ақшасыз есеп айырылысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары
мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі.
Сөйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді;
тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша
мөлшері қажет. Одан басқа айналыстан шығарылған әлде қандай ақша мөлшері
шаруашылықтың, халықтың тұрақты ақша қорын құрайды. Айналыстағы ақша
мөлшерін анықтаушы заң мына формуламен анықталады:
Амөлш. = ( ( Стбн + Ст – Сө ) Ажылд. ) + Ақ
Мұндағы:
Амөлш. – айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріне қажет ақша
мөлшері;
Стбн – несиеге сатылған тауарлар бағасының сомасы;
Ст – қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төленетін сома;
Сө - өзара өтелетін талаптар мен міндеттемелердің сомасы;
Ақ – ақша қоры;
Ажылд. – айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріндегі ақша
айналымының орташа саны ( айналыс жылдамдығы );
Осы теңдіктегі ел экономикасында сатылған тауарлар бағасынан айналыста
әлде қайда кем ақша массасының жүруінің себебі - төлеушілік проблемасының
болуы. Сол кезде Ст мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстанда және
басқа да директивті экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші
мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлеушілік
проблемасы жай ақша массасын ұлғайтумен шешіледі дегенді көрсетпейді.
Себебі төлеушіліктің көптеген себептері бар. Олар: төлем тәртібінің
босаңдығы, төлеушіліктің тізбегінде потенциалды банкноттардың болуы,
банкноталардың тиімді тәжірибесінің болмауы, жекешелендіру процесінің
аяқталмауы, төлем құралдарының дамымауы және тағы басқалар.
Сөйтіп айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына
әсер ететін көптеген факторларға байланысты өзгереді; айналыстағы тауарлар
мөлшеріне тауарлар мен қызметтер бағасының деңгейіне және тағы басқаларға
байланысты болады.
Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері
пропорционалды өзгереді. Ал ақша айналымына әсер ететін жағдайлар мыналар:
• несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса,
айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
• қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
• ақша айналымының санының өсуі;
Айналысқа ақша екі формада эмиссияланады ( шығарылады ): қолма – қол
ақша, яғни айналымдағы банкнота және майда монеталар, банктік айналымдағы
ақша формасы, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк
жүйесінде ақшаның бірінші формасын, яғни қолма – қол ақшаны монополиялы
құқықпен орталық банк эмиссиялайды да, ал қолма – қол емес ақша белгілерін
коммерциялық банктер жүйесі шағарады.
Ақшаның екі формасы бір – бірімен тығыз байланыста болады. Егер банк
клиенті - шоттағы ақшаның иесі өз қаражатын қолма – қол ақша формасында
салса, онда банктік айналымдағы ақша белгілері нақты қолма * қол
банкнотаға айналады. Керісінше клиенттің шотқа жазу арқылыбанкке ақша
сомасын салуы қолма – қол ақшпның банктік айналымдағы ақша формасына
айналуын көрсетеді

2. Қолма – қол және қолма – қол емес ақшалар

Ақша айналымының басым формасына сәйкес оны қолма – қол және қолма –
қол емес ақша айналымдары деп бөледі.
Қолма – қол ақша айналымы – бұл қолма – қол ақша белгілерінің
айналымы: қағаз ақшалардың, банкноталар, монеталар, тағы басқалары. Яғни,
бұл - бір субъектінің екіншісіне тауарлар үшін, көрсетілген қызметтер
үшін немесе заңмен қарастырылған басқа да жағдайлар үшін берілетін нақты
ақша белгілерінің айналымы. Барлық елдерде монеталарды мемлекеттік қазына
жасап шығарады, ал айналымға оларды банкноталармен бірге орталық банк
жібереді. Қолма – қол есеп айырысуда орталық банкпен шығарылған және
эмиссиялауға монополиялық құқығы бар банкноталар қолданылады.
Қолма – қол ақшалар келесілер үшін қолданылады:
• тауарлар мен қызметтер айналымын жүзеге асыру үшін;
• жалақы төлеу бойынша есеп айырысу және соған сәйкес төлемдерді
төлеу үшін;
• бағалы қағаздарға төлем және олар бойынша табыстарды төлеу үшін;
• коммуналдық және тағы басқалар қызметтерге төлем жасау үшін;
Айналыста көбіне қолма – қол ақшалар жүретіндіктен, оларды ақша
айналысы деп атайды. Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша
белгілері айналыста болады. Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз
ғана бөлігін құрағанмен, оның маңызы өте зор. Өйткені қолма – қол ақша
халықтың ақшалы табысының басым көп бөлігін алуға және оны жұмсауға қызмет
етеді.
Қазақстан Республикасында қолма – қол ақшаны Ұлттық Банк банкнота
түрінде эмиссиялайды, ал екінші деңгейдегі банктер оның эквивалентін
қолма – қол емес формада төлеп алады. Коммерциялық банктердің операциялық
кассасынан қолма – қол ақшаның көп бөлігі клиенттерге беріледі. Яғни
клиенттер заңды тұлғалар болатын болса, онда ақша кәсіпорындар мен
ұйымдардың кассасына түседі , ал клиент жеке тұлға болатын болса, онда
ақша тікелей халыққа беріледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасындағы
қолма – қол ақшаның бір бөлігі олардың өзара есептесуіне жұмсалса, ал
басым көп бөлігі халыққа әр түрлі ақшалы табыс түрінде ( яғни жалақы,
зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы, дивиденттер төлеу мен бағалы қағаздарды
сатудан түскен түсім және сол сияқты түрінде ) беріледі.
Қолма – қол ақша, негізінен, халықтың ақшалы табысынан және оны
жұмсаудан түседі. Бірақ ақшаның көп бөлігі жарна, сақтандыру төлемін,
пәтер ақысы мен коммуналдық төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып алу мен
көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен лотерея сатып алуға,
айып пұл және тағы сол сияқтыларды төлеуге жұмсалады.
Жалпы айтқанда, ақша коммерциялық банктердің төлем – кассалық
бөлімдерінен клиенттер арқылы айналысқа түсіп, белгілі бір мерзімнен кейін
клиенттердің ( негізінен, сауда орындары және халыққа қызмет көрсететін
орындардың ) кассасы арқылы айналыстан шығады. Сөйтіп, қолма – қол ақшаның
қайталама айналысы аяқталады.
Мемлекеттің қолма – қол ақша айналысы – бұл белгілі бір уақыт
мерзімінде қолма – қол формада жүргізілген барлық төлемдердің сомасына тең
ақша айналымының бөлігі. Бұл айналым көбіне халық табыстарының түсуімен
және олардың шығындалуымен байланысты болады.
Ақша айналымын реттеудегі маңызды элемент- қолма- қол ақшаны
пайдалану. Қазіргі кезде біздің елде кәсіпорындар арасындағы өзара есепке
қолма- қол ақшаны тек төменгі жалақының төрт еселенген мөлшері көлемінде
пайдаланумен және банктегі салым иелерінің бөлшек саудамен есеп айырысу
үшін есептеуге чектерін енгізумен шектелуде.
Қолма – қол емес ақша айналымы ( төлем айналымы ) – ол банктегі шот
иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе
ақшаның төлем құралы ретінде қызметтің атқарылуы. Ол бүкіл ақша
айналымының басым бөлігін құрайды. Төлем айналымы төлеушілері мен сатып
алушылардың банктегі шотына немесе жазбаша түрде, сол сияқты олардың өзара
талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.
Қолма – қол емес ақша айналымы қазіргі таңда көптеген мемлекеттерде
басым қолданылады. Ол көбінесе чектер арқылы, несие карточкалары төлем
тапсырыстары арқылы, төлемнің электронды құралдары арқылы және тағы басқа
есеп айырысу құжаттары арқылы ( қазыналық вексельдер, сертификаттар)
қызмет етеді.
Қолма – қол емес ақшаның төлем айналымын екі тобқа бөлуге болады:
тауарлы операциялар бойынша және қаржылық міндеттемелері бойынша төлем
айналымы. Бірінші топқа тауарлар және көрсетілген қызметтер бойынша есеп
айырысулар жатады, ал екіншісіне бютжет төлемдері ( табысқа салық, қосымша
құн салығы, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы және тағы осы сияқты
төлемдер ) және бюджеттен тыс төлемдер, банк ссудаларын өтеу, несиенің
пайызын төлеу, сақтандыру компанияларымен есеп айырысулар кіргізіледі.
Қазіргі кезде пластикалық картачкаларды қолдану қолма- қол ақшасыз
есеп айырусуды ұйымдастыруда ең бір прогрессивтік құрал екенін әлемдік
тәжірибе дәлелдеп отыр. Олардың көптеген түрлерінің ішінде, негізінен,
магнитті жолағы бары кең қолданылады. Өркениетті мемлекеттерде жоғары
қорғалу дәрежесі бар микропроцессорлы карточканы айналымға енгізу үшін
белсенді жұмыс жүргізілуде.
Қолма – қол емес ақша айналысы – бұл белгілі бір уақыт аралығындағы
клиенттердің шоттары бойынша несиелік ұйымдарға немесе келісімді есеп
айырысуға, қолма – қол ақшаларды қолданбай, ақшалай қаражаттарды аудару.
Бұл айналыс мемлекеттің ақша айналысының үлкен бөлігін құрайды.
Қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша айналымдары өзара тығыз
байланысты және бір – біріне тәуелді. Өйткені ақша үнемі бір айналыс
аясынан кетпей, оған одан әрі қызмет жасай береді. Ал банктегі шотқа
қаржының айдарылуы қолма – қол ақшаның берілуінің кепілі. Сондықтан қолма
– қол емес ақша төлем айналымы қолма – қол ақша айналымының ажырамас
бөлігі болып табылыды және екуі бірге қосылып мемлекеттің ақша айналымын
қалыптастырады..
Есеп айырысу операциялары банк операцияларының негізгілерінің біріне
жатады. Есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін әр түрлі шоттар
қолданылады. Олардың арасында кең тарағандары: ағымдағы, есеп айырысу және
тағы басқа шоттары.
Банктердің есептесу операциялары: инкассо, аудару және аккредитив
болып бөлінеді.
Инкассо- әр турлі құжаттарды пайдаланып, клиенттердің тапсыры бойынша
және олардың шотына банктердің ақша түсіру операциясы. Инкассоға чектер,
векселдер, бағалы қағаздар және т.б. құжаттар қабылданады.
Инкассолық операцияның екі түрі бар:
• жай инкассо – клиенттің банк арқылы коммерциялық құжатсыз қойған
төлем талабы негізінде банктің үшінші жақтың ақша алуға
міндеттенген операциясы. Жай инкассо тауарсыз есеп айырысуда
қолданылыды;
• құжатты инкассо – үшінші жаққа клиенттен алған құжатты көрсету
және оны тек төлемді қолма – қол алғанда немесе акцептелгенде
ғана беру нәтижесінде банктің жүргізетін операциясы.
Аудару операцияларында клиент банкідегі өз шотынан белгілі бір соманы
көрсетілген жаққа аудару жөнінде тапсырма береді. Мұндай операцияны
жүргізгені үшін банк коммерциялық ақы алады.
Аккредитив ( латын сөзі – сенемін ) – бір банктің екінші банкке
аккретивте көрсетілген шарттарды орындағанда белгілі бір соманы жеке
немесе заңды тұлғаға төлеу жөнінде берген жазбаша тапсырмасы.
Аккредитивтің негізгі түрлері: ақшалы және құжатты.
• Ақшалы аккредитив – атаулы ақшалы құжат. Онда белгіленген мерзім
ішінде аккредитивте көрсетілген соманы түгел немесе бөліп –
бөліп, оны иемденушіге төлеу жөнінде корреспондент - банкке
берген тапсырма жазылған.
• Құжатты аккредитив – келісім, ол бойнша эмитент - банк
клиентінің нұсқауымен және оның өтініші бойынша үшінші жаққа
төлемді жүргізу немесе оның үкімі бойынша төлеуі, сондай – ақ ол
берген аударым вексельді акцептеуі, құжаттарды есептеуі немесе
сатып алуы керек. Эмитент - банк көрсетілген операциялардың кез
келгенін жүргізу өкілдігін басқа банкке беруіне болады.
Электронды төлем жүйесі – ол қағазсыз тасымалдаушы, электронды сигнал
жіберу арқылы ақша сомасын аудару. Ол банктік шоттардың жағдайын бақылау,
сондай – ақ несиелік және есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін
қолданылады.
Банк клиенттеріне қызмет көрсететін электрондық төлем жүйесіне:
• автоматтандырылған есеп айырысу палатасы;
• банктік автоматтар;
• сауда ұйымдарындағы терминалдар;
• үйде банктік қызмет көрсетулер жатады.
Электрондық төлем жүйесін қолдану ақша айналымын жеделдетуге, айналыс
шығындарын азайтуға, есеп айырысуды тездетуге, сайып келгенде айналыстағы
қолма – қол ақшаны азайтуға кең жол ашады.
Сонымен, бүкіл ақша айналымы: қолма – қол және қолма – қол емес
ақшалар болып бөлінеді. Сондай – ақ:
• өнімді өндіру және сатупроцесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп
айырысулармен байланысты ақша айналымы;
• тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша
айналымы;
• ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл,
қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылады.

1. Ақша айналымының құралдары

1. Ақша массасы және оның жылдамдығы

Қандай да болмасын елдің ақша – несие саясатын сипаттайтын негізгі
параметр болып ақша массасы саналады. Ақша массасын тауарлар мен
көрсетілген қызметтерді төлеу үшін ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде
анықтауға болады. Ақша массасы экономикалық өсуге, бағалардың
динамикасына, жұмысбастылыққа, төлеу – есеп айырысу жүйесінің тоқтаусыз
жұмыс істеуіне әсер етеді.
Ақша массасы – бұл жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті
және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының
жиынтығы.
Ақша массасының компоненттерін анықтаудың әр түрлі концепциялары бар.
Бірінші концепция бойынша ақша массасы айналыстағы қолма – қол ақша мен
қолма – қол ақша айналысынан немесе қолма – қол емес ақшалардан тұрады.
Төлем айналысындағы ақшалардан басқа әр түрлі бағалы қағаздар қолданылуы
мүмкін – вексельдер, чектер депозиттік сертификаттар, тағы басқалары.
Екінші концепцияны қолдаушылар вексельдерді, чектерді және кей кезде
басқа да бағалы қағаздарды қолма – қол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда ақша айналымының жағдайы
Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері
Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері жайлы
Ақша айналысы және оның дамуы
Ақшаның экономикалық мәнi және қызметтерi
Ақша айналымы және ақша айналысы
Ақша айналысының сипаттамасы және оны арттыру жолы
Ақша жиыны
АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ
АҚША БАЗАСЫ, АҚША МАССАСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ
Пәндер