Кәсіпкерліктің маңызы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Кіріспе . . . 3

I. Кәсіпкерліктің маңызы . . . 5

1. 1 Кәсіпкерліктің орны . . . 5

1. 2 Кәсіпкерліктің ұлттық-құқықтық нысандары . . . 12

II. Кәсіпкерліктің жекелеген нысаны . . . 21

2. 1 Серіктестік . . . 21

2. 2 Акционерлік қоғам . . . 23

2. 3 Кәсіпкерліктің басқа да нысандарымен байланысы . . . 24

Қорытынды . . . 28

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 30

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында республикадағы экономикалық реформалардың негізгі бағыттарын анықтады. Негізгі буындардың бірі болып Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы болып табылады. Бұл кәсіпкерлікке салынған қызметінің кең ауқымыфмен түсіндіріледі. Жаңа жұмыс орындарын жасау, нарықты қызметтермен, тауарларымен толтыру, бәсекелес жағдғйларды қалыптастыру, қоғамды орта класты етіп жасау, дамыту. Дамыған елдерде кәсіпкерлік экономикада үлкен роль атқарады. Оның дамуы экономиканың өсуіне, жоғары сапалы тауарлармен нарықты толтыруға, жаңа қосымша орындарды жасауға, яғни көптеген маңызды, экономикалық, әлеуметтік және тағы да басқа мәселелерді шешуге әсер етеді. Сол себептен дамыған елдерде кәсіпкерлікке үлкен қолдау көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы үкіметінің жұмыс бағдарламасында кәсіпкерліктің мемлекеттік қолдауды күшейту жолдарын анықтау бар. Осымен байланысты республикада кәсіпкерлік қызметті қолдаумен реттеудің кешенді механизмін жасалып жатыр. Осы механизмнің негізгі элементтерінің бірі болып салықтық реттеу табылады. Себебі бұл респуликада нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуы жағдайында тиімді салық жүйесін жасау өте маңызды болады. Ол өз кезегінде республикада кәсіпкерлік қызметтің дамуына көп әсер етеді. Бұл жағдайда салықты фискалды және реттеу қызметін енгізетін кәсіпкерлік қызметінің салықтық реттеуді дамыту қиын мәселе болып табылады.

Республикада 1998жылдан басталған салық жүйенің фискалдық бағыты және сонымен қатар кәсіпкерлік қызметінің салықтық реттеудің кешенді құралдарының жоқтығы, республика экономикасының кәсіпкерлік секторының дамуына кедергі болатын негізгі факторлардың бірі болып отыр. Біздің елімізде кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, экономика секторы мен дамуы ретінде, және кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау механизмі жеткілікті зерттелмегенін байқауға болады. Осымен байланысты республикада кәсіпкерлікке салық салу механизмі мәселесін кешенді зерттеу жүргізу қажетті болып отыр.

Бұл жұмысты « Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы » заңының өзгертулері мен толықтамаларды есептеу және жаңа салық кодексінің жобасында қарастырылған, салық жүйесінің қызмет етуінің жаңа жолдары мен жергілікті және шетел ғалым - экономистерінің ғылыми - жұмыстарына назар аудару керек . Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік мәселелерді және оның дамуына салықтың әсерін зерттейтін бірқатар еңбектер бар. Әсіресе шағын бизнестің дамуының теориялық - әдістемелік жолдарын және кәсіпкерліктің дамуымен қолдауына салықтың әсері келесі шетел экономистерінің еңбектерінде көрініс тапты: Караваев В. Г, Камалев . С. Л, Лобков А. К, Лыкова Л. Н, Барг В. Р, Долан Э. Кейнс Дж. Және тағы басқалар.

Сонымен қатар Қазақстанның экономистері де осы мәселеге қызығушылықтары туып отыр. Олардың ішінде: Қожанов А. К, Ильясов К. К, Мамыров Н. К, Баймұратов О. Б, Кенжегузин М. Б, Окаев К. О, Қарагузова Р. К, Кучукова Н. К және тағы басқалар. Дегенмен бұл еңбектер кәсіпкерліктің мәселелерімен республикадағы нарықтық қатынастың тереңдеуі жағдайында салық салу механизмін толық айқындай алмайды.

Республикада кәсіпкерлікке салық салу механизмін талдау негізгі тақырыбы, мақсаты болады.

Жұмыстың мақсаты. Курстык жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында осы механизмінің элементтерін жетілдіруінің тәжіребиелік құндылықтарын зерттеу болып табылады .

I. Кәсіпкерліктің маңызы

1. 1 Кәсіпкерліктің орны

Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектін басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 жж. ) мән берді. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: «Кәсіпкер болу - басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер - алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Олы туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832 жж. ) былай деген: «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».

«Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшьш экономисі Ричард Кантильон (1650-1734 жж. ) ендірді. Бұл ұғымға, ол нарықтык тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам білсенділігін жатқызды.

Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.

Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарайға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер - ол өнертапқыш. Сондықтанда бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан еш уақытта кәсіпкер бола алмайды.

Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттік» деген ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсатылықпен, коммуникабелділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда ақшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес - бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік - бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.

Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтанда экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсак, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.

Қазақстан республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктесі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:

- жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;

- толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;

- жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі жүктеледі;

- коммандитті - аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлікімен және басқаның салынған салымымен) ;

- қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойына алынады;

- өндіріс және тұтыну кооперативтері;

- консорциумдар;

- акционерлік қоғамдар.

Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі - оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік - толық шаруашылық есеп, қазыналық - толық емес шаруашылық есеп.

Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымын боламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған. Кәсіпорының ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:

- азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;

- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар.

Кесте 1.

Кәсіпкерлік қызметтің негізі ұйымдық түрлерінің артықшылығы мен олқылығы

Кәсіпкерліктің түрлері: Кәсіпкерліктің түрлері
Артықшылығы: Артықшылығы
Олқылығы: Олқылығы
Кәсіпкерліктің түрлері: 1. Бір түлғалы жекеленген шаруашы-лықтар
Артықшылығы: Ұйымдастырудағы қарапайымдылығы. Қызмет жасауының толық еркіндігі. Нарықтық саладағы мінез-құлкының икемділігі. Қызметінің құпиялығын сақтау мүмкіндігі. Барлық табыс табудағы максимальды мүдделілігі.
Олқылығы: Капиталды көптеп тартудағы қиындыктары. Болған зардаптарға жауапкершіліктің шексіздігі. Барлық ұйымдық және басқарушылык іс-әрекет-тің біріктірілу қажеттілігі.
Кәсіпкерліктің түрлері: 2. Серіктес-тіктер.
Артықшылығы: Басқару бойынша міндет-терді белу. Қаржы тарту-дағы үлкен мүмкіндіктер. Еркін және оперативтік іс-әрекеттің әріптестермен келісу кезіндегі шектеулілігі.
Олқылығы: Әріптестердің өзара өнім-сіздігінің ықтималдығы. Сенімсіздік арқасындағы әлеуметтік-психологиялық комфортсыздық. Әріптес-тердің өзара келіспеушілігің аркасындағы бұл түрдің тұрақсыздығы.
Кәсіпкерліктің түрлері: 3. Акционерлік қоғамдар.
Артықшылығы: Қосымша капиталды тезірек және кеңірек тарту мүмкіндігі. Корпорация қызметі әртүрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі. Акционерлердің шектеулі жауапкершілігі.
Олқылығы: Басқарудың тым күрделілігі және оның оперативтілігінің төменділігі. Акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі. Кәсіби құпияның ашылу мүмкіндігі.

Ұжымдық кәсіпорындар кооператавтік немесе акционерліктерде болуы мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшалайға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:

- акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционер меншігінің негізінде қызмет жасайды;

- мемлекеттік және қазыналык кәсіпорыңдар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;

- құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел занды түлғасы мен азаматтарыда енеді.

Қазакстан республикасы Азаматтык Кодексімен, «Шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы», «Жеке кәсіпкерлік корғау мен қолдау туралы» республика заңдарында кәсіпорын кезкелген меншік түрлерінде және оның өзі қүрған бірлестіктерде болу мүмкіндігі айкындалған.

Қазіргі кезде нарыктық экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әртүрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қагпаған көптурлі белгісі бойынша классификациялау қажет .

Кесте 2.

Кәсіпкерлік қызметті белгісіне қарай нысаны мен түріне классификациялау

Ұйымдық-құқықтық нысаныбойынша:

Ұйымдық-құқықтық нысаны

бойынша

Шаруашылыққызметінің сипатына қарай:

Шаруашылық

қызметінің сипатына қарай

Салалық қызметібойынша:

Салалық қызметі

бойынша

Меншік нысаныбойынша:

Меншік нысаны

бойынша

Ұйымдық-құқықтық нысаныбойынша: Картелдер
Шаруашылыққызметінің сипатына қарай: Өндірістік
Салалық қызметібойынша: Өнеркәсіп
Меншік нысаныбойынша: Мемлекеттік
Ұйымдық-құқықтық нысаныбойынша: Синдикаттар
Шаруашылыққызметінің сипатына қарай: Саудалық
Салалық қызметібойынша: Ауыл шаруашылығы
Меншік нысаныбойынша: Қазыналық
Ұйымдық-құқықтық нысаныбойынша: (консорциумдар)
Шаруашылыққызметінің сипатына қарай: Делдалдық
Салалық қызметібойынша: Ұжымдық
Ұйымдық-құқықтық нысаныбойынша: Трестер Концсрндер
Шаруашылыққызметінің сипатына қарай: Банктік
Салалық қызметібойынша: Сауда
Меншік нысаныбойынша: Жалгерлік
Ұйымдық-құқықтық нысаныбойынша:

Концерн-

конгломераттар

Шаруашылыққызметінің сипатына қарай: Сактандырулық
Салалық қызметібойынша: Байланыс
Меншік нысаныбойынша: Кооперативтік
Ұйымдық-құқықтық нысаныбойынша: Инвестициялық
Шаруашылыққызметінің сипатына қарай: Келік
Ұйымдық-құқықтық нысаныбойынша: Холдинг-
Шаруашылыққызметінің сипатына қарай: Иновациялық
Салалық қызметібойынша: Қаржы-
Меншік нысаныбойынша: Акционерлік
Ұйымдық-құқықтық нысаныбойынша: компаниялар
Шаруашылыққызметінің сипатына қарай: Инжинирингтік
Салалық қызметібойынша: несиелік
Меншік нысаныбойынша: Жекелеген
Ұйымдық-құқықтық нысаныбойынша: Акционерлік
Шаруашылыққызметінің сипатына қарай: Венчурлік
Салалық қызметібойынша: Мәдениет
Меншік нысаныбойынша:

Аралас (біріккен)

Мемлекеттік

кооперативтік пен бірге.

Ұйымдық-құқықтық нысаныбойынша: қоғамдар
Шаруашылыққызметінің сипатына қарай: (тәуекелділік)
Салалық қызметібойынша: Өнер
Ұйымдық-құқықтық нысаныбойынша: (копорациялар)
Шаруашылыққызметінің сипатына қарай: Консалтингтік
Салалық қызметібойынша: Білім
Ұйымдық-құқықтық нысаныбойынша: Кооперативтер
Шаруашылыққызметінің сипатына қарай: Аудиторлыкқ
Салалық қызметібойынша: Ғылым
Ұйымдық-құқықтық нысаныбойынша: Серіктестіктер
Шаруашылыққызметінің сипатына қарай: Трастолық
Салалық қызметібойынша:

Денсаулық сақтау

Тұрғын үй шаруашылық

Ұйымдық-құқықтық нысаныбойынша:
Шаруашылыққызметінің сипатына қарай:
Салалық қызметібойынша:

Ұжымдық жекемен бірге.

Мемлекет аралық

(біріккен кәсіпорын)

Бір қолға біріккен фирмалар саны мейлінше көп. Тек ғана АҚШ-ның өзінде олардың саны 7 млн. құрайды. Қолдағы қаржы қорының шектеулілігі оларды бірігуге итермелейді. Сөйтіп санның салдарынан әртүрлі серіктестіктер құрылады.

Атап көрсеткендей, XXI ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударылады. Оның рөлі әлеуметтік ахуалды жақсартуда жетекші орын алады. Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз ету тезірек өседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады. Осыдан аталған мәселеге толық талдау керек.

Батыс елдерінің экономикалық әдебиетінде шағын бизнесті «өсу үстіндегі бала» деп қарау орын алған. Жеке жағдайда, «шағын бизнес-бұл өсу үстіндегі бала ретінде, сондықтан ол барлық уақытта сәби бесігінде қала алмайды. Ол үлкен мекен-жайға мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бел шешіп айналысуы қажет».

Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ең алдымен капитал тезірек айналатын салаларда, атап айтқанда саудада, қоғамдық тамақтандыру және қызметтер салаларында туады. Бірақ, нарықтық экономиканы реформалау бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық саясат бағаларды ырқына жіберуден және осымен байланысты өскелең инфлияциямен басталды, бұл пайыз өсімінің күрт өсуінен және халықтың жинағынын құнсыздануынан шағын бизнестің қаржы базасының жоюуына әкелді, бұл ез кезегінде шағын бизнестің қалыптасуының және оның инвестициялық қызметінің заңсыз қалуына соқтырды. Шағын кәсіпкерлік көп қатарлы жинаулар мен үлкен салықтардың астында қалды.

Осы уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда кәсіпкерлік қызметке ынта үзілді, онсыз нарық экономикасының қалыптасуы мүмкін емес.

Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың одан әрі даму жағдайында, ірі компаниялардың айбынының артуы ғылыми-техникалық революцияның болуымен, шағын және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен коса жүреді. Жаңа өнімдердің көптеген түрлерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар «күн» астындағы орын үшін, тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі қанағаттандырылмаған жаңа қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр. Сондықтан шағын фирмалардың бір жұмыс істеушіге есептегенцегі, ғылыми-зерттеу мен конструкторлық жұмыстарға шығындары, ірі компаниялардың осындай шығындарынан жиі асып түсуі кездейсок емес.

Қазіргі уақытта шағын бизнестің рөлі нарыққа өндірілген жаңа өнімдердің ортақ санында айтарлықтай мол.

АҚШ-тың сатып алу федералы басқармасының ақпараты бойынша, 50-інші жылдардың ортасынан 70-інші жылдардың ортасына дейін шағын фирмалар (жұмысшылар саны 1000 адамнан аз) әртүрлі жаңалық енгізулердің жартысынан көбін енгізген. Жаңалық енгізулердің төрттен бірі жұмыс істеушілер саны 100 адамдық фирмаларға келеді. Aтaп айтқанда, шағын компания «Аррlе» жеке компьютерлік өндірісін алғашқылар қатарында енгізді, кейін оларды негізгі өндірушілердің біріне айналды.

Шағын бизнес капиталистік елдерде халықты жұмыспен қамтуды кеңейтуде айтарлықтай рөлі бар. АҚШ-та соңғы 10 жылда жана жұмыс орындарынын 60%-і 20 адамнан аз жұмыскерлері бар компанияларға келеді. 80-ші жылдардың басында жұмыссыздықтың зор өсуі жағдайында көптеген ғалымдар, экономистер мен мемлекет қайраткерлері шағын бизнестен ірі компаниялардағы жұмыс орындары қысқаруының орнын, толтыруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құратын құрал деп санады. Сондықтан капиталистік елдердің үкіметтері тарапынан шағын бизнеске әртүрлі көмек көрсетіледі.

Шағын және орта бизнестің болуы және де ірі компаниялардың (монополияның) мүдделеріне сай келеді. Қазір дайын өнімді жасау үшін мындаған әртүрлі детальдар қажет етіледі. Олардың өндірісіне концеріндер мен келісім шарт жүйелерімен байланысқан көптегсн шағын және орташа фирмалар маманданады. Электротехника, автомобиль және басқа салалардың кейбір ірі монополияларында 20-30 мыңға дейін шағын компаниялар жұмыс істейді. Атап көрсету керек, шағын және орташа фирмалардың басым көпшілігі ірі компаниялармен келісім қатынастары арқасында жұмыс істейді. Францияда, мысалы, шағын және орташа кәсіпорындардың 40%-ы ірі монополиялармен байланысты. АҚШ-та осындай келісім шарттар жүйесімен 400 мың шамасында немесе 25% шағын кәсіпорындар қамтылған, оларда 4, 5 млн. адам жұмыспен қамтылған. Жапонияда да осындай жағдай кездеседі.

Шағын бизнес кәсіпорынды ашу ісі аз молшерде капитал кажет етеді. Техникалық қызмет көрсету саласында кең өріс алады. Өте жиі жағдайда өз ісін өндірістен шығып қалған немесе жұмыс таба алмағандар ашады.

80-ші жылдардың басында шағын кәсіпорындар иелерінің тек өз жанұяларындағы адамдарының еңбектерін қолдануы Жапониядағы барлық жұмыспен қамтылғандардың 32%, Италияда - 29%, Францияда - 21% құрады.

Монополисте емес фирмалар жана салалар қатарында, әсіресе ақпарат кешенінде өздерінің жағдайларын әжептәуір нығайтады. ҒТП негізінде іскер қызметтер (электронды есептеу машинасы базасында ақпаратты оңдеу, бағдарламаны қамтамасыз ету, инженеринг, кеңес беру бизнесі және осы тәріздес) спектрі қалыптасқан. Осындай қызмет ресурстардың айтарлықтай жинақталуын қажет етпейді және де шағын компания шеңберінде де табысты жүзеге асуы мүмкін. Жеке атағанда, Германияда бағдарламаны қамтамасыз ету саласында 3700 фирмалар жұмыс істейді, олардың көпшілігі (70% шамасында) жұмыскерлер саны 10 адамнан аз компаниялардан құралған.

Демек, шағын және орта бизнестің рөлі мына көрсетілген алты қызметтерден көрінеді.

Біріншіден, шағын өндіріс нарық коньюнктурасының өзгерісін икемді сезінеді, бұл нарық экономикасынада ірі кәсіпорын алыптарға мүмкін емес.

Екіншіден, шағын бизнес әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай бизнестің болмауынан осы ресурстар пайдаланылмаған болар еді.

Үшіншіден, шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады, бұл кез келген мемлекеттің жоғары деңгейде монополия экономикасы жағдайында бірінші кезекте маңызды.

Төртіншіден, шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен рөл атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның, үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердін 50-60% және жаңа жұмыс орындарының 70-80% келеді.

Бесіншіден, атап көрсеткендей шағын өндірістің ғылыми-техникалық жаналықтардың 50% келеді (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар, «Палороид» типті фотоаппараттар) .

Алтыншыдан, шағын бизнестің әлеуметтік қысымды жұмсартудағы орнын таптырмас рөлі бар. Ауыр дағдарыс кездерінде халық осыдан жұмыс тауып және өздерінің қабілеттерін жүзеге асыра алады.

Кәсіпкерліктің халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, өтпелі экономикада мемлекет, ережеге сәйкес, тек жаңа басталған сауда кәсіпкерлігі көтермеледі, бұл өндіріс саласыңдағы қызметті тиімсіз қалдырды.

Өтпелі экономика үшін нарықтык инфрақұрлымының дамымағандығы тән, бұл шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейді.

Қазақстан Республикасындағы 1998 жылға дейін тоқтамаған өндірістің құлдырауы, инфлияциялық процесстер кезіндегі бағалардың өсуі, тұрғындардың номиналды табыстарының өсуін анық басып озды, бұл өндіріс саласыңда оның ішінде шағын бизнес негізінде кәсіпкерлік қызметтің дамуын айтарлықтай тежеді.

Соңында шағын кәсіпкерліктің дамуының тежеуші факторына өндірістік саладағы шағын бизнестің маңыздылығын әлі бағаламағандығын жатқызуға болады.

70-80-ші жылдардағы дамыған елдердегі болған кәсіпкерлік «бум» ғалымдар мен практиктердің шағын бизнеске қатысты бұрынғы көзқарастарынан - шағын кәсіпорындар өмір cүpyгe жарамсыз, сондықтан олар не жоюылуы керек не ең ірі компанияларға қайта құрылуы керек, бас тартуына мәжбүр еткізді.

Нақты көрсеткіштер көрсеткендей соңғы он жылдықта (1980-ші 2000 жылдар бойынша) олардың саны екі есеге артты, олардың санының саудада және қызметтер саласында дамуымен қатар, шағын кәсіпорындардың экономикалық мынандай прогресивті салаларыңда - электроника, биотехнология, ақпараттық қызметтер - айтарлықтай рөлі бар.

Өтпелі экономикада жаңа өркен жайған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау үшін мынадай жағдайлар қажет:

- еркін бәсекені құру негізі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың кешенді мемлекеттік ғылыми негізделген бағдарламаларын жасау;

- оның дамуы мен қаржылық жеңілдіктер үшін қаржы базасын қалыптастыру жеңілдетілген несиелер, жеңілдетілген салықтар, ақысыз сипатты жәрдем ақшалар) ;

- бағдарламада ғылыми-техникалық прогрестің басымдық бағыттарында шағын кәсіпкерліктің орны ерекше анықталуы керек;

- шағын бизнесті ұйымдастыруда, елдің әртүрлі аймақтарында (область орталықтарында) шағын кәсіпорындардың арнайы орталықтары басты рөлде болуы керек;

- ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының жүйесі негізінде, әсіресе сауда мен қызметтер саласында шағын бизнесті дамыту мақсатында ірі кәсіпорындардың ресурстарын тарту.

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерліктің дамуын жандандыру мен мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша шаралар туралы» 1997 жылдың 6 наурызындағы қаулысының үлкен рөлі бар.

Құжат өзінің мазмұны бойынша өтпелі экономика жағдайында шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлеттік бағдарламасы болып табылады.

2001 жылдың басында Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің 348 мың субъектілірі тіркеледі, бұл елдің жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынын төрттен бірін құрайды. Шағын кәсіпорындар санын 500 мыңға дейін, оларда жұмыс істеушілер саны халықтың жұмыспен қамтылғанының 40%-на жеткізу міндеті қойылды.

  1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты
Кәсіпкерлік қызметінің нарықтық экономикадағы рөлі
Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірибелері
ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму тенденциялары
Жалпы кәсіпкерлік
Кәсіпкерліктің маңызы және қызметтері
Кәсіпкерлік және оның Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы рөлі
Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің даму кезеңі туралы
Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастырушылық нысандары
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің даму жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz