Тұтыну несиесінің негізгі мақсаты - халыққа тұтыну тауарларын сатуды ынталандыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ

Қаржы менеджменті және есеп кафедрасы

Инвестицияны несиелеу және қаржыландыру пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Тұтыну несиесі және оның Қазақстанда дамуы

Орындаған:
Тайтиева Г.Ш. 43- топ
Студенті
Тексерген: Жүсіпбекова С.Ж.
экономика
магистрі

КӨКШЕТАУ 2012
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I. Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы
1.1.Тұтыну несиесі туралы түсінік және оның түрлері,
қажеттілігі ... ... ... ...5
1.2. ҚР-ның экономикасындағы тұтыну несиесін беру
мәселелері ... ... ... ..11

II. Тұтыну несиесін Казкоммерцбанк АҚ тәжірибесінде талдау
2.1. Казкомерцбанктің жалпы
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2.Казкоммерцбанк АҚ тұтыну несиесін беру тәртібі және уақытында
қайтаруды қамтамасыз ету
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

2.3. Қазақстанда жеке тұлғаларды несиелеуді жетілдіру
жолдары ... ... ... ... 32

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...42

Кіріспе

Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады.
Кредит деген сөз, қарыз, несие деген kredo- сенемін деген мағына
беретін латынша kreditum деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже
ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің
пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей
қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму
үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның даулетті топтарынан
мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу
үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.

Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалай түрде жүзеге
асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып тастайды. Ол капитал
түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға,
тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайта
түріне аусып тұрады.
Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар
бар. Біріншіден, несие келісімінің қатысушылары-несие беруші мен қарыз
алушы-экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз
мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер
болуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір
жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие келісімін
жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде несиеге өзара
қызығушылық танытулар керек. Ф.Энгельс: Әрбір қоғамның экономика мүддесі,
ең алдымен мүдде ретінде алға шығуы керек деп жазды.
Несие беруші мен қарыз алушының арасында мүдделілік бірдей болған
кезде, бір жағынан, несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан-оны
алуда несиелік қарым-қатынастар туындайды.
Осылайша, экономикалық негіз бен (капиталдың бірдей болмауы) пайда
болу талаптарының жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және
оның эволюциясын түсіндіріп береді.
Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған
қарама- қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін
қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің
жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.
Жеткіліксіз шамада несиенің объективті қажеттілігі несие қатынастарын
жүзеге асыратын капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір қалыпты
еместігімен түсіндіріледі.
Несие беруші мен қарызға алушының арсында мүдделілік бірдей болған
кезде, бір жағынан, несиеге қарым-қатынастар туындайды.
Осылайша экономикалық негіз бен пайда болу талаптарының
жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және оның эволюциясын
түсіндіріп береді.
Нарықтық экономика дамыған сайын несие түрлері де көбеюде. Соның
ішінде тұтыну несиесіне келетін болсақ,оның негізгі мақсаты-халыққа тұтыну
тауарларын сатуды ынталандыру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Тұтыну
несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: біріншіден, тауар айналымы өскен
сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген сұраныс несиеге деген
сұранысты тудырады. Екіншіден, төлем қабілеттілігі бар халықтың сұранысын
тудырады. Жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және оның
эволюциясын түсіндіріп береді
Несиенің бұл түрі қымбат және ұзақ мерзімге тұтынатын
тауарларды мысалы: автокөліктерді, жиhаздарды сатып алуға қолданылады.
Тауар бағасы жоғары болған сайын, несиенің бұл түріне де сұраныс көбейеді.
Дамыған елдерде несиенің жартысынан көбі автокөлік сатып алуға беріледі.
Қалған тауарларды тауарларды көбінесе қолма қол-ақша арқылы сатып алады.
Тұтыну несиесі тауар формасында және ақшалай берілуі мүмкін.
Соңғы кезде, Қазақстанда ақщалай берілетін тұтыну несиесі өріс алуда. Олар
көбінесе машина және ұзақ мерзімге қолданылатын тауарлар алуға, үйлер
салуға, сатып алуға және тағы басқа да мақсаттарға беріледі.
Жалпы тұтыну несиесінің көлемі халықтың тұрмыс жағдайын және
кәсіпкерлердің тауарларын өткізуге үлкен ықпал жасайды.
Дамыған елдерде тұтыну несиесі үлкен роль атқарады. Ол
тауарларға деген сұранысты, оларды өндіруді көбейтуге және сатуға
ынталандырады. Тұтыну несиесін көбінесе табысы орташа жұмысшылар
қызметкерлер пайдаланады. Жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге қолданатын
тауарларды несие арқылы сатып алған қымбатырақ болғанымен, төленетін
соманы біртіндеп өтеуге мүмкіндік алады.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі – Казкоммерцбанк АҚ-ң
жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге тұтынатын тауарларды сатып алу мақсатында
берілетін тұтыну несиесімен байланысты экономикалық несиелік қатынастарды
ұйымдастыру тәжірибесіне талдау жүргізу.
Тұтыну несиесінің экономикалық мәнін, жеке тұлғалардың тұтыну
несиелерін қандай мақсаттарға алатынын және тұтыну несиесінің берілу
тәртібімен танысу-жұмыстың мақсаты болып табылады. Осы мақсатты орындау
үшін мынандай міндеттемелер алға тартылады:
- Тұтыну несиелерінің түрлеріне зерттеулер жүргізу;
- Жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау әдістеріне сипаттама беру;
- Несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формаларын талдау.
Курстық жұмысты жазудың әдістемелік ретінде батыс елдерінің, Ресей
Федерациясының, Қазақстан Республикасының ғалымдарының ғылыми еңбектері
қарастырылды. Сонымен бірге тұтыну несиесінін пайдаланудың құқықтық
негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының заңдары мен заң
актілеріне сүйендім.

I Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы

1. Тұтыну несиесі туралы түсінік және оның түрлері, қажеттілігі

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері
сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады.
Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оны қолданылатын
түрін өзгертеді.
Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік
несиелердің берілуі, пайлдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады.
Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелеодің берілуінің басты
шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы
шеңберінде қатынасу нәтижелігі және т.б. анықталады.
Несиенің қайтарымдылығы оның экономикалық категория ретінде басқа да
тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын
ерекшелігімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да
қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Несиенің негізгі екі формасы бар: коммерциялық несие және банктік
несие. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз
объектісі, динамикасы,процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша
ажыратылады.
Коммерциялық несие - тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан
тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте
коммерциялық несие алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталистік несие
жүйесінің негізін қалады. Коммерциялық несие тауардың өндірістен тікелей
тұтынушыға түсуін қамтамасыз етеді, сөйтіп тауарлардың сатылуын және барлық
капиталдың қайталама айналысын жеделдетеді. Ол сонымен қатар кәсіпшілер мен
сатушылардың да ақша қажетін өтейді.
Дегенмен коммерциялық несиені қолдануда біраз шектеулер бар. Олар:
-бұл несиенің көлемі сатылуға тиіс тауарлар қорының көлемімен
шектеледі
-бұл несиенің көлемі ел экономикасының жағдайына байланысты яғни
дағдарыс кезінде капиталдың кері қозғалысы бұзылып коммерциялық несиенің
көлемі қысқарады;
-бұл несие тек бір бағытта қозғалыста жүреді: оны тек –өндіріс құрал
жабдықтакрын шыңаратын салалар және оларды пайдаланатын салаларңа береді,
керісінше болуы мүмкін емес. Мысалы, комбайн зауыты өз өнімін комбайындарды
несиеге алу шаруашылығына сатуына болады, ал ауылшаруашылығы комбайн
зауытына коммерциялық несие ретінде өз өнімін бере алмайды.
Қорыта айтқанда коммерциялық несиенің банктік несиеден басты ерекшелігі -
ол тауар түрінде берілетін несие.
Банктік несие – ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге
қайтарым мерзімін белгілеп,ақша түрінде берілетін несие. Коммерциялық несие
банктік несиенің бір-бірінен бір сыпыра айырмашылықтары бар.
Біріншіден, коммерциялық несие тауар түрінде берілсе, ал банктік несие
ақша түрінде беріледі. Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен сатушылар
бір біріне тауардың сатылуын қамтамасыз ету үшін береді. Банктік несие
өндірушіден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретінде беріледі.
Екіншіден, коммерциялық несие банктік несие бір-бірінен, субъектілер,
яғни келісіміне қатысушылар бойынша да ажыратылады. Коммерциялық несиеде
несие беруші ретінде де, кәсіпкер жүреді. Банктік несиеде несие беруші-
банк, қарыз алушы- кәсіпкер.
Үшіншіден, коммерциялық несиенің щектеулері банктік несие берумен
жойылады, себебі банктік несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек
тауар айналысына қызмет корсетсе, банктік несие халықтың барлық топтарының
уақытша бос ақщасын шоғырландырып ,оны капиталға айналдырады.
Төртіншіден, бұл екі несиенің динамикасы (өсуі) да біркелкі емес.
Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс тауар айналымының дамуына және
төмендеуіне байланысты өрбіп және қысқарып отырады. Өнеркәсіптің дамуы
кезінде оған ұсыныс пен сұраныс өсіп, дағдарыс кезінде төмендейді.
Банктік несиені экономиканың кез келген салалары пайдаланады:
өндірістің бір саласынан босаған ақша капиталы оның кез келген келесі
саласына берілуі мүмкін.
Несиенің негізгі екі формасының- коммерциялық және банктік несиелер-
әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық, ипотекалық, мемлекеттік, халықаралық және
т.б.
Тұтыну несиесі- бұл, жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу,
тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына және қамтамасыз етілу,
мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық талаптарына сәйкес берілетін
коммерциялық немесе банктік формадағы несиелер. Несие алушы-халық, ал несие
беруші-әртүрлі өндіріс орындары, фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін.
Тұтыну несиесі коммерциялық несие формасында (яғни бөлшек сауда орындары
арқылы төлемін кейінге қалдырып тауар сату) және банктік несие формасында
(яғни тұтыну тауарларын сатып алуға ақша беру- ұзақ қолданылатын тауарлар-
жиhаз,жеңіл машиналар,тоңазытқыштар, теледидарлар және т.б.) беріледі.
Несиенің бұл түрінде банк пен халық арасында делдал да болуы мүмкін.
Коммерциялық банктер төмендегідей қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсаттарына тұтыну несиесін береді:
- Ұзақ мерзім қолданатын тауарларды сатып алу мақсатына. Мысалы: пәтер,
автомобиль,жиhаз, телевизор, тоңазытқыш, және басқа да техникалар
сатып алу үшін берілетін тұтыну несиелері. Несиелеу процесінде банктер
тауарларды сатушыларға тауардың құнының 70-75%-ын төлейді. Ал несиеге
берілген тауар кепіл ролін атқарады. Берілген несие сомасы қарыз
алушымен несие келісім шартында көрсетілген график бойынша өтелуі
тиіс;
- Кейін сатылатын немесе лизингке берілетін құралдарды,тауарларды жалға
алу мақсаттарына берілетін тұтыну несиесі;
- Тұрғын үйлерді салуға және сатып алуға берілетін несиелер;
- Несиелік карточка бойынша сатып алынған тауарлардың төлем мерзімін
ұзартуға берілген несиелер,егер бұл жағдай несиелік карточканы
пайдалану келісім шартында қарастырылса;
- Қозғалмайтын мүлік, автокөлік және ұзақ мерзім қолданылатын тауарларды
сатып алу және кәсіпкерлік қызметке байланыссыз және оқу үшін,
емделгелі үшін төлем жүргізу мақсатына берілген несиелер.
Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиесінің бір
түрі, оның объектілері жеке тұлғалардың тұтыну талғамымен тікелей
байланысты, яғни халықтың тұрмыс жағдайының деңгейімен анықталады.
Тұтыну несиесінің негізгі мақсаты- халыққа тұтыну тауарларын сатуды
ынталандыру. Бұл несие түрі бөлшек саудамен тығыз байланысты: біріншіден,
тауар айналымы өскен сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген
несиеге деген сұранысты тудырады. Бұл тәуелділік әсіресе қазір айқын
көрінеді.
Несиенің бұл түрі қымбат және ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауар
өнімдерін сатып алу мақсатында беріледі. Тұтыну тауары қымбаттырақ болған
сайын, несиенің бұл түрі жиірек қолданылады. Дегенмен несиенің мұндай
түріне сұраныс ең алдымен номиналдық жалақының деңгейімен анықталары
сөзсіз. Дамыған елдердегі несиенің жартысынан көбі автакөлік сатып алу
мақсатына беріледі, қалған тауарларды көбінесе қолма- қол ақша арқылы сатып
алынады.
Тұтыну несиесі көптеген елдер экономикасында үлкен роль
атқаратындықтан, мемлекеттік органдар тарапынан реттеліп отырады
Дамыған елдерде тұтыну несиесі үлкен роль атқарады,тауарларға деген
сұранысты,олардың өндірісін көбейтуді және сатуды ынталандырады. Тұтыну
несиесін көбінесе табысы орташа жұмысшылар мен қызметкерлер алды. Жеке
тұлғаларға ұзақ мерзімге қолданатын тауарларды несие арқылы сатып алған
қымбатырақ болғанымен, төленетін соманы біртіндеп өтеуге мүмкіндік алады.
Әр елдегі тұтыну несиесінің даму дәрежесін салыстыратын болсақ, оның даму
деңгейі әр елде әр түрлі сатыда екенін көре аламыз. Соңғы зерттеулерге
сәйкес,көбінесе тұтыну несиесі банктермен берілетін несиелердің ішінде ең
табысты түрі болып табылады,мысалы,әлемдегі ең пір танымал – Ситикорп оф
Нью-Йорк өзінің мыңдаған бөлімшелері бойынша,үнемі өсіп отырған
ресурстарын тұтынушыларға қызмет етуге (әсіресе,несие карточкаларының
маркетингісіне, тұрғын үйлерді кепілге ала отырып берілетін несиелерге,
тұтынушыларға электрондық қызмет көрсетулерге) бағыттап отырады,бірақ,
тұтынушыларға бағытталған банктік қызметтер қымбат және тәуекелі
жоғары болады, себебі жеке тұлғалар мен жанұялардың қаржылық жағдайы
әртүрлі мүмкін болатын ауруларға, жұмыс орындарын жоғалтуға байланысты күрт
өзгеруі ықтимал. Сондықтан, тұтыну несиесін басқаруды жүзеге асыру мүмкін
жағдайларды есепке ала отарап жүргізілуі тиіс.
Тұтыну несиесінің негізгі ерекшеліктеріне келетін болсақ, мүлік
құнының 70-75% мөлшерінде беріледі; алынған несие белгілі бір уақыт
өткеннен кейін және бірдей бөліктермен өтеледі; ал егер несие уақытында
өтелмесе банк өз талабын несиеге алынған мүлік арқылы қанағаттандыруға құқы
бар.
Тұтыну несиелерінің бірнеше түрлері бар. Тұтыну несиесінің
жіктелуінің мынандай нышандары бар: қарыз алушының типі, өтеу мерзімі, өтеу
әдісі, несиені пайдаланудың мақсатты пайдалануы, несиелеу объектілері,
көлеміне байланысты және т.б.
Тұтыну несиелерінің төмендегідей түрлері бар:
Несиелік мәміленің субъектілеріне байланысты (кредитор мен қарыз
алушы сипаты бойынша ):
• Банктік тұтыну несилері;
• Сауда ұйымдары мен халыққа берілетін несиелер;
• Банктік емес типтегі несие мекемелерімен берілетін тұтыну
несиелері (ломбардтар, жалға беру пунктері, несиелік
кооперативтер, құрылыс қоғамдары, зейнетақы қорлары және т.б.);
• Жеке тұлғалармен берілетін, жеке тұтыну несиелері;
• Қарыз алушы жұмыс істейтін кәсіпорындардан, ұйымдардан тікелей
алынған тұтыну несиелері;
Отандық банктер тәжірбиесінде банктік несиелердің пайдалану мерзіміне
қарай бөлінуі:
• Қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін )
• Орта мерзімді ( 1 жылдан 3 жылға дейін )
• Ұзақ мерзімді ( 3 жылдан жоғары )
Қарыздардың қамтамасыз етілуіне байланысты қамтамасыз етілген
(сақтандырылған немесе кепілмен қамтамасыз етілген ) және қамтамасыз
етілмеген болып бөлінеді. Банк берген несиенің қамтамасыз етілуін талап
етеді, соның негізгі себебі, егер несие алушы несиені уақытылы, толығымен
қайтармаған, қайтара алмаған жағдайдағы шығындалу тәуекелімен байланысты.
16,146-150 бб
Несиелік тәуекел- қарызгердің неасиелік келісімдегі мерзім мен
жағдайларға сәйкес кредиторға өз міндеттемелерін орындамаудың ықтималдығы,
яғни қарыз алушының бьанктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған
есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің
зиян шегуіе сипаттайды.
Несиелік тәуекелді басқару-оны минимизациялау процесі болғандықтан осы
процестің міндеттері:
1. Несиелік тәуекелді бағалау және талдау. Тәуекелді талдау ақпаратының
бірі сәйкестендіру. Банк әр түрлі ақпараттар алуға қажетті шығындарға
да көңіл бөле отырып, өзінің барып отырған тәуекелін анықтауы тиіс.
2. Тәуекел мөлшерін анықтау. Тәуекелді сәйкестендіру мен тәуекел көлемін
өлшеу әдісі тығыз байланысты. Тәуекел көлемін сандық сипатта анықтау
нақт тәуекел мөлшерін қалыптастыруға және потенциялды шығындар көлемін
бағалауға көмектеседі.
3. Несиелік тәуекелді басқару. Тәуекел мөлшерін және түрін анықтағаннан
кейін оны басқару стратегиясы мен әдістемесін дайындау керек. Бұл
процесс несиелік тәуекелдің пайда болуын ескертуге және банктің
өтімділігі мен табыстылығына әсер ететін несиелік тәуекел салдарының
алдын алуға бағытталуы тиіс. Бақылау болжамданған көрсеткіштерден
тәуекелдің ауытқу себебін табуға және талдауға көмектеседі. Тәуекел
мөлшері және көлемі уақыт сайын өзгеріп отыратындықтан бақылау
несиелік қатынас кезеңіндегі клиенттің несиелік қабілетінің нашарлауын
және бағасын, кепілін анықтауға көмектеседі.
Несиелік тәуекелді басқару екі бағытта жүргізіледі:
1. несиелік операция технологиясын басқару;
2. несиелік тәуекелді басқару.
Несиелік операциялар технологиясын басқару несиелік саясатты ендіру
негізінде ұсыныстарды дайындау бойынша ұйымдық процесс, яғни банктің берген
әр несиесіне кезеңмен дайындалған басқару саясаты жүргізілуі тиіс.
Несиелік тәуекелді басқару да нақты несиемен байланысты: несиелік
қабілетті талдау, мүмкін шығындарға резерв құру, несиелік портфельді
диверсификациялау,т.б.
Несиелік тәуекелді басқару мына көрсеткіштерді басқаруға негізделеді:
- ссудалық портфель сапасы;
- несиелік тәуекелді төмендету;
- тәуекелді алдын ала байқау,мөлшері мен салдарын анықтау;
- тәуекелмен байланысты шығындар мөлшерін минимизациялау бойынша
шараларды дайындау және өткізу.
Несиелік тәуекелді кезең бойынша басқару жүйесі:
- тәуекел мазмұнын және оның пайда болуын анықтау;
- тәуекел деңгейін бағалауға қажетті ақпараттар көлемін және көзін
анықтау;
- тәуекелді өткізу ықтималдығын бағалау әдісін таңдау;
- тәуекелді сақтандыру әдісін дайандау және таңдау;
- тәуекелді басқару нәтижесін талдау.
Әр жүйе белгілі бір элементтер жиынтығынан тұратындықтан несиелік
тәуекелді басқару жүйесі де белгілі бір элементтен тұрады.
Тәуекелді басқару кезінде әрбір несиелік бөлім мына шараларды жүргізуі
тиіс:
1. тәуекелді мөлшерлеу;
2. тәуекел мөлшерін анықтау;
3. тәуекелді бақылау;
4. мониторинг.
Тәуекелді мөлшерлеу-лимиттер белгілеу, яғни банк жетекшілігінің өз
стратегиясына сәйкес қабылдайтын тәуекелдің шекті деңгейін анықтау. Бұл
лимиттер көбіне банктің несиелік саясатында көрсетіледі. Сондықтан несиелік
саясатта несиелік портфель несиелік несиелік саралаудан, несиеге баға
белгілеуден тәуекелді ескере отырып проценттік ставкалардан қалыптасады.
Тәуекел мөлшерін анықтау-нақты операцияның тәуекел мөлшерін есептеуге
негізделеді (бір қарыз алушының несиелік қабілеті).
Тәуекелді бақылау менеджерлер мен акционерлердің дще міндеті болып
табылады, яғни олар оперативті басқаруды жүзеге асырады. Жалпы бақылаудың
міндеті жоғары дәрежелі мамандардың болуы, кадрлардың біліктілігі, осы
мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді жұмыс уақытын белгілеу.

Сурет 1- Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің элементтері
❖ Дерек көзі : ҚазҰУ Хабаршысы №3 (49) 2011

Пайыздарды төлеу әдістеріне байланысты несиелер:
1. Несиені беру уақытында берілетін пайыздық несиелер;
2. Несиені өтеу уақытында берілетін пайыздық несиелер;
3. Несиені пайдалану мерзімі бойынща пайыздары бірдей бөліктер арқылы
(әр тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе арнайы келісілген
гоафик бойынша) төленетін несиелер;
Проблемалық несие дегеніміз - несие келісім - шартында көрсетілген
уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген қосымша келісім берілген
несиелер, сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген
несиелер бойынша сақтандыру компонияларының, кепілхаты және кепілдеме
берушінің банк алдындағы міндеттемелері орындалмаған және несиелерге
есептелетін пайыздық несиелік келісім – шартта көрсетілген күннен 30 күн
өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады.
Проблемалық несиелерге мыналар жатады:
• Несиелік келісім шартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты
кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;
• Сақтандыру, кепіл- хат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген
несиелер бойынша сақтандыру компонияларының, кепіл хатты және
кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері
орындалмағандар;
• Несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісім-шартта көрсетілген
күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер.
Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады:
• Қарыз алушының қызметін қайта құру;
• Несиені қайтару кестесін өзгерту;
• Пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін төзгерту.
Несиені қайтармаудың макроэкономикалық себептеріне:
- Инфляцияның деңгейінің секірмелі өзгергіштігі;
- Валюта бағамдарының өзгерісі;
- Нақты қызмет етуші заңнаманың болмауы және тағы басқа
факторлар;
Микроэкономикалық деңгейдегі қарыздардың пайда болу себептері:
- Кәсіпорындармен өз құрал – жабдықтарын тиімді пайдаланбауы;
- Құрал – жабдықтарының моральды және физикалық жағынан қатты
тозуы;
- Басқарушы персоналды төмен білім деңгейі;
- Мамандардың жүйелі түрде жалақысы төленбеуінен жоғалтуыжәне
т.б.

1.2 Қазақстан Республикасының экономикасындағы тұтыну несиесін беру
мәселелері

Төлемді кешіктіріп беретін несиелер тікелей немесе жанама банкілік
несие нысанын қабылдауы мүмкін. Тікелей банктік несие берілгенде банк пен
несие алушы арасында несие келісімі жасалады. Жанама банкілік несие
берілгенде банк пен несие алушы арасында несиелік қатынастарды делдал
болуын айтады. Мұндай делдал болып көбіне бөлшек сауда кәсіпорындары
болады. Осы жағдайда несиелік келісім дүкен мен клиент арасында жасалып,
ары қарай келісілген тәртіпте банктен ссуда алады. Мұның көп таралғандыған,
мысал келтірсек, қазіргі қазіргі уақытта американдықтарға автомобиль сатып
алуға берілетін 60% - дан астам ссуда жанама несие түрінде беріледі.
Тікелей және жанама тұтыну несиесі өзінің кемшіліктері мен
артықшылықтарына ие. Біріншісі, ол банктік несиені жанамадан
ерекшелейтін–бұл несиелендіру объектісін дәл бағалауға мүмкіндік беретін
несиелендіру процессін ұйымдастырудың қарапайымдылығы. Мұның бәрі, әрине
банк пен қарыз алушының арасында несие қатынастарының ұйымдастырылуында
жақын орын алады. Екінші жағынан, келесі банктік несиелендіруге байланысты
банк көзқарасы бойынша жағымсыз факторларға жанама банктік несиелендіруге
қарағанда тәуекел деңгейінің жоғарылығы.
Біздің елімізде тұтыну несиесінің кең таралуына негізгі кедергі–бұл,
не кепілдің болмауы, не клиенттің төлеу мүмкіндігінің төмендігі. Көбіне
клиент өзінің жалақысы есебінен несиені өтей алатынын дәлелдей алмауы. Банк
кепілді алатынын біле тұра несиені бере алмайды.
Несиені алу кезінде негізгі мәселе - банкке кепіл. Айтарлықтай ірі
несиені алуға құжат дайындауда, несие алушы кепіл мәселесімен сөзсіз
кездеседі. Кепіл болып үй, автомобиль, асыл бұйымдар, қымбат тұрмыс
техникасы болуы керек. Мұнда мәселе алынатын соммаға эквивалентті
құныдылықта емес, оның соманың бір бөлігін қайтара алмай қалатын болса, ол
барлығын жоғалтады. Егер ол сауда фирмасымен несие құжаттаса ол жалпы
сомманың 15 - 20% -н мерзіміне сай төлей алмай, кепілге алған құндылығын
жоғалтуға тәуекел етеді.Сондықтан, банктердің тәуекелі несиені қайтармау,
несие көлеміне кепіл мүлкі құнының сай келмеуі, республика тұрғындарының
төмен болуы.
Сонымен қатар, несиелік тәуекелді реттеудегі мемлекеттің де ролі
маңызды болып табылады. Мұнда мемлекет өз қызметінің ҚР Ұлттық Банкі және
ҚР Қаржы нарығы мен Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі арқылы
жүзеге асырырады. Ескере кететін жағдай, 2003 жылғы 31 желтоқсандағы ҚР–сы
Президентінің №1720 ҚР-ң мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру
туралы жарлығына сәйкес бірқатар өзгерістер болды. Атап айтқанда ҚР Ұлттық
Банкінің реттеу және қадағалау қызметтері жаңа құрылған Агентікке
жүктелінген болатын.3,67-70 бб
ҚР Ұлттық Банк мен Қаржы нарығы мен қаржы ұймдарын реттеу және
қадағалау Агенттігі Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі
тәуекелді азайту арқылы салымшылардың мүдделерін қорғау мақсатында реттеу
және қадағалауды жүзеге асырады. Соның ішінде банктердің несиелік
операцияларын реттеу мен қадағалаудың бірнеше себебі бар.
• Банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
• Банктер қызметінің сенімділігін қамтамасыз ету. Мысалы, бір қарыз
алушыға берілетін несие сомасын шектеу. Мұндай шектеудің басты
мақсаты–несиенің бір қарыз алушының қолында шоғырланбауын
қамтамасыз ету және несиелік тәуекелді төмендету болып табылады;
• Жалпы экономикаға әсер етуіне байланыста несиенің кейбір түрлерін
шектеу немесе қолдау көрсету.
Тағы бір мәселе декларацияланбайтын ақша айналымының болуымен
байланыстылығы және олардың кейбір компониялардың қызметкерлеріне қара
нақты ақшаның төленуі. Мәселе көбіне несиені беру туралы шешім үшін
банкке клиенттің табыс туралы ресми құжат керек. Әрине, оның айтуынша айына
мың не екі мың доллар алам дегенмен банк онымен жұмыс істемейді. Шынында
Қазақстанда декларацияланбайтын табыс арқылы несие алуға болатын – төте
жолдар бар. Бірақ бұл жолдар криминалды жаққа тартып сұр, схемаларға
негізделген. Бұл не банк пен клиент арасында ішінара құрылымдардың
делдалдығы, не банкілік саладан тыс жеке құрылымдардың несиелік ұсыныстары
болады. Мұндай несие келісімдеріне беру өте қауіпті, өйткені олар
заңдылықтың арнасынан шығып, ешқандай кепілдендірілмейді.
Экономикасы дамыған елдерде ІЖӨ-мен салыстырғанда тұтынушылық
несиелендіру көлемі мен тұтыну қаншалықты маңызды екенін атап өту қажет.
Мысалы Нидерландыда бұл көлем ІЖӨ-нің өзінен де жоғары. Италия сияқты бұдан
да консервативті елдер де бар, әрі онда тұтынушылық несиелендіру көлемі ІЖӨ-
нің 40% - ын құрайды және бұл тұтынушылық несиелендіру нарығында ІЖӨ - ге
қомақты пайыз.
Ресейде тұтыну несиесінің тәжірбиесі демократияланған. Мысалы халық
тұтыну тауарларын дүкендермен банкілер келісімі арқылы, олардың клиенттерін
төмендегідей несиелейді. Көлемі 30 мың рубльге дейінгі ( 1000$) алғашқы
төлем–тауар құнынан 20% , сыйақы-10%, мерзімі жарты жыл. Қазақстан
банкілерінен ең принципалды ерекшелігі–сатып алушы несие алу үшін тек
анкетаны толтырады. Ешқандай басқа құжаттар (табыс туралы анықтама немесе
еңбек кітапшасының көшірмесі) керек емес.
Қазақстан тұтыну несиесінің қатаң жағдайларының болуы бізде несиені
қайтару мерзімі шектеулі, кепіл шарттарының қатаңдығы, Ресейдегіге
қарағанда пайыздық ставкалардың жоғарылығы, клиент табыстарының бәрінде
банктердің өз ақшаларын қайтаруға максималды қауіпсіздендірілуі. Өз
кезегінде бұл клиенттер үшін заң қақпандарымен айналады. Сондықтан жағдайды
заңды деңгейде өзгерту қажет.
Тұрғындардың қажеттіліктеріне банкілік несиелендіру банкке тәуекелді
қысқартуға мүмкіндік береді.(несиелік, пайыздық, валюталық, рыноктық және
басқармалар), мысалы заңды тұлғаларға берілетін ссудалар (сауда ұйымдарына,
кәсіпорындарға, фирмаларға т.б) несие алушының несие төлеу мүмкіндігін
жоғары деңгейімен анықтауға мүмкіндік береді және ссуданы мерзімінде және
толық қайтарып алуға бақылау орната алады. Клиент тұрғысынан маңыздысы ол
ссуданы керек еткен жағдайда (сауда ұйымында, ұзақ уақыт пайдаланатын тауар
сатып алғанда, несие карточкасы бойынша) ала алады. Клиент үшін банкке
ссуданы беру туралы өтініш беруін керек етпейді.
Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында үлкен роль
атқарады,сондықтан ол мемлекеттік органдардың тарапынан қатаң реттеуге
ұшырауда. Біздің елімізде ол Ұлттық Банктің жұмысы. Шет елдің мемлекеттік
реттеуін екі түрге бөліп қарауға болады: беру және пайдалану деңгейінде.
Беру деңгейінде мемлекет не тұтынушыларды несиелеуді қолдайды, не тежейді.
Банктердің және қаржы компаниялардың бұл жұмысына несиелік шектеулердің
ережесі қолданылады.
Банктің рейтингісі, профилі, жарғылық капиталы және жинақ шоттары,
ақпараттық технологияларға инвестициялар тұтынушылық несиелендіруге қомақты
әсер етеді.
Тәуекелдерді басқару бизнес пен банк үшін ең басты мәселе, оған
олардың оған өмір сүруі тәуелді болады. Тұтыну үшін ең басты мәселе ол
тұтынушылық несиелендіру саласында жақсы шарттар мен өнімдерді алу.
Тәуекелді бақылау өте маңызды сәт, өйткені ол тұтынушылар үшін тартымды
тарифтік жағдайларды жасайды, сондай – ақ банк қызметін келешекте жаңа
тартымды қызметтерді ұсынк арқылы кеңейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді. Тұтынушылық несиелендіру жайлы сөз қозғасақ, оның басты идеясы
тұтынушылық несиелендіру елдегі және ғаламдық көлемдегі экономикалық
дамытуды ынталандырудың негізгі факторлардың бірі болып табылуында. Тек
қана осы бизнес абсолютті бақылауға алынбауы тиіс, біз оны жауапкершілікпен
жүзеге асыруымыз тиіс, нақты заңнамалық базаны енгізуіміз тиіс, сондай – ақ
кәсіби түрде мониторингіні жүргізу үшін жаңа технологиялық құралдарды іске
асыруымыз тиіс.
Тұрмыстық несиенің дамуы ипотекалық несиемен байланыстырылады. Тиімді
жоба болып акционерлері Schwabisch bank және Reiffeisen bank болатын
қазақстандқ тұрғын үй құрылыс жинақ банкін құру болып табылады. Бірінші
банк – Германиянікі, екіншісі – Австриялық [30]
Несиелеу кезінде барлық конфликттік жағдайлар сот арқылы шешіледі,
оған несие алушы да, несиелендіруші де жүгіне алады. Саңғылардың санатына
банк үшін әр түрлі себептермен клиент қарыздарын жабу үшін ссуда бойынша
кепілді өткізуінің мүмкін еместігі.
Сондықтан, қазіргі Қазақстандық банкілермен несиелендіру тәжірбиесі
өзінің несиелендіру объектілерін кеңейту, ссудаларды беру шарттарын
жеңілдету, сонымен қатар осының барлығын іс жүзінде асыру керектігі
байқалады. Макроэкономикалық тұрақтылық, жалпы алғанда инфляцияның алдын
алу тұрғындарға банк ссудаларын кең қолдануға мүмкіндік береді.
Зерттеу көрсеткендей, барлық әлем елдерінде тұтыну несиесі–бұл тұрмыс
тауарларын сатып алуға тұрғындарға берілетін және коммерциялық несие
формасында тұтыну қызметтерін және банкілік ссудалар. Тұтыну несиесінің
негізгі мақсаты – тұрғындарға тауар сатуды қолдау. Бұл несие бөлшек
саудамен тығыз байланыста: бір жағынан тауар айналымы өскен сайын несие
көлемі өседі, өйткені тауарға сұраныс несиеге сұранысты туғызады, екінші
жағынан–тұрғындарды несиелендірудің өсуі төлем мүмкіндігі сұранысы. Бұл
тәуелділік, әсіресе қазіргі уақытта тауарлар нарығының толықтығы жағдайында
байқалады.
Бұл несие түрін әлтүрлі елдерде салыстыру оның даму деңгейінің
әртүрлілігін көрсетеді. Италияда және Жапонияда тұрғындардың жалпы
қарыздарының сомасы осы елдердегі жалпы ішкі өнімге шаққанда 10%
деңгейінде, ФРГ және Францияда-30%, ал Ұлыбритания мен АҚШ та 60%- дан
астам. Тұтыну несиесі ең алдымен қымбат тауарларды сатып алғанда
пайдаланылады: автомобильдер, электротұрмыстық тауарлар, жиһаз т.б. тауар
қымбат болған сайын, несие жиі қолданылады. Капиталистік елдерде несиенің
жартыдан астам көлемі автомобиль сату үлесіне тиеді. Қалған тауарлар көбіне
нақты ақшаға сатылады.
Тағы айта кететін жағдай бұл несиелік мониторинг. Яғни несиелік
мониторинг дегеніміз несиені берген күннен бастап, оны толық қайтарғанға
дейін қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін үнемі талдап отыруды,
несие сапасының төмендеуі немесе несиелік келісім шарттың бұзылуы
анықталған жағдайларда тиісті шаралар қолданылуды қамтитын банктің
күнделікті жұмысы.
Несиелік мониторингті жүргізуге арналған ақпарат көзіне мыналар
жатады:
• Банкте жинақталған қарыз алушы туралы ақпарат;
• Қарыз алушыдан алатын ақпараттар;
• Өзге көздерден алынатын ақпараттар (жабдықтаушылардан, сатып
алушылардан, өзге банктерден, қаржы ұйымдарын, үшінші тұлғалардан
және тағы басқа).
Ақпараттың толығына қарай несиелік мониторинг ағымдық және
тереңдетілген болып бөлінеді.
Ағымдық мониторинг – ай сайын ағымдық мониторинг есебі түрінде
рәсімделетін, несиені қайтару кестесінің орындалысы шегінде барлық несиелер
бойынша жоспарлы түрде қарыз алушының шаруашылық және қаржылық жағдайы
туралы жалпы ақпараттарды алу негізінде жүргізілетін тексеру. Ағымдық
несиелік мониторинг әр сайын несие толық қайтарылғанға дейін жасалады.
Ағымдық несиелік мониторингтің мақсаты – банктің барлық берген несиелер
бойынша төлемсіздіктің алдын алу. Мониторинг жүргізуде несиені қайтару
кестесі пайдаланылады және оның көшірмесі шот менеджеріне беріледі.
Тереңдетілген мониторинг–ай сайын тереңдетілген мониторинг есебі түрінде
рәсімделетін, несиені қайтару кестесінің орындалысының бұзылуына қарай,
жоспардан тыс немесе (кенеттен) немесе қандай да бір алаңдатарлық
белгілердіңтуындауына байланысты қарыз алушының шаруашылық және қаржылық
жағдайы туралы барынша толық ақпаратарды алу мақсатында жүргізілетін
тексеру.Тереңдетілген мониторингтің ұзақтылығы мыналарға тәуелді:
• Қарыз алушының несиелік рейтингіне;
• Қарыз алушының саласының жағдайына.
Несиелік рейтинг – несиені қайтару ықтималдығы, міндеттемені
орындау тұрғысынан қарыз алушының несиені өтеу қабілеттілігін бағалауды
білдіреді. Мұндай рейтингті әдетте банктер немесе мамандандырылған
консалтинг агенттіктері анықтайды.
Несиелік мониторинг келесі бір түріне несиелік ресурстардың
мақсатты пайдалануын тексеру жатады. Несиелік ресурсты бергеннен кейін
несие менеджері міндетті түрде жобаның іске асырылатын жеріне барып қарыз
алушының несиелік ресурсты көздеген мақсатқа пайдалану барысына тексеру
жасайды.
Қарыз алушының несиелік ресурстарды көздеген мақсатқа
пайдаланбағаны анықталған жағдайда несие менеджері қарыз алушының
міндеттемені орындамағаны туралы хабарлама даярлап және оны заң қызметкері
тексеріп куәландырады. Сөйтіп ол мәселені несиелік комитеттің алдына
қарауына қояды. Несиелік комитет ондай несиелер бойынша қарызы туралы нақты
шешім қабылдайды.

II. Тұтыну несиесін Казкоммерцбанк АҚ тәжірибесінде
талдау

2.1. Казкомерцбанктің жалпы тарихы

1990 жылы құрылған Қазкоммерцбанк АҚ, қазіргі уақытта активі, несие
қоржыны, таза кірісі және жалпы депозиттері бойынша ірі жекеменшік қаржы
институты болып табылады.
2007 жылдың 31 желтоқсанындағы қаржылық есеп-қисаптың халықаралық
стандарттары бойынша есептелген банк активтері 2,997 триллион теңгені (24,9
млрд. $) құрады. Ал осы көлемнің 79%-ы, яғни 2,366 трлн. теңге  (19,7
млрд.$) клиенттердің қарызына тиесілі.
2007 жылы банк басты компаниялардың акционерлеріне тиесілі  55,963
млрд. теңге мөлшерінде таза кіріс алды. 2007 жылдың 31 желтоқсанындағы
жағдай бойынша капиталдың жеткілікті болуын қамтамасыз ету мақсатында
банктің жеке капиталы 415,3 млрд. теңгені құрады, ал оның рентабельді
коэффициенті 19,5% құрады. 
Қаражатты тартудың негізгі көзі – банк депозиттері болып табылады,
олар қордың жалпы көлемінің үштен бір бөлігін құрайды. 2007 жылдың ішінде
клиент депозиттері 30,1% өсіп, 895,1 млрд. теңгені құрады. Осылай
Қазкоммерцбанк тартылған депозиттердің көлемі бойынша Қазақстандағы №1
банк, оған нарықтың 20% астамы тиесілі.   
2008 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Банк бас офистен басқа,
Қазақстандағы 25 әмбебап филиалға және 165 операциялық бөлімшеге иелік
етеді. Сондай-ақ, Банктің Қырғызстанда (Қазкоммерцбанк Қырғызстан ЖАҚ),
Ресейде ( Москоммерцбанк КБ) және Тәжікстанда (Қазкоммерцбанк Тәжікстан
ЖАҚ) еншілес банктері бар.
Қазкоммерцбанк ең ірі үш халықаралық төлем жүйесінің - VISA және
MasterCard (CirrusMaestro) және American Express - дебеттік және несиелік
карталарын шығаратын Қазақстандағы жалғыз банк. 2008 жылдың 1 маусымындағы
жағдай бойынша банктің айналыста 966 мың картасы бар. Сондай-ақ Банк
American Express карталарын тарату жөніндегі уәкілетті агент болып
табылады. 2001 жылы қазақстандық банктердің ішінде Қазкоммерцбанк бірінші
болып магниттік лента мен чип құрамдастырылған смарт-карталар, ал 2005 жылы
тағы да бірініші болып GoCard несиелік бонус картасын шығарды.
Сонымен қатар банктің банкоматтар желісі бар. 2008 ж. 1 маусымдағы
жағдай бойынша банкоматтар саны 871 құраса, оның ішінде ақшаны қабылдау
функциясы бар (кэшин) банкоматтар саны – 160. Сондай-ақ банктің
процессингтік орталығы 250 интернет-дүңгіршекке және сауда орындарында
орналасқан 7522 POS-терминалға қызмет көрсетті.   
Қазкоммерцбанк қашықтықтан қызмет көрсету бойынша Қазақстандағы
жетекші банк. 2008 ж. шілденің басында жеке тұлғаларға арналған
Homebank.kz қаржы порталында тіркелген клиенттер саны 150 000-нан асты,
олардың ішінде Қазкоммерцбанк клиенттері, сондай-ақ Қазинвестбанк АҚ,
Ситибанк Қазақстан АҚ және Ресейдің Жинақ банкі АҚ төлем карта иелері
бар. Ал заңды тұлғаларға арналған Onlinebank.kz порталдың және Банк-
Клиент жүйесінің тұтынушылары 11 000 астам компанияны құрайды.     
Банктік қызметтен басқа Банк өзге де қаржылық қызметтер ұсынады.
Қазақстанның құнды қағаздар мен валюта нарығының негізгі ойыншысы бола
отырып, ол компанияларға валюталық-конверсиялау операцияларын, ақша
нарығындағы операцияларды (құнды қағаздар операцияларын қосқанда),
компанияларға ақша ресурстарын басқару жөніндегі қызметін ұсынады. Банктің
бас лицензиясына сәйкес, Банктің бағалы металдармен (алтын және күмісті
қосқанда) мәміле жасауға (сату, сатып алу және сақтау) құқы бар. 2001
жылдан Банк өзінің корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне ақша
қаражаты мен активтерді басқаратын сенімгерлік қызметтерін ұсынады.
  Банк стратегиясы - көшбасындағы банк пен қаржы қызметтерінің
провайдері позициясын сақтап қалу, өсім мен операциялық тиімділік арқылы
пайданы ұлғайту.
1994 жылдан бері Банк ҚРҰБ мен ҚР Қаржы Министрлігімен, сонымен
қатар ЕБРР, Халықаралық жаңғыру және даму банкі, Ислам Даму Банкі,
Kreditanstalt Wiederaufbau және Азия Даму Банкі сияқты халықаралық қаржы
институттары дайындаған және демеушілік ететін бірқатар арнайы
бағдарламаларға қатысты.
1996 жылы Банк өзінің негізгі мақсатына – банктік қызметтің
халықаралық стандарттарға сай болуына қол жеткізуде үлкен қадам жасады.
Казкоммерцбанк Deloitte & Touche фирмасынан толық халықаралық аудиторлық
тұжырымдама алған бірінші Қазақсандық банк болды. Тағыбір маңызды оқиға –
Thomson BankWatch – BREE рейтинг агенттігінен халықаралық рейтингінің
берілуі. Казкоммерцбанк халықаралық кредиттік рейтинг алған Орта Азия
республикаларындағы бірінші банк және аз ғана ТМД банктерінің біреуі болып
табылады.
1997 сәуірде Казкоммерцбанк ЕБРР қаржыландыратын және сол кезеңде
ССҒ Франция банктерінің ең динамикалық банктерінің бірінің қолдауымен
жеделдетілген институтционалдық дамуды көздеген твининг бағдарламасын
жүзеге асыра бастаған бірінші банк болды. Банк үшін және бүкіл қазақстандық
банк секторы үшін маңызды жетістік - 1997 ж. Осы сәтке дейін қарызгер
ретінде тек ҚР Үкіметін ғана мойындаған, Неміс мемлекеттік Hermes
Экспорттық Сақтандыру компониясының қарызгер ретінде бекітуі болды. Банк
1997 жылы өзінің бірінші синдикатталған несиесін тартты, содан бері Банк
тұтастай 14 халықаралық синдикатталған несие ала және төлей отырып,
Синдикатталған несиелер нарығында белсенді болып келеді.
1998 жылдың мамыр айында Банк үшін жылдық еурооблигациялар шығару
арқылы 100 млн. АҚШ долларын тартты. Бұл шығарылым қазақстандық
корпоративті эмитент еурооблигацияның бірінші шығарылымы болды. Кейінгі
жылдары Банк барлығы 1,5 млрд. АҚШ долларына артық сомағ ішкі және
халықаралық еурооблигациялар шығарды.
1997-2004 жылдар аралығында Казкоммерцбанкте қатарынан
Euromoney, Global Finance және The Banker сияқты әлемнің
жетекшілік қаржылық басылымдары Қазақстандағы үздік банк атағын берді.
2001 жылы Банк елімізде бірінші болып тікелей DEG халықаралық
қаржы институтынан жеті жылға ұзақ мерзімді (үкімет кепілдігінсіз) несие
алды.
2002 жылы Казкоммерцбанк Кыргызавтобанкінің 74% акциясын алды,
мұнан кейін ол Казкаммерцбанк Қырғызстан деп атауын өзгертті. Сондай-ақ
Казкоммерцбанк Мәскеудегі Аймақ аралық кәсіпкерлікті дамыту банкімен, оны
одан әрі иелену мақсатымен, стратегиялық ынтымақтастық туралы Келісімге қол
қойды.
2003 жылы ЕБРР Банкпен акционерлік капиталға қатысу жөнінде Келісімге
қол қойды және одан әрі Банк шығарған 15% жай акцияны сатып алады.
Банктің негізгі қызметі дәстүрлі депозиттер қабылдау, теңге мен шетел
валютасында қарыз бен несие болып табылады. Банк сонымен қатар клиенттердің
дебеттік және кредиттік карточка, инкассация сияқты төлемдерін,сондай-ақ
бөлшек сауда банкингі сияқты ағымдағы шотарына қызмет көрсету бойынша, Банк
бас офистен басқа,Қазақстандағы 22 әмбебап филиалға және 69 операциялық
бөлімшеге иелік етеді.
Сондай-ақ, Банктің Қырғызстанда (Казкоммерцбанк Қырғызстан)
және Ресейде (Москоммерцбанк) еншілес банктері бар.
Банктік депозиттер қаражат тартудың елеулі көзі болып қала
береді. Олар жалпы қорландыру көлемінің шамамен үштен бір бөлігін құрайды.
2007 жылдың қорытындысы бойынша клиенттер шотындағы қалдықтар көлемі бір
жарым есеге өсіп, 303,4 млрд теңгеге жетті. Тұрғындардың шұғыл
депозиттерінің көлемі 652 млн доллардан асып түсті. Депозиттік шоттар саны
2007 жылдың өзінде ғана 65,6 мыңнан 73мыңға дейін артты.
2007 жылы банкте ипотеканы қосқанда 67 мың тұтынушылық несиесіне
қызмет көрсетті. Тұтынушылық несиенің жалпы көлемі 641 млн. долларды
құрады.(2004 жылы 395,6 млн $)
Сонымен қатар, Банктің тармақталған банкоматтар торабы бар. 2007
жылдың 1 наурызында банкоматтар саны -496, сауда \ қызмет көрсету
кәсіпорындарында орнатылған POS-терминалдар саны 2364-ті құрады, ал қолма-
қол ақша беруге арналған POS- терминалдар саны-162. Банк сондай ақ
Қазақстанда өз клиенттеріне қаржылық порталдар арқылы оқшауланған банктік
қызметтер көрсету бойынша жетекші банк болып табылады: Hombank.kz- жеке
тұлғалар үшін, Onlinbank.kz- заңды тұлғалар үшін. Банк Қазақстандағы өзінің
негізгі клинттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер
ұйымдастырады және Ресей мен Қырғызстанның ірі корпоративтік клиенттерін
қаржыландырады.
Банктік қызметтен басқа, Банк өзге де қаржылық қызметтер
көрсетеді. Қазақстанның құнды қағаздар мен валюта нарығының негізгі
қатысушысы бола отырып, ол компонияларға валюталық конверсиялау
операцияларын, ақша нарығындағы операцияларды, құнды қағаздар операцияларын
қосқанда, компонияларға ақша ресурстарын басқару жөніндегі қызметін
ұсынады. Банктің бас лицензиясына сәйкес, Банктің бағалы металдармен, алтын
және күмісті қосқанда, мәміле (сату, сатып алу және сақтау) жасауға құқы
бар.
Банк стратегиясы өсу және ұлғайтылған операциялық тиімділік
арқылы табыстылықты арттыра отырып, көсбасшы банк және қаржылық қызметтер
жеткізушісі позициясын ұстап тұру болып табылады.
Казкоммерцбанк стратегиясы:
• Банк қызметтерді кеңейту. Сондай ақ, банк өз қызметтерінің ауқымын
кеңейтуге көңіл бөледі. Банк өзінің корпоративтік клиенттік базасын
кеңейтуге және ссуда) қожынының сапасын жақсарта бермек. Өз қожынын
әртараптандыру мақсатында Банк шағын және орта бизнес кәсіпорындарына
несие беруді ұлғайтуға тырысады.
• Ақпараттық басқару жүйесі мен операциялық тиімділікті жақсарту. Банк
операциялық тиімділікті адамзат ресурстары мен ақпараттық
технологияларға ұйымдық қайта құрылымдау және инвестициялар жолымен
жақсартуға жұмыс істеді. Банк жетекші ақпараттық жүйелерді енгізуді
жалғастыра бермек.
• Қор жасау базасын жақсарту. Банк бағынышты және негізгі борыш
қаржылық ұйымдар мен және шетелдік кредиттік сараптау агенттіктерімен
ынтымақтастықты кіргізе отырып және компания, мысалы бөлшек сауда
клиенттері депозиттерінің көлемі бойынша өзінің нарықтық үлесін
ұлғайту жолымен капитал нарығынан қор жасау базасын ұлғайтпақ.
• Басқа қаржылық қызметтер нарығына шығу. Қазақстандық құнды қағаздар
нарығының инфроқұрылымы, заңнамалық базаны қосқанда, әлі даму үстінде.
Банк осы нарықта күтілетін мүмкіндіктерді пайдалану үшін, одан әрі
тәжірибе жинау үшін қадам басты және сақтандыру қызметін көрсететін
Казкоммерц Секьюритиз АҚ Казкоммерц Полис АҚ еншілес
кәсіпорындардың қызметі арқылы басқа заттар арсында өз орнын алып
отыр.32

Банкте келесі лицензиялар бар:
• Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және
бақылау жөніндегі Агенттігінің банктік заңнамалармен қарастырылған
ұлттық және шетел валютасында операция жүргізуге 20.02.04 жылғы № 48
лицензиясы ( қолданыс мерзімі шектелмеген);
• Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және
бақылау жөніндегі Агенттігінің бағалы қағаздар нарығында делдалдық
(брокерлік-дилерлік) қызметпен айналысуға 29.01.04 жылғы № 0401100672
лицензиясы ( қолданыс мерзімі шектелмеген);
• Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және
бақылау жөніндегі Агенттігінің бағалы қағаздар нарығында кастодиалдық
қызметпен айналысуға 29.01.04 жылғы № 0407100205 лицензиясы (
қолданыс мерзімі шектелмеген );
• өз жұмыскерлерінің денсаулығы өмірін қорғауға, жеке мүлігін, оның
ішінде тасып көшірген кезде сақталуына 21.06.2004 жылғы № 000982
күзет қызметімен айналысуға берілген МКЖ мемлекеттік лицензиясы
(қолданыс мерзімі шектелмеген).
Банк Қазақстандық өзге де банктер сияқты жергілікті әрі шетелдік
банктер тарапынан бәсекелестікке ұшырайды. Елеулі бәсекелес ретінде Тұран
Әлем банкі, Халық банкі, БанкЦентрКредит, АТФ Банк пен Ситибанк тәрізді
банктерді бөліп атауға болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұтыну несиесі және қасиеті
Несиелік тәуекелді анықтау
Тұтыну несиесі жайлы
Тұтыну несиесінің экономикалық мәні
Банктік тұтыну несиелері
Банктік тұтыну несилері
Тұтыну несиесінің түрлері
Тұтыну несиесі жайлы мәлімет
Тұтыну несиесі және оның Қазақстанда дамуы
Коммерциялық банктерде тұтыну несиелерін беру тәртібі
Пәндер