Шығармада кездесетін синоним сөздер


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» романы тілінің стилдік ерекшелігі
Ғылыми жетекші: ф. ғ. к., доцент Қанапина С. Ғ.
Орындаған:Байбосынова И. Б.
Қостанай-2015 ж
Мазмұны:
Кіріспе . . . 3-4
I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі
1. 1. Антоним, синоним сөздердің қолданысы . . . 5-14
1. 2. Көнерген сөздер, эмоционалды-экспресивті сөздердің қолданысы . . . 15-22
1. 3. Фразеологизмдердің стильдік қызметі . . . 23-33
II. Шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі
2. 1. Мақал - мәтелдердің, авторлық афоризмдердің ұлттық - танымдық қызметі . . . 34-45
2. 2. Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипаты (теңеу, эпитет, метонимия, синекдоха) . . . 46-57
2. 3. Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісі . . . 58-62
Қорытынды . . . 63-64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 65-67
Кіріспе
Қазақ тілі - сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол - халықтың алтыннан қымбат кені. Тіл - адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімінің, идеясының, дүниетанымының көрінісі. Тіл - халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениеттің даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу-қажеттілік. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы белгісі - тілі. Тілдің қасиетін түйсіну-ұрпаққа парыз, өйткені халықтың барлық рухани байлығы тіл арқылы көрінеді.
Әрбір ұлт тілі өзінше ұлы, өз нақышымен қымбат. Қазақ тілі-ең бай әрі дамыған тіл. Әлемдегі санаулы әдеби тілдердің бірі. Қазақ тілінің кешегі мәйекті қалпын, терең философиялық тұжырымды екі ауыз сөзге сыйғыза білген, мірдің оғындай өткір қалпын терең меңгеру парыз. Әрі бұл меңгеру мен меңгерту - ғылыми бағытта парасаттылықпен дұрыс жолға қойылса орынды.
Тіл - адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейненің, болмыстың ұғымдық белгісі. Адамзат тіл арқылы табиғаттағы барлық заттар мен құбылыстарға атау береді. Ұлттық таным мен ұлттық тілдің бірлігі, байланысы осы арада тоғысады.
Тіл-жалпы мәдениет пен адамзаттық дүниетанымның да тұғыры. Болмысты тану арқылы жасалған ұғым тілдік таңбаға айналғанда, мифосимволикалық бейнелер жүйесі қалыптасады. Тіл ұрпақтан-ұрпаққа «дыбыс-таңба» жүйесі болып қана жетпейді, тілдің сақталуы арқылы халықтың бүкіл ғұмырында жасаған таным-түсінігі арқылы информация жетеді. Басқаша айтқанда, сөз жүйесі арқылы халықтың ойлау жүйесі, материалдық және рухани мәдениеті жетеді. Ғ. Мүсірепов: «Тілін білмеген - түбін білмейді» деп өсиет айтқан. Тіл-танымның дамуына сәйкес жетіліп, дамып, өркендеп отыратын тарихи процесс. Тілдің дамуы адам ұғымының баламасы, танымның эквиваленті. М. Арын «Бес анықта» «Тіл дегеніміз белгілі бір халықтың жинаған рухани қазынасының жиынтығы, соның бәрін сақтайтын қоймасы» деп тауып айтқан. [1, 6-7 бет] (Анар Салқынбай, Қазіргі қазақ тілі, Алматы «Қазақ университеті», 2008, -337 бет)
. Жұмыстың нысаны Жазушы Шерхан Мұртазаның ‟Ай мен Айша ” романы.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - шығарма тілінің лексика - фразеологиялық ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсатқа сай алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:
- Шығарма тіліндегі антоним, омоним, синоним сөздердің қолданыс ерекшелігін анықтау;
- Көнерген сөздер, кірме сөздер, эмоционалды - экспрессивті (бейнелі) сөздердің шығарма тіліндегі қолданылу аясын анықтап, ерекшеліктеріне қарай жеке топтарға бөлу;
- Шығарма тіліндегі қос сөздердің стильдік қолданысын ашу;
- Фразеологизмдердің шығарма тіліндегі стильдік қызметін, кейіпкер тіліндегі қолданылу аясын анықтау;
- Мақал - мәтелдердің, авторлық афоризмдердің ұлттық - танымдық қызметін, шығармадағы кейіпкер тіліндегі қолданылуын айқындау;
- Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипатын (теңеу, эпитет, метонимия, синекдоха, қайталама сөз ) көркем шығарма тіліндегі мысалдармен нақтылап, мәнін ашу;
- Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісін анықтау;
Жұмыстың жаңалығы. Бұл жұмыста жазушы Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» романы тілінің лексика - фразеологиялық ерекшеліктері зерттелініп, төмендегідей нақты нәтижелер қорытындыланды:
- Шығарма тіліндегі антоним, омоним, синоним сөздердің қолданыс ерекшелігін анықталды, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жеке топтарға бөлінді;
- Көнерген сөздер, кірме сөздер, эмоционалды - экспрессивті (бейнелі) сөздердің шығарма тіліндегі қолданылу аясы анықталып, ерекшеліктеріне қарай жеке топтарға бөлінді;
- Шығарма тіліндегі қос сөздердің стильдік қолданысының мағынасы ашылды;
- Фразеологизмдердің шығарма тіліндегі стильдік қызметі, кейіпкер тіліндегі қолданылу аясы анықталынып, жеке - жеке стильдік қабаттарға бөлінді, талдауға түсті;
- Мақал - мәтелдердің, авторлық афоризмдердің ұлттық - танымдық қызметі, шығармадағы кейіпкер тіліндегі қолданылуы айқындалды, барлығы талдауға түсті;
- Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипаты (теңеу, эпитет, метонимия, синекдоха, қайталама сөз) көркем шығарма тіліндегі мысалдармен нақтыланып, мәні ашылды;
- Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісі анықталды; Жұмыстың құрылымы- жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
Шығарма тілінің көркемдік және лексикалық ерекшелігі
Антоним, синоним сөздердің қолданысы
Тіл көркемдігін арттыруда, сымбаттылығы мен байлығын көрсетуде антонимдердің қызметі зор. Олар ақын-жазушылардың ойын нақ түйіп, тұжырымдап, байлауын айқындап, шығарма әсерін күшейтіп тұрады.
Қазақ тіл білімі ғылымында Қ. Аханов, Ә. Болғанбаев, Ж. Мусин, Ғ. Мұсабаев, І. Кеңесбаев, Ғ. Қалиев т. б. ғалымдардың еңбектерінде антонимдер әр түрлі зерттеу саласында көрініс тапқан[2, 7 бет] (Қанапина С. Ғ. Қазақ тіліндегі мақал - мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ. Мұстафин, С. Мұқанов шығармалары негізінде) . - Қостанай. ТОО ‟Центрум”, 2010. - 180 бет) .
Зерттеуші-ғалымдар Ғ. Қалиев пен Ә. Болғанбаев «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты еңбектерінде антонимге мынадай анықтама береді: «Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады»[3, 117 бет] (Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы: Оқулық. - Алматы: ‟Сөздік - словарь” баспасы, 2006. - 264 бет) .
Ал зерттеуші-ғалым Ж. Мусин антонимдерге әр түрлі бағыттағы анықтама берген:
«1. Әдетте мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер- антоним деп аталады.
2. Антонимдік мағына сапалық ұғымдарға тән болады деген пікір жиі қолданады.
3. Антоним сөздердің қарама-қарсылықты мәні, олар бір сөйлем ішінде қатар қолданғанда айқын аңғарылады. Мұндайда антоним сөздердің мағыналық қарама-қарсылығы айрықша баса көрсетіліп, ерекше көзге түседі»[15, 27 бет] (Мусин Ж. «Қазақ тілінің антонимдер сөздігі». -Алматы:Мектеп, 1984. -127 б) .
Антонимдер әр түрлі жұрнақ, жалғаулар қабылдап, солар арқылы жаңа сөз өрбітіп, өріс аумағын кеңейтіп, мағыналық қырларын молайта отырып та тіл шұрайлығына қызмет етеді[2, 10 бет] (Қанапина С. Ғ. Қазақ тіліндегі мақал - мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ. Мұстафин, С. Мұқанов шығармалары негізінде) . - Қостанай. ТОО ‟Центрум”, 2010. - 180 бет) .
Антонимдердің стильдік қызметі туралы ғалым К. Аханов: «Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-біріне қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады. Антонимдерді шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық-айқын, мейлінше мәнерлі болып келеді»[4, 328 бет] (Аханов К. «Тіл біліміне кіріспе». -Алматы:Мектеп, 1965. -328 б) .
Тілдегі антонимдер қарама-қарсы құбылыстарды біріне-бірін шендестіріп салыстыру арқылы күшті стильдік мән тудырады. Антонимдерді қолданудың негізінен төрт жолы бар:
- антонимдер бір сөйлемнің өз ішінде салыстырылып айтылады;
- антонимдер іргелес сөйлемде қарама-қарсы қойылып шендестіріледі;
- антонимдер ыңғайласып, кезектесіп қатар жұмсалады;
- фразеологизмдер нақты мәтіндерде бір-біріне қарама-қарсы мағынада жұмсалып, антонимдік қатынасқа түсе алады; [3, 120 бет] (Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы: Оқулық. - Алматы: ‟Сөздік - словарь” баспасы, 2006. - 264 бет) .
Антонимдерге ең бай сөз табы- сын есімдер. Ал, етістіктерден, зат есімдерден, үстеулерден азды-көпті кездессе, қалған сөз таптарынан өте сирек ұшырасады.
Соңғы кезде зерттеушілер қазақ тіліндегі антонимдерді градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозицияларға ажыратып жүр.
Градуалды оппозициялардың мүшелері белгілі бір қасиеттің ең соңғы шегіне дейінгі дәрежесін білдіреді.
Привативті антонимиялық оппозициялар мүшелері арасында аралық элементтің болуы мүмкін емес. Бұл қатарға әр түрлі (бар-жоқ) және түбірлес (жанды-жансыз, таныс-бейтаныс) лексемалар енеді.
Эквиполентті антонимиялық оппозициялар мүшелері арасында тіл тәжірибесі арқылы орныққан ассоциативті қарама-қарсылық бар. Олардың өздерін іс-әрекетке байланысты туындаған қарама-қарсылықты лексемалар, лексикалық конверсивтер, үйлесімді ұғымдарды білдіруші сөздер және жыныстық, туыстық нышандары, тәулік уақыты, әлеуметтік қатынастары т. б. мағыналық жағынан ажыратылмайтын жұптарға топтастыруға болады.
Қазақ тілі антонимдерінің өзегін градуалды оппозициялар құрайды, ал привативті оппозициялардың жиілігі төмен де, эквиполентті оппозициялар өнімсіз қатарға енеді[5, 49-51 бет] (Оразбаева Ф. Ш., Сағидолда Г., Қасым Б., Қобыланова А., Есенова Қ., Исабекова Ұ., Қасабек Қ., Балтабаева Ж., Мұхамади Қ., Рахметова Р., Көпбаева Ж. Қазіргі қазақ тілі: Оқу құралы. - Алматы: ‟Print-S” баспасы, 2005. - 535 бет) .
Сын есімге тән антонимдер
1. Аз ба, көп пе - алпыстан астым (« Ай мен Айша », 4 бет) .
2. Аз ба көп пе - ірілі - уақты кітап жаздым (« Ай мен Айша », 4 бет) .
3. Кіп- кішкентай балаға дап-дардай кісінің соншалықты сөгіс айтқаны несі дегендей, басқалар тосылып қалды(« Ай мен Айша», 8 бет) .
4. Өз бетінше жол тауып көрсін, ащының дәмін осы бастан татып, мына мейірімі аз , қаталдығы мол дүниеге осы бастан көдіге берсін деді ме екен? (« Ай мен Айша », 9 бет) .
5. Кейін, кейін күштінің әлсізді қалай қорлайтынын талай көрдім(« Ай мен Айша », 21 бет) .
6. Әлемнің терезесі тең емес . біреудікі биік , біреудікі аласа , ал біреудің терезесі шынысыз, қозы қарын ған қампаяды (« Ай мен Айша », 37 бет) .
7. Артығы да жоқ, кемі де жоқ (« Ай мен Айша », 39 бет) .
8 . Қара арпа, ақ талқан - тағзым саған (« Ай мен Айша », 73 бет) .
9. Иттің де ақылдысы , ақымағы бар (« Ай мен Айша », 77 бет) .
10. Тектісі тексізі бар(« Ай мен Айша », 77 бет) .
11. Тірі екені, өлі екені белгісіз(« Ай мен Айша », 81 бет) .
12. -Е, Барсхан, тәтті болсаң, жеп қояды; ащы болсаң, түкіріп тастайды, -деді Айша күрсініп (« Ай мен Айша », 102 бет) .
13. Намысы мол, айласы аз, бағы да сол соры да сол(« Ай мен Айша », 111бет) .
14. Тағдыр шығар, «екі жарты - бір бүтін» демекші, ағайын болып Ақтамақты Сұлтанға қосқан екен(« Ай мен Айша », 117 бет) .
Үстеуге тән антонимдер
1. Түсіме ылғи Айша кіреді, Мұртаза түсіме сирек кіреді, өйткені ол кеткенде, мен бес жаста едім (« Ай мен Айша », 4 бет) .
2. Егде тартқанда бүгін көргенің ертең естен шығады (« Ай мен Айша », 4 бет) .
3. Күнбатыс жақ бөлмесі ағаш ұстаханасы, күншығыс жақ бөлмесі- темір ұстаханасы(« Ай мен Айша », 5 бет) .
4. Мүмкін, "халық жауларын" қырағы қарауылдап, күндіз-түні ұйқы көрмейтін шығар(« Ай мен Айша », 12 бет) .
5. Сол баяғы Айша мені Жалбыз бұлаққа салып сабағаннан кейін ертесіне тағы сол Батырханды бағып, үйде ары отырдым, бері отырдым (« Ай мен Айша », 18 бет) .
6. Таң азаннан қас қарая , бір-ақ келеді (« Ай мен Айша », 25 бет) .
7. Ала жаздай колхоздың жұмысында күндіз-түні жүрген Айшаның анда-санда түнделетіп арқалап алып келіп, түкпір тамға жинаған шөбі ақыр-тақыр ада болды (« Ай мен Айша », 27 бет) .
8. Қатарынан алты күн соққан ақ боран жетінші түнге қарағанда тыншиын деді (« Ай мен Айша », 27 бет) .
9 . Үсті -шың, асты - құз, жалғыз аяқ бұралаң жло болады екен(« Ай мен Айша », 30 бет) .
10. Алланың қарызға берген өмірін ерте ме, кеш пе, әйтеуір, бір қайтарарың хақ (« Ай мен Айша », 46 бет) .
11. Ары тартып, бері тартып Машан екеуміз біркөрпеге таласып, көз байлана бере сырыққа қонақтайтын тауықтар сияқты бір-бірімізді итерісіп, бір кезде тынышталамыз (« Ай мен Айша », 48 бет) .
12. Алдынан келсең- тістейді артына шықсаң - тебеді (« Ай мен
Айша », 74 бет) .
13. Қар үстінен емес, астынан ериді екен (« Ай мен Айша », 83 бет) .
14. Таң азаннан тұрып, қызылшаға кеткеннен күн батқанда бір-ақ келетін Айшаның шаш батпайтын халі бар ма? (« Ай мен айша », 94 бет) .
Зат есімге тән антонимдер
1. Қамақтағылар мына азаттықта тұрғандарды мазақтағандай көрінеді (« Ай мен Айша », 12 бет) .
2. Бірақ кейін-кейін күштілер шыққан, әлсіздер шыққан. (« Ай мен Айша », 37 бет) .
3. Біреу семіз біреу арық (« Ай мен Айша », 37 бет) .
4. Қазақтың: « кедей бай болсам дейді, бай құдай болсам дейді» деген содан қалған(« Ай мен Айша », 38 бет) .
5. Ұйқым ашылмайды, өң мен түстің арасы(« Ай мен Айша », 72 бет) .
6. Бәйбішесі бала таппай, осы Пияшты тоқал алып, Пияштан бір ұл бір қыз туды(« Ай мен Айша », 82 бет) .
7. Тұрымтай дүниеде бар ма, жоқ, па - ешкім білмейтін (« Ай мен айша », 149 бет) .
8. Бірақ құт пен жұт - күн мен түн сияқты көне күйдес (« Ай мен айша », 149 бет) .
9. Бақ пен сордың арасы бір-ақ қадам деген сонда болған (« Ай мен айша », 150 бет) .
Етістікке тән антонимдер
1. Жадыраған жаз, жайдары жандар құтты болсын айтып келіп-кетіп жатты білем(« Ай мен Айша », 14 бет) .
2. Мұртаза барда бәрі де келіп-кетіп жүруші еді (« Ай мен Айша », 31 бет) .
3. Бір емес, үшеуін бірдей құдай өзі берді, өзі алды (« Ай мен Айша », 34 бет) .
4. Ақжол пештің түбінде алдыңғы екі аяғына басын салып, көзін бір ашып , бір жұмып, сораң жасы ып-ыстық, қара тұмсығына дейін сорғалай ағып жатыр (« Ай мен Айша », 94 бет) .
5. Әр нәрсенің басталуы бар, аяқталуы бар (« Ай мен айша », 146 бет) .
6. Ай, қара терге түстім-ау, Мұса тоғайға құр қол қайтып бару мен үшін өліммен тең. Әсем: «Неге кеттің, неге келдің» деп сұраса, не деймін? (« Ай мен Айша », 153 бет) .
7. Ағарып алдыма түспе, қарайып артымда қалма, - деген екен (« Ай мен Айша », 182 бет) .
Есімдікке тән етістіктер
1. Әне-міне, орақ түседі. (« Ай мен Айша », 63 бет)
Шығармада кездесетін синоним сөздер
Синоним сөздерге тоқталатын болсақ, зерттеуші-ғалымдар Ғ. Қалиев пен Ә. Болғанбаев олар жайлы мынадай тұжырым жасайды: «Синонимдер кез-келген тілдің байлығы мен оралымдығын көрсететін сөздік құрамның құнарлы да мәнді бір саласы. Олар тілдің кемеліне келіп, қаншалықты жетілгендігін, оның образдылығы мен дамығандығын көрсететін көрсеткіш деп есептеледі. Адамның ойлаған ойын, көңіл күйі мен көзқарасын нақты әрі көркем түрде жеткізу үшін синонимдер айрықша қызмет атқарады»[3, 111 бет] (Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы: Оқулық. - Алматы: ‟Сөздік - словарь” баспасы, 2006. - 264 бет) .
Синонимдер тілдегі сөздік қордың дамуына емес жалпы көркем әдебиеттің, өнердің кемелденіп, толысуына, көркем сөздің жетілуіне, күнделікті өміріміздегі қарапайым сөйлеу тілінің нәрленіп, қалыптасуына тигізер әсері мол. Осы тұрғыдан алғанда, лексикалық синонимдердің қоғамдық-тілдік қарым-қатынаста атқаратын маңызы зор. Синонимдер, біріншіден, әдеби тілдің жоғары талғамды болуын қажет етсе, екіншіден, қарапайым сөйлеу тілінің әдеби тіл дәрежесіне көтерілуіне әсерін тигізеді[6, 3 бет] (Оразбаева Ф. Ш. «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер». -Алматы: Мектеп, 1998. -207 б) .
Синонимдер-сөз қорының асыл қазынасы. Өйткені тілдің бай да оралымдылығы, оның сөздік құрамының қандай дәрежеде дамып жетілгені көп ретте синонимдер арқылы көрініс табады[7, 617 бет] (Бизақов С. «Синонимдер сөздігі». -Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. - 640 б) .
Тілдегі синонимдер- қоғамдық-әлеуметтік факторларға байланысты өзгеріп отыратын құбылыс. Жалпы тіл білімінде синонимия құбылысына қатысты бірқатар зерттеулер бар. Оған қазақ тіл білімінде- І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, Ғ. Қалиев, М. Серғалиев, Ф. Оразбаева, А. Османова, тағы басқа ғалымдардың еңбектерін атауға болады[8, 3 бет] (Нұрғалиева Майра Балтабекқызы «Тарихи романдардағы лексикалық синонимдер». Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. - Қазақстан Республикасы Астана, 2004. -29 б) .
Қазақ тіл білімінде синонимдерді алғаш жүйелі түрде зерттеген Ә. Болғанбаев. Оның еңбектерінде лексикалық синонимдердің сипаты, мағыналық реңктері кең талданған. Ол синонимдерді қолданудың мынадай негізгі тәсілдерін көрсетеді:
- Алдыңғы сөйлемде немесе қатар тұрған мәтінде бір рет пайдаланған сөзді қайталамас үшін қолданылады.
- Белгілі бір ұғымды түрлі белгілерімен жан-жақты сипаттап көрсету үшін синонимдер бір-біріне қарсы қойылып та, салыстырылып та, ыңғайластырылып та кете береді.
- Белгілі бір ұғымды толық қамтып көрсету мақсатымен, бірнеше синоним қатарма-қатар қолданылады.
- Синонимдерді жекелеп те, кезектестіріп те, жұптап та, топтап та қолданғанымыз сияқты оларды қосарлап та пайдаланамыз.
- Мағыналас екі сөз қатар келіп алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейту үшін қолданылады. Мұндай сөз қолданысын тіл білімінде плеоназм немесе плеонастикалық сөз тіркесі деп атайды.
- Фразалық тіркестерде де жиі қолданылады.
- Синонимдер жеке сөз бен жеке сөз, қос сөз бен қос сөз, фраза мен фраза күйінде ғана емес, бір-бірімен араласқан күйде де жұмсалады.
- Парафраза- жеке сөздің орнына оның түсінігін сипаттап беру.
- Мағынасы жағымсыз сөздерді тыңдаушыға жеңілдетіп, жұмсартып жеткізу үшін қолданылады[3, 111 бет] (Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы: Оқулық. - Алматы: ‟Сөздік - словарь” баспасы, 2006. - 264 бет) .
Синоним болып жұмсалатын мәндес сөздердің тобын синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп атайды. Синонимдік қатарға енген сөздердің ішінен бір сөз басқаларын мағына жағынан ұйыстыруға ұйытқы болатын тірек сөз деп таңдалынып алынады. Бұл тіл білімінде доминант деп аталады. Тілдегі синонимдер үш түрге бөлінеді: а) мағыналық синонимдер, ә) стильдік синонимдер, б) мағыналық-стильдік синонимдер.
Мағыналық синонимдер әрқайсысының өзіне тән мағыналық реңкі бар, стильдік жағынан шектелмейтін, тілдегі барлық салада талғаусыө қолданыла беретін синонимдер.
Стильдік синонимдер мағынасы жағынан ұқсас болса да, стильдік жағынан бір-бірінен өзгешеленетін синонимдер.
Мағыналық-стильдік синонимдер әрі мағыналық, әрі стильдік белгілер арқылы ерекшеленіт синонимдер[3, 105-111 бет] (Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы: Оқулық. - Алматы: ‟Сөздік - словарь” баспасы, 2006. - 264 бет) .
Жалпы сын есім синонимдерді білдіретін мағыналарына байланысты бірнеше топқа бөлуге болады.
1. Адамға қатысты айтылатын сын есім синонимдер:
а) Адамның мінез - құлқына байланысты синонимдер: мейірімді - қайырымды - рақымды, ұшқалақ - күйгелек - жеңілтек, ашушаң - ашуланшақ, сотқар - бұзақы - тентек, т. б.
ә) Адамның жеке басындағы қасиеттеріне байланысты синонимдер: шешен - сөзшең - ділмәр, сөзуар - мылжың, дарынды - талантты - талапты, табанды - тұрақты - орнықты, т. б.
б) Адамның қоғамдық ортадағы орнына байланысты синонимдер: беделді - абыройлы, атақты - даңқты - әйгілі - белгілі, епті - икемді, әлді - ауқатты - бай - дәулетті, көнтерлі - көнбіс, т. б.
в) Адамның табиғатпен және қоғамдық - әлеуметтік өмірмен қарым - қатынасына байланысты синонимдер: азат - ерікті - еркін - тәуелсіз, діншіл - құдайшыл, тілектес - тілеулес, адал - ақ - пәк, жетім - панасыз, т. б.
г) Адамның денсаулығы мен мүшелік кемшіліктеріне байланысты синонимдер: науқас - аурушаң, кемтар - жарымжан - мүгедек - ғаріп, ақсақ - шойнақ - сылтыма, соқыр - әз - көрсоқыр, т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz