Тұяқты жануарлар


ТҰЯҚТЫ ЖАНУАРЛАР
МАЗМҰНЫ
I КІРІСПЕ . . . 3
ІІ Негізгі бөлім . . . 4
1. Тұяқты жануарлар - Ungulate . . . 4
1. 1 Тұяқты жануарлардың систематикасы . . . 5
2. Жұп тұяқтылар - Artiodactyla . . . 8
2. 1Ақбөкендер туралы жалпы мәлімет . . . 13
3. Тақ тұяқтылар - Perissodactyla . . . 21
4. Жылқы тұқымдасы - Тарпан (лат. Equus ferus ferus, Equus gmelini) . . . 23
III. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 26
КІРІСПЕ
Тұяқты жануарлар (лат. Ungulate) шөп қоректі. Тұяқ ( лат. ungula) - теріден дамыған мүйізді мүше. Тұяқты жабайы жануарлар қазiргi кезде адамның назарын эстетикалық мақсаттар тұрғысынан да, селекциялық жұмыстар үшiн перспективалы объектiлер ретiнде практикалық тұрғыдан да, саны көп болған кезде - бағалы аңшылық объектiлерi (ет, тері, дәрi-дәрмектiк шикiзат) тұрғысынан да аударады. Тұяқты жабайы жануарлардың адам үшiн осындай зор маңызға ие бола отырып, ғасырлар бойы адамның олардың iзiн аңдығанына таң қалуға болмайды, түрлердің бір бөлiгi құртып жіберілді, ал кейбiреулерi жойылып кету алдында тұр.
Тұяқты жануарлар аяқ саусақтарының санына қарай бөлінуі:
- Жұп тұяқтылар - Artiodactyla
- Тақ тұяқтылар - Perissodactyla
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына тұяқты жануарлардың 9 түрi мен түр тармағы енгізілген, олар: қаратау арқары (Ovis ammon nigrimontana), тянь-шань арқары (Ovis ammon karelini), қазақстан арқары (Ovis ammon соllium), қызылқұм арқары (Ovis ammon severtzovi), алтай арқары (Ovis ammon ammon), үстiрт арқары (Ovis ammon аrkаl), қарақұйрық (Gazella subgutturosa), тоғай кермаралы (Cervus elaphus bactrianus baktrianus), түркмен құланы (Eguus hemionus onager) .
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Тұяқты жануарлар туралы түсінікті жетілдіру, тұяқтыларды ажырата білу, олардың мінез-құлқымен, өмір сүру ұзақтығы, дұшпандарынан қорғануымен танысып, оларды басқа жануарлардан айыра білуді анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, II негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады .
1. Тұяқты жануарлар
Тұяқ - көптеген сүтқоректі жануарлардың аяғының башпай ұшын қоршап тұратын мүйізденген тырнақ. Тұяқ ( лат. ungula) - теріден дамыған мүйізді мүше. Ол тақ тұяқтардың бақайындағы түяқ сүйегін қаптап түратын өте берік, қатты қүрылым. Эпидермистен дермадан негізгі қабат және шел қабаттарынан тұрады. Түяқ төрт бөліктен тұрады. Олар түяқ көбесі, түяқ жүлығы, түяқ қабырғасы және түяқ табаны. Тұяқты жабайы жануарлар қазiргi кезде адамның назарын эстетикалық мақсаттар тұрғысынан да, селекциялық жұмыстар үшiн перспективалы объектiлер ретiнде практикалық тұрғыдан да, саны көп болған кезде - бағалы аңшылық объектiлерi (ет, тері, дәрi-дәрмектiк шикiзат) тұрғысынан да аударады. Тұяқты жабайы жануарлардың адам үшiн осындай зор маңызға ие бола отырып, ғасырлар бойы адамның олардың iзiн аңдығанына таң қалуға болмайды, түрлердің бір бөлiгi құртып жіберілді, ал кейбiреулерi жойылып кету алдында тұр. Тұяқты жануарлар аяқ саусақтарының қарай «жұп тұяқтылар» және «тақ тұяқтылар » болып бөлінеді. [11]
Классификациясы:
- Күйіс қайырмайтын отряд тармағы (Nonruminantia)
- Шошқа тұқымдасы (Suidae)
- Пекари тұқымдасы (Tayassuidae)
- Бегемот тұқымдасы (Hippopotamidae)
- Мозоленогие, сіртабандылар (Tylopoda)
- Түйе тұқымдасы (Camelidae)
- Күйіс қайыратын отряд тармағы(Ruminantia)
- Керік тұқымдасы(Giraffidae)
- Құлан тұқымдасы (Moschidae)
- Бұғы тұқымдасы(Tragulidae)
- Қуысмүйізділер тұқымдасы (Bovidae)
1. 1 Тұяқты жануарлар систематикасы
Тұяқты жануарлардың қорегі . Тұяқты жануарлар - шөп қоректі. Олардың барлығы дерлік шөпті жайылып жүріп жейді. Шөпке жайылатын жануарларға жылқы, ешкілер, жылқылар, буффалолар, бұғылар, т. б. жатады. Жануарлар жейтін өсімдіктерде қорытылмайтын өзек болады. Өзек - өсімдіктің жасуша қабырғасының басты бөлігі. Өзек бактериялардың көмегімен ашып, асқазан қорыта алатын көміртекке айналады. Күйіс қайыратын жануарлар жеген жем олардың құлқынына баяу өтеді. Мұндай үдеріс жеген азықтың тиімділігін арттыра түседі. [8]
Тұяқты жануарлардың мекені. Тұяқты жануарлардың басым бөлігі ашық дала мен саваналарды мекендейді. Жазық және өзендер, оның ішінде мекендеу орындарына кең ауқымын, мекендейді. Тұяқты жануарлардың ең жиі кездесетін өкілдерінің бірі - бұғы бүкіл жер жүзіне тарап, сазды жерден шөлейтке дейінгі түрлі белдеулерде кездеседі. Тұяқты жануарлардың тағы бір өкілі - түйе. Түйе ыстық шөлдерді мекен етеді. Түйелер шөлде тіршілік етіге бейімделген. Қалың жүні оны күн сәулесінен қорғайды. Қазір дүниежүзінде шамамен 19 млн түйе бар. Олардың 90 дара өркешті түйелер. [2]
Тұяқты жануарлардың төлдеуі . Тұяқты жнуарлардың барлығы - сүтқоректілер және төлін тірідей туады.
Тұяқты жануарлардың көбі жылдың белгілі бір мезгілінде төлдейді. Бірақ жыл бойы төлдей беретін жануарлар да болады. Күйлеу және шағылысу науқанынан кейін аналық буаз болады. Буаздық мерзімнің ұзақтығы жануардың түріне байланысты. Кейбірі - 4-5 апта, кейбірі бір жылдан астам уақыт буаз болып жүреді. Жануарлар жаңа туған төлін емізіп, сүт береді. Төл өзін-өзі қорғайтын дәрежеге жеткенше анасының қамқорлығында болады.
Тұяқты жануарлардың мінез-құлқы. Тұяқты жануарлардың барлығына бірдей тән мінез-құлықтары бар. Олар әртүрлі түр тармаққа жататын жануарлардың тек өзіне ғана тән мінез ерекшеліктері де болады.
Тұяқты жануарлар топталып тіршілік еткенді дұрыс көреді. Топ екі-үш бастан тұратын шағын да, бірнеше жүз бастан тұратын үлкен де болуы мүмкін.
Топталып жүретіндіктен оларды «қоғамшыл жануарлар» деп атауға болады.
Қазіргі кезде тұяқты жабайы жануарлардың кейбірлері жойылып кету алдында тұр.
Мысалы, Гиппопотамдар (бегемоттар) түнде белсенді тіршілік етеді. Олар күндіз ұйықтап, түнде су жағасында шөпке жайылады.
- Тау дукері өзінің жерін тұяғында орналасқан иіс безімен немесе қиымен белгілеп қояды да, оған өзге жануард жолатпайды.
- Киік күндіз де, түнде де сергек жүріп, уақытының 50-60% -ын шөпке жайылумен өткізеді.
Тұяқты жануарлардың дұшпаннан қорғануы . Көптеген жұп тұяқты жануарлар мен тақ тұяқты жануарлардың кейбірінде мүйіз болады. Олар мүйізімен дұшпанынан айбат шегітіп қорқытады, одан қайтпағандарды сүзіп алады. Табиғат оларды, сондай-ақ сойдақ тіспен, көз ілеспес жылдамдықпен және үлкен денемен қамтамасыз еткен. Тұяқты жануарлардың бір емес, бірнеше қауіпсіздік құралы бар. Мүйізін қорғану үшін қорғану үшін қолданылатын жануарлардың қатарына сиыр, ешкі, киік, бұғы жатады. Мәселен, Тау зебра бір-бірін қорғау үшін және дұшпанға бірлесіп тойтарыс беру үшін үйір құрап, топталып жүреді. Олар өздеріне тиіскен жауды теуіп, тістелеп тастайды.
Тұяқты жануарлардың тіршілік ету ұзақтығы . Тұяқты жануарлардың ең үлкен тобын сүтқоректілер құрайды. Олардың ішінде жылқылар, сиырлар, есектер, зебралар, киіктер т. б. көптеген жануарлар бар. Әдетте, жануардың тіршілік ету ұзақтығы оның көлеміне байланысты. Мәселен, сиырлар қойлардан ұзағырақ жасайды. Меринос тәрізді асыл тұқымды қойлар 10-14 жыл тіршілік етеді. Қазіргі заманғы үй жылқылары 25 - 30 жыл, бірақ жақсы күтім көрген кей жылқылар 40 жылға дейін тіршілік етеді.
XIX ғасырда бір жылқы 62 жыл жасаған. Ол рекордтар кітабына «Билли кария» деген атпен енді. Екі жас пен үш жас аралығындағы малын - құнан, төрт жастағыны - дөнен, бес жастағыны - бесті дейді.
Жануарларды қолға үйрету . Үй жануарларын адамдар жеммен, сумен қамтамасыз етеді. Жылы ұара-қопсы салып, жауын-шашыннан қорғайды. Үй жануарларына ірі қара, жылқы, қой жатады.
Жануарлардың дене тұрқы . Жылқы бойының ұзындығы мойыны аяқталып, арқасы басталатын жердің ең биік нүктесіне дейін өлшенеді. [3]
2. Жұп тұяқтылар - Artiodactyla
Жұп тұяқтылар (лат. Artiodactyla ) - сүтқоректілер класының бір отряды. Бұлардың қазба қалдықтары эоцен дәуірінен сақталған. Арғы тегі ежелгі тұяқтылар - кондилартрлар деп есептелінеді. Жұптұяқтылар Жер шарында кең таралған. Австралия мен Жаңа Зеландияда да жерсіндірілген. Бұлар негізінен ашық алаңқайларды мекендейді. Жұп тұяқтылар - жер бетінде өсімдік тектес заттармен қоректеніп, тез жүгіретін жануарлар. Тек бегемоттар ғана жар-тылай суда тіршілік етеді. Осыған байланысты олардың аяғы ұзын және ең соңғы саусағында тұяғы болады. Үшінші және төртінші саусактары бірдей жетілген, осы екі саусақтың орта-сынан аяқтарының тірегі өтеді. Екінші және бесінші саусақта-ры өте нашар жетілген, немесе болмайды. Бұғаналары да же-тілмеген. Жұп тұяқтылар екі отряд тармағына бөлінеді. [5]
Кейбір жұптұяқтылардың алдыңғы оң сирағының сүйектері. Солдан оң жаққа қарай: доңыз (Жабайы шошқа), марал (Cervus elaphus), түйе (Camelus bactrianus) .
Жұп тұяқтылардың 9 тұқымдасы, 85 туысқа кіретін 200-деі түрі белгілі.
Жұптұяқты сүтқоректілер қоректену тәсіліне қарай екі топқа бөлінеді: күйіс қайырмайтын және күйіс қайыратын жануарлар.
1 отряд тармағы - күйіс қайырмайтындар (Monruminantia)
Бұл отряд тармағына - бегемоттар және шошқалар жатады. Бұлардың екінші және бесінші саусақтары жақсырақ жетілген. Шошақ тістері үлкен болады. Азу тістерінің үсті бұдырлы, тамағын әбден шайнап жұтуға мүмкіндік береді. Қарны қарапайым, сондықтан күйіс қайырмайды.
Біздің оңтүстік облыстарда жабайы шошқаның - қабан (Sus scrofa) деген бір-ақ түрі тараған. Сол жабайы шошқадан осы кезде қолда өсірілетін үй шошқаларының көптеген түрлері шыққан. Бұлар қамысты, тоғайлы жерлерді мекендейді.
Көбеюі. Жылына бір-ақ рет көбейеді де, туғанда 4-6 торай туады. Қолдан сұрыптау арқылы үй шошқаларын жақсартудың нәтижесінде, жабайы тегіне қарағанда өсімтал түрлері шығарылған. Осыған байланысты олардың емшектерінің де саны көбейген. Оңтүстік Азияда, Африкада және Америкада жабайы шошқаның басқа түрлері кездеседі.
Қоректенуі . Бұлардың ішінде доңыз тамақ талғамайды, қалғандары тек өсімдікпен қоректенеді. Жұптұяқты сүтқоректілер қоректену тәсіліне қарай екі топқа бөлінеді: күйіс қайырмайтын және күйіс қайыратын жануарлар.
Күйіс қайырмайтын жұптұяқты сүтқоректілерге доңыздар мен бегемоттарды жатқызады. Бұлардың иттістері ұзын және азу тістері бұдырлы болып, қорегін толық шайнап жұтады. Қарыны қарапайым құрылысты болғандықтан, жұтқан асы ауызға қайта барып шайналмайды. Шайнаған асы тікелей жұтылып, қарында қорытылатын жануарлар күйіс қайырмайтын жұптұяқтылар деп аталады.
Бегемот (Hippopotamus amphibius) - ірі, жалаңаш терілі, жартылай суда тіршілік ететін жануар. Олар құрлыққа өте сирек шығады да өзендер мен көлдерде болады. Су өсімдіктері мен қоректенеді. Бегемоттар троптік Африкада тараған. [2]
2-отряд тармағы - Күйіс қайытарушылар (Ruminantia)
Бұл отряд тармағына қарынының құрылысы күрделі жануарлар жатады. Бұлардың қарыны шала шайналған жемінің ашуына және олардың күйіс қайырғанда қайтадан дұрыс ұсатылып, жұтылуына бейімделген. Бұған жұп тұяқтылардың басым көпшілігі жатады. көпшілігінің мүйізі болатын жануарлар. Күйіс қайыратын жұптұяқты сүтқоректілердің аяқтары сида, ұзын болғандықтан, шапшаң жүгіре алады. Бұлардың қарны күрделі үш төрт бөліктен құралып, жеген қорегін қарыннан ауызға лоқсытып, екінші рет шайнағаннан соң ғана қайтадан жұтады. Күйіс қайыратын сүтқоректілердің көпшілігінде мүйіз болады, ол иттістері нашар дамиды немесе мүлде болмайды. Бұлан, бұғы, киік, жираф, күдір, арқар сияқты 180-ге тарта сүтқоректілер күйіс қайыратын жұптұяқты жануарлар болып табылады. Бұлар туа салысымен енесінің соңына ілесе алатын сергек 1-2 төл туады. Күйіс қайыртарушылар шошак, тістері мен II және V саусақтары нашар жетілген немесе кейбір түрлерінде тіпті болмайды. Сымбатты, көпшілігінің мүйізі болатын жануарлар. Шайнап жұтылған қоректі қарыннан қайта ауызға лоқсып, екінші рет шайнағаннан кейін ғана толық жұтатын жануарлар күйіс қайыратын жұптұяқтылар деп аталады. [1]
Көн табандылар (Туlороdіа) тұқымдасына түйелер, ламалар жатады. Бұлардың II және V саусақтары болмайды, тұяғы өте нашар дамыған. II және IV саусақтары келіп тірелетін, көпшік сияқты көнді жалпақ табанына денесінің салмағын салып, қозғалады. Бұларда қарыны басқа күйіс қайыратын-дармен салыстырғанда күрделі емөс. Тіс формуласы:
Осы кезде Орталық Азияның даласында жабайы түйенің бір түрі - қос өркешті (Саmеlиs Ъасігіаnus) түйе сақталған. Бір өркешті түйенің - нардың (С. dгоmеdагius) тек қана қолға үй-ретілген бір түрі белгілі, ал жабайы түрі белгісіз. Нар көбінесе - Африкада және Оңтүстік Азияда кездеседі. Түйелерде май қоры өркешіне жиналады. Мұндай май өз тарапынан артық су қоры болып есептеледі. Өйткені, ол тотыққан кезде су пайда болып, ол қанға барады. Сондықтан өркешінде майы көп түйе-лер шөлге шыдамды келеді.
Американың көн табандарының өркеші болмайды. Олар таулы жерді мекендейді, мысалы, гуанако (Lаmа һиапасһиs) және викунья (L. vісиgпа) . Бұлардың қолға үйретілген екі түрі белгілі: лама және альпака. Бұларды да түйе сияқты көлік есе-бінде және жүні, еті үшін ұстайды.
Бұғы тұқымдасына (Сегуісіае) дене құрылысы сұлу, тұяқты, терінің кутис бөлімінен өсетін, бұтақты сүйекті, жыл сайын ауысып түсіп тұратын мүйізі бар жануарлар жатады.
Солтүстік бұғыларынан (Rапgifег tагапсlus) басқаларында мүйіз тек қана еркектерінде болады. Тіс формуласы:
Тропиктік Африка мен Австралиядан басқа құрлықтың бар-лығына дерлік тараған. Бізде бұлардың 7 түрі кездеседі: Сол-түстік бұғысыньщ (Rапgіfег tагапdиs) еркегінде және ұрғашы-сында да мүйіз болады. Жас бұғылар теңбіл болмайды. Евра-зияның және Солтүстік Американың орманды далаларының көпшілігіне және тундраның барлық жеріне тараған. Бұғылар-ды қолда үйрету негізінен тундрада іске асырылған. Ақ марал немесе марал (Сегvиs еlарһиs) Батыс Европада, Қырымда, Кавказда, Тянь-Шаньда, Оңтүстік Сибирьдің тауларына тара-ған Олар орманды жерлерді мекендейді.
Теңбіл марал (Сегvиs һогtulогиm) өмір бойы теңбіл түсті болады. Олар Қиыр Шығыстың оңтүстік бөлігіндегі ормандар-да мекендейді. Бүл соңғы екі маралдың өсіп жетілмеген жас мүйіздерінен (панто) пантокрин деп аталатын бағалы дәрі жа-салады. Бұғылардың ең ірі түрі - булан немесе суын (Аlсеs аlсеs) Европаның, Сибирьдің және Оңтүстік Американың ор-манды бөліктеріне тараған. Басқа бұғылардан бір айырмашы-лығы бұлар табын құрамайды. Қыста жапырақты ағаштардың бұтағымен қоректенеді. Бізде бұландарды қолға үйрету тәжірибесі іске асуда. Елік (Саргеоllиs саргеоlиs) - мүйізі азғана бұтақталған, бұғының ең ұсақ түрі болып есептеледі. Бұлар Европаның және Оңтүстік Сибирьдің орманды және орманды-да-лалы зоналарында, Қырымда, Кавказда, Орта Азияның тауларында кездеседі. Бұлардың бұғылардан ерекше бір түрі-құ дыр (Мозсһиs тоsсһіfегиs) болып есептеледі. Оның мүйізі жоқ, ал еркектерінің жоғарғы жағындағы шошақ тістері жақсы жетілген, кейде сойдиып ауызынан шығып тұрады. Олар Шуғыс Сибирьдің таулы ормандарын мекендейді.
Бұғылардың барлығының да өнеркәсіптік маңызы зор. Олардың еті және терісі пайдаланылады. Парфюмерия өндірісінде лайдаланылатын жануар мускусының негізгі көзі - құдыр мус-кус безі болып саналады. Солтүстік бұғылары қолға үйретіліп, көлік есебінде пайдаланылады. Олардың терісі замшы (жеділ өндірісте) жасауға қажет материал және шикі зат болып саналады. Медицинада маралдардың пантасын пайдаланады.
Қуыс мүйізділер тұқымдасы (Саvісогпіа) . Бұлардың маңдай сүйегі өсіндісінің сыртын қаптап тұратын қуыс мүйізі болады. Мүйізі эпидермистің малыгагий қабатынан пайда болған, ол бұтақтанбайды және жасына қарай ауысып отырады. Тек қана Американың айыр мүйізді бөкенінің (Апtilсарга) мүйізі екі айыр болады да жыл сайын түлеп отырады. Мүйіз басым көпшілігінде еркектерінде ғана болады. Жоғарғы жағында шошақ тісі болмайды. Тіс формуласы:
Бұлардың жабайы түрі Оңтүстік Америка мен Австралия-дан басқа барлық жерде кездеседі. Көптеген түрлері қолда өсіріліп, олардан үй жануарларының көптеген жаңа түрлері шығарылады. Бұл тұқымдастың негізгі жабайы түрлері мыналар.
Бөкендердің көптеген түрлері Африкада тараған. Көбінесе бізде кездесетін қарақұйрық (Gаzеllа sиЬgиttигоsа) -Закав-казьенің шығысында, Орта Азияның және Қазақстанның далалы және шөлді жерлерінде мекендейді. Ақ бөкен (Sаіgа tatгіеа) -Қазақстанның далалы жерлерінде тараған Кавказ бен Карпат тауларында мүйізінің ұшы ілмек тәрізді артына қайрылған мүйізі бар орман бөкені - серна (Кирісарга гирісарга) тіршілік етеді.
Жабайы ешкілер мен қойлардың бірнеше түрі Кавказдың, Орта Азияның және Оңтүстік Сибирьдің тауларына таралған. Мысалы, ешкілерден - Кавказдың турлары (Сарга саиеаsіса, С. суіішігісогшз), Сибирьдің ешкімүйізі (Сарга sіЬігіса) . Жа-байы ешкілер жартасты биік тауларды мекендейді және олар 20-30-ы бірігіп, топтанып жайылады. Жабайы қойлардан муфлонды алуға болады. Муфлон ( Оvіs орһіоп) Оңтүстік Закавказьеде кездеседі. Соңғы жылдары олар Қырым түбегіне жерсіндірілді. Орта Азиянын, тауларында жабайы қой - архар деген ірі түрі кездеседі. Жабайы қойлардың жабайы ешкілерден бір ерекшелігі - таудың жартассыз, барынша тегіс жеріне
жайылады. Қыста бірнешеуі (100 аса) бірігіп, топтанып жүреді. Архардан үй қойларыньщ әр түрлі жаңа тұқымдары шығарылған.
Жабайы өгіздердің қазіргі түрлеріне Оңтүстік Азия мен Африкада кездесетін Азиялык, (ВиЬаІиs ЬиЪаІus) және Африкалық (В. саffег) буйволдар, Үндістанда - бантенг (ВіЬоs Ъапtеng), гаял (В. frontаlіs) және гаур (В. gаигиs) жатады. Бұлар орманды және ірі бұталы жерлерді мекендейді. Орталық Азияда өзіндік ерекшелігі бар жүндес як (қодас) (Роерһаgиs gгunпіепs), Солтүстік Америкада - бизон (Віsоп Ьіsоп), ал бізде зубр деген бір ғана түрі кездеседі. Бұларды бұрын зубрлар мекендеген Солтүстік Кавказдық ормандарында, Москваның түбінде (Серпухов ауданында) табиғат жағдайында көбейту шаралары жүргізіліп жатыр.
Ертеде Оңтүстік Россияның даласында ірі түрі - тур (Воs ргіmigепlus) тіршілік еткен. Оны XVII ғасырда құртып жіберген.
Жоғарыда көрсетілген түрлерден - бантенг, гаял, буйвол, қодас ертеден қолда өсіріліп келе жатқан жануарлар. Тур - осы замандағы көптеген мүйізді ірі қараның арғы ата-тегі болып саналады.
Жирафтар тұқымдасы (Gігаffidае) тек қана Африкаға тән жануар. Олардың алдыңғы аяғы мен мойыны өте ұзын, басында терімен қапталған қысқа мүйізі болады. Екі түрі бел-гілі. Бірінші - окапи (Оkрtа jоһпstопі) - Орталық Африканың ормандарында тіршілік етеді. Бұл аздап та болса мойыны мен аяғы қысқарақ жануар. Екінші - жираф (Sігаffа саmеlеораг(dаlіз) - Шығыс және Орталык Африканың саванналарында кездеседі. Мойны мен алдыңғы аяғы өте ұзын болады. Екеуі де ағаштардың, бұталардың жапырақтарымен, кейде шөппен қоректенеді. [1]
2. 1 Ақбөкендер туралы мәлімет
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz