Қазақ және ағылшын мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық негізі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжі» МКҚК

Тіл және әдебиет кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдеріндегі үндестік

Мамандығы: 0111000 - Негізгі орта білім

Біліктілігі: 0111013 - Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Пәні: Қазақ тілі

Орындаған: Нұрмағамбетова Айым

Ғылыми жетекшісі: Рахым А. Қ.

Курстық жұмысты қорғаған бағасы:

Хаттама № «» 20___ж

Кафедра меңгерушісі: ф. ғ. м. Рахым А. Қ.

Көкшетау, 2014

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-4

І НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1 Мақал-мәтелдердің және олардың зерттелуі . . . 5-9

1. 2 Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық үндестігі . . . 10-17

1. 3 Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық негізі. 18-23

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 25

ҚОСЫМША . . . 26-32

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектiлiгi: Қазіргі заманның талабына сай - шығармашылық тұрғыдан бәсекелестікке сай, үш тілді - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін - жетік меңгерген, жан - жақты дамыған жеке тұлға болу керек. Осыған орай, заман талабына сай шетел тілдерін меңгеру дәрежесі елімізде өсіп келеді. Әр азамат шетел тілін ауызша және жазбаша қатынас құралы есебінде пайдалана алу қабілеттерін іске асыра білу керек, яғни өздерінің тіл мәдениетін, тілін оқып - үйреніп отырған елдің мәдениетімен салыстыра алуда, әр түрлі әлеуметтік орталарда қабылдаған және қолданылып келе жатқан мәдениеттердің, нормалардың, міндеттер мен құқыттардың ерекшелетері мен ортақ белгілерін ажырата білуде жатыр.

Мақал-мәтелдердiң тiл бiлiмiнде, оның iшiнде, қазақ және ағылшын тiлдерiнде әр түрғыдан азды-көптi зерттелiп келгенi мәлiм. Зерттеу нысанына қатысты еңбектерге тоқталар болсақ, мақал-мәтелдердiң тiлдiк табиғаты, олардың басқа тұрақты тiркестермен ұқсастықтары немесе ерекшелiктерi А. Байтұрсынов, I. Кеңесбаев, Р. Сәрсенбаев, Б. Адамбаев, Ә. Қайдар, С. Нұрышев, F. Мұсабаев, М. Fабдуллин, F. Тұрабаева, салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыдан А. Нұрмаханов, Э. Мұқышева, А. Донбаева, Д. Бегалықызының т. б. жұмыстарында қарастырылған. Жалпы және орыс тiл бiлiмiнде В. В. Виноградов, Н. Н. Амосова, М. Т. Тагиев, Н. М. Шанский, Г. Л. Пермяков, Л. A. Булаховский сынды ғалымдар соны бағыт, ұстанымдарымен, құнды пайымдауларымен, нақты теориялық түйiн-тұжырымдарымен белгiлi. Ағылшын тiлiндегi ұлттық болмыс және ұлттық таныммен тығыз байланысты тұрақты тiркестердi, мақал-мәтелдердi жан-жақты, түбегейлi зерттеген ғалымдар - Н. Барли, А. Дундэс, А, Крикман, М. Куузи, Г. Мильнер, А. Тэйлер, Г. Л. Апперсон, Линда және Роджер Флавэлдер. Аталған ғалымдардың зерттеулерi жұмысымызда теориялық және әдiстемелiк тұрғыдан басшылыққа алынды.

"Ұлт пен тiл бiртұтас" деген қағидаға сәйкес, қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерiн тек тiлдiк емес, этнолингвистикалық тұрғыдан қарастыру бiрлiк астарындағы ұлттық болмысты тану жағынан да өзектi мәселе қатарына жатады.

Зерттеудің нысанын туыс емес казақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер құрайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін салғастыра зерттей отырып, олардың мазмұнындағы ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу, семантикалық тұрғыдан ортақ тұстары мен ерекшеліктерін және олардың себеп-салдарын айқындау.

Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

- зерттеу жұмысына тиянақ болатын теориялық, әдістемелік қағидаларды айқындау және негіздеу;

- этнолингвистикалық аспектідегі зерттеулерге шолу жасау, оларға қысқаша сипаттама беру;

- мақал-мәтелдерді топтастыру принциптерін айқындау және белгілі бір тақырыптық топтар бойынша жүйелеу;

- қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерінің семантикасындағы ұқсастықтар мен айырма белгілерді айқындау;

- қазақ-ағылшын тілдеріне ортақ паремиологиялық қорды межелеу.

Курстық жұмысының зерттеу әдіс-тәсілдері. Жұмыс барысында сипаттамалы, салыстырмалы, салғастырмалы, статистикалық пен ғылыми талдаудың этнолингвистикалық, тарихи-этимологиялық, жүйелеу сияқты түрлері колданылды.

Жұмыстың кұрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

І НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1 Мақал-мәтелдер және олардың зерттелу тарихы

Мақал-мәтелдер - сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, кеңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау
барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі
кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы - XIX ғасырдың екінші
жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек
халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең - оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.

Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым - Ш. Уәлиханов. Ш. Уәлиханов пен Н. Н. Березин архивтерінде XIX ғасырдың

елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы. Алтынсарин, Ә. Диваев, В. Радлов, Ш. Ибрагимов, М. Терентьев, Я. Лютш, Ф. Катанов, В. В. Катаринский, П. М. Мелиоранский, Н. Н. Пантусов, А. Е. Алекгоров т. б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше.

Халық мұрасын жүйеге келтіру, насихаттауда зор үлес қосқан танымал ғалым - Ә. Диваев. Ғалым жинақталған материалдың барлық нұсқасын толық қамтуды көздей отырып, өз топтамаларын 1900-1927 жылдар аралығында "Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области", "Этнографические материалы" жинақтарының, "Туркестанские ведомости" газетінің басылымдарында жариялады. Сондай-ақ, "Киргизские пословицы, записанные в Копальском уезде Семиреченской области" деген топтамасын 1900 жылы Қазан қаласында жарияланған. (3) . Н. Н. Пантусовтың еңбегін де ерекше атап өткен жөн. Сөздік құрамның негізгі қаттауын құрайтын мақал-мәтелдерді жинақтау, жүйелеу, жариялау жұмыстары әр кезеңге орай жалғасын тапты.

Қазақ мақал-мәтелдерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне арналған іргелі монографиялық зерттеулер де, мақалалар да баршылық. Солардың ішінен ғалым Б. Шалабаев алғашқылардың бірі болып, аталмыш тұрақты тіркестер тобын арнайы қарастырып, олардың негізгі мағыналық топтарын, жанрлық ерекшеліктерін анықтады. М. Ғабдуллин өзінің "Қазақ халқының ауыз әдебиеті" (4) деген еңбегіңде қазақ халкының шаруашылығын, кәсібін, тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын мақал-мәтелдердің өмір танытқыштық мәні мен қызметін айқындаса, С. Нұрышев оларды даму тарихы тұрғысынан қарастырды.

Қазақ мақал-мәтелдеріне қатысты ерекше орны бар зерттеулердің бірі - Р. Сәрсенбаевтың "Қазақ мақал-мәтелдерінің лексика-семантикалық ерекшеліктері" атты кандидаттық диссертациясы (5) . Қазан революциясынан бұрын басылып шыққан жинақтарды өз еңбегінің негізі зерттеу материалы ретінде ала отырып, ғалым мақал-мәтелдердің құрамы мен құрылымын, жасалу жолдарын, лексика-семантикалық, стилдік ерекшеліктерін жан-жақты талдап таратады. Ал М. Әлімбаевтың "Өрнекті сөз- ортақ қазына" (6) деп аталған зерттеу жұмысы аударма мәселесіне арналған. Жұмыста зерттеушінің қазақ мақал-мәтелдерінің тілде қалыптасу тарихы, жасалу жолдары, тілде қолданылуы бір тілден екінші тілге аудару мәселесі, тәржімалаудың амал-тәсілдері жөнінде, кұнды пікірлері, теориялық және практикалық мәні зор ұсыныстары баяндалады. Еңбектің поэтикалық аудармаға бой ұру басымдылығына қарамастан, бұл - ғылымда өзіндік орны, елеулі үлесі бар еңбек. Б. Аламбаевтын"Халық даналығы" атты монографиялық еңбегі "Мақал-мәтелдер" және "Шешендік сөздер" деген өзара байланысты екі бөлімнен тұрады(7) . Жұмыс осы аталған тілдік бірліктердің жанрлық табиғатын, тәрбиелік мәнін, құрылымы мен әдеби-көркемдік ерекшеліктерін талдауға арналған. Сондай-ақ, мақал-мәтелдердің окказионалды өзгерістері, варианттылығы Ғ. Тұрабаеваның, құрамы мен құрылымы, компоненттерінің байланысу тәсілдері, синтаксистік белгілері, инверсиялануы С. Кенжемұратованың, фразеологиялық тұтастықтар мен мақал-мәтелдердің танымдық-прагматикалық аспектілері Д. Бегалықызының ғылыми зерттеулерінде баяндалған (8) .

Ағылшын тілі мақал-мәтелдерін ғылыми тұрғыдан арнайы, жан-жақты
қарастырған зерттеу жұмыстарының бар екендігі мәлім. Мысалы, Л. И. Селянинаның еңбегінде варианттылығы, варианттардың өзара
ұқсастықтары мен айырмашылықтары және сөйлеу тіліндегі
окказионалды өзгерістері сипатталады. Л. И. Швыдкояның ғылыми
зерттеуінде мақалдар мен афоризмдер "клише" деген атаумен бір
топқа біріктіріліп, олардың синонимдік қатары берілген. С. И.
Вяльцеваның кандидаттық жұмысы ағылшын мақал-мәтелдерін стильдік,
ал Э. Ахундованың зерттеуі синтаксистік ерекшеліктері тұрғысынан
талдауға арналған. Ағылшын тілінің тұрақты тіркестерін зерттеу
жұмыстары ғалым А. В. Кунин есімімен тығыз байланысты. Ол өзінің
"Курс английского языка", "Курс фразеологии современного английского языка" тәрізді көлемді ғылыми еңбектері мен "Англо-русский фразеологический словарь" сөздігі т. б. арқылы ағылшын тілі табиғатының кейбір өзгеге беймәлім тұстарын айқындап, жалпы тіл ғылымына елеулі үлес қосты және салғастырмалы негіздегі ізденістерге бағыт-бағдар берді. Мақал-мәтелдердің басқа тілдік бірліктермен салыстыра алғанда өзіндік ерекшеліктерін, күрделілігін, мән-мазмұнының тереңдігін айқын көрсететін тұстардың бірі - аударма жұмысы. Кейбір жалпыхалықтық универсалдық сипатқа ие түрлерін есепке алмағанда, әдетте, мақал-мәтелдер бір тілден екінші тілге тікелей аударылмайды. Бір тілден екінші тілге тәржімелеу барысында мағынасы мен тіркес құрамындағы сыңарлары дәлме- дәл келетін теңбе-тең баламасы (абсолюттік балама) немесе контекстік мағынасы сәйкес эквиваленті қолданылуы мүмкін. Әсіресе, ілеспе аудармада шапшаңдық, жинақылық, дәлдік қажет. Осы мақсатқа негізделген, практикалық мәні бар жұмыстардың бірі - Т. Баймаханова, Н. Өтешева, Н. Байтөлеевалардың құрастыруымен жарық көрген "Английские пословицы и поговорки и их эквиваленты в русском и казахском языках" (22) атты еңбек. Жұмыста мақал-мәтелдер он мағыналық топқа бөлініп, олардың орыс және қазақ тілдеріндегі баламалары берілген. Алайда, ағылшын мақал-мәтелдерінің қазақ тілінде баламалары бола тұра, тікелей аударылған тұстары да баршылық.

Мақал-мәтелдердің шығу төркіні, тілде қалыптасуы деген мәселеге келер болсақ, оның күрделілігі де, түпдеректігі қалтықсыз табудың қиындығы да түсінікті. Дегенмен, қазақ халқының рухани қазынасын, сөз маржандарын қалыпқа келтіру барысында елеулі еңбек сіңірген Б. Адамбаевтың "мақал-мәтелдер әуелде, аузы дуалы жеке кісінің аузынан шыққанымен, біреуден біреуге, ұрпақтан-ұрпаққа ауыса жүріп өңделген, өзгерген, бүкіл елге тарап, оны халық ақиқат деп таныған қағидаға, тіпті ережеге - заңға айналған" деген ой тұжырымымен толық келісуге болады. Тарихи деректер, ғылыми ізденістердің нәтижелері, танымал ғалымдардың пайымдаулары да жоғарыда айтылған пікірмен өзектес. Себебі, кез-келген сөз ұрпақтан ұрпаққа жетіп, ақиқат ретінде таныла бермесі хақ. Өз дәуірінің озық ойлы кемеңгерлерінің халықтың көкейінен шығатын, ұтқыр ойы, бейнелі, өткір сөзі ғана кеңінен таралып, танымал болуы мүмкін. Халықтың дана билері мен шешендерінің бір кезде аузынан шығып, кейіннен ел аузында мақал-мәтел ретінде қолданысқа енген сөздерінен бірер мысал келтірейік. Майқы би:

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Даналығымен, шешендігімен, қара қылды қақ жарған әділдігімен жастайынан елді аузына қаратқан Төле би сөздерінің де ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, халық арасында мақал-мәтел ретінде кен қолданыс тапқаны байкалды:

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім.

Сондай-ақ, халықтық мақал-мәтелге айналып, жиі қолданылып жүрген "Көпті қорлаған көмусіз калады" тіркесінің Әйтеке бидің, ал "Бұлақ көрсен көзін аш" Бәйдібек бидің дуалы аузынан шыққан тілдік бірліктер деген деректер бар, мұндай мысалдарды әрі қарай тізбектеп, қатарын көбейте беруге болады.

Зерттеу барысында ертегі, аңыз әңгімелер негізінде қалыптасқан мақал-мәтелдердің де аз еместігі байқалды. Мысалы: Түйе бойына сеніп, жылдан құр калыпты; Қайда барса Қорқыттың көрі, Аяз би.

Тілімізде жұмбақтардан бастау алатын мақал-мәтелдер кездеседі: Сырты бүтін, іші түтін (оқ) ; Караңғы үйде қабан күркірейді (диірмен) т. б. Бұл жұмбақтардың кейде жұмбактық негізінен "қол үзіп", фразеологиялық тіркес, мәтел ретінде де қолданысқа енгені анықталды.

Рухы биік, ойы көркем, тілі шұрайлы, мән-мазмұны терең, кесек туындыларымен ерекшеленетін дарынды ақын-жазушылардың, дара тұлғалардың көңіл түпкірінен шыққан пікір-пайымдаулары да жалпыхалықтық қорға еніп, тұрақты қолданысқа, мақал-мәтелдік сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей; Азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың. ( Ыбырай) ; Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле (М. Әуезов) ; Жасында көргені жоқтың, өскенде айтары жоқ (Ғ. Мүстафин) т. б. Қорыта айтқанда, қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің басым көшпілігі тарихтың терең кат-қабат қаттауларынан көрініс беретін оқиға, аңыз, әңгіме, ертегілердің және көрнекті ақын-жазушылар шығармалары негізінде қалыптасқан.

Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бір тобы қасиетті кітап «Інжілге» байланысты қалыптасқан. Халық арасына кеңінен таралып, көп оқылғандықтан, Інжілдік тізбектердің ауқымды тобы тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы тәрізді белгілердің негізінде қолдануға даяр тілдік бірлікке айналған. Зерттеу барысында олардың ауқымды бір бөлігінің түпнұсқадағы қалпын берік сақтағандығы, еш өзгеріссіз қолданылатындығы айқындалды. Мысалы: " You cannot serve God and mammon" (сөзбе-сөз аудармасы: Сен құдай мен байлыққа бірдей кызмет ете алмайсың) ; " A soft answer turneth away wrath " (c. c. a. : Жұмсақ (жылы) жауап ашуды қайтарады) т. б. Түп-төркіні Інжілге барып саятын мақал-мәтелдердін сәл өзгеріске ұшыраған түрлері де кездеседі. Мысалы, Saw the wind and reap the whirlwind : Spare the red and spoil the child; You cannot make bricks without straw.

Ағылшын паремиологиялық жүйесінің Шекспир шығармаларын-дағы цитаталар арқылы едәуір байығандығы жөніндегі мағлұматтар бар, алайда, олардың Шекспир дәуіріне дейін де қолданылған болуы мүмкін екендігін де естен шығармаған абзал. Десек те, бұл мақал-мәтелдер Шекспир туындыларына дейін ауызша таралып, кейінгі ұрпаққа Шекспир шығармалары арқылы жеткен. Әлі күнге дейін ғалымдар қай мақалдың Шекспир дәуіріне дейін қолданыста болғаны, қайсысы оның өз туындысы, жазушының данышпандылығы мен тапқырлығының жемісі деген сұраққа жауап іздеуде.

Дүниежүзі тілдерінің сөздік қоры тәрізді ағылшын паремиологиялық
жүйесі де басқа тілдерден, мысалы, латын, француз, испан тілдерінен енген
мақал-мәтелдермен толығып отырғаны мәлім. Олардың бір бөлігі ағылшын
тіліне кіріп кетсе, келесі бөлігі басқа тілден енген бастапқы қалпын сақтап
қалған.

Ақын-жазушы, саясаткерлердің ұтымды, үйлесімді айтылған қысқа, әрі нұсқа, айшықты сөздерінің де ағылшын тілінің сөздік қорын байытуға едәуір үлес қосқаны нақтыланды. Мысады: "The customer is always right "( Әрқашан тұтынушынікі дұрыс) тіркесінің Еуропадағы ең үлкен сауда орталықтарының бірі "Сэлфриджезді" (Selfridge's) ашқан Г. Селфриджге тиесілілігі жөнінде деректер бар. Себебі, оның барлық дүкендерінде "The customer is always right" , яғни "әрқашан тұтынушынікі дұрыс" деген қатаң қағида қалыптасқан. Көпшілік көңілінен шыққан осы сөз кейіннен халық арасында жиі айтылып, дәстүрлі колданысқа енген. Ағылшын тілінде бұл тәрізді қолдануға даяр, астарлы "авторды" тіркестердің мол қоры бар.

Сонымен, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бөлігі қасиетті кітап Інжілден, ал келесі бір бөлігі дарынды Шекспир сыңды көркемсөз шеберлерінің, халыққа танымал ақын-жазушылардың туындыларынан, сондай-ақ, көрнекті саясаткерлер сөздерінен бастау алғандықтары байқалады.

Сонымен, жоғарыда келтірілген пікір, пайымдауларды және зерттеу нәтижелерін қорыта келгенде, мақал мен мәтелдің айырмашылықтары төмендегідей:

-Мақалдың толық тұлға болып келіп, тұтас ой мен қорытынды пікірді қатар білдіруі ойды ишарат арқылы тұспалдап жеткізетін мәтелден ара-жігін ажыратады.

-Мақал бір немесе бірнеше толық сөйлемнен құрылуы мүмкін, ал мәтел салыстырмалы түрде алғанда, құрамының ықшамдылығымен ерекшеленеді, көбіне толымсыз жай сөйлем түрінде келеді.

-Мақалдың басым көпшілігі егіз жолды, қос тармақты, кейде үш тармақты болып келеді және ұйқаса құрылады.

-Мақал көбіне уағыз, өсиет, үндеу сипатында келіп, дәлел мен қорытынды пікір қатар беріледі.

-Мақалдар қолданысы мен мағынасы жағынан екі топқа бөлінеді:

а) тура мағынада қолданылатын MM:

Достың алыс- жақынын іс түскенде білерсің.

A friend is never known till man have need.

б) ауыз мағынада қолданылатын MM:

Аз сөз - алтын, көп сөз - күміс.

Speech is silver, but silence is gold.

1. 2 Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің құрылымдық,

мағыналық үндестігі

Паремиология - мақал-мәтелдер мен әр алуан қанатты-нақыл сөздерді жан-жақты зерттеуге байланысты пайда болған тіл білімінің дербес те жаңа салаларының бірі. Көркем сөз тәсілдерінің ішіндегі қуаттысы мен қүнарлысы болып саналатын мақал-мәтеддер тіл атаулының баршасына тән, өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін универсалдық құбылыс. Қазақ тіл білімінде барлық тілдердің екі түрлі қызметін атап көрсетеді: оның біріншісі қоғам мүшелерінің өзара түсінуіне; пікір алмасуына қажетті қатынас құралы ретіндегі коммуникативтік қызметі де, екіншісі-өмір шындығын, барлық болмысты өзінде бейнелеп көрсету қызметі. Мақал-мәтелдердің табиғатына тән қасиет тілдің осы екінші қызметіне байланысты, өйткені олар белгілі бір гілде сөйлеуші халықтың өткен өмірі мен барлық болмысының куәгері іспеттес, оның дүниетанымы мен, даналығын бойында сақтап, атадан балаға, үрпақтан-үрпақа үзілмей ауысып келе жатқан асыл мұра, рухани қазына болып табылады.

Мақал-мәтелдердің ең бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас ырғақтылық байқалады. Онда басы артық бір сөз болмайды, барлығы өз орнында екшелген, сұрыпталған, жымдаса біріккен, ішкі мазмүнына сыртқы формасы сай үндестік тапқан болып келеді. В. Виноградов мақал-мәтелдердің түрақты сөз тіркестерімен бірге зерттелуі қажет дейді. Өйткені олардың мағыналық бірліктері түрақты сөз тіркестеріндегідей дәстүрлі, сазды және дайын күйінде қолданылады.

Қазақ тілінде мақал-мәтелдердің бәрі негізінен жай сөйлем түріндегі тұрақты сөз тіркестеріне жатады, яғни олар түлғасы жағынан ұзақ уақыттан бері қалыптасып, белгілі бір формада тұрақталган, мазмұны жағынан біртұтастыққа ие болған жай сөйлем типтері. құрылымы жағынан қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің өзара ұқсастықтары жиі кездеседі:

1. Бұйрық райлы сөйлемдер:

1) Make hay while the sun shines- Темірді қызғанда соқ.

2) Let sleeping dogs lie - Жатқан жыланның қүйрығын баспа.

3) Cut your coat according to your cloth - Көрпеңе қарай көсіл.

4) Catch the bear before you sell his skin - Қашпаған сиырдың ұзынан дәметпе.

5) First think, then speak - Ойнасаң да ойлап сөйле.

2. Болымсыз түрдегі бұйрық рай, яғни тыйым салу;

1) Never say die - Салық сұра кетпесін.

2) Don't count your chickens before they are hatced - Тігілмеген етігіңді мақтама, орылмаған егініңді ақтама.

1) Donft cross a bridge before you cote it- Байыбына бармай бал ашпа.

2) Don't hallo until you are out the wood -Асатпай жатып, құлдық деме.

3) Don't look a gift horse in the mouth- Алғанды білген-анайы, бергенді білген

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі
Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің тілде қалыптасуы және қолданылуы
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕР
Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің аударылу мәселелері
Мақал - мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі
Қазақ тілінен ағылшын тіліне мақал мәтелдерді аудару тәсілдері
Қазақ тіліндегі мақал - мәтелдердің зерттелуі
Тілдің үштұғырлығы тіл саясаты
Ағылшын, қазақ мақал-мәтелдерін салыстырмалы түрде зерттеу (еңбекке баулу тақырыбы).
Мақал-мәтелдерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару кезіндегі құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері, ұқсастықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz